Жеті күн. 7 мамыр 2016 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн. 7 мамыр 2016

  • Сенбі, 07 Мамыр 2016 19:32
Сюжеттер
1. Мемлекет басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті 2. Билік басында ауыс-түйістер орын алды 3. Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жарияланды
4. Ел – ерлерімен еңселі! 5. Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 6. Елбасы Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады
7. Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонмен кездесті 8. Елбасы Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады 9. Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
10. Өндіріс көлемін ұлғайту – табыс кепілі 11. Ұлы Отан соғысы: Беймәлім деректер 12. Ерлігі елге аңыз болған панфиловшылар

1. Мемлекет басшысының төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті

Жер кодексінің бірқатар нормаларына Елбасы тоқтау салды. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Құжатта көрсетілгендей енді: шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жарияланды.

Сондай-ақ министрлер ауысты, жаңа министрлік құрылды. Жер реформасы жөнінде комиссия жұмыс істейтін болды. Бұл аптаның басты оқиғалары осы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Надо было донести до населения, не понимающего, что ни о какой продаже земли нашей сельскохозяйственной речи не идет. Поэтому здесь была спекуляция полная. То есть до соответствующих адресных групп мы не довели эту суть. Однако механизмы и нормы принятого закона не были обсуждены с привлечением общественности и тревоги, и заботы людей во многом оправданы. Если наши люди, казахстанцы, не понимают, не доверяют принятым решениям, значит, неправильно. Мы же для людей это все делаем, то есть в обществе появились сомнения по поводу ряда законодательных норм по этому вопросу. Сондықтан мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда, былтырғы енгізген төрт норма күшіне енгізуге мораторий жариялаймын ендігі жылға дейін. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келіп болатын болсаңдар, мораторийді түсіреміз, болмаса түсірмейміз. Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге.

Өз шешімін айтпас бұрын Президент қазіргі ахуалды кеңірек түсіндірді. Сырттан қаржы тарту ісінде бәсеке күшті. Қолайлы жағдай жасай білсең ғана, қаражат келеді.  

Мәселен, 2014 жылға дейін Қазақстан экономикасына жыл сайын орташа есеппен 24 миллиард доллар инвестиция құйылса, былтыр ол 14 миллиардты еңсерді. Демек, кеміген. 

Біз де әлем елдері секілді қаржы тартуға мүдделіміз. Мемлекет басшысы осы тұста Қазақстанның ауыл шаруашылығы инвестицияға мұқтаж екенін айтты, бірқатар елдерді мысал ретінде келтірді. 

АҚШ-тың фермерлері бір гектар жерден орташа есеппен 1 120 доллардың өнімін алады, француздар одан да көп, 3200 доллар. Ал қазақстандық диқандардың пайдасы 400 доллардан аспайды. 

Себебі өңделген өнім жоқ. Сол үшін жаңа техника, озық технология керек. Инвестиция тартпайынша, бұған жету оңай емес.

Кезек күттірмес басқосу. Ақордаға Үкімет мүшелері мен мемлекеттік ведомствалардың басшылары тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналды. Дағдарыс қыспаққа алғанда белді ұйымдар мен адамдардың бас қосып, күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді бір таразылап алғаны абзал. Әңгіменің төркіні – дағдарыс. Елбасы ағымдағы экономикалық ахуалдың мәз еместігін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Халық білу керек. Оңай жағдайдан өтіп отырғанымыз жоқ. Сондықтан бұл жерде барлық халқымыздың ел алдында, өз алдында жауапкершілігі керек. Дүние жүзіндегі жағдай түзеліп отырған жоқ. Оларда жетісіп отырған жоқ. Көршілеріміз де, Ресей, шығысымыздағы көршіміздің де өз жағдайы бар. Қаржы орталықтары қаржы бөлмейді бүгін. Сондықтан барлық күшімізді салып, біріктіріп осыдан аман-есен шығуымызды ойлауымыз керек. 

Дағдарысты еңсеріп, қарапайым халықтың игілігі үшін мемлекет арнайы бағдарлама қабылдады. Оған 2 трлн теңге бөлді. Негізгі басымдық жұмыс орындарын сақтау және тұрғын үймен қамтуға берілген. 

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі

-«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 125 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сіздің тапсырмаңызбен 2016-2017 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытуға Ұлттық қордан 360 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың есебіне 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. 2016 жылы 8 мың отбасы баспаналы болмақ. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша биыл 223 млрд теңге қарастырылған. Сөйтіп жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жалпы өнімі дамуын кем дегенде 5 пайыз деңгейін қамтиды деген ойдамыз. 

Дағдарыстан төрт көзіміз түгел шығу – мемлекеттің басты мұраты. Сол мақсатта жұмыс істеп жатыр қазір. Шикізат құнының көтерілетін түрі жоқ сыңайлы. Сарапшылар пайымы осы. Демек, өз күшімізге сенген абзал. Қиындықты өткерудің тағы бір амалы – шетелдік инвестиция. Алайда ол оңай атқарылар шаруа емес. Бәсекелестік артып отыр. Дағдарыс кезінде инвестиция үшін де күресу керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Дефицит, все хотят привлечь инвестиции, создают самые тепличные условия, райский климат для инвестиций, потому что только это дает рост. За годы независимости Казахстан привлек прямых инвестиции и около 300 млрд долларов, вот это дало резкий скачок казахстанской экономики с нуля до сегодняшнего дня. И законодательства стран смягчается, создает условия для инвесторов. И мы стараемся создать инвестиционный рай. 

Қазір дағдарыстың ең қиын кезеңі. Бюджетке құйылатын қаржы 3 есеге қысқарды. Экономика шығыны шаш етектен. «Мұндай жағдайда мемлекет қорын мұнайдан емес, ауыл шаруашылығынан іздеу қажет», – деді Президент.

Бұл орайда егін егіп, мал өргізетін жерлердің көбі игерілмей бос жатыр. Дұрыс күтім жасалмағандықтан, жарамсыз болып қалғаны да аз емес. Есесіне қара жердің өнімділігі де азайған. Ал ел ішінде Жер кодексіне қатысты пікір-талас туындады. Президенттің пікірінше, бұған мемлекеттік аппараттың әлсіз жұмысы себеп болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Никакой продажи земли нашей сельскохозяйственной, тем более речи не идет. Здесь была спекуляция полная. Для соответствующих адресных групп мы не довели эту суть. Однако механизмы и нормы закона не были широко обсуждены с привлечением общественности и тревоги, заботы людей во многом оправданы. Если наши люди казахстанцы не понимают, не доверяют принятым решениям, значит неправильно. Мы же для людей делаем, значит в обществе появились сомнения по ряду законодательных норм. 

Мәселенің туындауы елдің бірқатар жайттарды жете түсінбеуі салдарынан. Мұны министрлер кабинеті бірауыздан мойындап отыр. «Бұл кеше-бүгін қабылданған құжат емес»,– дейді Үкімет басындағылар. Ауылшаруашылық жерлерге иелік ету тек Қазақстан азаматтарына ғана рұқсат етілген. 2003 жылы қабылданған кодексте солай.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі

-13 лет. Вы всегда ставили задачу, что казахстанская земля должна быть для казахстанцев, поэтому вопрос продажи земли иностранцам никогда не ставился в ходе разработке и принятия данного законопроекта. 

