Хабар телеарнасы

Ауа райы

Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

«Бүгін және алдағы екі тәулікте, яғни 30-31 қаңтарда температураның төмендеуі мен мұз қатуына байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде мұз түзіліп, су мөлшерінің жоғарылауы, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», – деп хабарлады синоптиктер.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды

Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды22.01.2018 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды.

21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек батыста, солтүстік-батыста аздаған қар күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканың кей өңірінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-қа күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде жел, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет