Хабар телеарнасы

Жеті күн 28.05.2016

Сюжеттер
1 Елбасы Н.Назарбаев Халықаралық валюта қорының басқарушысы К.Лагардпен кездесті 2 Осы аптада Астана экономикалық форумы өтті 3 Президент Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
4 Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті 5 Осы аптада Елбасы тағы бірқатар маңызды кездесу өткізді 6 ХВҚ жетекшісі Кристин Лагард ханым қазақстандық студенттермен кездесіп, Назарбаев Университетінде дәріс оқыды
7 Астана экономикалық форумында бірнеше маңызды мәселелер талқыланды 8 Ел ішіне іріткі салуды көздегендердің заңсыз әрекеттері әшкере болды 9 Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
   
10 Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға иек артты    

1 Елбасы Н.Назарбаев Халықаралық валюта қорының басқарушысы К.Лагардпен кездесті

Әлемдік экономиканы өрге сүйреудің төрт жолы бар. Қазақстан Президенті айтқан жаһандық бастамалардың алғашқысы – ең кедей елдердегі білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын жақсарту. Ол үшін Біріккен Ұлттар ұйымының қолдауымен Адами капиталды дамыту қорын құру ұсынылды. Мәселен, «қалтасы таяз» мемлекеттердегі оқу жүйесін оңалту үшін жыл сайын 50 миллиард доллар керек. 

Екіншіден, оффшордағы активтерге салық салынса, оның белгілі бір бөлігі әлгі Адами капиталды дамыту қорына аударылып отырса, білім мен денсаулық сақтау саласының қажеттілігін әбден өтеуге болады. Кейбір мәліметтер бойынша, қазір  мұндай есепшоттарда 40 триллион доллар сақталған. Нұрсұлтан Назарбаев қаражат оффшорлық аймақтарда қалып қоймай, өндірістерді өркендетуге, инфрақұрылымдарды тартуға, әлеуметтік салаларға серпін беруге жұмсалуы тиіс екенін меңзеді. Осы орайда ғалам экономикасын оффшорсыздандыру маңызды. Бұл Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкке құлаққағыс. Бұдан бөлек, әр ел құрылымдық реформаларға көшу керек. Елбасы сондай-ақ қоршаған орта мәселелеріне де арнайы тоқталды. 

Қазіргі кезеңді Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлдебір жолайрықта тұрмыз», – деп сипаттады. Дамудың қай даңғылына түсетініміз көбіне-көп жаһан жұртының үйлесімді іс-әрекетіне байланысты болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Глобализация стала естественной и необратимой. Кризис с беженцами в Европейском союзе наглядно показал, что в современном мире нельзя обеспечить благополучие страны, когда вокруг тебя нестабильность, войны и разруха. Я считаю, что нам необходимо выбрать другой путь – «инклюзивную глобализацию», где экономический рост будет эффективно трансформироваться в развитие каждой страны и повышение благосостояния населения. Только такой рост мировой экономики будет являться устойчивым, и к нему мы должны стремиться. 

Астана экономикалық форумында айтылған мәселелерге әлі де ораламыз. Алқалы жиын қарсаңында Президент Ақордада бірқатар кездесу өткізді. Әлемге әйгілі саясаткерлер, экономистер және ғалымдармен Қазақстандағы жағдай мен шаралар туралы кеңесті. 

Мәселен, Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард біздің елдің экономиканы, индустрияны және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі реформаларын қуаттайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қордың өңірлік конференциясын Астана экономикалық форумы қарсаңында өткізуін Қазақстан үшін үлкен қолдау деп бағалады. Әрі еліміз өзара серіктестікті тереңдетуге күш салатынын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Ваше решение провести региональную конференция МВФ в нашей столице на кануне нашего экономического форума, очень важная поддержка. Ежегодно проводим этот форум, что бы говорить о наших региональных проблемах в этой части Азии. Как и в мировой экономике, в Казахстанская экономика переживает не простые времена. Не смотря на это, мы не допустили пока снижение роста экономики. Мы имеем положительную динамику. Надеюсь сохраним в этом году. Активно работаем по созданию экономики независящих от сырьевых и обрабатывающая промышленность нам помогает. 

Кристин Лагард, Халықаралық Валюта Қорының басқарушы директоры 

-Халықаралық Валюта Қоры экономикалық, индустриялық және инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформаларды қолдайды. Қормен арадағы серіктестіктің жолға қойылғаны үшін алғыс айтамын. Осы серіктестік аясында Қазақстанға техникалық сипаттағы қолдау көрсету жалғасып келеді. 

Бағыт айырып, бағдар анықтау үшін келешекке қатысты кесімді болжамдар қажет. Онсыз ілгері басу қиынның-қиыны. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесуінде айтқан сөзі. Жаһан экономикасындағы құбылмалы жағдайды тілге тиек еткен Президент: «Қазір дамудың кілті сәтті түзілген реформаларда», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мировая экономика показывает волатильность - не чувствуем и не слышим какого-то экспертного мнения: куда мы движемся, что нас ждет? Естественно, все это влияет на Казахстан. В Европе идут непростые процессы, в России, в Китае.  Поэтому есть о чем нам поговорить. Но мы несмотря ни на что продолжаем осуществлять реформы. 

Александр Квасьневский, Польшаның бұрынғы президенті 

-Как вы сказали живем в интересные времена. Может быть они могли бы быть не так интересны. Но все-таки прожить это как-то надо. Европа находится в сложном состоянии, потому что раньше экономический кризис был связан с Грецией и Южной Европой, потом пришла большая проблема беженцев. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті жанындағы Халықаралық консультативтік кеңес 2010 жылы құрылған болатын. Оған есімі әлемге әйгілі саясаткерлер мүше. Тізімде, Италияның бұрынғы Премьер-министрі Романо Проди, Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Австрияның бұрынғы канцлері Альфред Гузенбауэр және Израильдің экс-премьері Эхуд Барак бар. 

Альфред Гузенбауэр, Австрияның бұрынғы канцлері 

-Биліктің қолға алған шаралары  жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға қауқарлы. Тіпті, Қазақстанды дамыған мемлекеттердің қатарына қосуға мүмкіндік береді деп есептеймін. Реформалар сәтті орындалса,  2030 жылға қарай индустриялды ел атанасыздар. 

Эхуд Барак, Израильдің бұрынғы Премьер-министрі 

-Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойып жатқаны қуантады. Азық-түлік өндірісін өркендетуге барлық мүмкіндік бар. Географиялық орналасуларыңыз да Қытай сынды алпауыт нарыққа шығуға ыңғайлы. 

Романо Проди, Италияның бұрынғы Премьер-министрі 

-ЕуроОдақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың ынтымақтастығын тереңдету маңызды. Алыс-берісті арттыру қос тарап үшін де тиімді. Қазақстан бұны жақсы түсінеді. 

Александр Квасьневский, Польшаның бұрынғы президенті 

-Қазақстанның тұрақты дамуы  көпке үлгі. Әлеуметтік мәселелерді шешуге, адами капиталды дамытуға, шағын және орта кәсіпті қолдауға бағытталған реформалар сәтті түзілген. Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен нәтижелі кездесу өткіздік. 

Сонымен биылғы Астана экономикалық форумына да алыстан ағылған меймандар көп болды. Сан түрлі пікір, ұсыныстар айтылды. Қазақтың кіндік қаласы нағыз «ақылдасу алаңына» арналғанын тағы аңғардық. 

2 Осы аптада Астана экономикалық форумы өтті

Жаңа экономикалық шынайылық. Биылғы форумға тағылған айдар осы.Экономикалық, қаржылық қиындықтар көп, енді оны еңсерудің жолын табу керек. Іргелі ұйымдарының басшылары, әлемге әйгілі экономистер мен Нобель сыйлығының иегерлері сол үшін бас қосты. Сарапшыларды әлемдік экономиканың бүгіні мен келешегі толғандырып отыр. Бұған Қазақстан Президентінің өз қөзқарасы бар. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, жаһан жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр. Әлемдік экономиканың дамуы баяулауда. Шикізат бағасының төмендеуі тұрақтылыққа тосқауыл болып тұр. Өз кезегінде, қазақ елі тұтас әлемнің өркендеуін қамтамасыз ететін жолды таңдауға шақыруда. Кемел келешектің кілті әртараптандыру, инновациялар мен білім экономикасында. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сегодня мир охватил процесс глубоких технологических преобразований, который, по мнению экспертов, ведёт к четвертой промышленной революции. Коренным образом меняется сама основа экономического развития. Мы окончательно переходим от «экономики ресурсов» к «экономике знаний и инноваций». Вместе с тем, в большинстве развивающихся стран не сформировался внутренний потенциал для роста. И это, на мой взгляд, фундаментальная проблема, подрывающая долгосрочную устойчивость глобальной экономики. 

Жаһанның дамуы күллі әлемдік қауымдастыққа байланысты. Бүгінде жекелеген банктер мен үкіметтердің экономикаға жан бітіруіне мүмкіндігі жетпей отыр. Кейбір елдер жабық экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жеке дара сауда альянстарының құрылуы, санкциялар мен сауда-саттыққа тосқауылдар түбі жақсылыққа әкелмейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сегодня мы стоим на пороге создания Азиатско-Тихоокеанского блока с Соединенными Штатами, мы слышим все разговоры о готовящихся переговорах и договоренностях Европа-Америка. В Центральной Азии и Евразийском пространстве мы создаем ШОС, на встрече в июне, возможно, будет стоять вопрос о приеме в Организацию Индии и Пакистана, а возможно и Ирана. 3 миллиарда человек окажутся в ШОС. Создаются три торговых блока. Как будет работать ВТО? На мой взгляд – это тупиковый путь, который в долгосрочном плане навредит всем странам, а в радикальной фазе приведет к нарастанию конфронтации во всем мире. 

