«Жетi күн». Астанада өткен экономикалық форумда жаһанды алаңдатқан қаржылық дағдарысқа баға берілді - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Жетi күн». Астанада өткен экономикалық форумда жаһанды алаңдатқан қаржылық дағдарысқа баға берілді

  • Сенбі, 23 Мамыр 2015 17:24

«АДАМЗАТТЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫ». АСТАНАҒА БЕЙСЕНБІ МЕН ЖҰМАДА ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ТҰЛҒАЛАРЫ, ІРІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ, САЯСАТКЕРЛЕР МЕН АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖИНАЛДЫ.

ӘЛЕМДІК АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ «KAZAKHSTAN. NUMBER 8-TH ASTANA ECONOMIC FORUM» ДЕГЕН ТІРКЕСТІ КҮНІ КЕШЕ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ҚОЛДАНҒАН ШЫҒАР. ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕНІҢ КӨЗІН ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНА ТІККІЗГЕН ЖАЙТ VIII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ЕДІ. ОСЫМЕН СЕГІЗІНШІ РЕТ АСТАНАДА ӨТКЕН ФОРУМДА ЖАҺАНДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫРҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС, ЭКОНОМИКАЛЫҚ «ҚЫРҒИБАҚ СОҒЫСҚА» БАҒА БЕРІЛДІ. 90 МЕМЛЕКЕТТЕН КЕЛГЕН 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЕДЕЛДІ САРАПШЫЛАР «ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨСІРУ ДРАЙВЕРІ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫП АЯСЫНДА ПІКІР АЛЫСТЫ, ОЙЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ. ЖАБЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕЛЕШЕГІ ДЕ ТҰЙЫҚ. СОНДЫҚТАН САЯСАТТА КӨПВЕКТОРЛЫ БАҒЫТТЫ ҰСТАНҒАН ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАДА ДА АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТЫП, ЖАҚЫНДЫ БІР ҮСТЕЛГЕ ЖИЫП, СОЛ АРҚЫЛЫ «ЕКІ ЖЕП БИГЕ ШЫҒУДЫ» КӨЗДЕЙДІ. БҰЛ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕ. ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫН ЖАҢҒЫРТУ ИДЕЯСЫ ДА, ТЕК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖЕДЕЛДЕТІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ЕУРОПА МЕН АЗИЯ АТТЫ АЛЫП ҚҰРЛЫҚТАРДЫҢ АЯСЫН ҰЛҒАЙТАДЫ. ИӘ, МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНДАР, ӘЛЕМДІК МҰНАЙ БАҒАСЫНЫҢ БАРРЕЛЬГЕ ШАҚҚАНДАҒЫ ҚҰНЫ ӘЗІРГЕ  100 ДОЛЛАРҒА КӨТЕРІЛМЕЙДІ ДЕГЕН ПІКІР АЙТТЫ ҚАЗАҚ ФОРУМЫНДА. 

САРАПШЫЛАР: «МҰНАЙ БАҒАМЫ 50 ДОЛЛАРДАН 70 ДОЛЛАРҒА ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТА БОЛАДЫ», – ДЕП БОЛЖАУДА. АЙТПАҚШЫ ҚАЙРАТКЕР ҚОНАҚТАР БЕКЕР КЕЛМЕДІ. АСТАНА ЖИЫНЫНА БАҒА БЕРІП КЕТТІ. БҰЛ БАСҚОСУ ДАВОС, БОАО АЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМДАРЫМЕН ДЕҢГЕЙЛЕС ДЕГЕНДЕР ДЕ БОЛДЫ. ОЛАЙ ДЕЙТІН ЖӨНІ БАР. ЖИЫННЫҢ САЛМАҒЫ КЕЛГЕН ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ БІЛДІРГЕН ПІКІРІНЕ ДЕ БАЙЛАНЫСТЫ. АЙТАЛЫҚ, VIII ФОРУМҒА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ  САЛАСЫНАН ӘЙГІЛІ СТИВ ФОРБС АТБАСЫН ТІРЕДІ. АЛ 5 НОБЕЛЬ  СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ БІР СӘТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БЕДЕЛІН АҢҒАРТСА КЕРЕК. НОБЕЛЬДІ  АЛҒАН ЭРИК МАСКИН, ФИНН КИДЛАНД, ТОМАС ЗЮДОФ, ДЖОРДЖ СМУТ ЖӘНЕ ТАВАКУЛЬ КАРМАН ЖАЛПЫҒАЛАМДЫҚ ЖАҒДАЙДАН БӨЛЕК, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ ДА ПІКІР БІЛДІРДІ. АВСТРИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ КАНЦЛЕРІ АЛЬФРЕД ГУЗЕНБАУЭЕР, ПОЛЬШАНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ АЛЕКСАНДР КВАСЬНЕВСКИЙ, ИТАЛИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ РОМАНО ПРОДИ СЕКІЛДІ  КӨШБАСШЫЛАР ДА ҮНҚАТЫСУ АЛАҢЫНДА БОЛДЫ. АЗИЯ МЕН ЕУРОПАНЫҢ ТРАНЗИТТІК ҚАНА ЕМЕС, ТУЫСТЫҚ НҮКТЕСІНЕ АЙНАЛҒАН РЕСМИ АСТАНА КЕЛЕСІ 9-ЫНШЫ ФОРУМҒА ТІЗГІНДІ НӘТИЖЕМЕН ҰСТАТТЫ ДЕУГЕ НЕГІЗ БАР. АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ СӨЗ СӨЙЛЕП, ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ТОҚТАЛДЫ. «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ЕЛБАСЫ АЙТҚАН МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ТАЛДАУ ЖАСАЙДЫ.

 

Бауыржан Бақытбекұлы, тілші:

-Әлемдік экономикада қалыптасқан күрделі ахуал төңірегінде түрлі пікірлер айтылып-ақ жүр. Тек оны еңсерудің тұжырымды тоқтамы әлі табылған жоқ. Астана экономикалық форумы сол қаржылық тығырықтан шығудың нақты жолдарын іздеуге, табуға мүмкіндік береді. Себебі бір пікір алаңында әлемнің жүзден астам елінен келген 3000 жетекші сарапшы ойларын ортаға салады.  

 

АЭФ 2008 жылы басталған ғаламдық қаржылық дағдарысқа қарсы халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру үшін құрылған еді. Арада 8 жыл өтті. Бірақ сол экономикалық қиындықтың салқыны әлі сезіліп келеді. Жұмыссыздық деңгейінің азаймауы, керісінше кей елдердің қарыздарының артуы  жаһандық проблеманы тамырымен жоюға жол бермей тұр. Демек мәселе әлемге ортақ. Сәйкесінше тығырықтан шығарар шараны іздеуге барлық тарап атсалысуы керек. Мемлекет және Үкімет басшыларының, Нобель сыйлығы лауреаттарының,  халықаралық ұйым жетекшілерінің елордаға арнайы келуі де содан. Бір ғана БҰҰ-ның 30-дан астам өкілі осында. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы помним, когда мы говорили о том, что прошлый кризис и ученые и политики прозевали. Никто его не предположил. Так можно сейчас подумать над тем, чтобы этого не случилось впредь. И мы обязаны вместе с лучшими представителями мировой научной мысли найти пути того, как уберечь наши страны и народы от возможной грядущей катастрофы. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев жаһанмен бетпе-бет келген сол түйткілдерді де тізіп берді. Олар халықаралық құқық негіздерінің ескіруі, ғаламдық климаттың өзгеруі және азық-түлік тапшылығы. Қазақстанның оларға қарсы құрған өз жоспары бар. Нақты 100 қадам арқылы біз қоғамы ашық, мамандары қабілетті, соты әділ,  идеологиясы берік мемлекет қалыптастырмақпыз.  

 

Джейкоб Френкель, «Jpmorganchaseinternational» корпорациясының төрағасы

-Осыдан 46 жыл бұрын Нил Армстронг адамдардың арасында алғашқы болып Айға табанын тіреген еді. Оның: «Бір адам жасаған жалғыз қадам бүкіл адамзаттың ілгерілеуіне әсер етуі мүмкін деген» сөзі бар. Ал Қазақстан алға қарай «100 қадам» жасамақшы. Ол қадамдардың әрқайсысы елдеріңіздің дамуы үшін маңызды. Сондықтан Қазақстанның бұл бастамасы мақтауға тұрарлық деп есептеймін.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті   

-Поскольку сегодня вы говорите, теперь эта программа стала под всем вашим контролем мировым. Нам деваться некуда и я своим говорю министрам, которые здесь сидят, моим сотрудникам, теперь это мировая проблема. Опубликовали 100 шагов, теперь вы будете следить, как мы шагаем. Правильно шагаем, в ту сторону или в левую, правую. То есть мы, понимая всю сложность, беремся осуществлять и ответить на этот вызов и не допустить снижения темпов роста нашей экономики.

