ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 64

«Жетi күн». 24.01.2015

«Жетi күн». 24.01.2015

ЖҮРГІЗУШІ

-«ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕН, НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН АПТАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ. АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

 

ҚАЗАҚСТАН БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПЕН АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ БАРАК ОБАМА ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ УКРАИНАНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ.  ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРАПЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ БОЙЫНША УКРАИНА, РЕСЕЙ, ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ БАСШЫЛАРЫ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕР АРҚЫЛЫ ШЕШІЛУІ МҮМКІН ОСЫ МӘСЕЛЕМЕН ЖЕКЕ ӨЗІ АЙНАЛЫСЫП ЖАТҚАНЫН АЙТТЫ. 

 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейілінше белсенді қатысуды өтініп, Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өңіріне де ықпал етіп жатқанына  тоқталды. АҚШ Президенті Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынына Нұрсұлтан Назарбаевты сендіре отырып, бұл үшін бірінші кезекте Минск уағдаластықтарын орындау қажеттігін атап өтті. Барак Обама сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне жұмсаған күш-жігерін жоғары бағалады және Мемлекет басшысының Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу ісіне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы әңгімелесуге Америка жағы бастамашылық етті.

 

Осы аптада Украина тақырыбы Берлинде талқыланды. «Норманд төрттігінің» сыртқы істер министрлері кездесуінің негізгі нәтижесі ретінде тараптар Минск келісімдерінде белгіленген демаркация сызық маңынан ауыр қару-жарақтарды алып кету мәселесін қолдауға уағдаласқандарын айтады. Германиядағы басқосудан соң Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Норманд форматында» Астанада Саммит өткізу керек. Біздің ортақ тұжырым – егер қарулы қақтығыстарды, елді мекендерді атқылауды тоқтатып, ауыр қару-жарақтарды алып кету ісінде ілгері бассақ,  Астанада  саммит өткізу қажет болады», – деді. Германияның Сыртқы Істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер де Берлиндегі келісімдер орындалса, Астанада  басқосу өтетіндігін мәлімдеді. Айта кету керек, өткен аптада Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевпен телефонмен арқылы сөйлесуі кезінде өзінің Қазақстан елордасында жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыруға ықыласты екенін растаған болатын.

 

Ақордада Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады. Нұртай Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Қос киенің сақшысы, Король Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта сауд монархының қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан халқы Король Абдалланы парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

 

Швейцарияның Давос қаласында 45-ші Дүниежүзілік экономикалық форум өтті. Дәстүрге айналған басқосу пікірталас алаңы ғана емес, саяси- экономикалық зерттеулер орталығы іспетті. Алқалы жиынға Қазақстан тарапынан Премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысты. Форум барысында Үкімет басшысы әлемдік ірі компания басшылары және беделді ұйым жетекшілерімен кездесті. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру жайын талқылады. Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында 2015-2016 жылдарға арналған Елдік бағдарламаны іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асқан бұл бағдарлама еліміздің әлеуметтік-экономикалық салаларында оңтайлы реформаларды, оның ішінде ірі жобаларды іске асыруды көздейді. Сондай-ақ Елдік бағдарлама Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірқатар декларациялары мен ұсынымдарына қосылуға, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына қатысуға мүмкіндік береді. Еркін нарықтық экономиканың принциптерін ұстанатын бұл халықаралық ұйым құрамына бүгінде әлемнің дамыған 34 елі кіреді, оның көпшілігі – Еуродақ мүшелері. Ұйыммен арадағы өзара байланыс мемлекеттік басқару жүйесінде, білім беру мен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларында бәсекелестікті арттырып, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен Елдік бағдарламаны бекіткен әлемдегі төрт елдің бірі болды. Елдік бағдарлама 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық тапсырмасын іске асыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

 

Анхель Гуррия, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы 

-Бүгінгі Меморандум – Қазақстанның экономикалық прогрессінің жарқын көрінісі. Елдік бағдарлама – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Қазақстанның бірлесіп айқындаған стратегиялық басымдықтарының жиынтығы. Бұл Қазақстан үшін нормативтік-құқықтық базаны жақсартуға, қуатты басқару институттарын құруға, сайып келгенде тұрақты өсімге қажетті ұзақмерзімді тұғырды нығайтуға ықпал етеді. 

 

Сума Чакрабарти, Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті

-Қазақстан қайта жандану, өркендеудің озық үлгісін нақтылы іс жүзінде көрсетіп келеді. Президент Назарбаев негізін салған бағыт Қазақстанның көздеген мақсаттарына жететініне нық сенім ұялатады.

 

Александр Квасьневский, Польша Республикасының экс-президенті

-Мен Назарбаев бастаған жарқын өзгерістердің куәсі болдым. Менің Қазақстанның даму тарихынан алған әсерім өте зор. Бұл ел инвестиция салуға өте қолайлы, алдымен өз азаматтарының оңтайлы тұрмысы үшін бәрін жасауда. Қазақстанның алдында әлі де биік мақсаттар тұр. Оған жетеріне менің сенімім зор. Өйткені Қазақстан халқының әлем таныған көшбасшысы бар. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЖЫЛ САЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ФОРУМНЫҢ БИЫЛҒЫ ЖИЫНЫ ЕРЕКШЕ МӘНГЕ ИЕ БОЛДЫ. ДҮНИЕ ДҮРБЕЛЕҢ КҮЙГЕ ТҮСКЕН ШАҚТА, ҚАРЖЫЛАЙ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КҮРДЕЛІ ЕКЕНДІГІ ДАУСЫЗ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШОЛУШЫМЫЗ БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші  

-Жаһандық дағдарыс кезеңіндегі жағдай қайтсе түзеледі? Ғаламдық ауа райындағы өзгеріс пен мұнай бағасының құлдырауы қайда апарады? 45-ші Дүниежүзілік экономикалық форумда талқыға салынған басты мәселелер осындай. 

 

Басқосуға 40 мемлекеттің басшысы, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен 2 жарым мыңдай сарапшы қатысты. Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб бұл жолғы форумды айрықша маңызды деп атап өтті. Қаржылай құлдырау қыспаққа алған тұста әлем елдері үшін тиімді бағытты таңдауға тура келеді. Оның сөзімен айтқанда, Интеграциялық байланыстан тысқары қалғаннан гөрі бір-біріне жәрдемдесу арқылы тығырықтан шығар жолды бірге іздеудің анағұрлым дұрыс екендігін түсінетін уақыт жетті. Сарапшылар Еуропа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуалды сарапқа салды. 

 

Марк Рютте, Нидерланд Премьері 

-Еуропа экономикасы бәсекеге төтеп бере алмайтын халге жетті.  Былтыр рецессияға ұшыраудың сәл-ақ алдында қалды. Мұндай қауіп соңғы 6 жыл ішінде үшінші мәрте қайталанды. Еуроодаққа мүше елдердің бірқатарында экономикасы шатқаяқтап, ішкі жалпы өнім көрсеткіші күрт азайды. 

 

Алпауыт елдерден Қытай мен Америка  әңгіме өзегіне айналды. Мамандар Қытай экономикасының әлемдік нарыққа ықпалы орасан екендігін атап өтті. Сондықтан болса керек бұл елдегі өндіріс пен нарықтың соңғы кездері баяулап қалғандығына үрке қарағандар баршылық. Бұл пікірді Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян да қуаттады. Бірақ оптимистік тұрғыда болашақтың қамы мықтап нығайтылғанын айтты. 

 

Ли Кэцян, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері 

-Қазіргі жағдай күрделі реформаларды талап етеді. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Экономика жүрісінен жаңылмайды. Тек мықты тетіктері арқылы қарқынды үдете түседі.  