Жерден ел ризығын табу үшін, оны игеруге қомақты қаржы салу қажет. Мемлекет басшысы келешекте ауыл шаруашылығы көш бастайтынын айтты. Демек, қазірден бастап оны игеруге мән беру керек. Президент бүгінгі ауылшаруашылық жерлердің жағдайын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мысалы, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі  ел экономикасының ең маңызды және болашағы зор саласы. Неге олай дейміз? Бізде миллиондаған гектар егіс алқабы бар. 200 млн гектарға тарта мал жайылымы бар. Оның барлығы бос жатыр. Мал жайылымы мал жайғызбайды. Себебі су жоқ. Құдық қазу керек. Ақша салу керек. Не су алып келу керек. Бір отар, екі отар қойды жаю үшін 5-6 құдық керек. Ол жоқ. Оған ақша керек. Бүгін ауылымызда 2 млн 300 мың адам жұмыс істеп жатыр. Жалпы қазақстандықтардың 42 пайызы ауылда тұрады. Расында олардың 20-сы ғана ауылда жұмыс істейді. Қалғаны  келіп, кетіп жүретіндер. Сумен бірге жеріміздің өнімділігі төмен. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, әлі күнге дейін қанша ақша салып келе жатырмыз, жыл сайын 2 млрд-тан артық, жай субсидия мемлекеттің мүмкіншілігі болғаннан кейін. Сонда да бидайды біз өңдеп, дайын продукт ретінде сата алмаймыз, көкөністі өңдеп консервімен сата алмаймыз, етті өңдеп, шұжық жасап, бағасын көтеріп сата алмаймыз. Ондай зауыттар жоқ бізде. 

Жер – халықтікі. Тек ел үшін қызмет етуі тиіс. Бұрын солай болған, бүгін де, ертең де солай болмақ. Демек, қабылданған шешімдер де елдің игілігін көздеуі тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы мәселені шешудің ең тиімді жолын ортаға салды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сондықтан мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда, былтырғы енгізген 4 норма күшіне енгізуге мораторий жариялаймын ендігі жылға дейін. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді түсіреміз. Болмаса, түсірмейміз. Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге. Бірақ түсіндіру керек. Оны алып тастағаннан кейін ауыл шаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын оны әрине, диқандар ғана біледі егін егіп отырған. Мал жайып отырған. Асфальтта жүріп айғайлағандар емес. 

Енді бұл мәселемен арнайы үкіметтік комиссия айналысады. Оның жетекшісі – бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев. Президент жаңа комиссия құруға пәрмен берді. Алдағы уақыт мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ең тиімді шешімдерді Парламентке ұсынуы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Ол комиссия мемлекеттік органдар, қоғамдық органдармен қамтып, мына шаруаны талқылап, нақты түсіндіріп, Жер кодексіндегі даулы мәселелерге қатысты ұстанымдарды айқындап, Парламентке ұсыныстарды беріп, Парламентпен бірге қайтадан қарайтын боламыз. Түсінбей жүрген адамдардың барлығын шақыру керек. Бұл жұмысты «Нұр Отан» партиясымен бірге, оның жанындағы демократиялық күштердің біріккен коалициясы бар, ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Оған барлық партиялар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ тартылуы керек. Оны жасырып, қымтыратын ештеңесі жоқ. Бәріңе белгілі болып отырған экономика ғой. Сондықтан осы жұмысты жасайтын болайық. 

Елбасы айтқан сын-ескертпелерді жаңа комиссия қаперге алары хақ. Себебі мәселе мемлекеттік маңызға ие. Сондықтан жиында жауапты ведомствалардың басшылары жауап берді. Істі бастан-аяқ жүргізуге тиіс болған органдар салғырттық танытқанын айтты Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-За эту работу конкретно отвечал Ускинбаев, вел работу по принятию реализации, освободить от занимаемой должности.

Таяқтың бір ұшы Ауыл шаруашылығы министріне тиді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сфера право применения земельного кодекса касается прежде всего сельского хозяйства. А глава аграрного ведомства все это время отмалчивался, не принял активного участия по принципу моя хата с краю. Я просто поражаюсь. Как получилось, что земля оказалась у другого ведомства? Также объявляю несоответствие Мамытбекову. 

Халыққа толыққанды мағлұмат жеткізілмеді. Демек, ақпараттық саясаттың өзінде бір гәп болғаны. Президент оны да жүйелі шешудің амалын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сфера информационной политики также не в профильном министерстве. У Исекешева руки не доходят, взяли засунули к нему. В Правительстве никто не координирует эту отрасль, информационную работу. Для преодоления информационных вызовов, поручаю восстановить и создать уполномоченный орган - Министерство информации и коммуникации. Надо исправлять ошибки. 

Қателіктердің орнын толтырып, енді басқа да реформаларды елге жете түсіндіру керек. Президент барлық мемлекеттік органдардың алдына осындай талап қойды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Предвижу, что будут и другие вопросы. Которые будут подниматься населениям. Например по реформам в сфере образования. Знаю, что у людей есть вопросы по медицинско-социальному страхованию. Дорожная карта в действий. У людей есть вопросы к минобразованию, о сроках внедрения трехязычного образования, Правительству и здесь надо изучить общественное мнение , использовать площадку.

Қазір Жер кодексіндегі кейбір талаптарды сылтау етіп елді дүрліктіріп жүргендер жоқ емес. Алайда шынайы халықтың мүддесі мен ниеті Елбасыға белгілі: бірлік, тұрақтылық пен бейбітшілік. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сейчас время непростое. Казахстанцы не хотят украинских событий, я это знаю, пусть все слышат, а кто хочет сюда принести. Мы примем самые жестокие меры. Этот вопрос сегодня - вопрос выживаемости нации в сложных условиях новой глобальной реальности. Мир нас ждать не будет. Пока не наговоримся, не намитингуемся, мир уйдет вперед, ждать никто нас не будет и мы останемся в хвосте.

Сайып келгенде, жасалып жатқан бұл тірліктің барлығы халық үшін. Елдің мұңын шерткен Нұрсұлтан Назарбаев жиынды осылай түйіндеді. Мұны жиынға қатысқан әрбір мемлекеттік органның басшысы түсінсе керек. Сапалы, жүйелі жұмыс – ең бастысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мемлекеттік жұмыстың сапасы ең алдымен кімге керек? Қарапайым адамдарға керек. Не қажет деген сауалға жауап бере білу керек. Біз бағдарламаларды, заңдарды мемлекеттік қызметтер үшін емес, қарапайым азаматтар үшін қабылдап отырмыз ғой. Сол үшін жүзеге асырып отырмыз. Сондықтан, іс-әрекетіміз әрбір азаматқа түсінікті болуы керек. Және жүрегінің түбіндегі құндылық деп білуі қажет. 