Елбасы жаһандық деңгейде дамушы және кедей елдердің өрлеуіне күш салу керектігін айтты. Маңызды бастамалардың бірсыпырасын ортаға тастады. Табиғи ресурстардың таусылары хақ, оның бағасы да тұрақсыз. «Әуелі дамушы және кедей мемлекеттерде қаражатты адам капиталын дамытуға жұмсау керек», – деді Мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Никакая страна не сможет развиваться, если в ней нет грамотных, образованных, здоровых и предприимчивых людей. Для решения этой проблемы предлагаю: под эгидой ООН сформировать Фонд развития человеческого капитала. Главной задачей этого фонда должно стать улучшение качества образования и здравоохранения в беднейших странах. По данным UNESCO порядка 50 млрд. долларов в год требуется только для того, чтобы  обеспечить всеобщее базовое образование в беднейших странах. 

Кедей мемлекеттерге қол үшін созу үшін қаржы керек. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев оффшордағы активтерге салық салуды ұсынды. Шетелдік шоттарда триллиондар жатыр. Президент игілікке жарайтын ақшаның көлеңкелі экономикада тұралап қалмауын меңзеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сегодня по оценке мировых экспертов, на офшорных счетах хранится 30-40 триллионов долларов. Введение хотя бы 1-процентного глобального налога на эти активы позволило бы вывести образование и здравоохранение в развивающихся странах на новый уровень. Средства от этого налога можно был направить в вышеупомянутый фонд развития человеческого капитала. Считаю, что МВФ, Всемирный банк могли бы предложить эффективные меры по деоффшоризации глобальной экономики. 

Тағы бір маңызды мәселе. Табысқа кенелгісі келген кейбір елдер қоршаған ортаны қорғаумен бермей жатады. Бұл орайда Президент «Париж келісімі» негізінде жасыл экономиканы дамыту және табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану жөнінде жол картасын әзірлеуді ұсынды. Су мәселелері мен биоортаны сақтау да осында қамтылуы тиіс. Төртіншіден, әр мемлекет ұлттық деңгейде ауқымды құрылымдық реформалар жүргізуі керек. 

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкі президенті 

-Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды. Сіздер нық сеніммен алға қадам басып келесіздер. Қазақстан өнімділік пен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруы қажет. Әрине, құрылымдық реформалар жүргізу кезінде осы серпінді сақтап қалу маңызды. Біздің тарапымыздан инвестициялау жалғасады. 

Бұл 9-шы жиын. Бара-бара беделі де, әңгіменің өзегі де артып келеді. 

Осы жолы Қытайдың ең дәулетті бизнесмені Астанаға ат басын бұрды. Bloomberg мәліметтері бойынша, Джек Маның капиталы 33 млрд долларды құрайды. Миллиардер «Ұлы дала» еліне тәнті болғанын жасыра алмады. 

Джек Ма, ALIBABA GROUP компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы 

-Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Бұған дейін ұшақпен көктен көз жүгірткенмін. Бірақ мұндағы ерекше энергетика мені тәнті етті. Байқағаным Қазақстанда еуропалықтар да, азия елдерінің өкілдері де өздерін жақсы сезінеді. Яғни жан-жақты даму үшін қолайлы жағдай жасалған. Жастардың болашаққа деген жалынды көзқарасы мен сенімділігі, қазіргі ахуалға етене араласуы мені қатты қуантты. 

Қазақ еліне тәнті болған тағы бір адам – БҰҰ бас хатшысының арнайы кеңесшісі Джеффри Сакс. 

Джеффри Сакс, Колумбия университеті Жер институтының директоры 

-Менің ең сүйікті философым – Аристотель. Өзімді оның ізбасары санаймын. Ал Аристотельді көне дәуірден біздің заманға жеткізген, аударған ұлы тұлға әл-Фараби екенін білеміз. Аристотельді күллі әлемге оқуға мүмкіндік берген әл-Фараби сияқты данышпандарыңыз көбірек керек. Бізге Сіздің көшбасшылығыңыз, көрегендігіңіз бен данышпандығыңыз өте қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев форум қонақтарына Қазақстанның 25 жылда жеткен толғай табыстарын айтып берді. Ертеңге деген жоспар да мықты. Президент форум қатысушыларының сұрағына жауап беріп, келешекке көз жүгіртті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Думаю, что через пару десятков лет Казахстан станет более процветающим государством, в 2050 году войдет в число 30-ти развитых государств мира - ОЭСР. И в этой стране будут жить люди, которые довольны своей жизнью. Казахстан предоставит лучшие условия для своих граждан и тех, кто будет к нам приезжать. Это будут люди образованные, они будут детьми планеты, владеть необходимыми языками. И наша страна будет страной, живущей на основе достижений научно-технического прогресса, то есть инноваций. 

Хэмиш Макрей, THE INDEPENDENT бас экономикалық шолушысы 

-Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан туралы нақты мәлімет берді. Тек өткен 25 жылдағы жетістіктер ғана емес, болашаққа құрылған бағдарларды да біле алдық. Бұдан бөлек, форумның өзінде маңызды жаһандық ұсыныстар айтылды. Экономикалық мәселелерге бей-жай қарамай, үнемі ақпаратты қадағалап жүретін әрбір адам өзін толғандырған сауалдарға жауап алды деп ойлаймын. 

Доминик Меню, BNP Рaribas Орталық Азия жөніндегі бас кеңесші 

-Мұндай басқосулар керек. Өйткені түрлі идеялар айтылады. Мен де өзіме көп дүниені көкейіме түйіп алдым. 

Біздің ел жаһандық үдерістерге белсенді араласып жүр. Ірі-ірі экономикалық, саяси кеңестердің басы-қасында. Астана экономикалық форумы – солардың бірегейі. Әлемнің 80 елінен келген 5 мыңнан астам делегат Қазақстан бастамаларының салмақты және жан-жақты екенін аңғарса керек. Ең бастысы республика экономикалық қиындықтарды да еңсере алатын әлеуеті бар екенін білдірді. Бұған бес құрлықтың белсендісі көз жеткізіп қайтты.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым

3 Президент Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Алып державалар арасындағы қырбайлық, біріне-бірі қырын қарау әлем экономикасына салқынын тигізіп отыр. Бұған босқындар мәселесін, жиілеп кеткен террорлық актілерді қосыңыз. Жаһан дамуын баяулатқан осы және өзге де проблемаларды Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығы лауреаттары және халықаралық ұйым жетекшілерімен кездесуінде талқылады. Президент ақпараттық теңсіздіктің артуы да алаңдаушылық тудыратынын айтты. «Дүниенің бір бұрышында сандық нейрохирургияны қалыптастырудың қамы жасалып жатқанда, келесі бір елдер компьютердің игілігін көре алмай отыр. Бұл тенденцияны тежеу керек», – деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Глобальная экономика испытывает давление геополитический факторов играющих огромную негативную роль на состояние всей экономики. Сюда можно причислить военные действия, потоки беженцев на среднем, ближнем востоке что творится мы знаем. Террористические акты, еще есть санкции Россия и Запад и все остальное. Весь букет проблем сомкнулся в одном месте. Но новая экономическая реальность, с этими вызовами надо пологать открывает окно возможностей. Кто воспользуется этой возможностью тот наверное и выиграет. 

Елбасының бұл пікірін мәртебелі меймандар да қуаттады. Шикізатқа иек артудың заманы өтті. «Қазір жаңа технология, жасыл экономика һәм индустрияға мән берудің маңызы зор», – дейді олар. Осы бағытқа бет бұрған Қазақстан бастамаларына қатысты ойларын айтқандары да бар. 

Артур Лаффер, Ұлыбритания бұрынғы Премьер-министрі М.Тэтчердің кеңесшісі 

-Қазақстанда салық жүйесі өте тиімді жұмыс істейді. Еркін сауда жүргізіп, кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасалған. Бұл өте маңызды. Мемлекеттік реформалардың дені уақытында қолға алынған. Бұл ретте «Жекешелендіру саясатын» ерекше атауға болады. 

Дарон Аджемоглу, Массачусетс Технология институтының профессоры 

-Мен сіздердің Бес институцияналдық реформаларыңызды терең зерттедім. Жүйелі жазылған құжат. Мемлекет пен жеке сектордың әріптестігін нығайту, шағын және орта кәсіпті қолдау, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру міндеттері өте орынды. Әсіресе әлемдік экономикада қалыптасқан күрделі жағдай кезінде. Қазақстанның бұл бағдарламасы көпке үлгі деп есептеймін.

Қолға алған реформалардың бір парасы Қазақстанды өңірдегі қаржылық хабқа айналдыруды көздейді. «Астана» халықаралық орталығы – сөзімізге дәлел. Мекеме – «ЭКСПО-2017» шарасы өтетін аймақта құрылып жатыр. Сәтін салса, көрме аяқталғаннан кейін жұмысын бастайды. Астана экономикалық форумы аясында Президент осы орталықты басқару жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесіп, мекеме алдында тұрған міндетті айқындап берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Создание этого центра это часть структурных реформ которые проводятся в нашей стране. Это направлено на диверсификацию экономики. В это сложное турбулентное время для всей мировой экономики и поворота инновационным делам во всех производственных вопросах. Если мы сумеем создать и заинтересовать наш регион и этот центр станет центром обслуживания пояса Великого Шелкового пути который проходит от Тихого океана через Казахстан, Каспии, Россию в Европы прихватит эту нишу которая сейчас есть и начнет постепенно развиваться, и нас будет Казахстан подтягивать что бы быть достойным, вот это очень важно. 