   

Жұмыссыздық мәселесі күн өткен сайын күрделеніп барады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша қазіргі таңда әлемде 201 млн адамның екі қолға бір күрек табуы – қиынның қиыны. Сарапшылар 2019 жылы олардың саны тағы да 11 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжамын жария етті. Ал қауіптілігі жағынан әлемдегі нөмірі екінші мәселе – су тапшылығы мен жұқпалы індеттердің алдын-алу жайы. 

 

Клаус Шваб, Дүниежүзілік экономикалық форумының төрағасы  

-Урбанизация мәселесі де басты назарда. Мәселен, жер шары тұрғындарының 50 пайыздан астамы қалаларда өмір сүреді.  Климаттың өзгеруі, қаржы нарығындағы тұрақсыздық та – күрделі түйткілдер. Әлем экономикасы қиын кезеңді бастан өткергелі отыр. Бұл кездесуден кейін адамзаттың алдағы өмірі қалай болатыны анықталады.  

 

Қара алтын құнының құлдырауы баламалы қуат көздерін инвестициялауға тұсау бола ма? Баға нарқы енді қалай құбылады? Бұл – форумдағы басты тақырыптың бірі. Италия сарапшыларының пікірінше, бірнеше жылдан соң бір баррель мұнайдың бағасы 200 долларға жетуі ықтимал. Сондықтан ОПЕК тұрақтандыру ісіне кіріскені жөн. Олай етпеген жағдайда құлдыраудың жалғаса беруі ғажап емес. Айта кетейік, кейбір бағалау ұйымдарының болжамына сүйенсек, биылғы жылдың орта тұсына қарай әлемдік мұнай бағасы көтеріледі. Келер жылы бір баррелі 80 долларға, ал 3 жылдан соң 100 долларға жетеді. Сөйтіп жоғарғы құнын қайтадан еңсереді. Давоста дүниежүзілік экономикалық форумды өткізуге қыруар қаржы жұмсалды. Оған франк бағасының жуырда күрт көтерілуі себеп. Қоғамдық қауіпсіздікті қамту жағы барынша күшейтілген тәртіпте жүргізілді. 5 мыңға жуық адам жұмылдырылды.   

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ОРАЛСАҚ. МҰНАЙ БАҒАСЫ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛСА ДА, МЕМЛЕКЕТ БҰҒАН ДАЙЫН. ҮКІМЕТТІҢ ДЕ, ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ДЕ ӨЗ ЖОСПАРЫ БАР. МҰНАЙДЫҢ ҚҰНЫНА ҚАТЫСТЫ ЕКІ БОЛЖАМ БАР. БОЛАШАҚТА ОЛ 70-90 ДОЛЛАР ДӘЛІЗІНЕ ҚАЙТА ОРАЛАДЫ НЕ 20-30 ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН ҚҰЛДЫРАП КЕТЕДІ. БІРАҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ КӨБІ: «БАҒА 50 ДОЛЛАРДЫҢ АР ЖАҚ БЕР ЖАҒЫНА ТҰРАҚТАЙДЫ», - ДЕП ТОПШЫЛАЙДЫ.

 

Шикізаттан түсетін табысқа тәуелді Қазақстан экономикасының ендігі жай-күйі қандай болмақ? Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов «тиісті қор бар екенін» алға тартады. Елдің алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті. Мәселен, 2007-2008 жылдардағы қаржылық тоқырау тұсында жинақталған қорымыз бұдан екі есе төмен болатын. Соған қарамастан дағдарысты сол кезде де еңсеріп шықтық. Сонымен қатар Қайрат Келімбетов жақын арада теңге бағамы кұрт ауытқымайтынын айтты. Ресейлік рубльдің құнсыздануы, әсіресе мұнай бағасының арзандауы секілді факторлар қоғамды алаңдатып отыр.

 

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

-Менің ойымша, мұнай бағасы – маңызды фактор. Бірақ біз теңге бағамының күрт өзгеруіне жол бермейміз. Қазіргі біз ұстанған саясат ішкі валюталық дәліздегі белгілі бір өзгерістерді қамтыған. Сондықтан да бүгінгі қордың берік болуы осы ішкі валюталық дәлізде қалуға мүмкіндік береді 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА КӨП НӘРСЕНІ ҮНЕМДЕУГЕ ТУРА КЕЛЕДІ. ӨТКЕН АПТАДА ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БАСТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТЫ АЯҚТАП, БІРҚАТАР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ҚОСА, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫ САЛУДЫ ТОҚТАТУДЫ ТАПСЫРДЫ. ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГТЕ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТИМУР ЖАҚСЫЛЫҚОВ БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖОЛДАУЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСЫ БОЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ. 

 

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі

-«Нұрлы жол» Жолдауындағы мақсат-міндеттерге сай көптеген жаңа нысандар салынады. Қазіргі кезде Үкімет басымдыққа ие емес инвестициялық жобаларды іріктеп, бюджет шығындарын қысқарту үшін оларды оңтайландыратын болады. Мұның «Нұрлы Жол» бағдарламасындағы нысандарға қатысы жоқ.

 

«Нұрлы жол» биылғы экономикалық саясаттың өзегіне айналғалы отыр. Мәселен, бір ғана инфрақұрылым мен жолдарды дамыту бағдарламасына  24 миллиард доллар жұмсалады. 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ал Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 75 нысан іске қосылып, жеті жарым мың адам екі қолға бір күрек табады. Жалпы әлемде жұмыссыздық негізгі мәселелердің бірі саналады. Мысалы, Италияда оның деңгейі 13 пайыз, Испанияда 20, Грекияда 25 пайызға жетті. Әлем соңғы жүзжылдықта 8 жаһандық экономикалық дағдарысты бастан өткеріпті. Қазіргісі  2007-2009  жылдардағы құлдыраудың жалғасы. Сарапшылар айтқан тағы бір болжам осы жолғы дүниежүзілік тоқырау ұзақтығы мен ауқымы жағынан ең ірісі болуы мүмкін.

 

Ләйлә Мұзапарова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты декторының орынбасары 

 -Біздің ел дағдарысқа қарсы шараларды алдын ала айқындады. Қазақстан Үкіметі сыртқы және ішкі факторларға тұрақты мониторинг жасап отыр. Экономикалық жағдаяттарға қарай әрекет етудің түрлі  жолдарын қарастырған. Бұл – «қара жолақты күндерді» еңсеруге бағытталған резерв. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдары- дағдарыстың кері әсерін азайтуға, қазақстандықтар өмірінің қиындап кетпеуі үшін алдын ала болжанып жасалған негізгі қадам.

 

Әлемдік экономикадағы ахуал күн сайын күрделеніп барады. Ішкі жалпы өнімнің құлдырау процесі әлі де жалғаса береді деген болжам бар. Шамамен 3 пайыз көлемінде. Бұл - аз көрсеткіш емес. Оның салқынын экономикасы қарқынды дамыған алпауыт елдердің өздері де сезіне бастады. Мәселен, былтыр бірқатар мемлекеттерде жалпы ішкі өнім екі тоқсан бойына құлдырап кетті. Техникалық рецессия Жапония, Бразилия мен Қытайда да тіркелді. Отандық және шетелдік ғалымдар жаһандық экономиканың рецессиясы бір жылмен шектелмей, бірнеше жылға жалғасуы мүмкін екендігін жасырмайды. Бұл бірінші кезекте Еуропадағы ахуалға байланысты. Дағдарысқа ықпал еткен тағы бір өзгеше фактор – халықаралық геосаясаттағы жағдайдың ушығуы және қара алтын бағасының арзандауы. 

