Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағай болып, қатты жел  күтіледі.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, сондай-ақ Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, түнде тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз, Жалаңашкөл ауданында түнде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында найзағай болып, тұман күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін.

Ақпарат көзі: Қазгидромет