Хабар телеарнасы

«Жетi күн». 14.02.2015

 

«Нұрлы жол». Бұл – дағдарысқа қарсы қолданылатын тиімді шара. Инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейтін бағдарламаның аясы әлі де кеңейеді.  Үкімет шұғыл шаралар қабылдау үшін 250 миллиард теңге көлемінде резерв жасақтайды. Ал жобаларды қаржыландыру осы айдан басталады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бюджет шығыстарын бірыңғайландыруды дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде атады. Басталған жобалар аяғына дейін жеткізіліп, жаңа бастамалар, ұсыныстар жағдай жақсарғанға дейін шегеріледі. Елбасы 2015 жылға арналған республикалық бюжетті 700 миллиард теңгеге оңтайландыруды  тапсырды. «Бұл ретте», – деді Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері еш өзгеріссіз қалады».

 

Бұдан бөлек, министрліктердің, ведомстволардың, холдингтер мен жергілікті атқарушы органдардың шығындарын оңтайландыру нәтижесінде 4  миллиард доллар үнемделеді. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қоры ағымдық шығыстарын  337 миллиард  теңгеге, «Бәйтерек» холдингі 3,8 миллиардқа,  ал «ҚазАгро» болса, 196 миллион теңгеге қысқартатын болады. Бюджетке өзгеріс енгізу – бұл мәжбүрліктен туған уақытша шара. Көпшілік мұндай мемлекеттік шешімнің мәнісін дұрыс түсінуі керек. Елбасы осыны айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысы жайында Бауыржан Бақытбекұлы әңгімелейді.

 

Дағдарысқа дес бермеудің шарты біреу – нақпа-нақ кестеге негізделген, нақты жоспардың болуы. Президенттің тапсырмасымен жыл басынан бері Үкімет мүшелері өңірлерде болды. Өндірістерді аралады. Проблемаларды тізіп алды. Енді міне, Елбасына есеп беруге келді. БАҚ өкілдерінің де түгелдей назары кеңейтілген отырыста. Себебі Үкіметтің бұл жиынында дағды бойынша ілгерілеудің бағыт-бағдары айқындалады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің қазіргі экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер сыртқы нарықтың әсерінен. Қазақстанның ішінде дағдарыс жоқ, экономикада. Біз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алдық. Біз әлеуметтік міндеттемелерді мұқият сақтай отырып, кейбір жоспарларымызға өзгерістер енгізетін боламыз.

 

Өзгеріс енгізілетін басты бағдарлама – «Нұрлы жол». Президент Үкіметке бір ай мерзім берді. Министрлер кабинетіне отандық өндірушілерді қорғау тетіктерін түзбек керек.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сегодня я даю поручение Правительству дополнить программу «Нұрлы жол» новыми антикризисными мерами. Это поддержка отечественного машиностроения, наших эспортеров, подведение инфраструктуры для малого и среднего бизнеса, увеличение государственной поддержке АПК, меры по защите внутреннего рынка и другие.

 

«Нұрлы жол» – Қазақстанның дағдарысқа қарсы стратегиясы. Оны орындау арқылы ел бойынша жаңа 400 мың жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Астана мен ел өңірлері сапалы жолдармен қосылады. Бұл мақсатқа биылдың өзінде 180 млрд теңге жұмсалады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-«Нұрлы жол» делается для того, чтобы создать новые рабочие места, ЭКСПО делается для создания рабочих мест, жилье – для создания рабочих мест, реконструкция ЖКХ – для создания рабочих мест. За всем этим стоит забота о простых людях, чтобы имели работу.

 

Бұл бір жағынан отандық өндірушілерге де едәуір демеу. Себебі кез келген жобаны орындауда әрбір нысанды салу барысында мейлінше өзімізде шығарылатын материалдар пайдаланылады. Президент пәрмен берді, Үкімет мұны жіті қадағалайды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Кризис мы говорим, да? А мы опять кризис используем для создания современной инфраструктуры и ввода многомиллиардных активов. В мире будут останавливаться заводы, освобождаться рабочие места, а мы глобально строим Казахстан в это время.

 

Инвестициялар және даму министрінің дерегі Президенттің бұл сөзін қуаттайды. Әсет Исекешевтің айтуынша, биыл республика аумағында 75 ірі өндіріс салынады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Олардың маңынан шағын кәсіпті дамытуға ден қою керек», – деді. Кәсіпорындарға шикізат таситын, өнімдерін өткізетін секілді. Бұл да жаңа жұмыс орындары.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для рабочего человека самое главное сохранить его рабочее место, я как бывший рабочий говорю. Можно для заработка его отправить на это время куда-то, но я обращаюсь ко всем руководителям компаний - если будете вынуждено снижать производство, и вынуждено сокращать людей, сохранить рабочее место, хотя он будет работать, может быть в другом. Это для человека и для его семьи принципиально важно.

 

Қазақстанда қазір өнімдерін азайтуға мәжбүр болып отырған кәсіпорындар бар. Мұнай мен газ бағасы құлдырады. Ресейдің рублі құнсызданды. Сөйтіп теріскейден арзан тауар ағылып, отандық өндірушілерге салмақ түсіп отыр, рас. Осыған байланысты екі ел президенттері мен үкіметтері арасында қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-И сейчас такое случилось и считать, что это вина ТС или ЕАЭС – это полное дилетантство. Варварские санкции никуда не приведут. Я уверен, что РФ с честью выйдет из этой ситуации, будет развиваться и процветать и мы вместе с ней.

 

Ал уақытша қиындықтармен күресуде кәсіпкерлерге әдеттегідей мемлекет қол ұшын созады. Жаңа жеңілдіктер ұсынуға әзір.

 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

-Өңірлердегі кездесулеріміздің барысында кәсіпкерлер бірқатар ұсыныс-тілектерін білдірді. Электр қуаты мен теміржол тасымалына арналған тарифтерді уақытша арзандатуды, сауда нысандарына жеңілдіктер жасауды сұрады. Үкімет тарапынан дереу шешім қабылданып, бірқатар ірі кәсіпорындар үшін қуат көздері мен тасымалдау тарифтері төмендетілді. Өзге кәсіпкерлердің де мәселесі назарда.   

 

Қаңтар айы бойы Үкімет мүшелері еліміздің барлық аймақтарында болып, жергілікті билік және кәсіпкерлердің қатысуымен 17 мың меморандум бекітті. Бұл келісімдер өңірлерлерде 1 млн адамды жұмыспен қамтуға негіз болмақ.

 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

-Жұмыссыздар мен өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар мәселесін шешуіміз қажет. Бұл санатқа жатқызылатын азаматтар саны 1 млн 200 мыңнан асады. Ақпан айының ортасына дейін біз жергілікті билікпен бірлесіп, кешенді іс-шаралар әзірлейтін боламыз.

