Қапы қалмаңыздар

«Хабар» телеарнасы ұсынады!

«Хабар» телеарнасы ұсынады!

«Хабар» телеарнасы жаңа маусымда тың бағдарламалар мен ауқымды жобаларды, сондай-ақ сюжетімен еліктірер қызықты телехикаяларды назарларыңызға ұсынады!

Сізге ұсынарымыз мол! Қапы қалмаңыздар!

 

«Тағы да сүй» – махаббат пен сезім сергелдеңін, жолында кездескен қанша кедергілер мен сынақтарға қарамастан өмір сүруге деген құлшынысты суреттейтін картина.

Аян – жасы 25-ке жаңа шыққан сымбатты, білімді жігіт. Сүйген қызы Асылдың тағдырын көбелектің қысқа ғұмырына теңеп, мойынсұнуға мәжбүр болады.

Уақыт өте келе жан жарасынан арылған ол Мерей деген арумен бас қосады. Бірақ оған деген тағдырдың сыйы таусылмапты.

Дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 22:20-да «Хабар» телеарнасынан «Тағы да сүй» сериалын тамашалаңыздар!

Толығырақ...

 

Гүлдана әжей үнемі немересімен мақтанатын. Әжейдің 70 жасқа толуына орай немересі ауылына келеді. Кішігірім тойдан кейін Гүлдана апай Мұратты полиция қызметінен баяғыда-ақ шығарып жібергенін және оның ендігі кинода эпизодтық рольдерді сомдаумен нәпақасын тауып жүргенін біледі.

Сосын Мұрат бәрін тастап, туған ауылында қалуға бел буады. Бірақ Гүлдана әжей жерлестерінің алдында ұятқа қалмас үшін немересін жергілікті учаскелік бөлімшеге жұмысқа орналастырады.

Өкінішке қарай, әжейдің немерелері қылмыстық істерді жүргізуде осал. Сондықтан бұл қызметті өз мойнына алады.

«Хабар» телеарнасынан жуырда көрерменге жол тартатын «Детектив әже» телехикаясынан көріңіздер!

Толығырақ...

 

«Topjarǵan» – әлем бойынша жүзден аса жобаны жүзеге асырушы Armoza Formats (Израиль) компаниясына тиесілі жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоу.

Жобаның басты ерекшелігі – алғашқы эфирде ақтық мәреге дейін өзінің үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалу үшін сайысатын төрт мықты орындаушының белгілі болуы.

Жобаның қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, композитор әрі продюсер Ринат Гайсин, жас рэппер Baller бар.

Шоуды әнші Мадина Сәдуақасова жүргізеді.

«Topjarǵan» музыкалық байқауы эфирге 23 қыркүйектен бастап шығады.

Толығырақ...

 

«Хабар» телеарнасы 15 қыркүйектен бастап «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының қазақша нұсқасын ұсынады!

Аталмыш шоу – әлемде танымал викторина. Жоба Қазақстанда алғаш рет 2001 жылы іске асырылды. Биыл бағдарламаны танымал журналист, диктор Досымбек Өтеғалиев жүргізеді.

«Миллион кімге бұйырады?» ойынына қатысу үшін 3698 қысқа нөміріне «К1» кілт сөзін жіберу керек. Содан кейін сұрақ қойылған хабарламадағы 4 нұсқасының біреуін таңдап, жауап беру қажет.

Егер қойылған сауалға дұрыс жауап берілсе, бағдарламаға шақырту аласыз. Алдағы уақытта қызыққа толы ойындар көп болады деп сенеміз. Әр қазақ азаматы миллионер атануға лайық!

Толығырақ...

 

«Zerde» BBC компаниясының әлемге әйгілі «Mastermind» жобасының форматы бойынша түсіріледі. Оның британдық нұсқасына 45 жыл. Осы уақыт аралығында жоба аналогы Жаңа Зеландияда, Үндістан мен Ресейде пайда болды.

Жалпы шоуға өзін білімді, нағыз зияткер санайтын кез келген азамат қатыса алады. Бағдарлама барысында салмақты, күрделі сұрақтар қойылады.

Әр қатысушыға таңдаған тақырып бойынша қойылған сұрақтың жауабын шешу үшін екі минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Ұпайы жоғары қатысушы жеңімпаз атанады.

Аталмыш жобаны «Хабар» телеарнасының эфирінен орыс тілінде тамашалай аласыздар!

Толығырақ...