Хабар телеарнасы

Қызықты деректер

  • Бұл марапатқа «Оскар» атауын Уолт Дисней берді.
  • «Оскар» жүлдесін жеңіп алғанмен, мүсінді өзімен алып кете алмайды. Ол үшін жеңімпаз Киноакадемия қойған арнайы талаптарға келісу қажет. Бас тартқан жағдайда, мүсін берілмейді. Бұл қағида өткен ғасырда бас жүлденің бірнеше рет сатылымға шығып кетуіне байланысты пайда болды.
  • Тарихта «Оскар» жүлдесін бір емес, бірнеше рет жеңіп алғандар бар. Уолт Дисней Оскар жүлдесін 25 рет жеңіп, оның ішінде 3 рет құрмет белгісімен марапатталған. 1942-1963 жылдар аралығында 59 рет түрлі номинацияларға ұсылынған. Бір қызығы, жүлдемен ең көп марапатталған және ең көп номинацияға ұсынылып, ала алмаған адам ретінде тарихқа енген.
  • Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Оскар мүсіндері пластмасса материалдан жасалды. Соғыстан кейін қайтадан металл түріне ауыстырылды.
  • Оскар жүлдесімен марапатталған жандар үшін сахнада сөйлеуге небары 45 секунд белгіленген. Бұл ереже марапаттау рәсімінің төрт жарым сағатқа созылып кетуіне байланысты 2002 жылы енгізілді.
  • «Оскар» тарихында түрлі номинациялар бойынша бірнеше рет таласқа түсіп, жүлдесіз қалғандар да кездеседі. Дебора Керр, Тельма Риттер және Гленн Клоуз аталмыш жүлдеге 6 рет ұсынылған, британиялық актер Питер О’Тул 8 рет ұсынылыпты, бірақ «Оскар» жүлдесін жеңу бұйырмаған.
  • Атақты қызыл кілемнің ұзындығы 150 метр, ені 10 метр шамасында.
  • 2000 жылы белгісіз біреу 55 «Оскар» мүсінін қолды қылған. Мүсіндер біреше күн өткен соң қоқыс шелегінен табылған. Тауып алған адамға 50 мың АҚШ доллары және «Оскар» марапатын табыстау рәсіміне 2 билет сыйға берілген.