 

Экономикалық дамуды бәсеңдетпеу үшін құрған Қазақстанның тағы бір жобасы бар. «Нұрлы жол» аталатын. Бағдарлама аясында алдағы 3 жылда ел бойынша электр желілері, коммуникациялар және мыңдаған шақырым жаңа жолдар салынады. Жарты миллиондай жұмыс орны ашылады. Бұл мақсаттарға шамамен 14 млрд доллар жұмсалады. Мега жобаға қатысуға ниет білдірген инвесторлар қазірден бар. Тағы қосылам дегендері болса, кәнеки. Жол демекші, Президент еларалық байланыстарға қарқын қосу үшін осы  транспорттық дәліздерді тиімді пайдалануды ұсынды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я предлагаю создать новый высокоскоростной, мультимодальный транспортный маршрут «Евразийский трансконтинентальный коридор». Он будет пролегать через всю территорию нашей страны и позволит осуществлять беспрепятственный транзит грузов из Азии в Европу и обратно. Это намного короче пути через океаны. Транспортная артерия даст импульс развитию производства во всех странах. 

 

Форум барысында айтылған тағы бір маңызды жаңалық бар. Астанада халықаралық қаржылық орталық пайда болады. Президент арнай жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес қаржылық институт «ЭКСПО-2017»-нің базасында құрылады. Яғни халықаралық көрме аяқталысымен, оның ғимараттары осы орталыққа беріледі. Бұл да мемлекеттер мен құрлықтардың «арасын жақындатудың» амалы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы провели глубокие переговоры с Дубайским центром и договорились, что полностью перенесем их законодательство, экономику, методы  в Казахстан. Он будет основан на принципах английского права, с льготным налоговым режимом и независимым финансовым судом. Мы уверены, что финансовый центр «Астана» станет ядром финансовой инфраструктуры Казахстана, а в дальнейшем и финансовым хабом для всего Центрально-азиатского региона. 

 

Қазіргідей турбулентті экономика жағдайында интеграцияның тигізер пайдасы орасан. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл үшін сауда, тасымал, қаржы қозғалысындағы кедергілерді азайту маңызды», –  дейді. Әрине, әр елдің мүддесін ескере отырып, шалғай араны жақындатуға күш салынуы керек. Бұл ретте Президент Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістік құруды ұсынды. Ықпалдасу тетіктерін үнемі жетілдіріп отыру үшін кеңістік аясында тұрақты пікіралаң болғаны жөн. Ол функцияны Астана экономикалық форумы орындай алады. 

 

Эрик Маскин, Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша лауреаты 

-Президенттің мінбеде тұрып айтқан әр сөзінің жаһандық маңызы бар. Әлемдік саяси аренадағы түрлі құбылыстар, табиғи өзгерістер және індеттердің өршуі, азық-түлік қауіпсіздігінің әлсізденуі сияқты қатерлер адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселелерді айтып қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынуда. Әсіресе Қазақстанның экономикалық дамуына бағытталған 100 нақты қадам, дағдарыс пен тоқырауға тап келген бүгінгі бүкіл әлем үшін пайдалы деп ойлаймын. Оған форум қатысушылары да көз жеткізді. 

 

Ламин Диенг, G-Global-дың АҚШ және африкалық құрлықтағы өкілі, профессор  

-Менің ойымша, Астанада халықаралық қаржы орталығын құру орындауға лайықты мақсат. Бұл бағытта елеулі жұмыстар жүргізілуі қажет. Ал Қазақстан бұл мақсатты жүзеге асыруға қауқарлы. Сондай-ақ Астана экономикалық форумының тұғырнамасы – Қазақстанға инвестиция тарту. Бұл  өте маңызды қадам. Сонымен қатар бұл G-Global бастамаларын алға жылжытуда елеулі үлес қосып отыр.

 

Майкл Голдфарб, Нью-Йорк университетінің профессоры  

-Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін зейін қойып тыңдадым. Одан түйгенім, сіздің ел өз алдына қойып отырған межелі мақсаттарды орындауға қауқарлы. Алдағы 3 жылда Қазақстан жүзеге асыратын ауқымды жобалар көлемі мені таң қалдырды. Шын айтамын, тіпті Еуропаның ең дамыған елдерінің өзі күрделі экономикалық ахуалға байланысты 14 миллиард доллар қаржыны жол, аурухана, мектеп және үй құрылысына бөле алмайды. Ал Қазақстанның қолынан мұндай батыл іс келіп отыр.

 

2 күнге жалғасқан шара нәтижелі болды деуге толық негіз бар. Бір ғана «Invest in Kazakhstan» сессиясында құны 1 млрд теңге болатын 8 келісімге қол қойылды. Ескеретіні, форум аясында өткен панельдік сессиялар, іскерлік кездесулер әуелі кәсіби байланыстар орнатуға негіз болды. Сондықтан жаңа бірлескен жобалардың саны көп ұзамай еселеп артары сөзсіз.

 

БОЛЖАП, БАҒДАРЛАУДЫҢ ЫРҚЫНА КӨНБЕЙТІН ҒАЛАМДЫҚ ЭКОНОМИКА ӘЛІ ДЕ ҚҰБЫЛМАЛЫ КҮЙ КЕШІП ОТЫР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ӨСУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ҚАЙТПЕК КЕРЕК?  БҰЛ АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА ТАЛҚЫЛАНҒАН НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП.

 

Доллар мен еуро бағамы, қара алтынның әлемдік нарықтағы құны және ықпалды қаржылық орталықтардың қауқары. Мамандардың талдауы осы 3 факторға негізделген. Дамушы нарықтың мұнай бағасына тәуелділігі басым. Қара алтын экспорттайтын елдердің өзінде өзге құрылымдық өзгерістерге әзірлік төмен. Міне, осы қиындықтардан кейін инфляция, валюта бағамдарының күрделі өзгерісі туындайтыны белгілі. Сын-қатерлерді еңсеру үшін нендей қам-қарекет жасалды дегенге келсек, доллар мен еуроның және мұнайдың бағасына түзетулер жүргізілді. Экономикалық, қаржылық және монетарлық реформалар жасалды. Бұл – жаһандық экономика қиын да ауыр трансформациялаудан өтіп жатыр деген сөз. 

 

Джейкоб Френкель, «Jpmorgan Chase International» корпорациясының төрағасы

-Біз ұзақ уақыт экономикалық және қаржылық тұрақсыздық жағдайында өмір сүріп, бұрысты дұрыс деп қабылдайтын халге жеттік. Орталық банктерді қайта қаржыландырудың нөлдік мөлшерлемесі, дефляция мен дивергенция жайында дәл осы кезеңде айтыла бастаған болатын. 

 

Дебора Револтелла, Еуропа Инвестициялық банкі экономика департаментінің директоры 

-Мұнай бағасының шарықтау шегін немесе құлдырау құнын дөп басып айту қиын. Бағаның құлдырауына жол бермей, тұрақты етудің алғы шарттарын анықтаудың мүмкіндігі туып тұр. Бір жағынан, бағаны тұрақтандыруға талпынатын күш бар болса, екінші жағынан, нарыққа дендеп, бұған ырық бермейтін түрлі тетіктер де жетерлік. Мысалы, тасымалдаушылар мен тауар өндірушілердің көбеюі нарықтағы тұрақсыздыққа ықпалын тигізіп отыр.

 

Мұнай бағасы енді қалай құбылады? Нақты айту қиын. Бір анығы баррельге шаққандағы құны 100 доллардан аспайды. 50 мен 70 доллар аралығында ауытқиды. Экономиканың шатқаяқтап қалмай, өсуін қамту үшін қаржылай тұрақтылық керек. Қазір бірқатар алпауыт елдерде бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, валюта нарығындағы түзету бағдарламасын АҚШ іске асырды. Еуро-доллар қатынасы бұрынғыдан біршама төмендеді. Енді сарапшылар: «Доллар бағамы еуродан жоғарылайды», – деген пікір айтуда. Халықаралық валюта қоры Ресей ақшасының өсіміне қатысты болжамын біршама азайтты. Бұл Орта Азиядағы елдерге біршама әсері болатындығын аңғартады. Ал Қазақстан теңгенің құнсыздану деңгейін азайтуға барынша тырысып бағуда. Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, біздің елде инфляция көрсеткіші Ресейге қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл отандық экономикамыздың тұрақтылығына сеп. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қытайдың өз валютасын қалыпты деңгейде ұстауына қауқары жетуі ықтимал. Себебі экономикасына өсу мен жаңару көрсеткіштері тән. Оған қоса сыртқы нарықта байланыстар ауқымын аса жоғары қарқынмен кеңейтіп жатқаны да біраз жайды аңғартса керек. Бір ғана мысал, Жібек жолы қоры мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі жұмыс жасауда. Бұл 10 жылда Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер мен Қытай арасындағы тауар айналымын 2,5 триллион долларға жеткізуге мүмкіндік беретін қаржы құрылымы.   