 

Мамандар мәлім еткен мына бір дерекке қараңыз. Соңғы 7 айда Брент маркалы мұнайдың бағасы 60%-ға төмендеген. Бұл аздай алтын мен өзге металдардың да бағасы күрт арзандап кетті. Болжам бойынша әлемдік экономикадағы ахуалдың  қысқа мерзімде түзелмеуіне екі негізгі жағымсыз фактор ықпал етеді. 

 

Біріншісі – құлдырау рецессиясына байланысты әлемдік экономикада Ішкі жалпы өнімнің төмендеуі. Екіншісі – тауар мен қаржылық нарықтағы жағдайдың нашарлауы. Сарапшылар Еуразиялық Одақ экономиканы құлдыраудың ықпалында қалдырмай, қайта алға ілгерілетуге қосымша мүмкіндік беретіндігін айтады. 

 

Геннадий Чуфрин, Әлемдік экономика институты директорының орынбасары 

-Мен нақты тұжырымымды айтқым келеді. Ресей де, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық бірлестікке кірген мемлекеттердің ешқайсысы дағдарыс ықпалында қалып қоймайды деп айта аламын. Керісінше жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұра алатындай жеткілікті саяси-экономикалық әлеуеттерге ие болып отыр. Қазіргі уақытта қосымша мүмкіндіктер пайда болды. Меніңше, ол ЕАЭО-пен байланысты. Бұл ұйымның құрылуы өте ауқымды әлеуетті еңсеруге бағытталған.  

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІН ӘСІРЕСЕ РЕСЕЙМЕН ІРГЕЛЕС ОБЛЫСТАР СЕЗІНЕ БАСТАДЫ. АЙМАҚТАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМ БҰЛ ЖАЙЫНДА ӘҢГІМЕЛЕП БЕРУГЕ ДАЙЫН. ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ БОЛСЫН. МЫСАЛЫ, СОҢҒЫ  ЖЫЛДАРЫ  ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫНДА  БІРЛЕСКЕН 280 КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛҒАН.   НӘТИЖЕСІНДЕ БЫЛТЫР ӨҢІРДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛДЕРІМЕН ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 10 ПАЙЫЗҒА АРТЫП, БІР ЖАРЫМ МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТТІ.  АЛ  БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ШЫҒАРҒАН ӨНІМДЕРДІ РЕСЕЙ МЕН БЕЛАРУСЬ НАРЫҒЫНА ЭКСПОРТТАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ. ӨСКЕМЕННЕН ОЛЖАС КЕРЕЙХАН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

 

Олжас Керейхан, тілші 

-Рахмет, Нұрсұлтан! Еуразиялық экономикалық Одақ жұмысын бастағалы  өңірдегі өндірістер өнімдерін осы елдердің нарығына көптеп шығара бастады. Мәселен, Өскемендегі шүмекті құбыр зауыты  қарқынын арттырды. Кәсіпорын бұған дейін еліміздегі тұрғын үй саласына қажетті шүмекті бұрамалардың түр-түрін шығарып келді. 

 

Зоя Новолодская, Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының директоры

-Еуразиялық экономикалық одаққа сәйкес біз зауыттың екінші кезеңін іске қоспақпыз. Яғни толық қарқынымен жұмысқа кіріскен соң тауардың көлемі де артады. Соған сәйкес жаңа жұмыс орындары да  ашылады. Қазір Қазақстан нарығын толық қамтып отырсақ, енді 170 миллион халыққа өз өнімдерімізді ұсынамыз.

 

Олжас Керейхан, тілші 

-Енді өндіріспен қатар осы саланы одан ары дамыту үшін экономикалық одақ елдерінде өтетін түрлі көрмелерде «көне Алтайда мынадай бар, мынадай бар» деп,  насихаттау үшін бірнеше жобалар жасалмақ. Ал Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерімен бірілесіп құрылған зауыттар өнімдерінің сапасын бұрынғыдан да  арттырып, түрлерін де көбейтпек.

 

Шәкәрім Бұқтұғұтов, ШҚО Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы

-Соңғы үш жылда бірлескен кәсіпорындардың саны күрт көбейді. Шығыс Қазақстандағы өнідірістердің көбі ауыр өнеркәсіпке бағытталғандықтан, өнімдеріне сұраныс жоғары. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы сұранысты одан ары арттырды. Әсіресе машина жасау, мұнай мен газға және  құрылыс  саласына қажет түрлі материалдардың түрі мен көлемі көбейетін болады. 

 

Олжас Керейхан, тілші 

-Қазір өңірдегі ірі өндірістер Алтай өлкесіндегі Барнауыл және Новосібір сияқты ірі қалалардағы кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайтты. Ал облыстағы ірі кәсіпкерлер үлкен нарық үлкен мүмкіндік екенін айтады. Нұрсұлтан! 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-БІЗБЕН БАЙЛАНЫСҚА ШЫҚҚАН АЙМАҚТАҒЫ  МЕНШІКТІ ТІЛШІМІЗ ОЛЖАС КЕРЕЙХАН.

ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙГЕН САЙЫН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА  ӨНДІРІСТЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАН БӨЛЕК, ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ. СӨЗІМЕ ДӘЛЕЛ БОЛСЫН. БҮГІНГІ КҮНІ ӨҢІРГЕ АТ ТЕРЛЕТІП КЕЛЕТІН ТУРИСТЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗЫ РЕСЕЙ АЗАМАТТАРЫ ЕКЕН. АШЫҚ САУДА АЛАҢЫН ТЕРІСКЕЙЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ АСЫҒА КҮТТІ. АРАДАҒЫ АЛЫС-БЕРІС ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРЫЛМАЙ ТҰРЫП САЯБЫРСЫҒАН ЕМЕС. ӘРІПТЕСІМ АЙДАРБЕК АЙТМҰХАМБЕТҰЛЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН ХАБАРЛАЙДЫ.

 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші

-Иә, Нұрсұлтан дұрыс айтасыз! Экономикалық одақ құрылмай жатып та, алыс-беріс, барыс-келіс қарқыны бәсеңдеген емес. Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстан мен Ресей, Беларусь елдері арасындағы сауда айналымы 550 млн долларға жетті. Бізден негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып келсе, соңғы жылдары кварц құмы мен қиыршық тасы да тасымалдана бастады. Ал ол жақтан көбіне-көп көлік, түрлі құрал-жабдықтар, азық-түлік пен тыңайтқыштар импортталады. Аграрлы аймақта ашық сауда алаңы аясында қазірдің өзінде бірнеше жоба жоспарланып отыр. Бұл туралы толығырақ облыс әкімі Ерік Сұлтанов айтып берсін. Назар салайық! 

 

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

-Ресей Федерациясы компанияларымен бірлескен жобаларды бастап жатырмыз. Әулие деген жерде алтын алуды бастадық. Сонымен қатар Тайынша ауданында «Левко» компаниясы биылғы жылы майлы дақылдарды өңдеу зауытын бастайды. Облыста Трансібір мен Трансазиялық теміржолы қосылды. Бұл бізге Ресей Федерациясы мен Еуропа және Азия елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар халықаралық коридор «Астана – Петропавл – Қорған» жолын жөндеу жалғасып жатыр. Осының бәрі байланысты жақсартады. Сондай-ақ көліктік-логистикалық кешенді салуды жоспарлап отырмыз.

 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші

-Солтүстікқазақстандық кәсіпорындар Еуразиялық экономикалық одаққа мықтап дайындалды. Өйткені ортақ нарықтың басты талабы сол. Осалдары орта жолда қалады. Бұл ретте отандық өнімнің санынан гөрі сапасына мән бергеніміз абзал. Мұны жергілікті кәсіпкерлер түсініп отыр. Қазірдің өзінде өңірде үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 29 жоба жүзеге асып, мыңдаған жұмыс орны ашылды. Мұның барлығы одақтағы мүмкіндіктерімізді еселей түспек.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-АЙДАРБЕКТІҢ АЙТЫП ОТЫРҒАНЫ ИНДУСТРИАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ БІРІНШІ БЕСЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ЕКІНШІ БЕСЖЫЛДЫҚҚА АЙМАҚТА 70 ЖАҢА КӘСІПОРЫНДЫ АШУ  ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР.

АЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ РЕСЕЙДІҢ ҮШ БІРДЕЙ АЙМАҒЫ ОМБЫ, НОВОСІБІРМЕН ЖӘНЕ  АЛТАЙ ӨЛКЕСІМЕН  ІРГЕЛЕС ЖАТЫР. БАЙЫРҒЫ КӨРШІМЕН АРАДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫНДА КЕҢЕЙЕ ТҮСКЕНІ БЕЛГІЛІ. СӨЗ ТІЗГІНІ «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ ҚАРЛЫҒАШ ҚАСИЕТОВАДА.

 

Қарлығаш Қасиетова, тілші 

-Қайырлы кеш, Нұрсұлтан! Павлодар облысы Еуразиялық экономикалық одақтағы жұмысын жемісті бастап кетті. Келісім күшіне енген алғашқы айдың өзінде Ресейге электр қуатын жөнелту қарқыны артқан. Осы өніммен Беларусь нарығына шығуға да мүмкіндік туып отыр. Бұл бағытта салалық министрліктерімен бірқатар мәселелер қарастырылуда. Алдымен ортақ электрқуаты нарығын енгізуді жеделдету жұмысы тұр. 2016-шы жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бірыңғай электрэнергетикалық нарық бағдарламасын қабылдамақ. Бұл мәселе оң шешімін тапса, қуат көздері  Ресей арқылы Беларусь нарығына жол тартады. Жалпы Белоруссия Қазақстанмен  бірнеше бағытта жұмыс істемек. Мәселен экономистер Қазақстанның алюминийіне сұраныс артады деген пікірде. Металлургия,  химия өнеркәсібі өнімдерін экспорттау да оң жолға қойылады.Облыстың негізгі өнім өндірушілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың пайдасы мол. Ал сарапшылар  шағын және орта бизнес өкілдері үшін  бастапқыда қиындықтар болатынын жоққа шығармайды. Өйткені  нарық заңы бәсекелестікке құрылған. Бұл ретте біз облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің пікірін білуді жөн көрдік. 

 

Мұрат Қабылбеков, Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы

-Менің ойымша, шағын және орта бизнес өкілдері қиындықтан қорықпау керек. Ол өзінің жасап жатқан жұмыстарын жөндеу керек. Жаңа технологиялар енгізу керек. Одан тауарлардың сапасын көтеру керек. Бәсекеге төзімді болу керек.

 

Қарлығаш Қасиетова, тілші 

-Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге Павлодар облысы  тыңғылықты дайындалды десе де болады. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары арасында әріптестік орнатуға бағытталған  көптеген келісімдерге қол жетті. Жүзден астам бірлескен кәсіпорындардың құрылып, табысты жұмыс істеуі – осының жемісі. Нұрсұлтан! 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-РАХМЕТ, ҚАРЛЫҒАШ!  АЙТА КЕТЕРЛІК ЖАЙТ,  ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОТАНДЫҚ  ӨНІМДІ КЕДЕНДІК ОДАҚҚА МҮШЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАУДА АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА.  ҚАЗАҚСТАННАН   ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМНІҢ 20 ПАЙЫЗЫ  ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ...

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР ДА ҚАМСЫЗ ОТЫРҒАН ЖОҚ. ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ҮШІН ӨЗГЕ ЕЛДЕРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КЕДЕН ОДАҒЫ КӨРСЕТІП БЕРДІ. 2010 ЖЫЛДАН БЕРГІ АРАЛЫҚТА ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН АРАДАҒЫ ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 2 ЕСЕГЕ ӨСКЕН. ТОБЫЛ ӨҢІРІНЕН МАҒАУИЯ ҚАЛИЕВ ТАРҚАТАДЫ.

 

Мағауия Қалиев, тілші  

-Интеграциялық бірлестіктің айқын дәлелі ретінде 2013 жылы Қостанайда іске қосылған темір арматуралар шығаратын зауытты айтуға болады. Ресей инвестициясына салынған кәсіпорынның жұмысы бүгінде қарқын алған. Өз өнімдерімен тек Қазақстанды қамтамсыз етпей, Орталық Азия елдеріне де жібереді. Ал «АгромашХолдинг» серіктестігі Белоруссияның «Гомсельмашымен» бірлесіп, ауылшаруашылығы техникаларын құрастырады. Өткен жылы осы өндіріс орны 386 комбайн шығарды. 

 

Жалпы көрші елдің нарығына бойлап енген қостанайлық кәсіпорындар аз емес. Тау-кен өнімдерінен тыс, ет, сүт, тәтті тағамдар, тіпті киім-кешектер шығара бастады. Экспорт қатары жыл санап артып келеді. Соңғы жылда ғана көрші елмен алыс-беріс 5 пайызға артып, 932 миллион АҚШ долларына жетті. Еуразиялық одақтың негізгі мақсаты да сол,  аймақаралық байланысты  нығайту. Бүгінде  Қостанай облысымен шекаралас  өңірлердің барлығымен сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастық жөнінде келісім жасалған. Өндірістік кооперацияны  дамыту мақсатында облыс делегациясы Ресей мен Белоруссияға бірнеше рет сапар шекті. Қостанайда былтыр бірегей экономикалық кеңістік аясында өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылаған екі рет халықаралық конференция өтті. Еуразиялық одақ өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға тың серпін береді. Мамандардың болжамынша, одақ шеңберінде Қостанай облысының тауар айналымы биылдың өзінде 3 пайызға артуы мүмкін. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-СОҢҒЫ УАҚЫТТА ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛДЕРІНЕН, ӘСІРЕСЕ РЕСЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ТАСЫМАЛДАНЫП ЖАТҚАН АРЗАН АВТОКӨЛІК КЕРУЕНІ ТОЛАСТАМАЙ ОТЫР. ДЕРЕКТЕРГЕ ҚАРАСАҚ, CОҢҒЫ ҮШ АЙДА 36 МЫҢНАН АСА ТЕМІР ТҰЛПАР ШЕКАРАДАН КІРГІЗІЛГЕН. АЛАЙДА АВТОНАРЫҚТАҒЫ АШЫҚ САУДА ЖУЫҚ АРАДА ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒЫ «ЕУРО-4» СТАНДАРТЫНА САЙ КЕЛМЕЙТІН КӨЛІКТЕРДІ ОДАҚҚА МҮШЕ  ЕЛДЕРДЕН ӘКЕЛУГЕ  ТОҚТАУ САЛУҒА МҮДДЕЛІ. НЕ ҮШІН? МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫН  НҰРБЕК ӘМИША ЗЕРТТЕДІ.

 

Сауалдың сан жауабы бар. Біріншісі елге белгілі. Өткен жылдың соңында Ресейдегі рубль бағамының күрт құлдырауы автокөлік құнының түсуіне әкеп соқты. Ушыққан сәтті ұтымды пайдаланған қазақстандықтар көліктердің шыққан жылына да қарамастан көрші ел автосалондарынан машиналарды  асығыс әкеле бастады. Әрине, түсінікті. Құн айырмашылығы - 40-50 пайыз! Одақтас елден олжалы болып қайтқандардың бірі – Азамат Сейітов. 1 қаңтар бола салысымен жолға шыққан жігітағасы 2008 жылғы темір тұлпарды тақымына басқан. Қосымша құн салығы жоқ, кедендік кедергі де жойылған. Алайда оған көлікті Қазақстанға әкеп тіркеу кезінде сәл уақыт жоғалтуға тура келді. Өйткені мұндағы мамандар криминалдық автотранспорт базасы арқылы Ресейдегі ресми органдардан мәлімет сұратады. 

