Жеті күн. 30 сәуір 2016 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн. 30 сәуір 2016

  • Сенбі, 30 Сәуір 2016 21:55
Сюжеттер
1.Елбасы құзырлылардан Жер кодексін халыққа түсіндіруін талап етті 2. ҚХА-ның кезекті ХХІV сессиясы өтті 3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толық игеру қолға алынды
4. Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы дамыту және ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелері бойынша өткізген кеңесі 5. Осы аптада Елбасы өткізген маңызды кездесулер 6.«Қайсар-2016». Террорға қарсы кешенді оқу-жаттығу
7. Елбасы қатысқан осы аптадағы іс-шаралар 8. Жұртты толғандырған жер жайы 9. Ғылым-білім бар жұрттар

1.Елбасы құзырлылардан Жер кодексін халыққа түсіндіруін талап етті

Жер шетелдіктерге сатылмайды! Кодексте бұл жайында ештеңе айтылмаған. Дүйсенбі күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа Бас прокуроры Жақып Асановты ұжымға таныстыру кезінде қоғамда қызу талқыға түскен жер мәселесіне қатысты осыны айтты.

Жер жай жатпауы тиіс. Оны күту керек, баптау керек. «Сол үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігі беріліп отыр», – деді  Елбасы.  «Өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар», – дейді қазақ. Демек, мақсат игі. Мұның бәрі әуел бастан халыққа түсінікті тілмен түсіндірілуі керек болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы мало разъясняем гражданам в доступной форме их права или законы, которые мы принимаем. Смотрите, какую интерпретацию принимаемого закона о земельной реформе - земельный кодекс. Там не сказано ничего о том, что мы продаем землю иностранцам, нет такого. Приватизировать казахстанским гражданам, чтобы земля имела собственника, а его не эксплуатировали до сих пор, пока земля превратится в песок - вот наша задача, на благо людей, чтобы земля работала, а не вообще лежала. Позахватывали земли - латифундисты. Одни используют, другие не используют. Земля обрастает бурьяном и вот называется казахстанская земля, которая должна приносить счастье, она используется в непонятных целях. И это все интерпретировано по-другому. Не разъясняется в доступной форме права и обязанности. Все в той или иной форме в сфере правоотношения. И это приводит к эксцессам.

2.ҚХА-ның кезекті ХХІV сессиясы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президент жер мәселесіне кеңірек тоқталды. Қазір бәлкім айтуға оңай шығар, бірақ сол кезде шекара дейтін шатақ шаруаны Қазақстан сәтті шеше алды. 

Көршілерімен іргесі бекімеген, бекімегендіктен бір-біріне қыр көрсетіп, кейде жанжалдасып жатқан елдер әлі көп. 

Жиын кезінде Елбасы шекараны рәсімдеу үшін 8 жыл жүргенін, нәтижесінде Қазақстанның тұңғыш рет өз территориясы бар екенін айтты. Сосын мұның бәрі не үшін жасалды деп сұрады.

Жұрағат Баман, тілші 

-Бақыт бағалай білгеннің басына ұялайды. Тыныштық пен өзара түсіністік, сабырлық пен сақтық арқасында аз да көпті жиырма бес жыл үзерінде алаңсыз тіршілік етіп келеміз. Енді әрі қарайғы бағыт-бағдар да – осы. Елбасының Төрағалық еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 24-інші сессиясында азат ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктер еске алынып, Ұлы дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды. 

Ассамблеяның отырысы әдеттегідей қоғамды елеңдеткен мәселелерді талқылау алаңына айналды. 

Елбасы алдымен ел-жұрт арасында, әсіресе әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып жүрген жер мәселесіне тоқталды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Жер – ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз. Қазақтың даласы халыққа тиесілі. Қазақстанның 14 мың шақырым шекарасын шегендеу үшін мен сегіз жыл келіссөздер жүргіздім. Әр жерде, әр адамдармен, әр басшылармен келістік. Тұңғыш рет Қазақстанның өз территориясы болды. Шекарасы шегеленген. Не үшін? Жердің тұтастығы үшін жасап отырмыз. Төңіректегі әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен пікірлер – араңдатушылардың бұрынғы әрекетінің бірі. Оның ішінде баяғы қашқындар да, босқындар да бар. Білеміз барлығын. Дегенмен, осы мәселеге көңіл бөлгені үшін ағайынға қуанамын. Лайым әрқашан жерге деген қасиетті көңіл осындай болса, біздің халық қасық қаны қалғанша осы жерді қорғайды деп білемін. 

Алаңдаушылық тудырған сұрақтарға тиянақты жауап берілмеудің салдары – тиісті, жауапты мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланыстың әлсіз болуының дәлелі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Если уж мы говорим, что все законы и решения мы принимаем на благо народа, прежде чем принять эти решения, надо посоветоваться с этим народом, нравится ему или нет. Если что-то надо разъяснить, не понятно, потому что все, что мы делаем - каждый день новое, чего не было вчера. Но надо разъяснить терпеливо. И чтобы все поняли, что мы делаем, и для чего делаем. 

«Көрмесең істің бәрі бос» демекші, ширек ғасыр ішінде мемлекет түрлі бағдарламалар қабылдап, реформаларды іске асырып, көптеген заң жобаларын қабылдады. Бірақ осының бәрі ел-жұрт арасында нақты түсіндірілмеген. 

«Ақпараттың аздығынан, жасалып жатқан істің маңыздылығы дұрыс жеткізілмегендіктен, жалпақ жұрт арасында қауесет әңгіме кең тарауда», – дейді Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Разъяснения, открытость Правительства с народом хромает. Все, что мы делаем. То, что мы делаем, что мы производим, надо все народу разъяснять. Не все сидят у телевизора по вечерам. Им там работать надо, и не все перечитывают газеты. Есть у нас партия «Нур Отан», у нас есть Ассамблея, у нас есть местные исполнительные органы, которые надо и в аулах весь, в районах разъяснять, для чего приняты эти решения! Если есть вопросы, скрупулезно втолковывать человеку, почему чего это делается. 

Түсініспеушілік тудырмас үшін енді түсіндіру жұмыстарымен тікелей мемлекеттік орган басшылары айналысуы тиіс. Елбасы Жер кодексіндегі өзгерістерге жауапты министр Ерболат Досаевқа осы міндетті жүктеді.  

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі 

-Ақпарат жұмыстарымызды күшейту жағынан осы алдымызда келе жатқан 1 айдың ішінде әр ауылға, әр ауданға барып, осы енгізген нормаларды түсіндіреміз. Қандай пайда әкеледі екен? Не істейміз? Сұрақтары болса, сұрақтарға өзгерістері болып қалса, бәрін орнына келтіру үшін сондай жұмыстарды өткіземіз.

Бес күндік оқу жүйесіне көшу, үш тұғырлы тіл саясаты секілді білім беру саласындағы өзгерістер тақырыбы да қаузалды. 