Орталық шетелдік инвестицияларды тарту арқылы, ұлттық экономиканың өсіміне тірек болуы тиіс. Осы мақсатта капитал нарығын қалыптастыру, активтерді басқару, қалталы азаматтардың әл-ауқатына бас-көз болу және исламдық қаржыландыру секілді қызметтер көрсетілетін болады. Жыл соңына қарай мекеме басшылығы орталықтың мүмкіндіктерін шетелдік инвесторларға насихаттауды көздеп отыр. 

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы 

-Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржалық инфрақұрылымын қалыптастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Лондон қор биржасымен және металдар биржасымен, НАСДАК, Чикаго тауар биржасымен, сондай-ақ Нью-Йорк қор биржаларымен келіссөздер ұйымдастырылды. 

Орталық ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін болады. Инвесторларға сапалы қызмет көрсету мақсатында Дубай, Нью-Йорк, Лондон, Сингапур сияқты үздік халықаралық қаржы мекемелерінің тәжірибесі негізге алынған. 

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкі президенті 

-Еуропалық қайта құру және даму банкі Астанадағы қаржы орталығының қалыптасуына және дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Мекеменің қалыптасуына сарапшылық үлесімізді қосу біз үшін үлкен мәртебе. Инвесторлардың Қазақстанға келуге мүдделі болуы үшін  қолдан келгенше көмектесеміз. 

Стивен Шварцман, «The Blackstone Group» төрағасы

-Қызметі ағылшын құқығы мен америкалық заңгерлік тәжірибеге негізделген қаржы орталықтары әлем бойынша санаулы. Қалталы азаматтардың оларға деген сенімі жоғары. 

Джейкоб Френкель, «JPMorgan Chase International» Директорлар Кеңесінің төрағасы

-Экономикасы тұрақты дамуы үшін Қазақстан халықаралық қаржы нарығымен ықпалдасуы шарт. Астана халықаралық қаржы орталығының құрылуы осы үдерістерді жеделдетеді. Ел билігі бұл жобаны жүзеге асыруға қажет барлық жағдайды жасап отыр. Бұл қуантарлық жағдай. 

Астана – халықаралық қаржы орталығы. Жәл осы тақырып Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында талқыланды. 

4 Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Экономикалық өсім инвестициялар тартумен тікелей байланысты. Қазіргі қысылтаяң шақта, тығырықтан шығу жолының таптырмас құралы десек болады. Ауқатты әрі ірі шетелдік компаниялар және қаржылық институттармен әріптестікті нығайту арқылы даму серпінін беретін салаларды бекемдеуіміз қажет. 

Жиырма тоғызыншы инвесторлар кеңесінің отырысына белгілі саясаткерлер және экономистермен қатар әлем нарықтарында қаржы ағымын қадағалап отырған ірі корпорациялар басшылары қатысты. Бірі біздің елмен бұрыннан бері әріптестік орнатқан тұлғалар болса, енді бірі қазақ экономикасының дамуына қызығушылық танытып, капиталын құймақ ниеттегі болашақ инвесторлар. Шикізат бағасы құлдырап, дүниежүзі табыс көзінің жаңа жолдарын іздеп жатқан тұста, Қазақстан осылайша әлемдік қаржы институттарымен ықпалдастығын нығайтып келеді. Реформаларды іске асыру жолында елге қосымша қаражат тартумен қамдануда. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-В рамках программы сотрудничества с такими международными финансовыми организациями, как Всемирный банк, ЕБРР, АБР, ИБР, в течение ближайших 5 лет в страну будет привлечено порядка 9 миллиардов долларов на развитие предпринимательства, финансового сектора, инфраструктуры, электроэнергетики, а также на проведение институциональных реформ. Наряду с этим для поддержки программы индустриализации привлекаются иностранные инвестиции в объеме около 10 миллиардов долларов.

Қазақстанға қомақты қаржы құйылуы әлемдік инвесторлардың елімізге деген қызығушылығы зор әрі сенімі мол екенін білдіреді. Оған жыл сайынғы инвесторлар кеңесіне ағылған халықаралық корпорациялар мен ірі компаниялар өкілдерінің санының ұлғаюы дәлел. Қазіргі жаһандық экономикалық тұрақсыздық, нарықтағы жағдайдың әлсіреуі орнаған кезеңде инвесторлар өз капиталын тек даму болашағы бар, жаңа экономикалық жағдайға бейімделген мемлекеттерге салғысы келеді. 

Джеймс Коулз, Citigroup бас атқарушы директоры 

-Біздің клиенттеріміз көп әрі оның басым бөлігін инвесторлар құрайды. Сараптама жүргізу арқылы олардың қызығушылығын тудыратын жобаларды ұсынамыз. Қазақстан Үкіметінің экономикалық қиындықтарға қарсы стратегиясы өте тиімді. Сондықтан елге деген  сенім зор әрі инвестиция құюға ұсыныстар көп.

Мемлекетке зор сенім білдіріп отырған шетелдік қаржы институттарының бірі – Еуропа қайта құру және даму банкі. Қазақстан қазіргі кезде банктің ынтымақтастық орнатып отырған 36 елдің ішіндегі төртінші ірі нарығы болып саналады. «Елдің инвестициялық тартымдылығы – жүргізіліп жатқан реформалардың жемісі», – дейді қаржы ұйымының басшысы. 

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкі президенті 

-Былтыр банктің Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы құны 700 млн еуродан асты. 120 миллион еуро қаржы ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдері өндірісіне жөнелтілді. Бұл банк үшін және мемлекет үшін үлкен жетістік деп санаймын. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жұмыс істеу біздің басты жобаларымыздың бірі. Осы инвестицияларды салу елде қазір жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында мүмкін болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Казахстан сотрудничает с ЕБРР больше двадцати лет. Осуществлено вместе более 210 проектов. Более чем 7 миллиардов американских долларов. И мы сейчас с вами заключили соглашение проектов на сумму 10 миллиардов долларов. Это наш крупны, надежный партнер. Мы придаем большое значение финансовому центру Астана. Мы понимаем что это очень амбициозна и не просто для нас. Потому поддержка вашего банка очень важна. 

Инвестициялар көлемін ұлғайта түсіп, елге кіріс кіргізу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығын ашуға бел будық. Маңызды жобаны іске асыру оңайға түспейтіні анық. Десе де бастаманың берері мол. Елордада ірі әлемдік банктер, алпауыт қаржы институттары орнығып, инвесторлық капитал тарту және қаржылық тәсілдер саласындағы инновациялық орталық пайда болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Итоговый совокупный эффект по расчетам экономистов страны от создания центра, его региональной экспансии может составить около 40 миллиардов долларов в ближайшие 10 лет. Поэтому условия, которые создает страна для иностранных инвесторов – беспрецедентные. Участники центра и  их работники будут освобождены от уплаты налогов. Для них же будет работать упрощенный визовый и трудовой режим. А независимый суд будет гарантировать защиту прав инвесторов. 

«Астана» қаржы орталығымен қызмет ететін инвесторларға ең тиімді жағдайлар жасалады. Шетелдіктер үшін жеңілдетілген визалық және еңбек режимдері жұмыс істейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Так, в текущем году во всех регионах открыты сектора обслуживания инвесторов по принципу «одного окна», создан институт «инвестиционного омбудсмен», сформированы правительственный и региональные советы по вопросам привлечения инвесторов. Если в 2015 году число стран с безвизовым режимом составляло 35, то с 2017 года будет доведено до 54. Вводятся налоговые преференции в виде освобождения от НДС при импорте сырья и материалов, используемых для реализации инвестиционных проектов. 

Елге келетін мамандарға заңымызда құқықтық кепілдік беретін тетіктер де қарастырылған. Іс жүргізу қомақты қаржы айналымдарымен байланысты болғандықтан, инвестициялық даулар туындауы мүмкін. Ол әділ әрі талаптарға сай шешілуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Создается специализированная коллегия для рассмотрения споров, в том числе с участием крупных инвесторов, при Верховном суде. В ее рамках будет реализовано право иностранных инвесторов на качественное и справедливое разрешение возникающих правовых споров. Жизнь есть жизнь, споры будут всегда. Всегда их надо справедливо решать. 

Эрик Шеер, BAKER and MCKENZI компаниясы бас директорының орынбасары 

-Қаржы орталығы жанында жаңа сот және төрелік орталық ашылатынын естідік. Инвестициялық дауларды қарастыру үшін ірі инвесторлардың қатысуымен мамандандырылған алқа құрылады екен. Оның аясында туындаған құқықтық дауларды сапалы әрі әділетті түрде шешу мүмкіндігі пайда болады. Қазақстанның құқықтың жағдайы қаншалықты ашық әрі әділ болса, инвестиция тарту да соншалықты жеңіл болады. 

