Хабар телеарнасы

«Алтыншы бекет» фильмінің алдын ала көрсетілімі

«Алтыншы бекет» фильмінің алдын ала көрсетілімі

Бір өзі талайды жайратып салатын батырлар туралы біз көбінесе, аңыз-ертегілерден еститініміз шындық.

Бірақ ондай ержүректер өз  ортамызда да жүр. 21 қашқынды жалғыз тоқтатқан жауынгер. Айтқымыз келгені – Ербол Отарбаевтың ерлігі. «Хабар» Агенттігі еліміздің Ұлттық Ұланы және «Аю синема» компаниясымен бірлесіп, бүгінгінің батыры жайлы «Алтыншы бекет» фильмін түсірді. Фильм осыдан сегіз жыл бұрын әскерде өз борышын өтеп жүрген Ербол Отарбаев туралы. Өзі қарауылдайтын Ақтаудағы түрмеден 21 жазасын өтеуші қашпақ болады. Ербол Отарбаев жалғыз өзі сол 21-ге қарсы тұрады. Мұндай ерлікке екінің бірі бармасы анық, әрине. Біріншіден, түрмеде отырған адамдар – бұрынғы қылмыскерлер. Және олардың барлығы – діни экстремизмге қатысы барлар. Жауынгердің ерлігін насихаттай отырып, нағыз патротизм, қайсарлық пен өжеттікті дәріптейтін 5 сериялы фильмді алдағы уақытта «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!