 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі

-Кәсіпкерлердің ісін дөңгелетуге кедергі болып отырған 50 мәселенің тізімін жасадық. Өңдеу өнеркәсібін қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу барысында бұл проблемалардың әрқайсысын ескеретін боламыз. Біз қазір Индустрияландыру бағдарламасына инвесторлар тартуға күш салып жатырмыз. Қазірдің өзінде 100 шақты компания құны 40 млрд доллар болатын жобаларды жүзеге асыруға құлық танытты. Алпысы қазірдің өзінде Индустрияландыру картасына енді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сейчас для нас важно не допустить роста безработицы и снижения реальных доходов населения. Я уже поручал, чтобы во въезды в города стояли цифры новых рабочих мест. Это не шутки. Все что делаем, это рабочие места. Я лично хочу сказать, что члены правительства министры образованные, они компетентные, я доверяю всем членам правительства.

 

Елбасының тағы бір үлкен талабы бар. Үнемділікке көшу деген. «Биылғы респубикалық бюджет шығыстары 10 пайызға оңтайландырылуы тиіс», – деді Президент. «Тек мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері еш өзгеріссіз қалуы тиіс», – деп түйді. Президенттің тапсырмасы бойынша, биыл «Самұрық-Қазына» қоры 7 пайызға, «Бәйтерек» 11,8, ал «ҚазАгро» 12 пайызға жоспарланған шығынын азайтатын болады. Жалпы министрліктердің, ведомстволардың, холдингтер мен жергілікті атқарушы органдарың үнемдеуі 4 млрд долларды бүтіндейді деп күтілуде.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я знаю, что есть предложения на сокращение расходов на социальные нужды, но это хорошее пожелание, можно было бы поддержать, если бы это не касалось простых людей. Можно поискать, где например, без ущерба простому человеку можно пойти. Вот, например, наши расходы для поддержки банков 500 млрд тенге, зимняя универсиада 100 млрд тенге, метро вторая очередь 227 млрд теңге. Именно там, где большие расходы нужно искать нам деньги.

 

Мемлекет басшысы мерекелік даталарды атап өтуде де ысырыпшылдықтан аулақ болуға үндеді. «Басы артық ақшаларды әлеуметтік салаға саламыз», –деді. Тұрғын үй құрылысына қарқын қосуды тапсырды. Биыл 10 мың арендалық пәтер қолданысқа беріледі. Алғашқы 1357 баспана наурыз айында-ақ иелеріне үлестіріледі. «Балапан» бағдарламасын, 12 жылдық білім беру моделіне біртіндіп бет бұру керектігіне тоқталды. Ал ел азаматтарын қазіргі жағдайда қал-қадірінше отандық өндірушілерді қолдауға шақырды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Давайте запустим акцию «Сделано в Казахстане». Во всех торговых сетях чтобы появились секции казахстанских товаров. Акимам за этим проследить. Это сделано в Казахстане. Давайте обратимся ко всем казахстанцам в этой сложной ситуации быть патриотами и покупать наши казахстанские товары, косвенно это будет помощь нашей экономики со стороны наших граждан.

 

Ал дағдарысқа қарсы қабылданған барлық жобаларға осы айдан қалмай, қаржы құйыла бастауы керек. Атқарушы билікке бұл міндетті Нұрсұлтан Назарбаев мықтап тапсырды. Президент жанынан құрылған арнайы комиссия мен «Нұр Отан» партиясы қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң қадағалайды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Работа госслужащих не должна превращаться в бизнес, раздачу государственных денег, фирмам, своим знакомым и родственникам. Сегодня к большому моему сожалению должен говорит о том, что 3 акима областей находятся следствием, именно по этой причине. Надеюсь, что никто из вас не хочет пополнить их ряды? Огорчение в том, что столько лет готовишь человека на разных должностях, терпишь, выращиваешь. Поэтому когда руководители себя подводят, и приходится их привлекать мне лично больно. Ладно, меня подвели сто процентов, но себя подвели.

 

Жиын соңында Елбасы ұлттық валюта төңірегінде айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды. Теңге бағамының күрт өзгеруіне жол берілмейді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сегодня председатель Нацбанка мне докладывает, что принимаются все меры для того, чтобы эти вопросы решить, у меня нет оснований не доверять Национальному банку. Я еще раз объявляю казахстанскому народу – ничего мы скрывать не будем, будут трудности – вместе с народом будем переживать, и скажем, что надвигается. И никто другой не скажет вам, который не отвечает ни за что, болтает языком как помелом. Надо доверять официальным лицам, а не слухам, которые ходят вокруг нас.

 

Бауыржан Бақытбекұлы, тілші

-Енді Ұлттық банк дедолларизация саясатын жүргізеді. Ірі компаниялар мен барлық ведомствалар ақша айналымын мейлінше теңгемен ұқсатады. Халық та қаражатын төл ақшамызбен жаратса игі. Бұл ел экономикасына демеу болады. Ал Президенттің жоғары да айтылған сөздері – теңгенің тұрақтылығына кепіл.

 

Ұлттық валюта төңірегінде қауесет таратқандар қатаң жазаланады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕСТЕН СОҢ ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ БЮДЖЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ БОЙЫНША БОЛЖАМДАРЫМЕН БӨЛІСТІ. ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ  АЙТЫП БЕРДІ. 

 

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Мемлекет басшысы ішкі нарықты қорғау, отандық мазмұнды арттыру бойынша тапсырмалар берді. Біз Елбасыға әлемдік оқиғалардың өрбуімен байланысты бірнеше сценарий ұсындық. Оның негізінде мұнайдың жылдық орташа бағасы бір барелге 50 доллар деп қарастырылған. Осылайша 2015 жылы Қазақстан экономикасының дамуы шамамен 1,5 пайызды құрайды.

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

-Мемлекет басшысы үкіметтің алдында тапсырмалар, міндеттемелер қойды. Оның ішінде қатаң бюджеттік тәртіпті нығайту. Бұл жағынан, әрине, шығыс жағынан әр теңгені, әр тиіннің тиімділігін біз қамтамассыз ететін боламыз. Ол үшін барлық бақылау мемлекеттік органдар жұмыс істейтін болады.

 

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Мемлекет басшысы қазіргі мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясы жалғасып жатқанын атап өтті. Енді еліміздегі төртінші мұнай өңдеу зауыты жобасын әзірлеуге кірісуге тапсырма берді. Біздің биылға жоспарымыз мұнай өнімдерінің тапшылығына жол бермеу.

 

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

-40 млрд теңге қосымша қаржы бөлінетіні жайлы айтылды. Бұл 40 млрд-25млдр мал шаруашылығына бөлінетін болады. Бұл деген сөз мемлекеттік қолдаудың 50 пайызға өсетіні туралы айтуға болады. Бұл біздің ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қазіргі қолайсыз нарықтық жағдайда өздерінің тұрақтандыру шараларын жасауға көмектесетін болады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ КАРТАСЫ» ТИІМДІЛІГІН ДӘЛЕЛДЕГЕНІН АЙТТЫ.  ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН 260 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ. 120 МЫҢ ТҰРҒЫН ҚАЙТА ОҚЫТЫЛДЫ. БҰЛ  БАҒДАРЛАМА ЕНДІ ОДАН САЙЫН ЖАНДАНА ТҮСЕДІ. ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАРЫ ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.  БҮГІН БІЗДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚОНАҚТА. ТАМАРА БОСЫМБЕКҚЫЗЫ, «ЖЕТІ КҮН» СТУДИЯСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

 

-Халықты жұмыспен қамту үшін барлық шаралар қабылданатынын айттыңыз. Мұның нақты механизмдері қандай?