Иан Коулберн, «Делойт» компаниясының Бас атқарушы директоры 

-Қазақстан үшін қаржы орталығының маңыздылығы зор. Ел экономикасының табиғи ресурстардан тәуелдігін төмендетіп, дамуына жаңа серпін берері анық. Жергілікті кадрлардың әлеуеттерін артырып, қажетті инфрақұрылым әзірлеуге мол мүмкіншілік ашады. 

Астана Еуразияның «қаржы қақпасына» айналуы тиіс. Ал бұл істің кепілі болмақ Қаржы орталығы халықаралық қатысушыларды тартып, әрі әлемге танымал болуы үшін алдымен аймақтағы ауқатын арттыру қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы хотим видеть МФЦА центром притяжения инвесторского капитала и инноваций в области финансовых инструментов. Он призван стать «финансовыми воротами» Евразии. Наша столица Астана будет развиваться как деловой, культурный и научный центр, располагать современной международной транспортно-логистической системой, включая новый терминал аэропорта. Для начала МФЦА необходимо завоевать наш регион, в котором нет подобных центров, и постепенно демонстрировать наши возможности остальным регионам. 

Халықаралық қаржы орталығы жұмысының жүйесімен орталық басқарушысы Қайрат Келімбетов таныстырды. Астана болашақта әлемдік қаржы орталықтарын байланыстыратын авиациялық хабқа айналмақ. Сондықтан бұнда әлемнің ірі шаһарларында орналасқан іскерлік орталықтар мен Астананың әуе қатынастары картасы Президент назарына ұсынылды. Қайрат Келімбетов қаржы орталығы көрмеден кейін ЭКСПО алаңаныда орналасатынын айта келе, Елбасына барлық салынған ғимараттар ел игілігіне қызмет ететінін жеткізді. 

Мемлекет басшысы инвесторлар кеңесі аясында «Дженерал Электрик Ойл энд Газ»–дың бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен жүздесті. Өзара әңгімеде компанияның еліміздегі қызметінің негізгі бағыттары мен ынтымақтастық аясында отандық локомотив құрылысын дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвесторларының бірі «Ройял Датч Шелл пилси» концернінің бас атқарушы директорымен кезікті. Әңгіме өзегі Қашаған кен орнын игеру жобасы турасында өрбіді. Қазақстанға жиырма жылдан астам жыл инвестиция құйып келе жатқан Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің президенті Сума Чакрабарти де президенттің қабылдауында болды.

Тараптар банктің Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттарын пысықтап, реформаларды ілгерілетудің тиімді тетіктері жөнінде сөйлесті. 

Қазақстанның жақын он жылдықтағы жоспары жаңа экономикалық даму моделін қалыптастыру негізінде өрбиді. Ал Астана халықаралық қаржы орталығы бұл істің діңгегіне айналуы тиіс. Ендігі кеңестің тақырыбы «Жаңа энергетика» деп белгіленді. Ал жиынның өзі ЭКСПО-дан кейін қолданысқа берілетін халықаралық қаржы орталығы ғимаратында өтпек. 

Авторы: Жұрағат Баман 

5 Осы аптада Елбасы тағы бірқатар маңызды кездесу өткізді

Президент «СИТИК Групп» корпорациясының президенті В.Цзюньмен кездесті 

Атап айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптесі Қытайдың «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады. Кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен алдағы жоспарлар талқыланды. Мемлекет басшысы екі жақты ұзақ мерзімді серіктестіктің тиімді екенін және ынтымақтастықты нығайта түсу қажеттігін айтты. 

Президент Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Р.Азеведомен кездесті 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға ұйымға қосылу жолында Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазіргі әріптестік жоғары деңгейде екенін айтты. Кездесу соңында Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойған қаламды сыйлады. Елбасы болса, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы үлесі үшін ұйымның бас директорын  ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

Президент «Сбербанк России» Акционерлік Қоғамының президенті Г.Грэфпен кездесті

«Сбербанк России» Акционерлік Қоғамының президенті және басқарма төрағасы Герман Греф те Президент қабылдауында болды. Кездесуде банктің Қазақстандағы қызметі, елдің қаржы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту жайы талқыланды. Елбасы: «Сбербанк России» Қазақстан нарығында жұмыс істеген 10 жылда республиканың жетекші қаржы-несие мекемелерінің біріне айналды», – деді. 

Герман Греф, «Сбербанк России» АҚ басқарма төрағасы

-Өткен жылы 100 қадам және бес бағыттағы реформалар жөнінде сөз қозғалып, оны қысқа мерзімде іске асыруды бастау керек екені айтылған. Биыл көріп отырғанымыздай жыл ішінде 59 заң жобасы қабылданып, бағдарлама іске асырыла бастаған. Бұл өзге мемлекеттерге жақсы үлгі десек болады. Бастамалар осылайша қарқынды жүзеге асырылса, Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық дамып, сіздің елдеріңізге ресейлік инвестицияларды тарту мүмкіндігі арта түседі деп ойлаймын. 

Президент Австрияның жаңа президентіне жеделхат жолдады 

Апта ішінде мемлекет басшысы Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Федералдық Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады. 

Президент Бас прокурор Ж.Асановты қабылдады

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады. Кездесуде Жақып Асанов Президентке прокуратура органдарының қазіргі жұмысы мен жоспарларын баяндап, елдегі құқық тәртібі туралы есеп берді. 

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры 

-Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Заңдылықтың жағдайын, прокуратура жұмысының жақсарту жөнінде жоспарымызды баяндадым. Елбасы баяндаманың қорытындысымен бірқатар нақты міндеттемелер қойып, әсіресе халықты мазалаған проблемаларды шешу жөнінде тапсырмасын берді. 

6 ХВҚ жетекшісі Кристин Лагард ханым қазақстандық студенттермен кездесіп, Назарбаев университетінде дәріс оқыды

Астана экономикалық форумы аясында алғаш рет Халықаралық Валюта қорының аймақтық конференциясы өтті. Кездесу алдағы уақытта дәстүрге айналуы ықтимал. Қазақстан үшін бұл зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Себебі таяу төңіректің экономикалық мәселелерін шешу үшін енді ең беделді қаржыгерлер қазақтың кіндік қаласына жиналатын болады.

Астанадағы конференцияда аймақтағы ықпалдасу процестері мен мониторинг жүйесін жетілдіру және құрылымдық реформалар жүргізу мәселелері қаралды. Уақытының тығыздығына қарамастан Қор жетекшісі Кристин Лагард қазақстандық студенттермен де кездесті.

Назарбаев Университетіне арнайы барып, шәкірттерге дәріс оқыды. Абайдың қара сөздерінен үзінді келтірген қаржыгер жас буынды бәсекеге қабілетті болуға шақырды. Кристин Лагард Қазақстандағы реформаларға қатысты да ой-пікірімен бөлісті. Айтуынша Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше атануы, еліміздің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға оң ықпал етеді Айта кетейік, Форбс журналының дерегі бойынша Кристин Лагард әлемдегі ең ықпалды 5 әйелдің бірі саналады. 

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуроодақ арасында еркін сауда режимін орнату туралы айтып келеді. Осындай мүмкіндік туралы не ойлайсыз? Еуразиялық Экономикалық Одақпен ынтымақтастық Еуропа үшін АҚШ-пен Трансатлантикалық Серіктестікке балама бола алады ма?

Кристин Лагард, Халықаралық Валюта Қорының басқарушы директоры 

-Өздеріңіз білесіздер, Халықаралық Валюта Қоры сауданың дамуын қолдайды. Оның ішінде шексіз сауданы жақтаймыз. Солардың бірі АҚШ пен ЕуроОдақ сөз етіп жүрген Трансатлантикалық Сауда және Инвестициялық Серіктестік сынды аймақтық келісімдер. Бұл ЕО пен ЕАЭО-ң арасында және басқа да келісімдер болмайды деген сөз емес. Тек бір жағдай ескерілуі тиіс келісімдер мұқият әзірленген, серіктестің басқа да әріптестермен қарым-қатынас орнату мүмкіндігін шектемейтіндей етіп жүзеге асырылған жағдайда, мүмкін деп ойлаймын. Әрине, ауқымды, мұқият ойластырылған және бүгінгі күннің талабына сай келісім Дүниежүзілік Сауда Ұйымы аясында жасалып, барлық елдерді бір шатырдың астына біріктірсе, керемет болар еді. Өкінішке қарай, оған қол жеткізу біз ойлағаннан ұзағырақ әрі қиын болып шықты. Сондықтан өзара жақсы үйлесетін бірнеше ауқымды аймақтық келісімнің жүзеге асырылуы жақсы мүмкіндік деп ойлаймыз.

Яғни бұл Еркін сауда кеңістігінде екі одақтың арасында келісімшарт жасалуы мүмкін дегенді білдіреді ме?

Кристин Лагард, Халықаралық Валюта Қорының басқарушы директоры 

-Мен былай дер едім. Егер ондай келісімдер басқа шарттарға кереағар болса, ол тараптардың сауда жүргізу аясын шектеп, бір-бірінің құқығына нұқсан келтіруі мүмкін. Мынадай бір теория бар, ол «бір табақ кеспе» деп аталады. Оның мағынасы – өзара жұмыс істемейтін елдер мен ұйымдар арасында екіжақты келісімдер мен аймақтық шарттардың шамадан тыс көп болуы. Кешкі асыңыздың берекесі кетеді. Себебі бір табақтағы кеспе тым көп, мұны бір-біріне үйлестірсе мәселен, лазанья болса, оны жеуге ыңғайлы. 

Әлемдік энергетика нарығындағы тұрақсыздық жағдайында Қазақстан экономикасының даму үдерісіне қандай баға берер едіңіз?

Кристин Лагард, Халықаралық Валюта Қорының басқарушы директоры 

-Қазақстан ондаған жылдар бойы қарқынды экономикалық өсімнің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Соңғы уақытта орташа өсім шамамен 7 пайыз. Мұндай көрсеткіштерге шикізат, яғни мұнай бағасының жоғары болуы әсер етті. Осы қаржының біраз бөлігін тәуелсіз қорға шегеріп, қазіргі көріп отырғанымыздай, қиын жағдайда пайдаланғаны, Қазақстан тарапынан асқан көрегендік болды. Енді шикізат бағасы төмендеуде. Бұл ұзаққа жалғасуы мүмкін. Көрші елдер тұрақсыздық пен рецессия кезеңін бастан кешіруде. Қытай қазір, экономиканы көтерудің экспорт пен өндірістен гөрі, ішкі сауда мен қызмет көрсету саласына көбірек бағытталған жаңа моделін қалыптастыруға кірісті. Бұл басқа елдерге де әсер етететіні сөзсіз. Қазақстан дұрыс саясат жүргізіп отыр. Несие-қаржы туралы айтсақ, теңгені еркін айналымға жіберу – инфляция деңгейін төмендетудің алғышарты. Елдің қаржы-бюджет саясаты да экономиканы нығайтуға бейімделіп, сол салаға шоғырландырылуда. Бірақ оның мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді. Қазақстанның Президенті ұсынған «100 нақты қадам» мен «Стратегия 2050» және осы бағдарламалардың аясындағы негізгі құрылымдық реформалардың арқасында, Қазақстан айналадағы қолайсыз жағдайға қарамастан, дұрыс бағытта дамып келеді. 

Біздің ел шынымен де, экономиканы диверсификациялау үшін айтарлықтай шараларды жүзеге асыруда. Осыған қарамастан, мұнай бағасының біз үшін әлі де маңызы зор. Осы орайда, қара алтынның қазіргі құны қаншалықты ойға қонымды деп ойлайсыз?

Кристин Лагард, Халықаралық Валюта Қорының басқарушы директоры 

-Бір жарым жыл бұрын мұнайдың бағасы өте жоғары болды. Қазір айтарлықтай күрт төмендеді. Одан соң баррелі, орташа есеппен, 48-50 долларға дейін көтерілді. Жарты жыл бұрынғы бағалардан анағұрлым жақсы. Мұнайдың құны осы деңгейде қалады, – деп болжауға болады. Сарапшылардың ешқайсысы қара алтынның баррелі 100-110 долларға дейін көтеріледі, –деп айтпайтынына сенімдімін. Тіпті, мүмкін емес деп ойлаймын. Мейлі, ол Сұраныс не Ұсыныс болсын, бәрібір. Бағаның бұрынғы деңгейге қайта жететінін білдіретін белгілер жоқ. Әрине, қандай да бір айтарлықтай, дағдарысты өршітетін бір саяси оқиғалар бола қалмаса.

Назарбаев Университетінде сөз сөйлегеніңізде, Сіз Қазақстан экономикасына жаңа драйверлері керек екенін айттыңыз. Қазақстан экономикасының қай салалары сондай драйверлерге айналады деп ойлайсыз?

Кристин Лагард, Халықаралық Валюта Қорының басқарушы директоры 

-Бірнеше драйвер бар. Ең алдымен, макроэкономикалық мүмкіндіктерді ескеру керек. Ашық есеп беретін құрылымдар болуы шарт. Бұл – аумақта қалыптасқан күрделі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Ол бірінші кезекте, ашықтық пен жемқорлық мәселелеріне қатысты. Бұл – өте маңызды. Үшінші драйвер ретінде экономиканы диверсификациялау, біліктілік деңгейін көтеру, инновацияларды дамытуға жағдай жасау және барлық деңгейдегі кәсіпкерлекті қолдау  деп айтар едім. Бұлар экономиканы дамытудың үш негізгі драйверлері деп санаймын.

7 Астана экономикалық форумында бірнеше маңызды мәселелер талқыланды

Астанада тағы бір мәрте «адамзаттың ақыл-ойы» тоғысты дедік. Экономикалық форум екі күн болды. Осы күндерде дағдарысқа қарсы тұрудың сан жолы айтылды. 

Әсіресе мұнай нарығындағы ахуалға алаңдайтындар көп. Қара алтын құны барреліне 30 долларға дейін төмендеді, өткен 12 жылда мұндай жағдай болған емес. Форумға келген сарапшылардың бірқатары баға әлі құлдырауы мүмкін десе, енді бірі биыл жағдай жақсарады дейді, бірақ жүйе толығымен оңалады деп кесіп айтпайды. 

Халықаралық жиындар, ең маңызды шаралар сәні мен салтаны келіскен Тәуелсіздік сарайының ғимаратында болады. Астана экономикалық форумы да, осы жерде өтуде. Форумға әлемнің 80-е жуық елінен ең беделді, танымал тұлғалар келген. Талдап, талқылап жатқан мәселелері де өте ауқымды, салмақты.

Мына жер пресс орталығы. Қызу жұмыс қазір басталады. Журналистер дәл осы орталықтан минут, сағат сайын, форум туралы ақпарат таратып отыр. Арасында 20 жуық елден келген шетелдік әріптестеріміз де бар.

Мария Терезе Гиаметта, AGI Италия агенттігінің журналисі 

-Мен форумға үшінші рет қатысып отырмын. Ұйымдастырылуына әр келген сайын таңғаламын. Жылдан-жылға форумға жиналатын танымал тұлғалар қатары көбеюде. Спикерлері де мықты. Әрине, экономика әлеміндегі мұндай шара бәріне, оның ішінде Италия аудиториясына да қызық екеніне сенімдімін. 

Форум аясында 30-ға таяу сессия, шеберлік кластар, семинарлар өтті. Соның бірінде сарапшылар экономикалық өрлеу үшін «Ұлы Жібек» жолын дамыту қажет деген қорытындыға келді. Өйткені ҰлыЖібек жолы – 60 елді байланыстыратын алтын көпір. Қытай бұл жобаға 8 трлн доллар инвестиция салуға әзір екенін айтты. Алып жолдың басым бөлігі біздің елден өтетіндіктен, Қазақстан да тиесілі инфрақұрылымдарды жаңартып, жаңғыртып жатыр. Нәтижесін айтсақ, соңғы бес жылда «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының Қытай мен Еуропа арасындағы тауар тасымалы 100 есеге ұлғайған. 

Асқар Мамин, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті 

-Соңғы бес жылда 1700 км жаңа теміржол желісі салынды. Қытайдың Еуропаға жіберетін контейнерлер ағымын 100 есеге ұлғайтық. Әрине бұл жұмыстардың барлығы қатаң бәсекелестік жағдайында жасалып жатыр. Қытай портынан Еуропа портына теңіз тасымалы 7,5 есеге азайды. 

Шетелдік сарапшылар да: «Экспортты-транзитті потенциалды арттыруда Қазақстандағы темір жолды дамытудың пайдасы шаш-етектен», – дейді.

Сұлтан Ахмед Бен Сулайем, «DP WORLD» компаниясының басқарма төрағасы 

-Бүгінгі таңда Қытайдан Еуропаға теңіз арқылы тауар тасымалдау 42 күнге созылады. Сондықтан мұны қысқартудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Бір жолы – осы Ұлы Жібек жолын дамыту. Темір жол арқылы да жүкті 12-13 күнде жеткізуге болады. 

Сондай-ақ форумда Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіру мәселелері талқыланды. Өйткені мұнай баррелі 100 долларды болған кез қазір елес қана. 2020 жылға дейін қара алтын құнының көтерілуі неғайбыл. Бұл жағдай экономикасы мұнайға тәуелді бізді ғана емес, бірнеше елді тығырыққа тіреді. Сондықтан да халықаралық сарапшылар: «Қазақстан экономикасына құрылымдық өзгерістер енгізу қажет», – дейді. 

Ричард Эванс, кәсіпкер (Ұлыбритания) 

-Меніңше, дағдарыс деген – жаңа мүмкіндік. Егер мұнай құны құлдырамағанда, көптеген елдер өз экономикасын әртараптандырмай, мұнайға сеніп отыра беретін еді. Ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту Қазақстан экономикасына көп көмек береді деп ойлаймын. Мен кәсіпкер ретінде, 10-20 жылда Қазақстан мүлде басқа болатынын сеземін. 

Джанет Хекман, Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Қазақстандағы директоры 

-Біз Қазақстанның құрылыс материалдарын шығару, инфрақұрылым мен логистика салаларында мүмкіндігі мықты деп ойлаймыз. Сондай-ақ мал шаруашылығы мен азық-түлік өндірісінде де үлкен потенциалға ие. Энергияның жаңа көздерін жасайтын жобаларына да сенеміз. Мысалы, өткен жылы Бурный мен Ерейментауда жел қондырғыларын орнатуға біз инвестиция салдық. 

Еуропалық қайта құру және даму банкі – Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі. 20 жылда біздің елге 7 млрд доллар ақша салған. Тек былтырдың өзінде банк 30 отандық жобаға қолдау көрсетті. Осы форум аясында банк пен отандық бизнес 8 келісімшартқа қол қойды. «Мемлекетімізді инвестициялық ошаққа айналдыруға қазір барлық жағдай жасалып жатыр», – дейді министр Әсет Исекешов.

