«Хабар» телеарнасы жаңа маусымын ұсынады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Хабар» телеарнасы жаңа маусымын ұсынады

«Хабар» телеарнасы жаңа маусымда көрермендерге бірнеше тың жобаны ұсынады.

Солардың бірі – «Мезгілсіз махаббат» телехикаясы. Фильмнің кейіпкерлері – өмірдің талай белесін артта қалдырған егде жастағы жандар. Алайда бір ғана кездесу олардың өмірін өзгертіп, сезімнің сиқыр әлеміне жетелейді. Әр бөлімі 26 минут болатын 14 сериялы телехикаяны көрермендер «Хабар» телеарнасының эфирінен қараша айында тамашалай алады.

 

Сондай-ақ Қазақстан кинематографы тарихындағы алғашқы шытырман оқиғалар телехикаясы «Тергеушілер» деп аталады. Қазақ тіліндегі алғашқы детективті Adam Media Plus командасы түсірді. Телехикая қарапайым азаматтарды қорғау үшін басын бәйгеге тігіп жүрген полицейлердің күнделікті жұмысы жайлы баяндайды. Қазақстандық жобаға халықаралық команда жұмылдырылған. Фильмнің режиссері – украиналық Ахтем Сеитаблаев. Ал телехикая 16 сериядан тұрады. Неміс франшизасының негізінде түсіріліп жатқан «Тергеушілер» сериалын қарашада көрермен назарына ұсынылады.

«Абзал жан» телехикаясы адам жанының арашасы – дәрігерлердің өмірін суреттейді. Сәби күтіп жүрген әйелдердің денсаулығындағы қиындықтар, дәрігерлердің ана мен бала өмірін сақтап қалудағы жанкешті әрекеті баяндалатын телехикаяны көрерменге таныс «Женский доктор» фильмінің қазақша нұсқасы десе болады. Шығармашылық топ украиналық әріптестерінен фильмді қазақстандық аудиторияға таратуға арнайы құқық алған. «Себебі ана мен бала өмірі қай қоғамда да маңызын жойған емес», – дейді фильмнің продюсері. Фильмнің бірінші маусымы 32 бөлімнен тұрады. «Абзал жан» телехикаясының алғашқы бөлімі қыркүйек айында көрерменге жол тартпақ.

Қариясы бар елдің қазынасы бар. Сол қазынамызға лайықты құрмет көрсете алып жүрміз бе? «Хабар» Агенттігінің» тапсырысы бойынша Алматыда «Қария» атты телехикаяның түсірілді. Бұл телехикаяда әке мен бала арасындағы қарым-қатынас арқылы бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жайт бейнеленеді. Фильмнің кейіпкері Ербол егде тартқан әкесінен бас тартады. Сол себепті картинаның бірнеше көрінісі қарттар үйінде түсірілген. Түсірілім жұмыстары екі айға созылды. Жоба авторларының айтуынша, туынды 12 сериядан тұрады. «Қария» телехикаясы «Хабар» арнасынан қыркүйекте көрсетілді.

«Хабар» жаңа таланттарды іздейді. Арнамыздағы «Биле, Қазақстан!» мега жобасының екінші маусымы басталады. Іріктеу кезеңі еліміздің ірі үш шаһарында өтеді. Олар – Астана, Алматы және Шымкент қалалары. Былтыр «Биле, Қазақстан!» жобасының алғашқы маусымы көрермендердің көңілінен шықты. Әр адам таңырқай қарайтын би жарысы жақын арада қайта жалғасады. Ал байқауға 18 жасқа толған кез келген қазақстандық қатысып, өз бағын сынай алады. Әйтсе де кімнің жеңіске жететінін патша көңіл көрермен анықтайды. Дауыс беру тікелей эфирде қабылданады. Ал мега жоба «Хабар» арнасынан биыл қыркүйекте көрсетіледі.

Бала – адам өмірінің мәні, болашағы. Дүниеге сәби әкелу, оны лайықты азамат қылып тәрбиелеп өсіру үлкен жауапкершілік пен маңдай терін талап етеді. Ал қазіргі кезде бұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр? Бүгінгі таңда әйел мен ердің арасындағы қарым-қатынас пен отбасылық мәселелерге арналған телебағдарламалар өте көп. Алайда «Ана мен бала» отандық арналардағы үлкен мәселелердің бірі өмірдің мәні де құндылығы балалар туралы, оларды ер жеткізіп тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беретін бірден-бір телебағдарлама. Балаларға берілетін үй тапсырмаларының күрделігі, баланы қатты еркелету дұрыс па, тентек болып кеткен баламен қалай жұмыс жасау керек, бала жөргекті қай уақытқа дейін киюі керек, нәрестені дұрыс тамақтандырудың әдісі қандай, баланы ата-әженің біржола еншілегені дұрыс па, әлде ол ата-анасынан алшақтамауы тиіс пе осы және өзге сауалдарға «Ана мен бала» ток-шоуынан жауап таба аласыздар. 45 минутқа созылатын ақпараттық-танымдық бағдарлама қазан айынан бастап сейсенбіден жұмаға дейінгі күндері сағат 14:00-де көрсетілетін болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.