Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болып,  желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.