 

Альфред Гузенбауер, Австрияның канцлері (2007-2008 жж.)  

-Қытай экономикасының көп елге ықпалы күшейді. Солардың бірі – АҚШ. Аспанасты еліндегі тұтыну көрсеткішінің өзі Америкамен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары. АҚШ осы кедергіні жеңу үшін өзінің көптеген ресурстарын жұмсауға, индустрияландыруды ілгері жылжытуға мәжбүр болды. Бұл оң нәтижесін беріп, экономикасы өсті.   

 

Дүниежүзілік қаржы дағдарысының қашан және қандай себептен болатынын 2006 жылы дәл болжаған америкалық сарапшы Нуриэль Рубини. Белгілі экономистің айтуынша, әлемдік экономикада Жапония көш бастауы бек мүмкін. Ал Қазақстандағы ахуал тұрақты даму қарқынынан жаңылмайды. Осы пікірді форумға қатысқан білікті саясаткерлердің барлығы дерлік қуаттап отыр.  

 

Нуриэль Рубини, Нью-Йорк университетінің экономика профессоры      

-Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Ол үшін трансформациялау шарасы мен түрліше реформаларды жүргізу маңызды. Елдеріңіз табиғи қорларға бай. Енді өндіріс қайта өңдеу сынды салаларды дамытып, онда инновациялық технологияларды енгізсеңіздер,  экономикалық өсім артады. Жалпы сіздердің елдеріңіздің соңғы 10 жылдағы дамуы қарқынды.    

 

Стив Форбс, саясаткер, «Forbes» іскерлік апталығының бас редакторы   

-Қазақстан алдағы уақыттарда әлемнің белді елдерінің біріне айналады. Қазір жасалып жатқан реформалар Орталық Азиядағы озық мемлекетке айналдырады. Сіздерде салықтық ставкалар жақсы. Оған қоса Қазақстан дамуы қаржы-несие саясатын іске асырғаннан кейін аса зор қарқын алады. Экономикасы көрші елдерге қарағанда, үлкен прогреске ие. Және даму жолында ешқандай кедергілер байқалмайтынын айтар едім.  

Қазақстан 2025 жылы әлемнің қаржы орталығына айналады. Оған толық негіз бар. Инвестициялық әлеуеті жоғары. Экономикасы тұрақты және азия мен еуропа арасын байланыстыратын алтын көпір. Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстандағы салық саясаты кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырды. Оған қоса билік бизнеске тосқауыл болатын кедергілерді жойып, инвестициялық климатты жақсартты. Отандық даму институттары азиялық және еуропалық бағытта даму банктерімен белсенді жұмыс жасауды көздейді. Мәселен, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі шетелдік капиталды тарту арқылы шағын және орта бизнес пен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды жоспарлап отыр.

 

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы  

-Әлемдегі ірі компаниялардың инвестицияларын Қазақстанға тарту, индустрияға қолдау көрсету, сол бағыттар бойынша біз толық қазіргі стартегиямызды белгілейтін боламыз.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша, еліміздегі электронды үкімет әлемнің 193 елі сынға түскен рейтингте 28 орынды иеленді. Енді 2016 жылға дейін мобильді үкімет арқылы халық 100-ге тарта қызметке қол жеткізетін болады. Ақпараттық жүйенің толымды жетістігін көрген шетелдік экономистер бұл саладағы жоспарларға жоғары бағасын берді.  

 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі   

-Бүгінде мемлекеттік қызмет түрлеріне электронды үкімет, мобильді үкімет және халыққа қызмет көрсету орталықтары жатады. Бір ғана электронды үкімет құрылымы 700-дей, ал мобильді үкімет 50-ден астам қызмет түрін ұсынады. Бұл көрсеткішті келер жылы 2 есе арттыру  көзделіп отыр. 

 

АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЛИТВАНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АЛЬГИРДАС БУТКЯВИЧЮСПЕН КЕЗДЕСТІ. ТАРАПТАР ЕКІ ЕЛ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ ЖАЙЫНДА ӘҢГІМЕЛЕСТІ. ӘСІРЕСЕ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛАЛАРДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ АЙТЫЛДЫ.  НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛИТВАНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ. АЙТА КЕТЕЙІК, АЛЬГИРДАС БУТКЯВИЧЮС ЕЛІМІЗГЕ VIII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ МАҚСАТЫНДА КЕЛГЕН.  

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Благодарю, что вы приняли наше приглашение принять участие в Астанинском экономическом форуме. С Литвой у нас всегда были добрые отношения, как политические, так и экономические. Мы привержены, чтобы расширять эти отношения. Ваш приезд как раз послужит этому. 

 

Альгирдас Буткявичюс, Литва Премьер-Министрі  

-Сізді ел Президенті лауазымына қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Мен Қазақстан алға қойған барлық мақсаттарына жететініне сенімдімін. Осы орайда Президент мырза, Сізге Қазақстан мен Литваның екіжақты қарым-қатынасын нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Қазір Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі.

 

Ал Қазақстан мен Люксембургтың ынтымақтастығын нығайту жайын Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің Премьер-министрі Ксавье Беттельмен талқылады. Кездесу барысында еліміздің еуропалық одақпен қарым-қатынастарын тереңдету мәселесі де қаралды. Тараптар Одаққа Люксембургтің алдағы төрағалығы аясында бұған үлкен мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. Елбасы біздің еліміз былтыр Қазақстан мен еуропалық одақтың кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімге қатысты келіссөздерді аяқтауға арналған құжатқа қол қойғанын еске салды.

Елбасы Астана экономикалық форумына қатысуға келген Нобель сыйлығының лауреаттарымен, халықаралық ұйымдар, Даму институттарының басшылығымен және компания жетекшілерімен кездесті. Әңгіме барысында инфрақұрылымдық және индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету тұрғысында Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары талқыланды. «Біздің басты міндеттеріміздің бірі – адами капиталды дамытуға инвестиция тарту. Осы орайда Астана экономикалық форумы игі дәстүрге айналды», – деді Президент. Сонымен қатар әлемдік қоғамдастық алдында тұрған мәселелер мен қауіп-қатерлер жөнінде де сөз болды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-На сегодня можно выделить 5 новых вызовов. Это кризис миропорядка, который мы видим. К сожалению, потеря доверия между главными лидерами, что вызывает невыполнение международных обязательств, турбулентность глобальной экономики, изменение климата, новые линии разлома, в том числе в регионе Центральной Азии, а также подрыв способности мирового сообщества, которое должно решать вопросы войны и мира. Если мы предложим пути борьбы с данными вызовами, это позволит открыть новые горизонты для развития экономики и прогресса, а значит, улучшения жизни людей. 

 

Ал кездесуге қатысушылар Астана форумы жаһандық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылайтын маңызды пікірталас алаңы болып саналатынын айтты. Нобель сыйлығының лауреаты Финн Кидланд Қазақстан әлемдегі мейлінше жедел дамып келе жатқан елдің бірі деген пікір білдірді.

 

Финн Кидланд, Нобель сыйлығының лауреаты  

-Қазақстан бетпе-бет келген сын-қатердің бірі орнықты өсімді сақтау үшін қажет білікті мамандар іздестіру болды. Осыған байланысты елдің мүддесіне толық сай келетін білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге Сіздің жұмсаған күш-жігеріңізді атап айтуға рұқсат етіңіз. 

 

Маркос Бонтури, ЭЫДҰ-ның сыртқы байланыстар жөніндегі директоратының басшысы  

-Қазақстанмен арада нығайып келе жатқан өзара іс-қимылды біз мақтаныш етеміз. Мен экономиканың орнықты дамуы мен теңгермелі өсімін қамтамасыз ету бағытындағы Қазақстанның күш-жігері мен мақсатты жоспарларын толық қолдайтынымызға Сізді сендіргім келеді.

 

АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ІСІ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ. ЕЛОРДАНЫ ДУБАЙ, ФРАНКФУРТ, ГОНКОНГ СИЯҚТЫ ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ КЕРЕК. АҚОРДАДА «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ. 