Мемлекет басшысы бұл бастаманы толықтай қолдайтынын жеткізе келе, енгізілгелі отырған жаңашылдықтардың игілігін түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Всем органам образования на местах, когда возникает вопрос, что это такое объясните. Что такое пятидневка. Чтобы дети два дня отдыхали. Бедные, не отдыхают. Еще после этого загружаются спортом, музыка. Еще что-нибудь даем им. Нет детства у детей, поэтому надо же бедных расслабить. Хотя в этом возрасте надо нажимать. Потом спасибо скажут. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі

-Қазір түсіндіріп жатырмыз. Мен сөйлеп жатырмын күн сайын. Өздеріңіз білесіздер, өзгерістер, жобаларымыз ол бос орында жасалған жоқ. 15 жыл бұрын тікелей Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкімет сол жұмысты бастаған. 15 жылдың ішінде 100-ден астам мектеп мына эксперимент бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұғалімдер, мектеп директорларымен сөйлестік, бәрі дайын.

Мәселен, денсаулық сақтау саласындағы тың өзгерістер игі нәтижесін беруде. Бірер жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет жүрек алмастыру операциясы жасалды. Соның игілігін көрген Жәнібек Оспанов реформалар арқасында мұндай күрделі операцияға қолжетімділік арта түскендігін айтып, алғысын жеткізді. 

Жәнібек Оспанов, «Өмір тынысы» қоғамдық ұйымының төрағасы 

-Мен 100 пайыз Ассамблея адамымын. Қазақ болып дүниеге келдім, отаны корей жасады, ал орыс әйелінің жүрегі маған екінші өмір сыйлады. Мұндай шешімді оның балалары Игорь мен Вероника қабылдады. Ендігі уақытта олар – менің жақындарым әрі туыстарым. 

Жақсылық демекші, кезінде Қазақстаннан пана тапқан отандастарымыз қазақ жұртының бауырмалдығы мен қамқорлығын ұмытқан емес. Солардың бірі – Елбасының отбасы қамқорлығына алған Хаджиевтер әулеті. Ата-әжесінің алғыс-аманатын бүгін шөбересі жеткізді. 

Фаризат Хаджиева

-В годы депортации семью моего прадеда приютила добрая гостеприимная казахская семья. Они жили в старом саманном доме, состоящем из двух комнат. Я Хаджиева Фаризат - внучка Хаджиева Хазыра, правнучка Хаджиева Азрета, которых приютила и обогрела, Нурсултан Абишевич, ваша семья. Семья дедушки Абиша. 

Келелі жиында аса шеберлігімен ұшақты апатты жағдайда қондырып, жүздеген адамның өмірін аман алып қалуға себепкер болған Дмитрий Родин де болды. 

Әуе кемесі командирінің ерлігіне барша жұрт қошемет білдіріп, Елбасы да алғысын білдірді. 

Биылғы алқалы жиын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр. Еліміздің осы ширек ғасырлы тарихы татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім негізінде қалыптасқаны анық. Экономикасы қуатты, даму қарқыны зор мемлекет болуымызға түрлі этностар мен ұлыстарды бір шаңырақ астында жинаған Ассамблеяның үлесі зор. Президент осы орайда ұйымның қызметі мен өкілдеріне зор ризашылығын білдірді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-«Байлық та бақыт бірлікте»,  – дейді халқымыз. Еліміздің әлемге сыйлы, бай да, бақуатты мемлекет болуына татулықтың тұтқасы Ассамблея зор үлес қосып келеді. Мен қоғамның бар саласында жемісті еңбек етіп жүрген түрлі этностар өкілдеріне зор ризашылығымды білдіргім келеді.

Сессия соңында «Мәңгілік ел» ұғымының тұтқасы болар, келелі келешектің кілтіне айналмақ құжат Патриоттық акт қабылданды. Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан ел-жұрттың мәңгілігі туралы арманнан асқақ мақсат жоқ. «Мәңгілік ел» – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея. Бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің халықтың бары да байлығы да, көзіміздің ағы мен қарасы да, бұл  біздің Қазақстанымыз. Солай ғой. Біз қандай заманда да Тәуелсіздік тізгінін берік ұстауға тиіспіз. Елімізді сырттың алакөздігінен, еліміздің ішкі алауыздығынан сақтап, нығайта түсу, тарих алдындағы парызымыз және жауапкершілігіміз. Ұлы далада туымызды тігіп, еркін өмір сүруге лайықты екенімізді күн сайын өзімізге де, баршаға да дәлелдеп отыруымыз керек. Әлі де дәлелдей береміз. Сондықтан қай заманда, қашан өмір сүрсе де, барлық буын ұрпақтары Тәуелсіздікті бәрінен биік қоя білуі тиіс. Бұл мақсат бізді Патриоттық актіде нақты көрсетілген «Мәңгілік елдің» мызғымас жеті тұғырын ұлықтап, сақтап, дамыта беруге міндеттейді.

Ұлт болып топтасу арқылы Тәуелсіз Қазақстанның қуатты әрі табысты мемлекеті қалыптасты. «Мәңгілік елдің» өзегінде ең қымбат ақиқаттар, отбасымыздың амандығы, еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орнықты. Елбасы осы ұстанған тұғырнаманы нығайтуға, сақтауға әрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді аманат етті. 

Авторлары: Жұрағат Баман, Қанат Әбілдин

3. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді толық игеру қолға алынды

«Әлеуметтің әл-ауқатын жақсарту – соңғы уақытта қабылданған заңдардың діттегені», – дейді мамандар. 

Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалға алған Қазақстан азаматы кейін оны жеңілдетілген бағамен, он жыл бойы бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. 

Меншік иелері мен жерді пайдаланушыларға өздеріне қарасты жер телімдеріне инфрақұрылым тартып, нысандар салу құқығы берілген. Бұрын ауыл халқында мұндай мүмкіндік болмаған. Заң әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибенің үздігі қаперге алынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Хочу еще раз сказать, вопрос о продаже сельскохозяйственных земель иностранным гражданам не стоит и не обсуждается. Все спекуляции беспочвенны. Вопрос в том, чтобы нашим фермерам дать возможность иметь землю. Мы сказали, что раньше аренда была 15, но за это время никто не может возвратить свои деньги, особенно иностранные инвесторы, поэтому мы продлили до 25 лет. В России - 49 лет, в Эмиратах - 99 лет. Что в этом такого увидели? При этом шумят не те, кто с трактора слез, или чабаны, которые прибежали на площадь. А те, кто понятия не имеет о сельском хозяйстве, и не знает, где эти земли вообще находятся. Досаев, министр экономики нужно разъяснять!

4. Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы дамыту және ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелері бойынша өткізген кеңесі

Сәрсенбінің сәтінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананы дамыту және «ЭКСПО» көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Іргелі іс-шараға даярлық жақсы. 10 мың адам құрылыс басында жүр. Кестеден қалыс қалған емеспіз, қарқыннан жаңылған жоқпыз. 

Жиналыста Президент қалада қордаланған мәселелерді тізбектеді. Балабақша тапшы. Тапшылық болмау үшін жаңадан салынып жатқан ғимараттардың астыңғы қабатынан арнайы орын бөлу жайы бұған дейін айтылған, бірақ орындалмай келеді. 

Президенттің тағы бір пәрмені – азық-түліктің негізсіз қымбаттауы. Оған себеп – алып-сатарлардың әрекеті. Шаруадан арзанға алып, тұтынушыға қымбатқа саудалап, екі орта пайдаға кенелген делдалдардың жолын кес-кестеу керек. 

Бұдан бөлек, ойдым-ойдым жолдың жайы, автотұрақтың аздығы, кептеліс секілді көп мәселелер бойынша Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырма берді.

