ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95

Жеті күн 4.06.2016

Жеті күн 4.06.2016
Сюжеттер
1.Елбасы Н.Назарбаев осы аптада бірқатар кездесу өткізді 2.Елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті 3.Н.Назарбаев Әлихан Байменов пен А.Есімовті қабылдады
4.Елбасы «KADEX-2016» әскери-техникалық мүліктер көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты 5.Көкшетауда Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті 6.Алдағы аптада  Ұлттық қор қаржысын бақылау жөніндегі комиссия есебін жариялайды
 
7.Ел экономикасында қандай өзгерістер болуы мүмкін? 8.Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды  

1.Елбасы Н.Назарбаев осы аптада бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті 

Астанадағы алқалы жиын қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті. Тараптар екіжақты және бірлестік аясындағы байланыстар жайында пікір алысты. «Ресей – ең жақын көршіміз, экономикалық және саяси тұрғыдан одақтасымыз әрі серіктесіміз, солай болып қала береді», – деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Благодаря нашей совместной работе действует СНГ, был создан Евразийский экономический союз. Несмотря на тяжелые международные условия, он сейчас функционирует. В этом году у нас большой праздник – 25-летие создания СНГ, а также юбилеи независимости государств-членов ЕАЭС, День России. Со всеми праздниками поздравляю. Двухсторонние вопросы мы имеем возможность обсудить. Насыщенность этих встреч говорят о доверительных отношениях наших стран.  

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті 

-Спасибо большое, прежде всего за ваш визит 9 мая. Мы оцениваем это, как знак наших особых отношений. Казахстан для нас - ближайший партнер и самый надежный союзник. У нас выстроены хорошие экономические отношения и, несмотря на все сложности сегодняшнего дня, они очевидно вызваны рядом объективных и текущих проблем. В предыдущие годы был набран хороший темп, создана фундаментальная основа развития казахстанской экономики. Все это даст возможность преодолеть текущие сложности. И интеграционное объединение, прежде всего, ЕАЭС, без всяких сомнений, поможет нам преодолеть текущие сложности.

Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті 

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен де жеке жолықты. Кездесуде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстан - один из трех крупнейших партнеров экономического сотрудничества Беларуси. Благодаря вашим и моим усилиям создано много совместных предприятий. Товарооборот, конечно, снизился. Я думаю, не стоит переживать, потому что физические объемы сохранились. Мы с вами имеем общие взгляды на вопросы интеграции. В международной политике мы придерживаемся тоже одних и тех же позиций. Пользуясь тем, что мы проводим высший совет Евразийского союза, наша встреча очень важна.  

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті

-Наш такой доверительный, дружеский разговор всегда пользу приносил. Нам нужен какой-то глоток воздуха и как бы не было сложно, мы должны поручить правительству подтолкнуть наши отношения, чтобы быстрее выйти из этой ситуации. Что касается международной повестки дня, то у нас с вами никаких расхождений. Мы вас поддерживаем в ООН по глобальному документу по Манифесту, который выдвинут вами.

2.Елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

Осыдан тура екі жыл бұрын Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған тұста ықпалдастықтың көздегіні экономикаларды жаңғырту, мүмкіндіктерді біріктіру және бәсекені күшейту делінген болатын. Бұлар қаншалықты орындалып жатыр? 

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – жұмысты таразылайтын айтулы жиын. Күрделі кезеңде бір ақылдасып алған абзал. Мұны бес ел басшысы білері хақ. Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин, Александр Лукашенко, Алмазбек Атамбаев пен Серж Саргсян бірлестіктің бүгінін пысықтады. Ертеңге жоспар құрды. Одақ бір жарым жыл бұрын ғана іске қосылғанмен, белді бірлестікке айналды. 

Басқосудың Астанада өтуінің өзіндік мәні бар. Осыдан тура 2 жыл бұрын одақ құру жөнінде келісімге елордада қол қойылған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Данный документ был подписан 29 мая 2014 года Россией, Казахстаном и Белоруссией. В течение этого короткого времени наш состав пополнился Арменией и Кыргызстаном. Несмотря на небольшой срок, существование экономических сложностей, которые мы испытывали в начале нашего пути, сегодня с уверенностью можно заявить о том, что ЕАЭС состоялся, как интеграционное полноценное объединение.