 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Кешегі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы азаматтарды жұмыспен қамтудың үш тетігін атап өтті. Мұның біріншісі – әрине, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымы жобаларына азаматтарды жұмысқа тарту. Бұл бойынша қазір білесіп жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір жобалар бойынша қандай жобалар атқарылады, олар бойынша қанша жұмыс орындары ашылады, осы мәселелерді біз наурыздың 15 жұлдызына шейін әкімдермен бірігіп анықтаймыз. Сол жұмыс орындардың біздің жергілікті жердегі Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтарды тартқалы отырмыз. Екінші тетігі, ол кеше ғана Үкіметтің мүшелері барлық облыстарға барып, ірі кәсіпорындармен жалпы кіші және орта бизнес өкілдерімен меморандумдарға қол қойды. Сол меморандумдарға сәйкес жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесі жөнінде жұмыс істеп жатырмыз, бұл жалпы үшжақты әріптестіктің міндеттемелері бар, сол бойынша алып барады. Үшінші тетік – өзіңіз айтып кеткен «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы да азаматтарды тарту. Міне осы екі механизм бойынша Үкімет жұмыс істейді.

 

-Аймақтарда жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен әкімдер арасында меморандумға қол қойылғанын білеміз. Қазіргі таңда бұл қаншалықты тиімді болмақ?

 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Егер өткен жылғы қорытындыларды айтатын болсақ, 2014 жылдың төртінші кварталан, статистика органдарының мәліметіне сәйкес, 5 пайыздың үстінде тұрмыз. Ал енді 2015-2019-жылдарға арналған болжамымызда, ол әр жыл сайын Ұлттық экономика министрлігі анықтайды. Ол жерде де біз жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздың көлемінде болады деп отырмыз. Әрине, бұл болжамның екі негізі бар. Бірінші негіз – экономикадағы кадрларға деген қажеттілік. Біз жақында ғана барлық облыстармен «Жұмыспен қамту картасын» бітірдік, бұл «Жұмыспен қамту картасы» жыл сайын жүргізіледі. Сол мәліметтерге сүйенетін болсақ, 1 млн 2015-2017 жылдары экономикамызға 1 млн-ға жуық кадрлар қажет болады. Әр жыл сайын 300 мыңдай деп көрсетіліп отыр. Жалпы бұл біздің тенденциямыз жыл сайын 200-300 мыңның көлемінде азаматтармен жұмыспен қамтылуы керек. Бірақ енді бұл сұраныс өскелі отыр. Біріншіден, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында, екіншіден, Индустриалды инновациялық бағдарламаның екінші этапы жүргізіліп жатыр. Және региондарды дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондықтан кадрларға деген қажеттілік артады. Ал енді сұранысқа келетін болсақ, өзіңізге белгілі қазіргі таңда нарыққа, еңбек нарығына 90 жылы туылған азаматтар кіріп жатыр, яғни олардың жасы 18-ге келіп жатыр. Ал ол жылдары демографияның жағдай онша жақсы болған жоқ, сондықтан да еңбек нарығына келетін азаматтардың үлкен қысымы болмайды. Мұндай сұранысқа кажеттіліктің сұраныспен арадағы арақатынас Қазақстанда жұмыссыздықтың күрт өсуіне алып келмейді. Ал керісінше нарыққа біздің ішкі резерветріміз, мына жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен азаматтарды тарту қажеттігін көрсетіп отыр.

 

-«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жалғаса береді. Бұл бағдарлама қазіргідей экономикалық қиын-қыстау кезеңде мақсат-міндеттерді орындауға қауқарлы ма? Қандай нәтиже күтуге болады?

 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Біз бұл практиканы 2009-2010 жылдары пайдаланғанбыз. Сол жылдары 8400-ге жуық меморандумдарға қол қойылып, ол 900 мыңға жуық жұмыс орындарының сақталып қалуы жөнінде міндеттемелер қабылдаған болатын. Енді сол меморандумдардың орындалуы бойынша жергілікті әкімшіліктердің бізде мәлімдемесі бар. Сол 8400 мекемеден 49-ы ғана жұмысшыларды қысқартқан және толық емес режимге өткен. Себебі неде? Сол жылдары есіңізде болатын болса, Елбасы Үкіметке Ұлттық фондтан қосымша қаражат бөлдіріп, экономикамызға көп көмек көрсетілген еді, әсіресе кіші және орта бизнеске, мына агроөнеркәсіптерге, банктерге және ірі кәсіпорындарға. Ал жергілікті жердегі атқарушы органдар болатын болса, сол мекемелерден шыққан азаматтарды, «Жұмыспен қамту» бағдарламасының арқасында жұмысқа тұрғызған болатын. Міне, әлеуметтік әріптестіктің үш жағында да міндеттемелерді орындау бізге сол жылдары бізге көп көмегін тигізді. Бізде бұндай 19 мыңға жуық меморандумға қол қойып отырмыз. Бұл бір миллионнан артық жұмыс орындары. Жалпы экономикалық белсенді халықтың 11 пайызына тура келіп отыр. Мен ойлаймын, егер біз тура сондай әрқайысысымыз, яғни әлеуметтік әріптестіктің әр жағы, Үкімет, жұмыс беруші және жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелерін орындайтын болса, біз сол 2009-2010 жылдардағы көрсеткіштерден төмен болмаймыз.

 

-«Жұмыспен қамту» бағдарламасы жалғаса береді. Дәл қазіргідей қиын-қыстау кезеңде бұл бағдарлама мақсат-міндеттерді орындауға қауқарлы ма? Қандай нәтижелер күтуге болады?

 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Жалпы «Жұмыспен қамту» бағдарламасын біз 2011 жылдан бастадық. Осы жылдардың ішінде 461 мыңнан астам жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды және аз қамтылған отбасындағы жұмыс жасындағы азаматтарды қамтыдық. Жаңа өзіңіз де айтып кеттіңіз, сол азаматтардың 165 мыңнан астамы жұмыспен қамтылды, 120 мыңнан артығы оқу оқыды, қалғандары басқа елді мекендерге көшіп жұмысқа орналасып жатыр. Бұл бағдарлама негізінен ауылда тұратын азаматтарға арналған. Сол кісілердің уақытысында оқып, микрокредит алып, өзінің жұмысын жалғастыруы мәселесінің барлығы осы бағдарламадағы механизмдеріміз бүкіл дүниежүзіндегі мемлекеттер қабылдады. Сонда енді бүгінгі таңның өзінде қазіргі таңда жақсы жағының көрсеткішін көрестіп отыр деп айтуға болады. Әрине, енді ол бағдарлама болғаннан кейін ол күнделікті алып барып жатқан кемшіліктер де бар, бірақ ол кемшіліктер негізінен атқару аясында. Халыққа жеткізілу мәселесі – уақытысында түсіндіру мәселелері. Бұл жағына біз көп көңіл бөлетін боламыз. Себебі Елбасының өзі кеше айтып кетті, әрбір ауданда, қалада, оларда қанша жұмыс орны ашылғаны жөнінде жаңағы информациялық тақталар болуы керек. Тура осындай мәселе барлық региондарда алып қаралатын болады.

