Хабар телеарнасы

«Өмір жолы». Суретші Құрасбек Тыныбеков

Тыныбеков Құрасбек Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданы Амангелді атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Тоқыма суретшісі, қазақ ұлттық гобеленнің негізін салушылардың бірі. Атматы көркем-сурет училищесін және Львов сән және қолданбалы өнері институтын бітірген. Атматы көркемсурет училищесінде, Алматы театр-көркемсурет институтында оқытушы, шығармашылық жұмыста болды.

Тыныбеков тың туындылары – «Шопан», «Дала балладасы», «Тау мен дала аңызы», «Әлем» («Өмір ағашы»), «Тың парады», «Байқоңыр ырғақтары», «Медеу», «Байқоңыр», «Теңіз симфониясы» гобелендері.

Қазақстан Суретшілер одағы Президиумының мүшесі. «Қазақстан» гобелені үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық (1981, қайтыс болғаннан кейін) иегері.