ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Жетi күн» 29.11.2014

«Жетi күн» 29.11.2014

ЖҮРГІЗУШІ:

-«ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕН НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН АПТАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ. АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

«ЧЕХИЯ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҢЫЗДЫ СЕРІКТЕСІ, БІЗ БҰЛ МЕМЛЕКЕТ АРҚЫЛЫ ЕУРОПАМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗГІМІЗ КЕЛЕДІ». ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕЛІМІЗГЕ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛГЕН ЧЕХИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МИЛОШ ЗЕМАНМЕН КЕЗДЕСТІ.

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ӨЗАРА ТАУАР АЙНАЛЫМЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСТІ. ӘСІРЕСЕ ЧЕХ МАШИНА ЖАСАУ ӨНІМДЕРІНІҢ ИМПОРТЫ АРТТЫ. БЫЛТЫР ОНЫҢ КӨЛЕМІ 450 МИЛЛИОН ДОЛЛАРДЫ ЕҢСЕРГЕН. ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНЕ АЯҚ БАСҚАНЫН ЖӘНЕ БҰҒАН ҚОМАҚТЫ ҚАРАЖАТ БӨЛІНГЕНІН АЙТТЫ ЕЛБАСЫ. «МЕНІҢ ЖАҢА ЖОЛДАУЫМА СӘЙКЕС, - ДЕДІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, - БІЗ РЕСПУБЛИКАДА АУҚЫМДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫҚ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДІҢ ЖАҚСЫ АЛҒЫШАРТТАРЫ БАР». АЛ ЧЕХИЯ ПРЕЗИДЕНТІ МИЛОШ ЗЕМАН БОЛСА «ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ СЕРІКТЕС» ДЕП АТАП, БІР КЕЗДЕРІ «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒАЖАЙЫП» КӨРСЕТКЕН ГЕРМАНИЯ, ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ СЕКІЛДІ ЕЛДЕРМЕН САЛЫСТЫРДЫ.

Еуроодақтың құрамында қазір 28 ел болса, солардың арасында мойны озып тұрған мемлекеттік бірі осы – Чехия. Бұл елмен достық қарым-қатынасымыз орнағалы 22 жылдың жүзі ауыпты. Бүгінде машина жасау, дәрі-дәрмек шығару, құрылыс сынды бірқатар салада 2 ел азаматтары кәсіптерін бірлесіп дөңгелетуде. Әрине, ынтымақтастыққа қазық болар тың бағыттар да бар. Милош Земан соларға түрен салсақ деген ниетімен келіпті. Әріптестіктің көкжиегін кеңейтуге Қазақстан да құлықты. Бірақ Прагаға қарағанда, Астана ширақ қимылдады. Екі жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Чехияға ресми сапармен барып, денсаулық сақтау, медицина ғылымы және әскери саланы қамтитын бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізген-ді. Нәтижесінде 2 ел арасындағы алыс-беріс осы аралықта екі есе артты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я вас приветствую в Казахстане. Мы очень рады, что вы посещаете нас. О вашей стране в Казахстане самые добрые впечатления, отношения, у наших стран есть общий взгляд на развитие событий мировых. Чехия является для нас торговым партнером в Европе, экономика развивается, более 70 совместных предприятий работает, автомобили ШКОДА у нас собираются, это один из хороший пунктов сотрудничества нашего. У нас много возможностей развить эти отношения.

Бұл жолғы кездесуде де Мемлекет басшылары іскерлік байланысты тереңдетуге басымдық берді. Әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайдың өзі тараптарды осыған мәжбүрлеп отыр. Өндіріске бет бұрған Қазақстан индустриясы дамыған елден инвесторлар тартуға талпынуда. Чехия кәсіпкерлері де біздің нарыққа келуге кет әрі емес.

 Милош Земан, Чехия Республикасының Президенті

-Мен өткен айда Қытайда іссапармен болдым. Аспан асты елінің экономикалық өсімі қазір 7 пайыз көлемінде екен. Жас мемлекет болса да, Қазақстан дәл осындай көрсеткішпен дамып келеді. Сондықтан сіздердің нарықтарыңыз біз үшін тартымды. 

Чехия – посткоммунистік елдер арасындағы экономикалық дамуы қарқынды мемлекеттің бірі. Елдің негізгі кірісі өнеркәсіп саласынан құралады. Әсіресе энергетика, металлургия, химия өнімдері мен азық-түлік сатуда чехиялықтар алдына жан салмайды. Қазақстаннан бұл ел мұнай-газ өнімдері мен сары фосфор сатып алады. Металымызға да сұраныстары жоғары.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазір Қазақстанда Чехия іскер топтарының саны өсіп келеді. Бұл жақсы үрдіс. Денсаулық сақтау, фармацевтика, машина жасау, құрылыс салаларында 70-тен астам компания жұмыс істеп жатыр. Қазақстан чех іскерлерін Индустрия бағдарламасына қатысуға шақырады. Біздің елдеріміз өзара тиімді байланыстарын арттыруына мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде біздің сауда-саттығымыз 1 млрд доллардан асты. Биылдың өзінде сондай өсім бар.

 Милош Земан, Чехия Республикасының Президенті

-Жақында еліміздің Үкіметі ынтымақтастықты нығайтуға ерекше еппен берілетін мемлекеттердің арнайы тізімін әзірледі. Онда Орталық Азия елдерінің арасынан Қазақстан таңдап алынды. Алдағы уақытта біз осы стратегиялық әрі ұзақ мерзімге арналған құжаттағы елдермен серіктестікті тереңдетуге басымдық береміз.

Бұл тізімге Қазақстан кездейсоқ кіргізілген жоқ, әрине. Жылдан-жылға артып келе жатқан өзара байланыс негіз болды. Былтырдың өзінде Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-саттық көлемі жарты млрд долларға жақындады. Әсіресе машина жасау саласындағы айналым ауқымды. Күні бүгінге дейін Қазақстан зауыттарында Чехияның 15 мың дана «Шкода» автокөлігі құралды. Келер жылдан бастап жылына осындай маркалы 8 мың машина шығару жоспарланып отыр. 

Милош Земан, Чехия Республикасының Президенті

-Екі ел арасындағы тауар айналымы артып келеді. Енді біз Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестициялардың көлемін көбейтуге басымдық беруіміз керек. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 200 чех фирмалары нәтижелі қызмет етуде. Менімен Чехияның тағы 85 кәсіпкері еріп келді.

Чехияның іскер азаматтары біздің нарыққа бекерден-бекер талпынып жүрген жоқ. Қазақстанда инвесторларды 10 жылға дейін салықтан босатады. Қала берді инфрақұрылым салу, шығындарын жабу дегенде мемлекеттің жәрдемге келетіні тағы бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы богатая страна по нефти, газу, металлам, углю и так далее, но мы хотим построить пользуясь этим вторую экономику, не зависящую от ресурсов и здесь чешские компании могут нам помочь очень сильно. А для этого мы создаем исключительные преференции. Я считаю во время приехали чешские деловые люди, которые могут договориться и вместе работать.