 

Азамат Сейітов, Астана қаласының тұрғыны

-Россияда угонда болса, шешпейді учеттан. Техпаспортта уақыты жазылады. Қай күнге дейін сен учетка қою керексің. Қалай үлгереміз, 10-ақ күнге береді. 18-інде әкелдім, 28-інде учетка қоюым керек. Уақытым жетпейді ғой қоятын. 

 

Автокөліктің шекараның арғы жағындағы жағдайы туралы сұрау азаматтар үшін жасалып отыр. Себебі қазір қоңсылас елдегі кей көлік сатушылардың жалған техтөлқұжаттар жасағаны туралы да деректер анықталған. Екінші, мәселе мемлекеттік органдарымыздың өзара көзқарас қайшылығында. Индустрия және даму министрлігі бірнеше күн бұрын ғана Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін автомобильдердің импорты туралы ережеге өзгеріс енетіндігін жариялады. Себебі экономикалық кеңістіктен кіргізіліп жатқан көліктердің көбінің қозғалтқышы Еуро-4 стандартына сәйкес емес. Ал бұл Қазақстан заңына қайшы. Себебі мемлекетіміз 2013 жылдан бастап осы стандартты қабылдаған болатын. 

 

Мирғали Омаров, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының» қызметкері

-2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы аясында «Дөңгелекті көлік құралының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент күшіне енді. Регламентте көліктерге қатысты тексеріс ұлттық заңдылық бойынша іске асастыны белгіленген. Және Қазақстанда 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап экологиялық тұрғыда Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін көліктерді енгізуге және оларды тіркеуге тиым салынғанын ескерткім келеді. 

 

Алайда әкімшілік полицейлер: «Бұл тиымға негіз жоқ» деген ұстанымда. Себебі 1 қаңтардан бері экономикалық одақ мемлекеттерінен, яғни Ресей мен Белоруссиядан келетін көліктердің шығарылған жылы мен Еуро-4 экологиялық нормасына сәйкестігі бойынша шектеу алынып тасталған еді», –дейді. 

 

Жазира Өтепбергенова, ҚР ІІМ ӘПК аға инспекторы  

-Ағымдағы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық келісімшарт және техрегламент күшіне енгізілген сон одаққа мүше елдерден көліктер кедергісіз енгізіледі. Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен осы Е-4 санатына қатысты заңнама қарастырылып жатыр. Оған дейін көлік тіркеу бойынша сұрақ туындамауы тиіс. 

 

Депутаттар да үнқатты әдеттегідей. Олар үкімет басшысына сауал жолдап, азаматтарды әуреге салған мемлекеттік қызметшілердің өзін жазалау керектігін айтты.  

 

Нұрлан Жазылбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Мыңдаған жана машина да келіп жатыр. Басқа елге капитал кетіп жатыр. Осыны есептеп, Үкімет шара қабылдау керек еді. Көлік сататын компанияларға жеңілдік жасау ма, бағасын түсірткізіп, шара қабылдау керек еді. 

 

Жыл басынан бері елімізге Ресейден 8 жарым мың көлік әкелінген. Оның 300-ден астамы Еуро-4 санатына сай емес. 

 

Нұрбек Әмиша, тілші

-Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдында Ресейлік көліктер, міне, жаңасы да, ескісі де қаз-қатар тұр. Оларды әкімшілік полицейлері шыққан мерзіміне қарамай тіркеп жатыр. Және біздікі дұрыс деп, нық отыр.

 

Алайда Инвестиция және даму министрлігі өкілдері көлікті дәл қазір алуға болады, бірақ ереже қайта қабылданған соңғы тағдырыңа жауап бермейміз деген пейілде. Заңды сұрақ. Енді не істеу керек? Жаңа ереже қабылданғанша, Еуразиялық одақ мемлекеттерінен көлік тасуға болады. Тек рулі оң жақта болмауы тиіс. Алайда, мүмкіндігінше, Еуро-4 санатына жататын темір тұлпар жеткізген орынды. Жалпы Еуро-4 деп отырғанымыз не? Бұл 2005 жылы Еуроодақ енгізген әлемдік экологиялық стандарт. Яғни көліктердің қозғалтқышынан шығатын зиянды заттар қалдығы аз мөлшерде болу керек. Қауіпсіздік құралдары да талапқа сай жабдықталуы шарт. Мәселен, Ресейден шығарылатын көлікті алғыңыз келсе, оның шығарылған мерзімі 2010 жылдан бермен қарай болғаны дұрыс. Шектеу десек те, реттеу десек те, бұл тиымның өз автонарығымызды қорғау үшін жасалып отырған шара екенін ұққанымыз жөн. Себебі отандастарымыздың Ресейге ағылуынан Қазақстандағы көлік құрастырушы компаниялар мен автодилерлердің өнімі өтпей қалды. Бұл отандық экономикамыз үшін ауыр соққы. Мәселен, Астанадағы мына компания бұрын айына 100-ден аса көлік сатса, қаңтардан бастап 8 ғана авто пұлдауға мәжбүр болған. 

 

Вадим Артамонов, Автокөлік компаниясының бас директоры 

-Экономика тұрғысынан алсақ, Қазақстан мен Ресейде заңдар біріңғайланды. Ұқсас заңдар, автонарықты реттейтін бірдей ережелер, бірыңғай техрегламент. Алайда өндірісші компаниялар тарапынан келсек, екі елдегі жағдай әртүрлі. Осы компаниялардың көбі Ресей нарығы бөлек, Қазақстан нарығы бөлек деп есептейді. Ресей мен Қазақстандағы автошығарушылар бірдей әрекетке бармай, бұл жағдай жалғаса береді. 

 

Отандық автоқұрастырушылар көліктің бағасын 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін түсіріп жатыр. Мақсат - Ресейдегі автонарық құнымен теңесу. Кеше ғана Алматыда баспасөз конференциясын өткізген Astana Group компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов: «Мемлекеттің қолдауынсыз отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту мүмкін емес», – деп мәлімдеді. 

 

Нұрлан Смағұлов, Astana Group компаниясының президенті

-Бұл жерде адалдық керек. Егер отандық автокөлік өнеркісібі өркендесін десек, Қазақстанның коммерциялық автокөлік өндірушілерінің мүддесін қорғау қажет. Меніңше, мемлекет коммерциялық көлікті сатып аларда отандық мазмұнның басым болуын талап етуге құқылы. Өз кезегінде өндірушілер лайықты баға мен сапа ұсынулары тиіс. Егер мемлекет тарапынан тиісті қолдау болса, біз Ресей және Белоруссиямен тең дәрежеде бәсекелесіп, өндіріс көлемін арттыра түсер едік. Ал бұл экономиканың дамуына оң әсер етеді.

 

Ал екінші нарықтағы жағдай тіптен күрделі. 2014 шілдесінен бері салыстырсақ, көлік бағасы Қазақстанда 25 пайызға дейін төмендеген. Және құнның құлдырауы жалғаса бермек. 

 

Сұңқар Жұртбай, «Колесо Астаны» газетінің бас редакторы

-Көлік нарығының тұрақтануына бір-екі ай керек. Ақпан сонында тұрақталып, нарық бағамы нақтылана түседі. Оған дейін 5-10 пайызға дейін түсуі мүмкін. 

