ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95

Жеті күн. 13.02.2016

Жеті күн. 13.02.2016

 

Сюжеты
1. Дағдарысқа қарсы шаралар пысықталды 2. Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты 3. Қазақстан экономикасы туралы сарапшылар пікірі
4. Тұрғын үй саласына 360 миллиард теңгенің бөлінуі – пәтер мәселесін шешпек 5. Президент апталығы 6. Сайлауалды науқан
7. Орталық сайлау комиссиясына алты саяси партия тіркелді 8. Тегеранмен тілдесу 9. Қыр астында қысқы жарыс
   
10. Тұңғыш Президент қорының лауреаттары марапатталды    

1. Дағдарысқа қарсы шаралар пысықталды

Бір мақсат бар, ол – қарапайым адамның мұң-мұқтажын өтеу, тұрмысын түзеу. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев күрделі кезеңде кідіріп қалмаудың жолдарын атады. Нақты тапсырмалар берді 

Өткен жыл оңайға соқпады.Мұнайды айтпағанда, металлдардың әлемдік бағасы 21 пайызға, бидай 28 пайызға құлдырады. Шикізат құнынының шатқаяқтауы Қазақстанға айтарлықтай әсер етті. Десек те, өсімді сақтап қалдық. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім - 1,2 пайыз! 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Жыл оңай болған жоқ Қазақстан үшін. Бүкіл дүниеде де экономикалық ахуал түзелген жоқ. Сондықтан, біз ескеруіміз керек. Биылғы жыл өткен жылдағыдан да оңай болмауы керек деп ойлаймыз. Ойлап қарасаңыздар 2014 жылмен салыстырғанда жылдың ортасында мұнайдың бір баррелі 115 болды, жылдың аяғында төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар айында 60-қа жақын болды. Биыл қаңтар айында 30-дан кем болды. Соңғы 15 жылдың ішінде мұндай баға болған жоқ. Екі есе төмендегенінен байланысты біздің экономикада оны сезбей қоймайды. Оны біз көріп отырмыз. Сондықтан, тағы да жедел, шұғыл шара қолданып, биылғы жылдың жағдайын ойлауымыз керек. 

Шұғыл шаралар жайында бағдарлама барысында айтамыз. Әуелі дағдарысты еңсерудің бұған дейінгі тетіктеріне аз-кем тоқталсам. Экономистердің топшылауынша, қиын шақтан қысылмай шығуға «Нұрлы жол» сеп болып келеді. 2014 жылдың қарашасында бағдарлама жарияланғанда ең әуелі бұл біздің дағдарыспен күрестегі бүтін бір жоспарымыз деген едік. Міне, сол жоспардан жаңылған жоқпыз. Былтырғы ішкі жалпы өнім өсіміндегі «Нұрлы жолдың» тікелей әсері 0,7 пайыз болған. 

Тек биылдың өзінде автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру ісіне 100 мыңнан астам адам жұмылдырылады. Ал, 2019 жылға дейінгі кезеңді есепке алсақ, жұмыс орындарының саны 200 мыңды еңсереді. Сосын жол салып, баспана тұрғызу үшін цемент, битум, шыны секілді көптеген құрылыс материалдары керек. Осыдан барып отандық өндіріс дамиды. Бұлар бір - бірімен бітеқайнасып жатыр.

Сонымен келер төрт жылдың ішінде Астана тоғыз жолдың торабына айналады. Батыс бағытта төселген трасса Ақтөбе мен Ақтауды басып өтіп, Атырау арқылы Астраханьға шығады. Шығысқа апарар бағыт мынандай: Астана – Павлодар – Семей – Өскемен. Ал оңтүстікке Қарағанды арқылы Алматыға дейін тақтайдай тегіс жол төселеді. 

2. Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

«Нұрлы жолдың» тағы бір шарапаты. Былтыр 7 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Бұл қарқын биыл бәсеңдемейді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент құрылысқа 360 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Қаражат жалға берілетін баспана мен несиелік тұрғын үйлер құрылысына, инфрақұрылым тартуға және жеке мердігерлерге беріледі. Бұл Елбасы айтқан көп мәселенің біреуі ғана. 

Дағдарыстың қыспағына қарамастан Қазақстан әлеуметтік салаға қолдауын тоқтатпақ емес. Мемлекеттің басты құндылығы ол – өз азаматтары болғандықтан, бұл қысылтаяң шақта барынша жұртқа көмек тетіктері қарастырылып жатыр. Ал қоғамның қордаланған мәселелерінің бірі баспана тауқыметі. Елімізде пәтер жалдап, біреудің босағасын сығалап жүргендер қаншама. Соларға демеу ретінде биыл кең ауқымды тұрғын үй құрылысы басталмақ. Елбасының тапсырмасымен  бұған  360 миллиард теңге бөлінді.  Жалдамалы пәтерлер мен несие арқылы салынатын тұрғын үйдің қолжетімділігі енді арта түсетін болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Для дальнейшего стимулирования жилищного строительства я поручил Правительству, вы знаете, что из нацфонда каждый год на «Нұрлы жол» выделяется по 3 млрд. В 15-ом году мы 3 млрд освоили. В 16-м году 3 млрда, в 17-ом 3 млрда. Я разрешаю 1 млрд долларов 17-о года перевести на 16-й год. Это 360 по теперешнему курсу. 360 млрд тенге. За счет этого переноса на этот год и продолжать масштабное строительство арендного жилья. Самого выгодного, необходимого.

Елдің экономикалық өсімін халықтың өмір сүру деңгейімен өлшенетінін ескерсек, қарапайым адамға баспанадан басқа, күнделікті нәпақасын табатын қызмет қажет екені анық. Мемлекеттің барлық құрылымдары бюджеті оңтайландырып, барынша шығын шығармай, үнемшілдікке көшіп жатқанда, қатардағы халық жалғыз табыс көзінен айрылып қалам ба деп қорқа соғады. Биыл бұл мәселе де ескерілді. Президент кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары басшыларына жұмысшыларды қысқартпауды міндеттеді. Ал қызметкерлерге барынша қолдау жасап, шығындалып отырған кәсіпорындарға үкіметтік резервтен қосымша қаржы бөлуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Поручаю Правительству. Дополнительно выделить из спец резерва Правительства почти 100 млрд тг, а так же субсидирования затрат работадателей по сохранению рабочих мест. Такие переговоры проведены по этому вопросу с предприятиями. И вся промышленность, к которым я обратился к руководителям, максимально должны сделать так, что бы сохранить рабочие места. Не увольнять, что бы человек не остался без основной работы. Все можно делать. В отпуск отпустить, но объясните. Понизить рабочую неделю и тогда ли, но рабочие места должны сохраняться. Это важно для человека.

Заманың түлкі болса, тазы боп шал демекші, мемлекет дағдарысқа қарсы тұрудың түрлі тәсілін іздеп жатыр. Валюталық тербелістер мен шикізат нарығындағы баға тұрақсыздығы - осыған мәжбүрлейді. Үкімет пен қаржыгерлердің ортақ шешімімен тоқыраудан аман өтудің бір амалы ретінде зейнетақы қорындағы қаражатты экономикаға құю шешімі шығарылды. Бұл жылдар бойы тірнектеп жиған  ұлттық қорды сақтап қалудың амалы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для обеспечения сохранности и доходности средств вкладчиков ЕНПФ до передачи их частным компаниям, согласно новым подходам с 17-го года, поручаю свободные пенсионные накопления в 2016 году всего в сумме 1 трлн 450 млрд тенге инвестировать по следующим направленим. 500 млрд тг на конвертацию в иностранную валюту. Это делается в целях обеспечения диверсификации портфеля фонда и повышения доходности пенсионных накоплении граждан. Это полезно всем. То есть эта сумма будет как наш национальный фонд и управляться будет так же.

Осы бөлінген қаржының  200 миллиард теңгесі екінші деңгейлі банктерге шағын және орта бизнеспен айналыспақ халықты несиелендіруге беріледі. Бұдан бұрын банкілік үстемақыны қосқанда несие 17 пайызбен рәсімделсе, енді бизнеске субсидия жасалып, ол 12 пайызды құрайды. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін туғызбақ.