Әсет Исекешов, ҚР Инвестиция және даму министрі 

-Біздің мақсат – алдағы 10 жылда Қазақстан экономикасына 100 млрд доллар инвестиция тарту. Бізде қазір шетелдіктердің қатысуымен жоспарланып отырған 200 жоба бар. Біз кез келген инвесторды қуана қарсы аламыз. Болашақта Қазақстан Орта Азиядағы инвестицияны қорықпай салатын жаңа аймақ болуы тиіс. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. 

Сондай-ақ шетелдік инвесторлар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының жекешелендірілетін компанияларына қызығушылық білдіріп отыр. Олар: Еуропа, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс елдерінің стратегиялық инвесторлары. Бұл жаңалықты форум аясында өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» активтерін оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бисенғалиев айтты. 

Берік Бисенғалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры 

-Жалпы жекешелендірудің нормативтік-құқықтық негізі, соның ішінде Қор компанияларын сату ережелері әлеуетті инвесторлар үшін тартымды. Олар тек адал ниетті инвесторларды қорғауға арналған.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы шілде айының соңына дейін 10 компанияны аукционға шығарады. Үлестерді сату ел Үкіметі бекіткен 2016-2020 жылғы кешенді жекешелендіру жоспары шеңберінде жүзеге асады. Жоспар бойынша Қазақстандағы 783 компания жекешелендірілмек. Оның 217 компаниясы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына тиесілі. Осы форумда «Самұрық-Қазына» қоры «Самұрық-Қазына 2020» атты трансформация туралы кітаптың тұсауын кесті. Үш тілде жарық көрген кітапта Қордың трансформациясын іске асыру жоспарлары, мақсаттары жазылған. Форум аясында даму институттары туралы дөңгелек үстел өтті.

Осы жиында «Қазақстанның даму банкінің» басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Қазақстанның даму банкі» директорлар кеңесінің мүшесі Марсия Фавале атқарылған жұмыс қорытындыларын жариялады. Ұлттық қордан, Жинақтаушы зейнетақы қорынан берілген қаражаттың қалай жұмсалатынын есептеп, түсіндірді. Болат Бидахметұлы: «Зейнетақы қорын кәдеге жаратып, пайда табуыз керек», – деді.

Болат Жәмішев, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы 

-Зейнетақы қорын инвестициялағанда, оның қауіпсіздігі жан-жақты қарастырылып, қорғалған. Ол нақты талаптарға, тетіктерге сәйкес келетін банктерге ғана беріледі. Сондықтан оның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі. 

Форум аясында басқа да салиқалы пікірталастар, ұсыныстар болды. Сонымен қатар, осы жиында Польша мен Сауд Арабиясы 2017 жылғы ЭКСПО-ға қатысамыз деп келісімшартқа қойды. 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Марат Тұқатов

8 Ел ішіне іріткі салуды көздегендердің заңсыз әрекеттері әшкере болды

Жер тағдырын желеу етіп, ел ішіне іріткі салуды көздегендердің заңсыз әрекеттері әшкере болды. Бірқатар өңірлерде мамырдың 21-і күні ұйымдастырылған заңсыз акциялардың бәрі «бір қолдан шыққандай» әсер қалдырады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеме таратты. 

Баспасөз хабарламасында айтылғандай құқыққа қайшы әрекеттердің заңсыз қаржыландырылуы зерттеледі. Қаржы көздері туралы деректер тексеруге алынды. Құқық бұзушылық жасағандары үшін 51 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың тек 4-еуі әкімшілік қамауға алынды. 12 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Тергеу нәтижесі бойынша, арандатуға қатысы бар адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. 

Құсайын Игембаев, ҚР Бас прокуратурасы 2-ші департаментінің басшысы 

-Жекелеген тұлғалар митингтер туралы заңнаманы елемей, адамдарды заңсыз шерулерге қатысуға итермелеп, арандатуға тырысты. Олардың түпкі мақсаттары – бейбіт шерулер немесе «Жер кодексін» өзгерту емес, қоғамдық саяси ахуалды шиеленістіру, ұлтаралық алауыздықты қоздыру және билікті басып алу. Олар жаппай тәртіпсіздіктердің бүлікке, озбырлыққа, тонауға, тіпті адам шығынына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін жақсы біледі. Ондай оқиғалардың салдары қандай боларына Ливия, Сирия, Египет және бірқатар бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер айқын мысал бола алады. Бүгінде құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық істерді тергеуде. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін сан түрлі тәсілдер пайдаланылды. Қызылорда қаласында тәртіп сақшыларына тас лақтырып, оларды күш қолдануға итермелеу әрекеттері жасалды. Сосын әлеуметтік желілерде тәртіп сақшылары өлтірді деп, ер адамның мәйітінің суреті таратылды. Шын мәнінде бұл Қытайда болған оқиғадан түсірілген сурет болатын. 

Жер мәселесі шерулерде емес, салиқалы сұхбат алаңында талқылануы тиіс. Биліктің де, қоғамның да айтпағы осы. Қазір Жер кодексін жан-жақты талдап, халыққа кеңінен түсіндіру үшін аймақтарда қоғамдық комиссиялар құрылды. Өңірлердегі алғашқы жиын Ақтауда өтті. Оған жергілікті билік өкілдері, тұрғындар мен кәсіпкерлер және зиялы қауым қатысты. Алдағы күндері аудандарда да түсіндіру жұмыстары жалғаспақ. Көптің көңілін күпті еткен барлық сауалдарды жинақтау үшін Маңғыстау облысында арнайы call-орталығы да құрылды. 

Жер кодексі Демократиялық күштердің де назарында. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Бұл еліміздегі беделді 5 саяси партия, ең ірі 17 қоғамдық мекеме мен өңірлердегі 500-ден аса үкіметтік емес ұйымның басын біріктіріп отырған ірі бірлестік. Жалпыұлттық коалиция мүшелері ел мен жердің жайын жақсы білетін аузы дуалы ақсақалдардың да, қарапайым шаруаның да айтарын тыңдап, пікірлерін саралайды. 

Ибадулла Үмбетаев, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры 

-1995 жылы біздің мемлекетімізде жерді сатып алу туралы заң шыққан. Сол кезде көптеген шаруалар жердің пайдалану құқығын сатып алған. Сол шараларды қарайтын болсақ, ол шаруаларда техника да, өнім де жеткілікті. Өнімділігі 40-45 центнерге дейін барады. Жер өзінікі екендігіне сенімді және де нарықтың негізгі кепілінің бірі болып есептеледі. 

9 Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Бүгінгі күн тәртібінде шетелдіктерге жерді жалға беру мәселесі талқыланды. Тақырыпты талдамас бұрын комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев өткен басқосуда іріктелген 4 жұмыс тобының бір апта ішінде атқарған ісін, шығарған қорытындыларын тыңдап шықты. 

Ақылбек Күрішбаев, Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының жетекшісі 

-Біріншіден, жерді сатып алуға тек сол жерді жалға алып отырған, жерге тер төгіп отырған, жұмыс істеген адамдарға ғана рұқсат беруіміз керек. Бұл жағдайда бәссауда арқылы жерін сатуға тыйым салынады. Осы тұрғыда жерді қалталы адамдар сатып алады деген күмәнға жауап ретінде айтамын. Жерін сатып алғаннан кейін, белгілеген мерзім ішінде қайта сатуға немесе жалға беруге шектеу енгізу. Ал үшінші ұстанымға тоқталатын болсақ, жерді жалға алу кезінде өтініш білдірген жергілікті ауыл тұрғындарына басымдық беру мүмкіндігін белгілеу. 

Мұхтар Тайжан, Құқықтық жұмыс тобының жетекшісі 

-Шынын айту керек, бiр ортақ пiкiрге келген емеспiз. Кейбiреулер бiздiң шаруаларымызға жердi жеке меншiкке беруге болады және беру керек дейді. Шаруалар инвестиция салды, бiрнеше жыл жердi өңдеп жатыр. 13 жылдың iшiнде 0,6 пайыз ғана сатылды. Сатып алудың орнына жалға алу тиiмдiрек болар. Қазiр жаңа Жер кодексi бойынша қазақстандықтарға жалға алуға тыйым салынған екен. Жалға алу құқығын қайта заңға енгiзу керек деп ойлаймын. 

Мұрат Әбенов, Ақпараттық жұмыс тобының жетекшiсi 

-Өткен жылы бұл «Жер кодексi» Парламентке барды. Парламентке барардың алдында арнайы зерттеу институттары, ғалымдар зерттеп, ұсыныстарын бердi. Қанша жұмыс орны ашылады, қанша инвестиция келедi, қандай жерлердiң түрлерi бар, кiм оны иеленiп жатыр? Осының барлығы Парламентке барып, шешiм қабылдаған кезде сондай құжаттарға сүйенуi керек. Менiң ойымша, комиссия мүшелерiне де ақпараттың барлығы берiлуi керек. 

Дос Көшiм, Ұйымдастырушылық жұмыс тобының жетекшiсi 

-Бiз екi мәселенi жаңа ережелердi жақсарту және өткен жылғы қазақстандықтарға жер сату мәселесiн қарастырдық. Ең дұрысы, жер қазақстандықтарға, ешкiмге сатылмауы керек. Екiншi ұсыныс та бар, ол бойынша жер қазақстандықтарға сатылуы керек, бiрақ, нақты шарттар қойылуы керек деген мәселе. 

