ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ

БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ

«Қорытынды жаңалықтар» жүргізушісі

«2009 жылдың жазы еді. Алматыдағы А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан сол кездегі «Рахат» телеарнасына бас сұқтым. Тәжірибеден өтпек ниетпен. Сырттай танитын аға-әпкелеріміз мәтін теріп, дыбыс жазумен шапқылап жүр. Қарбалас, қым-қуыт тіршілік... Көп ұзамай қыж-қыж қайнаған еңбектің ортасына мен де араласып кеттім. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің үшінші курсын тәмамдаған кезім», – деп еске алады Бауыржан.

Бакалаврдағы соңғы курсын, тағы бір жылдан кейін осы оқу орнының журналистика факультетінің магистратурасын телеарнадағы тілшілік қызметпен қатар алып жүріп аяқтады.

Ал  еліміздің басты арнасы «Хабарда» 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл қара шаңырақта тәжірибесін тереңдетуге мүмкіндік алды. Президенттік ПУЛ-дың негізгі тобында жылдан астам уақыт жұмыс істеу мәртебесіне ие болды. Енді жаңалықтар жүргізушісі әрі редакторы ретінде бабын байқап көрудің сәті келді.

Өзі – ШҚО Тарбағатай ауданы Тәуке ауылының тумасы. Мөлдір есімді сүйікті жары, Мәди және Сара есімді ұл-қызы бар.