Хабар телеарнасы

«Сиқырлы ас үй». Түрік әдісімен пісірілген кәді. Түрікше жасалған салат

Түрік әдісімен пісірілген кәді 

Жасалуы: 

Кәді – 1 дана

Фарш – 1 кг

Пияз – 1 дана

Болгар бұрышы – 1 дана

Томат – 200 г

Өсімдік майы – 300 г

Көкшөп

Кәдіні дөңгелектеп турап, тұзды суға 5-7 минутқа салып қою қажет. Болгар бұрышын, қызанақты төртбұрыштап, ал пиязбен көк шөпті және сарымсақты майдалап турау керек. Пиязды өсімдік майында қуырып, жартысын алдын-ала дайындалған фарштың үстіне салып, оған көк шөп пен қара бұрышты қосып араластырған жөн. Болгар бұрышын, қызанақты қалған пияздың үстіне салып, томат қосып 5-6 минут қуырған дұрыс. Болгар бұрышын судан шығарып, дөңгелектелген фаршпен бірге кезек-кезек салу керек. Соңында үстіне қуырылған болгар бұрышын, қызанақ пен пиязды салып, сәл су қосып, баяу отта 20 минут бұқтыру қажет.

 

Түрікше жасалынған салат

Жасалуы:

Қияр – 1 дана

Қызанақ – 1 дана

Зәйтүн майы – 200 г

Лимон шырыны

Көк шөп

Сарымсақ

Тұз, бұрыш

Қызанақ пен қиярды төртбұрышты етіп, ал көк шөпті майдалап тураған дұрыс. Оған тұз, бұрыш салып, лимон шырыны мен зәйтүн майын құйып, араластырған жөн.

Астарыңыз дәмді болсын!