Хабар телеарнасы

«Жетi күн». Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси бәсекеде айқын басымдықпен жеңіске жетті

«ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕН, НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН АПТАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ. АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси бәсекеде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

 

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР ОСК төрағасы 

- Сайлаушылар дауысы жалпы республика бойынша төмендегідей бөлінді: Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың 57718 дауысы берілді, бұл 0,64 %-ды құрады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 8 833 250 немесе 97,75%. Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа 145756 немесе 1,61 %.

 

Осылайша қазақстандықтар тұрақтылық пен саяси-экономикалық даму жолында мемлекетті басқару тізгінін кезекті рет Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сеніммен тапсырды. Бұл – халықтың жарқын болашаққа, Ұлт көшбасшысына деген зор құрметінің белгісі. Ел мен Елбасының егіз ұғым екендігінің айғағы. Ал Мемлекет басшысының сайлаудағы теңдессіз жеңісі туралы ақжолтай хабар сайлау өткен түні шартарапты шарлап кетті. 95,21 пайыз. Президент сайлауындағы электораттың белсенділігі осындай рекордтық көрсеткішпен айқындалып, тарихқа енді. 

 

Дүйім ел таң ертемен сайлау учаскесіне қарай ағылды. Кешқұрым уақытқа дейін дауыс берушілер қатары сиреген жоқ. Отбасы, көрші-көлем болып, ұжымдастар, жастар топтасып жарқын болашақ үшін өз таңдауларын білдіруге асықты. Халықтың көтеріңкі көңіл-күй,ертеңгі нұрлы келешекке нық сеніммен қатысуы шетелдік байқаушыларды таңдай қақтырды. Бұл – бірлік пен ұйымшылдықтың нышаны. Бұл – отаншылдықтың белгісі. Бұл – қазақстандықтардың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділік позициясы. Тәуелсіз қазақ жұртының ел тыныштығы мен ұрпақ қамы үшін жұмыла топтасып, бір мақсат, бір мүдде жолында бірлесе алға ұмтыла беретіндігінің дәлелі.

 

ЖҮРГІЗУШІ: 

Әріптесім Мұхтар Ыбырайым әуелі экзит-полл қорытындысын тыңдады. Содан соң жеңімпаздар форумында болды.

 

Тілші: Нұрсұлтан Назарбаевты Республикалық қоғамдық штаб өкілдері зор қошеметпен қарсы алды. Түн ортасы ауғанымен, көптің көңіл-күйі көтеріңкі. Себебі бұл тарихи сәт. Президент сайлауының алдын ала қорытындылары айтылатын уақыт. Біздің арнамыздан тікелей эфирде алғашқы мәліметтерді «Демократия институты» жариялады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Құрметті, отандастар, әріптестер, достар, менің ең бірінші алғысым халқыма. Әсіресе айтатын сөзім бар жастарға. Сайлауға осындай белсенділікпен қатысып, барлық жұмысты ұйымдастырып, жанын салып жұмыс істегені мені ерекше қуантады. Ол істеп жатқан еңбекті бағалап, болашаққа үлкен сеніммен қарайды деген сөз. Саясаткерге бұдан артық бақыт жоқ. Сендердің болашақ бақыттарың үшін біз аянбай еңбек істейміз.

 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі

- Бүкіл халықтың ыстық ықыласына бөленген ұлы жеңісіңіз құтты болсын, мәртебелі Елбасы.

 

Тілші: Назарбаев орталығында барлығы 3 мыңнан астам адам жиналды. Спортшылар мен жазушылар. Мәдениет пен өнер адамдары көп. Мемлекет және қоғам қайраткерлері де осында. Араларында өзге саяси партиялардың жетекшілері де бар. Сайлаудың алдын-ала қорытындыларын олар да бірауыздан мойындады.  

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  

- Осы сайлаудағы үлкен ерекшелік – жастардың белсенділігі. Елбасы айтқандай, енді халық «Мәңгілік ел» болуға талпынып, оның іргетасын бірге қалаймыз. 

 

Ғани Қалиев, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы 

-Біздің «Ауыл» партиясының 220 мың мүшесі бар. Біз съезде бірауыздан Нұрекеңнің кандидатурасын қолдағанбыз. Бұл кісінің мүмкіндігін білеміз. Қандай үлкен мақсаттар тұрғанын білеміз. Бүгінгі жеңіс – бүкіл халықтікі.

 

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы 

- Бұл сөзсіз сенімді жеңіс. Өте көп бақылаушылар болды. Бірақ халқымыз бір болып, Елбасының жанына топтасты. Күткен қуанышымыз, құтты болсын.  

 

Ғани қасымов, «Қазақстан Патриоттары партиясының» төрағасы 

- Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент ретінде жинаған тәжірибесі зор. Оны әлем таниды. Дүние жүзі мойындайды. Меніңше, мұндай Көшбасшы біздің бағымызға бұйырған. 

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- Жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы. Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті. «Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы», – деді Елбасы.

Ұлықтау рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бес реформаның  кезең-кезеңімен жүзеге асуын басқарып, жұмысты үйлестіріп отыратынын айтты. Таяу арада «Мемлекет құру ісіндегі ендігі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары таныстырылатын болады. Бауыржан Бақытбекұлы әңгімелейді.

Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент лауазымына кірісуіне арналған салатанатты сәт. Бұл – тәуелсіз еліміздің тарихындағы 5-ші ұлықтау рәсімі. Бұл – еліміздің Елбасына сенім мандатын сеніп тапсырған уақыт. 

 

1991 жылы алғашқы ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы алдағы жылдар оңай болмайтындығын айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев одан бергі небір ауыр жылдары алған бағытынан таймай, елімізді талай қиындықтардан алып шықты. Саяси науқанда халықтың Елбасыны бір кісідей қолдауы сол ерен еңбекке берілген баға. 

 

Сайлауды биыл өткізуді тілеген халық. Тірек болған ҚХА. Ал Нұрсұлтан Назарбаев елінің қалауын әдеттегідей құп алды. Түйіндеп айтқанда, тағдырлы кезеңнің қысқа хронологиясы осы. Ал бұл – жеңістің тойы. Ұлыстың жеңісін ұлықтау күні. 

 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Елбасына Президенттің куәлігін табыстады. Дәл осы сәттен бастап Қазақстан тағы бір тарихи кезеңге аяқ басты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Қымбатты отандастар, 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды. Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігі мен кемел келешекке сенімін танытты. «Мәңгілік елдің» мызғымас ұстанымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы. «Мәңгілік ел», «Қазақстан-2050» стратегиясына, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 5 халықтық реформаға елімнің білдірген қолдауы. Өмірін халқының бақытына арнаған жанға ел сенімінен басқа баға жоқ. Сол сенімді ақтаудан артық мақсат жоқ.

 

Ел артқан сенім біреу. Ұстанған тура жолдан тайынбау. Төңіректегі түрлі қиындықтарға төтеп беру. Әсіресе қазіргі әлем елдері бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлердің тұсында. Олардың негізгілері бесеу: Экстремизм мен зорлық-зомбылық көрсету арқылы ықпалын күшейтуді көздейтін күштер. Климаттың өзгеруі, өңірдегі қауіпсіздік, жаһандық дағдарыстың жаңа дауылы және әлемдік экономикадағы турбуленттік жағдай.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- В ответ на турбулентность в мировой экономике мы разработали новую экономическую политику «Нұрлы жол» - «Светлый путь» и она представляет собой смелые быстрые дейтствия с главной целью - создание новых рабочих мест, упрочение фундамента для нового экономического роста страны, однако важно понимать, что внешние угрозы нарастают, чтобы справиться с внешними угрозами нам необходимо укрепиться внутри страны.

 

Елбасы елдің ішкі иммунитетін күшейтудің 5 амалын атады. Шағын және орта кәсіпті ширатып, істің көзін тапқан азаматтардың қатарын көбейту. Ішкі нарықтың әлеуетін арттырып, өңірлердің қатар дамуына күш салу. Үшіншіден, жемқорлыққа қарсы күреске қарқын қосу. Индустрияландыру сынды ірі бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті тағы бар. Соңғысы – ұлттық біртұтастықты нығайту.  

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

 - Время мировых перемен ставит каждое государство перед выбором  - или реформы или деградация и отставание. Достойно пройдет через эпоху этих перемен тот, кто способен на самообновление, значит на реформы. Перед нами стоит принципильная огромная задача - сделать непотопляемым наш государственный корабль. Поэтому задача предстоящих лет - укрепить Казахстан и даже несмотря на время мировых бурь уверенно войти в 30 государств, как мы это и намечаем, лидеров грядущего мира. Я предложил поэтому 5 институциональных реформ, которые стали моей предвыборной платформой.

 

«5 халықтық реформаны жүзеге асыруға да дереу кірісуіміз керек», – деді Елбасы. Ол үшін таяу арада Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылады. Бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру, оны орындауға мемлекеттік органдарды, бизнес пен азаматтық қоғамды жұмылдыру, жалпы жұмысты үйлестіру осы комиссияның міндеті болады. Істің басына әлемдік тәжірибеден хабары бар беделді сарапшыларды да тарту көзделіп отыр. Бұл мақсатта комиссия жанынан арнайы Халықаралық косультативтік Кеңес пайда болады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- В мире уже появился термин «казахстанское экономическое чудо». Действительно, мы за короткий срок сделали очень многое. Сегодня Казахстан – экономический лидер в Центральной Азии. Но нельзя останавливаться. Реформы сделают национальную экономику передовой, основанной на знаниях. Ключевая задача - улучшение жизни казахстанцев. 

 

«Межелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін, әрине, сыртқы саясатымыз да сындарлы болуы шарт. Әлеммен байланысымызды бекемдеу қажет», – деді Президент. Әсіресе Ресей мен Қытай, АҚШ пен Еуропа, Ислам елдерімен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты тереңдететін боламыз. Халықаралық ұйымдардағы белсенділігімізді арттыру да маңызды. Бірақ барлығынан бұрын еліміздегі ұлт пен ұлыстың бірлігіне, тату тұрмысын нығайтуға басымдық беріледі. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әрбір азаматына жүктелетін жауапкершілік те, берілетін мүмкіндік те тең болуы керектігін айтты. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- В эту торжественную минуту, хотел бы привести слова из конкурсного сочинения пятиклассницы школы-лицея №7 из Актау Карины Даниловой, тронувшие меня до глубины души: «Мне очень хочется всегда жить в благополучной и мирной стране», - написала она. «Чтобы не было войн, какие были в Чечне или Таджикистане, откуда вынуждены были уехать мои прабабушка и прадедушка - ветераны Великой Отечественной войны». Мирное небо над головой - вот самое главное для каждого из нас».

 

Егемендік алғалы еліміз екі тарихи кезеңнен өтті. Әуелі дербес мемлекеттің негізін қалады. Бұдан кейін экономикасы қуатты елу елдің қатарына қосылған беделді Қазақстанды қалыптастырды. Ендігі меже – «Мәңгілік ел» болу. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Ұлан ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған, ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халық мыңжылдық тарихында ең бірегей біртұтастығында халқымның зор сенімін арқалағаным мен үшін үлкен мәртебе, зор бақыт. Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау баршамызға ортақ парыз. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беріп, дамыған елдердің қатарына қосылу  ортақ жауапкершілік.

 

Тәуелсіздік сарайында өткен ресми рәсімнің ізін ала Президент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы еліміздің Қарулы күштері өкілдерінің салтанатты шеруін тамашалады. 

 

Қазақстан – жыл санап әскери әлеуеті әлденіп келе жатқан ел. 

 

Қазақстанның қазір өндірісі өркендеді. Қазақстандықтардың қазір тұрмысы тұрлаулы. Қазақстанды қазір әлем сыйлайды. Елбасы бастап, халқы қостап, азғантай уақытта Қазақстанның жеткен жетістігі осы. Бүгін «Болашаққа бастар жолдың» алдында елі Көшбасшысына батасын берді. 

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы сенімді де басым жеңісімен шет мемлекеттердің басшылары құттықтады. Олардың барлығы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор табыс тілеп, елдер арасындағы ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.

 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

- Дауыс беру қорытындылары Сіздің ел ішіндегі жоғары беделге ие екеніңізді көрсетті. Сондай-ақ қазақстандықтар Мемлекет басшысының елді әлеуметтік-экономикалық  дамытуға, еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысуға бағытталған кең ауқымды жұмысын қолдап отырғанын дәлелдеді.

 

Си Цзиньпинь, Қхр Төрағасы

- Мен сіздің тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерге қатысты екі елдің ұстанымдары ұқсас болғандықтан, қазақ-қытай қарым-қатынастарын одан әрі дамытуда Сізбен бірге күш салуға дайынмын.

 

Барак Обама, АҚШ Президенті

- Көптеген қауіп-қатерлері бар әлемде ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке өкілді және есеп беруші институттарды, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Мен елдеріміздің игілігі үшін осы барлық маңызды мәселе бойынша Сізбен ынтымақтастыққа әзірмін.

 

Ангела Меркель, Германияның федералды канцлері

- Қазақстан Германия үшін маңызды серіктес болып қала береді. Сіз елдеріміз арасындағы сенімге құрылған серіктестік қарым-қатынастар аясын бұдан әрі кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда демократия, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын нығайту ісінде әрдайым Федералдық үкіметтің қолдауына сенім артуыңызға болады.

 

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Хатшысы

- Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда тығыз әрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Біздің қарым-қатынастарымыз Қазақстан халқының және бүкіл өңірдің игілігі үшін бұдан әрі де дами береді деп үміттенемін. 

 

Сайлаудағы айқын жеңісімен Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау тек саяси қайраткерлер мен түрлі мемлекет басшыларынан ғана келген жоқ. Олардың ішіндегі ең тосыны, ғарыштан жетті. «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысын үлкен жеңіспен құттықтады. Сіздердің назарларыңызға Халықаралық ғарыш станциясынан эксклюзивті бейнежазба ұсынамыз.

 

Блиц:

- Глубокоуважаемый Нурсултан Абишевич. Экипаж международной космической станции Геннадий Падалка, Михаил Корниенко и Антон Шкаплеров поздравляют вас с блестящей и уверенной победой на выборах. Мы успешно стартовали с благополучной земли Казахстана в период  вашей избирательной кампанией.  С интересом следили за ее ходом и разделяем с вами радость победы. Второй космонавт: Сегодня благодаря вам весь мир знает о Казахстане, как оплоте мира и единства. Вы не только признанный миротворец, вы - человек, много сделавший для развития международного космоса. Миролюбивая политика вашей страны стала примером для многих других государств. Казахстан хорошо видно из космоса. Это мощная, сильная, красивейшая страна. Третий космонавт: Мы уверены, что и в будущем под вашим руководством Казахстан достигнет новых космических высот в своем развитии. Мы желаем вам и всему народу Казахстана процветания и благополучия. С победой! 

 

Қазақстанның мақтанышы, бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин де Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

 

Геннадий Головкин, бокстан Әлем чемпионы 

- Біріншіден, біздің Президентімізді, қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлын сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Еліміздің тұрақты дамуына үлес қосқан Президентімізді мақтан тұтамыз. Біздің тәуелсіз еліміз жылдан-жылға алға жылжып келеміз. Барша спортшылардың және жеке өзімнің атымнан сізге алғысымды айтып, мықты денсаулық тілеймін. Біз әрдайым сізбен біргеміз. 

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде айтқан елдің ары қарайғы даму жолдарына қатысты мәселелер зиялылар тарапынан да қолдау табуда. Елдік мәселелерге үн қосқан олар жұмыла істеген істе береке барын айтты.

 

Несіпбек Айтұлы, ақын

- Халқыңыз қуаныштан шашқан жақұт,

Көтеріп төбесіне аспандатып,

Тізгінін тағы ұстатты Өзіңізге,

Нұр-аға, бар ма бұдан асқан бақыт?!

 

Әбдімәлік Нысанбаев, ҚР ҰҒА академигі

- Мына 130 этнос, оның 130 мүддесі бар. Сол мүдделердің бәрін бір-бірімен ұйыстырып, соның бәрін жақсы, ақылға қонымды саясат жүргізу керек.  Осының барлығы мен ойлаймын бірінші, Президентіміздің арқасы. 

 

Ақұштап Бақтыгереева, ақын

- Әлемдік саясатта да, елдік, ұлттық саясатта да өзін дәлелдеген кемеңгер басшы. Сондықтан біздің халық өзінің есейгенін және елдік келбетін, бірлігін көрсетті. 

 

Олжас Сүлейменов, жазушы 

- Қазақстандықтар сайлауда тұрақтылық пен жайлы өмір үшін дауыс берді. Біз бәрінде түсінуіміз керек. Елбасы барлық бағдарламаларды халық үшін жасауда. Ол өзі ұсынған жоспарларды аяғына дейін жеткізуші бірегей көшбасшы.  

 

Ян Цзинь, Ресей, Шығыс Еуропа Және Орталық Азияны зерттеу институтының докторы

- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бағына туған тұлға деп айтсам қателеспеймін. Әлемдік қаржы дағдарысы заманында осында көреген басшының елді қиындықтан алып шығуға күш жігері мен тәжірибесі жетеді. 

 

Тони Болдри, саясаткер   

- Менің ойымша, қазір көптеген адамдар Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтағысы келеді. Халқының қолдауына барынша ие болған көшбасшылар бірең-сараң. Ұлыбританиядағы ірі зерттеу компаниясы Қазақстан Президентінің рейтингісін 90 пайыздан жоғары бағалады. Бұл көрсеткіш қазақ халқының тұрақтылықты қолдауының белгісі деп ойлаймын.

 

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы

- Бүгін бүкіл Қазақстан халқы, қазақ елі өзінің таңдауының өте бір құрметті нәтижесіне жетті. Елбасы өз құзырына енді. Меніңше бұл халықтың бірлігін, халықтың даналығын, халықтың мызғымас ел болғанын көрсетті. 

 

Жұмабек Кенжалин «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры  

- Елбасымызға сенім мандатын тапсыруымыз бұл біздің ертеңгіге деген үмітіміз, ертеңге деген жігеріміз, күш-қуатымыз. 

 

Фредерик Старр, АҚШ Орталық Азия-Кавказ институтының төрағасы

- Мен Нұрсұлтан Назарбаевты айқын жеңісімен құттықтаймын. Сөз жоқ ол – ұлттың тірегіне айналған тұлға. Біз әрқашан Қазақстан мен оның басшысына оң көзқарастамыз. 

 

Балнұр Қыдырбек, Қазақстан композиторлар қауымдастығының төрайымы

- Қазақ елі, Қазақстан халқы еш тарихта болмаған, еш елде, еш жерде болмаған теңдесі жоқ сайлау өткізді. Біздің сайлағанымыз – Нұрсұлтан Назарбаев. Ол бейбітшілік кепілі.

 

Нихад Зейбекджи, Түркия Республикасының Экономика министрі 

- Қазақстан әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп алды. Бұл межеге жету үшін Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасын уақытылы қабылдап, іске асыруда. Біз әрқашан бауырлас елге қолдау көрсетуге әзір екендігімізді тағы да бір қайталаймын. 

 

Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары

- Шетелдегі 5 млн қандастарымыздың атынан айтамын. Бүгін сырттағы ағайындар өте қуанып жатыр. Сырттағы ағайынның ойы, арманы, алдағы мақсаттары Елбасымен байланыстырылған. 

 

Айман Мұсақожаева, Қазақстанның халық артисі

- Елбасының бағдарламасы болашаққа өте көп үлес қосады. Елбасыны біз құттықтаймыз. Елбасыға табыс тілейміз. 

 

Өмірзақ Озғанбаев ҚР Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы

- Кешегі өткен сайлау бүкіл Қазақстан қоғамын біріктіретін үлкен мәні бар саяси оқиға болды. Бұл сайлау Қазақстан қоғамының бірлігін беріктігін көрсетті. Жоғары саналығын көрсетті. 

 

Ролан Дюма, Францияның бұрынғы сыртқы істер министрі

- Халықтың билікке деген көзқарасын танудың бірден бір жолы – сайлау өткізу. Қазақстанда өткен Президент сайлауы кезінде көпшіліктің ортақ пікірі анықталды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев сияқты тәжірибелі саясаткер үшін де маңызы зор көрсеткіш. Президентпен жақын таныспын, шын жүректен құттықтаймын.  

 

ЖҮРГІЗУШІ: 

- Сайлаудың алдын-ала қорытындысын естіген бойда ақжолтай хабарды сүйіншілей жеткізген жастар «Қазмедиаорталығында» флешмоб шарасын ұйымдастырды. «Халық таңдауы – Нұрсұлтан Назарбаев!», «Елбасының жеңісі – елдің жеңісі!». Осылай деп ұрандатқан жеңімпаздар форумы еліміздің түкпір-түкпірінде өтті. Халықтың жүрекжарды ізгі тілектерін «Жеті күн» тілшісі Бағдат Бектұрғанқызы тыңдады.

 

27 сәуір. Алғашқы минуттар. Тарихи таңдау. Сайлау нәтижесін астаналық белсенділер бірауыздан қостай кетті.  

 

Перизат Көшкінбаева, флешмобқа қатысушы

- «Қазмедиа орталығының» серіктестері және «Қазконтент» бірігіп, 300-ге жуық адам осы саяси көзқарасымызды көрсетіп отырмыз. Жаңағы қанат белгісін ұйымдастырудың өзі біздің еліміздің саясатына деген қызығушылығымызды білдіреді.

 

Журналистер, халық қалаулылары мен қоғам қайраткерлері де белсенділер қатарынан табылды. Олар Елбасының кезекті жеңісін бүкіл елдің абыройына балады.  

   

Саяси науқанда алматылық сайлаушылардың 90 пайыздан астамы Елбасын қолдап, дауыс берген. Белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар, зиялы қауым өкілдері ел-халықтың тілегі де, қалауы да бір болғанын жеткізді.  

 

Рахман Алшанов, қоғам қайраткері

- Алматылықтар бәрі бірдей келіп дауыс берді. Олар тек бюллетень тастаған жоқ. Олар шығарған кезде өздерінің сенімхаттарын берді. «Елбасы сізбен біргеміз, біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», – деді. Ол бәріміздің жеңісіміз.

                                         

Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданының халқы да түгелімен Нұрсұлтан Назарбаевты таңдап, дауыс бергендерін айтады. 40 жыл ядролық сынақтардан зардап шеккен халық 1991 жылы Кеңес Одағы тарамай тұрып, аждаһаның аузына құм құя білген Елбасының ерлігін айтудан жалыққан емес. 

                         

Жанерке Тапаева, «Жасыл аймақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

- Елбасын таңдадық. Елбасы жеңіске жетіп отыр. Ол біздер үшін үлкен қуаныш.

 

Сәбит Қоңтаев, ардагер ұстаз

- Үлкен шаттыққа кенеліп тұрмыз. Бұл Тәуелсіз еліміздің, демократиямыздың шарықтау шегі деп айтсам болар еді.

 

Сырбойылықтар сын сағатында айырықша белсенділік танытты. Тіркелген 397 мыңға жуық азаматтың 98 пайызы өз таңдауын жасаған. 

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығының 1 миллионнан астамы сайлауға қатысты. Олар Елбасы бастаған ұлы мақсаттарға жету жолында аянбай еңбек етуге атсалысатындарын айтады.  

Елбасының жеңісі – біздің жеңісіміз. Бұл – Талдықорған жұртшылығының ортақ пікірі. 

 

Тобыл өңірі де отансүйгіштік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар форумына мыңдаған халық жиналды. Белсенді жастар, қарапайым жұмысшылар ертеңгі келешек, тұрақтылық пен бірлік үшін дауыс бергендерін айтады.      

 

Tілеген Ахметов, Қостанай мемемлекеттік педагогикалық институтының проректоры

- «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыратын лидер тек қана Назарбаев деп ойлаймын. Өзі бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Бүкіл істің бәрі жастарға, халыққа арналған. Сондықтан да, жеңісіміз құтты болсын. 

 

Юсуп Шахшаев, «Халықтар келісімі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

- Бір абыз айтқан екен: Кеме қайда бағыт алғанын білмесе, оған жел де жәрдем бере алмайды деп. Біздің Елбасының бағыты – айқын, мақсаты – анық. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл жеңісі – қазақстандықтардың ортақ жеңісі.  

 

Сайлаудағы Елбасы жеңісі халықтың ертеңге деген сенімін нығайтты. Ортақ мүддеге ұйысқан елдің бірлігін паш етті. Ендігі тілек – толағай табыстарды еселеп арттыру жолында жұмыла еңбек ету.

  

Ғани Әбдісадықов, мұнайшы  

- Елбасының: «Елдік те ерлік сияқты, сын сағатта танылады» деген керемет сөзі бар. Қазақ елі осы сын сағаттан сүрінбей өтіп, берекелі, мерекелі ел екенін тағы бір мәрте жариялады. Демек бүкіл Қазақстанның жүрегі бір соғады.

 

ЖҮРГІЗУШІ: 

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік сайлау барысын бастан-аяқ қадағалаған халықаралық байқаушылармен кездесіп, саяси науқанға қызығушылық білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Жиында Президент еліміздің алдында тұрған маңызды міндеттерге көңіл аударды. 5 институционалды реформа мен транспорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына да тоқталды. Халықаралық байқаушылар болса: «Сайлау демократиялық талапқа сай, әділ әрі ашық өтті», – деп оң баға берді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті 

- Очень большая активность была населения. Результаты, как это проходило Вы знаете, это было на Ваших глазах, я не буду на этом останавливаться. Абсолютное доверие, которое народ оказал, дает, конечно, исключительный мандат для осуществления задач, которые я ставлю перед собой и перед Казахстаном. Я хотел поблагодарить Вас искренне, за Ваше участие, приезд, и за оценки, которые Вы дадите, надеюсь объективные. 

 

Ивета Григуле, Еуропарламент депутаты 

- Президент мырза, кеше Қазақстан азаматтары тұрақтылық пен ел экономикасының дамуы мен мемлекеттің гүлдене түсуі үшін дауыс берді. Біз халықтың таңдауын құрметтеуіміз тиіс.

 

Карин Штренц, Бундестаг депутаты

- Қазақстан Президентін сайлау науқанына қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Сізді өз кезегімізде кезекті жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сайлау өте жоғары деңгейде өтіп, ешбір заңға қайшы келетін әрекеттер байқалмағанын айтқым келеді. Мен барған бөлімшелер ашықтығымен ерекшеленді. 

 

Рикардо Мильори, ЕҚЫҰ бұрынғы төрағасы 

- Аса мәртебелі Елбасы, мен ең әуелі Италия үкіметі мен парламенті атынан сізді жеңісіңізбен құттықтағым келеді. Халықаралық қауымдастық атынан кешегі сайлаудың еркін әділ және ашық өткенін айтамын. Біз сайлаудың барлық талаптарға сай өткенін мәлімдейміз. Кешегі саяси дода өзге елдерге үлгі болады деп сенемін.

 

Даниель Витт, халықаралық байқаушы /АҚШ/ 

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен үшін осы сайлауға үшінші рет қатысу зор мәртебе. Кешегі сайлау кемел келешек үшін жасалып отырған батыл қадам екенін көрсетті. Біз осы жоғары көрсеткіштерді АҚШ атқарушы органдары мен конгресіне жібереміз.

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- Айта кетейік, Қазақстандағы сайлау барысын әлемнің 40 елінінің мыңнан астам байқаушысы қадағалады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, АҚШ, Еуродақ мен ТМД елдерінен келген сарапшылардың қарасы қалың.  Олардың қай-қайсы да саяси науқанның ұйымдастырылуын жоғары бағалады. 

 

Игорь Евшевский, ТМД байқаушылар миссиясының өкілі

- Мен 12 сайлау учаскесінде болдым. Сайлаушылардың белсенділігіне таң қалдым. Дауыс беру басталмай жатып, сайлау учаскесінің алдында 60-тан астам адам тұрды. Әдетте егде жастағы тұрғындар ерте келетін, ал сіздерде жастар жағы көп болды. 

 

Петер Сандриссер, халықаралық  байқаушы /Еуроодақ/

- Бірқатар сайлау учаскелерінде болып, дауыс беру барысын өз көзіммен көріп шықтым. Сайлау демократиялық жолмен ашық әрі әділ өтті. Әсіресе қарапайым халықтың өз таңдауларын жасауда белсенділігіне риза болдым.   

 

Дмитрий Мезенцев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы

- Сайлау бөлімшелерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Осыдан-ақ қазақстандықтардың азаматтық парызды орындауға деген ниеттері байқалады

 

Джейкоб Зенн, тәуелсіз байқаушы /АҚШ/

- Әрбір демократиялық елде осылай болуы тиіс деп ойлаймын. Қазақстан қарқынды дамуымен қоса, демократия деңгейін әрдайым арттырып келе жатқандығымен мақтана алады

 

Жамал Нассер Әл-Суаид, халықаралық байқаушы, /БАӘ/

- Дауыс беру учаскесіндегі қарбалас елдегі саяси сауаттылық өлшемі секілді. Жұрт өз таңдауын жасауға асықты. Ешқандай заң бұзушылық байқалмады.  

 

Джозеф Мифсуд, халықаралық сарапшы /Ұлыбритания/

- Менің ойымша, бұл сайлау Қазақстанның болашақ стратегиялық даму бағытын айқындайды. Қазақстанның қай азаматы болмасын сыртта жүрсе де дауыс беріп, елдің дамуына ат салысқысы келетінін байқадым. Бұл өте тамаша қасиет.

 

Нұрлан Ерімбетов, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы

- Елдің бірлігі сайлауда көрініс тапты. Қазақстандықтардың саяси науқандағы белсенділігі елдің өз болашағына бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Президенттік сайлау еркін, әділ әрі ашық өтті. Республикалық қоғамдық комиссияның 10 мыңнан астам байқаушысы қадағалады.

 

ЖҮРГІЗУШІ: 

- Сайлау барысын бақылау және жариялап көрсету ісін байқаушылармен қатар шетелдік журналистер де қамтамасыз етті. Саяси дода туралы 40 елден 170 тілші ақпарат таратты. Әріптесім Айдос Тұрысбек осы аптада шыққан әлемдік баспасөзді парақтады. 

Айдос, қазақстандықтар аса ұйымшылдық танытқан бүкілхалықтық сайлауға шетелдік ақпарат құралдары қандай баға беріп жатыр? 

 

Айдос Тұрысбек, шолушы    

- Иә, Нұрсұлтан, биылғы Президент сайлауы ұлттың тарихи тұрғыдан өзін-өзі айқындауының жауапты сәті екендігін тағы бір дәлелдеді. Тәуелсіздік тарихында сайлауға сайлаушылардың ең көп қатысуы халықтың саяси мәдениетінің биік деңгейін, ел тағдырына патриоттықпен қарайтындығын көрсетті. Президент сайлауының қорытындысы туралы жарыса жазған шетелдік баспасөздегі материалдардың дені осы мазмұнға саяды. 

 

Мәселен, BBC News «Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпын жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша халықтың абсолюттік қатысты. Бұл рекордтық көрсеткіш. Нәтижесінде Назарбаев халықтың 97,7 пайыз дауысын жинады», – деп жазады британдық ақпарат агенттігі.

 

International business times іскерлік басылымында да сайлаушылардың саяси белсенділігі жоғары болған делінген. Онда: «Қазақстанның халқы Нұрсұлтан Назарбаевқа бір кісідей дауыс беріп, аса жоғары электораттық белсенділікті көрсетті. Сол арқылы олар баянды бейбітшілік, әлеуметтік орнықтылық, тұрақты даму мен қауіпсіздік жолын таңдады», – деп жазылған. 

 

Ал «Қазақстан көшбасшысы жаңа мерзімге «тұрақтылық» мантрасымен аттанады» деген мақаласында Reuters тілшісі: «Назарбаев нарықтық реформаларды сәтті жүргізіп, елге шетел инвестициясын тартты. Қазақстанды посткеңестік мемлекеттердің ішінде ауқымы жөнінен екінші экономикаға айналдырды. Сондықтан халыққа экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық ұсынған ол оппоненттерінен басым түсіп, осы сайлауда жеңіс тұғырынан көрінді», – дейді.

Жалпы батыс ақпарат құралдары Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететіндігін болжап қана қоймай, оның қайта сайлануына шүбә келтірмепті. Оның бір себебін New York Times газеті жазған екен. «Жаһандық нарықтардағы теріс көрсеткіштер, экономикалық және қаржы байланыстарының бұзылуы, гео-саяси қысымның ушығуы мен халықаралық қатынастардың қиындауы Назарбаевтың сайлауды мерзімінен бұрын өткізуіне түрткі болды», – делінген америкалық газетте. 

 

Ал «Араб ньюс» басылымы сайлаушы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Арғын Төлеутаев пен халықаралық байқаушы Амстердам университетінің профессоры Ласло Марацжпен сұхбаттасып, көлемді мақала жариялапты. 

 

Отандасымыздан елдегі білім жүйесі жайлы ақпаратқа қанықса, шетелдік сарапшыдан саяси науқанның қорытындысы туралы сұраған екен. Сондағы жауап: «Қазақстан – өркендеп келе жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Оны батыс стандарттарымен өлшеу дұрыс емес. 10 кандидат болмаса, бұл демократия емес деген пікірмен келіспеймін. Парламентте 3 саяси партия бар. Үш кандидат болды. Сайлау демократиялық түрде өтті», – делінсе, тілші: «Жер көлемі жөнінен 9 орын, халқының саны 17 миллионнан асқан Қазақстан қарыштап дамып келеді. Қазақстандықтар өз Президентін қысқа мерзімде елді жоғары жетістіктерге жеткізген азамат ретінде мойындайды», – деп материалын қорытындылайды. 

