«Сырластар» телехикаясы: 26 ақпан, 16:00

«Сырластар» телехикаясы: 26 ақпан, 16:00

«Хабар» арнасы комедия жанрындағы «Сырластар» телехикаясын ұсынады!

Әйел басындағы күнделікті күйбең тірлікті көрсететін сериал перзентханада бір күнде босанған үш әйелдің танысуынан басталады. Оқиға желісі бойынша олар достасып, әрқайсысы өз мұңымен, сырымен бөлісіп, шер тарқасып тұрады.

Ана мен бала, ене мен келін, заман мен дәстүр қамтылған отандық туынды өз көрермендеріне жуырда жол тартады.

Қапы қалмаңыздар!