Осылайша, мемлекеттік органдарға тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. Жауапты азаматтар басымен жауап беретін болады. Бастысы, бұл мәселені реттеуге қоғамның да жұмыла атсалысқаны керек. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Гүлмайра Қуатбайқызы 

2. Билік басында ауыс-түйістер орын алды

Біздің іс-әрекетіміз әрбір азаматқа түсінікті болуы керек. Кеңесті қорытындылай келе, Президент осыны айтты. Айқындалған бағыт бар. Барлық жұмыс соның аясында жүргізіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бірінші  отбасының амандығы. Екінші  дастарқанда тамағының болуы. Үшінші  басында баспанасы болуы, төртінші  істейтін жұмысы болуы. Бесінші  ден сау болуы. Алтыншы  балаларына, өзіне білім алуы. Жетінші  Отанының тыныштығы. Міне, жай адамдарға айтылған Патриоттық актіде қабылданған қағидамыз осы. Бұл жеке тұлғаның ғана емес, күллі халықтың, тұтас мемлекет дамуының негізгі өлшеуі болып саналады. Біздің елімізде нақты саланы немесе өңірді дамыту жолындағы барлық осы негізгі құндылықтар аясында жүргізіліп жатыр. Сол үшін жұмыс істеп жатырмыз бәріміз.

Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялау жөніндегі Президенттің шешімі қоғам тарапынан қолдау тапты. 

Кеше Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюро отырысына қатысып, Мұхтар Құл-Мұхаммедтің партия төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жария етті. 

Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрі, облыс әкімі, Мемлекеттік хатшы, Президент кеңесшісі болған Мұхтар Құл-Мұхаммедке «Нұр Отан» партиясының жұмысын одан әрі нығайту міндеті жүктеліп отыр. Бұл үшін саяси бірлестікте қаржылық, кадрлық және материалдық ресурстардың барлығы жеткілікті екенін айтты Президент.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Институциональные наши реформы продолжается. 100 конкретных шагов продолжается. И его надо осуществлять. Ни отчего отступать не будем, мы все делаем правильно. «Нұр Отан» партиясы мемлекеттегі мықты партия болу керек. Я думаю это очень интересная работа.

Партия төрағасының бірінші орынбасары қызметін бұған дейін атқарып келген Асқар Мырзахметов енді аграрлық салаға жетекшілік етеді. Елбасы Бюро отырысында Асқар Мырзахметовтің өзіне жүктелген міндеттерді орындағанын, Парламент сайлауының табысты өтуіне атсалысқанын айтты. Ал Ақордадағы кеңестен кейін араға бір күн салып Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті. Ол 2011 жылдан бері Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді. 

Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жаңа құрылым Ақпарат және коммуникация министрлігіне Дәурен Абаев басшылық ететін болды. 

Министрді ұжымға Үкімет жетекшісі Кәрім Мәсімов таныстырды. Дәурен Абаев осы уақытқа дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметтерін атқарып келді. Ведомства мемлекеттің ақпараттық саясатын қалыптастыру және ақпараттық бағдарламалардың сапасын арттырумен айналысады. Бұдан бөлек, Қуандық Бишімбаев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы болған. Ұлттық Экономика министрлігінің тізгінін ұстаған Ерболат Досаев Ақордадағы жиында өзі отставкаға кеткен еді.

3. Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жарияланды

Мораторий мерзімі жыл соңына дейін. Яғни осы уақытта мемлекет меншігіндегі жер ешкімге сатылмайды. Шетелдіктерге жалға берілмейді. Құзырлы органдар Жер кодексінің әр бабын, әр тармағын тынбай түсіндіруі тиіс халыққа. Елді алаңдатқан құжаттың барлық сұраулы тұстары жіті талқыланып, сарапталуы қажет. Мұндай жауапты шаруаны жүзеге асыру үшін Вице-Премьер Бақытжан Сағынтаев басшылық ететін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамында министрлерден бөлек, қоғамдық бірлестік өкілдері де бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Кодексті тиянақты зерттеп, ел-жұртқа ұғындырып, Парламентпен ақылдасып, бір шешімге келіңдер», – деді. 

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Очень замечательные слова. Өткен кеңейтілген отырыста Елбасы өте жақсы сөздер айтты. Ол біз заңды кімге арнап шығарамыз деп, нақты сұрақ қойды? Әрине, Заң халыққа қызмет етуі керек. Ал ол Заң халыққа ұнамаса ше?!

Владимир Бобров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Жер кодексінің белгілі бір нормаларына халықтың қарсы пікір білдіруі, бұл құжат қоғамға әсіресе ауыл тұрғындарына толық түсіндірілмеді деген сөз.  

Түсіндіру жұмыстарына жауапты органдармен қатар қос палатаның депуттары да атсалысады. Мәселен, мәжілістегілер уақыт оздырмай, ел аралауды бастап та кетті.

Манап Күбенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

-Жер өзіміздің байлығымыз дейміз. Жер байлық болғанда, жердің құнарлығын жоғалтуға болмайды. Жермен жақсы жұмыс істеу керек. 

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Жерде істеп жүрген адамдар нақты түсінеді. Сол «Жер кодексін» өздері оқып шығыпты. Себебі, жер болғасын ол жерге күтім керек. Күтім болмаса, ол жер бір жыл жатады, екі жыл жатады. Содан кейін ол да өз сөзін айтады ғой жер деген.

Кодексті түсіндіру барысында «Нұр Отан» партиясы мен бұқаралық ақпарат құралдары да тыс қалмайды. Ал ауылдағы ағайынның құжатқа қатысты сұрақтарына облыс әкімдері жауап береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелеріне мемлекеттік апараттың ашықтығын барынша қамтамасыз етуді тапсырды. Экс-министр, тәжірибелі мемлекеттік қызметкер Болат Жәмішев осындай кезеңде билік халыққа әдеттегіден де жақын болуы керек дейді.

Болат Жәмішев, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы

-Менің ойымша ұтымды да тиімді шешім қабылданады. Өйткені заң бар. Тиісті заңдылық та бар. Ол барлық қоғамға ортақ. Дегенмен, мұқият әрі көптеген талқылауды қажет ететін заңның нәзік тетіктері де бар. Мұндай нормалар мейлі Жер кодексі, мейлі басқа да заң болсын қоғам арасында үлкен алаңдаушылық тудыруы мүмкін.

Елбасы Жер кодексі өзгеріссіз қалса, ауылшаруашылық саласы қандай халде болатынын, қазақстандықтарға сараптап беруді тапсырды. Бұл мәселені жердің жайын жақсы білетіндер ұғынып отыр. 

Қазыбай Бозымов, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

-Елбасының мораторий жариялағаны тағы да бір халықтың арасында, осы сұрақты тікелей жермен жұмыс істеп жүрген ауыл шаруашылығындағы мамандармен, егіншілермен, диқандармен қайтадан басынан аяғына дейін қарап, түсіндіру жұмысын жүргізуге үлкен мүмкіншілік берді. 

Ерлан Тоқтұшақов, Қазақстан Фермерлер одағы облыстық филиалының төрағасы 

-Біз өз тарапымыздан бұған дейін Жер кодексіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Елбасының шешімінен соң да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Жер кодексіндегі түзетулер туралы әр шаруаға жеткізуге тырысамыз. 

Нұрлан Құралов, кәсіпкер

-Елбасы өте дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Мынау «келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, Құдай қаласа, өте дұрыс, әділ шешім қабылданды. 

Үкімет басшысы жер қатыснастары мәселесін реттеуді тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеді. Сонымен 2016-ның бірінші шілдесінен бастап 1,7 млн гектар жер аукционға шығарылмайтын болды. Ал бұл мораторий келесі жылы күшін жоя ма? Ол өзгертуі мен толықтыруы бар кодексті халық қалай қабылдайды? Соған байланысты.

