×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Бүгін ауа температурасының жоғарылауы күтіледі

    Бейсенбі, 18 Қаңтар 2018 07:00
МедиаКузбасс

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының оңтүстік-шығыс шеті басым болады.

Соның әсерінен ауа райы әсіресе жауын-шашынсыз, бірақ тұманмен күтіледі.

Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты орташа көпжылдық мәнге жақын қысқа мерзімді ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

 

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

    Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2018 07:05
setwalls.ru

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканың кей өңірінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-қа күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде жел, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін

    Дүйсенбі, 15 Қаңтар 2018 14:11
publy.ru

Жауын-шашынның жалғасуына байланысты алдағы тәулікте (15-16 қаңтарда) Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.

Сондықтан тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыныңыз!

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады

    Дүйсенбі, 15 Қаңтар 2018 07:00
blogspot.com

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының кей жерлерінде қар жауып, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерінде қар қалың жауады.

Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі.