«Сырластар»

«Хабар» арнасы көрермендеріне тағы бір комедия жанрындағы телехикаяны ұсынбақ. «Сырластар» деп аталатын телетуынды ақпанның 26-нан бастап эфирге жол тартады. Онда қазіргі қоғамда өзекті саналатын ене мен келін, ана мен бала, ер мен әйел арасындағы байланыс жан-жақты суреттеледі.

Оқиға перзентханада бір күнде босанған үш әйелдің танысуынан басталады. Кейін олар достасып, белгілі бір жерде бас қосып, әрқайсысы өз мұңымен, сырымен бөлісіп, шер тарқатып тұрады.

Кейіпкерлердің тағдыры, қуанышы мен толғанысы көрермендерді бей-жай қалдырмасы анық. Себебі телехикаядағы әрбір көрініс қызықты қалжың, әдемі әзілмен әспеттелген.

«Сырластар» телехикаясы 26 ақпан күні 16.00-де көрермен назарына ұсынылады.

Әр жексенбі, 01:30

«Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Ұшқыштар» телехикаясы қазақстандық әуе компаниясының қалыптасу тарихына негізделген.

Әр жексенбі, 12:30

XX ғасырда орын алған ең ірі табиғат апаттарының бірі. Бір минутқа жетер-жетпес зілзала, тұтас бір қаланы жермен-жексен етіп, 242 419 адамның өмірін жалмады.

RSS арнасына жазылу