Әлеуметтік мәселелермен қатар мемлекеттік бағдарламаларды және ірі жобаларды іске асыру міндеті тұр. Атап айтсақ, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жол салып - логистиканы реттеу, өндіріс пен қайта өңдеу салаларын жетілдіруді секілді істі қолға алу қажет. Осы мақсаттарға қаржы қарастыру үшін жиында экономикамыздың қазіргі ахуалы талқыланды. Алғашқы болып Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев сөз сөйледі.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық Экономика министрі

-2015 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 3,7 пайызға өскен. Баспана құрылысына инвестиция көлемі 14,1 пайызға артып, 720 миллиард теңгені құрады. 

Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов дағдарысқа қарамастан ұлттық қор қаражаты барынша үнемделіп жатқанына тоқталды. «Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қосымша қаржы талап етпейді, керісінше бөлінген ақша кейін қайтарылып жатыр», – деді ол.

Бақыт Сұлтанов ҚР Қаржы министрі 

-Республикалық бюджет 99,8% игерілді. Соңғы 20 жылда мұндай жоғарғы көрсеткіш алғаш рет байқалды. Ал орталық деңгейде игерілмеген қаржы көлемі 7,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5 есе қысқарған.

- Видишь, чем меньше денег даем, тем хорошо осваивают. Когда даем сколько просят, не осваивают.

Елбасы өз елімізде байып, қаржысы мен мүлкін өзге мемлекеттерде ұстап отырған азаматтарға сөз арнады. Осындай қысылтаяң шақта, жасырғанды заңдастыру мүмкіншілігін пайдаланып, өзіне де, елге де қолғабыс болу қажет деді президент. Жалпы заңдастыру бағдарламасы ең алдымен экономиканы демеу мақсатында жасалып отырған қадам екені анық. Сондықтан, одан түскен қаржыны да ұтымды пайдалану, яғни ұлттық қорды толықтыру басты мақсат. Осыған орай мемлекет басшысы жекешелендіруден түсіп жатқан қаржы ағымын қадағалауды тапсырды. 

- Приватизациядан түскен қаражат бюджетке барып жатыр ма? Қайда барып жатыр? 

- Ол үш направлениямен түседі. Бюджетке де түсіп жатыр. Ең үлкен ірі суммасы «Самұрық Қазынаға» түседі.

- Нұрсұлтан Абишевич, мы отробатываем эти вопросы, чтобы все деньги от приватизации поступали в национальный фонд. Чтобы этими деньгами не пользоваться.

- Найдем для применения. Все деньги от приватизации объектов, должный поступать в национальный фонд. 

Өз кезегінде Ұлттың банк төрағасы Данияр Ақышев валюталық тербелістердің экономикаға оң әсер тигізіп отырғанын айтты. «Теңгенің еркін айналымға шығуы ұлттық қордағы алтын валюталық резервті сақтап қалуға ықпал етті», – дейді ол.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы 

-Ұлттық банк ақша айырбастау бағамына қатысты еркін айналым саясатын жалғастыра береді. Бұл қазіргі күрделі жағдайдағы ең ұтымды шешім. Біз бір жағынан алтын қордағы активтерді сақтап қалсақ, екінші тұсынан отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін қолдап отырмыз.

Жауапты тұлғалардың есебін тыңдағаннан кейін Президент тапсырмаларға көшті. Олардың ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыруды жалғастыру, әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысы – басты бағыт.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для ускорения реализации инфраструктурных проектов, предусмотренных на 2016 год, поручаю выделить 76 млрд. тг, в том числе 28 млрд. тг на строительство 42 двух новых школ для полной ликвидации аварийных школ, 3-х сменного обучения до конца 17-го года в соответствии раннее данным мной поручениям.

Қазақстан Президенті бюджет шығыстарын оңтайландыруды дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі тәсілі бірі ретінде атады. Ұлттық қордан бөлінетін қаржы экономиканың пайдасына жұмсалуы тиіс екенін еске салды. Үкіметке қаражат реттелуінің ашық болуын қатаң қадағалап, әртүрлі деңгейдегі әкімдерге ерекше жауапкершілік жүктелетінін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Осының барлығын әлемдегі дағдарыс мендеп тұрған кезде, халықтың қамы үшін жасап отырмыз. Болашақта елдің игілігі, жұрттың тіршілігі жақсару үшін жасап отырмыз. Барды осылай бағалай білуіміз керек. Бірді екі етіп еңбектенейік бәріміз. Ең бастысы бет алған бағытымыз айқын, мүмкіншілік бар, бағдарламаларды не істеу керек екенін айттық, оны қаражатпен қамтамасыз еттік, енді жұмыс осы отырған біздерде. 

Жұрағат Баман, тілші 

-Қазақ жұрты қашанда қиындықтан қаймықпаған. Дағдарыстың ызғары қарып, жоқшылық жағадан алған тұстарда да бірлігі мен бекемдігін жоғалтқан емес. Жоқтан бар жасап, бірді екі етіп, үнемшілдікпен талай қиыншылықтарды еңсергенбіз. Қазіргі қысылтаяң шақта, мемлекеттің әлеуметтік саланы қолдауды тоқтатпауы, басқа баспана салып, жұртты жұмыспен қамтып отырғаны, тиімді әрі ұтымды жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың үлгісі. 

Авторы: Жұрағат Баман

3. Қазақстан экономикасы туралы сарапшылар пікірі

Қауырт жұмыс қомақты қаржыны талап етеді. Осынша мол мөлшерде ақша жұмсау қазір көп елдің қолынан келе бермейді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент бірнеше жыл бойы қор жинадық деді. Зейнетақы жүйесінің дұрыс реформасын, арнайы  жасақталған резервті, теңгенің еркін айналымға жіберілуін айтты. Енді қолда барды орнымен ұқсата білсек, экономиканы қолтықтан демейміз. Ең бастысы, бұл әрекет - қысқартуларды болдырмаудың қамы. Жаңа жұмыс орындарын ашуға деген талпыныс.

Бақтияр Хамит, шолушы

-Сырт көз сыншы. Қазақстанның дағдарысқа қарсы құрған жоспарын әлемнің сақа саясаткерлері жоғары бағалады. Жай ғана саясаткерлер емес. 

Кемеліне жеткен Еуропа мемлекеттерін кезінде басқарған айтулы тұлғалар. Солардың бірі - Австрияның бұрынғы федералды канцлері Альфред Гузенбауэр. 

Альфред Гузенбауэр, Австрияның Федералды Канцлері /2007 - 2008 жж./

-Қазақстан қаржылық қорларды кеңейту туралы батыл шешім қабылады. Көптеген елдер керісінше шығындарын қысқартып әлек. Ал сіздерде әлеуметтік сала мен экономиканы серпілтуге қыруар қаржы бөлінбек. Тап осы бағыт табыс әкеледі. 

Польшаны 10 жыл басқарып, елін Еуропалық одаққа мүше қылып кеткен Александр Квасьневский де кәнігі саясаткер. Және Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысына ол да кәсіби тұрғыдан баға берді. 

Александр Квасьневский, Польша Республикасының Президенті /1995 - 2005 жж./

-Бұл жиында қандай мәселелер көтерілгендігі жайында мен ғаламтордан оқып білдім. Және күрделі кезеңнің 3-4 жылға созылатынын ескерсек, Президенттеріңіздің  халық тұрмысы мен экономиканы дамыту туралы алған бағытын дұрыс деп білем. 

Дағдарыс кезінде халықты демеудің бірден бір амалы – жаңа жұмыс орындарын құру. Елбасы тапсырмасымен бұл міндет бірнеше бағытта жүргізіліп, олардың барлығына қомақты қаржы бөлінеді.

Мәселен жеке бизнес саласында 700 жобаны қаржыландыру арқылы 14 мың жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Кейін сол жобалар 540 млрд теңгенің өнімін беріп, 60 млрд теңгені ел бюджетіне салық түрінде түсірмек.

Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди, Қазақстан экономиканы реттеудің осындай тетіктерін жақсы меңгерген дейді. 

Романо Проди, Италияның Премьер-Министрі /1996 - 1998, 2006 - 2008 жж./

-Экономиканы реттеудің қаржылық емес екі тетігі бар. Біріншісі қатаң тетік. Оған инфрақұрылымды дамыту жатады. Екіншісі – жеңіл тетік. Оның аясында әлеуметтік қамсыздандыру механізмі бар. Қазақстан дағдарысқа қарсы бағдарламасына осы екеуін де еңгізген. 

Елдегі жағдаймен жете таныс отандық сарапшылар болса Үкіметтің кеңейтілген отырысында нақты тапсырмалар беріліп, маңызды шешімдер қабылданғанын айтады. Және ел экономикасын демеуге триллиондаған теңгенің бөлінуі бұрын-соңды болмаған жағдай дейді. 

Эдуард Полетаев, саясаттанушы

-Мемлекет басшысы теңдессіз бастамалар ұсынды. Оны бөлінген қаражат сомасынан бағамдауға болады. Шамамен 2 триллион теңге экономиканы жандандыруға жұмсалады. Бұл Ішкі жалпы өнімнің 3 пайызы. 

Қазақстан ендігі кезеңде тек ішкі әлеуетіне иек артатын болады. Өйткені сыртқы нарыққа сенім жоқ. Оған сағат сайын құбылатын шикізат бағасы дәлел. Осы ретте Президенттің бастауы, Үкіметтің қостауы арқасында, жаңа міндеттерді орындауға жол ашылмақ. 

Марат Шибұтов, саясаттанушы

-Елбасы көтерген міндеттер негізінде, әрине ең алдымен дағдарысты еңсеру мақсаты жатыр. Соның аясында еліміздегі ішкі қорлар ілгерілеп, дами түседі. Мәселен еңбекпен қамту бағдарламасы жұртқа тек жұмыс берумен шектелмейді. Сондай-ақ өндірісті өркендетеді. Ал ол өндіріс заманауи болса, тіптен жақсы.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 76 млрд теңге бөлуді тапсырған болса, ел экономистері соның арқасында әлеуметтік нысандардың құрылысы жанданып қана қоймай, экономиканың тұтас секторы дағдарыс салқынын сезінбей өтеді деген сенімде.

Алуа Жолдыбалина, экономист

-Бұрынғы экономикалық жағдайларды қараған кезде әр мемлекет экономикалық дағдарыстан шығу жолында көптеген жолдар мен мектептерді салу, инфрақұрылымды дамыту деген шараларды жасайды. Соның ішінде Қазақстан ерекше мемлекеттердің ішінде әсіресе инфрақұрылым, оның ішінде мектептерді дамытуға одан кейін тұрғын үй салу деген сияқты яғни әлеуметтік нысандарды көбейту арқылы экономиканың секторын жандандырады. 

Және соңғысы. Әлемдік экономиканың бет алысын  дұрыс болжаған ел билігі, бүгінгі қиындықтарға да ерте бастан қамданды. Дағдарысқа қарсы құжатты қабылдап үлгергеніміз де соның арқасы дейді экономист Вячеслав Додонов. 

Вячеслав Додонов, экономист

-Елбасы айтқандай, қазір өз экономикасына осыншалық қолдау көрсететін мемлекеттер аз. Ал Қазақстанның өз жоспары бар. Себебі мемлекет дағдарыс басталмастан, қиындықты еңсеру үшін амалдарды жасап келді. Экономикалық саясаттың дұрыс жүргізілуі мен ұлттық қордық құрылуы жағдайдың ушықпауына негіз болды. 

Қамданған қапы қалмайды. Сол айтқандай Қазақстан да кез-келген экономикалық ауыртпалықты оңай еңсереді дегенге біз де сенейік.

4. Тұрғын үй саласына 360 миллиард теңгенің бөлінуі – пәтер мәселесін шешпек

Басқасы басқа, әлеуметтік баспана көбейеді дегенге қуанған қауымның қарасы қалың. Бұған дейін тұрғын үй құрылысы енді қарқынды жүретінін айқан едік, дегенмен тақырыпқа тағы бір тоқталсам. Сонымен әуелі жалға берілетін баспана жайында. 53 миллиард теңге жұмсалады. 5 400 пәтер салынады. Ал несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша 149 миллиард теңге қарастырылған. 17000 пәтер ел игілігіне беріледі. Жекеменшік құрылыс компаниялары болса, 97 миллиард алады. Осы қаражатқа 7 мың пәтер салуы тиіс. Мемлекет бөлген ақша кейін қайтарылатын болады. Әрине тұрғын үйлер салынған соң лайықты инфрақұрылым тарту қажет. Бұған 61 милллиард теңге бөлінеді.

-Еліміз үшін қуанышты жаңалық.

Кәсіпкерлер қамы үшін мемлекет қандай қадамға барды?

-Осындай көмек беру менің ойымша бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Баспана деп отырғандарға үміт бар ма?

-Бұл бастама - қолжетімді пәтер үлесін арттырады.

Сәрсенбінің сәтті күні. Үкіметтің кеңейтілген отырысынан халық көп сұраққа жауап алды. Хәліміз қалай болады дегендер еңсесін тіктеді. Баспана деп бас қатырғандарға үміт берді. 

Бауыржан Бейсенбаев, оқытушы

-Дағдарысқа қарамай, Елбасы қаражат бөліп, жалдамалы үй бөлуге мүмкіндік беріп жатыр. Соған қуанамын. Мен өзім қызымның үйінде тұрып жатырмын. Екіншіден, Елбасы қаражатымызды көтеріп жатыр. Мен соны жинап, үй сатып алуға мүмкінідік туып жатыр. 

Айгерім Мирова, студент

-Бүгін мен Ақорданың сайтына кіріп, Елбасы жаңа үй салуға 360 млрд бөлгенін айтты. Яғни еліміз үшін қуанышты жаңалық. Ол халыққа қолайлы бағамен сатылатын болады.

Бөлінген қаражат көптің ризашылығына жұмсалмақ. Жалға берілетін пәтерлер санын арттыру. Құрылысты жандандыру. Бастама жолға қойылса тоқтап тұрған бір де бір нысан қалмауы тиіс. Салымшылар да уақыт күтпей пәтерлі болады.

Дәурен Саудабаев, "Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі" АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры

-Тұрғын үй саласына 360 миллиард теңгенің бөлінуі – отандастарымыздың баспана мәселесін шешпек. Бұл бастама - қолжетімді пәтер үлесін арттырады. Ал, біз қолымыздан келгенше салымшылардымыздың барлығын тұрғын үймен қамтамасыз етуге атсалысамыз.

Мұқаш Ескендіров, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері

-Себебі мынау 300 млрд теңге осындай қиын заманда экономикамызды осындай көмек беру менің ойымша бұл өте шешім деп ойлаймын. 00:27 Бұның барлығы негізінен құрылысқа, мектеп құрылыстарына және де жинақталған фондтардың ақшасы экономикамызды көмектесуге салынғаны биыл өте орынды. 

Елбасымен өткен жиын кәсіпкерлердің де көңілін бір көтеріп тастады. Салаға бөлінген қыруар қаржы бизнеске қосымша күш, ал іс бастайтын азаматтарға сенім береді. 

Игорь Шацкий, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры

-Шағын және орта бизнестің дамуын тежеп отырған басты мәселе- қаржы. Жаңа жылдан бастып барлық банктер теңгемен несие беруін тоқтатқан еді. Тап осы салаға 200 млрд теңгенің бөлінуі - кәсіпкерлікті дамытып, бюджеттің кірісін арттырады.

Елбасының қандай қиын жағдай болмасын, жұмыс орындарын қысқартпау туралы тапсырмасы, әсіресе мұғалімдерге ұнаған. Олар бұл қадамның ертеңгі күнге деген сеніміндерін аттырғандарын айтты.