 

Еуразиялық одақ аясына жыл басынан бері Армения көліктері тарала бастады. Ал мамырдан бастап Қырғызстаннан келген арзан автокөліктер емін-еркін айналымға түсетінін ескерсек, өз нарығымызды бекемдеп алғанымыз ең абзалы. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ. БАСҚОСУДА «А» КОРПУСЫН ТЕСТІЛЕУ МЕН ІРІКТЕУ ШАРТТАРЫН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ. ЗАҢДЫ ҮТІР, НҮКТЕСІНЕ ДЕЙІН БІЛУ ЖӨНІНДЕ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЮ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚИСЫНДЫ? МӘСЕЛЕН, «А» КОРПУСЫНА ӨТУ ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕР 10 ЗАҢНАН ТЕСТ ТАПСЫРАДЫ, ӘР ЗАҢ БОЙЫНША 10 СҰРАҚТЫҢ ЖЕТЕУІНЕ ДҰРЫС ЖАУАП БЕРУ КЕРЕК. ҰЖЫМДЫ БАСҚАРУ ІСІНДЕ ИКЕМДІ, ТӘЖІРИБЕЛІ  МАМАН БОЛА ТҰРА, ТЕСТ КЕЗІНДЕ 1-2 БАЛЛЫ ЖЕТПЕЙ ҚАЛЫП, ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕРІ БАР. СОНДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТЕСТІЛЕУ МЕН ІРІКТЕУ ШАРТТАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУДЫ ҰСЫНЫП ОТЫР. 

 

Қайрат Қожамжаров, Мемлкеттік Қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Ең әуелі мемлекеттік қызметке іріктеу конкурсының құралдары мен механизмдерін жетілдіру жайында айтылып отыр. 1999 жылдан бері өткізіліп келе жатқан кандидаттарды заңды білуге тестілеу ісіне қатысты мәселе көп. Бастапқы кезеңде конкурстық іріктеу тиісті деңгейде дамымай тұрғанда бұл тәсіл маңызды роль атқарды. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-«ТЕСТІЛЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНДЕ НАЗАРҒА АЛЫНУЫ ТИІС», – ДЕЙДІ АГЕНТТІК БАСШЫСЫ. ЯҒНИ КАНДИДАТТАРДЫҢ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ ҚЫРЫ ҚАРАСТЫРАЛАТЫН ЖӘНЕ КОМИССИЯНЫҢ СОҢҒЫ ШЕШІМІ ШЫҒАРЫЛАТЫН КЕЗДЕ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК. СОНДАЙ-АҚ ЖИЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ. «МҰНЫҢ САПАҒА КЕРІ ӘСЕРІ ТИЕДІ, ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БӘРІ БІРКЕЛКІ БОЛУЫ ТИІС», – ДЕЙДІ МАМАНДАР. ЖАЛПЫ СОҢҒЫ КЕЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС КӨП. ӘСІРЕСЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ. СОНЫҢ БІР ДӘЛЕЛІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ПОЛИГРАФ ҚОЛДАНЫЛА БАСТАДЫ. МАҚПАЛ МАДИЯРОВА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

 

Мақпал Мадиярова, тілші 

-Адамның адалдығын анықтайтын құрылғы. Бұл жасаған тест қорытындысы 99 пайыз сенімді ақпарат беретін көрінеді. Гулглдан алған деректі айтсам, ең алғаш аталмыш құралды 1970 жылы АҚШ қолданған. Қылмыскерлерді тергеу кезінде. Кейін жеке компаниялар, фирмалар, банк, супермаркеттер өз қызметкерлерінің шынайылығын тексеру үшін пайдалана бастады. Қазір тіпті жалғандық детекторына сенімдеріне селкеу түскен ерлі-зайыптылар да жүгінеді екен. Бүгінгі таңда АҚШ, Литва, Канада, Жапония, Үндістан, тіпті Татарстан, Қырғызстан да шенеуніктерін полиграф сынағынан өткізеді. Енді біздің елдегі кей мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері де полиграф тестінен өтуге міндеттелді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жасалған қадам!

 

Полиграфологиялық тексеріс 2013 жылы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңмен бекітілді. Заңға сәйкес, Ішкі істер, Бас прокуратура, қорғаныс саласының өкілі болғысы келетіндер «жалғандық детектірінің» алдынан өтуі керек. Сынақтан Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері де шет қалмайды. Былтыр тамызда құрылған бұл құрылым аймақтардағы департаменттерінің басшылығына полиграф тестінен сүрінбегендерді ғана тағайындапты.    

Жанар Жақыпова, Мемлекеттік Қызмет істері және жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі басқармасының басшысы 

-Бізде байқау шаралары 8 сатыдан тұрады. Соның бірі – полиграфалогиялық тестілеу. Егер конкурсқа қатысушы осы зерттеуден өтпей қалса, келесі сатыға жіберілмейді. Полиграфты қолдану біз үшін өте маңызды. Өйткені біз жемқорлықпен күресетін органбыз. Алға қойған мақсаттарымызды, саясатымызды жүзеге асыру үшін бізде істейтін қызметкерлердің барлығы тап-таза болуы міндетті.

 

Полиграфалогиялық зерттеу үш жағдайда өткізіледі. Құқық қорғау органдарына жұмысқа кірерде, осы саланың қызметкерлерін аттестациялауда және қандай да бір қызметтік тергеу жүргізгенде. Жемқорлықпен күресетін агенттіктің полиграфологы Мақсат Оспанов: «Алдымен келген адамды дайындаймыз. Әрбір датчиктің функциясын түсіндіреміз, шамамен 30-40 сауал қоямыз», – дейді.

 

Мақсат Оспанов, полиграфолог-маман              

-Біз құқық қорғау қызметіне жауап беретіндіктен, біз үшін өте маңызды сұрақтар бар. Ол кандидаттың наркотикке, алкогольге тәуелді еместігіне, қандайда бір қылмыстық істерге қатысы жоқтығына көз жеткізу үшін қойылатын міндетті сауалдар.

 

Тексерілетін адамға тағылған датчиктер оның қан қысымын, тыныс алу жиілігін, терлеу деңгейін, аяқ-қолдарының еріксіз қозғалысын, тіл фиксациясын өлшейді. Егер адам өтірік айтса, оның ағзасындағы өзгерістер қисық сызықтармен беріледі. 

 

Бауыржан Абдулла, Ақпарат сенімділігін бағалау орталығының директоры

-Бұл жүз пайыз алам организмінде болып жатқан физиологиялық нәрселерді береді. Ал оны оқу – полиграфологтың жұмысы. Дұрыс оқу керек. Ал полиграфтың өзі алдамайды. 

 

Жемқорлық индексін жасайтын «Транпаренси интернейшнл» ұйымы Қазақстан 2014 жылы 175 елдің ішінде 126 орынға тұрақтағанын жариялады. Бұл 2013 жылы 141 орында тұрған біздің ел үшін жақсырақ көрсеткіш. Сыбайлас жемқорлық еліміздің бүкіл саласында тамырланғандықтан, онымен  Үкімет те, бас партия да, мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын академия да күресіп жатыр. Мемлекеттік басқару академиясы тіпті, жемқорлықпен күресудің тиімді жолдарын ұсынған ғылыми жұмысқа және ең мықты бейнероликке бәйге де жариялапты. 

 

Болатбек Абдрасилов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры 

-Коррупция ең төмен мемлекеттерден осы мәселемен айналысатын мамандарды шақырттық. Олар әртүрлі курстар тренингтер өткізеді. Біздің академияның құрамында осы мәселелерді зерттейтін ғылыми-аналитикалық орталық құрдық. Ол орталық коррупциямен қарсы қандай жұмыс жасау керек екенін ғылыми негізде көрсететін орталық болады.