 

-Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет, Тамар Босымбекқызы!

 

ЖҮРГІЗУШІ

-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ 10 ПАЙЫЗҒА ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАНМЕН, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРГЕ ЕШ ҚАТЫСЫ БОЛМАЙДЫ. ЕҢ БАСТЫСЫ ОСЫ ДЕП САНАЙДЫ САРАПШЫЛАР. ТИІСТІ ҚҰЖАТ ЕНДІГІ АПТАДА ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАРАУЫНА ЕНГІЗІЛЕДІ. ОСЫ ОРАЙДА МӘЖІЛІСТІҢ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ МЫРЗАҒА БІРЕР САУАЛ ҚОЮДЫ ЖӨН КӨРДІК.

 

-Омархан Нұртайұлы, кеш жарық! Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент сөзінің негізгі бағыты бюджеттің шығыстарын оңтайландыруға қатысты болды. Бұл әрекет қалай жүзеге асады?

 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

 -Қайырлы кеш! Дұрыс айтасыз, енді бұл мәселенің төңірегінде бірінші атқарылатын шаруа, бюджетке тиісті өзгерістер енгізіп, мына жергілікті әкімдіктермен 2015 жылға бөлінген қаражаттарды кейбір осал тұстарында шығыстарын кеміту мәселесімен атқарылатын болады.

 

-Бұл жерде қай бюджет туралы айтылып отыр? 2015-2017 жылдарға арналған бюджет пе?

 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Бұл – енді қазіргі әнгіме болып отырған тек 2015 жылғы бюджет мәселесі. Елбасы айтқандай, 700 млрд теңге қаражатымыз 2015 жылға бекітілген бюджеттің шығысынан шегеріледі. Ал басқа 2016-2017 жылдарға арналған бюджеттен шегеру мәселесі көтеріліп отырған жоқ.

 

-Елбасы басталған құрылыстарды бітіріп, енді салынатын тоқтату туралы айтты. Қандай жобалар қысқарып, қандай жобалар жалғасатыны нақты белгілі болды ма?

 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Ол енді Үкіметте белгілі деп білемін мен. Бірақ әлі Парламент қабырғасына нақтыланатын бюджеттің заң жобасы келіп түскен жоқ. Нақты біз қай салаларды шегеретініміз, қай салалардың нақты әлі қалатынын біле қойған жоқпыз. Біз осы алдағы аптада оны күтудеміз.

 

-Бұл үнемдеу режимі қанша уақытқа дейін жалғасуы мүмкін?

 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Менің экономикалық сараптама бойынша мұнайдың бағасы кішкене түзеліп келе жатқанын еске алатын болсақ, алдағы өз жоспарымен кетеді ғой деген ойдамын.

 

-Өзіңіз кезінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы болдыңыз. Жалпы осы Ұлттық қордан дағдарыстың алдын алу үшін бөлініп жатқан қаржыны шашау шығармай жұмсауды қадағалауымыз керектігін Елбасы айтты. Қандайда бір ұсынысыңыз бар ма?

 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Әрине, бұл өте маңызды сұрақ. Ұлттық қордан бөлініп отырған ұлан асыр қаражаттың тиынына дейін тімді пайдалану, төгіп-шашпай бағыт-бағдармен баруы өте зор дүние деп білемін. Осы салада Елбасы құрған комиссия да жұмыс  істейді. Одан тысқары «Нұр Отанға» Президент тапсырма берді. Ал мен айтар едім, бұл жерде кәсіби мемлекеттік органдардың жұмысы орасан зор болуы керек. Айта кетсем, Есеп комитеті, сол жаңағы өзіңіз айтқан, қаржы бақылау органдары, құқық қорғау органдары осы салада пәрменді жұмыс істеуі керек. Себебі ұрланып, жеп кеткеннен кейін анықтағаннан гөрі, оның жолын кесіп, соған бармайтындай мәселені, шараны атқаруымыз керек. Өйткені тоналып кеткен дүниеге ойбайлағаннан, бар дүниені сақтайтын жолды қарастыруымыз керек.

 

-Рахмет, Омархан Нұртайұлы!

 

ЖҮРГІЗУШІ

-АҚОРДАДА ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. ЕЛБАСЫ ӨТКІЗГЕН КЕҢЕСКЕ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ ҚАТЫСТЫ. ЖИЫНДА ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАРИЯЛАП КӨРСЕТУДІҢ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕ КЕҢІНЕН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ. КЕҢЕС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ.

 

Мемлекет басшысы Ақордада Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесу барысында Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, сондай-ақ заманауи әскери техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери-техникалық ықпалдастықты одан әрі дамыту, әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне назар аударды. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын реттеуге арналған Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті нақ осы «норманд төрттігінің» жоғары деңгейдегі кездесуі, әсіресе Владимир Путиннің келіссөздер кезіндегі белсенді ұстанымы  Минскіде келісімге жетуге септігін тигізгенін атап өтті. Владимир Путин сондай-ақ экономика саласындағы бірлескен жұмысты талқылау үшін Беларусь, Қазақстан және Ресей басшыларының Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға дайын екенін растады. Сонымен қатар, апта ішінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Александр Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскте  «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты.  Елбасы өзін хабардар еткені үшін алғыс білдіріп, келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады. Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты.

 

Сондай-ақ Германияның Федералдық канцлері де Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалып, «норманд форматындағы» келіссөздердің қорытындысы жөнінде пікір алысты. Ангела Меркель Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың  күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды және «норманд төрттігінің» кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруды өтінді. Айта кетейік, осы аптада Минскте ұйымдастырылған  норманд төрттігінің басқосу нәтижелі болды. Тараптар Украинаның оңтүстік-шығысындағы атысты тоқтатуға келісті. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Беларусь астанасында өткен келіссөздер қорытындыларына қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «тараптарды уағдаластықтарды толығымен орындауға шақырамыз. Қол жеткізілген өзара сенім деңгейі Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасында сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына алғышарттар мен қолайлы жағдай туғызуға септігін тигізеді деп сенеміз делінген.  

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ТҰРАҚТЫЛЫҚ, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ АУЫЗБІРШІЛІК. ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ САНАЛАТЫН БҰЛ ҮШ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ БОЛДЫ.