 

Кездесуде компанияның қазіргі қызметі мен оның еншілес кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі қаралды.  Нұрсұлтан Назарбаев қазір мемлекетіміз жүзеге асырып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, оны орындауда «Қазақстан темір жолына» үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Өз кезегінде Асқар Мамин: «Инфрақұрылымдық даму жоспары аясында компания бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр», – деді. Компания басшысының айтуынша, Батыс өңірдің көлік жүйесін дамыту мақсатында Ақтау теңіз портын кеңейтуге мүмкіндік беретін 3 жаңа жүк терминалы бой көтерген. Қазір Боржақты-Ерсай» теміржол желісі салынып жатыр. Бұдан бөлек Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру мақсатында логистикалық инфрақұрылым салу жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, «Қытай-Қазақстан-Еуропа» бағытында контейнерлік тасымал соңғы 3 жылдың қорытындысы бойынша 15 есеге өседі деп жоспарлануда. Бүгінде Үндістанға транзиттік тасымал ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті -В связи с тем, что я объявил о создании международного финансового центра в Астане, потребуется Астану сделать открытым небом, особенно для финансовых центров основных: Дубай, Франкфурт, Гонконг, их самолеты должны свободно летать и нашей авиации надо к этому готовиться. Освоение средств, выделенных на автомобильные дороги «лучевым» способом от Астаны во все стороны. Во-первых, это не просто дороги. Они мультипликативно будут влиять на строительные материалы, на технику, на металлы, на бетон и так далее. Мы ожидаем, что в это трудное экономическое время это действительно станет драйвером развития нашей экономики и конкуренция есть, КНР нас поддерживает, мы включаемся в «Экономический пояс Шелкового пути». Много сделано в железной дороге. С точки зрения подвижного состава, дорог. Оның барлығы дұрыс. 

 

Асқар Мамин, «Қазақстан темір жолы» АҚ Президенті   

-Қазіргі таңда Сіздің «Нұрлы жол» бағдарламаңыз бойынша көлік-логистика инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр. Жаңа автожол, жаңа теміржолдар салынып, теңіз порттары, әуежайлар қайта жаңғыртудан өткізілуде.  

 

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ЕЛДІҢ БАНК ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ КЕЛЕШЕГІ, СОНДАЙ-АҚ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР БАНКТІҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ОРАЙ ЕЛДІҢ ІРІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТЫН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ СӨЗ БОЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ ОСЫ АПТАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ  «ТАЛАН ТАУЭР»,  «ӘБУ-ДАБИ ПЛАЗА» ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ КВАРТАЛ»  КЕШЕНДЕРІН САЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ. «ЭКСПО» КӨРМЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДА МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

«Талан Тауэр» көп функционалды кешені. Елордада жүзеге асып жатқан мықты жобаның бірі де, бірегейі. Жалпы ауданы 118 мың шаршы метр. А сыныпты бизнес орталық, сауда галереясы мен тұрғын жайлар, бәрі осында. Әйгілі Ritz-Carlton желісінің қонақүйі де осы ғимаратта тұрақтайды. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысып, құрылысшылармен әңгімелесті. Кешен құрылысына 350 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл қуат үнемдейтін технологияны пайдаланатын және LEED талаптарына сай келетін Қазақстандағы алғашқы «жасыл» ғимарат. «Экспо-2017» көрмесінің мәртебелі меймандарын қабылдайтын болады. Құрылысшылар сәулеті мен дәулеті жарасқан кешен боларына сенімді. 

 

Айдар Өткелов, «Astana Property Management» бас директоры

-Алғашқы жылы қонақүйге келушілер саны көп болады деген ойдамыз. Экспоға 5 млн мейман келеді деп жоспарланып отыр. Сондықтан олардың біразы бізге тоқтайды деген үміттеміз. 

 

Елбасының екінші тұрақтаған орны – «Абу-Даби Плаза». Орталық Азиядағы ең биік, зәулім ғимарат болайын деп тұр. Сондықтан алып кешеннің құрылысы Президенттің тікелей бақылауында. Дағдарыстың қандай дауылы соқса да сәулетті мекеннің салынуы тоқтап қалмауын қатаң тапсырды елбасы.  6 блоктан тұратын алып кешеннің қазір қонақүйі көтеріліп жатыр. 6 мыңнан астам жұмысшының жартысы жергілікті жердікі. Зәулім үй келер жылдың аяғында бітуі тиіс. Сауда орны, тұрғын үй кешені, бизнес орталықтары ел игілігіне де, имиджіне де қызмет етеді. Эйфель мұнарасынан 20 метр жоғары, яғни ұшар басы 320 метрге ұласатын ғимараттан алар ғибрат мол. Тіпті құрылтайшылар Гиннестің рекордтар кітабының бір парағы осы Плазаға арналады деген үмітте. 

 

Элиас Дибб, «Алдар Евроазия» компаниясының бас директоры

-Ең әуелі Нұрсұлтан Назарбаевқа бізге жасап жатқан қолдауы үшін алғыс айтамыз. Қазақстан Үкіметі де жәрдемдесіп отыр. Қазақстан үшін маңызы бар кешен салып жатқан жауапкершілікті сезінеміз. Айта кетерім, ешқандай дағдарыс біздің құрылысқа әсер етпейді. 

 

Ал мынау «Жасыл квартал» кешені. Құрылыс мұнда да қарқынды. Экспоға дейін қолданысқа беру жоспарда. Кешен аумағы 20 га жерді алып жатыр. Қуат көзін үнемдеудің жаңа технологияларына негізделген. Электр қуаты мен суды 27 пайызға дейін үнемдейді. 

 

Айдын Рақымбаев, Bi Group директорлар кеңесінің төрағасы

-Біздің комплексіміз жасыл технологиялар арқылы салынып жатыр. Ол сонан кейін де адамдар жасыл технологиямен тұрады. Екіншіден, қазіргі 7 пайыз ипотеканы ашып жатырмыз осы проектімізге.

Еліміздегі электр энергиясымен қуаттайтын автокөліктерге арналған алғашқы толыққанды станса да осында орналасты. Президент оның да ерекшеліктерімен танысып үлгерді. Кешенде суарылмайтын ландшафт, ақылды автотұрақ жүйелері қарастырылған

 

ЕЛІМІЗДІҢ АЛДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ-МҰРАТЫ – ДАМЫҒАН 30 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУ. ОҒАН ЖЕТУ ҮШІН РЕТ-РЕТІМЕН ІСКЕ АСАТЫН НАҚТЫ СТРАТЕГИЯ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР. ОСЫ АПТАДА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖАРИЯ ЕТТІ. МЕМЛЕКЕТТІ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН 5 САЛАНЫҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢҒЫРУЫН КӨЗДЕЙТІН ЖОСПАР 100 НАҚТЫ ҚАДАМНАН ТҰРАДЫ. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАСАЛЫП ОТЫРҒАН РЕФОРМА ЖӨНІНДЕ ӘРІПТЕСІМ АЙДОС ТҰРЫСБЕК АЙТЫП БЕРМЕК. 

 

Айдос Тұрысбек, шолушы

-Бұл жоспардың жөні бөлек, қадау-қадау мәселелер қамтылған. Елімізді өркениет көшіне ілестіріп, дамуын одан әрі жалғай беретін баянды бағдарламаға қысқаша тоқталайық. Алғашқы тарау кәсіби мемлекеттік аппарат құрудан басталады. Оған сай мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап күшейе түспек. Болашақ мамандарды іріктеу, жұмысқа қабылдау, олардың функционалды міндеттерді орындауы мен еңбекті бағалау қатаң жүргізіледі. Қызметке алу төменгі лауазымдардан басталады. Еңбекақы жұмыс нәтижесіне қарай төленеді. 3 жылда бір рет кәсіби біліктілікті арттыру үшін білімді жетілдіру және ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтер беріледі. 15 қадамнан тұратын осы жаңалықтардың дені мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық Кодексі, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мен Еңбек Кодексінде көрініс табады.

 

Бағдарламаның екінші бөлігі тұтастай заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Заң саласын, құқық қорғау орындарын оңтайландыру, жаңғырту – өте өзекті әрі қажетті мәселе. Сондықтан заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін салаға 18 өзгеріс енгізіледі. Алдымен сот жүйесі инстанциялары бүгінгі бестен үш сатылыға қысқарады. Яғни халық үшін сот төрелігі қолжетімді бола түседі. Барлық сот процестері бейнетаспаға жазылып, ол материалдарды судьяның өзгертуіне жол берілмейді. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істері жүргізіліп, оны инвестициялық алқа қарайтын болады. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуы шектеледі. 

 

Сондай-ақ жекеменшік сот орындаушылар институтын дамыту арқылы, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметі біртіндеп қысқарады. Ең көп өзгеріс индустрия және экономика салаларын күтіп тұр. Шикізаттан дайын өнім шығаруға бет бұру үшін 49 қадам жасау керек. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту, халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру, шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, Канада, Австралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон тәртібін қалыптастыру қажет. «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы аясында арнаулы мәртебеге ие Астана Халықаралық қаржы орталығын құру тағы бір міндет. Ол алыс-жақын мемлекеттердің Орталық қаржы хабына айналатын болады. Әлемдегі қаржы және бизнес саласын тыңғылықты зерттеп жүрген мамандар бұл қадамдар болашақта үлкен жетістіктерге жеткізетінін болжайды. 

