Жеті күн. 23.01.2016 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн. 23.01.2016

  • Жексенбі, 24 Қаңтар 2016 21:00
Сюжеты
1 Сайлау мен самғау 2 Президент бірқатар кездесулер өткізді 3 Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өткізу тәртібін түсіндірді
4 Сайлау туралы елдін пікірі 5 Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу – заман талабы 6 Саяси науқан шетелдік БАҚ назарында
7 Парламент жаңару жолында 8 Кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа міндеттер 9 Аптаның елеулі оқиғалары
 
10 Иран санкциялар бұғауынан босатылды 11 Дүние дүбірі  

1 Сайлау мен самғау

Уақыт жоқ, мұнай бағасы өседі, жағдай жақсарады деп қол қусырып, қарап отыруға уақыт жоқ. Дағдарысты ауыздықтау, Ұлт Жоспарын орындау, «Нұрлы Жолды» іске асыру. Шындап кірісетін шаруа көп. 

Сәрсенбінің сәтіндегі халыққа Үндеуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Алмағайып уақытта бәріміз бірге болып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек», – деді. 

Қазір әрбір азаматтың патриоттығы сыналатын кезең, ал осынау сындарлы шақта бірлікке сына қағып, кінәліні іздеп, ахуалды саясиландырығысы келетіндерге тойтарыс болады. Қазіргі тоқырау тек Қазақстанның жолын кескестеп отырған жоқ. Бұл жаһанға ортақ жағдай. Осыны ұғуымыз қажет.

Өткен аптада Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтылды. Бұған депутаттардың өздері мұрындық болды. Мәселе жеті күн бойы жан-жақты талқыланды. Қалың көпшілік кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын құп көрді. Оның бірнеше себебі бар. 

Қорыта айтқанда діттегеніміз біреу, ол елдің игілігі. Елбасы Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының спикерлерімен, Премьер-министрмен және Конституциялық кеңестің төрағасымен  кеңесті. Кейін бір шешімге келді. Сайлау 20 наурызға белгіленді. Қос науқанды қатар өткізу уақытты әрі қаржыны үнемдейді.

Өткен шақырылымға өкпе жоқ. Мәжіліс ел мерейін үстем ету жолында тер төкті. Әсіресе соңғы жылы шапшаңдықтың шынайы үлгісін паш етті. Қоғам қызу талқыға түсті. Депутаттардың дәуренін доғару мақсат емес, күйзеліс кезеңінде жаңа көзқарас, идея ұсынатын адамдарды іріктеу. 

«Саяси элитаны ширату үшін», – дейді сарапшылар. Дегенмен соңғы сөз Ақордада. 

Конституцияға сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев қатарынан бірнеше кеңес өткізді. Парламент палаталарының спикерлері және Премьер-министрмен, Конституциялық кеңестің төрағасымен кеңесті. Кездесулерге Президент әкімшілігінің басшысы да қатысты. 

Елбасы бұл бастаманың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық және ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. 

Игорь Рогов заңдық тұрғыдан түсініктеме беріп, Мәжіліс пен мәслихат сайлауын қатар өткізу конституциялық нормаларға сай екенін айтты. Ойланып барып, бір аптадан соң Нұрсұлтан Назарбаев мәжілісмендердің бастамасын құптады. Бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде Жарлыққа қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаев Халыққа Үндеу жасады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Менің атыма түскен үндеулерге барлық дәлел-дәйектемелер маған түсінікті. Ол елдің қамы. Мынандай қиын-қыстау заманда бір жыл саяси науқанмен шұғылданбай, жұмыс істеуіміз керек. 

Расымен де, қазіргі кезең күрделі. Халықаралық жағдай ушығып, әлемдік державалардың арасында түсініспеушілік көп. Аймақтық текетірестер мен терроризмнің белең алуы тағы бар. Әлемдік сауда төмендеді. Осынау қиын кезде ел алдында күрделі міндеттер тұр. 

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В этой сложнейшей ситуации самое важное для всех нас понять, что жить надо по средствам, экономить ресурсы, сохранять рабочие места. Правительству и Парламенту в данной ситуации надо работать совместно, собранно и принимать оперативные меры. Нашему народу, как всегда, нужно объединиться и давать отпор, при необходимости законодательно, любым возможным провокациям в это сложное время. И тем, кто будет пытаться политизировать и искать виновных в ухудшении ситуации. Это глобальный процесс, на который ни одна страна, в том числе и Казахстан, не могла повлиять. Поэтому всем нам нужно сплотиться и помогать друг другу.

Ұлы дала елінің бұл қиындықтарға төтеп беруге қауқары жетеді. Ерлікпен еңбек, бәрін де жеңбек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазір біздің қоғамымыз баяғы 1991 жылғы мүлдем бейтаныс ахуалға тап болған кезеңдегі абдыраған адамдар тобы емес. 24 жылдан астам бері қарай жұмыс істеп Тәуелсіздігімізді нығайтып келе жатырмыз. Ширек ғасырға жуық абыройлы жолменен жүріп келе жатқан елміз. Біз жасампаз еңбекке шыңдалып, табысты қалыптасып, әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық бүгін. 

Экс-депутаттар да осы күрделі ахуалды ескерді. Тез арада Мәжілісті қайта жасақтап, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, Елбасы тапсырмаларын орындауды көздейді олар. 

Бұл сайлау тағы да елдің тұтастығымен бірлігінің шынайы үлгісін паш етеді деген болжамдар айтып жүр.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мен депутаттардың бастамасы Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп санаймын. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы, оның ішінде Қазақстан халқы Асаммблеясы депутаттарының сайлауы бар  және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы биылғы кезектен тыс емес, кезекті сайлауы бар, осының екеуін қосып өткізу деген ол уақытты да, қаржыны да үнемдеу деген сөз. Меніңше, дұрыс ойлап отырған мәселе. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымын аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны үшін мен алғысымды айтамын. 

Сайлау 20-шы наурызға белгіленді. Бұл науқан ел мүддесіне сай келеріне көпшілік сенімді. Ал қайта жасақталатын Мәжіліске қандай депутаттар сайлануы тиіс?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Убежден что обновление представительной ветвии власти в интересах страны и народа. Политические партии должны выдвинуть грамотных, деловых, преданных интересам страны кандидатов которые способны понять задачи сегодняшней повестки дня. Призываю всех активно принять участие в выборах и снова показать нашу сплоченность и единство ради будущего нашей страны. Как гарант Конституции я поручаю Центральной избирательной комиссии и всем уполномоченным государственным органам обеспечить законность, прозрачность и справедливость предстоящих выборов. 

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі

-Нұрсұлтан Абишевич, в сответсвии с вашим поручением внутри Правительство совместно с вашей администрацией, с акимами областей, с бизнес сообществом были проведены соответствующие консультации, был проведен совет по экономической политике, для того что бы адаптировать все экономические процессы в соответствии текущей ситуацией. Мы уверены что все ваши поручения для того что бы удержать экономическую ситуацию и подготовить план по переходу на новые рельсы как вы сказали, будет исполнено. 

Мемлекет басшысы уәкілетті органдарға тиісті тапсырма берді. Сайлау ашық әрі әділ өтуі тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Прокуратура должна следить за тем что бы повсеместно соблюдался порядок конституционный который у нас есть. 

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры

-Прокуратура примет все меры для того что бы выборы прошли празрачно, честно, в строгом соответствии с требованиями законов и Конституции республики. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-И внешне политическому ведомству, всем нашим дип.миссиям зарубежом разеснять суть и значения и почему мы принимаем это дело и чтобы было восприятие. 

Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу конституцияға сай Елбасы Үндеуінің ізін суытпай Конституциялық кеңестің төрағасы да мәлімдеме жасады. 

Игорь Рогов, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы

-Президент в сответствий статьи 66 конституций Республики Казахстан провел консультаций с председателями палат парламента, с Премьер-министром, а так же с председателям Конституционного совета. И принетая им решение о досрочном прекращение полномочий депутатов Мажилиса парламента и назначение выборов депутатов является абсолютно конституционным и соответствует законадательству Республики Казахстана.

«Қорыта айтқанда баршаның мақсаты бір», – деді Президент. Ол елдің игілігі. Сондықтан барша саяси партияларды ел тағдырына жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Ал бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Хасен Омарқұлов 

2 Президент бірқатар кездесулер өткізді

Дамыған өндіріс. Қарқынды өсім. Экономикасы әртараптандырылған аймақ. Елбасы Ақтөбе облысының аяқ алысына қатысты осыны айтты. 

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев өңір аумағын автомобиль жолдары, соның ішінде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі көктей өтетінін айтты. 

Бұдан бөлек, темір жол желілері, газ құбырлары тартылған. Демек жол бойында сервистік қызметті дамытып, жұмыс орындарын ашуға болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Облыста барлық жағдай бар. Өндірісі өркендеген, тәртібі жақсы, қарқыны жақсы. Ауыл шаруашылығы да бар солтүстігінде. Мұнай бар, металлургиясы бар, құрылысы бар. Кешегі менің халыққа жолдаған Үндеуіме байланысты елмен жұмыс істеу керек, елге түсіндіру керек мынандай жағдайды. Ол біздің кемшілігімізден дұрыс істемегендік емес, ол бүкіл дүниежүзілік дағдарыс. Олардан шығудың жолы қазір жаңағы әлеуметтік жағдайды ұстап, жұмыс орындарын ұстап, мынау шағын бизнеске беріп жатқан қаржыны жақсылап жұмсау керек. Оңтүстіктеріңде Қытайдан келетін жол жүріп жатыр ғой. Осының төңірегінде жұмыс орындарын салып, әр жерлерде мынау темір жолдың бойында, автокөлік жолының бойында, мына елдерге сервис көрсететін компаниялар болса кішігірім барлығы жұмыс табады. 

 Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі 

-Қазіргі мынау экономикалық дағдарысқа қарамастан жалпы өңірдегі экономиканың дамуы 2014-пен салыстырғанда 5 пайызға ұлғайды. Сіздің берген ең үлкен тапсырмаңыз – халықты жұмыспен қамтамассыз ету. Ол жөнінен де үлкен проблемалар жоқ. Жұмыссыздықтең деңгейі қазіргі таңда белсенді жұмыс істейтіндермен салыстырғанда 4,8 пайыз. Былтырғымен салыстырғанда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Анау үлкен өндірістер жұмыскерлерін қысқартқан жоқ қой?! Мен оларға тапсырма бердім.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі 

- Ия, Сіздің берген тапсырмаңыз бар. Соған байланысты әсіресе мынау «Ақтөбемұнайгаз», «Қазхром» оларда ешқандай қысқарту болған жоқ. Сіздің берген тапсырмаңызға сәйкес «Қазхром»,  Орыс мыс компаниясы, түрік компаниялары жалақыларын 10-15 пайызға 1 қаңтардан бастап көбейтті. Қазір енді сондай жұмыста басқалармен де жүргізіп жатырмыз.

Облыста бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша резервтер іздеу мақсатымен мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту, халықаралық қаржы институттары мен инвесторлардың қаражатын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында 29 жоба қарастырылған. 

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі 

-Мен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлына берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндадым. Ең негізгі тапсырма, қандай бір экономикалық қиыншылықтар болмасын дамуды төмендетпеу. Соның арқасында халықты жұмыспен қамтып, әл-ауқатын жақсарту. Қазіргі таңда ол жөнінде Ақтөбе облысында тапсырмалар толығымен орындалды. Жұмыспен қамту, жұмыссыздықты көбейтпеу. Қазіргі таңда жұмыссыздық былтырғымен салыстырғанда 4,8 пайызды құрайды. Уақытысында жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны беру жөніндегі тапсырма орындалды. Тағы бір үлкен тапсырманың біреуі ол мынау бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Бағаның өсуі былтырғы жылы 11,2 пайызды құрады. Қазір енді біз барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, ең негізгі әлеуметтік маңызы бар 33 тауардың бағасын көбейтпеуге жұмыс жасап жатырмыз.

Сондай-ақ Ақмола облысының әкімі де Елбасыға есеп берді. Сергей Кулагин өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларын баяндады. 

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда облыстар арасында өзара тауар алмасуды күшейту қажеттігін, осыған орай әр өңірде өндіріс пен тұтыныс теңгерімін жүргізу керектігін айтты. Астананың «азық-түлік белдеуі» аясындағы жобалар талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Каждая область Казахстана должна составить баланс потребления производства. У нас плохо, что между областями вы не общаетесь совсем. Ты производишь, потребляешь, чего-то не хватает, в соседней области взять надо, лишнее отдать в другую область. Живете каждый, как автономное княжество.

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі 

-Мы напрямую работаем с Астаной. Обеспечение Астаны достигло 50% молока. А область себя обеспечивает на 100%.

-2015 жылы өңірде өнеркәсіп өндірісі – 6,9 пайызға, ауыл шаруашылығы – 2,1 пайызға, құрылыс жұмыстары – 6,1 пайызға өскен. Индустриялық карта шеңберінде соңғы екі жылда 21 жоба іске асып, 1 мың 700 жұмыс орны ашылды. 

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі 

-Мен мемлекет басшысына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап бердім. 2015-ті қорытындылап, алдағы бес жылдық перспективаларға тоқталдым. Әлеуметтік нысандар жайлы және «Нұрлы жол» төңірегінде істеліп жатқан жұмыстарды да баяндадым. Біз бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асырып жатырмыз. 

Ақордада отандық ғылымды дамыту мәселелері де талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады. 

Елбасы әлемдік экономика мен геосаяси ахуалға орай ел ғалымдары пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты.  

Бұл орайда Кенжеғали Сағадиев ғалымдардың өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін жеткізді. Қазіргі күрделі кезеңде қоғамға қызмет етуді кәсіби борыш санайды.  

Академик Ұлт жоспарын жүзеге асырып, оның әлеуетін барынша пайдалану тиістігін алға тартты. Бұл үрдіске барлық жұртшылықты белсене қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мынандай қазіргі алмағайып жағдайда дүниеде болып жатқан экономикалық ахуал, саяси ахуал ғалымдардың айтатын сөздері болу керек. Өзіңіз көріп отырсыз, дүниедегі өткен дағдарысты айтқан кезде Румыния да үндемейді, Нобель лауреаттарының ешқайсысы да үндемейді. Ешқайсысы бүгін сараптама айтып, не болып жатыр, қалай шығу керек деген жоқ. Ең ұлы мемлекеттер дүниежүзінің халқын ұстап отырған ешқайсысы бірігіп жұмыс істеудің орнына таласып жатыр. Лаңкестіккпен күресуде бірікпесе, бұдан түк шықпайды. Осының бәріне біздің Ғылым академиясының, ғалымдардың пікірлерін ойланып-ойланып айтатын сөздер болу керек. Олар енді осымен отыр ғой. Мен енді шаруашылықпен отырмын. Ананы да қарау керек, мынаны да қарау керек. Бәрін қарау керек. Олар осыменен отырған ғалымдар. Сондықтан сіздің ол жердегі сөзіңіз, айтатын шаруаңыз өте мықты болу керек деп санаймын. 

Кенжеғали Сағадиев, академик 

-Біздің Ұлт жоспарымыз бар Президент ұсынған. Мұны өзіміздің асқақ арманымыз дейміз. Соған бастайтын жол дейміз. Осы үлкен тарихи мүмкіндік. Бұл – Президенттің арқасында туған тарихи мүмкіндік. Сондықтан осы мүмкіндікті бүгінгі қиындыққа қарамай өте жақсы пайдалана білуіміз керек.

3 Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өткізу тәртібін түсіндірді

Сонымен саяси науқан наурыздың жиырмасына белгіленді. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына бір күнде дауыс беріледі. Ұйымдастыру жұмыстарына қазынадан шамамен 8 млрд. теңге қарастырылған. Егер сайлаулар жеке-жеке өткен жағдайда шығын көлемі әлдеқайда көп болар еді. Нақты айтсақ, 13 млрд. теңгедей жұмсалатын.  