 

ЖҮРГІЗУШІ: 

- Бес институттық реформа – тәуелсіз Қазақстан дамуының екінші кезеңі. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы Қазақстанды транзитті мемлекетке айналдыруды көздейді. Ал Индустрияландырудың екінші бесжылдығы инновациялық дамуға негізделген. Бүгінгі күн бұл үшін тиісті қаржы қарастырылды. Баспасөз мәслихатында айтылған басқа да мәселелер жайында Эльдар Бақпаев баяндайды.

 

Ақордадағы баспасөз залында ине шаншыр жер жоқ. Отандық тілшілерді айтпағанда, алысы АҚШ-тан, берісі Ресей мен Қытайдан, Түркиядан келген шетелдің БАҚ өкілдері өте көп. Қоймақ сауалдары да сан алуан. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Елбасы олардың әрқайсысына жеке жауап берді. Алғашқы сұрақ, әрине, елдің ішкі һәм сыртқы саясаты төңірегінде. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Менің айтып жүрген саясатым – елдің бірлігі, көпэтносты елдің бірлігі ел ішіндегі тыныштық, мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі артып, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Сыртқы саясатты да қолдады деп ойлаймын. Бөліну емес, бірігу. Қазақ қашанда бірігу жолында тер төгіп келеді. Сол саясатты ұстанатын боламыз. 

 

Тілшілердің бірсыпырасы сауалының әлқиссасын Елбасын сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаудан бастады. Саяси науқанның ашықтығын атағандары,  сайлаушылардың белсенділігін тілге тиек еткендері бар. Сөз ләміне қарағанда, көбісінің таңдауы, халықтың қалауымен дөп келген.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Люди в очередях стояли час, министры наши стояли в очередях час, люди шли с детьми внуками, символично, что детям давали опускать бюллетень это честное слово волнует, задевает за самые тонкие струны сердца. Меня это сильно волновало. Поэтому я могу сказать, что весь тот путь, который я провел во главе Казахстана вчера дали оценку мне, сказали «Продолжай дальше в таком же духе». 

Жұмыстар дәл осы қарқынмен, дәл осы бағытпен өрбитіні даусыз. Мемлекеттің ішкі һәм сыртқы саясаты да айтарлықтай өзгермейді. Еңбек әділ бағаланатын, ашық қоғам қалыптастыру жолында ілгерілейтін боламыз. Басты бағдарламаларымыз «Нұрлы жол», «Қазақстан-2050» стратегиясы және Президент ұсынған жаңа 5 халықтық реформа.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- После выборов начинается работа немедленно сейчас. Первым моим актом наверное будет создание комиссии по реализации пяти реформ и мы к этому приступим по каждому пункту. И этим мы будем заниматься, так что жизнь не останавливается, идем дальше.

 

Еуразиялық экономикалық одақ, алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесі, «Нұрлы жол», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағдарламалары. Журналистер қойған сауалдар әр салаға қатысты. Түрлі бағыттарды қамтиды. Көп айтылып жүрген Қашаған жобасы да назардан тыс қалған жоқ. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Большая нефть, большой газ, строительсто новых перерабатывающих предприятий и газокомплексных предприятий, это все будет все работать на наше будущее. Он будет, надо подождать, а с другой стороны сегодняшняя добыча нефти для Казахстана абсолютно хватает. Когда вот так задерживается и переживают я говорю: «Пусть больше достанется будущим поколениям, нам и этого хватает». 

 

Теңге төңірегіндегі, нақтырақ айтқанда, девальвация жайлы даурықпа әңгімеге де нүкте қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұған ешқандай алғышарттар жоқ», – деді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Ничего не будет после выборов такого резкого. Как работали, так и будем работать. Никаких предпосылок нет, я уже предупреждал и уже казахстанцы меня знают, если что-нибудь такое намечается я сам скажу и скажу, как от этого защититься беречься. Было колебание в связи с российским рублем, поскольку у нас большая торговля большая связь, сейчас как видите это стабильно, никаких планов не намечается и не вижу условий для этого. 

 

Мамыр айының басында Елбасы Ресейге жұмыс сапарымен барады. Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге, Еуразиялық Экономикалық одақ аясында өтетін жоғары деңгейдегі басқосуларға қатысады деп күтілуде. 

Бұдан бөлек Қазақстанға Қытай Халық Республикасы төрағасының сапары жоспарланып отыр. Қысқасы жоспар көп, атқарылатын жұмыстар ауқымды. «Сондықтан арқаны кеңге салатын кез емес», – деп түйді Президент.

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- Президент лауазымына ресми кіріскен соң, ел Үкіметі есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары мен әкімдер өкілеттігін тоқтатты. Бұл Конституция баптарына сәйкес. Басқару органдарының басшылары қайта тағайындалады. Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінен кейін бірден жаңа Үкіметті жасақтауға кірісті. 

 

Елбасы әуелі Ақордада Мәжілістегі фракция басшыларын қабылдады. Олармен кеңесіп, Премьер-министр лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды. Фракция жетекшілері Президент ұсынысын бірден қолдады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Согласно конституции я Вас пригласил для того, чтобы договориться посоветоваться. Программы я объявил, вы все слышали. Работа непростая и время непростое. Для раскачки нет времени. Поэтому провели инаугурацию в соотвествии с Конституцией, с законами и надо, чтобы Правительство без никакой задержки работало. Поэтому я хочу внести предложение Масимова - Премьер-министром, чтобы он сформировал Правительство и продолжал работать. 