 

Еліміздің біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін тағы 5 қадам орындалады. Ол үшін «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» және «Нұрлы болашақ» ұлттық жобалары жүзеге асырылады. Кинофильмдер, сериалдар және ел тарихы, қазақстандық мәдениет, елдің бүгінгі өмірі туралы хабарлар түсіріледі. Туристік сапарлар мен этноауылдар ұйымдастырылады. Мәдени инфрақұрылым мұқым елге қолжетімді болады. Ұлттық жобалар мектеп жасынан бастап насихатталады. Ел мәдениеті мен руханиятына арналған осы сындарлы қадамдар ұлтты жаңғыртуды көздейді. 

 

Бесінші тармақ – алғашқы төрт бағыттың түйіні десе болады. Транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру үшін дамуға қарай 10 қадам жасалады. Оның ішінде мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру, аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу, ақпаратқа қолжетімділік туралы заң әзірленеді. 

 

Соңғысы мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа да мәліметтерден өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі. Қорыта айтсақ, бәрі екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам» жөніндегі стратегиялық бағдарлама айқын мақсаттың үлкен белгісі деуге толық негіз бар.

 

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҰСЫНҒАН ҰЛТ ЖОСПАРЫ ЕЛДІҢ 5 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ РЕФОРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ»  БАҒДАРЛАМАСЫ  ШЫН МӘНІНДЕ БОЛАШАҒЫ ЗОР РЕФОРМАЛАРДЫҢ БІРІ.

 

Қазақстан экономикасын өркендетуге бағытталған бұл стратегия Еуропаның көптеген елдері үшін үлгі болуы тиіс. Астана экономикалық форумына келген беделді саясаткерлер мен экономистер осындай ортақ пікір айтты.

 

Герман Греф, «Сбербанк России» АҚ басқарма төрағасы

-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 қадам» стратегиясы Қазақстан экономикасының өркендеуін қамтамасыз етеді. Ел үшін аса маңызды құжат жартылай жүзеге асқанның өзінде мемлекет түбегейлі өзгермек. Жаңадан ешнәрсе ойлап табудың да қажеті жоқ. Қазақстан мен Ресей болашаққа бірге қадам басуы үшін, біздің елге де осындай құжат қажет. 

 

Хелен Элизабет Кларк, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі

-Бұл шынында мықты әрі нақты реформа. Ол Үкімет пен халықтың байланысын күшейте түседі. Маған ұнағаны онда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтіліп, Үкіметтің ашықтығы айқындалған. Яңни реформа Үкімет пен халық арасындағы байланысты арттыруды көздейді. 

 

Дмитрий Панкин, еуразиялық Даму банкінің басқарма төрағасы 

-Бұл жерде институционалды реформалардың маңызы зор. Жаңа институттар, білім жүйесі, инфрақұрылым, қоғам мен билік арасында тың байланыс құралы қажет. Олай етпеген жағдайда жаңа экономикалық өсу қарқыны болмайды. 

 

Кристэл Ван Дэр Элст, сарапшы /Швейцария/

-100 қадамды айқын мақсаты бар шешім дегім келеді. Ондағы қамтылған салалар заман талабымен үндесіп отыр. Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін қазба байлық не экономиканың тұрақты болуы аз. Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бастамасы нақты өз уақытымен орындалып отыр.

 

БЕС ХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМАНЫҢ БІРІ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ НЕГІЗ БОЛАТЫН ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. ОЛ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ, СУДЬЯЛАРҒА ҚОЙЫЛАР ТАЛАПТЫ ҚАТАЙТУҒА, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ӘДІЛ ШЕШЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОТ ҚҰРУ КӨЗДЕЛГЕН. БҰЛ МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ДА НАҚТЫЛАНДЫ.  МАҚПАЛ МАДИЯРОВАНЫҢ МАТЕРИАЛЫ.

 

Сот жүйесі мінсіз, судьялар корпусы кіршіксіз болуы тиіс. Алайда «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде Елбасы фемида қызметшілерін сынға алған-ды. Судьялар корпусын іріктеуде олқылық, оларға қойылатын талаптарда жұмсақтық бар көрінеді. Бұл кемшілікті Судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров та жоққа шығармады.

 

Серік Байбатыров, ҚР Судьялар одағының төрағасы 

-Сот саласында істемей, адвокаттан келген, нотариустанк елген, соттың қай жағынан кіріп, қай жағынан шығуды білмейді. Келеді де квалификационный экзамен өткізеді де бір күні судья боп отыра қалады. Сосын біздің жұмысымыз ақсайды.

Енді судья атты мәртебелі лауазымға кандидаттарды іріктеу шарттары қатаяды. Сот саласында 5 жыл еңбек етпегендерге жол жабық. Үміткерлердің кәсіби дағдысы, іскерлігі де қатаң тексеріледі. «Мұндай сүзгіден, мұндай сынақтан әркім өте алмайды», – дейді Жоғарғы соттың судьясы Моряк Шегенов.

 

Моряк Шегенов, ҚР Жоғарғы сотының судьясы 

-Аудандық соттарда тағылымдамадан өтеді 1 жыл. Одан кейін сот кеңесіне барады. Содан сынақ мерзімінен өтеді, емтихан тапсырады. Іріктеліп барып, жүзден тұлпары ғана судья болуға құқысы бар.

 

Ел Конституциясы бойынша жасы 25-ке толған, заңи білім алған Қазақстан азаматы судья болуға құқығы бар. 

 

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Жарайды 26 жасында судья болсын. Заңдарды жаттап алғанын көрсетсін. Ол ажырасу процесін қарап жатыр. Судьяның өзінің жанұясы жоқ. Бала-шағасы жоқ. Өзі әлі өмірлік тәжірибе жинамаған. Сот залына ажырасамыз деп келіп отырған екі жұбайдан өмір тәжірибесі терең болу керек. Және олардың баласы үшін дұрыс жол таңдап бере алуы керек. 

 

Бектас мырза сондай-ақ адам заңды білгенмен, қолы, ары таза болмауы мүмкін деп қынжылады. Соның үшін судьялыққа үміткерлерді полиграфтық текстілеуден өткізуді жөн көреді. Ал Судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров судьялар тәуелсіздігіне алаңдайды.

 

Серік Байбатыров, ҚР Судьялар одағының төрағасы 

-Судьяның ештеңеге басы ауырмау керек. Оның бас ауратын нәрсесі – әділ үкім шығару. Сол үшін басы ауру керек. Біз соттың төрағаларын бастық жасап жібердік. Сотта бастық болмау керек. Судьяның бастығы заң болу керек.

 

Қазіргі уақта республика бойынша 2606 судья бар. Былтыр олардың жүктемелері шамадан асып, үлгермей кеткен соң, Елбасы рұқсатымен 450 штат бөлінген. Сонда да ірі қалалардағы әр судья айына 100-150 іс қарайды. Алайда Жоғарғы соттан басқаларының жалақысы жоғары емес көрінеді.

 

Моряк Шегенов, ҚР Жоғарғы сотының судьясы 

-Соттардың жалақысы көп деп айта алмаймын. Аудандық деңгейдегі прокурордың, милиция бастығының жалақысы судьялардың жалақысынан көп. Пенсиясы да сондай. Ешқандай әлеуметтік жағдай қарастырылмаған.

 

Бүгінде Қазақстан Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қарайтын сот төрелігі институты енді Жоғарғы соттың өзіне беріледі. Нәтижесінде оқу мен сот тәжірибесі арасындағы байланыс күшейеді. Судьялардың үнемі біліктілігін арттырып отыруға мүмкіндік болады. Сот төрелегі институтының профессоры, академик Жұмаш Қосанов болашақ судьяларды дайындауда қазірдің өзінде-ақ тәжірибеге басымдық беретіндерін айтты.

 

Жұмаш Қосанов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры 

-Магистраттарымыздың бәрі бірдей мемлекеттік қызметте істеген, 3 жылдық еңбек өтілі бар. Бұлар белгілі бір мектептен өткен дайындықтары бар жастар. Біліктілігін арттыруға келген соттардың тәжірибесін саралап үйренсе дейміз магистранттар. Осы жағынан кешенді жұмыс жүріп жатыр. Негізінен негізгі басымдық тәжірибеге берілуде.