Арқа төсіне жайғасқан EXPO кешенінің құрылысы кестеге сай орындалып жатыр. Оның уақытылы тәмамдалуына еш кедергі жоқ. Халықаралық павильондар мен негізгі нысандар бой көтеріп те үлгерген. Көрме аумағын аралап шыққан Елбасы осындай баға берді. 

Десе де, атқарылар шаруа әлі де бар. Ол – айтулы оқиға алдындағы шаһардың әзірлігі. Президент мемлекеттік аппаратқа осы мәселеге баса назар аудару қажет екенін қадап айтты. Сол үшін қала сыйқын кетіріп тұрған ескі үйлер мен саяжайларды сүріп тастау мәселесіне тоқталды. 

Елорданың сәулетін ескеріп, жаңа құрылыстардың бірінші қабаттарында балабақшалар ашып, әлеуметтік түйткілдерді шешуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Здесь все застройщики сидят. Мы им даем деньги, кредиты даем. Надо потребовать, чтобы в указанном порядке, чтобы на первых этажах были детские сады. Не надо дворцы строить. Сколько можно говорить. Тысячи, 1 миллион 750 тысяч квартир построили, сколько зданий построили. Где детский сад на первом этаже? Вот всё докладываем и рукой машем! 

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі 

-Астанамыздың келбетін тозығы жеткен ғимараттар мен балшықтан салынған үйлер құртып тұр. Оларды біз белгілі нысандар мен қаладағы басты көшелерден көреміз. Олқылықты жою үшін қирап, қаусап қалған баспаналарды келесі жылға дейін толық сүріп тастаймыз. Дәл қазір ондай 228 үй бар. Ондағы 3500 отбасын қауіпсіз жерге қоныстандырып, қала ішіндегі саяжайларды жоямыз. 

Астанада өтетін халықаралық көрме 3 айға созылса, оған жер-жерден 5 миллионға жуық саяхатшы келеді. Демек, келгендер назары ең алдымен шаһардың тасжолына түседі. 

Елбасы ойдым-ойдым асфальтқа кеткен қаржының есебін беруді, көрмеге дейін жол мәселесін шешуді талап етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Более четверти автодорог столицы – 27% не имеет асфальтового покрытия. Хотя ежегодно из бюджета выделяется в среднем 50 миллиардов тенге. Даже относительно недавно построенные дороги уже требуют ремонта. 

Қосман Айтмұхаметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары

-До 1 июня мы все дефекты, которые есть устраним. Уже на 93 участках начали эти работы проводить. В этом году средним ремонтом отремонтируем. 

Қалада әлі күнге дейін автотұрақтар жүйесі дұрыс ұйымдастырылмаған. Қоғамдық көлік қызметін электрондық төлемге көшіру ісі де ақсап тұр. Автокөлік саны көбеймесе азаятын түрі жоқ. Халық кептелістен көз ашпауы мүмкін. Мемлекет басшысы жолдағы жағдайды ретке келтіруді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Уже сегодня на дорогах Астаны пробки стали обычным делом. Посмотри. Через реку. Просто не ожидал я такого. Это проблема возникал у нас, теперь надо над этим работать. Если не заниматься сейчас планированием, через несколько лет нас вообще ждет коллапс, как в крупных городах. В городе до сих пор не организована система парковок, не внедрена система электронной оплаты, сейчас вы показали за проезд общественного транспорта. Надо побыстрей внедрять систему, которая используется во всем мире и с парковкой и транспортом.

Жаңбыр жауса, қала көшелерін су алып кететіні бар. Кәріз жүйесінің осалдығынан көшелердегі енді төселген асфальт та шыдас бермейді. Президент бұл фактілерді растайтын фотосуретті экранға шығаруды сұрап, елордалық шенеуніктерді біраз әбігерге салды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Главная причина – в городе до сих пор нет нормальной ливневой канализации. Покажите, вон смотри. Это в Астане или где?

- Нет. У нас такого не было!

- Как не было? Август 2015 года. Ты думаешь, это другой город? Следующий слайд дайте. Это Таиланд что ли? Не было да? Слушай, ты и по городу не ходишь, оказывается, во время дождя. Почему? Ходим, откачиваем. 

Эльвира Тағайқызы, тілші

-Біз қаланың қақ ортасындағы Иманов көшесінің бойында тұрмыз. Елбасы кеңейтілген кеңесте көрсеткен фотосуреттер де дәл осы жерде түсірілген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жылда жауын жауса болды, айнала айдын көлге айналады. Президент өткізген кеңесте әкімнің орынбасары: «Алдағы 3 жылда қаланың бірде-бір көшесін су алмайды», – деп уәде берді. 

Астананың шетіне шықсаң, мұрынды жаратын Талдыкөлдің иісіне қатысты мәселесі де қозғалды. Президент қала әкімдігінің өкілдеріне бұл істі биылғы жылдың соңы дейін жоюды тапсырды.

Талқыланған проблемалар қатарында Астанадағы игерілмеген жер мәселесі де бар. Шет түгілі қала ішінде де бос жатқан аумақтардың көп екенін айтты Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-После моего поручения Генпрокуратура и другие органы провели большую работу. Выявлено 16 тысяч гектаров неиспользуемых земель, кадастровой стоимостью почти триллион тенге. Теперь надо заняться их изъятием. Пока возвращено из них только 4,5 тысячи гектаров. Неосвоенные территории имеются даже в самом центре города, даже перед зданием Генеральной прокуратуры. До сих пор пустует огромный участок земли. Может быть, новый Генеральный прокурор сейчас критический на это посмотрит? 

Елдің даму қарқынын қала келбетінен бұрын әуежайы мен теміржол вокзалдары айтып береді. Алыстан келген қонақ үшін кірген бойдағы көрсетілген қызмет сапасы өте жоғары болуы тиіс. Қала басшысы Әділбек Жақсыбеков осы бағытта біраз шаруалар жасалып жатқанын жеткізді. 

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі

-Маршрут желілерін жолға қою бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа автобустар әкелініп, олардың жүріп-тұру кестесі қайта жасақталды. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мен көшедегі кептелісті алдын алу бағыттарында біраз шаруа қолға алынды. 

Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы азық-түлік бағасының өзге аймақтардан жоғары екенін де сынға алды. Бұл мәселе алып-сатарлардың тойымсыздығынан туындап отыр. 

Президент әр облыстың әкіміне Астананың сауда жүйелері мен өңірлік өнім өндірушілермен байланысын бір жүйеге қойып, осы мәселені реттейтін ортақ жоба жасауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Отпускная цена десятка яиц с птицефабрик Акмолинской, Карагандинской областей составляет 170-180 тенге. А в магазине - 300. Разница в 76%. Цена за килограмм говядины в радиусе 50 км от Астаны 700 тенге, а на рынке 1200 тенге - 70%. Аким Карагандинской области здесь? Почему? Понятно, почему. Посредники зарабатывают ни на чем. А вы сидите рот разинув и смотрите на это ? А что до сих пор не решали? Или связи нет с городом? В чем дело?

Жиында жаһандық көрме құрылысының басы-қасында жүріп бақылап жүрген «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов те баяндама жасады. 

Айтуынша, бүгінге дейін 82 шет мемлекет көрмеге қатысатының растаған. Одан өзге 14 халықаралық трансұлттық компаниялар келуге ниет білдірді.

