Хабар телеарнасы

«Astana Arlans». Клуб туралы

«Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының негізі 2010 жылы қаланды.

«Astana Arlans» бокс клубы WSB жобасына бірінші маусымнан бері (2010-2011 ж.ж) қатысып келеді. Жоғары жетістіктерге жету мақсатында клуб құрамына спорт менеджменті саласындағы еліміздің ең үздік мамандары, тәжірибелі бапкерлер мен мықты боксшылар шақырылды.

Команда «Қазақстан Республикасының кәсіпқой бокстан Ұлттық құрамасы» атағына ие.

2013 жылдың сәуір айынан бастап КФ «ППСК «Астана» құрамына кіреді.

Astana Arlans WSB жобасының бірінші маусымда-ақ 2-орын алып, әлемдегі ең мықты командалардың бірі болып санала бастады.

Жобаның дәл сол маусымында келесі боксшылар ерекшеленді: Абуталипов Қанат (WSB жобасының алғашқы чемпионы), Мұсафиров Ержан (61 кг салмақ дәрежесіндегі үздік боксшы).

Жобаның екінші маусымында (2011-2012 ж.ж) жанкүйерлер арасында танымал бола бастаған клуб әлем бойынша 3-орын алды.

Сонымен қатар Руслан Мырсатаев WSB жобасы бойынша «Азияның үздік боксшысы» болып танылды.

Үшінші маусымда «Astana Arlans» жобаның жеңімпазы болып танылып, әлемдегі саяси және спорттық аренада Қазақстанның дәрежесін көтерді.

Төртінші маусымда «Astana Arlans» жартылай финалға өтті.

Бесінші маусымның басында клубтың басшысы болып 2012 жылғы Олимпиада чемпионы мен Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сапиев тағайындалды. Бас бапкер міндетін Марат Жакиев атқарды.

Бесінші маусым клуб тарихы үшін үздіктердің бірі болды. «Astana Arlans» WSB жобасының екі дүркін чемпионы атанды.

Алтыншы маусым 2016 жылдың қаңтар айында басталды. Бас жаттықтырушы болып еліміздің еңбек сіңірген бапкері Нұрлан Ақүрпеков тағайындалды.