Милош Земан, Чехия Республикасының Президенті

-Мен Қазақстанда осыдан 12 жыл бұрын болғанмын. Ол кезде Чехия  Үкіметінің төрағасы едім. Сол уақытпен салыстырғанда, Қазақстан керемет жетістіктерге жетті. Мұны бүгінгі Астананың ерекше келбетіне қарап-ақ байқауға болады. Нұрсұлтан Назарбаев мені Астананың 2050 жылға дейінгі даму жоспарымен таныстырды. Сөз жоқ. Президенттеріңіздің тәжірибесі мен халықтарыңыздың еңбекқорлығының арқасында сіздер таяу жылдары әлемдегі ең ірі ойыншылардың біріне айналатындықтарыңызға еш күмәнім жоқ.

Күн тәртібінде Президенттер шетаймақтардағы, әсіресе Таяу Шығыс пен Украинадағы шиеленістер төңірегінде пікір алмасты. Ресей мен Еуроодақ арасындағы текетірестерге қатысты ойларымен бөлісті. Бұл тұста Нұрсұлтан Назарбаев пен Милош Земанның көзқарасы 100 пайызға бірдей. Мемлекет басшылары екі ел арасында салынған сүрлеуді соқпаққа айналдыруды көздейді. Осы мақсатта визалық режимді жеңілдетуге күш салып жатыр. Бұл екі елдің іскер топтарына ғана емес, өзара тәжірибе алмасып, білім алып жүрген жастар үшін де «тілегенге – сұраған» болар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біз үшін Еуропалық одақтың белді мүшесі саналатын Чехия елінің Қазақстанға тигізетін жақсылығы көп болады деп санаймын. Себебі көлік байланысы арқылы Еуропаға шығу жолға қойылды. Чехияда 2000-нан астам студент білім алуда. Қазақстанның туристері көп қарым-қатынас жасайды. Сондықтан авиа көлік, темір жол, автомобиль жолдары арқылы қатынасымызды жақсарту өте маңызды.

Первый мороз этого года как раз случился сегодня. Мы извиняемся господин Президент.

Күн райының күрт салқындағанына қарамастан Ақордадағы кездесу жылы шырай, жайлы жағдайда өтті. Екі ел басшылары екіжақты байланысты мейлінше тереңдетуге келісті. Нақты қай салаларға басымдық берілетіндігі Президенттердің қатысуымен өткен Қазақстан-Чехия бизнес-форумында мәлім болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я понимаю чешские компании который хотят продать свою продукцию. Мы предлагаем переносить свое производство к нам. Построить ваши заводы пренадлежащие вам например, сборку грузового автомобиля можно делать здесь. Так делают сельскохозяйственные комбайны которые производить комбайны для уборки пшеницы немецкие, американский компании. Это касается и оборонного предприятия, которые могли перенести свои предприятии к нам и начинать производить свою продукцию здесь получаю прибыль и завоевывая рынок.

Милош Земан, Чехия Республикасының Президент

-Я рад, что здесь 200 предприятий чешских, которые теперь имеют свои корни глубоко в казахской почве. Не забудьте, что чешское пиво наилучшее пиво в мире. И никакая американская конкуренция, которые предлагают какую-то грязную воду вместо пиво, с нами не может конкурировать.

- немецкое?

- немецкое также нет, Господин Президент.

- значит есть у нас множество продуктов, которые мы можем предложить.

Форумға энергетика, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін жиын саны 70 чех компаниясы қатысты. Біздің кәсіпкерлер де осы шамалас. Келіссөздер нәтижесінде тараптар жалпы құны 500 млн доллар болатын 13 келісімді бекітті.

Ростислав Жоудлик, «Фанс» компаниясының басқарма төрағасы

-Біз 1998 жылдан бері Чехиядан Қазақстанға жел, жылу және гидростанцияларға арналған құрылғыларды тасымалдаумен айналысамыз. Соңғы жылдары қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп құрылғыларды шығаратын кәсіпорындарымызды Қазақстанға салу жайын ойлап жүрміз. Сіздердің елдеріңіз 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізгелі жатыр. Таңдап алынған тақырып – жасыл экономика. Сондықтан Қазақстанда біздің кәсібіміздің тасы өрге домалайтынына еш күмәніміз жоқ.

Карели Карш, «Bauer technics» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі

-Біз Қарағанды облысында 1350 бас асыл тұқымды шошқаға арналған селекциялық-гибридтік орталық салатын боламыз. Келісім бойынша компаниямыз орталықты салуға қажет қаржыны, соңғы үлгідегі технологияны түгелдей Чехиядан әкеледі. Қазақстандағы инвесторларға жасалатын жеңілдіктер, әсіресе инфрақұрылым салып беру секілді мемлекеттің жәрдемі жобамыздың өзіндік құнын әлдеқайда төмендетеді. Нәтижесінде елдеріңіз алдағы екі-үш жылдың орайында импортқа тәуелділіктен мүлде арылады.

Нәтижелі келіссөздер соңында Чехия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми сапармен өз еліне шақырды. Есесіне 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне міндетті түрде қатысуға уәде берді.

Авторлары: Бауыржан Бақытбекұлы, Айдос Меделбек, Хасен Омарқұлов, Айдос Омарғалиев

 ЖҮРГІЗУШІ:

-ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА САУДАНЫҢ ОРНЫҚТЫ ӨСІМІ БАЙҚАЛАДЫ. ЕЛІМІЗГЕ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛГЕН ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ИСЛАМ КӘРІМОВПЕН КЕЗДЕСУ КЕЗІНДЕ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОСЫҒАН НАЗАР АУДАРДЫ. 2005 ЖЫЛДАН БЕРІ 2 ЕЛДІҢ ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 4 ЕСЕГЕ ӨСКЕН. БҰЛ ЕҢ ӘУЕЛІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫМЕН, СОНДАЙ-АҚ ӨҢІРДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЫҒАЮЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ ӘРІ ТҮРЛІ БАҒЫТТА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДІ ҚАЛАЙДЫ. ӨЗБЕК АҒАЙЫН ДА ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ МҮДДЕЛІ. ӘСІРЕСЕ ӘЛЕМ ҚАЗІРГІДЕЙ ӘРІ-СӘРІ КҮЙ КЕШІП ОТЫРҒАН ТҰСТА, ЖАҚЫН ЖАТҚАН КӨРШІЛЕРДІҢ БІР-БІРІНЕ АРҚА СҮЙЕУІ -  ЗАҢДЫЛЫҚ. ИСЛАМ КӘРІМОВ: «БІЗ ӘРДАЙЫМ БІР-БІРІМІЗГЕ КӨМЕККЕ КЕЛДІК» ДЕЙ КЕЛЕ, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЗОР ҚҰРМЕТІН БІЛДІРДІ. ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА ЖИІ КЕЗДЕСІП ТҰРУДЫ ҰСЫНДЫ.

Бұл Ислам Кәрімовтың соңғы 3 жылдағы Қазақстанға екінші сапары. 2012 жылы Ақордаға ат терлетіп келген өзбек басшысы стратегиялық әріптесімен өткенге көз жүгіртіп, ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындауға қайта келді. Батыс мемлекеттерге қағаранда, Қазақ елімен достық әлдеқайда бекем. Статистикаға сүйенсек, соңғы 9 жылдың ішінде Еуропаға бар-жоғы 2 рет қана барған екен. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барыс-келістің көбейгені қуантады, әрине. Тарихы тамырлас, халқы бауырлас елдердің ынтымағын арттыру бұл сапардың да мақсаты. Қос көшбасшы саясат, экономика мен гуманитарлық әріптестіктің сан саласы бойынша пікір алмасты. Бастысы екі ел арасында түсініспеушіліктер жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я считаю между Казахстаном и Узбекистаном, никаких нерешенных проблем нет. Мы их всегда снимаем, я с большим удовольствием вас принимаю. Думаю весь Казахстан следит за нашими переговорами, потому что позиции и взаимная работа двух стран зависит стабильность и развитие всего нашего региона.

Бұл кездесу Елбасының 2013 жылы Ташкентке жасаған сапарының жалғасы іспеттес. Дәл сол сапарда 2 ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт қабылданды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл құжатқа әлемде түрлі үдерістер болып жатқан жағдайда дәл бүгінгідей мән бермегенін айтты Ислам Кәрімов. Бүгін оның өзектілігі айтарлықтай артып отыр.

Ислам Кәрімов, Өзбекстан Республикасының Президенті

-Я говорю, есть в мире люди, которые с годами становятся мудрее, а я так думаю, что, Нурсултан Абишевич, хочу сделать Вам комплимент, есть люди, которым просто еще с юных лет и с детства им Аллах дает мудрость. Приходится еще раз признать, я бы сказал, его далеко идущие взгляды и его уверенность, что именно в прошлом году надо было подписать этот документ.

Әлемдік қаржылық қиындықтарға қарамастан, екі елдің алыс-берісі де қарқын алып келеді. 2005 жылдан бері сауда-саттық 4 есеге өсіп, былтыр 2 млрд долларды еңсерді. Алдыңғы қабылданған келісімдердің жемісі болса керек. Тараптар мұнымен шектелмек емес. Елбасының пікірінше, әлі де сауда-саттықты көбейтетін әлеует жеткілікті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Считаю, что нашими странами еще не полностью используется экономический потенциал. Номенклатура товаров очень узкая, поэтому Межправительственной комиссии и нашим правительствам необходимо провести работу над увеличением объема торговли. Это выгодно обоим государствам, короткое плечо, поэтому на очень выгодных условиях мы можем торговать, и мы знаем, что есть номенклатура товаров.

Өзбек басшысы төңіректегі түйткілдерге ұзақ тоқталды. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанға алдыңғы сапары кезінде су мәселесін көтерген болатын. Бұл тақырып тағы да қозғалды. Тәжікстан және Қырғыстанмен қатынасы қиын көршінің. Онда салынып жатқан Рогун және Қамбарата су электр санцияларының құрылысына Амудария мен Сырдарияның төменгі сағасында жатқан Өзбекстан, Қазақстан мен Түркіменстан қарсы. Мұндай ірі бекеттердің бой көтеруі су тапшылығына әкелуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Астана бұл мәселенің ретін тауып шеше алады.

Ислам Кәрімов, Өзбекстан Республикасының Президенті

-Мы подтвердили единую позицию в отношении строительства новых гидротехнических сооружений в верховьях рек Сырдарья и Амударья. Которое должно осуществляться строго в соответствии с общепризнанными нормами международного права и конвенции ООН. И при обязательном согласии со всеми странами, которые находятся в низовьях этих рек.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де ортаға салды. Дағдарыстың жаңа толқындары өз алдына, Ислам Кәрімов Ауғанстаннан әскерилерді жаппай шығару азамат соғысының басталуына түрткі болуы мүмкін деген пікірде. Өзбекстан Президенті исламшыл фанаттық күштердің барынша күшейіп кетуінен қауіптенеді. Бұл орайда халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы бірлесіп қарсы тұру да маңызды болып қала беретінін айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Көпсалалы мәселелер жөнінде біз келіссөздер жүргіздік. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Елдеріміздің өзара байланысын жаңа сатыға, деңгейге көтеру жөнінде пікір алмастық. Өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылықты сақтауға қатысты негізгі жайттар әңгіменің арқауы болды.

Өңірлік тұрақтылыққа алаңдаушылық пен ел алдындағы жауапкершілікті екі Президент те сезінеді. Сондықтан өзбек басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жиі кездесіп тұруды ұсынды.

Ислам Кәрімов, Өзбекстан Республикасының Президенті

-Если мы с Нурсултаном Абишевичем не можем встречаться именно в этот период нас просто не поймут. Памятник Абаю который мы вместе открывали совсем недавно в центре Ташкента он смотрит на нас и спрашивает мысленно а что вы друзья делаете для того что бы народы Казахстана, прежде всего казахи и узбеки чувствовали себя спокойно.

Өзбекстан Президентінің сапары мұнымен шектелмеді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов Тұңғыш Президент кітапханасында болды. Елбасы мәртебелі мейманға Астананың көрікті ғимаратын аралатып, оның құндылықтарымен таныстырды.

ЖҮРГІЗУШІ:

-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚОРДАДА РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СЕРГЕЙ НАРЫШКИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУДЕ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. ТАРАПТАР ЕКІ ЕЛДІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТТІ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА ТОҚТАЛДЫ.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Интеграция начинает наша работать с 1 января ЕАЭС. Отношения с Россией развиваются, трудности в Евразийском союзе, в торговле конечно есть. В связи со снижением всех экспортных, импортных товаров наших, но это не проблема. Объемы все равно растут. Интеграция – торговля растет. Взаимодействие растет. И так что мы идем вперед.

 Сергей Нарышкин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы

-Астанаға «Президент. Парламент. Интеграция» атты конференцияға қатысу үшін келдім. Бұл елдеріміздің қазіргі негізгі бағдары, біздің болашағымыз. Мұның Сіздің идеяңыз екенін, 1994 жылы ММУ-де оқыған дәрісіңіз кезінде ТМД елдерінің нақ осындай геосаяси жолын Сіздің белгілеп бергеніңізді біз ұмытпаймыз және бағалаймыз.

 ЖҮРГІЗУШІ:

-АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ. НҰРТАЙ ӘБІҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТКЕ КОМИТЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖҰМЫСЫ МЕН АЛДАҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ СИРИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚИМЫЛДАРҒА ҚАТЫСУ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ ТҰТАСТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАҢКЕСТІК ПЕН ЭКСТРЕМИЗМ ҚАТЕРЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ТҰРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ. КЕЗДЕСУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕЛБАСЫ БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ.