Биыл төрағалық тізгіні қазақ елінде. Бірлестіктің құрылуына ұйытқы болған Астана бұл жолы да алға бастары сөзсіз. Күн тәртібіндегі ең маңызды 14 мәселе қаралды. Толғандыратын сауалдар сүзгіден өтті. Дегенмен басымдық ұйымның үшінші мемлекеттермен сауда-саттығын дамытуға берілді. Серіктестікке қызығушылық танытқандар қатарында Қытай, Үндістан сияқты алып нарықтар бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-ЕАЭС мы видим открытым интегрированным в мировую экономическую систему, служащим надежным мостом между Европой и Азией. В прошлом году был подписан первый договор ЕАЭС о создании зоны свободной торговли с Вьетнамом, сегодня обсуждали в узком кругу вопросы и прорабатываем сотрудничество с Китаем, Индией, Израилем, Египтом, Ираном, Камбоджа и многими другими странами. Отдельно рассматривается вопрос налаживания торгово-экономических связей ЕАЭС с интеграционными объединениями, такими как ШОС, АСИАН, ЕС и другие.

Батыс пен Ресей арасындағы қырғи-қабақ қатынастың біздің де бірлестікке әсері бар. Нұрсұлтан Назарбаев екі бөлек мүддені тоғыстырудың жолын тапты. Күзде екі тараптың қатысуымен форум өтеді.

Бастаманы Владимир Путин қолдады. Тіпті бұл жұмысқа белсенді атсалысуға үндеді. Қос одақ та келіссөзге дайын. Көздегені – экономикалық ынтымақтастық. Александр Лукашенконың пікірінше, тек сол әріптестермен батыл диалогқа дайын болу керек. 

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті

-Біздің одақ әлемдік экономикада өз орнын табуы тиіс. Бүгінгі күн тәртібіндегі әңгіменің өзегі осы. Одаққа қатысушы мемлекеттер сыртқы әріптестерімен батыл диалог жүргізе білу керек. Бұл үшін жоғары дамыған ортақ нарық құруымыз қажет. Одақтың жұмысын барынша нығайтып, бәсекеге сай болып, орныққан ортақ позиция ұстануымыз керек. Сонда ғана Еуропалық одақ, Қытай халық Республикасы секілді алпауыт нарықтармен және өзгелермен тиісті деңгейлі жұмыс жүргізе аламыз.

Дағдарысқа қарамастан қазір экономикалық одақ алға басып келеді. Бес елдің басшысы осындай байлам жасады. Сауда-саттықтың төмендеуін өтпелі кезеңге балады көпшілік. Қазақстан Президенті өзара іс-қимылдың өзге жолдарын іздеуге шақырды. Қиындықтарды бірлесіп еңсерудің мүмкіндігі бұл. Есесіне, жиында қабылданған шешімдер жұмысқа тың серпін беріп, экономикалық байланыстарды бекемдей түсуі тиіс. 

Серж Саргсян, Армения Республикасының Президенті 

-Қабылданатын шешімдер біздің әрбір азамат пен бизнес ортаға тікелей қатысты болуы тиіс. Себебі, интеграцияның артықшылығын әрбір адам сезінуі қажет. Бұл мақсатқа жетудің ізгі жолы – келісім. Біз бизнеске деген техникалық кедергілерді мейлінше азайтып, Еуразиялық экономикалық одақ нарығына еркін шығуға жол ашуға тиіспіз. 

Бестік ұйым шеңберіндегі жұмыстарын күшейтпек. 2019 жылы бірыңғай электр энергиясы нарығы іске қосылады. Енді ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыруға шақырды Ресей басшысы. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті 

-Табиғи монополиялар жөніндегі ортақ заңнаманы үйлестіру арқылы экономиканың нақты салаларын дамыту саясатына көшу қажет. Қазір Ресейде импортты алмастыру бағдарламасы кеңінен жүзеге асырылып жатыр. Одаққа мүше елдер осы жобаға қосылуы тиіс. Біз өз әріптестерімізбен машина жасау, электрондық және жеңіл өнеркәсіп, құрал-жабдық және құрамдас бөлшектер өндірісі бойынша жиырма бестен астам салада ынтымақтастық орнатуға шақырамыз.