Түсінікті болуы үшін айта кетейік, үнемделген 4,8 млрд. теңгеге әрқайсысы мың орынға шақталған су жаңа төрт мектеп салуға болады. 

Осы аптада брифинг кезінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері саяси науқанды өткізудің тәртібін тарқатып айтып берді. 

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 

-Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жүргізіледі.

Жалпы Парламент Мәжілісіне барлығы 107 депутат сайланады. Оның 98-і партиялық тізім бойынша бекітіледі. Тағы 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан мандат алады. 

Ал жергілікті мәслихаттарға барлығы 3 мың 335 депутат таңдалады. Оның ішінде облыстық мәслихаттарға – 550, қалалыққа – 625, ал аудандық деңгейдегі мәслихаттарға 2 мың 160 депутат сайланады. 

Қазіргі таңда еліміздің Әділет органдарында 7 саяси партия ресми тіркелген. Сайлауға қатысу үшін олардың барлығының құқығы бірдей. 

Айта кету керек, саяси партиялардың үгіт-насихат шараларына бюджеттен қаржы қаралмайды. Олар өздерінің жеке қорын пайдаланады. 

Талап бойынша, бұл қаражат көлемі - 342 миллион 800 мың теңгеден аспауы керек.

Ләззат Сүлеймен,  ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 

-Сайлауға келген әрбір сайлаушының қолына үш бюллетеннен беріледі. Біріншісі саяси партияларға, екіншісі облыстық мәслихатқа дауыс беру үшін және үшіншісі аудандық немесе қалалық мәслихатқа дауыс беру үшін. Әр бюллетень бойынша әртүрлі кандидаттар болады. Әрқайсысына жеке-жеке хаттамалар толтырылады. Ал Астана мен Алматы қалаларының аудандарында аудандық мәслихат болмағандықтан , бұл екі қаладағы сайлаушылар екі бюллетень алатын болады.

4 Сайлау туралы елдін пікірі

Отаншылдық тұрғыда халықтық қолдаудың көрінісі. Мәжілістен өрбіген бастаманы елдің де, Елбасының да құп көруі соның айғағы. Мерзімінен бұрын сайлау экономикалық даму қарқынын бәсеңдеуге, әлеуметтік ахуалды төмендетпеуге жол ашады. Дағдарысты еңсерудегі 5 реформаны, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындауға мүмкіндік артады. 

Ұлттық бағдарламаның нәтижелі атқарылуына заң шығарушы органның қосар үлесі сүбелі. Сондықтан саяси науқанды жыл басында өткізіп, Мәжілістің жаңа құрамын таңдап, ілкімді істерді жалғастырып әкету барлық жағынан тиімді. Ауылдағы ағайынның, өндірістегі жұмысшының да ортақ пікірі осыған саяды.  

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақстандықтар өз таңдауларын жасаулары тиіс. Қазір бұл мәселе қоғамда қызу талқылануда. 

Мәселен, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы мен қоғамдық бірлестіктері «Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын бірге өткізу саяси және экономикалық тұрғыдан тиімді», – деп есептейді.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы 

-Бір жылдың ішінде екі сайлау өткізу дұрыс емес, өйткені дағдарыс уақытында қаншама қаражат кетеді. Екіншіден, сайлауға дайындалу үшін көп халық жұмыс істеуі керек. Сайлау учаскелері ашылуы қажет. Мұны жылына екі рет жасау оңай емес. 

Асқар Атаев, М.Ықсанов атындағы қоғамдық қордың төрағасы  

-Елбасының кешегі Мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі шешімін біздер бірауыздан қолдаймыз. Бұл мынау біздің еліміздегі, әлемде болып жатқан дағдарысқа байланысты жыл басында сайлауды өткізіп, кешегі өзінің Жолдауындағы, Ұлт жоспарындағы көрсетілген мақсаттарды толықтай іс жүзіне асырады деп түсінеміз. 

Жаһанды дағдарыс жайлаған тұста бюджет қаржысы мен уақытты үнемдеу оң шешім. Әрі күрделі халықаралық ахуалға төтеп берудің бірден-бір жолы екендігін Ақжайық өңіріндегі өнер адамдары да мойындап отыр. 

Қуандық Мәдір, «Өнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, суретші 

-Бұл өте құптарлық іс деп қабылдаймын. Себебі айналада қазір дағдарыс. Көптеген мемлекеттерде, әлемдік алпауыт мемлекеттердің өзі үлкен-үлкен дағдарысқа ұшырап жатқан жағдайда бұл жаңа бір күшпен, жаңа сеніммен, елді алға апаруға бастар жол деп түсінемін. Әлемдегі жағдай ауыр болғанмен елдің даму барысы әлбетте жақсы. Сондықтан алдағы күндерден үлкен үміт күтеміз.

Елбасының Парламент мәжілісі сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімін тараздықтар да қолдауда. «Бұл дағдарысқа қарсы шараларға жаңа серпін беріп, Ұлт жоспарын жеделдетіп жүзеге асыруға жол ашылады», – дейді Әулиеата тұрғындары.

Кеңесхан Аралбаев, құрылысшы 

-Біздің өзіміздің алдымызға қойған мақсатымыз, Елбасының алдына қойған мақсаты, Ұлттық жоспары бар. Сол жоспарды жыл бойы сайлау болады деп жүріп алмай, ертерек жыл басында өткізіп, қара сөзден іске көшкеніміз дұрыс. Қазақстанымыздың болашағы үшін істелініп жатқан бұл тарихи шешім деп ойлаймын.

Жалпы отандастарымыздың пікірі күнделікті теледидардан көрсетілетін терроризм, жоқшылық пен жұмыссыздықтың не екендігін қазақстандықтар көрмесе екен дегенге саяды. Және жұртшылық барымызды бағалап, елімізді өркендертуге күш жұмылдырайық деген ойларын ортаға салуда.

Бақытжан Сәмиева, Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы 

-Бұл шаралар уақытылы жасалынып жатыр деп есептеймін. Жан-жақта түрлі қиын жағдайлар болып жатқанын көріп, естіп жатырмыз. Ал біздің мемлекетіміз болса, міне Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Сондықтан алдағы қиындықтарды еңсеріп, болашағымыздың одан әрі баянды болу үшін сайлауды ертерек өткізіп алғанымыз абзал.

Әбілқайыр Байпақов, битум зауытының бөлім басшысы  

-«Бірлік бар жерде тірлік бар» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Алдағы болатын өзгерістерден күтеріміз көп. Бастысы, жұмыс орындары сақталып, халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеу. Біз осы бағытты қамтамасыз ете алсақ, барлық қиыншылықтарды жеңеміз. 

Еркін Құрманбеков, «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы 

-Елдің ішіндегі бірлік, саяси-экономикалық тұрақтылық, осылардың барлығы біздің елімізде мемлекетіміздің нығаюына өздерінің үлесін қосатыны, сонымен қатар озық елдің қатарына қосылуға деген үлкен шешімді мәселелердің барлығы жаңа құраммен бірге жүзеге асырылады. Осы сайлауға, оның жақсы демократиялық жолменен сәтті өтуіне өзіміздің үлесімізді қосамыз.

Сәрсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5-шақырылымдағы Парламент Мәжілісі депутатарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойғандығы белгілі. Ал бейсенбі, жұма күндері «Қоғамдық пікірді» зерттеу институты 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының тұрғындары арасында телефон арқылы сауалнама жүргізілген. Оған қатысушы 1200 респонденттің 93,6 пайызы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы құптайтындықтарын айтады. Сауалнама барысында Мәжіліске қандай азаматтар келу керек? Кезектен тыс сайлау өткізудің тиімділігі неде деген сұрақтарға да жауап алынған. 