 ЖҮРГІЗУШІ:

-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ, ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ТАРИХИ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ АЙРЫҚША ҚҰРМЕТТЕЙДІ. ОЛ  АЛЫСТЫ БОЛЖАЙТЫН КЕМЕҢГЕР ӘРІ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҚТАУШЫСЫ. ЕСІМІ ТҰТАСТАЙ БІР МЕМЛЕКЕТТІ ҚҰРУ ТАРИХЫМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛҒАН САНАУЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БІРІ. ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕҢБЕГІ ОРАСАН. ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС УАҚЫТЫНДА ЖАҺАНДЫҚ САЯСАТКЕР ТАҒЫ БІР ҚАСИЕТІМЕН ДАРАЛАНДЫ. СЫНДАРЛЫ СӘТТЕРДЕН САБАҚ АЛАТЫН, ҚИЫН-ҚЫСТАУ КЕЗЕҢДЕ ТОСЫЛЫП ҚАЛМАЙ, ҚАЙТА ЖАҢАША БАТЫЛ ҚАДАМҒА БАСТАЙТЫН КЕМЕҢГЕРЛІГІН ТАНЫТТЫ. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МӘЖІЛІСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ БАСТАМАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ. ЖИЫНҒА ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ, БЕЛАРУСЬ, СОНДАЙ-АҚ ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТШІЛЕРІ МЕН  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯДАҒЫ БЕЛГІЛІ САРАПШЫЛАР  ҚАТЫСТЫ. 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші

-Қазақтан шыққан кемеңгер басшының тұлғалық тұғырға көтерілу жолында ерен еңбек пен ғасырларға бергісіз тарихи қадамдар мен бетбұрыстар жатыр. Әлеуметтік-экономиканың қарқынды дамуын айтпағанның өзінде сыртқы байланыстағы жетістіктері орасан. Көп векторлық саясатты ұстанған Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ұйымдардың құрылуына бастамашы болды. Соның негізінде Қазақстан ғана емес, Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің қамтылуына жол салды. 

Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық сындарлы саясатының нәтижесінде ең бірінші кезекте Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырды. Ядролық қарудан бас тартып, әлемді қарусыздануға шақырған тарихи шешімі халықаралық деңгейде резонанс тудырды.

Сухроб Шарипов, Тәжікстан Ұлттық Парламенті Мәжілісінің комитет мүшесі

-Қазақстанның дамуы мемлекет қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен шиеленістерді шешу және мақсаттарға қол жеткізу бастамаларын зерделеуге айрықша мүмкіндік береді. Тәжікстанмен салыстыруға келмейді, әрине.   Қазақстан халқы бейбітшілікті жақтайтындығымен ерекшеленеді.

Марат Сұлтанов, Қырғызстан Жогорку Кенешінің комитет мүшесі 

-2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға келіп, айтулы кездесулер өткізді. Сөйтіп сол кездегі дағдарыстан шығу жолдары нақтыланды. Бұл  біздің ел үшін үлкен көмек әрі үлгі дер едім. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғана емес, ТМД көлеміндегі көшбасшылардың бірі. Бейбітшілік пен конфессияларды жақындатуға қосқан үлесін сараласам Махатма Ганди идеяларымен үндес тұлға екендігін айтқым келеді. 

Николай Самосейко, Белоруссия Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының комиссия төрағасы

-Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты біздің елдің сарапшылары мен парламентарийлері өте жақсы біледі. Ал халық арасында мынадай пікір бар.  Олар Назарбаевты алдағы қадамын күн ілгері болжайтын тұлға ретінде бағалайды. Мен мұны толық құптар едім.

Алысты болжайтын жаһандық саясаткер әлемдік дағдарыс уақытында да дағдарып қалмады. Уақыт көшімен ілесе келген сын-қатерді жоюда даму траекториясын жаңылмай таба білді.  Және бұл шараларды ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен қоса қабат еңсеруге кірісті.

Қабиболла Жақып, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

-Негізгі мақсаты біздің мемлекетімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Президент үстіміздегі жылы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Оларды тиімді іске асыру еліміздің одан әрі дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық экономиканың алдына жаңа кең көлемде мүмкіндіктер ашатындығы күмәнсіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

-Бұл стратегиялық құжат халықаралық мәнге ие. Меніңше, оны ғаламдық тұрақсыздық жағдайындағы кешенді реформалар жоспары деп қабылдаған жөн. Қазақстандағы жетістіктерді тарихи тұлға, ғаламдық дәрежедегі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Президенттік институтпен байланыстырады. Президенттік биліктің мықты болуының нәтижесінде экономикалық және саяси реформалар сәтті жүзеге асырылды. Табысты, мықты әрі беделді мемлекет қалыптасты. Басқарудың Президенттік формасы әлемдік қаржылай дағдарыс кезеңінде оңтайлылығын көрсетті. 

Елбасының Еуразиялық Экономикалық Одақ құру идеясы – халықаралық интеграцияны көш ілгері дамытудағы айтулы бастама болды. Еуразия кеңістігіндегі елдер үшін маңызы айрықша жоба келер жылы өз жұмысын бастайды. 

Николай Самосейко, Белоруссия Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының комиссия төрағасы

-Біз осындай үлкен ауқымдағы интеграциялық байланысты қалыптастыруда кеш қалған жоқпыз ба? Бізден көбіне осыны сұрайды. Мен сенімді түрде айта аламын. Қазақстан Президенті көтерген бұл идея нақты формасын табуы керек болатын. Бүгінде Ресей және Беларусь осы ортақ мүддеге тоғысты. Ендігі кезекте Армения мен Қырғызстан бар. Олар интеграциялық бірлестіктің тиімділігін түсінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

-ЕАЭО кезең-кезеңімен дамуы керек. Ешбір серпіліссіз алға жылжуы қажет. Олай етпеген жағдайда ең басты міндеттерді бұрмалап алуымыз мүмкін.  Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен өз қатысушылары, сондай-ақ оған көз тігіп отырған өзге мемлекеттер үшін барынша тартымды ұйым болуы қажет. Барлық уағдаластықтар бәтуалық сипатта, ортақ келісімімен атқарылуы шарт.

Сергей Нарышкин, Ресей Федерациясы мемлекеттік Думасының төрағасы

-Әрине, Одақтың құрылуымен іс бітпейді. Керісінше үнемі ізденісті талап етеді. Кедергілерді жойып, бизнес пен өзара сауда-саттықтың дамуына барынша қолайлы мүмкіндік тудыру бір мәселе. Екінші жағынан қажетті институттарды қалыптастыру міндет.  Алдағы уақытта Парламентаралық ынтымақтастықты арттыруды ұсынамын. Интеграциялық байланыста маңызы зор деген бағдарламаларды бекітуде бірлесе жұмыс жасау тиімді.

Стивен ТуллБҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі 

-Қазақстанда Парламенттік институттың қалыптасуы мен дамуы деңгейі жоғары дәрежеде. Парламент – демократияның сипаты. Сол арқылы мемлекеттік басқару, экономикалық институтты жетілдіру сапалы жүргізіледі. Мен Парламент пен өзге мемлекеттік құрылымдар елдің әрі қарайғы дамуы үшін бар мүмкіндіктерді жасайтындығына сенемін.

Әлемді мойындатқан Нұрсұлтан Әбішұлындай Президенті бар, Елбасының биік мақсаттарын қолдайтын қаумалаған халқы бар елдің келешегі кемел. Келелі жиында айтылған пікірлердің түйіні осыған саяды.

ЖҮРГІЗУШІ:

-1991 ЖЫЛ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ САЙЛАУДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 98,7 ПАЙЫЗ ДАУЫС ЖИНАДЫ. МІНЕ, ОСЫ СӘТТЕН БАСТАП ҚАЛЫПТАСҚАН ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ӨЗІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ДӘЛЕЛДЕП КЕЛЕДІ.

Қазір айтуға оңай болғанымен, ол уақыт шынында да алмағайып кезең еді. Кеңес Одағы ыдырап, экономикалық байланыстар үзілді, оның үстіне билік арасында тартыстар жүріп жатты. 1993 жылғы Конституция Мемлекет басшысының өкілеттілігін біршама кеңейтті, алайда Жоғары Кеңеспен арадағы қарым-қатынас қарама-қайшылықтарға тап болды. 1995 жылғы, яғни қазіргі қолданыстағы Конституция Президенттік институттың іргесін нығайтты. Ал бұл егемен елдің биік белестерді бағындыруының бастауына айналды. Егер тарихқа көз жүгіртсек, Президенттік билік әлемнің 140-тан астам елінде бар екенін екенін көреміз. Тұңғыш рет Президент лауазымы АҚШ-та пайда болды. Содан бері әлемде солтүстікамерикалық, латынамерикалық, еуропалық, афро-азиялық үлгілері қалыптасты. Қазақстанда да осы тәуелсіздік жылдары Президенттік биліктің өзіне тән  моделі құрылды. Өтпелі кезеңде стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешімдер қабылданғанын қазір аңғаруға болады.  Қазақстанның әрбір жетістігі күшті Президенттік биліктің дамуымен тікелей байланысты.

ЖҮРГІЗУШІ:

-«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ӨМІРБАЯН». БЕРЛИНДЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВТІҢ ОСЫ ТУЫНДЫСЫ НЕМІС ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ӨМІРБАЯНЫ ӨРНЕКТЕЛГЕН ТУЫНДЫ НЕМІС ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ ОҢ БАҒАСЫНА ИЕ БОЛДЫ. ЕЛБАСЫНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ, БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ БЕДЕРЛЕНГЕН ҚҰНДЫ ДҮНИЕ БҰҒАН ҚОСА ОРЫС, АҒЫЛШЫН, АРАБ ЖӘНЕ МАЖАР ТІЛДЕРІНЕ ТӘРЖІМАЛАНҒАН. АВТОРДЫҢ КІТАБЫ ОСЫДАН 2 ЖЫЛ БҰРЫН БАСЫЛҒАН ЕДІ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІТІМГЕРЛІК БОЛМЫСЫ, ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚЫРЫ АРҚАУ БОЛҒАН ЖАЗБАНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІНЕ НЕМІС ЖҰРТЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Михаэль Глос, Германияның бұрынғы экономика министрі 

-Өте керемет жазылған кітап. Қазақстанның қарқынды дамуы, әлемге танылуы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы. Болашақта да Германияда Назарбаевтың Қазақстан үшін жасаған еңбегі айтыла беретін болады. Бір кездері экономика министрі ретінде Қазақстанға барғаным есімде. Сол кезден бастап екі ел арасында тығыз байланыс орнай бастады.

Михаэль-Андреас Буц, публицист

-Президент Нұрсұлтан Назарбаев шынымен ұлы адам. Оның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосуының өзін атап өтсек болады. Мұнда жиналуымыздың өзі аса маңызды. Екі елдің арасындағы қатынас өте жақсы. Сондықтан өзімізге жақын ел жайында көбірек білуге тырысамыз. Бұған бүгін тұсауын кескен кітап көмектесері сөзсіз.

Махмұд Қасымбеков, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы

-Мен енді Елбасының қолынан шыққан құжаттар, сосын күнделікті болып жатқан жұмыс кестесінен, осының бәрімен таныспын ғой. Солардың барлығын жинастырып келіп, соңғы 5-6 жылда осы жұмысқа кіріскен болатынмын. Елбасының жеке басының қасиеттерін айтар болсақ, ол кісінің өте үлкен еңбеккершілігінде, еңбектен жалықпайды. Ұдайы, үлкен ізденіс үстінде. Сосын жаңалықтан қашпайды, бір жерде бір жаңалық барын естісе, сол жаңалықты іздеп, тауып, Қазақстанның жағдайына сәйкес келетін жақтары болса соны міндетті түрде іске асыруға қолдануға тырысады.

ЖҮРГІЗУШІ:

-СУРЕТ. ОЛ ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІ ҒАНА ЕМЕС, ӨНЕГЕНІҢ ӨЗІ. НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫНЫҢ МЫНА СУРЕТІН КӨРЕ ОТЫРЫП СОЛАЙ ДЕУГЕ ТОЛЫҚ ҚАҚЫМЫЗ БАР. ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАРАП ҚАНШАМА АДАМ ШАҢҒЫ СПОРТЫН ЖАНЫНА СЕРІК ЕТІП ЖҮР БҮГІНДЕ. БОЙЫҢА ҚАН ОЙНАТЫП, ЖҮРЕГІҢЕ ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАР БҰЛ ФОТО ШЫМБҰЛАҚ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНДА ТҮСІРІЛІПТІ. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ФОТОЛАРДЫ ИНСТАГРАМ ЖЕЛІСІНДЕ ЖАРИЯЛАДЫ.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ШАҢҒЫДАН БӨЛЕК, ВОЛЕЙБОЛ, ТЕННИС, СУҒА ЖҮЗУ СПОРТЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫНЫН БІЛЕМІЗ. 1999 ЖЫЛЫ ТҮСІРІЛГЕН МЫНА СУРЕТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛ ДОБЫН ҚҰЛАШТАЙ СОҚҚАН СӘТІ ОБЬЕКТИВКЕ СӘТТІ ІЛІНІПТІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕГІ КӨРІНІС.

1998 ЖЫЛ. АСТАНА. ЕЛДІҢ ОРДАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА ЕНДІ ТІГІЛГЕН ЖЫЛ. ЖӨРГЕКТЕ ӘЛДИГЕ ЖАРЫҒАН, ҚАНЫНА ӨНЕР ДАРЫҒАН НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫНЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚАРА ДОМБЫРАНЫ КҮМБІРЛЕТІП, ҚОНАҚКӘДЕ ЖАСАҒАН КЕЗІ. ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ МҰНАН ӨЗГЕ ДЕ ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ  СУРЕТТЕРІН ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ «ИНСТАГРАМНАН» КӨРЕ АЛАСЫЗДАР.

ЖҮРГІЗУШІ:

-ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БӨЛІНЕТІН МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ. ЕЛБАСЫНЫҢ ӨЗІ ҚҰРҒАН АРНАЙЫ КОМИССИЯ ӘР ТЕҢГЕНІҢ СҰРАУЫН БАЯНДАП ОТЫРАДЫ.

Мемлекет басшысы осы жауапты жұмысқа «Нұр Отанның» да атсалысып, барлық деңгейде партиялық бақылау орнатуын тапсырды. Партия белсенділері бұл міндетті орындауға қазірден бастап кірісіп кетті. Алдағы уақытта Мәжілісте 4 депутаттық топ құрылмақ. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау нұротандықтардың есепті конференцияларындағы басты тақырыпқа айналды. 100-ден астам басқосуда талқыланды. 241 есептік-сайлау конференциясына 800 мыңдай белсенді қатысты. Оған аға буын өкілдерінен бастап жастарға дейін түгелімен атсалысып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Ортақ байлам – халыққа берген уәделердің толық орындалуына жұмыла қолдау көрсету. Қарағандыдағы жиынға фракция жетекшісі, Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева, ал Шығыс Қазақстан мен  Алматы облыстық және Астана қалалық бөлімшелердің есептік конференцияларына партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі

-Жолдау өте дер кезінде жасалды. Онда қойылған міндеттердің қисыны мен тізбектілігі Мемлекет басшысының қазіргі экономикалық және геосаяси процестерді терең түсініп, пайымдауына негізделген. Бірақ ең бастысы бұл біздің әрбірімізге жүктелген оразан зор жауапкершілік.