 

Сот пен халықты жақындастыру, сотты қолжетімді ету үшін бес сатылы жүйе қысқартылады. Ендігәрі бірінші апелляциялық, кассациялық үш инстанциялы сот төрелігі жүйесі жұмыс істемек. Сондай-ақ сот рәсімдерін жеңілдету мен жеделдету мақсатында азаматтық-құқықтық дауларға прокурордың қатысуы қысқартылады. Тергеу судьясының құзыреті кеңейтіледі.

 

Моряк Шегенов, ҚР Жоғарғы сотының судьясы 

-Қазір білесіз, қамауға алу санкциясын сот береді. Енді санкция беру, мысалы, тінту, тыңдау бәрі енді енді соттың санкциясымен тергеу органдарының құзыреті соттың санкциясымен ғана іске асады.

 

Соттағы жариялылық пен ашықтық үшін барлық сот процестерінің аудио, бейне нұсқалары жазылады. Судьяға оны редакциялауға монтаждауға тыйым салынады. Және ол жазбаларды екі тараптың өкілдері де алуына құқығы бар. Тағы бір маңызды мәселе шетелдік және отандық инвесторлардың сенімінен шығатын, түрлі таластарды әділ шешетін мамандандырылған инвестициялық сот құрылады. 

 

Анар Жайылғанова, Конституциялық кеңес мүшесі

-Шетелдік инвесторлар өздері мемлекетке экономикаға қосқан үлестерінің финанстық ресурстарының сақталғанын даулардың барлығы ашық, түсінікті сотпен қандай мәселе болсын заң тұрғысынан шешілуін қалайды.

 

Ірі инвесторлардың дауын қарауға шетелдік судьялар щақыртылады. Бұл жағдайда Конституцияға өзгеріс енуі мүмкін. Өйткені қазіргі ата заң негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары ғана судьялыққа тағайындалады. Егер Жоғары сотқа бағынбайтын инвестициялық алқа ашылса, олар мойынсұнатын заң да басқа болады деп талдайды Конституциялық кеңестің мүшесі Анар Жайылғанова.

 

Анар Жайылғанова, Конституциялық кеңес мүшесі 

-Онда олардың қолданылатын құқығы басқаша болар. Онда ол қазақстандық құқықпен емес, комонло деп айтылады ғой, англосаксондық құқық қолданылар. 

 

Сот жүйесіндегі жаңалықтар жағымды-ақ. Айтқанда ауыз сүйсінеді. Ал оның іс жүзіндегі нәтижесі әдеттегідей уақыт еншісінде.

 

СОНЫМЕН АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА ТАЛҚЫЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАЙТА ОРАЛСАҚ. 

 

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ  АЗИЯНЫҢ КӨЛІКТІК ХАБЫНА АЙНАЛМАҚШЫ. БҰЛ МАҚСАТТЫ БІЗДІҢ ЕЛ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КӨШТІ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТИІМДІ ОРНАЛАСУ, ТРАНСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ ЕЛІМІЗГЕ ОСЫНДАЙ ЗАМАНАУИ МІНДЕТ ЖҮКТЕП ОТЫР. «БАТЫС ҚЫТАЙ-БАТЫС ЕУРОПА» ДӘЛІЗІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ. ЕНДІ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖАҢҒЫРАДЫ. ҚАЗАҚ ЕЛІ ӘУЕ ҚАҚПАСЫНЫҢ ДА ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНБАҚШЫ. КӨЛІК ЖЕЛІСІНЕ КӨГЕНДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КЕЛЕШЕГІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ? НҰРБЕК ӘМИША ОЙ ҚОЗҒАЙДЫ.

 

Жол – жалғастырушы, байланыстың бірегей формасы. Қарапайым өмір қағидасы дейсіз бе, әйтеуір, айшылық алыс жерлерден азып-тозбай жету ғана емес, өмірдің күре тамыры іспетті қазіргі теңеуде транспорттық тәмсіл. Қазақстан сол себепті Орта Азияның ғана емес, Еуропа мен біздің құрлықты да байланыстыруға әрекеттеніп отыр. Және оған Жібек жолы атты сүрлеудің ізі көмескі тарта қоймағаны да себеп. VIII Астана форумының негізгі түйіні де Қазақстанның көлік-логистикалық кіндікке айналуына табан тірегені сондықтан. 

 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі 

-Еуразиялық  құрлықаралық дәлізді дамыту аясында Қазақстан транзиттік тасымалдаудың мына бағытына көңіл бөлуде. Қытайдан Еуропалық Одақ Қазақстан арқылы онан әрі Ресейге, сосын «Еуропа-Кавказ-Азия» дәлізі арқылы Орта Азия, Каспий теңізі және Қара теңіз және Иранға желі тарту. 

 

Жібек жолы атты жоба 65 елді біріктіреді. Басты қатысушылары Қазақстан, Қытай және Ресей. Сарапшылардың сөзінше, Қытай және осы жолдың жағасында орналасқан мемлекеттердің өзара сауда айналымы 2,5 триллион долларға шамалайды. Қазақ елі болса, әлгі айтқан Еуропа мен Азия ортасындағы хабқа айналады. Қазірдің өзінде еліміз Қытай шекарасында Қорғас-Шығыс қақпа арнайы экономикалық зонасы аумағында  инфрақұрылымды жасауға кірісіп кетті. Ол арқылы Қазақстан Тынық Мұхитына төтелей жүк шығарады. Құрлықтағыға қарағанда су жолы 3,5 есе қысқарады. 

 

Чжу Сянян, «Ляньюньган Портының» Президенті 

-«Ляньюньган порты» Қазақстан-Қытай біріккен жобасы 2 елдің басшыларының бастамасы. Жоба 1 жылда бітті. Алғашқы сәттен-ақ жүкті Қазақстаннан Орта Азия елдері арқылы оңтүстік-шығыс Азияға, онан әрі Тынық Мұхитына жеткізуге мүмкіндік берді. Немесе керісінше, жүк бізге қарай тасымалданады. Жоба қауіпсіз және нәтижелі болып отыр. 

 

Ақтаудың арқасында Қазақстан теңізге есік ашады. Ақтау порты  Каспий арқылы Жібек жолының негізгі транзиттік жүйесіне айналып отыр. Құрық портының кеңейтілуі ТРАСЕКА және «Солтүстік-Шығыс» дәлізі арқылы жүктің жеткізілу жолын тездетедіп, 25 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Айтпақшы, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» даңғылы да жүктің біраз бөлігін өзі арқылы өткізеді. Қазақстанның теңіздегі күре тамыры да пайдаланусыз қалмайды. Себебі еліміз логистикалық бизнестің пайдасын түсініп отыр.    

 

Михаил Ялбачев, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ» ҰК президенті 

-Міне, аз мөлшердегі контейнерлер. Бұлар транзиттік жұмыстарды атқарады. Біз Қазақстан транзитін жүзеге асырамыз. 

 

Жобаның жартысы қазір жүзеге асты. Салынып жатқан бөлігі де бар. Оның алдында «Жезқазған-Бейнеу», «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржолы тартылды. Бұлардың ішінде Қазақстан үшін басымдыққа ие бағыт – жүкті Қытайдан Еуропаға жеткізу. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» желісі Ляньюньганнан басталып, Қорғас, Алматы, Оңтүстік облыстарды басып өтіп, Ақтөбе арқылы Қазан, Мәскеу, онан әрі Санкт-Петерборға ұласады. Бұл жолдың ұзақтығы 8,5 мың шақырым. Ал ТРАСЕКА дәлізі «Еуропа-Кавказ-Азияны» қосады. Күре тамыр Қытайдан Еуропаға Қазақстанмен желі салып, Орта Азия арқылы Кавказ, онан соң Түркияға жол тартады. 

 

Мирча Чиопрага, ТРАСЕКА Бас хатшысы 

-Өткен жылы «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» арқылы 80 млн тонна жүк тасымалданды. Әр жылы біз 7-8 пайыздық өсімді байқаймыз. Бұл бағытта Қазақстан негізгі роль атқарады. ТРАСЕКА жобасы 13 елді қамтиды. Әрине, оның ішінде Қазақстан да бар. 

 

Оның үстіне Қазақстан әуе қақпасы арқылы да хабқа айналуды көздейді. «Райл эйр» кестесі бойынша жүк темір жолмен Қытайдан келеді. Сосын ол біздің әуежайлар арқылы Еуропаға бойнгтермен апарылады. Тасымалдың бұл түрі арзан емес, алайда ең жылдамы да осы. 

 

Клод Бадан, «Airportmanagementgroup» бас директоры  

-Қазақстан Азия мен Еуропаның ғаламдық хабына айналғысы келіп отыр. Бұл мақсат үшін бізге көбірек халықаралық әуежайларды тарту керек. Біздің мақсат – сапаны жақсартып, қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету. Қазір Қазақстан темір жолымен жұмыс істеудеміз. Жоспарымыз – 2020 жылға қарай жылына 3000 тонна жүк тасымалдау. 