Айгүл Сәдуақасова, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының атқарушы директоры 

-Осы күннің мақсатын түсінетін іскер, білімді және ел мүдделеріне адал, құндылықтарына берік азаматтарды тарту керек деген оймен 97,2 пайыз респонденттер келісіп отыр. Сонымен қатар  97-ден артық пайыз Елбасының шешімін қолдап отыр қазіргі таңда. 2 пайыз сайлау елдің дамуындағы қиын кезеңде халықтың бірлігі мен біртұтастығын арттыра түседі деген сенімде. 

Күләш Рахымжанова, «Достық» орталығының атқарушы хатшысы 

-Осы жаңадан сайланатын депутаттардың қатарында өз қара басым, елін сүйген, жерін сүйген, ана тіліне жаны ашитын, елінің мұң-мұқтажын жырлайтын, елінің бар кемтігін толтырам деген, елім деген азаматтар жиналса екен деген тілек. Барлығының бір-ақ тілегі сол.

Елбасы тағдырға мойынсұнып, әйтеуір бір қалпына келер деп, қол қусырып отыруға болмайтындығын ескерткен еді. Қазір Қазақстан жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер табалдырығында тұр. 

Көктемде табиғатпен қатар Мәжіліс құрамы да жаңарады. Бұған дейін қабылданған заңдық негіздемені әрі қарай жүзеге асыру жаңа депутаттарға жүктелетін міндет. Ал 20 наурызда өтетін сайлауда белсенділік таныту – әрқайсысымыздың парызымыз.

Авторы: Гүлмайра Қуатбайқызы

5 Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу – заман талабы

Қисынды қадам. Себебі жаңА қатерлерге – жаңаша қамдану қажет. Яки сайлауды ерте өткізу қазіргі заманның талабы. Саясаттанушылардың пікірлерін тыңдайық. 

Айдос Сарым, саясаттанушы 

-Сайлаудың өтуі – экономикалық тұрғыдан болсын, саяси тұрғыдан болсын, заңды және қисынды деп есептеп отырмын. Бұл тағы да қайталап айтамын, менің мықтылығым, менің көрегендігім емес. Бұл енді саяси, бүгінгі үрдістің, саяси үдерістің белгілі бір қисынға келіп, белгілі бір нышандарға қалыптасуының негізі деп айтар едім. 

Мәдина Нұрғалиева, ҚСЗИ Алматыдағы өкілдігінің басшысы 

-Парламенттік сайлауды кезектен тыс өткізу бастамасын Елбасы барлық мәселені елеп-екшеп барып, бірақ қолдады. Конституциялық талаптар түгелдей сақталды. Мәжіліс және Сенат төрағаларымен, Үкімет басшысымен кеңесті. Оның сыртында көптеген сарапшылар мен қоғамдағы пікір де есепке алынды.

 «Ел билігін осындай елеулі шешімдерге итермелеген экономикалық дағдарыс болса, оны еңсеру үшін экономиканың өзіне иек арту жеткіліксіз. Дұрысы – саяси өзгеріске өріс ашу керек», - дейді  саясаттанушы Марат Шибұтов. 

Марат Шибұтов Шекаралық ынтымақтастық қауымдастығының өкілі 

-Бүгінгі дағдарысқа қарсы бағдарламадағы басты қадамдардың бірі – ол әрине, кезектен тыс сайлау  өткізу. Біз экономиканың инновациялық салаларын жетік білетін жаңа тұлғаларды билікке әкелу керекпіз. Сондықтан алдағы сайлау мемлекет үшін емес, тұтас экономика үшін маңызды.

 Ұтымды ұсынысқа ұтқыр шешім шығарған Елбасы жарлығында тағы бір артықшылық бар. Ол – саяси партиялар үшін салынған соны сүрлеу. Яғни алдағы сайлау еліміздегі саяси бірлестіктерді  дамудың жаңа жолына жетелейді» ,- дейді Қазақстан саясаттанушылары конгресі төрағасының орынбасары Арман Ешмұратов. 

Арман Ешмұратов, ҚСК Басқарма төрағасының орынбасары 

-Енді біз елдегі партиялық жүйені дамытудың жаңа кезеңі басталды деп айта аламыз. Тиісінше азаматтарымыздың саяси мәдениеті де артып, Қазақстанды өркендету тұрғысында қай партия, қандай бағыт ұстанатынын білетін болады.

6 Саяси науқан шетелдік БАҚ назарында

Әлемдік ақпарат құралдары да Қазақстанда өтетін саяси науқан жайында материалдар жариялап жатыр.

Айдос Тұрысбек, шолушы 

-Алдағы саяси науқан жайлы шетелдік баспасөздің ішінен алғашқылардың бірі болып Euronews мәлімет таратты. Ақпараттық арна Қазақстан Президентінің халықты сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырғанын, саяси оқиғаның еліміз үшін сындарлы сынақ екендігін жеткізді.  

«РБК» телеарнасының ресми сайты наурызда өтетін сайлауға қатысты Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудриннің пікірін жариялады.

Мұның алдында Президенттің «100 қадамына» қатысты жылы лебізімен бөліскен саясаткер: «Cайлау мерзімін жылжыту дұрыс шешім болды. Кез келген бағдарлама саяси қолдауды қажет етеді. Ол үшін саяси мандат пен мүмкіндіктер берілуі керек», – деген ойын ортаға салды.  

Қазақстандағы саяси науқанға баға беріп, өз пайымдарын білдіріп жатқан өзге де беделді сарапшылар көп. Солардың бірі – Орталық Азия және Шығыс елдері бойынша сарапшы Александр Князев. 

Ng.ru (Независимая газетіне) сұхбат берген ол: «Кез келген Парламент консервативті келгенімен, жаңа құрам күнделікті айналада болып жатқан өзгерістерге жауап бере алатындай тиісті шешімдер қабылдауы керек болады», – дейді. 

Ал Аймақтық проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлевтің айтуынша, Парламент жұмысына тыңнан, жаңа қырынан келу керек. Сарапшының бұл пікірін ресейлік Nrnews.ru (Новостная лента) порталы жазып алған. Онда: «Егер Парламентті жаңарту, оны таратуды талап етсе, оның құрамын өзгерту уақыты келді деген сөз. Назарбаев – стратег. Оның жоспарлары бір жағынан ұзақ мерзімді болса, екінші жағынан, өте жеделдікті талап етеді», – делінген. 

Сондай-ақ сарапшының пікірінше, сайлауды мерзімінен бұрын өткізу жүйе тұрақтылығының кепілі. «Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу – Парламент құқығын үнемі созу деген сөз. Яғни жүйеге өзгеріс енгізу арқылы оның тұрақтылығын күшейтесіз», – дейді Дмитрий Журавлев.

Осы басылымға сұхбат берген Данияр Әшімбаевтың сөзінше, сайлауды әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық өзгермей тұрғанда өткізген дұрыс. «Сайлауды өз мерзімінде емес, одан ертерек ұйымдастыру электоратпен жұмыс істеу тұрғысынан тиімді. Бұл қазақстандық тәжірибе ғана емес. Парламент Италияда, Франция мен Ұлыбританияда да мерзімінен бұрын таратылады». Бұл қазақстандық саясаттанушының басылым журналистеріне берген жауабы. 

Ал өзбектің Review.uz порталы сайлау жергілікті жерлердің де жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік туғызатынын атап өтіп: «Саяси партиялар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс», – деген болашақ депутаттарға қойылатын талаптар мен оның үдесінен шығу туралы Мемлекет басшысының сөзінен үзінді келтірген.  

Қорыта айтсақ, шетел баспасөзіне ортақ бір пікір бар. Ол – Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды қоса өткізу қазіргі экономикалық жағдайда объективті негізделген шешім.

7 Парламент жаңару жолында

АбОсыдан тура 20 жыл бұрын Қазақстанның қос палаталы заң шығарушы органы өз қызметіне кірісті. Содан бері көп құжат қабылданды. Олардың әрқайсы елдің жаңаруына жол ашты. 