Ынтымақтастықты нығайтуға бес ел барынша атсалысары хақ. Ұйымның басты міндеті де сол болатын – экономикалық серіктестік, еркін сауда. Дегенмен, одақтың кейбір мүшелері аз-кем тарлық көріп отырғанын жасырмады. Сауда-саттыққа тосқауылдар бар әлі. Бұл бағытта жұмыс қарқынмен жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін 422 сауда кедергілерінің 80-і жойылды, биыл тағы 30-ы алынбақ. Ұйымға мүше елдердің басшылары тосқауылдарды түбегейлі жоюға бел буып отыр. «Сырт елдермен сауда-саттықты күшейту ендігі меже. Бұл орайда одақ түбі төрткүл дүниені байланыстыратын буынға айналуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Рынок ЕАЭС обязан стать связующем звеном между востоком и западом, севером и югом. Свободное передвижение товаров, услуг в рамках союза, соответствует инициативе экономического пояса «Шелкового пути» выдвинутый китайским руководством. Планируется, что этот проект вберет в себя те сферы сотрудничества, которые представляет экономическую выгоду взаимный интерес для наших стран. 

Жиында бірнеше шешім бекіді. 2016-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары айқындалды. Бұдан бөлек, кеңесте мемлекет басшылары ортақ мұнай және газ нарығын қалыптастыру концепциясын мақұлдады. Еуразиялық экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Данил Ибраевтың айтуынша, барлық елдердің мүдделері ескерілген.

Құжат бестіктің табысын арттыруға бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, көгілдір газдың ортақ нарығы іске қосылса, бір ғана Қазақстанның ІЖӨ-і жылына 0,8 пайызға өседі. Есесіне, инвестициялық тартымдылығы 4 млрд долларға дейін артпақ. Айта кеткен абзал, мұнай және газдың ортақ нарықтары 2025 жылға қарай құрылады. 

Данил Ибраев, ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі

-Бұл қарапайым тұрғындарға не бермек?! Біріншіден, өнімдерге ашық баға қалыптастыруға жол ашады. Екіншіден, импорталмастыру мәселесін шешуге түрткі. Мәселен, жергілікті жерлерде өңделмейтін тауарларды осы бес елдің аумағынан емес, сырттан әкелеміз. Енді, мұнай-газ өнімдерінің одақ шеңберінде мейлінше көбірек айналуын қамтуға мүмкіндік беріледі. Оларды қосымша өңдеу де осы аймақта жүзеге асуы тиіс. 

Ұйымға мүше бес елдің көшбасшылары одақтың ауыр жүгін арқалап келеді. «Жаһандық қиындықтарға қарамастан ұйымды қалай да алға тарту – басты мақсат. Бұл бірлестікке мүше мемлекеттердің таңдаған дара жолы»,- деді Алмазбек Атамбаев. Айыр қалпақты ағайын одақтың келешегі кемел деген сенімде. 

Алмазбек Атамбаев, Қырғыз Республикасының Президенті

-Ортақ одақ туралы келісімге қол қойылғанына екі-ақ жыл өтті. Бұл өте аз уақыт. Десе де, қазірдің өзінде кей салаларда нәтижелі, жемісті қызмет атқарылуда. Қолдан жасалған қиындықтар, ескерілмеген дүниелер де әлі бар. Шын мәнінде бұл жұмыс енді басталып келеді. Алар белес әлі алда. Осы одаққа мүше әр ел үшін дамудың басқа таңдауы мен баламасы жоқ деп есептеймін. Одаққа мүше мемлекет басшылары, жауапты министрліктер мен ведомстволар шыдамдылық танытып, ықпалдастықты нығайтуды жалғастыра берсе, өсіп-өркендейтін күн алыс емес деген ойдамын. Жауапкершілік жүгін әр президент түсініп отыр. Одақтың болашағына зор сенімдемін.