Көрмеге қызығушылықты арттыру үшін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында насихат жарнамалау жұмыстары жүргізіледі. 

Ахметжан Есімов, «Астана Экспо-2017» ҰК Басқарма Төрағасы 

-Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 2 миллионнан астам адамға көрме туралы айтылды. Оның ішінде БАҚ арқылы 300 миллион адамға толық ақпарат берілді. 

EXPO халықаралық көрмесінде отандық ғалымдардың 30-ға жуық үздік жұмыстары көрсетіледі. Тіпті олардың арасында күн сәулесі энергиясын тікелей бір нүктеге жіберіп, қуат көзін ұлғайту секілді жобалар ұсынылған. Бұл туралы Энергетика министрі тарқатты.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі

-Путем размещения на гелиоцентрической орбите специальных спутниковых отражателей, направляющих на южный полис земли, концентрировано солнечное излучение. Получения водяного пара и следом получения электрической энергии. 

Көрменің жоғары, тиісті деңгейде өтуі – ең алдымен ел абыройы. Себебі шет мемлекеттерден келетін қонақтар EXPO-ны аралап қана қоймай, халықтың тұрмыс-тіршілігімен, болмысымен танысады. Осыны әрбір қазақстандық түсіне, түйсіне білуі тиіс. 

Шараның уақытылы әрі сапалы өтуіне барлық орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары атсалысып келеді. Бүкіл ел болып, өтетін халықаралық көрмені күш салып, жоғары деңгейде өткізу – міндет. Осылай деп кеңесті қорытындылаған Елбасы алдағы іске сәттілік тіледі. 

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Жұрағат Баман, Айдос Меделбеков

5. Осы аптада Елбасы өткізген маңызды кездесулер

Апта ішінде Президент Ақордада бірқатар кездесулер өткізді. Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоны қабылдау кезінде өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары  талқыланды.

Қазіргі  таңда Қазақстан мен Испания арасындағы сауда-саттық 3 миллиард долларға иек артқан. 

Нұрсұлтан Назарбаев теміржол машиналарын жасау, мұнай-газ, коммуникация және құрылыс салаларында бірқатар бірлескен жобалар бар екенін және олардың қарым-қатынас аясын кеңейтуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы с королем Хуаном Карлосом много сделали для сотрудничества между нашими странами. Мне сказали, что вы на предприятии «Тальго» побывали. Вы представляете, страну с которой у нас есть договор о стратегическом партнерстве. Мы это сотрудничество будем продолжать. 

Сондай-ақ Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады. 

Қос мемлекет қарым-қатынасы мығым. Оның үстіне ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары ұқсас. Мәселен, бүгінгі күні Қазақстан да, Сауд Арабиясы да өз экономикаларын әртараптандыруға көшкен. 

Кездесу кезінде түрлі саладағы ықпалдастық көкжиегін кеңейту жайы сөз болды. 

Айта кетейін, биыл күзде Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына сапары жоспарланып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Сіздің елдеріңіз Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Қазақстанды қолдап келе жатыр. Туысқан ретінде, ағайын ретінде ризамыз. Біз қаланы саларда Сауд Арабиясының тікелей көмегін де көрдік. Мына жерде тұрған терезеден қарасаңыз, ғимарат бар Сенаттың, сол Сұлтанның сапарында бізге берген сыйлығына салынған болатын. Қазіргі жағдайда біз екі арадағы экономиканы, саяси қарым-қатынасты түзеуіміз керек. Біз барлық тараптан қарым-қатынасқа дайынбыз.

Әділ Әл-Жубейр, Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы Істер Министрі 

-Құрметті Президент мырза, мені қабылдағаныңыз үшін шын ризашылығымды білдіремін. Қазақстан – тарихи тұрғыда ислам мәдениетінің қазығы. Біздің мектептерде балаларға сабақ бергенде, осы жөнінде айтылады. Қазақстанға әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз және екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделіміз.

6.«Қайсар-2016». Террорға қарсы кешенді оқу-жаттығу

Қазір дүниенің дегбірін қашырған оқыс оқиғалар көп. Жиілеп кеткен лаңкестік актілер, мазасы қашқан Таяу Шығыс. Біз де сақ болуымыз керек. 

Кеше Елбасы Алматы облысында «Қайсар-2016» террорға қарсы кешенді оқу-жаттығуын  көрді. Қатерге дайындық жайында айтты. 

«Ел армиясы дамудың жаңа кезеңіне өтті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ширек ғасырда заманның талабына сай келетін Қарулы күштер қалыптасты. Қару-жарақ, техника алынды. Маман дайындалды. Әскерилердің әлеуметтік жағдайы жақсарды. 

Алматы облысы Заречный кенті. Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысы мұнда тікұшақпен келіп қонды. Жауынгерлік және әдістемілік орталықта бірден «Қайсар-2016» оқу-жаттығуы басталды. 

Арнайы жасақ жауынгерлері қылмыскерлер жасырынған көп қабатты үйге шабуыл жасап жатыр. Сценарий бойынша солай. 

Сарбаздар лаңкестермен қалалық жағдайда күресудің әдіс-тәсілдерін игеруде. Бейбіт адамдарды құтқару үшін шапшаңдық пен дәлдік қажет. Мұны әрбір жауынгер жақсы біледі. Себебі қателікке бой беруге құқығы жоқ.

Бұл жолы арнайы жасақтар алдына қойылған міндет күрделенді. Олар экстремистерге төтеп беруі тиіс. «Қалқан», «Бүркіт» «Сұңқар», «Арыстан», «Арлан» мен Бас барлау басқармасының алты бірдей арнайы жасағы лаңкестікпен иық тірестіре күресті. 

Жаттығудың басты мақсаты да – әртүрлі бөлімшелерді жұдырықтай жұмылдыру, оның үстіне лаңкестік топтарға қарсы тұрудың жаңа әдістерін игеру. 

Мұхтар Ыбырайым, тілші

-Жаужүрек жауынгерлер лаңкестік топтармен күреске сақадай сай дайын. Бүгін шымыр жігіттер мүмкіндіктерін іспен дәлелдеді. «Қайсар-2016» оқу-жаттығуында Арнайы мақсаттағы топтар тәжірибе бөлісті. Сардарлар бабында көрінеді. Елге қалқан болатын, террористерді талқан қылатын жауынгерлер бұл шараға 5 ай дайындалыпты. 

Атыс-шабыс. Айнала көк түтінге оранды. Оқу-жаттығу бірден қарқын алды. Полигон шынайы ұрыс алаңына айналғандай. Жауынгерлер бірден бірнеше операцияларды іске асырды. 

Мына тұста ҰҚК-ның жауынгерлері террористер басып алған автобусты азат етпекші. Арнайы операция барысында қоғамдық көлік жан жақтан қоршауға алынып содырлар тұтқындалды. Кепілге алынғандар босатылды. Шынайы өмірде де солай болуы тиіс. Басты мақсат – қарапайым xалықтың қауіпсіздігі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Последние события в мире и регионе, терракты в разныx частяx света, которые мы наблюдаем и военные действия. На ближнем востоке говорят, что необxодимо быть нам готовыми ко всякие событиям. Вооруженные силы имеют важнейшее значение для соxранения территориальной целостности, защиты нашей родины, суверенитета Казаxстана. 