 

Алдағы бес жылда Қазақстан Үкіметі көлік инфрақұрылымына 40 млрд долларға дейін жұмсамақшы. Осы арқылы біздің ел арқылы өтетін жүк тасымалы 50 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Географиялық орналасу мүмкіндігін тиімді пайдаланған Қазақстан мегажобалары өңірдің өркендеуіне жол ашады. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы форумда айтқан мультимодальді көліктік маршруты – транзиттік әлеуетімізді күшейтудегі басым бағыттың бірі.

 

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ БИЗНЕСКЕ БЕРЕТІН МҮМКІНДІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. 182 МЛН ТҰТЫНУШЫСЫ БАР СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 1 ТРЛН ДОЛЛАРДЫ ҚҰРАЙТЫН АЛЫП НАРЫҚТА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУҒА, ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ТАУАРЛАРЫН ШЫҒАРУЫНА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ АШЫЛАДЫ. БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ БАЯНДАЙДЫ.

 

Астанада өткен VIII экономикалық форумда бірыңғай экономикалық кеңістіктегі үдерістер талқыланды. Өсіп-өркендеуі әртүрлі 3 елдің бірігуі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында экономикалық дамудың жақсы үлгісін көрсетті. Одаққа жаңадан қосылған Қырғызстан мен Армения да жақсылықтан үмітті. Алатаудағы ағайын көптен жабық тұрған кәсіпорындардың есігі ашылады. Экономикамыздың тамырына қан жүгіреді деп сенеді. 

 

Жырғалбек Сағынбаев, Қырғызстанның  «Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағының» президенті 

-Қырғызстанның экономикасы өну жолында. Көп зауыттар істемей тұр. Солардың іске қосылып, инвестиция тартуға жол ашылады. Екіншіден, жұмыссыздықтан сыртта жүрген бооурларымыз Россияда, Қазақстанда жүрген елде жұмыс орындары ашылса, қайтып келеді деп ойлаймын.

 

Тауарларын Грузия арқылы өткізіп, ол үшін бума-бума құжат толтырып мазасы кеткен Армения да нарықтың кеңейетініне, малшаруашылығын дамытып, ет өнімдерін экспорттауға жол ашылатынына қуанып отыр.

 

Нектар Манукова, Армения «Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» президентінің орынбасары

-Біріншіден, бұл алып нарық қой. Арменияда бар болғаны 3 млн халық. Ал бұл экономикалық одақ 173 млн тұтынушысы бар нарыққа жол ашады. Біз үшін зор мүмкіндік.

 

Ресейге қарсы санкциялар экономика атаулыға салқынын тигізуде. Форумға жиналғандар Одақ аясындағы тауар айналымның жоспарлаған межеге жетпей жатқаны да осы санкцияның нәтижесі деп түйіндеді. Қазақстан мен Беларусия бұл қиындықтың дәмін сезіп үлгерді. Бірақ бір-бірін демеп, қолұшын беріп, дағдарысқа төтеп беруде. 

 

Вячеслав Винник, Коммерциялық емес ұйымдар бас директорының орынбасары, ( Беларусь) 

-Біз Қазақстанмен бірлесіп 13 жобаны жүзеге асырудамыз. Нақтырақ айтсақ, бірігіп трактор, машина, комбаин жасап жатырмыз. Бұл біздің ортақ тірліктеріміздің басы ғана деп ойлаймын. Әлі де ірі жобаларды бірге жасаймыз.

 

Рақым Ошақбаев, «АТАМЕКЕН» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары   

-Еуроодақ та, АҚШ та қандай шартпен санкцияны алатындарын кесіп айтты. Ол Минск келісімі. Біз де барлық елдер сияқты бір ортақ, бейбіт келісім болады. Ресейден санкция алынады үміттенеміз. 

 

Отандық кәсіпорындардың барлығы ортақ экономикаға бірден бейімделіп кетті деуге келмейді. Мәселен, Қостанайдағы бетон өнімдерін шығаратын зауыт тығырыққа тірелген. Өйткені Ресейден шығатын бетон өнімдерінің бағасы қостанайлықтардікінен әлдеқайда арзан. Осыдан 2 жыл бұрын тауарларын белсенді экспорттаған зауыт қазір дағдарып отыр. 

 

Григорий Жарков, зауыт технологы

-Бұл кәсіпорынның құны қымбат. Қаншама қаржы игерілмей тұр. Екіншіден, қаншама адам жұмыссыз қалмақ. Біз, әрине, қол қусырып отырған жоқпыз. Мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Сонда да зауыт жұмысшыларының таңдырына алаңдаймыз. 

 

Ал оралдықтар керісінше, бұл экономикалық кеңістікке бірден бой үйретті. Трансформатор зауытының бірнеше цехын теміржол маңына көшірді. Нәтижесінде ары-бері тасымалға қаражат шығындамайды. Жиналған трансформаторларды бірден вагонға тиеп, тиіп тұрған Ресейге жөнелте береді. 

 

Асқар Ажаев, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС атқарушы директоры 

-Біздің ең басты мақсатымыз – Ресейге кететін экспорт көлемін 90 пайызға жеткізу. Біз мұнымен де тоқтағымыз келмейді. Инфрақұрылым дамып жатыр. Соны пайдаланып, өзіміздің трансформаторларымызды Түркіменстан, Әзербайжан елдеріне жібергіміз келеді. 

 

Одақ мүшелері Астанада 2 күн бойы тәжірибе алмасты. Қызу талқылау өткізді. Пікір алаңында 5 елдің кәсіпкерлері өздеріне ашылған мүмкіндіктерді, сәйкесінше бизнестегі кедергілерді де сөз етті. Әрине, 5 түрлі елдің 5 түрлі бағыттағы экономикасы тоғысқанда небір қиындықпен бетпе-бет келуі заңдылық. Бұл түйіткілдерді шешу үшін ортақ жүйе, ортақ ереже жасалуда. Ендігәрі кәсіпкерлер арасындағы барлық даулар, түсініспеушіліктер тек Іскерлік Кеңесте шешіледі.

 

Станислав Наумов, РФ Интеграциялық және коммуникациялық зерттеулер еуразиялық орталығының атқарушы директоры 

-Мұндай келісімді Ресейдің, Белоруссияның, Армения, Қырғызстанның іскерлік қауымдастықтарымен бірлесе жүргізу керек. Одаққа мүше 5 елдің Үкіметімен санаса отырып, ортақ бір пікірге келіп, үйренуіміз тиіс. 

 

Бірыңғай экономикалық Одақ нарығындағы бәсекелестік қағидаларының сақталуы енді қатаң бақыланады. Сәйкесінше кәсіпкерлерді тығырыққа тірегеген мәселелердің түйіні тарқатылады. Айтпақшы, бұл Одақ қосымша жұмыс күшін  тартуға мүмкіндік береді. Мәселен, жүйе іске қосылмай тұрғанда Қазақстанда 1000 жуық Ресей азаматы, 100-дей ғана белерусьтар жұмыс істеп жүрген. Бүгінгі таңда жұмысшы ресейліктер саны 7-8 мың, беларустер 500-600-дей. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ жемісті жұмыс істеп, өз мақсат-міндетін біртендіп жүзеге асыруда деген сөз.

 

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК КӨШТІ БАСТАП ТҰР.  ЖАЛПЫ ЕЛІМІЗДЕ БҮГІНДЕ 10 ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ  ОЛАР ТҮРЛІ САЛАНЫ ДАМЫТЫП ОТЫР. КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫНДА ОРНАЛАСҚАН «АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСЫП КЕЛЕДІ.  МҰНДА ТЕҢІЗДЕГІ МҰНАЙ ИГЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДАН БАСТАП, ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖОЛ САЛУҒА ҚАЖЕТТІ ТҮРЛІ ӨНІМ ӨНДІРІЛУДЕ.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА ПАЙДАЛЫ ТАУАР ШЫҒАРАМЫН ДЕГЕН ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ӨТЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН. ТЕҢІЗ ПОРТЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДА ЖАТЫР. МАҢҒЫСТАУДЫ ЕЛІМІЗДІҢ ОРТАЛЫҒЫМЕН ЖӘНЕ ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ТЕМІР ЖОЛДАР САЛЫНДЫ, ТАСЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛЫП, ТЕҢІЗ ПОРТТАРЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ. КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЖАҚСАРУЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУДЫРЫП, МҰНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА НИЕТТІЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ. ГҮЛМИРА ӘБІШЕВА ТАРҚАТАДЫ.