Биліктің заң шығарушы тармағы заман ағымынан қалыс қалған емес. Әр шақырылымдағы депутаттық құрамның өзіне тән жетістіктері бар. Мәселен, 2007 жылы сайланған депутаттар дағдарыс тұсында жаңа заңдарды жылдам қабылдады. Соның арқасында әлеуметтік сала әлсіремеді. Индустрияландыруға серпін берілді. Ал бесінші шақырылым осы аптада таратылған құрам «Ұлт жоспары» атты ауқымды құжатты заңнамалық негізді әзірлеуімен есте қалмақ.

Ақбөпе Бәкір, тілші 

-Мына ғимаратта қазір Мемлекеттік басқару академиясы отырады. Ал біраз уақыт бұрын еліміздің тұңғыш заң шығарушы органының депутаттары жұмыс істейтін. Бүгінде оларсыз мемлекеттің құрылымын елестету мүмкін емес. Ал қазір депутаттар мына жерде жұмыс істейді. Сенат пен Мәжілістің ғимараттары бір кешенге біріктірілген. Алтыншы шақырылымның құрамы наурыз айының соңында белгілі болады. Алғашқы шақырылым қандай болған еді?

Бұл бірінші шақырылым депутаттарының Астанаға Алматыдан көшіп келген сәті. Жаңа мемлекеттік құрылымдағы жауапты қызмет, жаңа қала, жаңа жұмыс орны, жаңа кабинет, жаңа өмір. Қуаныш пен қобалжу аралас. Алда қауырт жұмыс – маңызды құжаттар қабылдау керек. Халық артқан сенімді ақтау – ең басты міндет.

Жігер Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжіліс аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы 

-Онда депутаттар келе салып, оларға үй әлі дайын болған жоқ. Ғимараттардың ішінде жұмыстар әлі жүргізіліп жатты. Бірақ жұмыс жалғаса берді. Бір адам, бір қағаз жоғалмауы керек. Сондай бізге талап қоятын.

Осы жерде алдымен Парламенттің құрылымы туралы қысқаша айта кетсек, Сенатта – 47 депутат. Сенаторлар 6 жыл мерзімге сайланады. 15 сенаторды Президент тағайындайды. 32-сі жергілікті атқарушы билік органдары депутаттарының арнайы жиналысында сайланады. 

Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан әр аймақтан 2 адамнан алынады. Мәжілісте – 107 депутат. Дауыс беру арқылы 98 депутат таңдалады. 9 мандат Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері арасында бөлінеді.

Ал бірінші шақырылым депутаттары аймақтардан ұсынылып, халық сайлаған азаматтар еді. «Жұмысты алып кете алар ма екен деп сыни көзбен қарағандар көп болғандықтан, жауапкершілік те зор еді», – дейді бірінші күннен бері Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінде жұмыс істейтін мамандар.

Жігер Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжіліс аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы 

-Сондықтан біз жұмыс істегенде жай нәрсені ылғи екі рет тексеріп, тағы зерттеп, өзімізге мұқият талап қойдық.  

Депутаттармен қатар олардың көмекшілері мен аппарат қызметкерлері – бұрын-соңды ешкім атқармаған жұмысты істеді. Сұрап, ақылдасатын бұрын істеген адамдар да жоқ-тын. Және қателік жасауға адами қақылары болмады. Сондықтан мұнда Президент әкімшілігінде қатаң тәртіпті көрген, Үкіметте берілген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға дағдыланған, Министрліктерде мерзімінде орындауға үйренген мамандардың ең жақсы қасиеттерін сіңірген білікті де білімді мамандар іріктеліп алынды. 

Сонымен бірінші шақырылым депутаттарының алдында қандай міндеттер тұрды? Барлығын басынан бастау, әлемдік парламентаризм тәжірибесіне сүйеніп, өз еліміздің ерекшелігі мен сол кездегі жағдайды ескеріп, өміршең заңдар қабылдау керек болды.

Наубат Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылым депутаты 

-Парламент туралы, Үкімет туралы, Банк жүйесі туралы, жүздеген заң болды. Осының барлығын жаңа Конституцияның бабына сәйкес, соның талаптарына сәйкес жаңаша қабылдау керек болды. Сосын үшінші ең басты жауапкершілік – ол еліміздегі әлеуметтік жағдай болатын. Жаңа әлеуметтік жағдайға жоқшылық, тауар тапшылығы, айлап, тоқсандап жалақы берілмейтін, зейнетақы берілмейтін күндер болды. Осы кезде әлеуметтік заңдарға біраз өзгерістер қабылдау керек болды.

«Алдымызға келген заң жобасын ұзақ қарап, әзірлеген ведомство мамандары мен жауапты министрлік жетекшілерін шақырып, қай тұсында алып-қосары бар екенін айтып, түсіндіріп, өзгертілген нұсқасы да жарамаса, қабылдамай тастаған заңдар да болды», – дейді депутаттар.

Михаил Трошихин, ҚР Парламенті Мәжілісінің І, ІІ, ІІІ шақырылымдарының депутаты 

-Ең басты мәселе – нарық пен экономиканы реттейтін заңнаманың болмағанында еді. Яғни кез келген қоғам өзінің дамуы үшін қолданатын бастапқы ережелер де болмады. Біз кеңестік жоспарлы экономикадан бас тартып, нарыққа қадам бастық. Бірақ ешқандай сүйенетін негіз жоқ еді. Сондықтан су жаңа заңдар қабылдауға тура келді. Елбасы да сол кездегі жағдайды түсініп, базалық заңдар қабылдау туралы Жарлықтар шығарып, соның негізінде экономиканы реформалап, жаңасын құруға мүмкіндік туды.

Егер бірінші шақырылым депутаттары жалақы мен зейнетақының кешіктірілуі сынды жағдаймен күрессе, екінші шақырылым анағұрлым ауқымды мәселелерді шешті. Олар ел экономикасы, әлеуметтік міндеттер мен халықаралық қатынастарды жақсартуға қатысты болды. Мысалы, 2009 жылы әлемдік дағдарыс жағдайында кооперация туралы заң жобасы қабылданды. Себебі депутаттар мен Үкімет оның ел экономикасы үшін сол кезде аса қажет екенін түсінді. Заманның талабына сай заң шығаруға және оларды өзгертуге тура келеді.

Михаил Трошихин, ҚР Парламенті Мәжілісінің І, ІІ, ІІІ шақырылымдарының депутаты 

-Мен үшін талқылануы мен қабылдануы ең қиын болған заңдардың бірі – Жер Кодексі еді. Оны талқылау барысында, тіпті Үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды. Сол кезде Елбасы Үкімет пен Парламент арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін өз төрелігін айтуға мәжбүр еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік құрылым тармақтарының өкілдеріне әділ төреші болумен қатар, маңызды және ел дамуы үшін керекті бастамалардың барлығын қолдап отырды.

Осы уақытқа жеткізіп, болашақтың талабына сай заңдар қабылдап, Тәуелсіз елдің кемел заманын жақындатқандар бүгінде тарих болып қалды. Енді наурыз айының соңында құрамы белгілі болатын алтыншы шақырылым депутаттары тарихтың жаңа парағын ауыстырады. 

Авторлары: Ақбөпе Бәкір,  Қанат Әбілдин, Мейрамбек Ақмаханов, Асхат Қаракүйшиев

8 Кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа міндеттер

Бүгінде еліміздегі еңбекке қабілетті халықтың үштен бір бөлігі шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл шамамен 2 млн 600 мың адам. Дамыған, ауқатты мемлекеттермен салыстырғанда әрине, өте аз. 

АҚШ-та жұмысқа қабілетті халықтың 53 пайызы, Жапонияда 71,7, Еуропа елдерінде 50 пайыздан астамы бизнесте жүр. 

Тиісінше шағын бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі де жоғары. 50-60 пайыз шамасында. Бізде – 25 пайыз. Бұл Экономикалық зерттеулер институтының дерегі. 

Мемлекет алдында осы межені екі есеге ұлғайту мақсаты тұр. Сол үшін осыдан алты жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданды. 