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Назия Тұяқова

4. Ел – ерлерімен еңселі!

Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушы күні. Мереке қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсырды. Әскери, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезде батылдыққа барған, ерлігімен көзге түскен, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. «Біздің парызымыз – елдің қауіпсіздігін сақтау, биыл 25 жылдығын атап өтетін Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғау» – деді Президент.

Сондай-ақ Елбасы жылдағы дәстүр бойынша жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендерді тапсырды. 

Мемлекеттік марапат абыройлы қызмет етіп, ел алдында еңбегі еленген азаматтарға беріледі. Сондықтан төсіне жүлдесі тағылғандардың бәрі бұл атаққа лайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары марапатқа ұсынылған әрбір азаматтың ерлігі мен ел дамуына қосқан үлесін атап, бүгінгінің батырларына шексіз ризашылығын білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-«Ел ерлерімен еңселі», – дейді халқымыз. Біз кешегі баһадүр бабаларымыздың ерлігін қастерлеп, елдік жолды жалғаған ұрпақпыз. Жеріміздің тұтастығын қорғау – Отан күзетіндегі азаматтың қастерлі парызы. Елдің тыныштығы, тұрақтылығын сақтау – бәріміздің қасиетті жауапкершілігіміз. Берекеміз бен бірлігіміздің арқасында біздің аспанымыз ашық, заманымыз тыныш. Дәл қазір біздің қасымызда ерен еңбегімен дараланған бүгінгі күннің батырлары тұр.

Ұлт пен ұлыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұйқының тыныштығына кепіл болып, елге қорған болу үшін ерге қайсар, қайрат, сөнбес рух қажет екені анық. Сондықтан елдің өмірінде ердің орны қашанда ерек. Егемен елдің құрыш қалқаны болып табылатын ұлттық әскер осы міндетті абыройлы атқарып келеді. Оқу-жаттығу кезінде жауынгердің абайсызда лақтырған гранатаны төсімен жауып, адам өмірін сақтап қалған Қайрат Үмбетовке наградалар ішінде орны бөлек, мәнсабы салмақты «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

Қайрат Үмбетов, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы, «Халық қаһарманы»

-Еліміздің тыныштығын, халқымыздың Тәуелсіздігін сақтап әрі қарай қызметімізді адал атқарамыз. Рахмет. 

Мемлекет басшысы ордендер мен медальдар тапсырылған жандардың қатарында түрлі сала мен ұйымның өкілдері бар екенін атап өтті. Барша жиналғандарға бейбіт әрі бақуатты Қазақстанды дамытуға қосқан зор үлестері үшін ыстық ықыласын жеткізді. Солардың бірі ұшақты апатты жағдайда қондырып, жүзден астам адамның өмірін аман алып қалған ұшқыш Родиннің еңбегі еленді. 

Дмитрий Родин, ұшқыш, «Халық қаһарманы» 

-Бұндай марапат Тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет Азаматтық әуе кемесі экипажы мүшесіне беріліп отыр. Сондықтан еліміздің барлық авиаторлары атынан Сізге зор алғысымды білдіргім келеді. Бізге көрсетіліп отырған сый-құрмет пен сеніміңіз үшін ыстық ықыласымызды білдіріп, ел алдындағы өз міндетімді абыроймен атқаратыныма уәде беремін. Бұл мен үшін ортақ жеңіс, ортақ ерлік. 

Ерлігі еленген ерлер қатарында Төтенше жағдай қызметінің өкілі де болды. Күнделікті басын қауіп-қатерге тігіп үйреніп қалған Данияр Қалиев бірнеше рет ірі өрт оқиғасы орнына барып, қайсар мінезімен байқалған. Жалындаған отқа қарсы тұрып, жанып жатқан үйден бес адамды құтқарып, 24-інің қауіпсіз жерге көшірілуіне ықпалдасқан. Қостанайдағы ірі газ бекетіндегі жарылыстың да алдын алған. Сондықтан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 

Данияр Қалиев, Қостанай қаласы № 3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

-Біздің өрт сөндірушілер мұндай ерлікті күнде жасап тұрады. Менің еңбегімді бағалағанын мақтан тұтамын. Келе жатқан жас ұрпақ қуатты, қайсар болсын. Қиын жұмыстан қорықпасын, қашпасын. Жетістіктің кілті сонда. 

Ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар да тиісті марапатқа ие болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүр бойынша жоғары әскери шендерді де тапсырды. Марапаттау рәсіміне қатысушыларды ең алдымен Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бүгінде бес қаруы сай Қазақстанның Қарулы күштері ел қорғанысына берік. Осы мерекелердің алдында дәстүріміз бойынша біз үздік шыққан әскери адамдарымызды, өзінің өмірін әскери өмірге сарп еткен азаматтарымызға тиісті жоғарғы деңгейлі шен беретін боламыз. Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында жоғары құрметке сіздер лайықты болып отырсыздар. Ел мен жерді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы, қайсар ерлердің Отан алдындағы қастерлі борышы мен міндеті.

Осылай деген Президент сапта тізілген сардарларға әскери шендерін табыс етті. Ел егемендігінің кепілі, мемлекетіміздің ең басты құндылығы адамзат баласының өмірі мен бостандығын, қауіпсіздігін қас қақпай күзету міндетін алған тағы бірнеше сарбаз Елбасы қолынан шен алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Әрине, сіздер әскери адамсыздар. Сіздердің өмірлеріңізде бұл – өте үлкен күн, үлкен жетістік. Өз бастарыңа, туған-туыстарың, жора-жолдастарың алдындағы үлкен абырой. Осыған жету үшін бар өмірлеріңді сарп етіп қызмет істеп келе жатсыздар. Өздеріңді өздерің сергек ұстап, басқа арттарыңда келе жатқан жастарға және қоластыларыңда істейтін азаматтарға тәрбие бере біліңдер. Офицер деген, генерал деген сұңғақ болу керек, күшті болу керек. Құттықтаймын!

Жұрағат Баман, тілші

-Ер азаматқа туған жерін, аса қымбат азаттығын қорғап, ел тыныштығын күзетуден асқан мәртебе жоқ. Қоғамда тұрақтылық пен тәртіптің сақталуы да ерлердің ерлігі мен еңбектеріне тікелей байланысты. Осыны айтқан Елбасы абыройлы істі адал атқарып келе жатқан азаматтарға алғысын білдірді.

Отан қорғаушылар күніне арналған негізгі шараның бірі Орталық концерт залында өтті. Биыл еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 24 жыл толады. Көпшілік алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы аралықта толыққанды қарулы күштердің қалыптасқанын айтты, жиналған жұртты мерекемен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бұл мереке тек қана ер азамат үшін Туған жердің тұтастығын қорғау үшін ғана емес, бүкіл ұлдарымыз бен қыздарымыздың, барлығымыздың парызымыз – Отан қорғау. Сондықтан жалпы халықтық мереке ретінде атап өтеміз. Мен сарбаздарымызды Отанымыздың егемендігін қалтықсыз күтуге ұдайы сенеміз. Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болып, тыныштыққа бөлене берсін. Мереке құтты болсын!  