Қазақстан одақтың алға басуына айтарлықтай үлес қосып жүр. Ел ішінде жүзеге асып жатқан бастамалардың барлығы сырт мемлекеттермен тығыз байланыс орнатуға бағытталған. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар аймақаралық серіктестіктің тұғырына айналмақ. Демек, Ұлы дала елінің о бастан көздеген мақсаты іске асып келеді. «Ұйым құрылды, қанатын жайды. Енді тек алға»,- дейді мемлекеттер басшылары. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев

3.Н.Назарбаев Әлихан Байменов пен А.Есімовті қабылдады

Отандық мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізу қажет. Президент Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменовті қабылдап, осындай тапсырма берді. Қазіргі таңда Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық одақ, АҚШ, Қытай, Корея өзара серіктестік орнатып, көптеген іс-шараларды бірге қаржыландыруға кіріскен. 

Әлихан Байменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы

-Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл хабтың жұмысын Елбасының жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікті дамытуға бағытталған үлкен кең көлемді саясатының бір тармағы деп таниды. Және 2014 жылы БҰҰ комитеті хабқа арнайы сыйлық беріп, биыл БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейлі комитетінде хаб үлгі ретінде қарастырылды. Әлемдегі 34 дамыған елді біріктіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Астана хабы арқылы осы ұйымның қағидаттары мен стандарттарын аймақ елдеріне тарату жобасын да қарастырып отыр.

Айта кетейін, биыл Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесінде күрделі өзгерістер басталды. Сала мансаптық модельге ауысты. Жұмысқа қабылдау рәсімдері жаңарды. Ал мемлекеттік қызметші болғысы келетін кез келген азамат міндетті түрде төменгі лауазымда жұмыс істеуі тиіс. Бұл – бір. Екіншіден, бос орынға әуелі кандидат сол мекеменің өзінен іздестіріледі, маман табылмаған жағдайда барлық мемлекеттік қызметшілер арасынан іріктеледі.  

Ол жерден лайық үміткер шықпаса ғана, жалпы конкурс жарияланады. Жыл басынан бері Қазақстан бойынша 6 500-ден астам байқау өткізілсе, соның 4,5 мыңы ішкі конкурстармен аяқталған. Демек көбіне көп сол жерде қызмет атқарып келе жатқан мамандардың мансабы өскен. Сондай-ақ командалық ауысулар да 19 есеге кеміген.

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Осы аптада Президенттің қабылдауында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» басқарма төрағасы да болды. Ахметжан Есімовтің айтуынша, кешеннің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. 87 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған. «Үздік тәжірибелер аймағы» деп аталатын павильон - көрменің көркін келтіріп қана қоймай, мазмұнын аша түседі. Бұл жерде энергетика саласындағы жетістіктер көрсетіледі. Ал, Қазақстан павильонын кейіннен Болашақтың музейі ретінде қолдануға болады. Осы тұста халықаралық тәжірибе қаперге алынады. 

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы 

-Жұмыстардың бәрі график бойынша жүріп жатыр. Өз уақытында аяқталады. Қазіргі кездегі негізгі мақсат – контент жұмыстары. Ол өте үлкен мәселе. Сондықтан да оны біз өте мұқият қарап, дүниежүзіндегі ең озық тәжірибелерді пайдалануымыз қажет.

ЭКСПО-ны тамашалауға 5 миллионнан астам турист келеді. Бастапқы болжам осындай, алайда олардың саны бұдан да көп болуы ықтимал. Себебі, Қазақстан ендігі жылдан бастап Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін визасыз тәртіп енгізбек. Бұдан бөлек, мұндай мүмкіндікті Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур секілді бірқатар мемлекеттердің азаматтары да пайдалана алады. Бұл ең әуелі Астана халықаралық Қаржы орталығының жұмысын ширату мақсатында жасалып отырған қадам. Ал, орталықтың қызметі нәтижесінде, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, ел экономикасы алдағы 10 жылдың ішінде 40 миллиард долларға жуық пайдаға кенелмек.

4.Елбасы «KADEX-2016» әскери-техникалық мүліктер көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

«Экспоға» дайындық қыза түскен тұста, Қазақстан тағы бір мәрте халықаралық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды. Астанада «Кадекс-2016» қару-жарақ және әскери техникалық мүліктер көрмесі өтіп жатыр. Көрмені бейсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.