Халықтың кәсіпке бет бұруын арттыру үшін былтыр бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Біріншіден, субсидия көлемі өзгерді. Несиенің мөлшерлемесі 16 пайыз болса, облыс орталықтары үшін субсидия 7, шағын қала мен ауыл-аймақтарда оның көлемі 10 пайыз болды. 

Екіншіден, облыс орталығынан басқа жерлердің барлығында кәсіппен айналысуға болатын салалар бойынша шектеу алынып тасталды. 

Үшіншіден, банк беретін кепілдік мөлшері де бұрынғы 70-тен 85 пайызға ұлғайды. Яғни кепілге қоятын мүліктің не қажетті соманың 15 пайызы болса жеткілікті. Осы бағдарлама бойынша 1595 компанияға қолдау көрсетіліп,  26 миллиард теңге көлемінде несие берілді. 

Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры 

-Мемлекеттік көмек алу арқылы кәсіпкерлер өз өнімін 1 триллион 680 миллиард теңгенің өнімін өндірді. 115 миллиард теңге салық төледі. 19 мың жұмыс орны сақталып, 7,9 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Биыл субсидия құралдарын дамыту үшін  28 миллиард теңге бөлінеді. Қолдау көрсетілетін кәсіпкерлер саны да артуы тиіс. Ең кем дегенде 1,5 мың субсидия, 1,5 мың кепілдік беру көзделген.

Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры 

-Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде бірде-бір елде мұндай мемлекеттік қолдау болмаған. Ставка тіпті инфляция деңгейінен төмен болғандықтан, минустық ставкамен берілді деуге болады. Кәсіпкерлерге мемлекеттің қойған зейіні деуге болады. 

Басқасы басқа, Қазақстанда кәсіпкерлерлікке ерекше мән беріледі. Жаңарған Салық кодексінің өзінде де бизнесті дамыту үшін  бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, бұған дейін азаматтар кәсіпкер болып тіркелу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төлейтін. Биылдан бастап кәсіпкер атанғысы келетіндердің ақшасы қалтасында қалады. Яғни құжат тегін рәсімделеді. 

Кодексте тағы мынандай жаңалықтар бар. Пәтерді жалға беріп, пайда тауып отырғандар кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі тиіс. Келесі жылдан бастап 3-топтағы мүгедектер мүлік салығынан босатылады. Өзге елдерден келетін  көліктерді тіркеу алымы өсті. Әріптесім Сәкен Сейітханұлы жаңа құжаттың жай-жапсарымен танысты. 

Қаланың қақ ортасындағы мына шағын маркет иесі онлайн касса аппаратын орнатқан. Енді дүкендегі жасалатын сауданы тек қожайын ғана емес, салық мекемесінің мамандары да көріп отырады. 

Көлеңкелі бизнес пен салық төлемін түгендеу турасында енгізілген бұл жаңашылдыққа жеке кәсіпкерлердің үйренгені абзал. Өзгерген Салық кодексі аясында енді қызмет көрсету орындары мен сауда-саттық мекемелері бақылау кассалық қондырғыларын орнатуға міндеттелді. Қолданудан бас тартқандарға ескертпе жасалады, иә болмаса айыппұл салынады.

-Жанат Мұхамеджанова, жеке кәсіпкер

-Бір қалыпты істеп жатырмыз. Ана кассалық аппаратпен бізге ыңғайлы болды. Өте қатты айырмашылығы жоқ қой. Бізге тіркеуге жақсы. Бәрін біліп отырамыз. Бізге оңай. 

Осы уақытқа дейін жаңа құрылғыны орнатқандардың есебі Салық департаментінде бақыланады. Жасалған сауда мен мемлекетке түсетін салық бәрі сайтқа тіркеледі. Түскен табыстың көлеміне қарай бюджетке бағытталатын берешек те белгілі болады. 

Диас Сұлтан, Астана қаласы мемлекеттік Кірістер департаментінің бөлім басшысы 

-Мемлекеттік кірістер органдары қанша чек ұрғанын, қай уақытта ұрылғанын көріп отырамыз. Және қай бақылау кассалық машинасы арқылы ұрылғанын көріп отырамыз. Сәйкесінше, бақылау кассалық машинасында чек шығарылған. Келесісінде шығарылмаған болса, ол салық төлеушілерге тексеріс жүргізіледі. 

Иә, техника болғаннан кейін сынбай тұрмайтыны тағы бар. Ондай жағдайда 72 сағатта Кірістер департаментіне хабарлап, қондырғыны жедел жөндеткен дұрыс. Істен шыққан құрылғыны қалыпқа келтіретін орындар баршылық. Сондай мекеменің біріне біз де бас сұқтық. Бұл дүкенде бүлінгенді бүтіндеумен қатар жаңа касса аппараттарын сатады екен. Жаңасы – 75 мың теңге, ескісін жаңалау 46 мың теңге тұрады.  

Марина Стацурина, сатушы

-Бұл құрылғылардың саудасы қазір қызып тұр деп айта алмаймын. Тұтынушылар бұрынғыдай ескісін де, жаңасында алып жатыр. Онлайн кассалық аппаратқа барлығы орнатып жатқанын білемін. Бірақ бұны үйренбегендерге тіркеу қиын. Өйткені салық органына және «Қазақтелекомға» барып тізімге кіргізу керек. 

Өткен жылы Кірістер департаменті мамандары Астана қаласы бойынша салықтан жалтарған орындарға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 440 кәсіпкер салық заңнамасын бұзған. 92 сауда-саттық орындарында кассалық бақылау құрылғысы болмаса, 154 орында кассалық бақылау аппаратының қолдану тәртібі бұзылған.  

Ержан Бектібаев, Астана қаласы мемлекеттік Кірістер департаментінің бөлім басшысы

-Салық төлеуден жалтарған фирмалар бойынша тәуекелдер тобы құрылды. Соның нәтижесінде солар бойынша тексеріс жүргізілді. 2015 жылдың маусым айынан бастап осындай нәтижеге жеттік. Жалпы солардан түскен салық 93,8 миллион теңгені құрады. 

Мамандардың пікірінше, бұл кәсіпкерлерді тығырыққа тіреу емес. Елдегі бизнес саласын ашық жүргізуге бағытталған іс. Сәйкесінше өзгерген Салық кодекісінде әр адамға кәсіп ашу жеңілдеді. Мәселен, өткен жылы іс бастамаққа ниеттенген адам кәсіпкерлігін рәсімдеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлейтін. 

Биылдан бастап құжат жасау тегін. Және шаруа қожалығының өкілдері өз жерлерін кеңейту үшін бұрынғыдай салығы көп деп енді қашпайды. Жер салығы да ретке келтірілді. 

Ғалымжан Есқараұлы, экономика ғылымдарының кандидаты

-Елбасы тағы да бір баяндамасында айтып өткендей, біз Қазақстан еліндегі шағын, орта кәсіпкерліктің үлесін 50 пайыздан асыруымыз керек. Көп дамыған мемлекеттерде бұл 60-70 пайыз. Біз 60-70 пайызға көтеретін болсақ, кез келген дағдарысқа төтеп бере аламыз. 

Дағдарысқа төтеп беру үшін, әрине, барлық салада ілгерілеу болуы шарт. Сол себепті Салық кодексі аясында әуежайларларға да жеңілдік қарастырылған. Дәлірек айтсақ, мүлік салығын 1,5 пайыздан 0,1 пайызға дейін төмендеткен. 

Ғалымжан Есқараұлы, экономика ғылымдарының кандидаты

-Мемлекет салықты төмендету арқылы әуежайдың құрылымын, инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, әуежай 2014 жылы 10 миллиард салық төлеген болса, мүлік құнынан 2016  жылы 100 миллионға түседі. Осыдан қалған сомманы әуежай өзінің инфрақұрылымын дамытуға бағыттау керек. 

Жасыратыны жоқ, бұрынырақта көптеген азаматтар қозғалтқыш көлемі үлкен көлік сатып алып, оны зейнеткердің болмаса көп балалы ананың атына тіркеуге қоятын. Яғни салықтан жалтаратын. Енді ондай жымысқы әрекеттердің жолы кесілді. 