 Атсалим Идигов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

-Біз біріншіден, мықты болуымыз керек. Бөлінбей, бір халық, бір ел, бір мемлекет, Президентіміз бір. Сол Президенттің қасына топтасып, біз мына осы «Нұрлы жол» деп атап айтып кетті ғой, сол «Нұрлы жолмен» жүруіміз керек.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының бірқатар өңірлердегі филиал төрағалары ауысты. Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің төрағасы болып Даниал Ахметов сайланды. Әділбек Жақсыбеков Астанадағы, Амандық Баталов Алматы облысындағы  филиалға жетекшілік ететін болды.

ЖҮРГІЗУШІ:

-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БІЗДІҢ ДӘУІРДІҢ ПРОБЛЕМАСЫНА АЙНАЛДЫ. ЭКОНОМИКАЛАР ЕКПІНДІ ДАМЫҒАН САЙЫН РЕСУРСТАРҒА ДЕГЕН СҰРАНЫС ӨСІП КЕЛЕДІ. ОСЫ ТҰСТА ЖАҢА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ІЗДЕСТІРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ОРАСАН. БІРАҚ БҰЛ МӘСЕЛЕНІ БІР МЕМЛЕКЕТ ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ ШЕШЕ АЛМАЙДЫ. КҮШ БІРІКТІРУ ҚАЖЕТ. АСТАНАДА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ХАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ. ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫН ЭКСПОРТТАЙТЫН МАҢДАЙАЛДЫ ЕЛ САНАЛАДЫ. КЕЛЕШЕКТЕ НЕГІЗГІ ДЕГЕН 10 ӨНДІРУШІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУДЫ МАҚСАТ ЕТІП ҚОЙДЫҚ. ТАСЫМАЛ БАҒЫТТАРЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ДА – БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ.

Энергетикалық Хартия 1991 жылы құрылды. Мақсаты – энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу. Бүгінде бұл бірлестікке 65 мемлекет мүше. Тағы 30 ел қосылуға дайын. Қазақстан Энергетикалық хартияға қатысушы мемлекет дәрежесіне 1998 жылы ие болған. Ал биыл сол халықаралық ұйымға төрағалық етті. Астанада өткен Энергетикалық Хартия жөніндегі конференцияның 25-сессиясы да осы төрағалықты қорытындылауға арналды. Хартияның бас хатшысы Урбан Руснак біздің елдің жұмысын жоғары бағалады және бұл ұйымға мүшелік Қазақстан үшін пайдалы екенін айтты.

Урбан Руснак, Энергетикалық Хартияның бас хатшысы

-Энергетикалық хартия шарты Үкімет пен инвесторлардың серіктестігін реттейтін құжат болып табылады. Ол транзиттік жүйені реттейтін жалғыз халықаралық келісім. Мұның өзі оның маңыздылығын айғақтайды. Теңізге шығатын жолдары жоқ Қазақстан үшін барлық экспорт импорт мәселелері осы құжатта қарастырылған.

Жиында транзиттік дәліздерді дамыту тақырыбы кең талқыланды. Өйткені жердің бір бұрышынан екінші бұрышына энергия қуатын тасымалдау жүйесінің реттілігіне жаһан жұртшылығы тәуелді. Жиылған жұрт тариф жүйесін де күн тәртінен тыс қалдырған жоқ.

Рамазан Жампейісов, «Kazenergy» Ассоциациясының атқарушы директоры

-Біздегі энергия ресурстары өте арзан. Сондықтан да энергетикалық тиімділікті арттыратын технологияны ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Мысалы, батыстағы кез келген елді алыңыз ол жақта жарыққа, бензинге жылуға төлейтін төлемдері бізден бірнеше есе жоғары. Тарифтерді көтеру керек. Бірақ әрине, экономикалық жағын жан-жақты жақсылап қарастырып, сараптауымыз керек. 

Конференцияда сондай-ақ энергия ресурстарын үнемдеу мәселесі де сөз болды. Бұл орайда баламалы энергия көздерін іздеу алдағы жылдары да өзекті бола бермек. Себебі экономикалық өсім энергетикалық ресурстарға сұраныстың күн санап артуына ықпал етуде. 

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары 

-Энергетикалық Хартияның 4 үлкен бағыты энергия үнемдеу. Ол қолда тұрған қуат бір жерден қаржы жұмсап, мұнай, газ, көмір іздеудің қажеті жоқ. Бұл қолда тұрған нәрсе соны тиімді пайдаланатын болсақ, экономикаға үлкен пайда келтіреміз деп ойлаймын. 

Қазақстан көптеген елдерге қарағанда мол қуат ресурстарына ие. Энергетика министрі Владимир Школьниктің жариялаған мәліметі бойынша, бізде базалық отын ресурстарын өндіруге болатын мұнай, газ, көмір, уранның жиынтық көлемі мұнайға шаққанда 35 млрд тоннаны құрайды екен.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Бізде ағымдағы жылдық өндіріс көлемі 400 млн тоннаға жетеді. Осы ауқымның 60 млн тоннасын еліміз тұтынып отыр. Сондықтан да Қазақстан энергиясы артық ел ретінде энергия ресурстары таусылуға жақын әлем елдеріне энергия көзін экспорттаушы мемлекет болып табылады.

Энергетика министрі бүгінде Қазақстандағы мұнай өндірісі тәулігіне 1,6 млн баррельді құраса, 2020 жылдан кейін өндірілетін мұнай көлемі тәулігіне 2 млн баррельге жетеді деген болжам айтты. Ал  газ өндірісіне келсек, қазіргі таңда жылына 40 млрд текше метр көгілдір отын өндіріп отыр екенбіз. Жиында осындай есептер айтылды. Хартияның алдағы 5 жылға арналған даму стратегиясын айқындайтын Астана декларациясы қабылданды. Қазақстан дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешудің ерікті механизмдерін енгізуді, энергетикалық сектордағы инвестицияларды қорғау жөніндегі Омбудсмен қызметін құруды ұсынды.

