ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Қазақ хандығы» Featured

«Қазақ хандығы»

ХV ғасырдың орта тұсында Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды.

Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатысты қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.

1460 жыл. Орда Еженнің ұрпақтары Керей мен Жәнібектің айналасына біріккен ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асан қайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады. Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.

Ұлы даламыздың ұлы тарихынан сыр шертетін «Қазақ хандығы» телехикаясын «Хабар» арнасынан сейсенбі-жұма күндері аралығында сағат 21:30-да тамашалаңыздар!

Пікір қалдыру

Қажетті ақпаратты тиісті орынға жазып жатқаныңызға (*) көз жеткізіңіз. HTML-кодтары тиым салынған.