Гүлзада Ахметова, №122 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиешісі

-Елбасымыздың шенеуніктерге берген тапсырмасында халықтың әл-ауқатын ойлап, жаңағы ешқандай жұмыс орындары қысқартылмасын, халықтың әл-ауқаты жақсарсын деп сенім арттырды. Бұл деген біздің болашаққа сенімімізді арттырады. Иә, егер де осындай бағытпен әрі қарай дамитын болсақ, онда осы еліміздің болашағы әрқашан да жайнайды деп ойлаймын.

Айгерім Сарманова, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

-Жастардың әлеуметтік мәселесіне басты назар аударды. Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында үлкен көлемде қаржы бөлуді тапсырды. Бұл әрине біздер үшін үлкен қуаныш.

Ал елордалық колледждердің бірінде шәкірт тәрбиелейтін Дина Құсаинова болса, дағдарысқа қарамастан билік білім саласынан ақшаны аяған емес дейді.

Дина Құсайынова, оқытушы

-Еліміз қашанда қандай қиындықтар, дағдарыстар болса да, білім саласына қаржыландыруды қысқартқан емес. Мысалы айта кететін болсам, оны мынадан көруге болады. Осы бірінші қаңтардан бастап санатыма байланысты жалақым 25 пайызға өсті.

Еркін Қуатбеков, мектеп директоры

-Керекті шаруаларға қажетті жұмыстарға бөлініп жатқан қаржылардың барлығы мемлекеттің білім беру саласына елдің ертеңгі болашағына деген сенімді көзқарасы.

Женевада білім алған Закария Ратбек биліктің зейнеткақы жинақтары туралы бастамасы құптарлық дейді. Себебі, осындай қиын экономикалық қиын жағдайда зейнетақы қорындағы қаражат босқа жатпай, халық игілігі үшін жұмыс істеуі керек деп санайды.

Эльвира Тағайқызы, тілші

-Көптеген ел қиындықпен бетпе-бет келсе, әуелі құрылысты тоқтатып, содан соң жұмыс орындарын қысқартуға көшеді. Осылайша әлеуметтік мәселелер кейінге шегірілед. Ал, Қазақстан қарапайым халықтың тұрмысын түзеуді басты қаперге алады. Осы жолғы Президент тапсырмалары соның бір айғағы.

Авторы: Эльвира Тағайқызы, Жасұлан Шәкенов

5. Президент апталығы

Сенім, достық және тату көршілік. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы алдағы уақытта да осы негізде дамиды. Апта басында екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер төңірегінде пікір алысты. Соның ішінде Ресей мен Украина қарым-қатынасының қазіргі жағдайын талқылап, Минск келісімдерінің орындалу жайын сөз қылды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеу мен Анкара арасындағы кикілжің төңірегінде де әңгімелесті. Ресей басшысы ахуалды қарсы тарап күрделендіргеніне тоқталып, жағдайды түзеуге әуелі Түркия билігі талпынуы керектігін айтты. Екеуара әңгіме барысында Президенттер 2016 жылы іргелі ұйымдар аясында өтетін кездесулер кестесін де талқылады. 

Сондай-ақ осы аптада Елбасы Ақордада «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасын қабылдады. Өмірзақ Шөкеев Президентке холдингті трансформациялау бағдарламасының барысын баяндап, активтерін жекешелендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Айтуынша, корпоративтік басқаруды жетілдіру қызметінде жетістіктер бар. Әрі қордың шығыны едәуір қысқарған.  Нұрсұлтан Назарбаев холдинг басшысына әлемдік экономикадағы күрделі ахуалға қарамастан әлеуметтік маңызды жобаларды толық жүзеге асырып, ел ішінде жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Және жекешелендіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, оның ашық әрі заңды түрде өтуін қадағалауды жүктеді. 

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы

-Қазір өзіңіздің тапсырмаңызбен приватизация бағдарламасын бастадық. Ол жерде у нас есть два списка. Первый список включает 180 объектов. Средний и малый величины. По ним есть у нас четкое понимание. Где-то 59 объектов мы просто ликвидируем. По скольку они...

- Основная приватизация пройдет через вас. 

- Да, да. Из первого списка если мы все эти в этом году собираемся все реализовать. 59 ликвидировать. 15 реорганизовать и 99 выставить на аукцион. Аукцион будет проходить на площадке Минфина, открыто, прозрачно. Значить электронные торги. Затем у нас есть 44 крупных объекта. Основные объекты касаются так называемых давенстрима в КазМунайГазе. Это переработка и маркетинг. Это нефтеперерабатывающие заводы. Плюс розничная сеть заправки.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Основные активы государства находятся в Самурык-Казына. Самые крупные. Самурык-Казына создавался с целью улучшение корпоративного правления, увеличение активов компании это то есть богатство Казахстана. Ты видишь что мы выйдем на эту цель вообще? 

-Мы, я абсолютно точно вижу. Потому что был период во время кризиса когда мы отошли от этого. Из 12-го года мы обратно стали на этот путь. Для этого мы всем компаниям ставим показатель увеличение эффективность.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы

-Ағымдағы біздің шығындарымыз 520 млрд теңгеге қысқартылды. Инвестициялық жобалардың аясында 255 млрд теңге қысқартылды. Сонық арқасында Самрұқ-Қазына қоры жылдан 300 млдр-тан астам таза пайдамен шықты. Шетелдік үлкен банктер мен қаржылық ұйымдардың алдындағы борышымыз 7 млрд долларға қысқарды.

Ал Ұлттық банк төрағасына Президент елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды. Ақордада өткен кездесуде Елбасы шағын және орта кәсіп иелеріне және баспана құрылысын жүргізуге көрсетілетін көмек көлемін азайтпаудың маңыздылығына тоқталды. Данияр Ақышев өз кезегінде ақша-несие саясатының басым бағыттары мен салада қолға алынған шараларды баяндады. 

Биыл ел аумағында 77 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы Президент қабылдауы барысында Энергетика министрі хабарлады. Владимир Школьник Мемлекет басшысына мұнай-газ, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және атом салаларының аяқалысы туралы есеп берді. Айтуынша, әлемдік нарықта шикізат бағасының төмендегеніне қарамастан, ведомство қарамағындағы жұмыс орындары қысқармаған. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев энергетика саласындағы барлық перспективалық жобаларды уақытылы жүзеге асыруды тапсырды. Бұл тізімде Қашаған кен орнын іске қосу, сондай-ақ Теңіз және Қарашығанақ жобаларын кеңейту міндеттері бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для нас не последнее место ситуация, которая сейчас происходит перспективные есть дела по энергетике. Это и расширение Тенгиза и получение нефти в Кашагане, работа Караганачака и других месторождений. Есть наши планы по электролиниям, по ядерным делам.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Былтыр 79 млн тонна мұнай өндіріп, жоспарды жүзеге асырдық. Ал биыл мұнай өндірісін 77 млн тоннаға дейін төмендету көзделуде. Мұның есесін кейін Қашаған кенішін іске қосқанда толтыру жоспарланып отыр. Қазір шикізат бағасының төмендігіне орай барлық компаниялар бюджеттерін қайта қарап, үнемдеуге көшті. Бұл кезеңде басты міндет - жұмыс орындарын сақтап қалу.

Алматыға жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті. Тараптар Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, Елбасының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға әзірлік жұмыстары жөнінде әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделі екендігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.

Олжас Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларын жұмылдыру қажеттігіне назар аударды. 

Апта барысында Елбасы Жарлығымен жаңа Білім және ғылым министрі тағайындалды. Бұл қызметті енді Ерлан Сағадиев атқарады.

6. Сайлауалды науқан

АбзСаяси науқанға әзірлік қыза түсті. Осы аптада Орталық сайлау комиссиясы үш партияның Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті. Мәслихат депутаты болудан үміттілер қатары 8 мыңға жуықтады. Шетелден 900-дей байқаушы келеді деген жоспар бар. Олардың алғашқылары да тізімге алынды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясының 12 байқаушысы Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтті. Ал қазақстандық үш қоғамдық бірлестік өкілдері сайлауалды әзірлік барысын қадағалауға кірісіп кетті.