ЖҮРГІЗУШІ:

-ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА 200 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ. КЕЛЕСІЗ БЕ? ҚОМАҚТЫ ҚАРАЖАТ. БҰЛ ЕҢ ӘУЕЛІ ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙДЫҢ АРҚАСЫНДА БОЛҒАН ЖЕТІСТІК. ЕНДІГІ ЖЫЛДАН БАСТАП СЫРТТАН ҚАРЖЫ ТАРТУ ҮШІН ТАҒЫ ДА БІРҚАТАР  ЖЕҢІЛДІКТЕР КҮШІНЕ ЕНЕДІ. ИНВЕСТОРЛАР КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС, ЖЕР ЖӘНЕ МҮЛІК САЛЫҚТАРЫНАН БІРНЕШЕ ЖЫЛҒА МҮЛДЕ БОСАТЫЛАДЫ. БҰДАН БӨЛЕК  ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАР ӘКЕЛУГЕ 30 ПАЙЫЗ КӨЛЕМІНДЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНЕДІ. БИЫЛ ҚАЗАҚСТАН 10 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫНА БІРЖАҚТЫ ВИЗАСЫЗ ТӘРТІП ОРНАТТЫ. БҰЛ ДА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ. ЖАЛПЫ ЕЛІМІЗ ВИЗАСЫЗ ЖҮРІ-ТҰРУ БОЙЫНША УАҒДАЛАСҚАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ. МҰНЫҢ ТУРИСТЕРДІҢ КӨПТЕП КЕЛУІНЕ ҒАНА ЕМЕС, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ДА ОҢ ЫҚПАЛЫ ТИМЕК. 

Дархан Әбдуахит, шолушы

-Сонымен отандастарымыз визасыз жүріп-тұра алатын елдердің ұзын саны 60-тан асады. Олардың негізгі тізімі мынадай. Мәлімет Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған.  Бірақ бір нәрсені қаперде ұстауымыз керек. Тәртіп әртүрлі. Бір елде визасыз болу 30 күнге дейін, ал енді бірінде 90 күн деп белгіленген. Бұдан бөлек жеңілдетілген талаптармен жұмыс істейтін мемлекеттер де  бар. Мысалы, Тайландта  виза қазақстандық туристке келген бетте беріледі. Ақысы да сол жерде төленеді. 

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ Баспасөз хатшысы 

-Жиырма мемлекетпен жалпы ұлттық паспорт иегерлері үшін визасыз режим орнатылған. ТМД мемлекеттері мемлекет, Түркіменстанның деген ерекше шарттары бар. 

Визасыз жүріп-тұру жөніндегі уағдаласқан елдердің тізімі жылдан-жылға кеңейіп келедіМәселендәл бүгін Қазақстан мен Корея Үкіметтерінің арасындағы өзара визасыз талаптарды алып тастау туралы келісім күшіне ендіБиыл Оңтүстік Кореяға 3 мыңға жуық Қазақстан азаматы саяхаттап барған. Ал 2008 жылдан бері Шығыс Азиядағы мемлекеттің медициналық қызметіне жүгінген отандастырымыздың саны 24 есеге өскен. Екі ел арасында визасыз тәртіптің орнауынан оң нәтиже күтуге әбден болады. Сарапшылар қазірдің өзінде Қазақстаннан Сеулге серуендеп немесе ем алу үшін келетіндердің саны 15 мыңнан асады деп болжап отыр. Биыл визасыз елдердің тізімін толықтырған мемлекеттің бірі – Аргентина. Рұқсат құжатынсыз жүріп-тұру мерзімі – 30 күнге дейін деп белгіленген.  Аймақтағы маңдайалды ел саналатын Аргентинамен Қазақстан түрлі салада ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Мұндай өзара келісім, әсіресе ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жүрген іскер адамдар үшін тиімді. Жалпы соңғы жылдары Латын Америкасы елдерінің алтауымен визасыз тәртіп мүлде алынып тасталды немесе жеңілдетілді. Еуропалық Одақ мемлекеттерімен де тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Белгияға биылғы сапары кезінде кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Міне, сол тарихи құжатта визалық тәртіпті жеңілдету жайы да қарастырылған.

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы

-Еуропа мемлекеттерімен визасыз режим орнату, жеңілдету мәселесі көкейтесті мәселе. Бұл басым бағыттардың бірі болып саналады. Сондықтан біз еуропалық әріптестерімізбен келіссөздер осы мәселелерді көтеріп отырамыз. 

Инвестиция тарту ісіне мұндай уағдаластықтардың оң ықпалы бар. Сондықтан еліміздің экономикасына үздіксіз қаржы құйып жүрген 10 мемлекеттің инвесторларына биыл біржақты визасыз тәртіп енгізілді. Соған сәйкес, енді Жапония, Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Италия, Германия, Франция, Нидерланд, Ұлыбритания және АҚШ-тың азаматтары Қазақстанда визасыз 15 тәулік бойы бола алады.

Алмас Тайғұлов, «KaznexInvest» АҚ департаментінің директоры

-Біз болашақта бұл тізім кеңейеді деп үміттеміз. Себебі инвестиция тартуға мұның өзіндік әсері бар. Инвесторлар «Қазақстанда жұмыс істеу қолайлы», - дейді.

Дархан Әбдуахитшолушы

-Енді тарқатып айтсақ, визасыз тәртіптен бөлек, инвесторларға көптеген жеңілдіктер  жасалған. Олар 10 жылға дейін салықтан босатылады. Мемлекет құрылыс жұмыстарына және қондырғыларға субсидия бөледі. Кедендік баж алынбайды. Шетелден жұмыс күшін әкелуге рұқсат сұралмайды. Бұл инвесторларды ынталандырудың бір парасы ғана.

Жалпы соңғы 5 жылда Қазақстанның еркін эконономикалық аймақтарына 500 миллиард теңгеге жуық шетелдік инвестиция тартылған. Визасыз тәртіп пен көптеген жеңілдіктер сырттан  келетін қаражатты еселеп өсіруге ықпал етері сөзсіз.

Жүргізуші:

-Алмақтың да салмағы бар. Мемлекеттік қызметшілердің көрсеткен қызметі үшін сыйлық алуына құқығы жоқ. Демек олар кәсіби әрі материалдық емес сипаттағы жұмысының өтемінен дәмелі болмайды. Тіпті ризашылықпен берсеңіз де,  алмауы  керек. 

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыйлықтардың алыс-берісінің тәртіптері «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарымен реттеліп жатыр. Айта кету керек, Азаматтық Кодексте көрсетілгендей бағасы 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықтар қарапайым тарту болып есептеледі. Сонымен қатар жаңадан құрылған агенттік шенеуніктердің «командалық» ауыс-түйістеріне тоқтам салудың кезекті жолдарын қарастырып жатыр. Және алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы күресте қоғаммен байланысты арттырмақ. Халықтың бұл тұрғыдағы сауаттылығын жетілдіруге күш салынады. Әсіресе жастар арасындағы насихатты күшейту үшін әлеуметтік желілер де пайдаланылмақ. Тәулік бойына жұмыс жасайтын арнайы орталықтар құрылып, көпшілікке құқықтық кеңестер беріледі. Агенттіктің алғашқы кеңейтілген отырысында жария етілген тағы бір жаңалық – аймақтардағы басқарма жетекшілерін тағайындауда «жалғандық» детекторы алғаш рет қолданылды. 

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Әділдік пен тәртіптің барынша сақталуын қамту үшін агенттіктің аймақтағы басқарма басшылары полиграф көмегімен ашық байқау арқылы іріктелді. Тағайындалмас бұрын Президент жанындағы арнаулы комиссияның әңгімелесу сынағынан өтті. Біздің қызметте ең бастысы – халықтың жаңа агенттікке және мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін арттыру. Біз елдің мүддесін ең бірінші кезекке қоюға тиіспіз.