 

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен жиында ел ертеңі үшін маңызы зор тың бастама көтерілді. Келелі кеңесте биыл елімізде Президент сайлауын өткізу туралы бастама күн тәртібіне шығарылып, кеңес мүшелерімен бірауыздан мақұлданды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында екі мәселе қаралды. Алғашқысы – Ассамблея жылы. Кеңес мүшелері жылды мейлінше мазмұнды өткізу жайын талқыға салды. Басты екпін елдің тыныштығына, татулығына, келісіміне берілетіндігі сөз болды. Екінші мәселе – ел бірлігі. Дәл осы тақырыпты сарапқа салу барысында тың бастама көтерілді. Кеңес мүшелері биыл Президент сайлауын өткізуді күн тәртібіне шығарып, бастаманы бірауыздан мақұлдады. Мұндай ұсынысты көпшілік күтпегені рас. Алайда бұл – ел ертеңіне алаңдайтын әрбір азаматтың көкейінде жүрген ой. Депутаттардың өңірлерді аралауы барысында мыңдаған тұрғындар осы мазмұндағы тілектерін білдірген.

 

Розақұл Халмурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі

-БАҚ-нан жалпы әлемде болып жатқан жағдайлардан біліп көріп жүрміз. Осы болып жатқан әлемдік, экономикалық дағдарыс әлі өзінің шегіне жеткен жоқ. Ол дағдарыстың ең қиын сынақтары әлі алдымызда тұр. Мына аузы дуалы сарапшылардың айтуы бойынша, 2015 жылдың күзіне, 2016 жылға тура келуі мүмкін. Ал енді сондай қиын-қыстау уақытта біз елімізде сайлаушыларды Президент сайлауымен айналдырып, Елбасының уақытын сайлауға беріп отырмастан сайлауды биыл өткізу жөніндегі ұсыныс, бұл дұрыс ұсыныс деп ойлаймын. Себебі біздің бағдарымыз белгілі. Кешегі «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Елбасы алдымызда істейтін жұмыстардың бәрін ашып айтты. Енді соны іске асыратын уақыт келді.

 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осы жаңа менің әріптестерім жариялаған біздің ұсынысты биылғы әсіресе Елбасына біз осыны Ассамблея атынан ұсынғанымыз дұрыс.  Және Елбасы осыған да өте мұқияттылықпен қарайды деп сенемін. Біздің барлығымыздың еңбегіміз, басты мүддеміз, біздің мемлекетіміздің бірқалыптылығын, тыныштығын қамтамасыз ете отырып, халықтың тұрмысын әлсіретпей, әлеуметтік жағдайын төмендетпей, алдағы уақытта өз дәрежемізде бәсекеге лайықты мемлекет болып, дүниежүзілік қоғамдастықта өте жағымды, өте озық роль атқаруға біз міндеттіміз деп санаймын.   

 

Ассамблея мүшелерінің бұл бастаманы дәл қазір көтеруі де бекерден бекер емес. Халықаралық сарапшылар бүгінгі жаһандық дағдарыстың шарықтау шегі 2016 жылы болады деген болжам жасап отыр. Сайлау өткізу дегенді сол сын сәтке алдын ала қамдану деп түсінген жөн.

 

Надежда Нестерова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Сайлау өткізу біздің дағдарысқа қарсы әрекеттеріміздің бірі болады деп ойлаймын. Қазіргі әлемдегі тұрақсыз ахуал біздің дереу шешімдер қабылдауымызды талап етеді. Елбасы тәжірибеде көрсетіп жүргендей, біз тиімді шараларды қабылдауда заман ағымының алдында болуымыз керек.   

 

Валерий Вишниченко, ҚХА мүшесі

-Әлемдегі геосаяси ахуалдың қандай қиын жағдайда тұрғанын біз бәріміз көріп отырмыз. Қазақстан халықаралық қауымдастықтан бөлек емес. Сондықтан дүниежүзіндегі саяси, экономикалық үрдістердің біздің мемлекетке әсер етері сөзсіз. Яғни бұл сайлауды өткізу алда тұрған түрлі қиындықты еңсеру үшін сенімді басшыға мандат беру, соның айналасына топтасу деп білемін.

 

Александр Дедерер, Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы 

-ҚХА бірінші кезекте ел-халықтың мүддесін ескереді. Ел ішінің тұрақтылығын мақсат етеді. Сондықтан біздің әр шешіміміз жан-жақты ойластырылған әрі нақты болуы керек. Бастысы, халықтың тілегіне негізделуі тиіс. Әлем елдері секілді біздің ел де сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан бұл шешім сол сын-қатерлерге қарсы заманауи, лайықты жауап боларына сенімдімін.    

 

Тың ұсынысқа түрткі болған тағы бір себеп бар. 2016 жылға екі бірдей Президент және Парламент депутаттарының сайлауы қатар келіп тұр. Президент сайлауын биыл өткізу әуелі, сол электоралды кезеңдегі қарбаласты сейілтудің қарекеті. Мақсат – уақытты үнемдеу.

 

Оралбай Әбдікәрімов, қоғам қайраткері

-Әлемдегі жағдай Қазақстанға әсерін тигізіп жатыр. Халық билікке сену керек, халықтың бірлігі болу керек, халықтың ынтымағы болу керек. Соған байланысты Президенттің сайлауы беріліп отырған ұсыныс өте уақытында берілген ұсыныс деп ойлаймын. 

 

Людмила Хочиева, ҚХА кеңесінің мүшесі

-Осы айтылған сайлауды қабылдаймын. Елбасы – менің Президентім!  Елбасы – қазақстандықтардың Президенті, Елбасы тұрақтылықтың, ауызбіршіліктің іргетасы.

 

Зерттеу институттары жүргізген әлеуметтік сауал нәтижелері де халықтың дені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтынын көрсетіп отыр. Респонденттер елімізде жарияланған маңызды бағдарламалардың Мемлекет басшысының басшылығымен мүлтіксіз орындалатынына сенім білдірген.

 

Айгүл Сәдуақасова, ҚР Президенті жанындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі

-Ассамблеяның біріншіден, негізгі мақсатына қол жеткізді деп айтуға болады. Бірақ ол тұрақты жұмыс болу үшін әрдайым жалғасып келу керек. Қазақстан халқы ең басты сенімді Президентке артады осы жолда. Өз құқықтарын қорғау және болашаққа деген сенімділігін бірден Елбасымен байланыстырады. 

 

Гүлнар Аннакулиева, Түрікмен этномәдени орталығының төрайымы

-Сайлау өткізу Қазақстан Республикасының жаңаша дамуына жол ашады деп есептеймін. Қазір Орталық Азия кеңістігінде тұрақтылықтың маңыздылығы артып тұр. Бұл ретте Қазақстан қашанда көшбасшы болып келді. Мына елдегі сайлау тыныштық пен тұрақтылықтың одан әрі нығаюына негіз болады деп сенімді айта аламын.

 

Кеңес мүшелерінің тілегі жалғыз – сайлауды мейлінше ертерек өткізу. Себебі бүгінгі әлемдегі аумалы-төкпелі заманның өзі шұғыл шешімдер қабылдауға мәжбүрлеп отыр.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНАН СОҢ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ БАС ҚОСТЫ. ДЕПУТАТТАР АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНАН КЕЛГЕН, ЖАЛПЫ ЖҰРТШЫЛЫҚТАН ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАРДЫ ЕСКЕРЕ КЕЛЕ, ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАУҒА МҮДДЕЛІ БОЛҒАНДЫҚТАРЫН АЙТТЫ.