Елімізде он төрт мыңдай сайлау учаскесі құрылған. Барлығында қазір жұмыс қызған шақ. Науқанды өткізуге қажетті құралдар алынды. Дауыс беру орындары жабдықталды. 

Кеңес Нәсібеков, Қызылорда Қалалық Сайлау Комиссиясының хатшысы

-Барлық сайлау учаскелері мен округтік сайлау комиссиялары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен сайлау комиссияларына және кандидаттарға қаржылары бөлінген. Радиодан, теледидардан сөйлеуге және ұйымдастыру жұмыстары, көлік шығындары және т.б.  

Шетелдердегі қазақстандықтар үшін әлемнің 51 елінде 65 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Бүгінгі дерек бойынша елімізде тоғыз миллионнан астам сайлаушы бар. 

Олардың қатары әлі де нақтыланады.  Ақпанның 9-ы күні Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлерді ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алты саяси партияның кандидаттар тізімін тіркеуден өткізді. 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші

-Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға 3 мың 335 депутат сайланады. Қазірге дейін 8 мыңға жуық кандидаттың ұсынылғаны белгілі болды. Округтік сайлау комиссиялары 1 мыңнан астам үміткерді тіркеді. Орталық сайлау комиссиясы өкіллдерінің айтуынша халық қалаулысы болудан үмітті жандардың белсенділігі орташа деңгейде. Қазірдің өзінде 1 мандатқа екі адамнан келеді. Ал жас шамаларына қарағанда орта буынның белсенді екендігі байқалады.  

Марат Сәрсембаев ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының Мүшесі

-Өзін-өзі ұсынған адамдар 75 пайыздай мөлшері. Сондықтан көбі өзін өзі ұсынған адамдар. Ол енді белсенділік деп санаймыз азаматтардың белсенділігі. Мәслихаттарға "Нұротан" ұсынып отыр 1886 адам. "Ауыл" партиясы - 42 адам, "Ақ жол" партиясы 40 адам. "Коммунистік халық партиясы" 20 адам.

Жалпы саяси науқанды қадағалауға 900-ге жуық шетелдік байқаушы қатысады деген жоспар бар. Алғаш болып ЕҚЫҰ-ның байқаушыларының бір тобы   акредитациялаудан өтті.

Олардың қатары таяу арада ТМД Байқаушылар миссиясының өкілдерімен толығады. Ұйымның атқарушы комитеті арнайы тізімді жасақтай бастады. Шетелдік байқаушылар қатарында халықаралық ұйымға мүше елдердің де сарапшылары бар.

Ерғали Бөлегенов  Беларусь Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі 

-Шетелдік байқаушылар қатарында ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясының, Сыртқы істер министрлігінің және орталық сайлау комиссиясының өкілдері болады. Жалпы тізімде 340-қа жуық адам бар.

Ал отандық байқаушылардың алғашқы легі саяси доданы бақылауға кірісіп кетті. Үш қоғамдық бірлестіктің өкілдері сайлауалды әзірлік шараларымен танысып, үміткерлерді ұсыну мен тіркеу жұмыстарын қадағалауда. 

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның  белсенділігі жоғары. Құрамын біршама жаңартып, қатарына белгілі қоғам қайраткерлері мен заңгер, ғалымдарды қосқан. Бақылауды жүргізе бастағанына екі аптаға жуық уақыт өтті. Әзірге заңға қайшы келетін кемшіліктердің байқалмағанын айтады.

Нұрлан Ерімбетов ҚР Сайлауды Бақылау Жөніндегі Республикалық Қоғамдық Комиссияның төрағасы

-Бұл бүгінгі біздің саяси ортамызға, саяси партияларға үлкен сынақ. Өздерінің ойларын қалай жеткізеді? Өздерінің бағдарламасы қандай? Олар оны қалай елге жеткізеді? Бұл уақытша науқан болмау керек. Бұл үлкен жұмыстың саяси партиялық жұмыстардың басы болуы керек.

Қазір олар саяси додаға қатысатын партиялардың сайлауалды штабтары, сайлау комиссияларымен байланыс орнатуда. Ұйымдастыру жұмыстарын ретке келтірген соң аймақтарды аралауға кіріспек ойда. Облыстардағы бөлімшелердің қызметін пысықтап, еріктілердің құқықтық сауатын жетілдіреміз дейді.

Нұрлан Ерімбетов ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық коғамдық комиссияның төрағасы

-Бақылаушы болам дегендер қазір өте көп. Себебі бұл үлкен саяси науқан болған соң бұл үлкен тәжірибе. Жастарымыз әсіресе көбісі қатысқысы келіп отыр. Республика бойынша 11 мың бақылаушы болады. Барлық сайлау учаскелерін аралаймыз. 0150 Қазір арнайы әдістеме жасап жатырмыз. Жинақтаймыз. Олардың әрқайсысы өзінің құқығын білуі керек.

Бір аптадан астам уақыттан кейін саяси науқанның маңызды кезеңі басталады. Ақпанның 19-ы күні Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталып, 20-шы ақпанда саяси партиялар үгіт жүргізуге кіріседі. Ал 23-ші ақпанға дейін мәслихат депутаттығына тіркеуден өткен кандидаттар 24-ші ақпанда сайлау алды насихат шараларын бастайды.

Авторы Бағдат Бектұрғанқызы, Бекболат Базаров, Ерқанат Рашидов

7. Орталық сайлау комиссиясына алты саяси партия тіркелді

Орталық сайлау комиссиясына алты саяси партия тіркелді. Барлығы 234 адам. Тізімді  «Нұр Отан» партиясы 127 кандидатпен бастап тұр. «Ақ жолдың» атынан 35, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 23, Қазақстан коммунистік халық партиясынан 22, «Ауылдан» 19, «Бірліктен» 8 кандидат тіркелген.

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына келушілердің саны артып келеді. Былтыр барлығы 90 мыңға жуық өтініш түссе, әр бесіншісі шешімін тапқан. Осы аптада қабылдауда болған азаматтардың бірі баспана мәселесін шешуді сұраса, екіншісі кезінде көмек қолын созғаны үшін нұротандықтарға алғысын айтты. Сондай азаматтардың бірі Қытайдан көшіп келіп, Астанадан емдеу орталығын ашқан қандасымыз Қайрат Айдархан. Игі шараның ауқымын кеңейту мақсатында, былтырдан тұрғындардың өтініштерін «Скайп» арқылы қабылдау іске қосылды. Бүгінде бұл бастаманың арқасында шалғай елді-мекендердің тұрғындары өз сауалдарын тура мемлекеттік органдарға жолдау мүмкіндігіне ие болды. «Партияға өтініш» акциясы аясында бір жылда 65 шалғайдағы пошта байланыс бөлімдері арқылы 150-ден астам онлайн режимдегі қабылдаулар өткізілген.

Жұмажан Жүкенов «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары

-Әрине бүгінгі таңда егер мектепте болсын, басқа жерде интернеті, скайпы бар болса, шығуына мүмкіншілік бар. Біз оны тудырып отырмыз. Неге десеңіз әрбір біздің қоғамдық қабылдау бөлмелеріміз, «Нұр Отан» партиясының әрбір ауданда бар.

Жаңаөзенді әлеуметтік қолдауға 345,7 млн. теңге жұмсалмақ. Жалпы, кешенді даму бағдарламасы аясында 46 жоба қаралған. «Нұр Отанның» қалалық филиалы осы мәселелерді талқылады. Мысалы қаланы көркейтуге 14,2 млрд теңге бөлінбек. Оның аясында, орталық қазандық кіші жылу энергоорталығына ауысып, жаңғырмақ. 

Сондай-ақ сайлау барысын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның мүшелері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовпен кездесті. Басқосуда сайлауға дайындық барысы талқыланды.