 

Владислав Косарев, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі  

- Біз фракция мүшелерімен ақылдаса, келе сіздің ұсынысты қолдаймыз. Бұл шешім жан-жақты салмақталған деп есептейміз. 

 

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының басшысы  

- Біз сіздің Үкімет басшысы лауазымына ұсынған кандидатураңызды қолдаймыз. Оның үстіне Кәрім Мәсімовтің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесін біз жақсы білеміз. Ол Үкімет жұмысына жетекшілік етті, сондықтан қолдауға дайынбыз. 

 

Дариға Назарбаева, «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшысы 

- «Нұр Отанның» Парламенттегі фракциясы сөзсіз сіздің ұсынысты қолдайды. Сондай-ақ бүгінде біздің Үкіметпен қарым-қатынасымыз жақсы. Олар депутаттардың ой-пікірлеріне құлақ асып, көптеген мәселелер жұмыс тәртібімен шешіледі.

 

Кездесуден соң Елбасы Мәжіліске келді. Жалпы отырыс басталмас бұрын бюроның жиыны өтті. Комитет төрағалары да Президент ұсынысына қолдау білдірді. Конституцияның 44-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліске Премьер-министр лауазымын қарауды ұсынды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Сегодня я пришел для того что бы получить ваше согласие согласно статьи конституции о формировании правительство! Что бы не потерять темпы я вношу предложения кандидатуру Карим Масимова дать согласие назначения его Премьер министром. Он работает не первый год. Все мы с вами знаем. У него есть хорошя команда. Министры все напряженно работают. Сейчас новая программа. Я должен утвердить комиссию, которая немедленно после праздников приступит к работе. Он справляеться, у него есть потенциал, соответсвующее знание, и думаю что мы ему можем доверить дальше!

 

Төменгі палата депутаттары Президент ұсынысын бірауыздан қолдады. 106 депутат дауыс берді, қалыс қалғандар жоқ. Президент бірден жарлыққа  қол қойды.

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ақордада осы мәселеге арналған кеңес өтті. Комиссия бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында құрылды.  Оны Премьер-министр Кәрім Мәсімов басқаратын болады. Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин оның орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катцу кірді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Сайлауға байланысты барлық шаралар аяқталғанын көрдіңдер. Менің сөзімдегі тапсырмаларды білесіңдер. Енді Үкіметтің басшысын тағайындағаннан кейін, барлығын да тездету керек, жұмыс істеуді бастау керек. Уақыт жоқ. Сондықтан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылады. Комиссияны Премьер-министр Кәрім Мәсімов басқарады, орынбасары Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин болады. Бірінші мәселе мемлекеттік қызметті басқару жүйесін жөндеу. Бұл топты Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев басқарады. Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева басқарады. Оның орынбасары Асқар Бейсенбаев болады. 

 

Сондай-ақ Президент «Үкімет құрамы туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, министрлер кабинетінің құрамы толықтай сақталады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Кроме этого, я сегодня же по представлению Премьер-Министра назначу всех членов Правительства. Все они работали, команда сплоченная, с задачей справлялись, я не вижу необходимости менять кого-либо. Состав Правительства остается, продолжает работать, как работали.

 

ЖҮРГІЗУШІ:

- 1 мамыр – бірлік күні. Көпұлтты Қазақстан үшін бұл мейрамның маңызы зор. Татулықтың туын желбіреткен астаналықтардың бір легі «Қазақ елі» монументі алаңында бас қосты.

«Нұрлы жол – жеңіс жолы» атты мерекелік шараға Мемлекет басшысы қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты мерекемен құттықтады. Қазақстан – ауызбірлігі мықты ел. Мұны өткен Президент сайлауында айқын дәлелдеді. Сондықтан Елбасы көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін барша халыққа алғысын айтты.  

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

- Бірлікті бүкіл Қазақстан халқы сайлаудың барысында барлық дүниежүзіне көрсетті. Бұның ұйымдастырушысы да, бастаушысы да Қазақстанның халық Ассамблеясы болды. Ассамблеяның төңірегінде неше түрлі ұлт пен ұлыстардың басы бірігіп, еліміздің бірлігі нығайып, соның арқасында өркендеп-өсіп келе жатырмыз. Барша қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен шын жүрегімнен құттықтаймын! Я всем хочу сказать огромное спасибо. Служить такому народу огромная честь. Я предан этой работе и все буду делать для того, чтобы Казахстан двигался вперед, и народу жилось все лучше, нас чтобы уважали, чтобы все свои задачи, стоящие перед нами, мы выполнили, выполнили свой долг перед страной, перед будущими поколениями.

 

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқап, шығармашылық ұжымдар мың бұралып биледі, күмбірлетіп күй де төкті. Шараға елордалық және өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. «Қазақ елі» алаңында жүрген қарапайым халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды. 

 

Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

- Бұл мереке кешегі біздің Елбасымыздың сайлауымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан Елбасы мен халықтың бірлігі әр уақытта жасасын деп ойлаймын.

 

Ләйлә Азанқұлова, Астана қаласының тұрғыны 

- Жуырда ғана Елбасын сайладық. Осындай бірлікке, берекеге жетіп отырғанымыз сол Елбасымыздың арқасы.

 

Шұға Хамитова, Астана қаласының тұрғыны  

- Еліміздің болашағы жарқын болсын. Осындай бірлік мерекесінде барлық халық бір-бірін сүйіп, қадірлеп, құрметтеп жүре берсін.

 

ЖҮРГІЗУШІ: 

- Өтіп бара жатқан апта осындай оқиғалармен есте қалды. «Жеті күннен» кейін Нұрлан Қаппаровтың рухына арналған «Первопроходец» атты деректі фильмді көріңіздер. Келесі сенбіде жүздескенше!