«Кадекс» халықаралық көрмесі. Отандық қорғаныс-өнеркәсібінің жетістіктерін, әлемдік әскери қару-жарақтың, арнайы техникалардың мүмкіндігін көрсететін айтулы шара. «Кадекс» халықаралық көрмесі. Қазақстанның қорғаныс шебін күшейтуге қажетті келісім-шарттар, меморандумдар жасалатын дипломатиялық алаң.

Екі жылда бір рет өтетін бұл көрмеге биыл 40-қа жуық шет елден делегация келді. Өзімізді қоспағанда, әлемнің әр мемлекетінен әскери техника шығаратын 350-дей компания түрлі өнімдерін ұсынды. Ал отандық «Қазақстан инжиниринг» компаниясы 42 түрлі әскери техниканы көрмеге әкелді. 90 мың шаршы метрді болатын алаңды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та аралады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Тәуелсіздіктің 25 жылдың ішінде ел болғаннан кейін, мемлекет болғаннан кейін Қарулы күштер болу керек. Өздеріңіз білесіздер мен Қазақстан Республикасының жоғарғы қолбасшысы ретінде, Президент ретінде бірінші күннен бастап осыған көңіл бөліп келеміз. Осы әскерге қару-жарақ керек. Ол оңай нәрсе емес, арзан нәрсе емес. Мұны тек қана шығын деп ойламау керек. Бұл Қазақстан индустриясының бір бөлігі, тиісті адамдар жұмыс істейді, жалақы табады. Экономикаға өзінің үлесін қосады. Сондықтан жүріп жатқан бұл көрме бірнеше жылдан бері қандай елдерде қандай әскери техника бар екенін, оның қайсысы дұрыс, қай жағынан не алуымыз керек үйренуіміз керек мәселе сол.

Қазақстанның көрмеде көрсеткен басты жаңалығы – «Арлан 4х4» брондалған машинасы. Сағатына 120 шақырымды артқа тастайды. Кез келген қиындыққа төтеп береді. Қашықтан басқарылатын қарумен қарсыласқан жауды көлік ішінде отырып-ақ атуға болады. «Арланның» арынына Иордания, Алжир қорғаныс саласының өкілдері ерекше қызыққан көрінеді.  

Данияр Айтқұлов, жоба инженері

-ТМД мемлекеттерінде шығатын машиналармен салыстырсақ, бұның броньдалған деңгейі жоғары болып саналады. Яғни, ешқандай мылтық, драгунок бұл машинаның қаңқасын тесіп өте алмайды.

«Арланнан» да асып түсетін тағы бір темір техника көрмеге келгендерді тамсандырды. Әсіресе жұрт оның төбесінде орналасқан пушкасы мен пулеметіне таңғалып жатты.

Мақпал Мадиярова, тілші

-Дизайні көздің жауын алатын бұл брондалған транспартердің атауы да келісті. «Барыс8х8» деп аталады. Биылғы көрменің жұлдызы. Салмағы 24 тонна. Ішіне 11 адам сияды. Жылдамдығы сағатына 110 шақырым. Дөңгелегі сондай мықты, анау мынау минаны менсінбейді. Тіпті, 200 оқ тиген соң, тағы да 80 километр жүруге қауқарлы.

Бұл – біздің, отандық қорғаныс индустриясының жетістігі. Мақтанышы. «Кадекс-2016» көрмесінде көрсетілген тағы бір еңселі жоба – оқ жасайтын зауыт. Қарағанды облысында құрылысы басталған. 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылмақшы. Кәсіпорын жылына 90 млн оқ өндіруге қуатты болмақ. Бұл дегеніңіз, зауыт Қазақстан Қарулы күштерінің оққа қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, тіпті, экспорттауға да шамасы жетеді деген сөз.

Медер Маселов, «Қазақстандық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы 

-Зауыт Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында салынады. Қазақстандық оқтар тек қана отандық шикізаттан жасалады. 

Көрме алаңында 8 үлкен павильон орналасқан. Ішіне кірсең қару-жарақтың сан түрін көресің. Сипаттамасын айтса, таңдай қағасың. 