Қысқа шолудан кейін бірден көкейкесті мәселе жерді шетелдіктерге жалға беру тақырыбы қозғалды. Бұл ретте Мұхтар Тайжан Алматы облысының әкімі мен қытайлық компания арасында қандай келісім шартқа қол қойылғанын сұрады. Сауалға алдымен ауыл шаруашылығы министрі жауап берді. Асқар Мырзахметов Қазақстан мен Қытай арасында жер беру мәселесі бойынша ешқандай келісімге қол қойылмағанын айтты. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін алу бойынша әріптестік орнату мақсатында келісім жасағанын жеткізді. Оның сөзін комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев та растады. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы 

-Бұған дейін Қытайға астық өткізу өте қиын болатын. Соны ұзақ жылдар бойы келісіп жүріп, келістік. Қытайға бұрын қаппен ғана бидай тасуға рұқсат етілген еді. Қазір оның қапшығын алғызып тастадық, қалай апарсақ та болады. Квотасын алдық. Енді осындай келісімшарттардан біз не ұта аламыз? Жалпы Қытайдан қашуға болмайды. Керісінше, оларға баруға тиіспіз. Елбасы кеше тағы да айтты, шетелдік инвесторларға, бізге сеніңдер деді. Ақша құйыңдар, жұмыс орынын ашыңдар, салық төлеңдер деп отыр. Одан қазақ ұтыла ма? Сондықтан да дұрыс түсінейік, дұрыс түсіндіруге тырысайық. Жерді ешкім де шетелдікке сатайын деп отырған жоқ. Біз ауыл шаруашылығын дамытқымыз келеді. 

Мұхтар Тайжан, Құқықтық жұмыс тобының жетекшісі 

-Шаруаларымыздың өнімі керек. Қытайға тамақ керек. Біз Қытаймен саудаға да бірлесіп, бизнес жасауға қарсы емеспіз. Керісінше Қытай біз үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Үлкен шанс деп ойлаймын. Бірақ оны біздің крестьяндар оларға сатып жүрсін, байып жүрсін. 

«Халыққа түсіндіру үшін алдымен жалға берудің механизімін жетілдіруіміз қажет», – деп санайды саясаттанушы Марат Шибутов. Ол заңдағы кейбір тетіктердің өзін қайта қарап, оған жергілікті тұрғындардың пікірін қосуды ұсынды. 

Марат Шибутов, саясаттанушы 

-Бiрiншiден, бұл үрдiстi аукцион деп емес, конкурс деп атау керек. Жердi жалға беру жүйесiн екi сатылы қылу қажет. Жалға беру мәселесiнде баға емес, шетелдiктердiң үздiк ұсыныстары маңызды болуы тиiс. Яғни, шетелдiк инвестор не ұсынады деген мәселе көтерiлуi керек. Екiншiден, осы жерлердiң қайда орналасатынын жергiлiктi тұрғындармен бiрiгiп шешу керек. 

Бір апта ішінде аймақ аралап келген комиссия мүшелері де ауыл адамдарының пікірімен санасу қажеттігін айтып отыр. Халық көтеретін проблемалар арқылы заңдағы біраз олқылықтарды жоюға болатынын да тілге тиек етті. 

Оразалы Сәбден, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті 

-Мен ауылда болып келдім. Ауылға сіздер де барасыздар. Жерді сатуға жалға беруге бола ма деп сұрақ қойдым. Сатуға келгенде жерді халықтың көпшілігі сатуға болмайды деді. Бірақ бірең сараң фермерлер байыған жері барлар айтты сатса болар еді деп. Бәрінің айтқаны мына кооператив заңын тиімді пайдалану керек деп отыр. 

Комиссия мүшелерінің басым бөлігі жерді шетелдіктерге жалға бермеу керек деген пікір білдірді. Оның орнына шаруаға қаражат, алқапқа маман дайындап жіберуді қарастыруды ұсынды. 

Самұрат Имандосов, кәсіпкер 

-25 жылдың ішінде ауылдық жерлерге оқу бітіріп келген агроном жоқ. Механик жоқ. Техник жоқ. Ауыл шаруашылығына қызығушылық алып бару керек. 

Ал ауылды асырап, азаматтарға жұмыс беріп отырған шаруалардың айтуынша, жерді шетелдік жеке тұлғаларға беруге тиым салыну қажет. Ал отандық кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істегендер үшін бірнеше шарт қойылған дұрыс. 

Қайрат Бисетаев, Картоп және көкөніс өсірушілер одағының президенті

-Жалға 2 кезеңмен беру қажет. Алдымен шетелдік заңды тұлға 10 жылға ғана келісімшартқа отырады. 10 жыл ішінде барлық талаптар мен міндеттер орындалса ғана. Тағы 10 жылға беру шешімін шығару керек. Бұл мемлекет тарапынан бақылауды күшейтіп, жалға алушының жауапкершілігін арттырады. 

Жиында ақпаратты БАҚ арқылы жариялағаннан гөрі қазақстандықтармен бетпе-бет кездесіп, түсіндіру керек екені аса көп айтылды. Оны комиссия төрағасы да құптап, келесі отырысты аймақтарда өткізу шешімін қабылдады. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы 

-Келесі отырыстарымызды осы Ақмола, СҚО, Павлодар және басқа облыстарда өткізіп, халықпен, шаруалармен кездесуді ұсынамын. Бәріміз бірдей 75 адамның баруы шарт емес. Бір топты мен бастармын, бір топты Асқар Мырзахметов, одан кейнгісін Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарып барар. Жалпы елмен араласа, ақылдаса жүріп жұмыс жүргізу керек.

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі 

-Ауданның әкімінің көрмеген ауылдары бар. Ауыл халқынан сауалнама жүргізу қажет. Халықтың пікірімен сөзсіз санасу керек. 

Жиын 3 сағатқа созылды. Оның ішінде қатысып отырған 62 адамның 30 ойын білдіріп, пікірін ортаға салды. Әзірге жердің шетелдіктерге жалға берілу-берілмеуі туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселені комиссия мүшелері алда өңірлерде өтетін отырыстарда қозғайтын болады. Келесі кездесу алдағы аптада Ақмола облысыныда өтеді деп белгіленді. 

Авторы: Эльвира Тағайқызы

10 Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға иек артты

Әлем экономикасы әрі-сәрі күй кешкенмен, әсіресе бизнес үшін тың мүмкіндіктер пайда болып жатқанын жоққа шығаруға болмас. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ – кәсіпкерлер үшін алып нарық. Күрделі кезеңге қарамастан былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға иек артты, оның 5,5 миллиарды шекаралас жеті аймаққа тиесілі. 

Біз көрші елге көбіне көп сирек кездесетін және асыл саналатын металлдарды, көмір мен мұнай экспорттаймыз, көлік, қондырғылар және азық-түлікті тасымалдаймыз. Соңғы кезде ресейлік газдың импорты 50 пайызға ұлғайды, ал шекара асып, көрші елдің көліктерін сатып алуға баратын қазақстандықтардың қатары сиреді. Жалпы статистикаға сыртқы ахуал, теңге мен рубль бағамының өзгеруі өзіндік әсерін тигізді. Алайда қос мемлекеттің алыс-беріс көлемі кеміген жоқ. 

Сарапшылар Ресей мен Қазақстан арасындағы алыс-беріс көлемінің кемімеуін ең әуелі өңделген өнімнің көбеюімен байланыстырады. Қазір тауар айналымын ұлттық валюталармен есептесек, көрсеткіш ұлғайған. 

Мейіржан Майкенов, «KAZNEX INVEST» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары 

-Егер Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас жатқан аумақтарына қарасақ, 30 миллион тұрғын бар.  Олардың импорттық әлеуеті 15 миллиард долларға жетеді. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлкен нарық. Сондықтан біз тауарларды сол аймақтарға тасымалдау үшін қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Биыл Сыртқы сауда палатасы және Қазақстан елшілігінің қолдауымен Ресейдің бес қаласында ірі іс-шаралар ұйымдастырдық. Онда кәсіпкерлер өздерінің тауарларын ұсынып, экспорттық келісімдер бекітті. 

Келісім бекіткендердің бірі – Орал трансформатор зауыты. Кәсіпорын басшысы Мәскеуде әріптестерімен кездесіп, трасформаторлар мен қосалқы стансаларды саудалау тұрғысында уағдаласты. 

Ермек Ержігітов, «ТД Алагеум  Электрик Рус» ЖШС бас директоры 

-Біздің Ресейге шығаратын тауардың көлемін ұлғайту жөнінде өз жоспарымыз бар. Өйткені санкция кезінде көрші мемлекет нарығынан шет елдік кәсіпкерлердің жартысы кетіп қалды. Осы мүмкіндікті пайдаланып сапалы тауарларымызды көрсетіп, сол орындарды «бассақ» деп отырмыз. Осы тұста мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды айтқым келеді. Мәселен, Орал трансформатор зауытына «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында субсидия берілді. 

Осы уақытқа дейін көптеген ресейлік компаниялар Қазақстан кәсіпкерлерімен әріптестік байланысты бекітті. Соның бірі – Орал электр жабдықтары зауыты. Кәсіпорын өз өнімдерін Ресейге, Ауғанстанға және Әзербайжан мен Орталық Азия елдеріне жөнелтеді. 

