Хабар телеарнасы

«Абзал жан»

Адамзат тағдырының тоғысуы әркімге түрлі ой салары анық. Бірі өмірдің мәнін өздігінше сараласа, бірі өзінің өмірдегі мәнін ойлайды. Кез келгеніміз ғұмыр жолында бақытсыздыққа ұшырасақ, сәтсіздігіміздің себебін жақындарымыздан, дұшпандарымыздан, өзімізден іздейміз және әрқайсысы ерте ме, әлде кеш пе шешімін табады немесе онысымен әрі қарай өмір сүрудің мүмкіндігін қарастырады.

Телехикаяның басты кейіпкері жанына батқан ауыртпашылықтан арылудың жолын жұмыстан тапты. Оның қызметі – өмір бойғы күнәнің өтелуі.

Жас әрі келешегі кемел дәрігер Абзал Смағулов Астанадан туған жеріне оралады. Елордада ол кандидаттық диссертациясын қорғап, қызмет бабында жетістікке де жетіп үлгерген. Бірақ жеке өмірінде жолы болмай, туып өскен қаласына қайтуды жөн көреді.

Ақ халатты Абзал нәрестенің дүниеге келуіне қатысуды босану бөлімі дәрігерінің қайырымды, ғажап миссиясы деп ойлайтын. Дегенмен жеке өмірінің оң арнаға бұрылмауы Абзалдың көзқарасын түбегейлі өзгертті. Енді ол өзін тек қана дәрігер-көмекші емес, әрбір дүние есігін ашқан жанның өміріне жауапкершілікті сезінді. Оның ойынша, сәбидің өмірге келуі түнекке жарық сыйлаумен бірдей мән береді.

Режиссері: Серікбол Өтепбергенов

Басты рольдерде: Қажымұқан Қалымбетов, Ақмарал Дайрабаева, Азат Сейтметов, Шынар Жанысбекова, Ұлбосын Шалқарова, Ербол Садырбаев, Нышанбек Жұбанаев, Күнсұлу Шаяхметова