ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ДАРХАН ӘБДУАХИТ

ДАРХАН ӘБДУАХИТ

«Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі

Университеттегі бес жылғы оқумен бірге жұмысты да қатар алып жүріп, болашақ мамандығының қыр-сырын тәжірибе жүзінде ерте үйренген. Радиода музыкалық редактор, аймақтық журналдар мен облыстық газетте тілші болып істеді.

«Телевизияда өзімді сынауға батылым жетпеді. Сол кезде неге екені белгісіз, ТВ-дан қашқақтайтынмын. Менің жаныма баспасөз жақын болатын. Бірақ адам ойлағанының бәрі бола бермейді. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін аяқтап, қолыма диплом тигеннен соң, «Хабар» арнасының облыстағы меншікті тілшісі болу туралы ұсыныс түсті. Расын айтсамын, «тек газетте жұмыс істеймін» деп жүрген мен келесі күні тәжірибеден өтуді бастап кеттім. Сөйтсе, мен телевизияны, телевизия мені жатырқамайды екенбіз», – дейді Дархан.

Дархан – Қостанайдың тумасы. Табиғат аясында демалғанды жақсы көреді. Адамның бойындағы игі қасиеттердің бәрін жоғары бағалайды. Арманы көп, тілегі бір–  ұрпағын жеткізу. Марқұм атасы мен әжесінің қарапайым қазақы қасиеттерін әркез өнеге санайды. Өнер адамдарының ішінен Қазақстанның Халық ақыны Әсия Беркенованы үлгі тұтады.