Іргелес елдердегі лаңкестік алаңдатады. Сирияны айтпағанда, Ауғанстан мен Ирактағы қылмыстық топтардың қаупі тұтас Орталық Азия елдеріне төніп тұр. Бізге де басып кіруі ықтимал. Демек, сақ болған абзал. Сондықтан жаңадан бой көтерген бұл орталықтың қызметі мен сарбаздар дайындығы Жоғарғы бас қолбасшының жіті назарында. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бүгін біз арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді жауынгерлік дайындықтан өткізу үшін жаңа орталықты ашып, соны қазір көріп отырмыз. Сарбаздар жаттығу барысында шеберлік пен батылдық танытып, дайындығы жоғары екенін көрсетті. Біз оны бақыладық, көрдік. Бұл құрылған орталық сіздерді дайындау үшін, жас сарбаздарды дайындау үшін өте үлкен мемлекетке қажет деп санаймын. 

Бұл жаттығулардың жауынгерлер есінде қалары сөзсіз. Тәжірибелерін шыңдап, сарбаздар жаңа деңгейге аяқ басып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев жаттығуға ризалық білдіріп, Ұлттық ұлан мен Бас барлау басқармасының сарбаздарына жауынгерлік ту тапсырды. 

Мұхаметқали Сәтов, ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының орынбасары

-Экстремизм, терроризмге қарсы шығу үшін дайын тұру керек. Төтенше жағдайда халықты қорғауға біздің сарбаздарымыз дайын. Бүгін сол дайындығымызды, әскер дайындығын Елбасымызға көрсеттік. 

Арнайы жасақтар жаттығатын полигонда сарбаздардың озық тәжірибелерді меңгеруіне мол мүмкіндік бар. Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев бұған көз жеткізді. 

Мұндағы қару-жарақ та, теxнология да соңғы үлгіде. Мультимедиялық атқыш тирлар, заманауи тренажерлар мен лазерлік эмитаторлық кешен, заманауи әдістемелік құралдардың барлығы дерлік осында топтастырылған. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Президентінің Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

-Былтыр желтоқсанда «Арыстан» қызметінің басында өткен жиналысының шешімдеріне және тапсырмаларына сәйкес алдын ала дайындалып, жоспарланып ұйымдастырылған.

ІММ-нің жауынгерлік және әдістемелік орталығында сардарлар Иордания мен АҚШ сарбаздарымен тең дәрежеде жаттыға алады. Жауынгерлік жарақтандыру пунктері, жазғы сынып, атыс қондырғыларымен жабдықталған учаскелер, атыс нысанасына арналған жабық атыс тирі мен көптеген өзге де жарақтар, мұның барлығы тиімді қауіпсіздік жүйесін құру үшін ауадай қажет. 

Ешбір елде теңдесі жоқ бірегей орталықтың аумағын келешекте кеңейту көзделуде. Жауынгерлер кез келген жағдайда шабуылға бейімделген. Дүкен, кеңсе, ұшақ немесе басқа нысан. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамту үшін тек мықтылар жұмылдырылды. Бұл бөлімшелерге еңгезердей шымыр, қайсар жауынгерлер іріктелген. 

Мұхтар Ыбырайым, тілші

-Бұл орталықтың тағы бір ерекшелігі мұнда кедергілер жолағы бар. Ешбір елде аналогы жоқ деседі. «Шынықсаң, шымыр боласың» демекші, жауынгерлер алдымен полигонға бармас бұрын осы жерде арнайы дайындықтан өтеді. Мұндай биік тосқауылдарды бағындыруға біздің жігіттердің тепсе темір үзері хақ.

Алдағы уақытта Ұлттық Ұлан өзінің мобильді және жоғары маневрлі артиллериялық бөлімшесін де құрмақ. Бұл жасақты кез келген аймаққа орналастыруға мүмкіндік береді. 

Айтпақшы, олар бұл оқу-жаттығуға да қатысып көрді. Мемлекет тарапынан Қорғаныс күштеріне деген қамқорлық қашан да жоғары. Мұны Елбасы тағы бір мәрте айтты. Әскери, теxникалық жабдықтау өз алдына, сарбаздарға әлеуметтік көмек көрсету назардан тыс қалмақ емес. 

Сөзіме дәлел, жауынгерлердің дені баспаналы болды. Мемлекет басшысы айбынды сарбаздарға су жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Қолына Ту ұстаған азаматтың ел үшін барын салып еңбек етері xақ. Бұған ел де, Елбасы да сенімді. Бастысы, бейбіт күннің батырлары сол байрақтың тұғырын биік ұстаса игі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жауынгерлік Туларың құтты болсын! Берік ұстаңдар! Екіншіден, келе жатқан біздің Отан қорғаушы күні құтты болсын. Баршаларыңызға Отан үшін қызмет етуде зор денсаулық тілеймін. Ұлы Қазақстан әр уақытта аман болсын! Іргесі берік болсын!

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов

7. Елбасы қатысқан осы аптадағы іс-шаралар

Бүгін Елбасы Православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады. «Православтар Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мәнге ие. Біздің елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісі қалыптасқан», – делінген құттықтауда. 

«Жұлдыздар тоғысқанда». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасы жолы» киноэпопеясының кезекті тарауы саналатын фильмнің алғашқы көрсетіліміне барды. 

Фильм 1984-1991 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Елбасының Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалғаннан Тәуелсіз Қазақстанның Президенті болып сайланғанға дейінгі уақыт. 

Туынды Алматы қаласы мен облысы, сондай-ақ Астана, Қарағанды, Мәскеу және Санкт-Петербор қалаларында 4 ай бойы түсірілген.  Фильм режиссері Ресейдің халық әртісі – Сергей Снежкин. 

Айта кетейік, кинокартина 28 сәуірден бастап қалың жұрттың назарына ұсынылды. 

Сергей Снежкин, фильм режиссері

-Менің жасым 62-де. Және бұл фильмде болып жатқан оқиғалардың барлығы менің басымнан өткен. Бұл менің де тағдырым. Сондықтан мен көрген заманның соқпағы мен қиындығы осы фильмде көрсетіліп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көшбасшысы бар Қазақстан бақытты деп санаймын. 

Алтынай Нөгербек, актриса

-Мен Сара Алпысқызының рөлін сомдадым. Әрине, бірінші ханым болу, қошемет, құрмет. Ел алдында жүру  бір бөлек. Бірақ әр нәрсенің екінші жағы бар ғой. Оның астарында қандай қиындықтар жатыр. Күйеуі үшін үнемі алаңдайды. Күйеуі үнемі жолда, ел алдында. Солай ғой. Сондықтан біз сол жағынан баруға тырыстық.

Елбасы «Астана Опера» театрында «Травиата» қойылымын тамашалады. Джузеппо Вердидің әйгілі туындысы алғаш рет 1853 жылы Винецияда сахналанған. 

Басты кейіпкер Виолетаны Мария Мудряк сомдады. «Әлемнің ең жас опера әншісі атанған» жерлесіміз осы рөл үшін Еуропа елдеріне жасаған турнесін уақытша тоқтата тұрған. 

Қойылымға Қазақстанның жүзден аса әртісі қатысты.

Мария Мудряк, опера әншісі

-Қойылымды Елбасының өзі келіп тамашалауы  біз үшін үлкен мәртебе. Жеке өз басым Президентіміздің әкелік қамқорлығын үнемі сезініп жүремін. Виолетаның рөлін сомдау кез келген әртіске үлкен жауапкершілік жүктейді. Қолымнан келгенше, оның ақылды әрі қайсарлы бейнесін ашып көрсетуге тырыстым.

8. Жұртты толғандырған жер жайы

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев журналистерге берген сұхбатында: «Қазақстандық жердің бірде-бір миллиметрі шетелдіктерге сатылмайды», – деді. 

Жалға алғанның өзінде Заңға сәйкес қолданады әрі бұл қатаң бақылауда болады. 

Вице-министр сұхбат соңында біреулерге еліміздегі тыныштықтың ұнамайтынын, Таяу Шығыс елдеріндегідей дүрбелеңді қалайтынын айтып: «Біз бұған жол бермейміз. Себебі бірлігі мол халықпыз», – деп түйіндейді.

Ал Бас прокурор Жақып Асанов болса, жер мәселесі жөнінде дақпырт таратқандар жазаға тартылатынын ескертті. 

Мәлімдемеде айдап салатын және заңсыз акцияларға қатысуға үндейтін деректердің, ал оларда ұлттық араздық тудыру белгілері бар екені айтылады.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев болса: «Жердің шетелдіктерге сатылмайтынын құрғақ сөзбен айтып қана қою жеткіліксіз», – деді. 

Заң нормаларының дұрыс қолданылуын құқықтық жолдармен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда ауылшаруашылыққа арналған жердің жалпы аумағы –  100,8 млн гектар. Жалға берілгені – 99,5 млн гектар. Ал 1,3 млн гектар жер жеке азаматтардың  меншігінде. 

2016 жылдың бірінші шілдесінен бастап республика бойынша 1,7 млн гектар жер аукционмен сатылады. Түскен қаржы бюджетке емес, Ұлттық қорға құйылады.   

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі

-Тек қана қазақстандықтарға ғана сатылады жер. Біздің ойымыз жер ашық түрде таратылуы керек. Міне, аукцион арқылы шығардық. Қазақстандықтар өзі қатыссын. Өздері алсын деп отырмыз. 

Жер кодексін жаңартудың басы-қасында болған Ұлттық экономика министрлігіндегілер: «Мұндай өзгеріс қажет болды», – дейді. Өйткені халықтың 42 пайызы ауылда тұрса да, ауылшаруашылық саласы ақсап, жалға берілген 100 млн гектардай жер толық игерілмей жатқан көрінеді. 

Мәселен, бір ғана мысал, Ақмола облысындағы Қажымұқан ауылы. Елді мекен маңында күрек тимеген құнарлы жерлер құр тұр. Қолға алып, дән егетін пенде жоқ.

Ұлболсын Шалғаева, ауыл тұрғыны

-Жай жатқанша, бірдеңе ашқаны дұрыс. Егін ексе де, фабрика ашса да. Балаларымыз онсыз да қалаға қатынап жүр ғой. Егер осы жерден ашылса, ешқайда бармай-ақ, жұмыс істер едік. 

Ал солтүстіктегі ағайын, жердің игілігін көріп отыр. Қолда бар 30 мың гектарға егін егеді, басқа да көкөніс өсіреді. Ауыл тұрғындарының да әлеуметтік жағдайы жақсарған. Ерінбесең, еңбегің нәтижесін береді, әрине.

Батыржан Сауытбаев, шаруа қожалығының бас агрономы 

-Жермен айналысу – оңай жұмыс емес. Ең алдымен жақсы өнім алу үшін оған жақсы ақша салу керек. Ылғалын жабу керек. Уақытында егінді себу керек. Уақытында жинауы тағы бар. Қазір енді шығып жатыр ғой. Жұмысты істесең ғана саған жер ана пайда береді. Өнімін көп аласың. Бала сияқты күтім керек.

Адам өз баласын ғана барын салып күтеді. Демек, жекеменшікке беру – жердің бабын келтіру. Ұқыпты қарауға – міндеттеу. 

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Мысалы, үшін Оңтүстік жақта Мақтарал жақта ыза су дейді ғой, сол көтерілген кезде соған дренаж жасап отырады. Кеңес кезінде білесіздер, оған арнайы ақша бөлінетін. Қазіргі экономика, қазіргі қатынас оған енді нарықтық экономика кезінде бөліне бермейді ғой. Сондықтан оның нақты иесі болмаса, пайдаланады да, тастап кетеді. Уақытша пайдаланғанға ақшасын салғысы келмейді. Ол нарықтың заңы. Ал ол өзінің меншігінде болатын болса, ол басқаша. «Өзім дегенде, өзім өгіз қара күшім бар», – дейді қазақ.

Жерді жекеменшікке беру әлемде бар тәжірибе. Мәселен, Франция мен Германияда ауыл шаруашылығы жерлері белгілі бір әулеттің иелігінде болады. 

Ал Польша, Венгрия, Румыния, Болгарияда жерді сатып алғандар 3-5 жылға дейін оны қайта саудалауға құқығы жоқ. Бельгияда жалға алу мерзімі – 9 жыл ғана. 

Ал Швециядағы ауылшаруашылық жерлердің 43 пайызы жекеменшікте, қалғаны жалға беріледі. Италияда қалталы шаруаға жерді игеруді міндеттейді. Алайда бұл елдердің бәрінде жер үнемі бақылауда. Кімнің, қалай жерді кәдеге жаратып жатқанын жиі тексереді құзырлылар. Мұндай бақылау бізде де болады. 

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Егер жер тиімсіз пайдаланылатын болса, тиісті әкімшілік шаралар қолданылады. Тіпті мәжбүрлеп алып қою да қарастырылады.

Осындай қатаң тексерістер нәтижесінде мемлекеттің қорына игерілмей жатқан 3 млн 100 мың гектар жер қайтарылған. Ал жерді 49 жылға жалға алған қазақстандық не істемек дейсіз ғой? Егер ол жерді жақсы пайданалып, жемісін жеп отырса, ешкім одан тартып алмайды. Аукционсыз-ақ қажет сомманың 50 пайызын беріп, қалғанын 10 жылға бөліп төлеуге келісіп, жекеменшігіне өткізуге толық құқығы бар. 

Жерді 49 жылға жалдағандардың бірі – қарағандылық Игорь Жабяк. 16 мың гектарды он жыл бұрын алған. Бүгінде қарағандылықтарды ғана емес, Қазақстанның тең жартысын картоппен қамтып отыр. Игорь жерді жалдағанда 49 жыл өтпестей көрінген. «Алайда оны баптап, бағып жүріп, жылдардың қалай зулағанын сезбей қалдым», – дейді.

Игорь Жабяк, шаруа қожалығының иесі

-Негізі 49 жылға бәріне жалға берді кезінде. Тек жалқаулар ғана алмады. Бірақ көбі қолына жер актісі тиген соң, ары қарай қалай пайдаланатынын ойланбады. Қазір мемлекет бәрін реттеп жатыр ғой. Меніңше, дұрыс. Ауылшаруашылық жерлері бос тұрмау керек. Ол жұмыс істеуі қажет.

Айтпақшы, жерді шетелдіктерге жалға беруге 2003 жылғы Жер кодексі рұқсат еткен. Мерзімі он жыл еді. Жаңа Кодекс бұл уақытты 25 жылға созды. Жердің жайын, қаражаттың есебін жақсы білетін кәсіпкер: «Осындай ұзақ мерзімде ғана салған ақшасын қайтарып, табысын еселеуге мүмкіндік алады», – дейді. 