Қазақ әскері айбынды армияға айналып, заманауи техникамен жабдықталған. Оқу-жаттығу жасауға да барлық жағдайы бар. Жауынгерлерге қолдау мұнымен шектелмек емес. Олардың әлеуметтік жағдайы да мемлекеттің назарында. Алаңсыз қызмет ету үшін, тиісті көмек жасала беретінін айтты Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Жауынгерлеріміздің әлеуметтік тұрмысы мемлекеттен толық қамтамасыз етіледі. Биыл біздің жауынгерлерімізге арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске асырылмақ. Аз жылдың ішінде оны іске асыратын боламыз. Ол сарбаздардың баспанамен қамтамасыз ету мәселесін алдағы 4-5 жылда шешетін болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметкерлердің жалақысы да көтерілетін болады. Әскерлеріміздің қызметін алаңсыз атқарулары үшін мемлекет барлығын өз тарапынан жасап отырғанын көріп отырсыздар. 

Жаһанның алып елдерінен бастап, кішігірім мемлекеттеріне дейін қорғаныс саласына аса ден беріп, қыруар қаржыны қаруланып, әскерін күшейтуге жұмсап жатыр. Қазақстанның да қорғаныс әл-ауқаты зор. Десе де, қазіргі кезде қарудан бас тартып, соғыс пен террорлық актілерден ада, бейбіт заман орнату маңыздырақ. Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен қабылданған, Президенттің «Әлем. 21 ғасыр» Манифесі елдер арасындағы татулық пен тыныш тірлікті қамтитын идеялар негізінде құралған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Это призыв объединить силы против глобальной войны, принять меры, избавляющие человечество от угрозы самоуничтожения. Справедливое мироустройство свободное от ядерного оружия, военных угроз, вызовов безопасности народам, основаны на принципах доверия, сотрудничества всех наций - это основа нашей внешней политики.

Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен, Қарулы күштер ардагерлері мен жас әскери қызметшілер де құттықтады.

Ким Серікбаев, ҚР Қарулы күштерінің ардагері 

-Мәңгілік ел боламыз, егер де еліміз, айналамыз тыныш болса. Мына жақын көршілерімізбен жақсы тұрсақ, бүкіл жер жүзіндегі мемлекеттермен жақсы тұрсақ, онда Қазақстанның келешегі болады. Күмән жоқ. Сол 30 мемлекеттің қатарына қосылады деген пікіріміз әрдайым ойымызда.  

Жазира Асанова, ҚР ҚК құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының аға офицері  

-Барша қазақстандықтарды қазақ елінің азаматтарын келе жатқан 9 мамыр Жеңіс күнімен, 7 мамыр Отан қорғаушы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, іргеміз берік, жұртымыз тыныш болсын!

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мен эстрадалық-симфониялық оркестрдің солистері өнер көрсетті. Танымал өнер жұлдыздары да сахнадан табылып, патриоттық әндер шырқады.

Авторлары: Жұрағат Баман, Айдос Меделбеков

5. Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Еуразия кеңістегіндегі қазіргі мәселелер және екіжақты ынтымақтастық. Бұл жайында кеше Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Сондай-ақ елдер басшылары бір-бірін Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

6. Елбасы Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдадыжет

Елбасы экономика мен инвестиция мәселелерін Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен талқылады. Астана мен Варшава арасындағы байланыс мығым. Тараптар өзара ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте беруге мүдделі. Былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сесссиясы алаңында өткен кездесуде поляк басшысы Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-С Польской Народной Республикой у нас всегда были добрые отношения. Мы построили новые отношения в условиях независимости наших стран. Мы относимся с большим уважением к тому, что делается в Польше. Развитие Польской Народной Республики в Европе особо выделяется. И мы хотим иметь самые добрые политические, экономические отношения.

7. Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонмен кездесті

«Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсон да Президенттің қабылдауында болды. Кездесу барысында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және корпорацияның кенішті игеруге қатысу аясын кеңейту туралы айтылды. Елбасы Қазақстан үшін «Шевронның» маңызды серіктес екенін, компания елімізде қызмет жасағалы бері бюджетке 37,7 трлн теңге төлегенін және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту аясында бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқанын айтты. Ал Джон Уотсон: «Қазақстандық өнім үлесін ұлғайту компания қызметінің басым бағыты, қазір оның көлемі 20 миллиард доллар», – деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Во-первых, я должен поблагодарить Вас за работу. Наше сотрудничество с «Шевроном» было взаимовыгодным и для Вас, и для Казахстана. Но сейчас мы переживаем непростые времена. В 2013 году мы отметили 20-летие нашего сотрудничества и все это время сотрудничество было интересным. 

Джон Уотсон, «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры

-Мен қоршаған ортаны қорғау және өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне Сіздің зор көңіл бөлетініңізді білемін. Біздің кәсіпорын – осы көрсеткіштер бойынша әлемдегі үздіктердің бірі. Биыл біз Теңіз кенішінде күрделі жөндеу жүргіземіз, одан кейін күкірт қалдығы қоршаған ортаға таралмайтын болады.

8. Елбасы Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. 

«Ел арасына кең тараған «Әселім-әнім», «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» және басқа танымал әндеріңіз арқылы бірнеше буынның құрметіне бөлендіңіз. Қаламыңыздан туған әдеби туындылар өнердегі қайталанбас тұлғалардың бейнесін сомдап, оларды жас ұрпаққа үлгі етуімен ерекшеленеді. Сіздің айрықша жетістіктеріңіз жоғары марапаттармен атап өтілді» делінген жеделхатта.

9. Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

Ұлттық банк базалық ставканы 17 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетті. Пайыздық мөлшерлеме дәлізі де +/- 2-ден +/- 1-ге дейін қысқартылды. Тиісті шешімнің қабылдануына қаржы нарығындағы қауіп-қатерлердің сейілуі әрі баға нарқының біршама тұрақталуы себеп болған. 

Сарапшылар пайыздық мөлшерлеменің азайтылуын еліміздің ақша-несие саясатындағы оң өзгерістермен де байланыстырады. Негізгі деген екі факторды алға тартады.

Біріншісі – ұлттық валютаның күшеюі. Биылғы ақпан мен наурыз айларында төл ақшамызбен сақталған депозиттер көлемі 777,5 млрд теңгеге артқан. Бұл барлық салымдардың шамамен 5 пайызы. Осы аралықта ел-жұрт қолда бар долларын жаппай сата бастаған. Екіншіден, инфляциялық болжамдар айтарлықтай жақсарып келеді. Жыл соңына дейін оның мөлшері 6-8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы 

-Базалық мөлшерлеменің төмендетілуіне қаржы нарығындағы оң өзгерістер ықпал етті. Бір ғана мысал, 2016 жылдың басынан бері Ұлттық банктің алтын валюталық қоры 1,6 млрд долларға өсті. Базалық мөлшерлеменің төмендетілуінен экономикаға келетін де пайда орасан болады. Әрине, бірден емес. Меніңше, бұл шешіміміз жыл соңына дейін оң нәтижесін бере бастайды.

Отандық экономистер базалық мөлшерлеменің төмендеуінен бірінші кезекте қарапайым халықтың ұтары көп деп отыр. Айтуларынша, Ұлттық банктің бұл шешімінен кейін елдегі екінші деңгейлі банктер өз пайыздық мөлшерлемелерін кемітуге міндетті болады.   

