«Ғашықтық дерті»

«Ғашықтық дерті»

«Ғашықтық дерті» телехикаясы жалғыздық, бақытты сәттер мен ессіз ғашықтықты баяндайды. Оқиға желісі бойынша Германияда тұратын түрік қызы Лейла отбасылы болғанмен, некесі сәтсіз болып, ажырасуға бел буады.

Жас әйел қызымен Ыстамбұлдағы ата-анасына қайтуға мәжбүр болады.

Махаббаттан көңілі қалған Лейланы өз елінде күтпеген хикаялар тосып тұрған еді. Бай тұратын әкесінің досы Хашметпен де осы жерде танысады.

Әкесі олардың қарым-қатынасын қолдап, Лейланы досына тұрмысқа шығуға көндіреді.

Күндердің бір күнінде Лейланың мейманхана басшысы Әлпермен тосыннан кездесуі екеуінің де өмірін өзгертеді.

Әйелі мен жақын досынан алданған Әлпер Лейлаға ғашық болады.

Дегенмен Хашмет Лейланы Әлперге оңайлықпен бере қоймайды.

Екі ғашықтың соңғы амалы – қол ұстасып қашу...

Пікір қалдыру

Қажетті ақпаратты тиісті орынға жазып жатқаныңызға (*) көз жеткізіңіз. HTML-кодтары тиым салынған.