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Жалға алған адамдардың сол жерге әлдеқайда ұқыптырақ қарауын көздейді. Келе салып, кете салу емес. Ұзақ уақыт асықпай тыңайтқыш себе ме, өңдей ма, лизингке техника ала ма, несие ала ма, асықпай кең ауқымда жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін керек.

Бүгінгі күні 65,3 мың гектар жерді шетелдіктер уақытша пайдаланып отыр. Ақтөбе мен Жамбыл облысы алдыңғы шепте. Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында инвесторлар мүлде жоқ. 

Батыс Қазақстан мен Қарағанды аймағында тым аз. Жұрт айтып жатқан Қытай елінің азаматтары 282 гектар ғана жерді пайдалануда. Жалға алушылар қатарында 19 мемлекеттің өкілі бар. Ең белсенділері – Ресей, Кипр, Біріккен Араб Әмірлігі. 

Жаңа Кодекске сәйкес, шетелдіктер жалға алған жерлерді әрбір екі жыл сайын тексеру, қадағалау көзделген. 

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Жекеменшігіндегі жерді шетелдікке сатуға азаматтың құқығы бар ма? Қазақстан азаматына сатылды ғой. Құдай сақтасын, оның құқығы жоқ. Шетелдікке берген жағдайда автоматты түрде жалға беріледі. Жекеменшігі болса да, бере алмайды ғой? Бере алмайды, бермейді!

Сондай-ақ шетелдік азаматтарға берілетін жер аумағы шектеулі. Шекара маңындағы жерлер ешкімге жалға берілмейді де, сатылмайды да. 

Ал жерді сатып алған қазақстандық өз жеріне не егем десе де, инфрақұрылымын жақсартам десе де, күнбағыстан бас тартып, сүт фабрикасын салам десе де, өз еркі. Әкімшіліктің рұқсаты қажет емес. 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Лилия Шаймарданова

9. Ғылым-білім бар жұрттар

Осы аптада қызу талқыланған тақырыптардың бірі – білім саласындағы өзгерістер. Министр Ерлан Сағадиевтің айтуынша, эксперименттердің барлығы аяқталды. Осы уақытқа дейін 100-ден астам мектеп сынақтан өткен. Мыңдаған оқушы жаңартылған бағдарлама бойынша білім алған. Нақты не өзгереді? 

Дархан Әбдуахит, жүргізуші

-Осы аптада Білім министрі баланы 6 жастан мектеп партасына отырғызу керек екенін айтты. Бұл қаншалықты тиімді?

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-Ерлан Сағадиевтің пікірінше, 12 жылдық білім беру жүйесінің өзегі осы 6 жастан бастау алады. Біріншіден, бұл әлемдік әдістеме болса, екіншіден, оқуға ерте барған баланың өресі ерте өседі. Қысқаша мәлімет келтірсем, биылғы оқу маусымында 150 мың бала 6 жасынан мектепке барса, 180 мыңы жеті жасынан бастап білім алуды жөн көрген. Сондықтан балақайлардың санасы білкелкі даму үшін алдағы 3-4 жылдың ішінде бұл жүйе жұмысын бастайды. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі  

-Қазіргі күні алтыға толған балалардың жартысы мектепте партада отыр. Жартысы әлі барған жоқ. Алтыға толған баланы 1-сыныпқа беру керек. Себебі бұл аса маңызды жас. Осыны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері әлдеқашан түсінген. Өйткені бала миының синопсиясы 6 жасқа дейін толығады. Сосын кішірейе бастайды. Ендеше, бұл жасты дұрыс пайдалануымыз қажет.  

Дархан Әбдуахит, жүргізуші

-Түсінікті. Балалардың жазғы демалысының уақытын қысқартпай-ақ, бескүндік жүйеге көшуге болмай ма? 

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-5 күндік оқу жүйесіне не үшін көшкелі отырмыз. Әуелі осыған жауап берейін. Біріншіден, ауырпалық азаяды. Сәйкесінше білім сапасы артады. Екіншіден, бала отбасылық ортада көбірек болады. Сосын қосымша сабақ оқып, спортпен, өнермен айналысуға мүмкіндік алады. Ал жазғы демалыс жайында айтсам, оқу маусымы әрі кетсе, бір аптаға ұзаруы мүмкін. Себебі бес күнге көшкендіктен, кейбір білім бағдарламаларын оқушылар тиісті деңгейде ұғу үшін осындай қадамға барып отыр. Есесіне, балалар сенбі күні мектепке бармайтын болғандықтан, қосымша 34 күн тынығады. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі  

-Осы жылы мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары аптасына бес күн оқып, сабақты 2017 жылдың 31 мамырында аяқтайды. Бұл нақты шешім. Ал 2017 жылы мектеп оқушылары аптасына 5 күн білім алады. Сәйкесінше демалысқа 10 маусымға дейін шығады. 

Дархан Әбдуахит, жүргізуші

-Сәкен, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерістер түлектер үшін тиімді деп санайсыз ба? 

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-Биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Яғни мектеп түлектері екі рет тест тапсыра алады. Мұнымен мамандар: «Аз балл жинаған баланы күйзелістен құтқарамыз», – дейді. Сонымен бірге биылдан бастап колледж тәмамдаған жастар кешенді тестілеуге қайта баруға құқылы болады. Олар тек 2017 жылдың қаңтарында сынаққа бара алады. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі 

-Ескеретін жайт, колледж бітіріп тесттен өте алмай қалған білімгер Жоғарғы оқу орындарына шартты түрде қабылданады. Сөйтіп ол 4 ай бойы кешенді дайындалып, қаңтар айында екінші мәрте тест тапсырады. Бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып, шекті балдан ұпайы жоғары болса, қыркүйектен бастап қаңтарға дейінгі кредиттері есептеліп, бірінші курстың ортасына оқуға түседі. Мұны біз әділетті деп есептейміз.

Дархан Әбдуахит, жүргізуші

-Сәкен, соңғы сұрақ болсын. Сіз бір апта бойы үш тілді білім беру жүйесін терең зерттедіңіз, не түйдіңіз?

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-Бұл бүгін енгізілгелі тұрған жоқ. Мен әуелі осыны айтқым келеді. Демек, қазір көзді тарс жұмыс қойып кетпейді. 2019 жылы басталатын іс. Оған дейін қыруар жұмыс атқаралады. Ал не түйдіңіз дегенге келсек, оны сюжетімде айтам.

2007 жылы еліміздегі 33 мектепке ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап енгізіп, мамандар талдау жүргізген. Бірнеше жылдан кейін ұстаздар нәтижесін анықтап, ақылға қонымды деген тұжырым жасаған. Өйткені ерте жастағы балалар өз тілімен қатар өзге тілдерді де ұғуға құлықты болған. Алтыжылдық тәжірибеден кейін 2013 жылы еліміздің барлық мектептері бірінші сыныптан бастап оқушыларға ағылшын тілін үйретуді қолға алды. Бүгінде бұл үрдіс жалғасып жатыр. 

