21:30 Әрі қарай эфирде: Премьера! «Время» телесериал
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Пәленшеевтер»

«Пәленшеевтер»

Бір жарым жыл үзілістен соң «Пәленшеевтер» телесериалының екінші маусымы басталады. Көңілді қазақы отбасының жарасымды өміріне арналған туындының жаңалығы көп. Телехикаяның бірінші маусымын көрермендер жылы қабылдаған болатын. Көңілді, ерекше, талантты кейіпкерлер үйде де, түзде де қағытпа қалжыңдарымен езу жиғызбайды.

Басты кейіпкердің бірі – МАИ қызметкері. Оның әйелі – дәрігер. Олар желілік маркетингпен айналысады. Банкте жұмыс істейтін балалары арқылы несие алғысы келетін отбасының әрекеттерін сырттай бақылаған тіпті қызық.

Фильмнің сценариі әдемі әзіл мен астарлы қалжыңға негізделген. «Қызықты оқиғалардың ортасында жүріп, түсірілім алаңында шаршағанымызды ұмыттып кетеміз», – дейді шығармашылық топ өкілдері.

«Біріккен істе береке бар» демекші, актерлар жұмыла жасаған еңбектің жемісін көрермен жоғары бағалайды деген сенімде.

Телехикаяның екінші маусымы 19 бөлімнен тұрады. Жаңа маусымда кейіпкерлер мен режиссер ауысқан. Бірақ авторлардың айтуынша, басты ұстаным өзгермейді. Актерлар түймедей нәрседен түйедей дүниені жалғастырып, қандай жағдай болмасын бір шаңырақта мол дастархан басында жиналуды ұмытпайды.

Пікір қалдыру

Қажетті ақпаратты тиісті орынға жазып жатқаныңызға (*) көз жеткізіңіз. HTML-кодтары тиым салынған.