Хабар телеарнасы

Көктайғақ бойынша барлық жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканың кей өңірінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-қа күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде жел, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ күтіледі

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, тек шығысы мен оңтүстік шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі  күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде күн суытады

Республиканың басым бөлігінде күн суытады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталығының кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Еліміздің кей аймақтарында жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Еліміздің кей аймақтарында жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территорясының кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.