Алданыш Нұрымов, экономика ғылымдарының докторы

-Базалық ставка дегеніміз – бүкіл коммерциялық мақсатта жұмыс істейтін екінші деңгейлі банктер үшін орысша айтқанда ориентир. Ставка түсті ме, бұлар да өздерінің халыққа беретін несиелерінің пайызын төмендетуі керек. Әсіресе нақты секторға, өнім өндіретін өндіріске кредитті көбейтіп, ставкасын да шамаға келтіріп, жағдай жасауы керек.

10. Өндіріс көлемін ұлғайту – табыс кепілі

Расында да, өндіріс көлемін ұлғайту, дайын өнім шығаруға жаппай ден қою – бүгінгі заманның талабы. Шикізатқа иек артудың қазір тиімсіз екенін жадымызға мықтап тұтқанымыз абзал. 

Мұны Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте ескертті. 2014 жылдың соңына дейін баррелі 98 доллардан саудаланған мұнай бағасы биылғы қаңтар-ақпанда 32 долларға дейін құлдырады. Металл құнының индексі 35,5 пайызға төмендеді. Халықаралық валюта қорынының да келешекке жасаған болжамдары көңіл көншітпейді. Әлемдік экономикадағы осы ахуалды ескеріп, біздің ел қандай шараларды қолға алып жатыр? Бұл сауалға экономикалық шолушымыз Бауыржан Бақытбекұлы жауап іздеп көрді. 

Дархан Әбдуахит, жүргізуші 

-Бауыржан, 2016 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы шамамен 35 пайызға азайыпты. Шикізаттың бағасы құлдырағаны тағы бар. Осындай сын сәтте Қазақстан рецессияға жол бермеу үшін не істеп жатыр?

Бауыржан Бақытбекұлы, шолушы

-Дархан, «қамданған қапы қалмайды» деген бар ғой. Біздің ел шикізатқа тәуелділіктен арылу үшін Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын білесіз. Бір емес, бірнеше жылдан бері. Міне осы бағдарламаның пайдасын қазір көріп, сезіне бастадық. Біріншіден, дайын өнім шығаруға бейімделіп келеміз. Екіншіден, жаңа өндірістер бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылуда. Биылғы наурыз айындағы статистика бойынша елімізде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз болды. Үкімет түзген Кешенді жоспар аясында биыл тағы 417 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарда. Олардың 21 950-і  тұрмысы төмен азаматтар. 105 мыңға жуығы  29-ға толмаған жастар. Тағы 9 мыңы мүмкіндігі шектеулі жандар. 

Түйіндей келе, сұрағыңызға жауап берсем, Қазақстан дамуын бәсеңдетпеу үшін әдеттегі әдісіне салып жатыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы дағдарысқа төтеп бермек.  

Дархан Әбдуахит, жүргізуші 

-Түсінікті. Жалпы өзіңіз айтқан жаһандық дағдарыстың салқыны әдетте құрылыс саласының дамуын тежеп жатады. Мұны тәжірибе көрсетті. Қазір осы саланың қарқынын бәсеңдетпеу үшін қандай шаралар жүзеге асып жатқанын айта аласыз ба? Тұрғын үй құрылысына арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында қандайда бір кедергілердің болуы мүмкін бе?

Бауыржан Бақытбекұлы, шолушы

-Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында осы тұрғын-үй құрылысын жүргізудің әдіс-тәсілдері жетілдірілетін болады. Елбасының тапсырмасы бойынша, жаңа жоспар биылғы маусым айына дейін түзілуі тиіс. Жалпы саланың аяқ алысы қазір жақсы деуге болады. Бұған ресми статистика дәлел. Биылғы қаңтар-ақпан айларында барлығы 1,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Оның «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынғаны 421 мың шаршы метрі  баспана. Бұл – 7129 пәтер. Үкімет тұрғын үй құрылысының бұл қарқынын бәсеңдетпейміз деп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде биыл баспана салуға қазынадан 360 млрд теңге бөлінеді. 

Дархан Әбдуахит, жүргізуші 

-Соңғы сұрағым бар. Сөзіміздің басында да айттық. Қазір өңдеу өнеркәсібін өркендетуге бет бұрып жатырмыз ғой. Осы тұста шағын және орта кәсіптің аяқ алысын білгім келеді. Былтыр қателеспесем, салаға Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының қайтарымы қалай? 

Бауыржан Бақытбекұлы, шолушы

-Иә, Дархан. Былтыр іскер азаматтарды қолдау ретінде Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінген. Биылға да соншама қаражат қарастырылған. Өзіңіз білетіндей, бұл жұмыстардың басты үйлестірушісі  «Даму» қоры. 2010 жылдан бері қор 20 мыңнан астам кәсіп иесін қаржыландырған. Жобалардың жалпы құны  шамамен 2,3 трлн теңге. Бұл қомақты қаражат. Және әлбетте оның қайтарымы бар. Біріншіден, мемлекеттің көмегін алған өндіріс ошақтары салық төлеп, бюджетті толтырады. Мысал келтірейін. 2014 жылдың өзінде бір ғана «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушылары мемлекетке 100 млрд теңгеден астам салық төлеген. Бұл ақшаға мәселен, екі ірі зауыт салуға болады. Мыңнан астам адам екі қолға бір күрек табады. Екіншіден, кәсіпкерлер жаңа кәсіпорындар ашады немесе өндірістерін кеңейтеді. Сәйкесінше, қолданыстағы жұмыс орындары сақталды. Яки жаңа жұмыс орындары пайда болады. Үшіншіден, бұл кәсіпорындар мыңдаған жаңа тауар түрлерін шығара бастады. Бизнестің жол картасы қолға алынғалы отандық кәсіпкерлер құны 5 трлн теңгеден асатын дайын өнім өндірген. Сөз соңында айтарым, іскер азаматтарға жеңілдетілген несие ретінде беріліп жатқан бұл қаражат халықтың, яғни сіз бен біздің ақшамыз. Олардың мақсатты жұмсалуын мемлекет жіті бақылап отыр. Сондықтан бұл қаражаттың қайтарымды болатынына шек келтірмеуіміз керек.

11. Ұлы Отан соғысы: Беймәлім деректер

2,6 миллиард теңге. Ардагерлерге бір реттік материалдық көмек көрсету үшін биыл жергілікті бюджеттерде осынша қаржы қарастырылған. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері бірінші кезекте шипажайға жіберіліп, тиісті жабдықтармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жайында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабар таратты.

Сол бір сұрапыл жылдары қан майданға 1 миллион 200 мың Қазақстан азаматы аттанды, олардың жартысынан көбі елге оралған жоқ. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ жауынгерлері ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Барлығы бес жүзге жуық қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Отан үшін отқа түсіп, жанын пида қылған боздақтарды еске алып, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы. 

Өткен жылы елімізде 5 мыңнан астам қарт майдангер бар болатын. Биыл олардың 3 жарым мыңға қысқарыпты. 