 

Надежда Нестерова, ҚХА Мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Кеңес қортындысы бойынша үндеу қабылданды. Бұл үндеу халық тарапынан түскен сансыз ұсыныстардың негізінде әзірленіп отыр. Бұл сайлау – жай сайлау емес, ең алдымен дағдарысқа қарсы жасалып жатқан әрекет. Бүгінгі әлемдік дағдарыс бізге тәуекелге баруға болмайтынын, тез арада қорғану шараларын қабылдау қажет екенін  ескертеді.

 

Депутаттар үндеудің мақсат-мүддесі жайында сөз қозғады. «Әлемдік дағдарыс белең алып, дүниежүзіндегі геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған тұста Президент сайлауын өткізу туралы бастама – уақыт талабы», – дейді халық қалаулылары. Айтуынша, жаһандық сын-қатерлерді сәтті еңсеру үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы халықтық сенім мандатын беру керек. Жаңа мандат әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халықты біріктіреді.

 

Егор Каппель, ҚХА Мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Біз өңірлерді аралау кезінде қарапайым халықпен жиі кездестік. Олардан көптеген хаттар мен ұсыныстар түсті. Қазақстан халқы мен мемлекетінің қауіпсіздігі, елдің ұлттық мүддесі таразы басында тұр. 2016 жылы дүниежүзілік дағдарыс шарықтау шегіне жеткенде, екі электоралды кампанияны Президент және Парламент сайлауын өткізуге мәжбүр болатынымызды мойындауымыз қажет. Ал сайлау циклы шамамен бір жылға созылады. Дағдарыс кезінде бұл бізге керек пе? Керек емес деп ойлаймын.

 

Розақұл Халмурадов, ҚХА Мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-«Қазақстан-2050» стратегиясына «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына халқымыздың жаңа сенім мандатын беру үшін бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі Президент сайлауының мерзімінен бұрын биыл өткізу туралы үндеу қабылдады.  Бұл сайлау жай ғана сайлау емес, бұл сайлауда елдің тағдыры, ұлттың болашағы шешіледі. Елбасына берілген жаңа мандат әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіре түседі және ізбасар туралы қанқу сөздерге тоқтау салады.

 

Зухра Саяпова, ҚХА Мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Біз сайлауды қолдаймыз. Сайлау Елбасы ұстанған саяси бағытын одан әрі қолдау үшін көпұлтты елдің бірлігі мен тұтастығын көрсету үшін керек. Ұлттық рухты көтеріп, ішкі ынтымақты нығайту – басты мақсат. Себебі біз бірлікпен ғана кез келген қиындықты еңсереміз.

 

Роман Ким, ҚХА Мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Алдағы бес жылда біз «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асырудың сенімді негізін қалауымыз керек. Бұл бағдарлама – біздің және балаларымыз бен немерелеріміздің болашағының бағдарламасы. Оны жүзеге асырсақ, халық табысты да жайлы жағдайда өмір сүретін болады. Қазір көп ойланып-толғанып отыруға уақыт жоқ, сондықтан мен президенттік сайлаудың өткізілуін қолдаймын. 

 

Мурат Ахмадиев, ҚХА Мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Қазір бүкіл әлем экономикалық қаржы дағдарысын бастан өткеріп жатыр. Бүгінге дейін жеткен жетістігімізді жоғалтып алмай, сақтап, одан ары дамуға бел буымыз керек. Біздің Елбасы бұрын өткен түрлі дағдарыстан халықты аман алып шықты. Сондықтан бұл сайлаудың маңызы зор.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңестің қорытындысы осы. Депутаттар өз ойын ортаға салып, халықты қолдауға шақырып отыр.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ҚХА ҰСЫНЫСЫНА ҚАТЫСТЫ БІЗДІҢ АРНАМЫЗҒА АРНАЙЫ СҰХБАТ БЕРДІ. СҰХБАТТАН АЗ-КЕМ ҮЗІНДІ.

 

Олжас Сүлейменов, мемлекет және қоғам қайраткері

-Я считаю это очень правильное и очень нужное сейчас решение, которое сохранит не только экономический, но и политический наш статус. Во-первых, мы не будем отвлекаться на парламентские выборы. Не будем совмещать парламентские и президентские выборы. В эти трудные моменты  на Лидера ложится особая ответственность. Поэтому важно поддержать Нурсултана Назарбаева сейчас. Несколько лет, вот этих очень трудных, Казахстану надо пережить. Сохраним страну, сохраним народ, разовьем. Я уверен, что народ поддержит такое предложение.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-СОНЫМЕН ЕЛБАСЫ СЕНІМДІ ТҮРДЕ МӘЛІМ ЕТТІ. ТЕҢГЕ БАҒАМЫ ӨЗГЕРЕДІ ДЕГЕН АЛЫП-ҚАШПА ҚАУЕСЕТКЕ ЕРІП, ДҮРЛІЛУГЕ НЕГІЗ ЖОҚ. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗДЫҢ КЕНЕТТЕН ҚҰНСЫЗДАНУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ. ТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДӘЛІЗІ ҚАРЖЫЛАЙ АХУАЛДЫ КҮРТ НАШАРЛАТЫП АЛМАУҒА, ТЕҢГЕНІ ӘЛСІРЕТПЕУГЕ СЕП БОЛАДЫ.

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қазіргі экономикалық мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Үкімет жағдайды барынша бақылауда ұстап отыр. Капиталдың сыртқы нарығында өзгерістер болған күннің өзінде бірқалыпты айырбас бағамын икемді бағытта түзету жүргізіледі. Былтыр жасалған валюталық өзгеріс теңгенің беріктігін қамтуға ықпалын тигізді. 2014 жылдың басында алтын-валюта резервтері 24 миллиард долларды құраса, биылғы қаңтар айында бұл көрсеткіш 29 миллиард долларға жуықтады.

 

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы 

-Біздің елде сенімді инвестициялық көзқарас бар деп есептейміз. Біріншіден, елдің алтын-валюта қоры көбейді. Біз мұнайды көптеп шығарамыз, алда да молынан өндіре береміз. Және бізде мемлекеттік қарыз көлемі өте төмен. Бұл Қазақстан сенімді салымшы дегенді білдіреді. Жалпы банктердің экономиканы несиелендіру көлемі 7,2 пайызға көтерілді. Өткен жылы теңгемен несиелендіру көлемі артты. 8,5 трлн теңге ұлттық валютамен, ал 3,5 трлн теңге несие шетел ақшасымен рәсімделген.

 

Келімбетов соңғы кездері банктердің несиені теңгемен емес, доллармен беруінің мәнісін де түсіндірді. Екінші дәрежелі банктер негізсіз болжамға сүйеніп, сақтық шараларына алдын ала кірісіп кеткен. Енді олар несиені ұлттық валютамен бере бастайды. Салымшылардың да алаңдауына еш негіз жоқ. Теңге депозиттері 10 пайызға дейін, ал доллар түріндегі депозиттер 3 пайыздан аспайтын мөлшерде табыс табуға мүмкіндік береді. 

