Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

Синоптикалық жағдайдың өзгеруінің салдарынан 27 желтоқсанда бірнеше аймақта ескерту жарияланған. Күндіз 27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей өңірлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

27 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін.

Қостанай облысында тәулік бойы бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет