ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Жетi күн» 28.02.2015

«Жетi күн» 28.02.2015

- «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕН, НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН АПТАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ. АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІН НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ. ЖИЫНДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӘЛЕМДЕ ДІНИ-ЭКСТРЕМИСТІК, ТЕРРОРИСТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІҢ САҚТАЛЫП ОТЫРҒАНЫН АЙТЫП, ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ҚОЛДА БАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТТІГІНЕ ТОҚТАЛДЫ. 

 

Атап айтқанда, құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктер жетілдірілуі тиіс. Арнаулы бөлімдердің әлеуеті күшейтілуі керек. Бастысы, экстремистік идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында азаматтарға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Президент әлеуметтік және еңбек қақтығыстарының алдын алуға да айрықша назар аударды. Үкімет пен жергілікті билік ел ішіндегі және сауда серіктестеріміздің нарығындағы жағдайды жіті бақылауда ұстауы, қажет болса, тиісті шаралар қабылдауы керектігін айтты. Сондай-ақ Елбасы Қазақстан Украинадағы ахуалды реттеу ісіне барынша күш жұмылдыруды жалғастыратынына тоқталды. Бұл мақсатқа жету үшін барлық дипломатиялық ресурстар пайдаланылатын болады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Қазақстанның экономикасына ықпалын тигізетін мәселелер дүниеде де, біздің төңірегімізде де бар. Ресей мен батыстың арасындағы келіспеушілік, экстремистік, террористік мәселердің де кері әсерлері байқалады. Сондықтан біз осы мәселелердің барлығын талқылап, сіздердің пікірлеріңізді біліп, тиісінше шешім қабылдауымыз керек. Екінші мәселе, Қорғаныс министрлігінің әлеуетін күшейту үшін не істеуіміз керек, әскерімізді, қорғанысымызды, қару жарақ жағынан да, жаттығу жағынан да. Ол мәселені де қарайтын боламыз.

 

- ОСЫ АПТАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН «СЫРБАР» СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ҒАБИТ ЖАҚЫПБАЙҰЛЫ БАЙЖАНОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. БҰҒАН ДЕЙІН ОЛ ДИРЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРЫП КЕЛГЕН. «СЫРБАР» СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ 2009 ЖЫЛЫҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛҒАН. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ТІКЕЛЕЙ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНЕ БАҒЫНАДЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЕСЕП БЕРЕДІ. 

- АПТА ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ФРАНСУА ОЛЛАНДПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ БАСШЫЛАРЫ УКРАИНАНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ АХУАЛҒА ҚАТЫСТЫ 12-ШІ АҚПАНДАҒЫ МИНСК КЕЛІСІМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕШЕНДІ ШАРАЛАРДЫ АТҚАРУ АЯСЫНДА ПІКІР АЛЫСТЫ. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы санкцияларды біртіндеп алу үшін қажетті шарттарға көңіл аударды. Франция президенті оқ ату толық тоқтатылып, ауыр техника әкетіліп, Мариуполь төңірегіндегі қақтығыс басылған жағдайда санкцияларды азайту мәселесі талқылануы мүмкіндігін айтты. Екі ел көшбасшылары Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Францияға биыл сапармен келуге шақырғаны үшін Франсуа Олландқа алғыс айтты. 

 

- ЕЛБАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. ЕКІ ЕЛ БАСШЫЛАРЫ УКРАИНАДАҒЫ ҚАЗІРГІ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАП, ЖАЛПЫ АЛҒАНДА ҚАҚТЫҒЫС АУМАҒЫНДА ОҚ АТУДЫ ТОҚТАТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНІН АТАП ӨТТІ. 

 

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері де қарастырылды. Владимир Путин Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты. 

 

- НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАЙЫНДА БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКОМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. 

 

Қос елдің басшылары талқылауды Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы кездесуі барысында жалғастыруға уағдаласты.

 

- СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ЕЛ АУМАҒЫНДА 700-ДЕН АСТАМ ІРІ ӨНДІРІС АШЫЛДЫ. БИЫЛ БҰЛ ТІЗІМ ТАҒЫ 75 КӘСІПОРЫНМЕН ТОЛЫҒАДЫ. БҰЛ ҚУАНТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ. БІРАҚ ТАЯҚТЫҢ ТАҒЫ БІР ҰШЫ БАР. ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ АЙҚЫН СЕЗІЛУДЕ. ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТІЛІН БІЛЕТІН ИНЖЕНЕР МАМАНДАР ЖЕТКІЛІКСІЗ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ЖЕКСЕНБЕК ӘДІЛОВТІ ҚАБЫЛДАУЫ БАРЫСЫНДА ЕЛБАСЫ ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРДЫ. 

 

Оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдыру міндетіне тоқталды. Ал Жексенбек Әділов Президентті техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салаларындағы инновациялық жобалар туралы хабардар етті. Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру жұмыстарының барысы жайлы баяндады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Университеттің алдына үлкен мақсаттар қойып жатырмыз ғылыми-зерттеу техникалық университетке айналдыру үшін. Индустриялық бағдарламаны орындау үшін бізге кадрлар жетпейді. Инженерлер керек. Техникалық жоғарғы оқу орындарының алдына қоятын мақсат өте көп. Жалпы жоғарғы оқу орындарын кейінгі кезде қатты көңіл бөліп, өзгертіп жатырмыз ғой. Мәнін, мағынасын көтеріп, қаржыландыруын көтеріп, ғылыми зерттеу институттардың барлығын университеттерге беріп жатырмыз. Студенттер оқу барысында ғылыммен шұғылданып, қабілеті барлар кейін ғылымға кететін болсын.

 

Жексенбек Әділов, Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТУ Ректоры

- Кездесуде ең біріншіден, жаңа бағдарлама қарастырылды. Мына техника, технология қалай дамуы керек екендігі жайлы, білім беру сапасын көтеру мәселесін талқыладық. Инновациялық техниканы қолданысқа енгізгенде, оған студенттер дайын болуы керек. Екіншіден, қандай жаңа ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр, қандай жұмыстар жүргізілуі керек, сол бойынша пікір алмастық. 

 

- «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АЛЕКСАНДР ПАВЛОВПЕН КЕЗДЕСУІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАНК ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРДЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖАҚЫНДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАСТАЛАТЫНЫН, ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРАЖАТ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АРҚЫЛЫ БАҒЫТТАЛАТЫНЫН АЙТЫП, «БҰЛ ОЛАРҒА ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ», – ДЕДІ.

 

Ал «Нұрлы жол» шағын және орта бизнесті ширатып, қаржы жүйесін сауықтыруда маңызды роль атқаруы тиіс. Александр Павлов Қазақстан банктерінің бүгінде әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық салдарын сезініп отырғанына тоқталып, мемлекет қолға алған шаралар банк саласының орнықтылығына оң әсерін тигізеді деген пікір білдірді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Программа «Нурлы жол начинает работать». Огромные деньги выделены для этого. И запуск сейчас с марта месяца, через банки второго уровня, через «Байтерек» и финансирование программ, которые мы наметили финансирование МСБ и оздоровление банковской системы.  

 

- БИЫЛ СӘУІРДІҢ 26-СЫ КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТИІСТІ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ. ӘУЕЛІ ЕЛБАСЫ СЕНАТ ПЕН МӘЖІЛІС БАСШЫЛАРЫМЕН, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРМЕН ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ӨТКІЗДІ. СОДАН СОҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ. САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ «ИӘ» МЕН «ЖОҚТЫ» МҰҚИЯТ ОЙ ТАРАЗЫСЫНА САЛДЫМ, СӨЙТІП: «КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗГЕН ЖӨН» ДЕГЕН ПАЙЫМҒА КЕЛДІМ», – ДЕДІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА ӨЗІНІҢ ҚАТЫСАТЫНЫНА ОРАЙ ШЕШІМДІ КЕЙІНІРЕК, ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС ҚАБЫЛДАЙТЫНЫН АЙТТЫ. «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ РЕТ-РЕТІМЕН БАЯНДАЙДЫ. 

 

Елбасының Президент сайлауын тағайындауға айрықша құқығы бар. Бұған мемлекетіміздің Ата заңы кепіл. Конституциялық кеңес апта басында конституцияның 41 бабының 3-те 1-ші тармағын негізге ала отырып, осы мазмұндағы нормативтік қаулы қабылдады. Онда сайлауға байланысты Елбасының шешім қабылдауына Ата заң қандай да болмасын шектеулер мен талаптар қарастырмайды делінген. Естеріңізге салайық, конституциясының жоғарыдағы нормасына ресми түсіндірме беруді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өтінген болатын.

 

Игорь Рогов, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы 

- Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Конституцияның 41-бабының 3-тармағында қарастырылған Президент сайлауы мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген ереже ескерілуі керек. 

 

Бұдан кейін Елбасы Ақордада Парламенттің қос палатасының басшыларымен кеңесті. Қазақстан халқы Ассаблеясы кеңесінің бастамасы жөнінде пікір алмасты. Сенат және Мәжіліс төрағалары: «Бірауыздан бұл ұсынысты қолдаймыз», – деді. Себебі сайлауды биыл өткізу – әуелі ел  тұрғындарының тілегі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Барлық болып жатқан саяси әңгімелер сіздерге белгілі. Халық деген топ-тобымен, өндірістегілер, интеллигенция, зейнеткерлер, жастар, барлығы осы мәселені кезектен тыс сайлау өткізуді көтеріп жатыр. Оны Парламенттің екі палатасында да қарадыңыздар. Мәжіліс те, Сенат та қолдап маған хат жазды. Сенаттың сұрауымен Конституциялық кеңес кеше отырысын өткізді, қорытындысын шығарып маған жіберді. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

- Расында да, Конституциялық кеңес тиісті шешім қабылдады. Егер біз Президент сайлауын өткізсек, Конституциямызға ешқандай бұзу жоқ. Бұзушылық туғызбайды, керісінше, Конституциямызға толық сай келеді деген іс-әрекет болады. Қазақстанның сырттағы жағдайы белгілі. Өте күрделі. Аумалы-төкпелі деп айтуға болады. Сондықтан меніңше, Сенат төрағасы ретінде Президенттік сайлау өткізсек дұрыс болады. Сондықтан толығымен қолдаймын.

 

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

- Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстанның ҚХА кеңесінің ұсынысын Парламент те, соның ішінде Мәжіліс бір ауыздан қолдап өздерінің үндеуін шығарып, қолдауды сізге жіберді. Ол деген бүкіл Парламенттің шешімі. Олардың бірінші сұрағаны осы биыл сайлау өткізу керек. Бұл жалғыз Парламенттің емес, жан-жақты халықтың пікірі. Халық жазып сұрап жатыр. Бірінші керегі – тыныштық. Сол жайында қолдап, сізге үндеуін жеткізіп отыр. Біздер түгелдей қолдаймыз.

 

Президент Премьер-Министрмен де консультация өткізді. Кәрім Мәсімов сайлау науқанын өткізу бастамасына халық ерекше ықылас танытқанын айтты. «Және Үкімет мүшелері ел азаматтарының бұл тілегіне қосылады», –деді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- В связи с обращение народа очень активным и очень мощным обращением по проведению внеочередных выборов,  должен принять решение. Какое мнение правительства по этой части?

 

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі

- Үкімет сайлау өткізу үшін заңдық тұрғыдан кедергі көріп тұрған жоқ. Сіздің «Нұрлы жол» Жолдауыңыз дер кезінде жарияланып, ел ішінде де, сырт мемлекеттер тарапынан да  жоғары бағаланды. Ал «Қазақстан-2050» стратегиясында Сіз ұзақмерзімді іс-қимыл жоспарын ұсындыңыз. Сондықтан сайлауды биыл өткізу бастамасы дер кезінде көтерілді деп санаймыз. Ол аталған шараларды уақытылы жүзеге асыру үшін маңызды.

 

Ал Конституциялық Кеңес төрағасымен кездесуінде Президент сайлауды биыл өткізудің Ата заң талаптарына сай болуы жайын сөз қылды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-После принятие решении выборы проводятся по конституций через два месяца?

 

Игорь Рогов, Конституциялық кеңесінің төрағасы

- Кезектен тыс сайлау мерзімді сайлаудан мерзімімен ғана ерекшеленеді. Ал қалған барлық талаптар сол күйі сақталады.

 

Үкімет басшысы, Парламенттің қос палатасы және Конституциялық кеңес төрағаларымен кеңескеннен кейін Елбасы халыққа үндеу жариялады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Парламент депутаттары мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары өз пікірлерін айтты. Маған күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар келуде. Барша жұрт кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде. 

 

Қазіргі жаһандық турбуленттік жағдайларда ел тыныштығын, қоғамдағы бірлікті бекемдеудің маңызы ерекше. Екіншіден, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық қажет. Ертеңгі күнге деген сенім керек. Үшіншіден, қазіргі әлемдегі геосаяси жағдай дереу Ұлттық қауіпсіздікті күшейтуді талап етеді. Халықтың сайлауды биыл өткізу тілегіне, әуелі осы үш факті негіз болып отыр. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Қымбатты, қазақстандықтар! Қайта қаһарына мінген әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан да құнды. Мемлекеттік тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, елді дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық.

 

Егемендіктің 23 жылы Қазақстан үшін ғасырға бергісіз жылдар болды. Атқарылған шаруа ауқымды. Жаңа межелер де биіктен қойылды. 2050 жылға дейін озық отыз елдің қатарына қосылуымыз керек. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мақсатқа жетудің басты талабын атады. Ол халықтың бірлігі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Солтүстік Қазақстан облысының жасы тоқсаннан асқан тұрғыны Байқуаныш Сәрсембин ақсақал былай деп жазыпты. «Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардың бәрі менің көз алдымда өтті. Бірде құлдырап, бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ дәл қазіргідей Алтын ғасыр халқымыздың басында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орнатып, барша адамзат тағдырын шешуге араласып отырған қазақ баласы ешқашан болмаған», – дейді Байқуаныш қария. Мен айтар едім, мен жеткен абырой, мәртебе – барша Қазақстанның мерейі. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағытталған кез келген ұсыныс мен үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайын мен осы тұрғыдан сараладым. 

 

Елбасының конституциялық өкілеттілігінің мерзімі келер жылы аяқталады. Яғни Президент және Парламент сайлауларын өткізу уақыты қатарынан 2016 жылға дөп келіп тұр. Ал Ата заң бұған жол бермейді. Осыған байланысты қоғамда қазір екі ұсыныс айтылуда. Бірі – биыл Президент сайлауын өткізу, екіншісі – Мемлекет басшысының өкілеттілігін ұзарту туралы референдум тағайындау. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Оба предложения осуществимы. Но наиболее коректным, отвечающим требованиям Конституции, является проведение выборов. Поэтому в интересах народа, учитывая их просьбу ко мне, и волю всеобщую и ради неукоснительного выполнения Основного закона, я принял решение и в соответствии с пунктом 3.1 статьи 41 Конституции страны подписал Указ о назначении на 26 апреля 2015 года внеочередных президентских выборов. Для Казахстана выборы всегда были высшим механизмом единства и согласия  в обществе. Убеджен, что так будет  сейчас и всегда. 

 

Сайлау заңнамаға сәйкес отандық және халықаралық байқаушылардың қатыстырылуымен ашық әрі адал өтуі керек. Нұрсұлтан Назарбаев құзырлы органдарға мұны мықтап тапсырды. Ал сайлау науқанына өзінің қатысуына орай шешімді Елбасы кейінірек, «Конституция талаптарына сәйкес қабылдаймын», – деді. Ақпанның 26 күні елімізде президенттікке кандидаттарды тіркеу науқаны басталды. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен регламентке сәйкес, үміткерлерді ұсыну 15 наурызға дейін жалғасады. Ал 26 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін сайлау алды үгіт жұмыстары жүргізіледі. Дауыс беру 26 сәуір күні таңғы сағат 7 мен кешкі сағат 8 аралығында өтеді.

 

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 

- Президенттікке кандидаттар үгіт науқанын жүргізу үшін сайлау қорларын құруға құқылы. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің, азаматтар мен ұйымдар ерікті түрде көрсететін қаржылай көмекпен құрылады. Әрбір кандидаттың сайлау  қорының мөлшері 577 млн теңгеден аспауы тиіс.

 

- «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 16-ШЫ СЪЕЗІ БИЫЛ 11 НАУРЫЗДА ӨТЕДІ. ЕЛБАСЫ, ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ СЪЕЗДІ ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ. ЖИЫНҒА ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНЕН 1200-ДЕН АСА ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСПАҚ. ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕК СЪЕЗГЕ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТТІ.

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары 

- Бұл тарихи съезд. Сондықтан еліміздің барлық өңірлерінен бұған 1200-ден астам делегат қатысатын болады. Оның ішінде облыстық мәслихаттардағы партия фракцияларының басшылары, шалғайдағы ауылдардаы қоса есептегенде, 200-дей бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және 100-дена стам партия белсенділері мен ардагерлері қатысады.

 

Айта кету керек, еліміздегі әрбір 9-шы сайлаушы – «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Партияның қатарында  850 мыңға тарта адам бар.  Бастауыш партия ұйымдарының саны 5, 5 мыңнан асады. Сондай-ақ 130 мың жас отандық сайлау құқығына ие.

 

Президент сайлауын өткізу туралы шешімді еліміздің саяси партиялар бірауыздан қолдап отыр. «Елбасының өзі қалың бұқараның тілегіне тірек болып, сайлау өткізуге келісім берді. Осыдан-ақ бірлігі жарасқан, мүддесі ортақ, ниеті бір ел тұрғындарының ауызбіршілігін аңғаруға болады. Дәл осылай жұдырықтай жұмылған ел ғана әлемдегі геосаяси, экономикалық қатерден ұтылмай, ұпайын еселеп шыға алады. Қазақстан саяси науқанды қазір өткізу арқылы бұл ауыртпалыққа ерте қамданып, басты старегиялық құжатты жүзеге асыру арқылы әлеуметтің  жағдайын жақсарту үшін жұмыс істейтін болады», – дейді партия жетекшілері.

 

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» саяси партиясының төрағасы 

- Елбасының қабылдаған шешімі өте маңызды. Өте уақтылы деп ойлаймын. Өз тыныштығымызды сақтап қалу, өзіміздің жаңадан аяққа тұрып келе жатқан жолымыздан тайып кетпеу өте маңызды. Сондықтан мына біздің «Бірлік» саяси партиясы қолдайды бұл шешімді.

 

Ғани Қасымов, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы 

- Бұл елдік мұратты көздеген көреген шешім. Қазіргі жаһандық турбулеттік жағдайларда біз мемлекетіміздің қауіпсіздігін нығайтуымыз керек. Индустриялық-инновациялық даму «Нұрлы жол» бағдарламалары еліміздің экономикалық қуатын арттыруға бағытталған. Біз бұл жобалардың нәтижелі орындалуына мүдделіміз. Сайлауды биыл өткізу бұған мүмкіндік береді.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП ОК хатшысы 

- Мемлекет басшысының Президенттің кезектен тыс сайлау өткізу туралы жарлығы өте өзекті және уақыт талабынан туындаған деп есептейміз. ҚКХП бұл шешімді толықтай қолдайды. Еліміздегі ең маңызды сайлау науқанын алдын ала өткізіп алған соң, Қазақстан бар күш-жігерін әлеуметтік-экономикалық саладағы түйінді мәселелердің шешілуіне бағыттауға мүмкіндік алады.

 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ Жол» ҚДП төрағасы 

- Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайларында бізге барлық күшжігерімізді әлемдік дағдарыстың ел экономикасына жағымсыз әсерін еңсеруге шоғырландырып, жұмылуымыз маңызды қалыптасқан жағдайда Қазақстанға ең алдымен ұлттық мүдделерге бағытталған байыпты саясат жүргізу маңызды. Осы себептер бойынша біздің партиямыз Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауды өткізу туралы шешімін толықтай қолдайды. 

 

- 1-ШІ НАУРЫЗ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ. ОСЫҒАН ОРАЙ БҮГІН АСТАНАДА «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ. МЕРЕКЕЛІК ЖИЫНҒА БЕЛГІЛІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ, АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ҚАТЫСТЫ. АССАМБЛЕЯ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ, ҚАСИЕТТІ ОТАНЫМЫЗДА ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН БАРЛЫҚ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ БЕРІК ІРГЕТАСЫ. ФОРУМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖОЛДАҒАН ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТА ОСЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН. АЛ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ БАРША ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ. ОЛАР ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫ АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ.

 

Осыдан тура 20 жыл бұрын Президент  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бірлік пен келісімнің бірегей институты бүгінде 100-ден астам ұлт пен ұлыстың басын қосып, дүйім елдің ынтымағын нығайтуға сеп болып отыр. Ел бірлігінің алтын арқауына айналып, жалпыұлттық құрылым болып орнықты. Елдігіміздің қалыптасуы мен қоғамымыздың әлеуметтік һәм саяси жаңғыруы жолында қосқан үлесі сүбелі.

Қашанда бірлік болмай тірлік болмайтынын айтудан жалықпайтын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік форум қатысушыларына арнайы құттықтау хатын жолдады. 

 

Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының бірінші орынбасары 

- Құрметті, қазақстандықтар! Баршаңызды ҚХА 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде ҚХА келіміздің «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру жолындағы жасампаздық еңбегінің басында жүр. Ол қазақстандықтарды ортақ Отанымыздың баянды бүгіні мен ұлы болашағы жолында біріктіре түсуде. ҚХА және барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісімнің туын биік ұстап, халқымыздың достығы мен бірлігін нығайтып, қасиетті Отанымыз ҚР игілігі үшін аянбай еңбек етуді тілеймін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

 

Ассамблея жылына орай «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» атты мега-жоба Шығыс өңірден бастау алған. Айтулы іс барлық аймақтарда  жалғасын тауып, түрлі мәдени, қайырымдылық шаралар өткізілді. Жастар жағы да мерекеге белсене атсалыспақ ниетте. 

 

Нұрай Сабырғали, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының мүшесі 

- Елбасымыз айтқан ғой, Қазақстанның болашағы жастар деген. Қазақстанда қаншама ұлт тұрады. Барлығымыздың тілегіміз бір, тірегіміз бір. Бәріміз де бір көк тудың астында жиналғанбыз, кіндігіміз осы жерде байланған. 

 

Расул Ахметов, «Жарасым» республикалық жастар бірлестігінің төрағасы 

- Ең басты мақсатымыз – қазақ тілін үйреніп, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға атсалысып, керемет акцияларды ұйымдастыру. Болашақта Елбасымызбен бірге, өзіміздің осы мақсаттарымызды армандаймыз. 

 

Ассамблея мүддесін ескере отырып, барша халыққа үндеу арнады.  Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуын сұрады.   

 

Тамара Ширмер, «Оберег» украин қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

- Бұл қадам Ассамблеяның Президент сайлауын өткізу туралы жалпыхалықтық бастамасынан туындайды. Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің ел алдындағы абыройыңыз биік. Еліміздің азаматтары Сізге сенім артады. Сіз ең күрделі кезеңдерде елді басқарудың айрықша тәжірибесінің иесісіз, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан қаншама сынақтардан қайыспай өтті. Халық шын мәнінде теңдессіз экономикалық жетістіктерімізді, әлеуметтік табыстарымызды, тұрақтылығымызды және ертеңгі күнге деген сенімімізді Сіздің атыңызбен байланыстырады. Халықаралық қауымдастық сізді беделді әрі салиқалы көшбасшы ретінде таниды. Сіздің әлемдік беделіңіз біздің еліміздің маңызды сыртқы экономикалық активі, сыртқы қауіпсіздігіміздің кепілі және инвестициялар тарту үшін ынталандыру болып табылады. 

 

Ұлт пен ұлысқа құтты мекен болған қазақ елін барша халық мақтан тұтады. Ал тәуелсіз мемлекетімізді әлемге танытқан, талай тығырықтан жол тауып, өрлеу жолына бастаған тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын әркез қолдайтындарын айтады. 

 

Мырзатай Жолдасбеков, қоғам қайраткері  

- Президентімізді шақырып отырмыз, Сіз қатысыңыз сайлауға, сізсіз ең қиын кезде елдің тізгінін ұстаған, көшін бастаған адамсыз. Әлі де халық сізден үміт етіп отыр. Әлі де атқаратын ұлы істер бар күтіп тұрған. Соның бәрінің басы-қасында болыңыз деген үндеу қабылданды.

 

Мұрат Ахмадиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі  

- Мен бұл үндеуді қолдаймын. Тыныштықта жүзден артық ұлт Қазақстандай жасайды. Сол кісінің арқасында. Барлық басқа мемлекеттерде, соғыс, қырылыс болып, бұрынғы Кеңес одағында қырылыс болып кетті. Тыныштығын сақтап қалған Қазақстан. Елбасының саясатының арқасында. Ол кісіге рахмет айтсақ, рахметіміз жетпейді. 

 

Олег Дымов, Болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы

- Осыдан 20 жыл бұрын кха өмірге келді. бұл – жаңа, замануи қоғамдық институт ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестіріп отыр. еліміздің болашағынанықтайтын құрылым ретінде қалыптасты. 20 жылда біз ұлт көшбасшысы елбасымен бірге алға сеніммен қадам бастық, оған сенім арттық. қазақстан халқының аяққатұруына мемлекет басшысының қосқан үлесі ұшан теңіз. біз өз президентімізге сенеміз, осы сенім біздің бағытымызды бекемдеді.

 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырды. 2007 жылы Ассамблея туралы арнайы заң қабылданды. Нәтижесінде бірлестік конституциялық орган мәртебесін алып, Парламенттің төменгі палатасына түрлі ұлт өкілдерінен 9 депутатты сайлау құқығы берілді. Мұның барлығы елдің ішкі тұтастығын қамтып, дамудың жаңа белестерін бірлесе бағындыруға жол ашты», – дейді форумға қатысушылар. 

 

Идрис Юнусов, «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары     

- Жақында выбор болады. Құдай қаласа, біз бәріміз шын жүректен қолдаймыз, Елбасымыз алға. 

 

Валерия Волошина, Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенті 

- Біз Қазақстанның патриоттары ретінде ҚХА 20 жылдығына сыйлық ретінде 20 мың саяжайда 4 млн ағаш отырғызу аясында акция жариялаймыз. Біз сайлауда Қазақстан жастары Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаймыз. 

 

Тұрақтылық пен ұйымшылдықты ту еткен қазақ елінің келешегі нұрлы. Сол жолды тек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жалғастыруды қалаймыз. Бүгінгі форумға қатысушылардың ортақ пікірі осындай. 

 

- 2015 ЖЫЛ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ДАМУЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ БОЛҒАЛЫ ТҰР. ТЕК ҚАЗАҚСТАН ҒАНА ЕМЕС, БИЫЛ ӨЗБЕКСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ, АЛ ТӘЖІКСТАН, ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАНДА ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ.ҚАЗАҚСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ БИЫЛҒЫ СӘУІР АЙЫНА БЕЛГІЛЕНУІ  ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ. БҰЛ - САЯСАТТАНУШЫЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ ПІКІРІ. БІРІНШІДЕН, АТА ЗАҢ АЯСЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІП БОЙЫНША БІР ЖЫЛҒА ҚОС САЯСИ ДОДАНЫ ӨТКІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ. ЕКІНШІДЕН, ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ СЫН ҚАТЕРЛЕРІНЕ ҚАЗІРДЕН ҚАМДАНУЫМЫЗ КЕРЕК. ОЛ ҮШІН ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ МЕН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІК ЖОСПАРЛАРДЫҢ ДЕР КЕЗІНДЕ АТҚАРЫЛҒАНЫН ҚАМТУ МАҢЫЗДЫ. ҮШІНШІДЕН, ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН БИЫЛ ӨТКІЗУ - ХАЛЫҚТЫҢ ІЗГІ НИЕТІНЕН ТУҒАН БАСТАМА. САРАПШЫЛАРДЫҢ САЯСИ НАУҚАН АЛДЫНДАҒЫ ОЙ ПІКІРІН БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ ТЫҢДАДЫ.

 

ЖаҺандық экономикадағы құлдырау. Негізгі шикізат ресурстары бағасының тұрақсыздығы – Таяу Шығыстағы күрделі ахуал. Мұндай сын қатерлердің әлемдік қоғамдастықтағы жағдайды күрделендіре түскені анық. Көп жылдық тәжірибесі бар отандық сарапшылардың пайымдауынша, биылғы сайлаудың мән-маңызы бұрынғыдан өзгерек.  

 

Санат Көшкімбаев, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары 

- Әлемдегі экономикалық дағдарыс пен түрлі геосаяси шиеленістер және қаржылық қиындықтар бір-бірімен тығыз байланысты. 

 

Сондықтан бұның бәрі бүгінгі күні Қазақстан үшін шұғыл шешім қабылдап, сергек әрекет етуге итермелейді. Ал Президент сайлауын биыл өткізу туралы бастаманы осы қиындықтарға дер кезінде берілген тойтарыс деп түсінген дұрыс. 

 

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестіктің жетекшісі 

- Дәл қазіргі әлемдік саясатта болып жатқан саяси текетірестерді және ірі саяси ойыншылардың өзара геополитикалық текетірестерін біз назардан шығара алмаймыз. Осы тұрғыдан алған кезде көрші Украинада қазір уақытша болса да бейбітшілік орнады. Осының барлығын біз ішкі саясатта тиімді пайдалана білу керекпіз. Сондықтан да маңызды саяси шешімдерді дәл қазір жүзеге асыруға болады деп есептеймін.

 

Қазақстан сындарлы сәтте жетекшілік бағытты ұстанудан тартынбайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл дұрыс. Себебі ағысқа ілесіп ықпалында кеткеннен гөрі оған қарсы жүзіп, діттеген межені еңсеру әлдеқайда тиімді. 

 

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестіктің жетекшісі 

- 2015 жылдың аяғында, 2016 жылда экономикалық тұрғыдан ауыр болуы мүмкін. Тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін. Сондықтан экономикалық жағдай күрт емес, бірақ сәл нашарлаған күнде де маңызды саяси шешімдер қабылдау өзінің қиындықтарымен келеді. Сондықтан көп нәрсенің алдын алуға болады деп ойлаймын.

 

Жаһандық дағдарыста қайтпек керек дегенде билік жоспарлы жауабын күн ілгері әзірледі. Экономиканы дамытудағы мақсатты жобалар жалғасады. Ал әлеуметті қолдау, жұмыссыздықты болдырмау шаралары барынша басты назарға алынды. Сарапшының пікірі: біздің ел сындарлы шақтың өзін басқаруға талпынады. Сондықтан,  шетелдік саясаттанушылар Қазақстанның бұл саяси қадамын батыл әрі экономикалық тұрғыда дұрыс шешім деп бағалайтынынын айтады.    

 

Санат Көшкімбаев, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары 

- Әлемдік сарапшылар Қазақстанның жетекшілікті ұстануы дұрыс деген пікірде. Дағдарыстың ықпалында кетпей ойын ережесін өзі ұсынып, белсенді басқаруға тырысады. Әлемдік саясаттағы процестер өте жылдам құбылады. 5 жыл бұрын болжамды жоспар жасау қиын. Сол себепті серпінді, бейімдеу жолдарын алдын ала әзірлеп, жаһандық оқиғаларға дер кезінде жауап бере алатындай болуымыз керек.

 

Леся Қаратаева, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері  

- Сыртқы факторлардың ел дамуына кері әсерін болдырмау үшін мемлекетіміз дағдарысқа қарсы шараларды қолға алды. Бұл жаңа экономикалық саясатты айқындаған «Нұрлы жол» бағдарламасы. 2-шісі ҮИИД бағдарламасы және, әрине, биыл бастау алған Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысы. Бұл жобалардың барлығы да Қазақстанның тұрақтылығын қамтуға бағытталған.

 

Түпкі нәтижеге жетудегі маңызды фактор – ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайту. Президент сайлауын биыл өткізудегі басты мақсаттың бірі де осы.

 

Нұрлан Сейдин, «Ғылым ордасы» РМК Бас директорының орынбасары

- Қол жеткізіп отырған нәтижелердің өзі осы тұрақтылықтың арқасында деп білеміз. Сондықтан Президент сайлауын өткізуді толығымен қолдаймыз. Және осы мемлекеттің саясатын, Қазақстанның алдына қойған саясатын іс жүзіне асыру үшін экономикалық дағдарысты, саяси жағдайдың бәрін ескере отырып, бүгінде жылдамдатып өткізуіміз керек. Және де мынау алдымызға қойған мақсаттарды орындау үшін бәріміз күш жұмылдырып жұмыс істеуіміз керек.   

 

Александр Братенков, заңгер, «Қоғамдық жоба» мекемесінің директоры  

- Мен бірнеше партия өкілдерімен кездестім. Президенттікке үміткерлерді ұсынуына уақыт қысқа дегендей уәж айтыла бастады. Мен оларда жүйелі бағдарлама бар болса, еш қиындық болмайды деп ойлаймын. Себебі саяси бірлестік немесе белсенді көшбасшылық танытуға ұмтылатындар кез келген саяси процестерге бейімді, әзір екендігін дәлелдей білуі де керек. Біз заманауи саяси ортада өмір сүреміз.   

 

Осылайша Президент сайлауын өткізу бастамасы барлық азаматтық қоғам институты тарапынан қолдау тапты. «Ендігі міндет – саяси науқанның барынша әділ, заңға сәйкес нәтижелі өткізілуіне атсалысу», – дейді сарапшылар. 

 

- МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН 26 СӘУІРГЕ  БЕЛГІЛЕУІ – УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАП ОТЫРҒАН ШЕШІМ. БҮГІНДЕ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ТҮКПІРІНЕН ЕЛБАСЫ ҰЙҒАРЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАУ ПІКІРЛЕР АЙТЫЛЫП ЖАТЫР. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНДЕУГЕ БЕТ АЛҒАН ӨРІСТІ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРУЫ ҮШІН БҰЛ ШАРАНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР ДЕЙДІ АЙМАҚТАҒЫ АҒАЙЫН.  НҰРБЕК ӘМИША ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

 

Президент сайлауын осы жылы өткізу жөніндегі шешімнің артықшылығын аймақтағы жұртшылық айқын сезініп отыр. Мәселен, қостанайлық еңбекшілер бұл сайлау ел экономикасының онан әрі дамуына, Қазақстан қол жеткізген табыстардың тұрақты түрде орнығуына жол ашады деген пікірде. Облыстық кәсіподақтар кеңесінің 135 мыңға тарта мүшесі бар. Дүниежүзілік дағдарыстың сын-қатеріне төтеп беру үшін кәсіподақ бас болып, үшжақты келісімшарттар жасасып, Еңбек кодексінің бұзылмауын жіті қадағалап отыр.

 

Балбөпе Ертаева, Кәсіподақтар кеңесінің төрайымы

- Елбасы кешегі өзінің сайлау туралы шешімін қабылдады. Біз ойлаймыз, осы қабылдаған шешім өте дұрыс шешім деп. Еліміздегі саяси, әлеуметтік жағдай жағынан біз тұрақтылықты сақтап қалсақ, біздің еліміздің дамуы біздің қолымызда деп есептеймін.

 

Мемлекеттік маңызы бар шараға атыраулықтар да үн қосты. Өңірде бизнестің өрісі кең. 34 мыңға таяу шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейтін аймақтың белсенді кәсіп иесінің бірі – Зураб Бобохидзе.  Автокөліктерге техникалық қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгерген кәнігі кәсіпкер президенттік сайлауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбавтың өз кандидатурасын ұсынғандығын қалайды.  

 

Зураб Бобохидзе, кәсіпкер

- Біз болашақтан көп үміт күтеміз. Ал сайлаудың биыл өткізілуі келер жылы елімізді тығырықтан еш қиындықсыз шығаруға бағытталған стратегиялық жоспар деп есептеймін. Елбасының стратегиясы өз жемісін бере бастады. Сондықтан еліміздің болашағы үшін Ұлт көшбасшысы  сайлауға қатысқаны жөн. 

 

Атыраулық мұнайшылар Ұлт көшбасшысының бұл ұйғарымын бірауыздан қолдайды. Қара алтын кенішінде күндіз-түні қызмет етіп, қазақ экономикасының өсуіне атсалысып келе жатқан мұнайшылар мұны маңызды қадам деседі. 

 

Сүйінішбек Әбуғалиев, Мұнай компаниясының бас директоры

- Сайлау өткізу туралы шешімді мен өте дұрыс және дер кезінде қабылданған шешім деп есептеймін. Біздер бірауыздан қолдаймыз. Өйткені мұндай маңызды саяси науқанды биыл өткізсек, келер жылы ұлттық экономикамыздың дамуына күш салатын боламыз. 

 

Қазақстан – бүгінде қалыпты даму жолындағы мемлекет. Тәуелсіз ел экономикасының тұрақты өніп-өсуінің бір себебі бизнеске жасалып отырған кең мүмкіндіктер деуге болады. Осындай пікірдегі ақмолалық кәсіпкерлер Президент сайлауын биыл өткізу жөніндегі Елбасы шешімін бірауыздан қолдайды. 

 

Әсен Жақсылықов, «Қалалық сүт зауыты» ЖШС директоры

- Мен Президенттің бұл шешімін өте ұтымды деп ойлаймын. Және оны толық қолдаймын.  Бұл дағдарыс жылдарында экономикамыздың қалыпты дамуына сеп болады. Бизнесті өркендету үшін бізге еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығы қажет. Сондықтан мен және біздің ұжым сайлауға бір кісідей қатысамыз. Еліміздің болашағы үшін дауыс береміз. 

 

Бұл – қазақ руханиятының астанасы болған Семей өлкесі. Мұндағы зиялы қауым қашан да ұлт тағдырына қатысты игі істердің бастамашысы болып жүргені рас. Бұл жолы да Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң универсиетінің ұжымы Елбасы шешіміне қатысты өз ойларын ортаға салып, Елбасының Президент сайлауын биыл өткізу жөніндегі шешімін қуаттап отыр. 

 

Айрат Базенов, ҚИГЗУ проректоры  

- Президентіміздің сайлау өткізу туралы шешімі бүгінгі күні күн талабында тұрған оңды шешім болды деп есептеймін. Өйткені жаһандық дағдарыс біздің алдымызға қойып отырған жоспарға кедергі келтірмеуі керек. Сондықтан бұл сайлаудың бүгінгі күн талабына сай екеніне біздің көзіміз жетіп отыр.

 

Сондай-ақ Семей зиялылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа президенттік сайлауға кандидатураңызды ұсыныңыз деп өтініш жолдады. Республикалық Абай қорының бұл бастамасын Семей жұрты толық қолдады. 

 

Отантай Кәрібжанов, Республикалық «Абай» қорының президенті

- Біз Абай Құнанбаев қоғамдық қоры алдымыздағы өтетін президенттік сайлауға еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан осы алда келе жатқан сайлауға өзінің кандидатурасын ұсынуды сұраймыз. Жаңа ғана өткен жиында осы Абай қорының бастамасын азаматтардың барлығы қолдап, бүкіл Шығыс, республика жұртшылығы қолдайды деген сенімдеміз. 

 

Өскемендік тұрғындар жерлестерінің бұл бастамасына үн қосты. Ардагерлер Елбасының сайлауға қатысқанын дұрыс көреді. 

 

Иван Шаповалов, ҰОС ардагері 

- Сайлау елдегі тұрақтылықтың сақталуы үшін қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында үлкен жетістіктерге жеттік. Береке мен бірлікті ту еткен Қазақстан алған бағытынан жаңылмауы үшін Ұлт көшбасшысы осы сайлауға қатысуы керек.

 

Елбасының Президент сайлауын биыл өткізу жөніндегі шешімін Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының әртістері де құп көреді. Бүгінде аймақта мәдениет саласына айрықша қамқорлық көрсетілуде. Бұл Қазақстандағы тұрақтылықтың нәтижесі деп пікір білдірді өнер өкілдері.

 

Игорь Вербицкий, Облыстық орыс драма театрының бас режиссері  

- Біз дұрыс жолды таңдадық. Біздің ел бостандық пен теңдіктің тұғырын биік ұстанып келеді. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ұжымы Елбасының  Президент сайлауын биыл өткізу туралы шешімін бірауыздан  қолдайды. 

 

Айнұр Нәлібаева Тараз қалалық перинаталды орталықта қызмет етеді. Аналардың аман-есен босануына жауапты маман қазірге дейін 100 мыңға жуық нәрестенің кіндік кескен сәтіне куә болған. Ол: «Мемлекеттік стратегия өз мәнінде іске асу үшін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауына қатысқаны дұрыс», – дейді. 

 

Айнұр Нәлібаева, Перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі    

- Жаһанды шарпыған дағдарыс бізге кері әсерін тигізуге біз жол бермеуіміз керек. Сондықтан алда келе жатқан Президент сайлауын өткізіп алып, алдымызға қойған мақсаттарымызды және жоспарларымызды іркілмей жалғастыра беруіміз керек деп ойлаймын.

 

Павлодардағы мұнай-химия зауыты шикізат көлемін жылына 7 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Еуропалық талапқа сай тауар шығаруды көздеген кәсіпорында 3,5 мың адам еңбек етеді. Еңбеккерлер Президент сайлауының өтуі мемлекетіміздің даму мүмкіндігін көрсететінін айтады. 

 

Марат Байтенов, Мұнай-химия зауытының инженер-технологі

- Павлодар Мұнай химия зауытының ұжымы біздің Президентіміздің қабылдаған шешімін сәуір айында Президент сайлауын өткізуін дұрыс шешім деп қабылдаймыз. Және уақытында қабылданған шешім деп ойлаймыз. 

 

Еліміздің барлық өңірінің жұртшылығы дерлік жауапты сәтте бей-жай қала алмады. Бұл белсенділікті түсінуге болады. Тәуелсіз отанның оты мәңгі өшпей, бүгінгі белес ертеңге ілесуі үшін жасалған іс, атқарылған шаруа аяқсыз қалмауы тиіс. Сол себепті де жұртшылық Президент сайлауындағы кандидаттар тізімінен Елбасының аты-жөнін көргісі келеді. Бұл – халықтың қалауы. 

 

- «ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖҮРГІЗГЕН САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСҚАНДАРДЫҢ 98% ПРЕЗИДЕНТ  САЙЛАУЫН  ЕРТЕРЕК ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМДІ ҚҰПТАЙДЫ. 97% БҰЛ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ СЕНІМІН НЫҒАЙТАДЫ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ. 

 

Ал Саяси-қоғамдық үрдістерді сараптап-жобалау бюросы жүргізген сауалнаманың жалпы қорытындысы мынадай: «Респонденттердің 97% әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс ахуалын ескеріп, Президент сайлауын өткізу дер кезінде жасалған саяси және өзекті шешім», – дейді.  92% Президент сайлауын өткізу «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға және мемлекеттің дамуына жол ашатын ұзақмерзімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп санайды. Ал 93% болса,  келер жылы болатын Парламент сайлауын ескере отырып, Президент сайлауын 2015 жылы өткізу керек деген ұйғарымға келген. Заманауи даму институты да  Президент сайлауын өткізуді қоғамның қалай қабылдағанын білмекке сауалнама жүргізді. Анық болғаны, сауалнамаға қатысқандардың  96,3% Елбасының шешімін қолдайды. 95,4% Президент сайлауын өткізу олардың жеке өміріне және мемлекеттің өсіп-өркендеуіне әсерін тигізеді деп санайды. 95,7%  бұл сайлау елдегі тұрақтылықты нығайтады деген пікірде. Шетелдік сарапшылар да сайлауға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр. «Бұл ең әуелі елдің игілігі мен мүддесі үшін керек», – дейді олар.

 

Қазақстанда биыл президент сайлауын өткізу мәселесін халықаралық сарапшылар қызу талқылап жатыр. Жапониядағы достастық қарым-қатынас халықаралық кеңесінің басшысы  Кэн Мацузава: бұл - уақыт күттірмейтін іс,- деді. Оның ойынша, Қазақстан өзінің саяси қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын үнемі нығайтып отырады. Сондықтан басқа елдермен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. 

 

Кэн Мацузава, Достастық қарым-қатынас халықаралық кеңесінің басшысы 

- Жапондықтарда «Жақсы істі тездетіп аяқтау керек» деген мақал бар. Сондықтан да Қазақстан халқы Президент сайлауын уақытынан бұрын өткізу керек деп санаса, бұл азаматтардың қалауы. Менің ойымша, саяси тұрақтылық бұл экономиканың дамуына оң ықпал етеді. Ал экономикалық дамудың жұмыспен қамту және өнеркәсіп жағдайының қарқын алуына әсері мол деп айта аламын.

 

Беделді халықаралық сарапшылар - сайлауды биыл өткізу - дағдарысты еңсеру үшін дұрыс шешім деп есептейді. Қытай Мемлекеттік Кеңесіне қарасты Еуразияның әлеуметтік дамуын зерттеу институтының профессоры Чжао Чанцзин бұл сайлау – ұтымды, әрі саяси ойластырылған деп ойлайды. Айтуынша, бұл - алға қойған экономикалық және стратегиялық даму бағдарламаларының жүзеге асуына септігін тигізеді. 

 

Чжао Чанцзин, ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Еуразия әлеуметтік дамуын зерттеу институтының профессоры

- Бұл - мемлекеттің қазіргі ішкі және сыртқы саяси жағдайына қажеттіліктен туындаған,  дер кезінде ұсынылған бастама. Алға қойған «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол» секілді экономикалық даму бағдарламаларының, ел ішінде өткізгелі тұрған халықаралық шараларының ойдағыдай орындалуына ықпал етеді. Сайлау – экономика, саясат, әлеуметке де тиімді бастама.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде сайлау өткізу туралы жауапты шешімі – Қазақстан болашағы үшін сенімді қадам. АҚШ-тың Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы сарапшыларының пікірі осыған саяды. Зерттеу орталығының Ресей мен Еуразия бағдарламасы бойынша директоры Эндрю Качинстің пікірінше, халық пікірімен санаса отырып, сайлау өткізу - батыл шешім. Себебі бұл – тұтастай Еуразия аймағы мен әлемде болып жатқан тұрақсыздық және экономикалық қауіп-қатерлердің алдын алу жолындағы бірден-бір оңтайлы бастама. Қазақстандықтар үшін алда сондай-ақ «Нұрлы жол» жолдауын сәтті жүзеге асыру міндеті тұр -дейді маман.  

 

Эндрю Качинс, Ақш стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының директоры   

- Қазақстанның биыл сайлау өткізу туралы шешімін тиімді деп есептеймін. Себебі елдің айналасына, жалпы Еуразия аймағына көз жүгіртіп көріңіз. Ресей мен Украинадағы жағдай және әлемдік мұнай бағасының құлдырауы өңірдің экономикасына оңай тиіп отырған жоқ. Бұл орайда қазақ елі тұрақтылықты, өрлеу мен табысты сақтай білді. Сондықтан саяси доданың мерзімін белгілеу – өте орынды. 

 

Нью-Йорктегі Ұлттық стандарттау институтының вице-президенті Джордж Гулла: «Әлемдік экономиканың қазіргі жағдайының нашарлауын ескере отырып, шынында да уақыт жоғалтудың қажеті жоқ», – деп есептейді.

 

Джордж Гулла, Нью-Йорктегі ұлттық стандарттау институтының вице-президенті  

- Қазіргі уақытта елге жаңа экономикалық бағдарлама мен 2050 стратегиясын жүзеге асыру керек деп санаймын. Мұндай кезде алтын уақытты босқа жіберуге болмайды, себебі әлемдегі экономикалық жағдай ушығып, мұнай бағасы құлдырап тұр, ал Қазақстан қазынасы үшін мұнай бағасының қаншалықты маңызды екенігін бәріміз білеміз.

 

Италияның жоғарғы геосаяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Алессандро Лундини Азия елдеріндегі саяси жағдаймен жақсы таныс. Ғалымның пікірінше, Мемлекет басшысының Президент сайлауын дәл биылғы жылы өткізу туралы шешімі Қазақстан үшін аса тиімді.   Өйткені әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ел саяси тұрақтылық пен одан әрі даму мүмкіндігін қамтамасыз етіп алады. 

 

Алессандро Лундини, Жоғарғы геосаяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері

- Расында да дәл қазіргі кезде елдің саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Геосаясат тұрғысынан өте күрделі болып отырған дәл осы кезең, әлемнің басқа елдері секілді  Қазақстан үшін де түрлі қиындықтарға себеп болуы мүмкін.  Сондықтан Президент сайлауын осы жылы өткізу туралы шешім мемлекет үшін аса маңызды тұрақтылық кепілдігін қамтамасыз ете алады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау туралы шешімі германиялық сарапшылар тарапынан да қолдау тапты. Саясаттанушы Эберхард Зандшнайдер сәуірдің 26-сында өтетін сайлаудың ашық әрі демократияның барлық ережелерін сақтай отырып өтетініне сенімді. Өйткені  «Қазақстанның сайлауды жоғары деңгейде өткізу тәжірибесі мол», – дейді ол. 

 

Эберхард Зандшнайдер, Отто Вольф атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры  

- Менің пайымдауымша, Қазақстанда президенттік сайлау өткізу туралы шешімнің қабылдануы уақыт талабынан туындап отыр. Сайлау биылғы көктемде өтеді, және бұл қадамның басты мақсаты – менің ойымша, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу.

 

Қазақстандағы ынтымақ пен  халық бірлігі елдің бәсекеге қабылеттілігінің негізгі тірегі. Дүниежүзілік сауда ұйымының  жаңа елдерді қабылдау жөніндегі бөлімінің директоры Чиду Осакве осындай пікірде. «Бүкіл Еуразия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп  отырған  Қазақстанның  қуаты мықты, беделі өте жоғары. Бұл  Қазақ экономикасы мен халықтың  әл-ауқатын арттыратыны  айқын», – дейді. 

 

Чиду Осакве, ДСҰ жаңа елдерді қабылдау жөніндегі бөлімінің директоры     

- Сайлауды биылғы жылы өткізу туралы шешімнің халық арасында кеі қолдауға ие болуы – осының айғағы.  Біз елдегі инфрақұрылымды, білім беру саласын, инвестициялар мен шағын жіне орта бизнесті қолдауға бағытталған «Нурлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын көріп отырмыз. Және біз осындай маңызды шешім қабылдай отырып, Қазақстан экономикалық дағдарыс пен қауіптерді жеңе алады деп сенеміз.  

 

Елбасы қолдаған Қазақстан Президентінің сайлауын өткізу туралы шешімін Австрияда да қызу талқылауда. Ондағы бұкаралық ақпарат құралдары өкілдері:  «Бұл уақытылы және тиімді жасалған қадам», – деп пайымдап отыр. 

 

Элисон Лэнгли, «Deutche Welle» сайтының журналисі  

- Он жыл бұрын елдеріңізде өндіріс, туризм, байланыс желісі және экономиканың басқа маңызды секторларын дамытуға арналған бағдарламар қабылданған болатын. Бұл жақсы шешім болды. Өйткені Қазақстан мұнай тасушы елдердің бірі. Ал мұнай бағасы қазір жиі өзгеруде. Сондықтан тұрақтылықты сақтап қалу үшін елдеріңіз шикізат тәуелділігінен арылуға бел буды. Және де Президенттің сайлауды биыл өткізу туралы шешімі елдеріңізде жоспарланған шаралардың тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

 

Қазақстанда Президент сайлауын өткізу жайлы сарапшылардың пікірі толастар емес. Бастысы – елдің иглігі мен мүддесіне сай дейді көпшілік. Саясаттанушылар жаһандық дағдарысты ауыздықтап, елдің тұрақтылығын қамтамассыз етуде бұл сайлаудың орны ерекше болмақ деген пікірде. 

 

- САЙЛАУЫН БИЫЛ ӨТКІЗУІ – ҰТЫМДЫ  ШЕШІМ. ӘЛЕМГЕ БЕЛГІЛІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕН САЯСАТКЕРЛЕРДІҢ  ПІКІРІ ОСЫҒАН САЯДЫ.  ОЛАРДЫҢ АЙТУЫНША, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ЕЛДІ ӘРІ ҚАРАЙ БАСҚАРА БЕРУГЕ ЛАЙЫҚТЫ ТҰЛҒА. САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ БІРІ ДЕП САНАЙДЫ. ӘРІ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІ  МЕЖЕЛІ МАҚСАТЫНА ЖЕТУ ЕҢСЕРУГЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ЖҰМЫЛДЫРМАҚ ДЕГЕН ОЙДА.ҮШІН САЯСИ НАУҚАНДЫ БИЫЛ ӨТКІЗІП, БИЛІКТІҢ КҮШІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ 

 

Альфред Гузенбауэр, Австрияның бұрынғы  федералды канцлері 

- Қазақстанның тамаша Президенті бар әрі ол елді басқара беруге лайық. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің негізін қалады. Украинадағы саяси тұрақсыздыққа қарап, Қазақстан көшбасшысының көрегендігін  бағалауға болады. Менің ойымша, бұл оның әрі қарай Президент болып қалуына маңызды негіз бола алады. 

 

Терье Род-Ларсен, Халықаралық бейбітшілік институтының директоры

- Қазақстанда сайлаудың биыл өтуі – жағымды жаңалық. Әрі бұл елдің прогрессивті  екендігінің айғағы. Мемлекет тұрақсыздыққа әкелетін асығыс қадам жасамай, біртіндеп реформаларды жүзеге асырып келеді. Қазақстан өзін демократиялық ел ретінде таныта білді. Саяси науқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен өзге де халықаралық байқаушылардың қатысуымен өтеді. Мен мұны естігенде қуандым және бұл демократия жолымен өрге басқан мемлекет қауіпсіздігінің кілті болады сенемін.

 

Клаус Мангольд, Герман экономикасы шығыс комитетінің бұрынғы төрағасы

- Қазақстан Президенті өз елінің мықты көшбасшысы болып қала береді деп ойлаймын. Өкілеттілік уақыты 5 жыл екенін білемін, Нұрсұлтан Назарбаев келесі мерзімге сайлану қажет. Ол Орталық Азиядағы тұрақтылықтың символы тәріздес. Әрі Қазақстанның болашағын жарқын ететін тұлға. Қазақстандықтармен қатар бүкіл әлем Назарбаевқа  үлкен сенім артады. 

 

Романо Проди, Италияның бұрынғы премьер-министрі 

- Сайлау – саясат үшін нәтиже науқаны тәрізді. Яғни жұмыстың жемісін көретін сәт. Бұл атқарған, атқарылатын істерге деген сенім. Сондықтан түрлі пікірдің болғаны жөн, себебі адамдар дұрыс таңдау жасауы тиіс. Өз басым дауыс беруге барарда сайлаудан не күтетінімді, қандай мақсатпен дауыс беретінімді айқын білуім қажет. 

 

Александр Квасьневский, Польша Республикасының бұрынғы президенті 

- Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың не себепті мұндай шешім қабылдағандығын түсінемін. Әлемде дағдарыс белең алды. Халықты Украинадағы тұрақсыздық, Батыс пен Ресейдің қарым-қатынасы алаңдатуда. Президент сайлауын биыл өткізу – әлемдік дағдарысқа төтеп беріп, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Саяси науқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының талаптары мен елдің конституциясына сай, демократиялық тұрғыда өтетіндігіне сенімдімін. Сайлаудан кейін елдің халықаралық аренадағы рөлі артып, Қазақстан одан ары қарай да Орталық Азиядағы тұрақтылықтың негізіне айналады деген сенімдемін. Әлем қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Осы сәтте Қазақстан перзиденті Назарбаевтың тәжірибесі мен көрегендігі маңызды роль атқарады. 

 

Сэр Ричард Эванс, «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры  

- Сайлау – ел үшін аса маңызды саяси науқан. Қазақстандықтардың сенім артқан азаматқа дауыс беруге құқылары бар. Кейбір мемлекеттердің тұрғындары мұндай  мүмкіндікке ие бола алмай жүр.  Қазақстанда  сайлау демократиялық тұрғыда өтетіндігіне және азаматтардың саяси науқанда белсенділік танытатындығына сенімдімін. Әрі бұл бастама елдегі тұрақтылықтың нығаюына сеп болары анық. Кеңес одағы күйрегеннен кейін Қазақстан саяси және әлеуметтік тұрақтылығымен көзге түсті. Ел үкіметі мемлекетті қиын кезеңдерден алып шықты. Жергілікті халық үлкен өзгерістерді емес, осы тұрақтылықтың сақталғанын және ертеңгі күнінің жарқын болғанын қалайды деп ойлаймын. Демек қазақстандықтар өз болашағы үшін дауыс береді. 

 

Руперт Гудман,  Британ-қазақ қоғамының патроны    

- Бұл аса маңызды саяси науқан.  Халықаралық бизнес қауымдастық елдегі сайлауды үлкен қызығушылықпен бақылайтындығына сенімдімін. Сайлау – ертеңгі күннің қамы әрі елдің даму кепілі. Сондықтан қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын. Тәуелсіздік алған аз ғана уақытта мемлекет үлкен белестерді бағындырды. 

 

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ САН ТҮРЛІ АХУАЛҒА ҚАРАМАСТАН ҚАЗАҚСТАН ӨЗ БАҒЫТЫНАН ЖАҢЫЛМАҚ ЕМЕС. ОНЫ ЕЛІМІЗДІҢ «ҚАРА АЛТЫН» ӨНДІРІСІНЕН ДЕ АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ. МӘСЕЛЕН, 2017 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ЕЛІМІЗДЕ МҰНАЙ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 86 МИЛЛИОН ТОННАҒА ДЕЙІН АРТАДЫ. БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ 80,5 МИЛЛИОН ТОННА ҚАРА АЛТЫН ӨНДІРІЛСЕ, 2016 ЖЫЛЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ 80,8 МЛН ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕТПЕК. СӨЙТІП КЕЛЕР ЖЫЛДАН БАСТАП ІШКІ НАРЫҚТЫ ТОЛЫҚТАЙ ӨЗ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМІЗБЕН ҚАМТАМАМСЫЗ ЕТУІМІЗ КЕРЕК. СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН СОҢ «АТАСУ-АЛАШАҢҚАЙ» ҚҰБЫРЫН ӨТКІЗУ МҮМКІНДІГІН 20 МИЛЛИОН ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУГЕ ЖАҒДАЙ ТУАДЫ.

 

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Еліміздегі мұнай-газ саласындағы жобаларға тоқталатын болсақ. Елімізде үш мұнай зауыты бар. Ол Павлодар, Атырау, Шымкент қалаларында. Бұл зауыттарда қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс біткесін, біз өзіміздің ішкі нарықты толық қамтимыз деген болжам бар. Негізі 29 пайызға өседі. Ол 14 млн 300 тоннадан 18 млн 500 тоннаға дейін өседі деген күтім бар. 

 

Дүние жүзінде мұнай құнының түсуі бензин бағасының арзандауына әсер етіп отырғаны белгілі. Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, бұл жағдайға мұнай өңдеуші сала  тас түйін дайын отыр. Мәселен, отандық мұнай өндіру компаниялары өз шығындарын оңтайландыруға мәжбүр. Кей өндіріс ошақтарында қара алтынның өзіндік құны 70 доллардан асады. Есесіне, қазір мұнайдың баррелі 58 АҚШ доллары шамасында. Бұл баға тағы да түсуі мүмкін екенін жоққа шығармады Қарабалин. 

 

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары  

- Соңғы бір-екі айдың ішінде біз үш рет төмендеттік бағасын. 06,23-42 Мұнайдың бағасы түсетін болса, әрине бензиннің де бағасы төмендейді. Бірақ мұнайдың бағасы көтерілсе, онда бензиннің де бағасы көтеріледі.

 

Ал Қазақстан осы жылы 60 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. Елімізде мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан, келер жылы қара алтын өндіруді күшейтудің көзделетінін айтты Қарабалин. Ал 2020 жылғы меже – 104 млн тонна. Өндірудің өсімі Қашаған кенішін жаңғыртумен байланыстырады сарапшылар. Мұнайдың өндірілуі де, оның жаһандық құны да қазынамызды қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Сенат депутаттарына осы аптада 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасы таныстырылды.  Құжат мұнай құнының барреліне 50, 40 және 30 доллар болуы мүмкіндігі негізге алына отырып жасалған. Нақты көрсеткіш 2015-2017 жылдары қара алтын баррелі 80 мен 50 доллар шамасы, ал 2018-2019 жылдары 60 доллар. Осы жылдың үлесіндегі Ішкі жалпы өнімнің өсуі – 1,5 пайыз. Жоба бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қосымша бөлінетін қаражат көздерін нақтылау үшін  өзгеріс енгізілуі көзделіп отыр. 

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

- Түсімдер 5 трлн 988 млрд тенгені құрайды немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 870 млрд теңгеге төмен. Кірістердің болжамы 3 трлн 220 млрд теңге көлемінде. Немесе бұрын бекітілген көрсеткіштен шамамен 940 млрд тенгеге төмен. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 960 млрд теңгеге төмендеу. 

 

Астана қаласындағы тозған шиналарды залалсыздандыру және резеңке ұнтағын өндіру зауыты қайта іске қосылды. Германиялық қондырғылармен жабдықталған өндіріс ошағы жылына 32 мың қалдықты қайта өңдей алады. Кәсіпорын толық қуатына енген  кезде елорда ТМД елдері арасында тозған шиналар 100 пайыз кәдеге жаратылатын жалғыз астанаға айналады. Қалдықтарды пайдаға жарамды ететін зауыт «Қазақстанның даму банкі» арқылы қаржыландырылып, 2010 жылы іске қосылған еді. Алайда 2 жылдан соң шикізат жеткізу күрделілігі және заңнамалық кедергілерге байланысты кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Бүгінгі күні 7 млн доллардан астам қаржы жұмсалған өндіріс орнына «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екінші дем беріп, тұралаған зауыттың тамырына қан жүгірді.  

 

Дәурен Ибрашев, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 

- Кәсіпорынның «Қазақстанның даму банкіне» қарызы 1 жарым млрд теңгені құрайды. Біз зауыттың қайта жандануына жағдай жасап, қарызын 7 жылда бөліп қайтаратын жүйе енгіздік. Оның алғашқы жылында кәсіпорын аяққа тұрып алуы үшін ешқандай төлем жасамайды. Сондай-ақ осы уақытқа дейін жиналған айыппұлдар мен үстемақылар алынып тасталады. 

 

Зауыт резеңке ұнтағы, металл талшықтары және жасанды жібек жіптерін шығарады. Кәсіпорын өнімдері спорттық және балалар ойын алаңдарын салуда кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ жол құрылысында көптеп қолданылады. Қазірде зауыт күніне 10 тоннадай өнім өндіруде.

 

Ермек Әбдиев, «Kazakhstan Rubber Recycling»  ЖШС директоры  

- 1 ауысымда 15 кісі жұмыс жасайды. Басқарманы қосқанда 25 кісі. Енді тәулік бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін тағы 2 ауысым қосылады. Сол кезде жұмысшылар саны 60 адамға  дейін жетеді.

 

Экологиялық ұйымдардың мәліметінше республика бойынша жылына 300 мың тоннадай шина қалдықтары тасталады екен. Оның өздігінен шіруіне 150 жылдай уақыт қажет. Осы ретте кәсіпорын қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны тазартып, экологиялық ахуалды жақсартуға елеулі үлес қоспақ.

 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ШЫМКЕНТТЕГІ «ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ДА ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРДЫ. ЖІП ИІРЕТІН «ОКСИ ТЕКСТИЛЬ» ФАБРИКАСЫ МАМАНДАРЫН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРЫП, ЖАБДЫҚТАРЫН ТОЛЫҚҚАНДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ. ЖҰМЫСТЫҢ ҚАЙТА БАСТАЛУЫНА «БӘЙТЕРЕК ВЕНЧУР ФАУНД» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ САУЫҚТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАСЫ СЕП БОЛҒАН. АЛ ФАБРИКАНЫҢ ШЫҒАРҒАН ӨНІМІН АЛАТЫН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР КЕЗЕКТЕ ТҰР. ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ. 

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан бұл фабрика 2010-шы жылы ашылғаннан соң түрлі экономикалық тербелістерді бастан өткерді. Мемлекеттің қаржылай көмегімен құрылып, жұмысын енді бастаған кезде шикізаттың бағасы бірден 3 еседей көтеріліп кетіп, оны сатып алу қиындығы туған. Өндірістің адымы кібіртіктеді. 

 

Ниетбек Қанаев, «Oxy Textile» ЖШС директоры 

- Қаржы айналымындағы қиындықтан бұл өндірісті біраз уақыт тоқтатуға мәжбүр болдық. Бұл өндірістің тоқтап тұрғаны Елбасының назарына ілігіп, ол кісі тікелей тапсырма берді, бұл өндірісті іске қосу туралы. Бүгінгі таңда көріп тұрғандарыңыздай, мемлекеттік органдардың қолдауымен бізге айналымдағы қаржы бөлініп, фабрика толығымен жұмысқа кірісіп жатыр.

 

Өткен жылы тамызда фабрикаға қатысты оның қаржылық ахуалын сарапқа салу үшін сыртқы бақылау үрдісі енгізілген болатын. Нәтижесінде күздің кезінде «Бәйтерек» компаниялар тобы кәсіпорынды сауықтырып, қайта іске қосу жолдарының жоспарын мақұлдады. Қиын экономикалық жағдайға тап болған кәсіпорынды мемлекет сыртқа теппей, көмек қолын созуды мақұл көрген.

