«Ничего личного - Бақытыма сенемін»

«Ничего личного - Бақытыма сенемін»

«Ничего личного» комедиялық телехикаясы – «Хабар» арнасының ресейлік мамандармен бірлесе түсірген туындысы. 

 Сюжет

Арсен Темірланов – атақты бизнесменнің ұлы. Білімді, сымбатты жігіт достарының ортасында өте сыйлы. Сан мыңдаған қыздың арманы. «Барлығын да ақшаға сатып алуға болады» деген сеніммен өмір сүреді.

Бірде ол Халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісін соққыға жыққаны үшін жазаға тартылады. Бай баласына енді сол мекемеде қоғамдық жұмыстар атқаруға тура келеді.  

Арсеннің достары оның мұндай әрекетін естігеннен кейін бәстесуге шақырады. Бұл оқиға бас кейіпкердің өмірін түбегейлі өзгертеді.

 

Режиссеры: Станислав Булов

Продюссерлері: Александр Суслов, Нариман Сабыр

Сценарийін жазғандар: Вадим Комиссарук, Денис Остапчук, Денис Ворочай, Нұргүл Алдабергенова

Басты рольдерде: Ақыш Омар, Бибігүл Сүйіншалина, Жәния Джуринская, Шер Әлі, Луина, Данияр Алшынов 

Елі: Қазақстан

Эфир уақыты: дүйсенбі мен бейсенбі аралығы 21.30-да