Ал ақжолдықтардың басты міндеті – заңды тұлғалардың құқын қорғау. Жеке кәсіпкерлердің банкроттығы қолданыстағы «шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заңмен реттелген. Ал, банк алдындағы берешегін өтей алмаған жеке тұлғалардың мәселесі сырт қалған. Сондықтан, олардың қаржылық қабілеті заңмен реттелуі тиіс. Қазір «Оңалту және банкроттық туралы» Заң жобасы Үкіметте қаралуда.

Нұрлан Жазылбеков, «Ақ Жол» ҚДП Президиум мүшесі

-Қазақстан азаматтары жеке тұлғалар ретінде банкротқа ұшырағаны заңда қарастырылмаған. Бүгінде ипотека алып, ертең сол қаражатын төлей алмай, жағдайы жоқ, көпбалалы аналар сол мәселені қарастыруға бүгін дайынбыз.

Сондай-ақ «Ақ жолдықтардың»сайлау науқанына қарқынды әзірлік барысын көруге сайлауды барысын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өкілдері келді. Нұрлан Ерімбетов кеңсені аралап, мамандардың жұмысымен танысты. Штабтың дайындық барысын партия төрағасы Азат Перуашев көрсетті. Партияның 16 аймақта өз филиалдары бар. Қазір олар үгіт-насихат науқанына дайындалуда.

Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы алдағы үгіт-насихат жұмыстарын қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізбек. Бұл туралы партияның орталық комитетінде электоралды кампанияға дайындықты пысықтаған жиында айтылды. Скайп-конференцияда аймақтық сайлауалды штабтарды құру, сенімді өкілдерді таңдау және тіркеу, үгіт-насихат топтарын қалыптастыру және оларды оқыту, үгіт-насихат өнімдерін тарату, бұқаралық сипаттағы үгіт-насихат шараларын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Тұрғын Сыздықов, ҚКХП ОК хатшысы

-Біздің сайлауалды бағдарламамыздың негізгі бағыттары алдағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде толық көрініс табуы тиіс. Электоралды кезең бұл кез келген саяси партияның өміріндегі  қиын әрі жауапты сәт. Сондықтанда жұмылумыз қажет.

Сайлаудың барлық кезеңдерінде ашықтық, айқындық және әділеттілік қамтамасыз етілуі тиіс. Электоралдық науқан алдындағы мәселелерді сайлау барысын бақылайтын республикалық қоғамдық комиссия мүшелері мен коммунистердің сайлауалды штабының өкілдері талқылады. Партиялардың үгіт жүргізудегі тәртіптері мен этикалық нормалары сөз болды. Комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетов моральдық-этикалық принциптерге сүйеніп әділ күресуге шақырды.

Ал Көкшетауда жас коммунистер партияны алға сүйреген аға буын өкілдерімен кездесті. «Батыс өркениеті жастарға кері әсерін тигізуде. Әрі олардың бойына жалған дүниетаным қалыптастыруда» - деді, кездесу барысында Тұрғын Сыздықов. «Біз жас партияластарымызға маңыздылығын жоймаған коммунистік ұстанымдарды сіңіруіміз қажет» - деді саяси ұйым өкілдері.

«Бірлік» партиясының аймақтағы барлық филиалдарында қоғамдық қабылдау бөлімшелері ашылды. Азаматтар партия мүшелеріне – мазалаған сұрақтарын қойды. Тұрғындар көбіне білім алу, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселесін сұрап, тиісті жауап алды.

Төлеген Қуанышев «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары

-Қоғамдық қабылдау бөлімшелеріміз алдағы уақытта да өзінің белгіленген уақытымен қызмет жасайды. Таңғы сағат 9-дан бастап, кешкі 18.00-ге дейін біздер осы қабылдау бөлімшелерінде, сайлаушыларды толғандыратын мәселелер бойынша қабылдауға дайынбыз.

«Бірлік» партиясының өкілдерімен сайлау барысын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшелері де кездесті. Басқосуда сайлау кампаниясына қатысты бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Комиссия өкілдері, заң аясында сайлауға қатысушылардың құқықтары сақталып, науқанды ашық әрі әділ өткізу керектігін айтты. Ал партия төрағасының орынбасары Болат Байқадамов, саяси ұйым Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына алғаш қатысатынын айта келе, ұйым атынан түсіп отырған кандидаттар, жүйелі жұмыс жасайды,-деді.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы да үгіт-насихат жұмыстарына қызу дайындалуда. Астанада саяси ұйымның Орталық аппаратында барлық аймақтық штаб жетекшілері мен мүшелері үшін тренинг өткізілді. Арнайы шақыртылған заңгерлер онлайн-семинарда «Сайлау туралы заңның» негізгі талаптарын түсіндірді. Әсіресе, Мәжіліс және жергілікті Мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты баптарға ерекше көңіл бөлінді.

Толымбек Ғабділәшімов, «Ауыл» ХДПП бірінші орынбасары

-Үгіт-насихат кезеңіне дайындық кезеңі болып отыр қазір. Соған байланысты көп-көп іс-шаралар істелініп жатыр. Осы мына штабтың өзінде күні бойы, түні бойы шаршамай біздің мүшелеріміз сол қызметтерді істеп жатыр.

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өкілдері «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшелерімен де кездесті. Қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетов пен партия мүшелері сайлау науқанының маңызды тұстарын талқылады.

Авторы: Ақбөпе Бәкір

8. Тегеранмен тілдесу

Иранға деген көңіл ерек. Қазір Ислам республикасымен серіктестікті дамытуға көп ел мүдделі. Солардың ішінде Қазақстан да бар. Апта басында Тегеранда екі мемлекеттің іскер топ өкілдерінің бизнес форумы өтті. Он бір жыл бойы томаға-тұйық күн кешкен Иран шет елден қаржы тарта алмады. Соның салдарынан экспорт азайды. Өндірістің үштен бірі бөлігі тұралап қалды. Енді санкциядан кейін «салмақты келісімдер» жасауға кірісті. Парсы шығанағындағы елмен еркін сауда-саттық жүргізуге Қазақстанның мүмкіндігі жеткілікті. Әуелі «Өзен-Берекет-Горган» теміржолының ашылуын айтуымыз керек. Сосын Ақтау теңіз порты бар. Қазір бұл жерде тауар өткізу мүмкіндігі артқан. Демек, жүк тасымалдауға жағдай жасалған. Шектеулер тұсында да қос мемлекет ара-қатынасты үзген жоқ. Аз болса да, сауда айналымы былтыр 380 миллион долларға иек артты. Жеміс-жидек, құрылыс бұйымдарын алдырттық, көбіне көп отандық астықты жөнелттік. Ендігі әріптестік қалай өрбімек?

Иран енді экономикасын есеңгіреткен санкциялардан ада. Парсылардың қазақ кәсіпкерлеріне көзқарасы қандай? 

Наша мечта зайти на рынок Казахстана

Қазақстан мен Иранның әріптестігі нығаяды.  

Первое соглашения об экспорте мяса в Иран на сумму 30 млн долларов  

Индира Жылқайдарова, тілші 

-Санкциялардың құрсауынан босап, Иран халқы бөркін аспанға атып қуанғаны жақында ғана. Халықаралық қауымдастықтан қағажу көріп, экономикалық санкциялардан әбден титықтап қалған парсы елінің кәсіпкерлері біздің бизнес қауымдастықпен серіктесуге әзір, ашық екендіктерін көрсетіп бақты. Қазақстан санкциялардан босаған Иранға ТМД елдерінің ішінде алғаш сапарлап отыр.

Санкция салынған жылдары Иран біраз елмен сауда-экономикалық байланысты үзгені белгілі. Қаржылық операцияларына да бұғау салынып, бизнесмендер ат ізін салуды қойған-ды. Расында «санкцияның заманында» томаға тұйық, бұйығы ғұмыр кешкен парсы халқының күдік-күмәні толық басылмаған секілді. Бірақ қазақ халқына деген көзқарасы жылы Ислам Республикасы біздің бизнес қауымдастықты жатырқаған жоқ. Иран жағынан жоспарланған 500- дің орнына 1 мыңға жуық  бизнесмен жиылды. Залға сыймағандары дәлізде тұрып-ақ, келісіп жатты. 