 

Ал Үкімет 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық стратегиямен жұмыс істеп бастады. Яғни 2017 жылға қарай, полицияның қызыл таяқшасы жойылады. Құқық қорғау саласына автопатруль әдісі сатылап енгізіледі. Кәсіпкерлерді жоспарсыз тексеру тоқтатылады. Салынып біткен құрылыс нысандарын тәуелсіз сарапшылар қабылдап алады. Бұл реформа жемқорлық фактілерін барынша азайтпақ. Сондай-ақ ендігәрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы барлардың шен шекпеніне қараймайтын, аямайтын болды. Ал «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2020 жылдарға арналған бағдарламаны іске қосты.  

 

Саясат Нұрбек, Қоғамдық зерттеулер институтының директоры      

-Біздің бағдарламамыз – сыбайлас жемқорлықпен күресу емес, атқызу, отырғызу, шаш алу, бас алу емес, бұл жадпы билік пен қоғамның қарым-қатынасын өзгерту, табиғатын өзгерту, бұрын көрінбеген салаларды ашықтыққы шығару. 

 

Саясат Нұрбек басшылық етіп отырған Қоғамдық зерттеулер институты зерттеу жасаған. Сонда анық болғаны, балабақшадан орын алу үшін ата-аналардың 40 пайызы пара беруге, таныс-тамыр пайдалануға әрекеттен. Ал студенттердің 90 пайызы өздері оқитын жоғары оқу орындарында жемқорлықтың бар екенін айтқан. Сондықтан партия ең алдымен құндылықтар жүйесін өзгертуді ұсынып отыр. 

 

Саясат Нұрбек, Қоғамдық зерттеулер институтының директоры      

-Мемлекетке қарсы теріс пиғылдарды өзгерту үшін ең алдымен құндылықтардан бастауымыз керек.

 

Жемқорлықпен жаңаша күресіп жатқан жаңа агенттік арын сатпайтын азаматтарды жасақтауға полиграфтың көмегі болатынына сенімді. Зерттеушілер де: «Бұл құрылғы өтірік айтпайды», – деп сендіреді. Ресей мен  Финляндиядан тасымалданатын, құны 3 млн теңгелік полиграфпен таңдалған мемлекеттік қызметкерлердің адалдығы уақыт таразысында. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙ САУДАСЫНА ҚАТЫСТЫ АЛЫП ҚАШПА ӘҢГІМЕ КӨП. БАСПАНАНЫҢ БАҒАСЫ ӨСЕДІ ЕКЕН НЕМЕСЕ ТҮСЕДІ ЕКЕН ДЕГЕН КАУЕСЕТ КЕЗІП ЖҮР ҚОҒАМДЫ!  САРАПШЫЛАР ДА САН ТҮРЛІ БОЛЖАМДЫ КӨЛДЕНЕҢ ТАРТЫП, КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІН КҮПТІ ЕТУДЕ. ОҒАН ҚОСА БИЫЛДАН БАСТАП ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР ИПОТЕКАҒА ҮЙ РӘСІМДЕУДІ ШЕКТЕП НЕМЕСЕ ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН КӨБЕЙТТІ. БҰЛ ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ПӘТЕР САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫН ТӨМЕНДЕТЕТІНІ СӨЗСІЗ. БЫЛТЫРДЫҢ ӨЗІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫ ТҰРАҚСЫЗ БОЛДЫ. БИЫЛ ЖАҒДАЙ ҚАЛАЙ ӨРБІМЕК? «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ ЖАСҰЛАН ӘБДІХАЛЫҚТЫҢ ЗЕРТТЕУІ.

 

Баспана – қашан да басты мәселе. Астанадан бастап алыс аймақтарға дейін пәтер бағасы ала-құла. Соңғы жылдары өсудің шарықтау шегіне жеткен тұрғын үйдің құны былтырғы сәуірден бастап төмен сырғыпты. 2013 жылы  республика бойынша ай сайын орта есеппен 10 мыңға жуық пәтерде қоныс тойы тойланса, былтыр сатылған баспаналар 8 жарым мыңға да жетпей қалған. Жер үйлердің саудасы одан да мардымсыз. 

 

Дәуренбек Темірбекұлы, Қазақстан құрылысшылар одағының мүшесі

-Жылжымайтын мүлік былтырмен салыстырғанда, биыл 2014 жылы мынау келісімшарт пәтер алып жатқан алып-сату дейді, солардың келісімшарт көлемі 2013 жылға қарағанда 5 пайыз шамасында төмендеген. 

 

Себебі сан түрлі. Алдымен әлемдік ахуал. Содан соң банк секторындағы салалық өзгерістер. Биылдан бастап екінші деңгейлі қаржы институттарының кейбірі ипотека рәсімдеуін сап тиып, кейбірі пайыздық мөлшерлемесін көбейтті. Біз банктерден несие алсақ, банктердің өзі шетелден несие алып отыр. Яғни инвестицияға тәуелді. Содан келіп...

 

Дәуренбек Темірбекұлы, Қазақстан құрылысшылар одағының мүшесі

-Халықтың номиналдық байлығы, жалақысы. Сосын екінші орында мынау несие, ипотекалық несиенің көлемі. Сонымен қатар әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасы және бір төртінші фактор ол мына теңге мен доллардың бір-біріне деген курстық деңгейі.

 

Тұрғын үй құнын құлдыратуға әкелген. Алайда ел арасында риэлтор атанып кеткен алып-сату қызметінің мамандары мұнымен келіспейді. «Қаңтар айында қандай сауда болса да, қыспаққа түседі», – дейді олар.

 

Әсемгүл Әлжанова, риэлтор 

-Менің ойымша, қазіргі жағдай бірқалыпты. Өткен жылмен салыстырғанда да сол қалпында, әдеттегі жағдай сол қыс мезгілінде кішкене бағалары да түседі, кішкене сатып алатын кісілер де азаяды. Барлығы ойланып қалады біразға.

 

Тұрғын үй бағасы күрт төмендемейді. Әсіресе Астанада. Аймақтардан ағылып келіп жатқан жұрт: «Елордада бір бөлмелі болса да, баспанам  болса екен», – деп барын салады. Бұл да баға саясатына белгілі деңгейде әсер етеді.

 

Әсемгүл Әлжанова, риэлтор 

-Құлдырап түсіп кететіндей ондай жағдай жоқ қазіргі уақытта. Мысалы, 45-50 мың тұрған пәтерлер ертең 20 мың тұрмайды. Мысалы, түскенде бағасы 5 мың 10 мың долларға жақын түсетін шығар. 

 

Жасұлан Әбдіхалық, тілші 

-Бағаның барар жері осы. Бірақ еркін нарықты ешкім ауыздықтамайтыны анық. Бей-берекет жіберу де жарамас. Сондықтан үшінші сарапшымыз Үкіметке үміт артып отыр. Яғни жаңа Жолдаудағы тұрғын үй бағдарламасы бағаны бәсеңдетуі мүмкін. Құнды пікірге құлақ түрейк.

 

Жангелді Шымшықов, экономист 

-Енді жаңағы аренда мен одан кейін сатып алуға деген ақша бар ғой, 180 миллард бөлінген ақша бар ғой. Енді оны жүзеге асыратын болса, әрине, ол да айналып келгенде тұрғын үйлердің бағасын төмендетуге әрекет жасайды деп ойлаймыз.