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер өмірден өтсе де, олардың аты, қағазға жазылған хаты ешқашан өшпейді. Ардагерлердің артында қалған асыл мұраны сақтау әркімнің парызы десек, сол маңызды міндетті атқарып отырған Ұлттық мұрағат қызметкерлерінің еңбегі зор. Қазіргі күні мұнда 100-ден аса хат пен құнды құжат бар. Олардың кейбірін ақсақалдар әкелсе, енді бірін туыстары тапсырған. 

Майра Есмұханова, ҚР Ұлттық мұрағатындағы қорлардың бас сақтаушысы 

-2010 жылы Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай Ұлттық мұрағатта көрме ұйымдастырғанда бірнеше соғыс ардагерлері ұйымдарынан, яғни жеке-жеке адамдардан құжат түсті. Соның бірі Амантай Усин өзінің атасы Усин Сейілбек атаның құжаттарын тапсырды. Ол кісі күні бүгінге дейін арамызда бар. 

Сейілбек Усин атаның құжаттарына үңілдік. Суреті, өмірбаяны және 2004 жылы Украина Президентінің қолынан алған куәлігі бар екен. Қарияның өзі Астанада тұрады. Қарт майдангер өткен күннің қиын шақтарын еске алды. Ол 1939 жылы әскер қатарына алынған. Екі жыл парызын өтеп, «Ауылымызға қайтамыз» деп қуанып жатқанда, «Соғыс басталды» деген суық хабар жеткен. Осылайша ол да қанды қырғынға аттанады. 

Сейілбек сарбаз 1942 жылы генерал Рыбалко бастаған 3-і гвардияның танк армиясында байланысшы болады. Түрлі қиян-кескі ұрыстарда ерлік көрсетіп, жаудың бетін қайтаруға күш салады. 1945 жылдың 8 мамырында оларға тұтқынға түсіп, немістердің қатарына өткен Власов әскері барын салып қарсылық көрсетеді. 

Сейілбек Усин, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Соларға айтатын көрінеді, сендерді «изменники Родины» большевиктер деп атып өлтіреді. Одан да күресіңдер, атыңдар деп. Солай бағындырып, біразын алып келді. 500-дей 1000-дай адамды колоннамен, мылтықпен, біздің солдаттар итпен алып келді. 

Сейілбек ақсақал: «Қазақтар соғыста қайсарлық танытты», – дейді. Оның қандыкөйлек жолдасы Ахат Бекмәдиұлы Сталинград пен Мәскеуді жаудан азат етуде ерлік көрсеткен. Жастық жігермен ол үнемі шепті алға жетелеп, жаудың қорғанын бұзып отырған. 

Ахат Бекмәдиұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Атакаға шыққанда, бірінші болып мен «За Родину!» деп, менен кейін солдаттар көтерілді. Содан біз немістің қорғанын бұздық. Сол шабуылдан басталды. Содан мен Белоруссияға жетпей жараландым, екінші рет аяқтан. 

Ал шымкенттік Сағымбек Сойлыбаевтың үш ағасы фашистердің қолынан қаза тауып, ұрыс даласында қалған соң, өш алмақшы болып өзіне серт беріпті. Сол үшін комсомолға мүшелікке өтеді де, жасын екі жылға «үлкейтіп» көрсетіп, 16-дағы жігіт майданға өзі сұранып кетеді. Ол 1944 жылы шегініп бара жатқан жаудың етегін басып, Белоруссия жерінде ұрысқа араласады. 

Сағымбек Сойлыбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Столбаны құшақтап жылаған майорды көрдім ғой. Сөйтсем, сол жерде 1941 жылы немістер басып кірген екен де. Қаншама солдаттың өлігі қалды ғой. Сол есіне түсіпті де.

Тілеу Көлбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

-5 мың қыз-келіншектер майданға аттанды. Оның ішінде 2572 қазақтың қыз-келіншектері майданға аттанды. 

Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановалардың ерлігі әмбеге аян. Бұрымды батыр қыздың бірі – Шағила Құсанова. Ол 1941 жылы өзі сұранып майданға барады. 

Шағила Құсанова, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Бомба деген атқылап жатады, мен аман-есен отырамын. Менің қасымда мына арада отырған орыс қызы тура мынандай жерде осколка тиіп өтіп кетті дүниеден. Сондай жағдайлар өте көп. 

Майдандағылардың жауды тұқыртып тастауына тыл жұмысының тигізген пайдасы мол. Өйткені сарбаздардың киім-кешек, ас-ауқаттары ауылдағы ағайынның күшімен жіберіліп отырды. Сол кезді еске алған Нәзтай Ағыбаева: «Өзіміз киерге де, ішерге де жарымасақ та, жатпай жұмыс істеп, соғыстағыларды ойладық», – дейді. 

Нәзтай Ағыбаева, тыл ардагері 

-Мен 20-дан асқаннан кейін соғыс басталды ғой. Содан жұмыс істей бердік қой. Қылша істейміз жаңағы, бидай орамыз қол орақпен. Бидайды оратын комбайн жоқ, қол орақпен орамыз. Қылшаны кетпенмен шауып істейміз. Сондай қорлықпен еңбек еткенбіз, балам. 

Қанша қорлық көрсе де қазақтар қиындыққа төзді. Үміттің нәзік қылын үзбеді. «Соғыс бітсе өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп келеді», -деп сенді. Сенім мен жігердің арқасында аттай 1 418 күн күркіреп өтті. Бірлік пен батылдық бірігіп Жеңіс күнін тойлатты. Сол уақыттың өткеніне де 71 жыл толды. Сынаптай сусыған уақыт сол сұрапыл жылдарды қанша көмескілеуге тырысса да, келер ұрпақ көкейінде ол мәңгі қатталады, ер-есімі ел есінде жатталады!!!

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Аманжол Байғазин, Шынар Қабылова

12. Ерлігі елге аңыз болған панфиловшылар

Қазақ даласы ержүрек жауынгерлерден кенде емес. Олар Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен күресті. Сұрапыл күндердің тауқыметін тартып, Отан қорғау жолында аянбай қызмет еткен соғыс және тыл ардагерлерінің ерлігі халқымыздың шын болмысын танытты.

Баһадүрлер салған даңқты жолды бүгінгі бейбіт күннің ұландары жалғады. «Батырлар жолы» жобасы бойынша Мәскеу аймағындағы Волоколамск қаласына екі апталық экспедиция ұйымдастырылды. 316-атқыштар дивизиясының сарбаздары осы маңда 1941 жылы Мәскеу үшін шайқасқанын білеміз. Экспедиция мүшелері біраз жылдардан бері жауынгерлердің сүйегін іздеумен айналысып келеді. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Волоколамск әскери зиратына ескерткіш белгі орнатылды. 

Оқтар борап, отқа оранған, қанға бөгіп, адам өлімінен күңіренген ұрыс даласы. Сұрапыл кездің сұмдығын татқан шайқас алаңдары сол зұлматты әлі ұмытпағандай сұрланып жатыр. Волоколамскіге арнайы келген біз «Майдан жолы» жасағының мүшелерімен жолықтық. Олардың мақсаты – көмусіз қалған жауынгерлердің сүйегін іздеп тауып, батырға лайық құрметпен жер қойнауына тапсыру. 