Александр Шляпников, «National Electric» компаниясының даму жөніндегі директоры 

-Жуырда біз жұмыс ауқымын кеңейту үшін корейлік өндіушілер қатарына қазақстандық әріптестердің өнімдерін қостық. Бұл байланыстың келешегі кемел болады деп сенемін. Орал трансформатор зауытының өндірістік базасы жақсы жарақталған және жаңа технологиямен жабдықталған. Соның арқасында сапалы, әлемдік талаптарға сай өнім шығарып отыр. 

Дипломатия мен бизнес жұмыла жұмыс атқарса, алынбайтын асу жоқ. Қазақстанның Ресейдігі елшілігі Қазақстан экспортының өркендеуіне, оған инвестиция ағынын арттыруға күш салып отыр. Дипломатиялық мекеме, Сыртқы сауда палатасымен, сауда өкілдігімен және «Қазнексинвестпен» бірлесіп 4 айда бірталай шаруаны ширатты. Дәлірек айтсақ Мәскеу, Екатеренбург, Иваново, Казан, Новосібір және Омбы қалаларында кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, болашағы жарқын жобаларды көрсетті. Алда Санкт-Петербор, Уфа, Саратов, Астрахань және Ульянов және Ресейдің өзге де қалаларына барып ынтымақтастық көкжиегін кеңейту көзделген.

Болат Иманбаев, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі 

-Бұл бағыттан таймасақ, талай ілкімді істерді ілгерілеті аламыз. Қазірдің өзінде жұмысымыз нәтижелі болып отыр. Мәскеуге және басқа аймақтарға жасалатын сапар барысында қарым-қатынасымыз одан әрі тереңдей түсері сөзсіз. Өйткені Ресейдің билігі мен бизнесі берік байланыс орнатуға әзір. 

Көрші ел санкция салдарынан Еуропадан түрлі тауарларды импорттай алмай қалды. Осы мүмкіндікті қазақстандық кәсіпкерлер сәтті пайдаланып, азық-түлік өнімдерін жөнелтті. Дипломаттардың қолдауымен экспорт көлемі де біршама ұлғайды. Мәселен Ресейге келіп жатқан алкогольді және алкогольсіз сусындар 60 пайызға көбейді. 

Сергей Катырин, РФ Сауда өнеркәсіп палатасының президенті 

-Егер рубльмен санасақ, өткен жылы тауар айналымы 13,3 пайызға өсіп, 1 триллион рубльге дейін жетті. Әрине, төл вальюта бағытында өсім бар. Қазақстаннан техникалық бұйымдар, қағаз өнімдерін азық-түлік тауарларын тасымалдаймыз. 

Қазір жайма, құрт, тіпті қазының өзін Мәскеудің қақ ортасынан сатып алуға болады. Қазақстандық «Бауырсақ» сауда желісі осы жұмысты қолға алып, шаруаның шырайын келтіріп отыр. Алдағы уақытта дүкен иесі Ресейдің басқа өңірлеріне де сауда нүктелерін ашуға ниетті. 

Елена Кондакова, кәсіпкер 

-Осы уақытқа дейін біз 30 компаниямен бірлесіп жұмыс атқарып келеміз. Бұлардан басқа  үнемі сапалы өнімдерін ұсынатындар да жетерлік. Әріптестік орнатуға құлықты қазақстандық кәсіпкерлер күннен-күнге артып отыр. 

Татьяна Бурлакова, Мәскеу қаласының тұрғыны

-Біріншіден, өнім таза әрі сапалы. Әсіресе кеспенің, кәмпиттің, мармеладтың, вафлидің дәмі тіл үйіреді. Сондықтан осы дүкенге жиі келіп, сауда жасап тұрамын. 

Қазақстандық тауарларды қазір «Алтын сақина» аумағынан да көруге болады. Осы өңірдегі Иванов облысында сауда орны «Қазақстандық тауарлар» ең алғаш ашылған еді. Бастамашысы – халықаралық «Еуразиялық диалог» қоры мен Ресейдегі Қазақстан елшілігі. Тараптар сауда нүктесін ашу үшін жылға жуық келіссөздер жүргізіліп, сәтті аяқтаған. Бүгінде отандық ұн, макарон, кондитерлік өнімдер және тағы басқа тауарлар 220 ірі орталықта саудаланып жатыр. 

Айжан Шебанова, Халықаралық «Еуразиялық диалог» қорының президенті 

-Сауда орнын «Алтын сақинаның» орталығы болады деп жоспарлап отырмыз. 100 шақырым аумақта Ярослав, Владимир секілді  ірі облыстар орналасқан. Бұл өңірлерде 8 миллионға жуық адам тұрады. Сондықтан қазақстандық өнімдердің өтімділігі жалғаса береді. 

Екі елдің сауда-саттық саласын дамыту үшін сауда-логистикалық хабын құру көзделіп отыр. Бұл жоспар жүзеге асса, қазақстандық өндірушілердің сату мәселесі шешіліп, ресейлік кәсіпкерлер өнімді бір жерден алатын болады. 

Леонид Иванов, Иванов облысының Сауда және Өнеркәсіп палатасының директоры 

-Соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыстар нығайып келеді. Соның айғағы  алдағы уақытта бұл жерге жеміс және көкөніс, ауыл шаруашылығы және кондитерлік өнімдер қойылатын болады. 

Қазақстан кәсіпкерлері үшін Ресейге тауарларды өткізіп қана қоймай, ішкі нарықты дамытуға инвесторларды да тарту керек. Көрші елде әлеуеті зор инвесторлар бар болса, біздің мемлекетте кәсіпті дөңгелетуге жақсы жағдай жасалған. Қаржыгерлердің пікірінше Ресейдің банктерінде жинақталған еркін ақша көлемі 200 миллиард долларға жетеқабыл. Сондықтан елшілік пен Ресейдің сауда-өнеркәсіп палатасы үнемі екі елдің бизнес мүкіндіктерін жан-жақты түсіндіру үшін бірлескен іс-шараларды үзбек емес. 

Сергей Катырин, РФ Сауда өнеркәсіп палатасының президенті 

-Бірнеше ірі жобаларды компаниялар, қазақстандық әріптестермен бірлесе атқарып жатыр. Екі елге ортақ 11 мыңға жуық  кәсіпорын бар. Сондай-ақ Қазақстанда 6 мың өндіріс орны біздің қаржыландыруымызбен жұмыс жасауда. Ал Қазақстандық 3 мың кәсіпорын Ресей аумағында істерін ілгерілетіп отыр. Сандарға қарасақ, Қазақстандағы бизнес климаттың жақсы екенін байқаймыз. Сіздердегі табысқа, заңды тұлғаларға салынатын салық, бізге қарағанда әлдеқайда төмен. Сол себепті біздің кәсіпкерлерлер Қазақстандағы бизнес тұрақтылығын көріп, сонда жұмыс істегенге құштар болып тұрады. 

Қазақстанға инвестиция құюға ниетті компанияның бірі – «Технониколь». Бұл корпорация гидро және жылу сақтағыш материалдарды шығарады. Компанияның Ресеймен қатар Европада да өндіріс орындары бар. Ал Қазақстан нарқын олар 10 жылдан бері зерттеп келді. Енді біздің елде зауыт құрылысын бастап, тауарларын Азия құрлығына шығармақшы. 

Владимир Марков, «Технониколь» компаниясының бас директоры 

-Біз Қазақстанның бизнес климатын зерттеп, Қарағандыдағы еркін экономикалық аумаққа зауыт салуды жоспарладық. Менеджерлермен тура байланыс орнаттық. Олар біздің сұранысымызды лезде қабылдап, барынша көмек көрсетті. Олардың бұл әрекетінен бізге деген жылы ықыласты байқадық. Біз Қазақстанның инвестициялық климаты тартымды екенін көрдік. Осындай әрекеттер нәтижесінде инвесторлар Қазақстанға көптеп барады деп есептеймін. 

Қазақстандық нарық ірі инвесторлармен қатар қарапайым бизнесмендерді де қызықтырады. Ресейлік Дамиля Тасмағамбетова 20 жылдан бері тоқыма заттарын шығарумен айналысады. Оның өнімдері яғни төсек-орын маталары, көрпе, жастықтар Владимир және Курск қалаларында тігіліп, 300 дүкенге жөнелтіледі. Қазір кәсіпкер Қостанайда жаңа цехтың жұмысын бастамақшы. Онымен бірге Павлодардан да өндіріс орнын ашпақшы. 

Дамиля Тасмағамбетова, «Коммерческий Клуб» ЖШС бас директоры 

-Біздің өндіріс орнымыз Қазақстанға көшсе дұрыс болады деп шештік. Біріншіден, экономикалық аймағымыздың ортасы болады. Шикізат қоймамыз Қытайда, ал біз Мәскеудеміз. Екіншіден, экономикалық жағынан ыңғайлы. Қазір Қазақстанда кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек өте көп. Онымен бірге салық жеңілдіктері мен Қазақстаннның барлық өңірінде орналасқан еркін экономикалық аумақ біздің жұмысымызға серпін береді. Өйткені біз қай аумаққа барып еңбек еткіміз келеді, оны өзіміз таңдай аламыз. 

Жаһандық тұрақсыздық пен нарықтың құбылмалы уақыты, тың жобалар мен жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына сеп болады. Берекелі кәсіптің көздері ашалып, экономиканың ілгерілеуі жеделдейді. Мамандар мұндай талпыныс қазір Қазақстан мен Ресейде байқалатынын айтады. Сондықтан қос ел бір-біріне арқа тіреу арқылы жүйелі жұмыс тізбегін жалғай береді. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Дана Нұржан