ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Универсиада-2017

8 ақпан күні Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017 ойындары өз мәресіне жетті. 11 күнге жалғасқан байрақты шара тың параққа теріліп, тарих қойнауына бойлайды.

Біздің саңлақтар 36 медальді олжалады. Соның 11-і –алтын. Жалпыкомандалық есепте теріскейлік көршіміз Ресейден кейінгі күміс тұғырға табан тіредік.

50 елден келген спортшылар өнеріне тәнті болған спортсүйер қауымның қуанышында шек болмады. Дүбірлі додадағы жанкүйерлердің ең жарқын суреттерін назарларыңзға ұсынамыз!