 

Мемлекеттік бағдарлама негізінде жылына 530 мың шаршы метр пәтер салынуы тиіс. Және олар жалға беріледі. Әр шаршы метріне 1000-1200 теңгеден төлеп, 15 жыл тұрасыз. Одан кейін баспана жекеменшігіңізде. Әрине мұнымен мыңдап кезекте тұрғандардың мұқтажы өтелмейді. Амал жоқ жетпегені сатып алуға тура келеді. Ал сатып алам десеңің, дәл қазір Астана мен Алматыда тұрғын үйдің әр шаршы метрі 1500-2000 доллардың ар жақ бер жағында. Мінекей, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай әзірге осындай. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӘРИНЕ, ТҰРҒЫН ҮЙ ТАҚЫРЫБЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕК ЕМЕС. КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕНІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА БҮГІН СТУДИЯМЫЗҒА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВТІ ШАҚЫРЫП ОТЫРМЫЗ.

Бірден сұраққа көшсек. Талғат Файзуллаұлы, сұхбат отандық тұрғын үй нарығына байланысты болғандықтан. Алдымен бүгінгі құрылыс қарқыны қандай екенін білгіміз келіп отыр?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Жақсы рахмет. Түсінікті негізгі қарқын ойдағыдай жүріп келе жатыр деп айтуға болады. Егер мысалы, 2007-2008 жылдардағы ең биік қарқыны көтерілген уақытпен салыстырғанда, 13-14 жылдары сол көлемге келді. Сондықтан негізі жалпы жаман емес деп айтуға болады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-НЕГІЗІ ҚАЗІР ӘЛЕМДЕГІ АХУАЛ БӘРІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ, МҰНАЙМЕН БІРГЕ БАРЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ  ҚҰНЫ ҚҰЛДЫРЫП БАРАДЫ. ҚЫЗЫҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНА МҰНЫҢ ЫҚПАЛЫ БОЛМАЙ ТҰР. СЕБЕБІ НЕЛІКТЕН? СЕБЕБІН ТҮСІНДІРІП БЕРЕ АЛАСЫЗ БА?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Өйткені өздеріңіз білесіздер, мысалы, қазіргі уақытта өзіміздің нарығымызда бағаны тұрақтайтын ұсыныс пен сұраныс қой. Қазіргі уақытта сұраныстың артықшылығы бар. Сондықтан сұраныс бар. Баға әзірше тұрақты болып отыр деп айтуға болады. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-«ЖАЛПЫ ОСЫ БІЗДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫНДА МОНОПОЛИСТЕР БАҒАНЫ ҚОЛДАН КӨТЕРЕДІ, ОЛАРҒА ТҮСІРУ ТИІМСІЗ», – ДЕГЕН САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІМЕН ҚАНШАЛЫҚТЫ КЕЛІСЕСІЗ? БАҒАНЫ ҚОЛДАН КӨТЕРІП ОТЫРҒАН ЖОҚПЫЗ БА?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Енді мысалы, өздеріңіз білесіздер, қазіргі уақытта екі миллион жалпы азаматымыз тұрғын үй мәселесін шешкісі келеді. 14 жылы 38 мың пәтер берген екен меншікті құрылыс компаниялары. Сондықтан жаңағы оның сомасын қосқанда, жыл сайын 400 миллард теңгедей. Бізге жаңағы екі миллион азаматты баспанамен қамтамасыз ету үшін 50 жыл керек.  Сондықтан 50 жылдың ішінде әлгі сұраныстың жағдайы өте биік болады деп айтуға болады.

 

ЖҮРГЗУШІ

-ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ БҰЛ САЛАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУДЕ?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Аса әсер етеді деп ойламаймын. Қазір өздеріңіз белесіздер, ұлттық қордан жыл сайын 3 миллард құйылып жатыр. 500 миллард құйылды. Бұдан соң сырттан тағы 9 миллард АҚШ доллары шамасында несие алып жатыр. Сол бүкіл қаражат құрылысқа беріледі, бөлінеді, әрине, сол қарқында ұсталады деп өзім ойлаймын.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР НАҚТЫ ҚАНДАЙ КЕДЕРГІЛЕРГЕ КЕЗДЕСЕДІ? НЕНДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ОЛАР ҮШІН ӨЗЕКТІ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Ең мәселе жер бергеннен кейін рұқсат жоба жасауға және құрылыс жасауға рұқсатын беру керек. Содан кейін экспертизаны өткеннен кейін оң шешім қабылдағаннан кейін қалалық кеңес өткеннен кейін әр құрылысшы құрылысқа кірісе беру керек. Қазіргі уақытта кішкене қиындау тағы бірнеше қарау алу керек, сол, әрине, кедергі болады.  Содан кейін миграция көші-қон мәселелерін шешу керек. Басқа шетелден келген жұмысшыларды пайдалану керек. Содан кейін заң мәселелері үлескерлерге байланысты. Сол мәселелерді шешу керек. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА 2008 ЖЫЛҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН ДЕГЕН ҚАУІП БАР МА?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Мен өзім қайталанбайды деп ойлаймын. Ол уақытта расында да 2003-2004 жылдары тәжірибесі жоқ құрылыс компаниялары нарыққа еніп кетті де, қазіргі уақытта бүкіл сол тәжірибесі жоқ компаниялар нарықтан шықты да, қазіргі уақытта ең мықты компаниялар қалды. Сондықтан мен өзім ойлаймын негізі жаңағыдай жағдай болмайды деп.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЖАЛПЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУШЫ ЖЕКЕ КОМПАНИЯЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ КЕРЕК ДЕП ОЙЛАСЫЗ БА?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Әрине, қажет. Өйткені ең біріншіден, әлгі құрылыс компанияларына кедергі жасамау керек біздің әкімшілік жағынан. Екіншіден, әрине, біз енді құрылысшылар ол мемлекеттік мәселені де шешіп жатыр. Өзіміздің азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз етіп жатыр. Сондықтан оларға да көмек керек.  Несие ретінде. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ӘЗІРГЕ БАСТАМАУ КЕРЕКТІГІН АЙТЫП ОТЫР. АЛ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН БАСТАЛЫП ҚОЙҒАНДАРЫН АЯҚТАУҒА ҚАУҚАРАМЫЗ ЖЕТЕ МЕ?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-Енді мысалы, өздеріңіз білесіздер, 200 миллард жыл сайын осы құрылысқа бөлінеді, соған қарағанда 300 мың азамат кезекте тұр тұрғын үйге. Сол 200 млрд-ты жыл сайын біз құрылысқа беріп отырсақ, 300 мың адамның кезегін 12 жылда жауып бере аламыз. Әрине, ең маңызды нәрсе сол 200 млрд-ты жыл сайын беріп отыру керек. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЖЕКЕ КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕНІ ӨРБІТІП ОТЫРМЫЗ. ЕНДІ СОҢҒЫ СҰРАҚ ХАЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛСЫН. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУДАҒЫ ҚАБІЛЕТІ ҚАНДАЙ, БАҒАҒА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ БОЛЖАМДАР БАР?

 

Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы, Мәжіліс депутаты

-2008 жылы пәтердің бағасы 800 доллар болатын, 2011 жылы 18 айдан кейін пәтердің бағасы кейбір үйлерді осы Астанада 2000 доллар шамасында көтерілді. Сонда 18 айда 250 пайызға дейін жаңағы пәтердің бағасы көбейді. Ол ешқандай бизнес, ешқандай банк ондай пайда бере алмайды. Сонда қазіргі уақытта біздің жаңағы халық біздің азаматтарымыз осы өзіміздің жылжымайтын мүлікке ақшасын салса, ол ертең өздерінің пайдаларын көреді. Өйткені мен жаңа айтып өттім ғой, мынау дәлелденген 50 жыл бойы бізде осы мәселе әлі өткір болып отыарды. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ТАЛҒАТ ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ, УАҚЫТ ТАУЫП, ҚЫСҚА ДА НҰСҚА СҰХБАТ БЕРГЕНІҢІЗГЕ РАХМЕТ. ЕҢ БАСТЫСЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР АЛДЫҚ ДЕГЕН ОЙДАМЫЗ.

ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!