 

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы 

-Долларсыздандыру жоспарына тоқталатын болсақ, әлемде бұл мәселеге қатысты қалыптасқан нақты үлгі жоқ. Ең бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының жылжымайтын мүлік, көлік сатып алу барысындағы төлемдері тек теңгемен жүргізілу керек. Және ірі саудалардың қолма-қол ақшамен жүргізілмеуі қадағаланады. Долларсыздандыру деген долларды түгелімен жойып жіберу, не айналымнан алып тастау деген сөз емес. Басты мақсат – ұлттық валюта теңгеміздің дəрежесін көтеру.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҮКІМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ БАНК ЭКОНОМИКАНЫ ДОЛЛАРСЫЗДАНДЫРУДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН КЕЛЕСІ АПТАДА БЕКІТУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР. ӘЗІРГЕ ОТАНДЫҚ ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ АХУАЛ ҚАНДАЙ? ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ? ТАҚЫРЫПТЫ БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ ТАЛДАЙДЫ.

 

-Бүгінгі күнде экономикаға алаңдайтын ешқандай негіз жоқ.

- Қазіргі жағдайымыз жақсы деп санаймыз.

-Бір моментте жасайтын девальвация ол экономиканы дағдарысқа әкеледі.

-Долларсыздандыруға қатысты қадамда.

-Экономикаға қажет.

 

Мұнай өндіруші елдердегі даму көрсеткіші қара алтын нарығына тікелей байланысты. Бір баррелі 100-ден 50 долларға дейін төмендегені белгілі.  Тәуелсіз сарапшының пікірінше біздегі жағдайды тым күрделі деуге келмейді.

 

Олжас Құдайбергенов, экономист-сарапшы

-Сауд Арабиясы, Қазақстан, Бразилияның жағдайы сәл жақсылау. Ал Россия, Нигерия, Венесуэла өте қатты дағдарыста. Біздің қаржы системамыз басқа мемлекеттермен салыстырғанда дұрыстау. Екіншіден, біздің экспортымыз өте жоғарылаған. Қазір ол төмендегенмен де, біз импортты жаба аламыз. 

 

Ресей ақшасының әлсіреуі, қазақстандық ішкі нарықтағы тауарлар саудасының төмендеуі отандық кәсіпкерлер үшін үлкен шығын. Сондықтан рубль бағамының ықпалын азайту мақсатында келіссөздер басталды. Кәсіпорындарды тапсырыстармен қамтуда 121 меморандумға қол қойылды. Енді өңдеу секторындағы бизнес жобаларды қаржыландыру, көлемі ұлғайтылады. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың «Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңге өңдеуші секторды несиелендіруге жұмсала бастады. Банктерде 43 миллиард теңгені құрайтын 204 жоба мақұлданды» деп айтқаны бар.  

 

Айта кету керек, қаржылай секторды ішкі ауыртпалықтардан арылту шаралары өз нәтижесін бере бастады. «Тиімсіз» несиелер 10 пайызға азайтылды. 2004-2007 жылдары екінші деңгейлі банктердегі «қара тізімдегі» жұмыс істемей тұрған берешек ақшалар 33 пайызға жеткен. Бүгінде оның көлемі біршама төмендеді. 23,5 пайыз. Бұл тұрғыда банктерге талап күшейтілді. Олардың қоржынындағы «нашар» несие 15 пайыздан аспауы тиіс. Қаржылай сектордағы тұрақтылықты қамту үшін теңгенің әлеуетін нықтай түспек керек. Экономиканы «долларсыздандырудағы» негізгі мақсат осы. Елбасы ұлттық компаниялар мен холдингтерге есептесуді өз ақшамызбен жүргізуді ұсынды. Биліктің бұл ойын сарапшылар құп көреді.

 

Олжас Құдайбергенов, экономист-сарапшы

-Дедолларзация болған кезде айналымдағы ақша массасы өзгермейді. Долларсыздану шараларының барлығы толық енгізілсе, сонда валютаға артық сұраныс болмайды. Сол уақытта мұнайдың бағасы 40 долларға түссе де, одан түскен ақшамыз импортқа жеткілікті болады.       

 

Доллардың көбі астаналықтарда. Шетел ақшасын сатуда елорда көш ілгері. Былтырғы қараша айымен салыстырғанда, желтоқсандағы сатылым 2,7 есеге өсіпті.

 

Ілияс Исаев, қаржыгер-сарапшы

-Міндетті түрде валюталық бақылауды күшейту. Сыртқа кетіп жатқан капиталға шек қою. Комиссиялық банктердің сыртқы активтеріне шек қою. 3-ден, Коммерциялық банктерде айталық доллармен ашатын депозиттердің мөлшеріне шек қою деген сияқты Ұлттық Банк тарапынан нақты валюталық шектеулер белгіленіп жатыр.   

 

Қазақстанда төлемнің 93 пайызы қолма-қол ақшамен жасалады. Демек, салық ұсталмайды. Және оның көбі доллармен жүргізіледі. Көп ұзамай жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сынды ірі сатып алулар кезінде қолма-қол есеп айырысуға тыйым салынбақ. Есеп-шоттар арқылы жасалуы қадағаланады. Экономиканы долларсыздандырудағы ендігі мақсаттың бірі – көлеңкелі бизнеске тосқауыл қою.

 

Құттықожа Ыдырысов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Бүкіләлемдік банкінің есебі бойынша Қазақстанда 19,2 пайыз көлеңкелі экономикада жүр. Жалпы ішкі өнімнің. Бұл көп ақша. 5,7 трлн санға шаққан кезде. Міне соны қалайда заңдастыру керек.   

 

Бұл тұрғыда былтыр күзден бері мүлікті жария ету шарасы жалғасуда. Қазірге дейін 20 мың астам өтініш келіп түскен. Соның ішінде 12 мыңға жуық  нысан бойынша оң шешім қабылданып, 69 миллиард 600 миллион теңгенің мүлкі жария етілген. Ақшаны заңдастыруда 2-ші деңгейлі банктерде 58 жинақтаушы шот ашылған. Бюджетке 419 миллион 500 мың теңге төленген. Ел экономикасына қазірге дейін түскен инвестиция 3 миллиард теңгеге жуықтады. Ал шетелдегі қазақстандық капиталдың заңдастырылуы бойынша:

   

Жамбыл Сұрағанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі

-9 ақпандағы жағдайы бойынша 3 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 2 өтініш қаралып, қанағаттандырылып, 108 млн теңгеге мүлік жарияланды. Бұл тұрғын үйлер. Бір үй Дубайда, екіншісі Омбы қаласында. Үшінші арыз әлі қаралуда. 

 

Ілияс Исаев, қаржыгер-сарапшы

-Бұл әрине өте аз. Бизнес әлемінде екі түрлі ұғым бар. Календарлық жыл және қаржы жылы деген. Бизнес әлеміндегі қаржы жылы 31 наурыздан басталып, 1-ші сәуірде аяқталады. Соған қарағанда осы қаржы жылы аяқталғаннан кейін барып қозғалыстар болуы мүмкін. Неге? Себебі осы қаржы жылы аяқталғаннан кейін әлгі бенефициарлар өзінің қанша қаржы тапқанын, өзінің дивиденттер тапқанын, арендалық төлемдер төленгенін, және шоттарында қанша ақша бар екені жайында ақпарат алады. Коммерциялық банктер оларға міндетті түрде мәлімет беріп отырады. 

