12:00 Әрі қарай эфирде: Жаңалықтар
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алдағы үш тәулікте қатты аяз сақталады

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 07:00
Yvision.kz

Суық антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстаннан кетпей, республиканың көптеген облыста орныққан қатты аяз әлі сақталады.

Өткен тәуліктерде орталық,  оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С төмен, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, Қиыр Шығыста нормадан 20-23°C төмен болды.
Сол уақытта республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағынның әсерінен, Иран мен Қара теңіз аудандарынан жылы ауа келіп, бұл осы жерлерде ауа температурасының нормадан 3-5°С жоғары көтеруде. Қаңтардың 25-27 күндері батыс пен оңтүстікте кей жерлерде төменгі боран, екпіні  23-28 м/с,  15-20 жел соғып, бұл 200-500 м дейін көруді нашарлатады.

Қазақстанның үш облысында болжанатын қатты желге орай дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында 24 күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыс, солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және артық болып сақталады.

Ақтөбе облысында 24 күні күндіз, 25 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

 

24 қаңтарға арналған ауа райы

    Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 07:01
fonday.ru

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел 15-23 м/с күшейіп, Жамбыл, Қарағанды облыстарында тұман болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Республикамыздың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

    Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 07:00

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, тұман болады, солтүстік батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде  жел жаяу бұрқасынмен  15-20 м/с күшейіп, тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды  облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде өте қатты аяз күтіледі.

Қытымыр аяз қаһарына мінді

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 08:41

Еліміздің теріскей өңірлерінде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендеді.

Атап айтар болсақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында қақаған аяздың ызғары ырық бермей тұр. Мәселен, дәл қазір Астана қаласында ауа температурасы минус 38 градусты көрсетіп тұр. Жоғарыда аталған аймақтарда мектеп оқушыларына сабақ болмайды. Осыған дейін «Қазгидромет» мамандары алдын ала ескерту жасаған еді. Олар алдағы 4 күн бойы Арктикалық антициклон жүріп өтетіндігін айтады.