Назира Омарова, Астана қаласының тұрғыны

-Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын түрлерімен үйретеді. Қарапайым ғана тілдердің не зат екенін үйретеді. Кейін жоғары сыныптарға көтерілген сайын бала солай оның деңгейі де өзгеріп тұрады деп ойлаймын.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың білім деңгейін мамандар ұдайы қадағалап тұрады. Өйткені бірінші кезекте мұғалімдер өзге тіл емес, қазақ тілін терең түсіндіру керек. 

Әсима Рысқұлбекова, Педагогикалық шеберлік орталығының тәлімгері

-Ағылшын тілі, орыс тілі аптасына бір сағаттан жүрсе, сауат ашу пәні 6 сағат жүреді. Сондықтан бала бірінші өзінің ана тілінде толық сауаттануына басымдық берілген. 

Бір емес, бірнеше тілде меңгерген Әділ Ахметовтің пікірінше, қазақ тілінің қаймағын ішкен балаға, шет тілдерін үйрену оңай. Себебі біздің тілдегі талдаулардың өзі баланың танымын тереңдетеді.  

Әділ Ахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор 

-Өзінің ана тілін керемет меңгерген азамат. Сол тілдің грамматикалық категорияларын бәрін біледі. Сөйлем мүшелерін біледі, сөз таптарын біледі, жалғауларын біледі, жұрақтарын біледі, сөйлемді талдай алады, морфологиялық анализ жасай алады. Міне, осындай деңгейге жеткен адамға кез келген тілді үйренуге болады. 

Осындай қағидалар мен жаңашылдықты ескерген Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдан бастап оқу бағдарламасына өзгеріс енгізеді.

Нақтырақ айтсақ, орыс мектебіндегі оқушылар 7-сыныптан бастап қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихын қазақ тілінде оқиды. Сәйкесінше қазақ мектептеріндегі оқушылар да 7 сыныптан бастап орыс тілі мен Дүние жүзі тарихын орыс тілінде үйренеді. 

Ләйлә Сырымбетова, Үштілді білім беру орталығының директоры

-81 пайыз сабағы қазақ мектептерінде қазақ тілінде жүргізіле береді. Математика, еңбек, тағы басқа пәндер де бар. Тек қана ағылшын тілі бастауыш класта ағылшын тілінде жүргізіледі. 

Ұстаздар баланың санасына қазақ тілінің дәнін сеуіп, ол жемісін бергенше яғни 10 сыныпқа дейін оқу әдісін өзгертпейді. Ал жоғары сыныпқа өткенде информатика, биология, химия, және физика пәндерін ағылшын тілінде үйренеді.

Ләйлә Сырымбетова, Үштілді білім беру орталығының директоры

-Бұл қадамға біз 2019 жылы барамыз. Оған дейін үзіліссіз жұмыстар жүреді. Көп тілді меңгерген адамның өмір сүру деңгейі көтеріледі. Өмір сапасы артса, қоғамда күшті болып, бәсекеге қабілеттілік артады.

Дәл осы үштілді білім беру жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектебі 2008 жылдан бастап өткен. Мұнда оқитын балалардың зейіні зерек. Өйткені олар 7 сыныптан бастап үштілді қатар оқып, ойларын шыңдайды. 

Райымбек Қабиев, Назарбаев  зияткерлік мектебінің оқушысы

-Қазақ тілінде сөйлеу немесе басқа тілде сөйлеу өте жиі кездеседі. Өйткені сабақтарда мысалы, мұғалімдер аз сөйлейді. Олар тек қана бізге материалдар береді. Біз топтарға бөлінеміз немесе басқа да түрде өзара сөйлейміз, талқылаймыз. Мектептен тыс жерде қазақша сөйлейміз. 

Жаратылыстану пәндерін Райымбек ағылшынша оқиды. Ол тапсырманы орындауға шет тілінің көмегі мол деп санайды. Себебі ғаламтордан немесе кітаптардан ағылшын тіліндегі ақпараттарды алу әлдеқайда жеңіл екен.

Райымбек Қабиев, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы

-Жалпы бізге берілген барлық материал ол бірнеше тілде болуы мүмкін, бір тілде де болуы мүмкін. Дегенмен ең бастысы  оның мағынасын түсіну. Яғни ғылымда тіл деген мағына жоқ. Ең негізгісі – оның логикасын түсіну. 

Міне, барлық ата-ана баласының осындай білімді болғанын қалайтын шығар. Министрлік алдағы уақытта еліміздегі мектептерді осындай деңгейге көтеруді көздейді. 

Бұл тұста «Балаға сапалы білім нәрімен сусындататын мұғалімдер жеткілікті ме?» деген заңды сауал туындайды. Иә, қазір мұғалімдер жан-жақты дайындалып жатыр. Үштілді оқу жүйесіне өту амалдары аясында 2012 жылы 30500 студент тілді терең білу үшін жоғары оқу орындарына түскен. Олардың алғашқы легі биыл білікті маман болып шығады.

Ләйлә Сырымбетова, Үштілді білім беру орталығының директоры

-Қазақ тілі пәнін білетін мұғалімдер жеткілікті. Дүние жүзі тарихын орыс тілінде жүргізетін, орыс тілін білетін мұғалімдер жеткілікті. Ағылшын тілін білетін, 4 пәнді білетін мұғалімдер дайындалып жатыр. Дайындала береді. 

2019 жылы 4 пәнді ағылшынша оқытатын мұғалімдер білім беруді бастайды. Сол кезде тіл білмейтін ұстаздардың жұмысы қысқарып, я болмаса сағаты азайып қалмайды. Өйткені министрлік оларға тағы арнайы сағаттарды бөлуді жоспарлап отыр.

Ләйлә Сырымбетова, Үштілді білім беру орталығының директоры

-Сабақтары қысқармайды. Олардың 5-9 ортасында сабақтары жеткілікті ғой. 10-11-дің арасында сабақ көп емес. 

Ал ағылшын тілін үйреніп, қосымша сағаттар аламын деген ұстаздарға еш шектеу жоқ. Мамандар: «Кез келген адамда тіл үйренемін деген ынта болса, оған жас ерекшеліктері кедергі емес», – дейді. 

Әсем Күзембаева, тіл оқыту орталығының маманы

-Егер біз бастауыш деңгейден бастап үйрететін болсақ, онда оқушыға бір жыл немесе бір жарым жыл төңірегінде оқу керек болады. Ал оқушының деңгейі орта деңгеймен келетін болса, жарты жылдың ішінде толық меңгеріп шығуға болады. 

Ұстаз дайындауды бірізге қойған Білім және ғылым министрлігі сапалы кітап шығаруды былтырдан бастап қолға алған. Бүгінде 30 мектепке осы жаңа кітаптарды үлестірген, қазір тексерістен өтіп жатыр. 

Ағылшын тілі керек. Өйткені заман соны талап етеді. Мәселен, әлемде жер көлемі бойынша 7 орын алатын Үндістанның ортақ тілі – ағылшын. Онымен бірге барлық мемлекеттен оқшау жатқан Жапон елі де ағылшын тілінде еркін сөйлейді. 

Төрткүл дүниенің қай бұрышын қарасаң да, ағылшын тілінің қадірі артып тұр. Бәсекеге қабілетті болып дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бізде көштен қалмағанымыз абзал. Сондықтан өзге тілдің бәрін білейік, тек өз тілімізді құрметтеуді ұмыт қалдырмайық!

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.