 

Гүлмира Әбішева, тілші

-Бұл жаңа әдіс бойынша өндірілген темірбетон құрылымдарының көмегімен салынып жатқан Қазақстандағы алғашқы көпқабатты үй. Модульды тұрғын үй құрылысының технологиясы балалардың кәдімгі Лего ойынына ұқсайды. Айлар бойы құрылыс басында кірпіш қалап тұрмайсың, дайын бөлшектермен 9 қабатты тұрғын үйді 2 айға жетпей құрастырып шығуға болады. Әрі жылдам әрі арзан. Бұл үйге қажетті құрылыс материалдары Ақтаудағы индустриалды құрылыс комбинатында өндіріліп жатыр. 

 

Құрылыс комбинаты «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Бұл комбинаттың көмегімен жылына 100 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызуға болады. Ақтау – еліміздегі баспана бағасы ең қымбат қалалардың бірі. «Ал былтыр ашылған кәсіпорын аймақтағы тұрғын үй бағасының төмендеуіне мүмкіндік береді», – деп сендіреді мамандар.  

 

Алмас Наушабаев, Индустриалды құрылыс комбинатының бас инженері  

-Біздің бұйымдарымыз сапалы болғандықтан шығар, бізде шығарылып жатқан өнімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір күніне құрылысқа қажетті жабын плиталарының 40-50 данасын шығарамыз. Колонналар, бардюрлер, баспалдақтар, жабын плиталары, бір үйге қажетті бүкіл материалдарды өзіміз шығарып жатырмыз. 

 

Зауытта қалыпсыз құю әдісі қолданылады. Яғни дайын болған ерітінді төрт жолақты мына металлдан жасалған жылытқыш еденге құйылады. Сонда кептіріледі. Бұл технология өнімнің сапалы боп шығуына мүмкіндік береді.

 

Сағадат Сәлімова, зертхана меңгерушісі 

-Біз зауыт өнімдерінің сапасын осы пресс арқылы тексереміз. 7 суткалық және 24 суткалық кубиктер өздерінің прочностін көрсету керек. 28 суткада 42-ні көрсету керек, ол 100 пайыз прочный деген сөз. Ал бізде қазір 7 сутканың өзінде 100 пайыз прочності көрсетіп тұр. 

 

Арнайы экономикалық аймақ құрылғалы 12 жыл ішінде  30 млрд теңге тұратын он шақты тың жоба жүзеге асырылды. Мұнда пайдалы өнім шығарамын деген шетелдік  және отандық кәсіпкерлерге өте қолайлы жағдай жасалған. Түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Кеден салығы төленбейді. Жер тегін беріледі. Тоқ, су мен газ сияқты инженерлік инфрақұрылым мемлекеттің қаржысына жүргізілген.  

 

Әмірбек Төлегенов, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы басқармасының басшысы 

-Мүлікке салық дейтін бар. Сол мүлік салығынан босатылады 28-ші жылға дейін. Сосын табыс салығы, корпоротивный подозодный налог дейміз. Сол табыс салығы біздің Қазақстанда 20 пайызды құрайды. Осы табыс өзіне қалады. Сондықтан арнайы экономикалық аймақ қатысушылары мен біздің тыстағы қарапайым қатысушылармен салыстырғанда, 15 пайыз дейін шыққан өнім арзандау болады деп есептейміз. 

 

Ақтау экономикалық аймағы құрылыс индустриясы мұнай сервис, мұнайхимия және көлік логистикасы сияқты 4 бағыт бойынша дамуда. Қазір мұнда 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 2011 жылы іске қосылған «Ақтау полимер» зауытында жұмыс қыз-қыз қайнауда. Қазір өңірдегі тозығы жеткен су, газ, кәріз және жылу құбырларының орнына осында өндірілген құбырлар төселіп жатыр. Кәсіпорында жылына 67 мың метр полиэтилен құбыр шығарылады. 

 

Гүлмира Әбішева, тілші

-Мына қара түйіршіктер полиэтилен шикізаты. Бұл Парсы шығанағы елдерінен «Ақтау теңіз порты» арқылы жеткізіледі. Осы түйіршіктерді балқыту арқылы әртүрлі диаметрдегі құбырларды жасауға болады. Мұндағы автоматты құрылғы 12 метрден өлшеп, кесіп, дайындап береді. 

 

Полимер зауыты биылдан бастап өңірде алғаш рет жылуды барынша сақтап тұратын оқшауланған құбырларды жасап шығара бастады. Мұны жұмысшылар «ақылды құбыр» деп атайды.

 

Шаттық Құлыбеков, аға шебер

-Мұның ерекшелігі – жылуды тұтынушыға дейін мол көлемде жеткізіледі, шығын көп болмайды. Жылу жақсы жетеді. Жаңа технологиямен жасалып жатыр. Артықшылығы ішінде мыстан сым жүргізілген. Бұл арнайы аппаратқа жалғанады да. Мысалы, кез келген жерде бір құбыр жарылып, су кеткен жағдайда сол аралықтың 1 метрге дейінгі ауытқу дәлдігімен көрсете алады.  

 

Арнайы экономикалық аймақ ұсынған жеңілдік арқасында тасы өрге домалаған өндіріс ошағының бірі – бұл асфальт қоспаларын өндіретін зауыт.  Асфальт бетонын дайындау үшін битум, қиыршық тас пен цемент қажет болса, соның барлығы Маңғыстау түбегінде өндіріледі. Бұл өнім бағасының едәуір төмендеуіне мүмкіндік береді. 

 

Ерболат Мергенбаев, асфальт шығаратын зауыт директорының міндетін атқарушы

-«Ақтау-Жетібай-Шетпе» бағытындағы салынып жатқан тасжолға керекті материалдар асфальт-бетон беріп жатырмыз. Осы тасжолды салып жатқан компания осы жергілікті 3-4 мекемеден асфальт пробасын алып, қазіргі таңда осы өзіміздің шикізатпен Маңғыстаудағы «Ақтау-Шетпе» бағытындағы жолды салып жатырмыз. 

 

Экономикалық аймақта мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Биыл тағы 400 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады. Алты бірдей инвестор жаңа жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті. Ақтауда алғаш рет азық-түлік сақтайтын ірі логистикалық орталық салынып жатыр. Бұл жоба Қазақстан мен Әзербайжан Мемлекеттері басшыларының келісім аясында жүзеге асуда. Шөлейтті өңір Маңғыстауға азық-түліктің 85 пайызы сырттан тасымалданатынын ескерсек, бұл логистикалық кешеннің өңір үшін маңызы зор. 

 

Фархад Валадов, жобаның бас инженері

-Жаңа технологиямен салынып жатқан қойма азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі бірнеше ай бойына сақтауға мүмкіндік береді. Барлық жүйе автоматты басқарылады.   

 

Қазір құрылыс басында 80 жергілікті тұрғын еңбек етіп жатыр. Жұмыс осы қарқынмен жүрсе, алдағы күзде логистикалық кешен құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.  

 

Ардақ Нұржігітов, жұмысшы 

-Осы құрылыстың арқасында маған жұмыс табылып тұр. Жұмысымыз жақсы. 

 

Экономикалық аймақта жақын күндері тағы бір ірі зауыттың іргетасы қаланатын болды. Италия кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, қара алтын өндірісіне қажетті металл құбырларын өндірмек. Бұрын Мұхиттың ар жағынан арнайы тапсырыспен алынатын бұл өнімдер енді Қазақстанда шығарылмақ. 

 

Әмірбек Төлегенов, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ Басқарма төрағасы 

-Сол «Теңізшевройлдың» сұрауы бойынша қазір бұлар біздің арнайы экономикалық аймақтан 10 гектар жерді рәсімдеп, 40 млн доллар инвестиция әкеліп, жылдың аяғы, келесі жылдың қаңтар айында зауытты іске қосамыз ба деп отырмыз. 

 

Биыл сондай-ақ сұйық дәрілер мен полимер өнімдерін өндіретін қос зауыт іске қосылады деп күтілуде. Маңғыстауда бұрын-соңды шығарылмаған полиэтилен қапшықтар, бір рет қолданатын ыдыстар мен тәттілер орамасы жасалатын болады.  

 

Гүлмира Әбішева, тілші

-«Ақтау теңіз порты» экономикалық аймағының аумағында Франция, Англия, Сингапур, Норвегия, Италия және Оңтүстік Корея сияқты он шақты елдің компаниялары тіркелген. Шетел инвесторларын арнайы аймақтағы мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер ғана емес, оның тоғыз жолдың торабында орналасуы да қызықтырып отыр. Соңғы жылдары өңірде теңіз жолдарымен қатар, жаңа теміржолдар іске қосылды. Осылайша еліміздің орталығымен, Қытаймен және Парсы шығанағымен байланыстыратын төте жол ашылды. Бұл арнайы аймақта өндірілген өнімді сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік береді.  

 

ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.