«Әлхамдулилласымен» сөз бастаған Иран сауда өнеркәсібі мен кеніштер министрі Мохамед Реза Нематзаде бірінші болып бизнес келіссөз жасауға қазақстандықтардың келуін  «жақсы ырымға» балады. 

Мохаммед Реза Нематзаде, Иран Ислам Республикасының сауда өнеркәсібі және кеніштер министрі 

-Екі елдің серіктестігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деген сенімдемін. Біз бұрын Каспийден Қазақстан мұнайын тасымалдағанбыз. Кейін халықаралық санкциялардың салдарынан бұл ретте проблемалар туындаған болатын. Ал қазіргі жағдайда екі елдің тауар айналымы, алыс- берісі нығая түсуі тиіс.

Министр қазақстандықтар Иранның оңтүстігіндегі парсы шығанағында порттар құрылысына инвестиция салса деген тілегін де білдірді. Қазір инвестиция құятын халықаралық есеп айырысу жүйесі біртіндеп ашыла бастайды. 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі

-Қазақстан Иранмен саяси, экономикалық, мәдени байланысын еш үзген емес. Әсіресе екі мемлекеттің басшылары деңгейінде көп келісім бар. Теміржол, автожолдар салынған. Ақтау теңіз портын қосымша тағы 3 млн тонна жүк өткізе алатындай етіп кеңейттік. Екінші порт салынып жатыр.

Ирандықтардың ұсынысы жерде қалған жоқ. Біздің ел парсы еліндегі порт, логистикалық орталықтарға инвестиция салуға әзір. 

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы

-Біздің бүгінде құны 50 млн доллардан 500-700 млн АҚШ долларына дейін кез келген жобаны қаржыландыр аламыз. Ұзақмерзімді жеңілдіктер қарастырылған несие беруге әзірміз. Жобаларды 6-7 пайызбен ұлттық, шетелдік – доллар, еуро валюталарымен де 20 жылға дейін қаржыландырамыз.

Стратегиялық серіктес екі елдің тауар айналымы өткен жылы 650 млн долларды құрапты. Оның 570 миллионы  Қазақстанның экспорты. Санкция салқыны әсер еткені рас, бірақ енді еселенетін түрі бар. Бизнес форум аясында 10 келісімшартқа қол қойылды. Иран ұлттық даму қоры мен «Бәйтерек» холдингі арасында серіктестік меморандумы бекіді.

Бизнес форумнан ұлттық чемпион кәсіпорын иелері құр алақан оралған жоқ. Мәселен, «Алагеум электрик» компаниясы құны 2 млн долларды құрайтын трансформаторларын экспорттайтын болды. Бұдан бөлек Шымкентте трансформатор майын өндіретін бірлескен зауыт ашылмақ. 

Ерсайын Хамитов, «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ басқарушы директоры

-Бұған дейін трансформатор майын көрші елден сатып алатынбыз. Биыл зауыт құрылысы басталса, отандық шикізат өндіріле бастайды.

Бизнес жиындағы тағы бір сәтті келісім - отандық вагондар мен локомотивтер, дизельдік қозғалтқыштардың Иран нарығына жөнелтілетіндігі.

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы

-Локомотив, вагондарды Иранға саудалау барысын қаржыландыруды Қазақстан даму банкі жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ Иран қазақ елінің аумағында кальций қосылған сода өндіретін зауыттың құрылысына инвестиция салмақ.

Ирандықтар геологиялық барлау жасауға құлшынып отыр. Иран ойл компаниясы келешекте 4-8 млрд доллар инвестиция салуы мүмкін. 

Декхан Гулямхасан, Геологиялық зерттеу жүргізу жөніндегі Иран компаниясының директоры

-Біз Қазақстанның батысынан мұнай іздеп, зерттеу жүргізбек ойымыз бар. Бұрғылау скважиналары бәрі өзіміздікі.

Әмір Смағұлов, «Абылайхан групп» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

-Бізге геологияға ақша салу керек. Бізде 5 мың 6 мың метрлікте жатқан мұнайды қазу үшін ақша керек. Егер мұнай шығып жатса дисконтпен мұнаймен ақшасын қайтаруымыз керек.

Екі тарап бизнес қауымдастықтары кездесуінің екінші күнінде өткен іскерлер кеңесінің алғашқы жемісі - Қазақстан парсы елін сиыр және қой етімен қамтамасыз ететін болады. Келісімшарт құны 30 млн долларды құрамақ. 

Мұхтар Жұмағазиев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

-Иранды пайдаланып, басқа да көршілес республикаларға шығару. Бізде мысалға неміс технологиясымен салынған ет комбинаты іске қосылды. Мал бордақылау алаңдары бар.

Отандық астықтың көп бөлігін импорттайтын да осы Иран. Бірақ биыл қордағы жиынтығы бар, өз бидайының бітік шыққаны бар, Иран біздің астықты тасымалдауға тиым салыпты. Дегенмен, мұның уақытша екенін білетін ирандық кәсіпкерлер Қостанай облысында элеватордың құрылысына инвестиция салуды көздеп отыр. 

Мехди Моради, астық тасымалдаушы компания басшысы 

-Сіздердегі астықтың сапасы керемет, Көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда таза. Қостанайда орнығып, бизнесімізді кеңейте түсеміз. Маған қазақстандық кәсіпкерлер адалдығымен ұнайды. Айтқан сөзінде тұрады.

Айта кетейік, бұл жиын екі тараптың іскерлер кеңесінің алғашқы отырысы. Қазақстандық кеңестің төрағасы болып «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев тағайындалды. Оның айтуынша, парсы мемлекеті мен ұлы дала елінің қоян-қолтық араласуы үшін визалық режимді жеңілдетпесе болмайды. Бұл сауда-саттықтан бөлек, туризм саласына да қажет. Рас, талай жыл тегеуріні тежеліп келген Тегеранның осы күндері жаңа тынысы ашылғандай болып көрінді.

Хамед Нагави, Ирандық құрылыс компаниясының директоры

-Қазақстан нарығына кіру біздің арманымыз. Егер қазақстандықтар қаласа біз қуана келісеміз.

Бабак Эсмаили, Иран туристік компаниясының директоры

-Біз сіздердің туристік компанияларыңызбен келістік. Біз қазақстандық саяхатшыларды қабылдауға әзірміз. Олар ирандықтардың қыдырып келгенін қалайды. Бірақ визалық проблемалар бар. Тікелей әуе рейстері көбірек болса жақсы болар еді.

Индира Жылқайдарова, тілші

-Қазақстанды Таяу Шығыс елдері, Пәкістан, Ауғанстан, Иракпен жалғайтын, Иранды Ресей, Орталық Азиямен жақындататын темір жол логистикасынан бөлек, жаңа әуе рейстері ашылмақ. Биыл жазда Астана мен Тегеран арасында тікелей әуе бағыты жұмысын бастайтын болады. 

Авторы: Индира Жылқайдарова, Абылайхан Сейілбек

9. Қыр астында қысқы жарыс

2017 жылы Алматы Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданы қабылдайтыны белгілі. Олимпиада ойындарынан кейінгі беделі биік спорттық бәсекенің біздің елде өтуі әрине үлкен жетістік. Осынау кешенді жарыстың қарсаңында Білім және ғылым министрлігі 6-шы Ұлттық Универсиаданы Алматыда ұйымдастыруды жөн санады. Бұл спортшылардың ғана емес, спорттық нысандардың, техникалық инфрақұрылымдардың дайындығы қай деңгейде екенін анықтайтын тамаша мүмкіндік. Сондықтан да Универсиадаға қатысушылар мен ұйымдастыру алқасына үлкен жауапкершілік жүктелді. Еліміздің 35 жоғарғы оқу орнынан келген 1000 аса үміткер қандай нәтижелер көрсетуде? Бүкіләлемдік Универсиадаға дайынбыз ба?

