Ауа райы - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сәрсенбі, 18 Қазан 2017 07:00

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыс және оңтүстіктің кей жерлерінде күшті жаңбыр жауады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман мен желдің күшейуі күтіледі.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел  15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с аса күшейеді деп күтіледі.

Сейсенбі, 17 Қазан 2017 07:10

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын жауады.

Тек солтүстікте, шығыста және қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 17-22 м/с-ге дейін күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін, Жамбыл, Қызылорда облыстарында екпіні 23 м/с-ге дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, деп жазады kazhydromet.kz.

Жексенбі, 15 Қазан 2017 07:05

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып (көбінесе жаңбыр), жел күшейеді.

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстк Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз найзағай бақыланады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.