Индира Жылқайдарова, тілші

-Міне мынадай металл іздегіш құралдың көмегімен жасақ мүшелері бірнеше шақырым жерді тінтіп шығады. Дәл қазір Мәскеу түбіндегі Петилино, Нелидово, Никольское ауылдарынан алыс емес жерде 316-атқыштар дивизиясының 1075-полкі кескілесе шайқасқан алаңда жүрміз. Бұл құрылғы тек 1,5 метр тереңдікте жатқан заттарды ғана таба алады. Бұл жолы да ірілі-ұсақты бірталай дүние табылды. 

Іздеу жасағы биыл жауынгерлердің сүйегін тапқан жоқ, қызыл әскер солдаттарына тиесілі әскери темір қалпақ қазып алыпты. Ал Мосин атындағы мылтықтың ағаш сабы шіріп кеткенімен, темірі қалыпты.

Саят Құсайынов, «Майдан жолы» іздеу жасағының мүшесі

-Міне осы жерден металл іздеушімен өттік, жақсы сигнал берді, мылтық табылды, Мосин атындағы. Мылтық дайын, оқ істеуге, өйткені мына затвор осылай болу керек, бірінші рет атты, екінші патронды салу үшін осылай істеу керек, салған жоқ, мүмкін жауынгер қаза тапты, жарақат алды ма, сондықтан осы жерді қазамыз, мүмкін хабарсыз кеткен жауынгерлер табылады.

Жауынгердің қаруы жатқан жерден 62 оқ салынған сауыт та қазып алынған. 200 метр жерді күл-талқан қылатын жарылғыш граната табылғанда, саперлер залалсыздандырып қойыпты. «Батырлар жолымен» жобасы аясында іздеу жүргізген жасақ мүшелері – негізінен Павлодар аллюминий және Қазақстан электролиз зауыттарының металлургтары. «Елінің, жерінің патриоты болмаса, апталап айдалада қонып жүрмес едік», – дейді жасақ басшысы.

Александр Шитов, «Майдан жолы» іздеу-патриоттық жасағының командирі

-Мы отдаем дань памяти. Мы делаем свою работу, стараемся, не на словах, а на деле.

Мәскеу түбінде 2,5 мың қазақстандық көз жұмса, солардың басым бөлігі осы алаңдарда көмусіз қалған деген тарихи дерек бар. Волоколамск маңындағы қанды қырғын болған Дубосеково ауылына да жолымыз түсті. Мәскеуді қолдан бермеген 28 панфиловшының ұрыс алаңын көрдік.

Индира Жылқайдарова, тілші

-Мынадай блиндажда санитар дәрігерлер жараланған жауынгерлерге медициналық қызмет көрсетіп, командирлер жоспар құрып, айла амал ойластырған. Әрине, блиндаждар мынадай жертөленің түбінде орналасқаны мәлім. Оның тереңдігі 1 жарым метрден кем болмаған. Қазір соғыс аяқталғалы 70 жылдан астам уақыт өтті, көріп тұрғандарыңыздай қазіргі биіктігі 1 метрден аспайды.

Қазір бұл жертасаларда бейбіт күннің балғындары алаңсыз ойнап жүр. Ал 75 жыл бұрын. Тарихи деректерде 316-атқыштар дивизиясына қарсы жаудың елуден астам танкі бет алған. Төрт сағат бойы жалғасқан ұрыста батырлар табандылықпен тойтарыс берген.

Индира Жылқайдарова, тілші

-28 панфиловшының ерлігін еске алған тұста өліспей беріспеу деген сөзді терең түсінетіндейміз. Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран. Қиян-кескі ұрыста қаза тапқан 28 жауынгердің төңірегінде талай дақпырт, қауесет тарағаны мәлім. Ал бірақ мынау биіктігі 10 метр алып 6 панфиловшының ескерткіші бүкіл халықтың олардың ерлігіне деген сенімін айғақтай түсетіндей.

«Шегінерге жол жоқ» деп Мәскеудің қамалын неміске бермеген жауынгелердің барлығы Кеңес Одағының батыры атанды. Олар Волоколамскіде жерленген. Есімдері қашалып жазылған ескерткіш басы гүлден арылмайды. Әскери даңқ қаласы Волоколамскінің тұрғындары 28 панфиловшының ерлігін есінен шығарған емес. Мұражайда полк командирі Бауыржан Момышұлының қан майданда киген киімдері мен жауға кезенген қаруына дейін сақталыпты.  

Лариса Музыкант, «Панфиловшы батырлар» мұражайының экскурсия жүргізуші

-Бауыржан Момышұлы адал адам болған деседі, сарбаздарын жанкештілікке үйреткен, қаталдығы жайлы оқыған боларсыздар.

Айтуы дұрыс, бейнесінің өзі сесті де сұсты батырдың сұңғыла психологиялық техникасы, жетік стратегиясы, әскери тактикасы Куба, Венгрия, Израильде оқытылып келеді. Табандылықпен жауға төтеп берген 28 батырдың рухына арнап, Қазақстан тарабы ескерткіш белгі орнатты. Қара мәрмардан жасалған оған «Мәңгілік тағзым» сөздері қашалып жазылған.

Волоколамскіде 316-атқыштар дивизиясы құрамында жауға қасқайып қарсы тұрып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етілді. 28 панфиловшыға қатысты түрлі қауесетті жергілікті халық құп көрмейді. 

Эльмира Хаймурзина, Мәскеу облыстық үкіметі төрағасының орынбасары

-Күмәнданбау керек, білесіздер ме, олардың ел үшін, жер үшін күрескені белгілі. Ұлтқа да, дінге де бөлінбеді, соғыста жаумен күресіп жүріп жан берді. Оларға қатысты қауесет тарату – тіпті ұят. 

Бекзия Ысқақова, «Қазақстан алюминиі» АҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті

-Әр қазақстандықтың семьясында соғысқа қатысқан ағаларымыз, апаларымыз бар. Ресейде, Украинада қалып қойған қанша азаматтар бар. Әр жерде біздің батырларға ескерткіштер қойылып жатыр. 

Бабасының рухына тағзым еткен ұрпағы әскери зираттан орын алған жаңа ескерткіш түбіне қазақ жерінің бір уыс топырағын көмді. Мың тағзым, мәңгілік тағзым. Қазақстандықтардың ісіне разы болған Волоколамск тұрғындарының бірі Зоя Сапожникова соғыс басталғанда 7 жаста болыпты.

Зоя Сапожникова, Волоколамск тұрғыны

-Наших сколько пленных, очень много их вели, а тогда дороги были плохие, по морозу в одних нижнем белье, молодые, старые, жалко было, эти соседи видели тоже, давай картошки им кидать, давай картошки кидать им, голодные были.

Көзіне жас алған Зоя әжей бауырластар зиратына тағы бір ескерткіш орнағанына риясыз қуанып отырғанын жасырмады. Батырлар жолымен жүрген ұрпағы жылдар өтсе де, олардың ерлігін жадынан шығармайды әсте.

Б.Момышұлының өз дауысы 

-Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ! Ел дегенде, еңіреген ерлеріміздің қан майданда құрбан болғандары аз емес, қол-аяғын беріп, мүгедек болып қайтқан ерлеріміз де аз емес. Ұлы Отан, Туған елім, Туған жерім, Ұлы Отан соғысының жалынына шарпылмаған біздің елде бірде-бір семья жоқ. 

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Жұмағали Біргебаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.