2 жылда бір келетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қыр астында. Төрткүлдүние көз тіккен байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізу елдігімізге сын. Осыны қаперде ұстаған мамандар 6-шы Ұлттық Универсиаданы Алматыда өткізуді ұйғарды. Және биылғы Студенттер жарысына ҚР Білім және ғылым министрлігі  ерекше көңіл бөліп, Бұқаралық ақпарат өкілдері де кеңінен насихаттады. Қысқы ойындарға қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Халықаралық жарыстар кезінде ғана пайдаланылатын Шымбұлақ пен Медеу, Алатау мен, Сұңқар спорт кешендері екі апта бойы студенттерге есігін айқара ашты. Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып өткен Республикалық жарыстың ашылу рәсімінен бастап, жабылуына дейінгі іс шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Әсіресе ұлттық универсиаданың ашылу рәсімі көпшілікті ерекше сезімге бөледі. Шаңғымен тұғырдан секіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шыңғыс Ракпаров пен тәжірибелі шаңғышы Махаббат Такпаеваның алауды жаққан сәті Универсиаданың ажарын аша түскендей болды.

Қайрат Закирьянов, ҚР студенттер спорты қауымдастығының президенті

-Осы Универсиада ерекше Универсиада. Біздің Білім және ғылым министрлігі өте жақсы бағдарламаны қабылдады. Сол бағдарлама бойынша әрбір Университетте спортивный клуб ашылды. Бірнеше ұлттық студенттер арасындағы лига ашылды.

Рас соңғы жылдары елімізде студенттер спорты қанатын кеңге жая түсті. Қысқы Универсиада тарихына қысқаша көз жүгіртсек, 1993-ші жылдан бері Қазақстандық студенттер 18 алтын 13 күміс 13 қола медаль жеңіп алған екен. Испания мен Словакияда өткен соңғы Универсиада да командалық сында үздік үштіктен көріндік. Енді келер жылы Алматыда қыз жігіттеріміз намысты қолдан бермейді деген үміттеміз. Ұлттық Универсиаданың алғашқы нәтижелері осындай ойға жетелейді. Алдымен конькишілер жарысына келсек. Рекордтар фабрикасына баланған Медеу мұз айдынында таңдай қақтырарлық нәтижелер тіркелген жоқ. Дегенмен ауа райының қолайсыздығына қарамастан қыз-жігіттер аянып қалмады. Конгода туып, әлемдік аренада Қазақстан намысын қорғап жүрген Дарсил Эссамомбо екі бірдей қашықтықта жүлделі орынға ие болды.

Дарсил Эссамомбо, конькиші

-500 метр дистанцияда 3-ші орын алдым. Ал бүгін 1000 метрде 2-ші орын алдым мен өте қуаныштымын.

Федор Мезенцев секілді тәжірибелі спортшылармен үзеңгі қағыстырып келген Дарсилдың қуанышында шек жоқ. Эссамомбоның ендігі арманы Бүкіләлемдік Универсиада кезінде топ жару. Естеріңізде болса Сочи олимпиадасында шорт-тректен қазақ балалары финалдан бірақ шығып, талайды таң қалдырған. Сол Абзал Әжғалиев пен Айдар Бекжановтың осы жарыстан ізбасарларын көрдік. Балуан Шолақ сарайында 1500 метрде алдына жан салмаған Нұрлыбек Бейсеевтің болашағы әлі алда деп білеміз.

Нұрлыбек Бейсеев, Универсиада жеңімпазы

-Алға қойған мақсатым олимпиаданың чемпионы болу. Кубоктарды ұту. Әлемдік жарыстарды ұту.

Осы жарыстағы ең жас спортшы Ботагөз Маханбетте қайсар мінезімен дараланды. Ақтық сында құлап жарақат алғанына қарамастан, жарысты жалғастырып үздік бестіктен орын алды. 

Ботагөз Маханбет, жарысқа қатысушы

-Арманым алда олимпиадаларға көп қатысып, көптеген жүлделерді иеленіп, Оңтүстік қазақстан облысын барша әлемге танытқым келеді. Қазақстанды барша әлемге танытқым келеді.

Арманы асқақ ұл-қыздарымыздың алар асуы биік болсын дейміз. Жалпы қысқы Универсиадада медальдың көбін шаңғышыларымыз әкеледі. Сондықтан Талғар маңында өткен шаңғышылар бәсекесін арнайы барып тамашаладық. 

Жандос Айтбайұлы, Тілші

-6-шы ұлттық  универсиада әлі жалғасуда. Бірақ шаңғышы қыз жігіттердің жарысы аяқталды. Мамандар пікіріне құлақ түрсек, келер жылғы бүкіләлемдік универсиада да қазақ спортшылары қос қостан медаль алатын мүмкіндік мол. Өйткені осы жарыстағы қыз жігіттеріміздің нәтижесі көңіл қуантады.

Нұрзат абай. Шаңғышы

-Төрт күнге созылған бұл үлкен дода да қазақстанның түкпір түкпірінен студент  жстар келіп бақтарын сынап жатыр. Барлығы да жоғары деңгейде өтті. Көріп тұрғандарыңыздай ауа райы да өте тамаша.

Рас шаңғышылар бәсекесіне халықаралық аренада жүлде алып жүрген мықтылар қатысқан жоқ. Ал жастар өздеріне берілген мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып жоғары нәтижелер көрсетті дейді ардагер шаңғышы Оксана Яцкая. Ұлттық Универсиада 16-шы ақпан күні мәреге жетеді. Жарыс аяқталмай жатып, келер жылғы дүбірлі додаға спортшыларымыздың тас түйін дайын екеніне көзіміз жетті. Жоғарғы оқу орындарынан жиналған 300 ден аса еріктілерде өз жұмыстарын тиянақты атқарды. Ал мамандар Универсиадаға арнап салынып жатқан спорттық нысандардың құрылыс жұмыстары енді 3-4 айдың көлемінде толықтай аяқталатынына сенімді. 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әлемнің 55 елінен 3 мыңға жуық спортшы келеді деп күтілуде. Шетелдіктердің алды Алматыға ат басын бұрып дайындық жұмыстарын бастап кетті. Шымбұлақ пен Медеуде болған Британиялықтар табиғатымыздың сұлулығына тәнті болғандарын жасыра алмады.

Нил Роджерс, Британия құрамасының басшысы

-Мен жарыс өтетін барлық нысандарды аралап көрдім. Жаңадан салынып жатқан Спортшылар қалашығында да болдым. Бәрі керемет. Әсіресе Шымбұлақ пен Медеу және Алатау спорт кешендері тіпті әдемі. Біздер келер жылы болатын Универсиаданы асыға күтеміз.

Ұлттық Универсиада екі жылдан кейінде осылай жоғары деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Бұл бұқаралық спорттың бірі саналады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, студент жастардың денсаулығын нығайтамыз. Ең бастысы олимпиада ойындарында  ел намысын қорғайтын талантты жастардың жолын ашамыз. Біздің көкейге түйгеніміз осы болды.

Автор: Жандос Айтбайұлы, Айдар Әбдешов, Ерлан Шалбаев

10. Тұңғыш Президент қорының лауреаттары марапатталды

Республикалық конкурста мәдениет және өнер, ғылым мен техника саласындағы жүзден астам жас маман арасынан 21 азамат іріктелді. Олардың қатарында Азамат Желтұрғызов, Әсет Қайнарбай, Махмұт Томанов, Сүндет Байғожин сияқты көрнекті жастар бар. Елбасы қорының атынан жас мамандарға қолдау 2008 жылдан бері көрсетіліп келеді. Сыйлық көлемі - әрқайсысына 300 мың теңгеден.

Сүндет Байғожин, «Астана Опера» театрының жетекші солисі

-Әрине, мұнымен шектеліп, тоқтап қалмаймыз. Өнерімізді ары қарай жалғастырамыз. Бұл бізге үлкен өнердің тағы бір сатысына жетуге үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.