ЖҮРГІЗУШІ:

-ҚАЗАҚСТАН – ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРҒА БАЙ МЕМЛЕКЕТ. МИНЕРАЛДЫ-ШИКІЗАТ ҚОРЛАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ӘР АЛУАНДЫҒЫ ЖӨНІНЕН ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ ОРЫНДА. ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ҚАЛЫПТЫ БОЛУЫНА ДА ЖЕРАСТЫ ҚОРЫМЫЗДЫҢ КӨПТІГІ СЕБЕП БОЛЫП ОТЫРҒАНЫ АЙҚЫН. СОНДЫҚТАН БАР БАЙЛЫҚТЫ ҰҚЫПТЫ ПАЙДАЛАНУ, МҮМКІНДІГІМІЗДІҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЕКЕНІН БАРЛАУ МАҢЫЗДЫ. ЕЛІМІЗДІҢ ГЕОЛОГТАРЫ ЕЛБАСЫ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТЫҢ БІРІ – ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР. СОНЫҢ БІР АЙҒАҒЫНДАЙ, ЖАҚЫНДА ТАҒЫ БІР ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ ГЕОЛОГТАРДЫҢ ҚОЛЫНА БЕРІЛДІ. КҮНІ КЕШЕ ҒАНА КЕНДІ АЛТАЙДАҒЫ ИВАНОВ ШАТҚАЛЫНДА ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ – ӘУЕДЕН БАҚЫЛАЙТЫН ҰШАҚТАР АЛҒАШ РЕТ ШЕРУ ЖАСАДЫ.

Биыл  шілде айында  Елбасына «Қазгеология» мен Geotech компанияларының біріккен жобасы таныстырылған еді. Жобаның басты мақсаты – Қазақстан аумағында аэрофизикалық түсірілімдер жасау.

Сергей Кожевников, «Казцинк» компаниясы геологиялық барлау бойынша өңірлік менеджері

-Қазақстандағы кен орындары бәрімізге белгілі. Алайда ескі тәсілмен онда бірдеңе табу қиын. Көне әдіспен жұмыс істейін геологтар: «Біз жер астының бәріне дерлік бұрғылап тастадық, бәрібір ештеңе таппайсыңдар», - дейді. Алайда заман өзгерді, бұл салаға жаңа технология әкелінді.

Аэрофизика, әрине, жеңіл авиацияның көмегіне сүйенеді. Ұшақтар мен тікұшақтарға мынадай жерастындағы пайдалы қазбалардың қалт жібермейтін арнайы құрылғылар орнатылған. Бұл құралдардың қалай қолданылуын түсіну үшін, қарапайым физиканы еске түсіріңіз. Планетамыз магнитті өріске толы. Сәйкесінше, жер қойнауындағы металл кені де магнитті тартылысқа ие. Зерттеушілер қатпарларға электрлі импульсті жіберу арқылы қазбаны қозғалтады.

Виктор Шевченко, оператор-геофизик

-Индустриялды-инновациялық даму Отанымыздағы экономикасын көтеруге үлкен септігін тигізіп отыр. Мәселен, мына құралдардың сигналы жер астына бойлайды да, қазбаға жеткенде электромагниттік ток арқылы тітіркеніп, белгі береді.

Қазақстанда ZTEM және VTEM атты электромагнитті тікұшақ жүйесі қолданылуға дайын. Олар өзіндік құрылымдары және зерттеу әдістемесіне байланысты ғылыми-техникалық прогресстің шыңына шығып отыр. Ақпараттық жүйе арқылы 800 метрлік тереңдіктегі жағдайды бақылауға болады.

Саид Сұлтанов, «Қазгеотех» біріккен компаниясының бас директоры

-Еліміздегі экономикалық даму біздің саланы да өзгеріске ұшыратып отыр. Атап айтсақ, ZTEM жүйесінің кереметтілігі сол, бірнеше шақырым жер астына да дейін сүзіп шыға алады. Оның үстіне біз жергілікті кадрларды оқытуға да басымдық беріп отырмыз. Алдағы уақытта олар Канадаға барып, білімдерін көтереді.

Біз айтып отырған әдіс-тәсіл геологтарға қай жерлерді бұрғылау керектігін көрсетіп береді. Бұрғылаудан соң ғана кен өндіруші компания жұмыстың алдағы болашағын бағалайды. Айта кету керек, аэрофизиканың арқасында әлемдегі кен орындарының 70 пайызға жуығы ашылған.

Виктор Шевченко, оператор-геофизик

-Канадада осындай жолмен ашылған кен орындары жетерлік. Саскачеван, Мәнітөбедегі уран орындарын айтсақ та жеткілікті. Квебектегі мыс-никель қазбасы, Мексика, Перу, Африка, Австралия, Қытайда аталған ақпараттық технологияның кереметтігі дәлелденген. Ал Қазақстан кен орнына бай болғандықтан әрі елдің ауқаттылығы себепті бұндай шаралар жан-жақты жүргізіледі.    

Риддердегі зерттеу жұмыстары елімізге жаңа технология әкелудегі Қазақстан-Канада компаниясының бірінші қадамы ғана. Қазір отандық кен өндіруші компаниялар жаңа жүйеге сұранысты арттырып, тапсырыс беріп те үлгерген. Ақмола, Қостанай, Солтүстік, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында да осы тәсілмен зерттеу жүргізілу жоспарланып отыр. Оған қоса, геология саласын дамытуды көздейтін 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды жуырда.

Базарбай Нұрабаев, ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

-Мақсаты – мысты зерттеу, дегенмен барлық сол жердегі пайдалы қазбаның бәрін зерттейді, тереңдікті зерттейді. Қаралып отырған бағдарламада осыны бастапқы мәселе қып қойғанбыз.

Қазақстандағы геологиялық барлау саласының түгеліне дерлік енді осындай заманауи әдістемелер мен технологиялар енгізіледі. Және бұл минералды-шикізаттық базаның ашылуына және еліміздің индустриялды-инновациялық дамуына үлкен серпіліс әкелері сөзсіз.

 ЖҮРГІЗУШІ:

-СӨЗІМІЗДІ КӨҢІЛ ҚУАНТЫП, КӨЗ СҮЙСІНТЕРЛІК ХАБАРМЕН ТҮЙІНДЕЙМІЗ.

ЮНЕСКО ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙІ МЕН КИІЗ ҮЙІН АДАМЗАТТЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ ҚАТАРЫНА ҚОСТЫ. ӘЛЕМДІК РУХАНИЯТТЫҢ ЖАНАШЫРЫ ӘЙГІЛІ ҰЙЫМДЫ АЛАШТЫҢ КҮЙ ОРЫНДАУ ӨНЕРІ МЕН АҒАШ ҮЙДІ ТІГУ ӘДІСІ ТӘНТІ ЕТКЕН. «ДОМБЫРАМЕН КҮЙ ТАРТУДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕН АУЫЗБІРШІЛІГІН САҚТАУДАҒЫ АТҚАРАТЫН МАҢЫЗЫ ЗОР», - ДЕЛІНГЕН ЮНЕСКО САЙТЫНДА. ЕНДЕШЕ, КҮЙІМІЗ ТӘТТІ, ҮЙІМІЗ БАҚТЫ БОЛСЫН. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!