Қолданыстағы заң аясында бүгінде қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден асатын көліктерге кез келген адам салық төлеуге міндетті. Енді биылдан бастап сол көліктердің салық төлеу жүйесі ыңғайлы әдіспен жүзеге асатын болды. 

Анас Камалов, жүргізуші

-Көлігім Алматыда тіркеуде болғандықтан сонда барып төлеп жүруші едім. Қазір заң шыққанын естіп қуанып жатырмыз. Тұрғылықты жерде төлей салып жүре беруге болады. Халыққа жасалып жатқан жағдайдың бірі деп ойлаймын. 

Биылдан бастап сырттан келетін ескі көліктерге тіркеу алымы көбейді. Нақтырақ айтсақ, мемлекет бекіткен жаңа стандарт бойынша енді қазақстандық азаматтар зауыттан шыққанына 1 жыл толмаған көліктерді елге әкелгені үшін 0,25 АЕК көлемінде ақы төлейді. 

Ал көліктің қолданылу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін жетсе, 50,3 жылдан асса салынатын салық – 500 АЕК. Ал ауыр автокөліктерге бекіген төлем басқаша. Мұнда мерзімі 3 жылға жеткен көліктер үшін 240,5 жылға дейінгіге 350,5 жылдан асқанға 500 АЕК төлейсіз.

Ержан Жаңатаров, көлік диллері 

-Сырттан келетін қолданыста болған автокөліктердің саны азаяды. Соған байланысты ішкі нарықтағы автокөліктердің бағамы көтеріледі деп ойлаймын. Өйткен себебі жаңа автокөліктерді алғанның өзінде бағасы қолданыстағы көліктермен салыстырған кезде 2 есеге қымбат. Қолданыста болған автокөліктердің бағасы дәл қазір 1-2 айлық көлемінде болмағанымен болашақта өседі деген ойдамыз.

Сәкен Сейітханұлы, тілші 

-Әрине, шетелден 1 миллион теңгеге көлік алсаңыз, оны тіркеуге қою үшін тағы бір миллион теңге төлесеңіз, ішкі нарықта бұл көлікті сату қиындайды. Сәйкесінше, сырттан көлік тасу тиімсіз болып, ағылған нөпір тыйылады. Алайда бұл бастама Қазақстанда тіркеліп қойған көліктерге еш қатысы жоқ. Олар бұрынғыша қолдану мерзіміне қарамастан 0,25 АЕК көлемінде ақы төлеп, тіркей береді. 

Мамандар: «Осы бастама нәтижесінде отандық көліктердің саудасы жүреді», – дейді. Бүгінде елімізде автокөлік құрастырумен айналысатын 7 кәсіпорын бар. Тағы екеуі келер жылы іске қосылады. Олар Қазақстанның автокөлік нарығын толық қамтуға қауқарлы.

Ержан Жаңатаров, көлік диллері 

-Әрине, отандық кәсіпкерлікті біздер де қолдаймыз. Іштегі қаражаттың шетелге шықпағаны жөн. Бірақ бізде машина сату жағынан болсын немесе техникалық байқау дейді ғой солардан өткізу барысында көрсетілетін қызметтер басқа көршілес елдермен салыстырғанда бағасы қымбат. 

Қымбат мұнайдың бағасы қазір құн сүймей қалды. Сондықтан Салық кодексі аясында экспортқа шығатын мұнай салығы жүйеге келді. Қазір мұнайға салынатын салық құбылмалы қара алтынның бағасына сәйкестендірілген. 

Қорыта келе бүгінгі қазақстандық салық заңнамасы көптеген елдермен салыстырғанда мейлінше ыңғайлы. Еуразиялық экономикалық Одақ елдері арасында бизнес үшін ең тартымды жүйе саналды. Мұны Дүниежүзілік банктің рейтингі  растай түседі. Онда Қазақстан «салық салу» индикаторы бойынша 17-орында тұр.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

9 Аптаның елеулі оқиғалары

Бұл апта да маңызды оқиғаларға толы болды. Солардың негізгілеріне қысқаша шолу. 

Теңге тартымдылығы

Ақпан айынан бастап жеке тұлғалардың Ұлттық және шетел валютасындағы депозиттеріне төленетін сыйақы мөлшері өзгереді. 

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, теңгемен жиналған салымдарға 14 пайыз, ал шетел ақшасымен сақталған жинақтарға 2 пайыз көлемінде сыйақы төленетін болады. 

Кезекті келісім

Еуразиялық экономикалық одақ тұрғындары енді ұйым аумағында қоныс аударған жағдайда зейнетақыларын толықтай өзімен алып кете алады. 

Осы аптада тиісті келісім жобасы мақұлданды. Енді құжатты Одаққа мүше 5 ел ратификациялауы тиіс. 

Халықаралық кеңестер

Ел ішінде туындаған инвестициялық даулар енді өзімізде қаралады. Қазақстанда халықаралық деңгейдегі арнайы кеңестер құрылды. Бұл туралы Жоғарғы соттың кеңейтілген мәжілісінде айтылды. 

Судьялар кеңес қарауына түскен істерді шетелдік сарапшылармен бірлесіп жүргізеді.

Топ-50

Үздіктер қатарында. Қазақстан әлемдегі инновациясы дамыған 50 елдің тізіміне енді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Рейтингі бірнеше талаптар бойынша түзіледі. Бірінші кезекте оқу үдерісі мен өндірістегі тың технологиялардың үлесі есепке алынады. 

Серіктестікке серпін

Қазақстан мен Қытай жыл аяғына дейін бірлескен жобалар санын екі есе көбейтуді көздеп отыр. Бұл туралы елордада өткен арнайы жиын барысында айтылды. 

Бүгінде екі елдің қатысуымен жалпы құны 24 млрд доллар болатын 52 жоба жүзеге асып жатыр.

10 Иран санкциялар бұғауынан босатылды

Он бір жыл бойы халықаралық қауымдастықтан оқшау қалған Иран елі санкциялық шектеулерден арылды. Бұл өтіп бара жатқан аптаның басты жаңалықтарының бірі деуге болады. 

Шектеулерді алып тастау туралы қаулыға алғашқы болып АҚШ Президенті Барак Обама қол қойды. Еуродақ аумағында да осы мазмұндағы құжат бекіді.

Ресми Токио да Ислам Республикасына қатысты санкцияларын алып тастады. Иран 2016 жылдың 1-тоқсанында күніне өндіретін мұнай көлемін 300 мың баррельге жеткізуді көздейді. 

Естеріңізде болса, өткен жылдың шілдесінде Иран мен алып «алтылық» Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз жүргізіп, бір тоқтамға келген. 

Келісім бойынша Иран ядролық нысандарына Халықаралық атом энергиясы агенттігінің тексерушілерін кіргізуге рұқсат берді. Енді елдің шектеулер құрсауынан босатылғаны жаһандық тұрғыда экономикаға әсер етуде. Себебі  нарықтағы шикізат қоры онсызда көп уақытта  

Парсы шығанағының ірі мұнай өндірушісінің сауда алаңына оралауы – көптеген мұнай экспорттаушы елдерді абдыратты. Тіпті діні бір, бауырлас елдер арасында жанжал ушыққан. Бұл мәселенің түп-төркінін ашу үшін Альпі тауының бөктерінде Иран мен Сауд Арабиясы Үкімет басшылары кездесіп, пікір алысты. 

Дегенмен, Давос саммиті шеңберінде өткен басқосудан әлі нәтиже жоқ. Осы тектес жаһандық маңызы бар мәселе 46-шы Бүкіләлемдік экономикалық форумның өзекті тақырыптарының біріне айналды.

11 Дүние дүбірі

Аб«Төртінші өндірістік төңкеріс» тақырыбы арқау болғанымен 46-шы Бүкіләлемдік экономикалық форумында «Қытай экономикасының бәсеңдеуі мен мұнай бағасының арзандауы» сынды жаһандық маңызы бар тақырыптар да кеңінен талқыланды. 

