ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Біз көрген соғыс»

«Хабар» агенттігі «Жеңіске құрмет!» шарасына атсалысуға шақырады. Соғыс тарихына өз үлесімізді қосуға біз де бар күш-жігерімізді саламыз. Отбасылық фотомұрағатты ақтарып, соғыс жылдарындағы фотосуреттерді тауып алыңыз. Сарғайған суреттер – сол кездегі  қиын-қыстау заманда төгілген жас пен көрген қиындықтардың бұлтартпас айғағы.

Біреу жолдасы мен бауырынан, енді біреуі ата-анасы мен бауырынан айырылды. Миллиондаған адам Ұлы Жеңіс жолында қаза тапты. Дегенмен  сұрапыл жылдардан аман-есен өткен жандар айналасындағы естеліктердің көзін жоймағаны анық. Кешегі ержүрек жауынгер мемлекеттің қайта гүлдеуіне, жас ұрпақ тәрбиесіне  үлесін қосуда . Олар – нағыз ерліктің озық үлгісі.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бәріміз бірге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әскери фотомұрағатымызды  топтастыра  алатынымызға сенімдіміз.

Егер сіздің шаңырағыңызда соғыс жылдарынан келе жатқан  фотосуреттер сақтаулы болса, 4  мамырға дейін суреттің көшірмесін бізге жіберіңіз. Барлық  фотосурет Қазақстанның Ұлттық мұражайындағы «Ерлікке тағзым! Өткеннің өнегесі бүгінге аманат!» экспозициясында көпшілік назарына ұсынылады.

1.(1941-1945 ж.ж) фотосуреттерді  jpeg, png, psd және  pdf кез келген жоғарғы форматта сканерден өткізіңіз.

2.Суреттің қысқаша тарихы мен ондағы адамдардың аты-жөнін жазуды ұмытпаңыз.

3.Сурет пен қысқаша сипаттамасын E-mail: 9may@khabar.kz  поштасына  жолдаңыз.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны:  +7 (7172) 553 603