 

Ақшаның жылыстауы, шетелге кетуі немесе коррупциялық ақшаларға бақылау орнату арнайы заң шеңберінде күшейтілді. Былтыр желтоқсанда Қазақстан Страсбург конвенциясын заңдастырды. Оның құрамына 66 мемлекет пен 16 офшорлық ұйым кірген.

 

Жамбыл Сұрағанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі

-Осы конвенцияға қосылған мемлекеттер бір-біріне салық істері бойынша көмек көрсетеді. Мысалы, ақпарат айналымы оңайлатылады. 2-ден бірлесіп тексеріс өткізуге мүмкіндік бар. Сосын салық борышын өндіріп алуға мүмкіндік бар. Бұл конвенция Қазақстан үшін 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ЕЛ АУМАҒЫНАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ ЕСЕП ШОТ АШҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТОЛТЫРУДЫ МІНДЕТТЕЙТІН ТАЛАП ЕНГІЗІЛГЕН. БІРАҚ ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ БОЛУҒА АСЫҒАТЫНДАР АЗ. ЕНДІ БИЛІК ҚАЛТАЛЫЛАРДЫҢ ЕЛДЕН ЖАСЫРҒАН ШОТТАРЫНА ТЫҚЫР ТАЯНҒАНЫН ЕСКЕРТІП ОТЫР. ЖАЛПЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАТЫН МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУДАН ЭКОНОМИКАМЫЗҒА 12 МИЛЛИРАД ДОЛЛАР ҚАРЖЫ ТҮСЕДІ ДЕГЕН БОЛЖАМ БАР.  ОТАНДЫҚ ӨНІМ ОЛҚЫ ЕМЕС. СӨЗІМЕН ДӘЛЕЛ БОЛСЫН.

 

КҮНІ КЕШЕ ҒАНА МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН «ПРОДЭКСПО-2015» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІЛГЕН ҰН «ЕҢ ҮЗДІК» ДЕП ТАНЫЛДЫ. «ЦЕСНА-АСТЫҚ» КОНЦЕРНІ БІЗДІҢ ҰННЫҢ ҮНЕМІ КӨШБАСШЫ БОЛУЫНЫҢ БАР СЫРЫ – БИДАЙДЫҢ САПАСЫ МЕН ОНЫҢ ДҰРЫС ӨҢДЕЛУІНДЕ», – ДЕЙДІ. БҰЛ ПІКІРДІҢ ШЫНДЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗБЕККЕ «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ МАҚПАЛ МАДИЯРОВА АСТАНАДАҒЫ МАКАРОН ФАБРИКАСЫНАН РЕПОРТАЖ ӘЗІРЛЕДІ.

 

Мақпал Мадиярова, тілші

-Отандық өнімдерді көрмекке, бағасын білу үшін дүкенге бас сұқтық. Мәселен, мына сөреде макарон өнімдері толып тұр. Көршілес елдерді де, қазақстандық өнімдердің де түр-түрі бар. Тіпті италияның да макароны тұр. Бағасы 460 теңге.Алып көрейінші, мұның не кереметі бар екен?!

 

Міне,  Сұлтан макароны. Петропавлскте жасалған. 95 теңгенің де өнімдері бар екен. Ал мынау Астанада жасалған цесна макароны. Отандық өнім мен шетелдік өнімнің қандай айырмашылығы қандай ерекшелігі бар лабораторияға апарып көрмекпін. Сонымен үш түрлі елдің өнімін зертханаға қалдырдық.  Олар зерттеуді  бастады. Бұл жерге бір тәуліктен соң ораламыз.

Ал біз отандық макарон өнімдері қалай даярланады? Соны көрмекке макарон фабрикасына бет алдық.

 

Мақпал Мадиярова, тілші

-Біз еліміздегі бидай өңдейтін ең ірі – «Цесна Астық» консернінің макарон зауытына келдік. Қазір макарон жасау процесіне бастан аяқ куә боламыз. Міне, мынау – макарон цехы. Мұнда барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда ешкім қамыр илеп жатпайды. Қамыр анау 45 тонналық бункерде өзіне қажетті ұн, су, тұз тағы да басқа нәрселерін алып иленеді. Цехта 4 ауысыммен 21 адам жұмыс істейді. Әр аусымда 21 адам. Барлық құрал жабдықтар мына тетіктермен басқарылады. Ешкім ұн-ұн боп жүрген жоқ. Келесі процесс қамыр тығыздалады, макаронның әртүрлі пішіндеріне кесіледі, осы құрылғының ішінде содан кейін құрғатуға жіберіледі.

 

Нұрлыбек Серікбол, инженер-технолог

-Мұндағы макаронды кептіру 3-4 сағат жүреді. Температура 85-95 градусқа дейін. Оны біз мұннан да байқауға болады. Ал бұндағы негізгі ылғалдылық 65-75 пайызға жетеді.

 

Мақпал Мадиярова, тілші

-Міне, 80 градус ыстықтан шыққан макарондар мына бункерде суытылды. Енді ары қарай бұны қорапқа салады. Сапасы ешбір шетелдік өнімнен кем емес макарон дайын. Қуырсаңыз да, қайнатсаңыз да езілмейді. Ең бастысы, Қазақстанда жасалған.

 

Айта кетейік, «Цеснамак» фабрикасы тәулігіне 165 тонна макарон өндіреді... Қажет шикізаттың бәрі – өз еліміздікі. Халықаралық сапа стандартына барлық көрсеткіш бойынша сәйкеседі. Сондай-ақ мұндағы өнімдер «Халал» сертификатын алған.

 

Мақпал Мадиярова, тілші

-Мынау – макарон қоймасы. Сыйымдылығы – 1000 тонна. Дәл қазір бұл жерде 800 тонна дайын өнім тұр. Рошки, ракушки, спираль дей ме, макаронның неше түрі дәл осы қоймадан Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ Ауғанстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес елдерге жөнелтіледі.

 

Фабриканың тіршілігімен танысқан соң, кеше қалдырған үш түрлі өнімнің зерттеу қорытындысын білмекке, зертхана қайта бардық.

 

Гүлзабира  Жұманазарова, зертханашы

-Макарондардың органептикалық көрсеткіші бойынша ылғалдылығы, пісіру кезінедегі езілмейтін көрсеткіштері пішімі бұзылмайды, пісірген кездегі отандық өнімдер шетелдік өнімдерден ешқандай көрсеткіштер бойынша кем түспейді.

 

Мақпал Мадиярова, тілші

-Бұдан шығатын түйін, 400 теңгеге шетелдің өнімін алғанша, одан үш есе арзан Қазақстанның өнімін алғаныңыз қалтаңызға тиімді. Арзан әрі сапалы!

 

ЖҮРГІЗУШІ

 

-ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!