Хабар телеарнасы

EXPO 2017

Бүкіләлемдік көрмелер немесе EXPO осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты, тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды.

Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, EXPO-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады.

 

EXPO 2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда.

Астана ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік аренада Қазақстанның танылуы мен туристік тартымдылығын арттыруға, біздің халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған. 

Көрме өткізу, сонымен қатар елорданың, тұтастай еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша стимул болады.

ЭКСПО өткізу орнында салынатын объектілер болашақта Қазақстан мен оның елордасын ірі халықаралық, көрмелік және ақпараттық-презентациялық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялар қатысады.

Көрме шеңберінде бүгінгі күнгі өзекті энергияның баламалы көздері мен «жасыл технологиялар» бойынша жаңалықтар күтіледі.