Еуропаның мазасын қашырған босқындар мәселесі де назардан тыс қалмады. Осыған орай Германия вице-канцлері Зигмар Габриэль елдегі ушыққан жағдайға тоқталып өтті. 

Естеріңізде болса, жұмақ өмір іздеп Кәрі Құрлыққа көшкендердің басым бөлігі қазір неміс жерінде жүр. 

Зигмар Габриэль, Германия вице-канцлері 

-Әсіресе экономикалық дағдарыс кезінде Еуропаға қарай босқындардың миллиондап ағылуы осы елдерге қиындық тудырып отыр. Оған қоса келген азаматтардың 80 пайызы білімсіз екенін ескеру керек. Сондықтан осы мәселені шешуде біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағаламасақ болмайды.

Босқындар мәселесінен Еуропаның орта тап өкілдері ерекше жапа шегіп жатқаны-айтпасақ та түсінікті. Себебі аймақта аз ғана еңбекақыны қанағат қылатындар көбейген. 

Америкалық делегацияны бастап келген елдің вице-президенті Джозеф Байден 4-экономиканы даму қарсаңында белең алған жұмыссыздықпен күресудің амалын ұсынды. 

Джозеф Байден, АҚШ вице-президенті 

-Экономикалық дағдарысты еңсеру үшін орта тап өкілдеріне қолдау көрсету маңызды. Мен инвесторларды білім беру саласына көңіл бөліп, халықтың біліктілік деңгейін көтеруге қолұшын беруге шақырамын.  Біз жұмыссыздық мәселесімен тек осылай ғана күресе аламыз. 

Саясаткерлердің бұл үндеуі орынды. Өйткені жаһандық экономикалық дағдарыстың себептерінен батыстық ірі кәсіпорындар тығырыққа тірелді. Өндіріс алпауыттарының бірі жұмысшыларын қысқартып жатса, енді біреулері мүлдем нарықтан кетуге бел буған. 

Мысалы, америкалық General Electric екі жылда Еуропадағы өндірісінің 6,5 мың қызметкерін қысқартуды көздеп отыр. 

Францияда тіпті мемлекеттік теміржол саласынан 2020 жылға дейін 10 мың адам қысқартылмақ. Дағдарыс әуе тасымалы секторын да айналып өтпеді. British Airways 5800 адамды жұмыстан босатуға мәжбүр. 

Бұл өз алдына Хитроу мен Гатвик әуежайларындағы 10 мың қызметкердің болашағына кесірін тигізуде. Air France 2900 қызметкерін жұмыстан босатқан. 

Еуропалық банктер биыл 30 мың жұмыс орнын босатпақ. Бұл жайында World Socialist Web Site мәлімдейді. 

Жұмыссыздық мәселесі Ұлыбританияда да өзекті. Мысалы, құрыш өндірісінің алпауыты «Тата Стил» компаниясы 1000-нан астам жұмыс орнын азайтуға мәжбүр. 

Компания шығынының көбеюіне экологиялық залал үшін салынатын салық та әсер етуде. Алайда жаһандық тұрғыда бәсекеге қабілеттілігіне күмән келген Корольдіктің өз уәжі бар. Олар әдеттегідей басқаны кінәлайды.

Гарет Стэйс, Uk steel директоры 

-Жағдайдың ушығуына Қытай кінәлі. Себебі мемлекет Ұлыбританияға келетін арзан болаттың негізгі экспорттаушысы. Егер жағдай өзгермесе, жұмысшыларды қысқарту доғарыла қоймас. 

Корольдік кінә тағып отырған Қытайдың жағдайы да мәз емес. Ел экономикасының өсімі 25 жылдағы ең төменгі көрсеткішке ие. 

Елдің статистикалық бюросының мәлімдеуінше, әсіресе елдің өндірістік саласы бұрынғы қарқынын жоғалтқан. Дегенмен, сарапшылардың пікірі бір жерге тоғысқан. Қытайдың өз білгені бар.

Хан Шиаопин, «Энергетикалық ақпарат провайдері» компаниясының сарапшысы 

-Экономика дамуының бәсеңсуі Үкімет тарапынан мақсатты түрде жасалып отыр. Өздерініңіз байқаған боларсыздар, Бейжің ауасы өте ластанған. Сондықтан Қытай міндетті түрде бұндай өндіріс жүйесін өзгертуі тиіс. Алдағы уақытта Қытай қызмет көрсету саласына басымдық бермек. Американың жылдық кірісінің 70% қызмет көрсету саласына тәуелді болса, бұл көрсеткіш Қытайда шамамен 50% ғана, яғни Қытайдың қызмет көрсету саласының үлес салмағы әлі де төмен. 

Экономикасының жаңа моделін құруды қолға алған Қытайдың өнімдеріне ішкі нарықта да, сырттан да сұраныс азайған. Қазынаның кірісі азайған соң, сәйкесінше мұнайдың ең ірі импорттаушысы да сатып алатын «қара алтын» көлемін шектеуге мәжбүр болды. Бұл әлемдегі мұнай бағасының арзандауына да әсер етті. 

Вячеслав Додонов, сарапшы 

-Мұнайдың күрт арзандап кететінін ешкім болжай алмады. Тіпті Халықаралық деңгейдегі мамандар да, мемлекеттік мекеменің сарапшылары да абдырап қалды. Биліктілерінің өзі Брент шикізатының бағасы кем дегенде 30 долларға тең болу мүмкіндігін айтқан еді. Алайда ол бұдан да арзандады. Менің ойымша, мұнай арзандауын тоқтатты. Енді тек қымбаттайды. Бірақ бағамдардың қаншалықты өсіп, тұрақты болатынына қатысты болжам жасау қиын.

Мұнайдың арзандауы АҚШ қара алтын өндірушілерін өндіріс орындарын жабуға мәжбүрлеп отыр. Себебі шикізат өндірісімен нәпәқасын тауып жүрген тәуелсіз кәсіпкерлер қарызға белшесінен батқан. 

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасы 40 пен 60 доллар аралығында болған жағдайда ғана Американың тәуелсіз өндірушілері табысқа кенелуі мүмкін. 

Марлен Кружков, Wall Street халықаралық сарапшысы 

-Америкада 60 млн-ға тарта шағын және орта бизнес нысаны бар. Көбінің жұмысы шетелдік тұтынушылар мен доллардың бағамына тәуелді. Банктер болса, шағын бизнеске несие бермейді. Мемлекетіміздің нарығының тұрақтылығы еркін кәсіпкерлікке негізделгендіктен, бұл жақсылықтың нышаны емес.

Өткен аптадағы Wall Street-тегі сауда нәтижесіне көз жүгіртсек, энергетикалық 10 ірі саланың 9-ында құнды қағаздар арзандағанын көреміз. Нәтижесінде S&P индексі шамамен 3 пайызға төмендеген. Американың басты энергетикалық индексі соңғы 6 айда 26 пайызға құнсызданыпты.

Вячеслав Додонов, сарапшы 

-Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде бірінші кезекте дамыған елдердің қор нарығында дүрбелең басталғанын көреміз. Америкалық қор биржасы шамамен 15-16 пайызға құлдыраған. Ал Еуропаның белді сауда алаңдарындағы жағдай тіпті ауыр. Неміс индексі 20 пайыз жоғалтса, британдық көрсеткіш 30 пайызға арзандаған. Қазір біз жаһандық экономикалық дағдарыстың екінші кезеңіне өттік деп ойлаймын. 

Бүкіләлемдік экономикалық форум деген атына қарамастан әдетте Давос саммиті саяси тақырыптарға ден қоятын пікіралмасу алаңы іспетті. 

«Ал биыл форум барынша жаһандық экономикалық дағдарысқа арналғандығымен ерекшеленді», – дейді сарапшылар. 

Себебі әлемді мазалаған басты мәселе – жаһандық экономиканы қалыпқа келтіру.

Авторлары: Меруерт Айтқазықызы, Рауан Омарханов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.