 

Нұржан Әбішев, «Baiterek venture fund» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

- «Бәйтерек венчур фаунд» қорынан 907,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат біріншіден, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етуге, сосын жабдықтарды жөндеуге мақсатталған. Кезекті 3-5 жылдың ішінде өз қаражатын жинағанша біз қолдау жасаймыз.

 

Сатып алынған мақта талшықтары күзге дейін өндірістің тоқтамай жұмыс істеуіне жетеді. Шикізаттың біраз бөлігі осы жергілікті дихандардың мақтасы. Енді біразын көрші мемлекеттен сатып алған. Фабрикадағы Швейцария, Германия мен Жапонияда жасалған озық технологиялы жабдықтар жіптің өте сапалы екі түрін шығара алады. Қымбат матаны әдетте осында жасалған жіптен тоқиды. Сондықтан да, шетелдік тоқымашылары кәсіпорынның өнімін сатып алуға ынталы болып отыр.

 

Ниетбек Қанаев, «Oxy textile» ЖШС директоры 

- Бүгінгі таңда Италияның «Бенетон» компаниясына өнімдерімізді қойдық. Қазір Қытайдың үлкен мемлекеттік корпорациясымен контракт түзуді тәмамдауға дайынбыз, завершающая стадияда тұр.

 

Фабрика биыл 7,5 мың тоннадай жоғары сапалы жіп шығармақшы. Оған барлық мүмкіндігі келіп тұр. Өндіріс бір ырғаққа түскен. Бұл кәсіпорынның толыққанды жұмыс істегені тек экономикалық емес, әлеуметтік тұрғыдан да облыс үшін маңызы үлкен. 

 

Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары 

- Бұдан кейін еш проблемасыз толық қуаттылығына шығып, жұмыс істейтін болады. Продукция толығымен экспортқа кететін болады. Қазір сатып алушы бар. Айналым қаржысы да бар. Әзірге 90 адам жұмысқа алынды, жақын арада 270 адамға жететін болады. Оған мамандарды дайындап, жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыс орындары қысқарып жатқан кезде маңызды көрсеткіш. Екіншіден, өндіріске, салық базасына өз үлесін тигізетін болады.

 

Фабрикада жіп иіруші болып жұмыс істейтін Лаура Кәрібаева – өзі ұнататын жұмысына қайта келген мамандардың бірі. «Станоктардың сықырлаған дауысы жұмысқа, жіп иіруге деген құлшынысты арттырады», – дейді. 

 

Лаура Кәрібаева, жіп иіруші 

- Өте қуаныштымын. Осы жерде бұрын жұмыс істеп кеткенбіз. Жабылған соң үйде біраз отырып қалдық. Ашылғанына қуандық. Енді осында жұмыс істейміз, тұрақты жұмыс, тұрақты айлық.

 

Бұл кәсіпорынның жұмысы өңірдегі тоқыма кластерін дамыта түсетінін мамандар мақтанышпен айтады. Мақта өсіретін диқандар өнімін қайда, қандай бағамен өткіземін деп басын қатырмайды. Келісіп жатса, «ақ алтынды» жергілікті кәсіпорын алады. Бұл екі жаққа да тиімді сауда. Диқан қымбатқа өткізе алады, ал фабрика сапалы, кепілді шикізатпен қамтылады.

 

ЕЛІМІЗДІҢ МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕЛЕРІНІҢ БІРІ – СЫР ӨҢІРІ. ДЕГЕНМЕН МАМАНДАРДЫҢ ПАЙЫМДАУЫНША АЙМАҚТАҒЫ ҚАРА АЛТЫН ҚОРЫ АЛДАҒЫ 10-15 ЖЫЛҒА ЖЕТЕДІ. БҮГІНГІ ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН БАСТАМАЛАРДЫҢ ӨЗЕГІ ОСЫНДА ЖАТСА КЕРЕК. САН САЛАНЫ СЕРПІЛТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТЫҢ ЖОБАЛАР АЗ ЕМЕС. БІРАҚ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚЫРУАР ҚАРАЖАТТЫ ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНАН БӨЛУ ТИІМСІЗ. ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАТЫН ЖОЛДЫҢ БІРІ – ИНВЕСТИЦИЯНЫ КӨПТЕП ТАРТУ. МЫСАЛ, ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БҰЛ ТҰРҒЫДАН ЕРЕКШЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫ АРҚЫЛЫ 262 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТЕТІГІН ТАПТЫ. АЙМАҚТАҒЫ АЛЫМДЫ БАСТАМАЛАР ТУРАЛЫ НҰРЛАН ЖАҚЫПБЕК ТАРҚАТЫП АЙТАДЫ.  МАМАНДАР ӘРБІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚЫРАҒЫ ҚАДАҒАЛАЙДЫ. ӨЙТКЕНІ БҰЛ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ МЕН ЖАРЫҚ ТАРАТЫН ЖҮРЕГІ. СТАНЦИЯНЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНҒАЛЫ ЖАРТЫ ҒАСЫР АРТТА ҚАЛДЫ. ЖАҢАСЫН САЛМАСА ДА, ТОЛЫҚТАЙ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ. ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК БҰЛ  ЖОБАҒА ҚАЖЕТ ҚЫРУАР ҚАРЖЫНЫҢ КӨЗІН ТАУЫП БЕРДІ.

 

Асқар Бекмағанбетов, «Қызылорда жылу-электр орталығы» МКК директоры

- Жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын болып келісілді. Осы қаражат есебінен қаланың орталықтандырылған ыстық су жүйесі қалпына келтіріледі, кварталаралық жылу желілері жаңартылады, гидравликалық жылу жүйелері жөнделеді.

 

Жаңғырту жұмыстарына салынатын инвестиция көлемі – 37 млн. АҚШ доллары. Қаржының көп бөлігі жылу-электр орталығының негізгі құрылғыларын жаңадан орнатуға жұмсалады.

 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші 

- Жаңғырту жұмыстарынан кейін өндірістік шығын 25 пайызға дейін азайып, жылу қуаттылығы 175 мың ГК жетпек. Ең бастысы, Қызылорда қаласындағы өзекті мәселе шешімін табады. Яғни қызылордалықтар орталықтандырылған ыстық су желісіне қосылатын болады. 

 

Қуат қорын үнемдеу жағы да мамандар назарынан тыс қалмады. Өндірілген энергияны тұтынушыға дейін жеткізетін желілер жаңартылады. Жарық тарату саласындағы кедергілер алдағы 5 жыл межесінде, кезең-кезеңімен жойылады. Бұл салаға 5 миллиард 700 миллион теңге инвестиция тартылды.   

 

Нұрлыбек Төлегенов, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы 

- Қазіргі салада бізде 66 пайыз электр жүйесі ескірген. Сол себептен қаражат бөлініп жатыр. Түбінде жұмыстың бәрі біткеннен кейін 5 жылда элетр энергияның сапасы жоғарылайды, жаңа сапалы электронды счетчиктер қойылады тұтынушыларға.

 

Сыр өңірінің 2020 жылға дейінгі даму жолы айқын, мақсаты анық. Аймақ экономикасын серпілтуге сеп болатын негізгі 5 саланы өрлету керек. Олар – тау-кен өндірісі, туризм, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс және энергетика.  Бұл ретте қолға алынған нақты инвестициялық жобалардың маңызы зор. Атап айтсақ, «Шалқия» кенішінде кен байыту комбинатын салу, ферроқорытпа зауыты және жылына 197 мың тонна өнім өндіретін шыны зауыты өңірдің өндірісін өрге сүйреу үшін қажет.

 

Наталья Годунова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары 

- Облыс әкімдігі халықаралық қаржы корпорацияларымен меморандум жасасты. Қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен тығыз қарым-қатынас орнатып, құны 63 млрд теңгенің 8 жобасын бастап кеттік. Сондай-ақ биыл Ислам даму банкімен де бірқатар нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін келісімдер жүргзіп жатырмыз.

 

Джанет Хэкман, Еуропалық қайта құру және даму банкінің қазақстан бойынша  директоры  

- Қызылорда облысымен әріптестік құрғанымызға қуаныштымын. Бұл өңірде барлығы 8 жоба жасалып, оның 7-еуі инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталды. Бүгінгі күні 5 жобаға қаржы бөліп отырмыз. Және алдағы уақытта да әріптестігіміз нығая түсеріне сенім білдіремін.

 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші 

- Халықаралық қаржы институттарының қолдауымен Қызылорда өңіріндегі көп деген мәселенің күрмеуін келтіру мүмкін болды. Ең бастысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал тигізгені анық. Өткен жылы Сыр өңіріне 262 млрд теңгенің инвестициясы тартылса, биыл бұл көрсеткіш 300 млрд теңгеге шамаласады деген болжам бар.

 

-ЕРТЕҢ  ЕЛІМІЗДЕ ФУТБОЛ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ. «АСТАНА-АРЕНАДА» ЕЛ ЧЕМПИОНЫ «АСТАНА» МЕН КУБОК ИЕГЕРІ «ҚАЙРАТ» СУПЕРКУБОКТЫ САРАПҚА САЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ЭКСКЛЮЗИВТІ МАТЕРИАЛДЫ МАЧТАН СОҢ ЕРТЕҢ САҒАТ 21.00-ДЕ ЭФИРГЕ ШЫҒАТЫН «ЖЕТІ КҮН» БАҒДАРЛАМАСЫНАН  КӨРІҢІЗДЕР

 

ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!