Чжу Цзян, «Рoly technologies inc» компаниясының өкілі /Қытай/

-Бұл – Қытайдың өнімі. Мұны баяғыдай сарбаздар лазермен басқарып отырмайды. Тетікті басасыз, зымыран өзі 40 секундта танкті тауып, жояды. 

Ал, ресейліктер әкелген көп техниканың ішінен барлау байланысын басқаратын жиынтық көрмедегілердің назарына түсті. Бұл құрылғы бір мезетте 100 сарбаздың жұмысын бақылай алады. Қазақстан былтыр оны сатып алып, Семейде сынақтан өткізген.   

Олег Барашков, «Радиоавионика» ААҚ директоры /Ресей/

-Менің қолымда командирдің жеке компьютері. Бұл арқылы командир өз бөлімшесінің сарбаздарына тапсырма беріп, оларға түскен ақпаратты көріп, жау жасырынған нақты нүктені тауып, сарбаздарды сол бағытқа жұмсай алады. 

Ресейліктер бұл көрмеге жаңғыртылған Т 72 А танкісін әкелген. Оның ерекшелігі ұзақ қашықтықты дәлдеп ата алады. Лазерлік қарауыл орнатылған. Соның арқасында жау нысанасын түнде де көздей алады. Ресейліктердің әскери ұшақтары мен тікұшақтары да көрменің мазмұнын толықтырды.

Мақпал Мадиярова, тілші

-Мынау Ми-35. Брондалған танкіні жоюға арналған. Сағатына 340 шақырымға ұшады. 250 патронға негізделген пушкалық құрылғысы бар. Ирактағы, Сириядағы қақтығыстарда пайдаланылған. Бұл «сұмдық» тікұшақтың Қазақстан төртеуін сатып алмақ.

Көрмедегі секциялардан сондай-ақ Германия, Израиль, Пәкістан, Италия, Түркия тағы басқа көптеген елдердің қорғаныс өнеркәсібіндегі Айти технологияларын, робот техникаларын, авиация, ұшқышсыз ұшу құрылғыларын көре аласыз. Әскери киімнің сан алуанын, тіпті аяқ киімге дейін таба аласыз.

Дина Разақова, аяқ-киім фабрикасы маркетинг бөлімінің басшысы

-Бұл аяқ киімдер өте ыңғайлы, Табиғи теріден тігілген.

Көрме аясында неміс компаниялары біздің әскери индустрияға қызығушылық білдірді. Бірігіп, ірі кеме құрастыру кәсіпорнын салуға ниеттес екендіктерін айтты. Бұдан бөлек, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Болгариямен түрлі келісім-шарттар жасалды. Қазіргі таңда ел іргесінде қару-жарақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Еуропа елдерімен, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасымен тығыз жұмыс істеуде.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазақстан әскерін өзіміз қару-жарақпен қамтамасыз етуге көп жұмыс жасалып отыр. Оны барлықтарыңыз көрдіңіздер. Біз мынау ауыр техниканы ешқашан ремонт жасамайтынбыз, қазір ататын мылтықтарды, патрондарды жасамайтын едік, оны жасайтын болдық, Каспийдегі теңіздегі жұмыс істейтін катерлерді, оны да жасаймыз. Сөйтіп, ептеп-ептеп ел әскерін өзіміз жасауымыз керек.

Көрмеде Қазақстанда құрастырылған еурокоптер тікұшағы аспандағы қауқарын көрсетті. Әскери авиация шоу жасап, әлеуетін дәлелдеді. Соңы әскери-музыкалық шоу-бағдарламаға ұласты. 

Таулы-егерлік полктің жауынгерлері, әйгілі «Номад» каскадерлік тобы қойған экшн-қойылым көрермен көңілін сергітті. Денсанттардың шабуыл жасау үлгісі тіпті, жігерлендірді. 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Мұхтар Ыбрайым, Серік Қоңырбаев

5.Көкшетауда Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Қараусыз, игерусіз қалған жер көп. Мысалы, Ақтөбе облысында оның көлемі – 4 миллион гектар. Бір ғана Мәртөк ауданында 17 мың гектар алқап бос жатыр. Не егін егілмеген, не мал ұстап, ісін дөңгелетіп отырған шаруа жоқ. Бұл жер кезінде жалға берілген, бірақ бұрынғы қожайындар істің орайын келтіре алмай, ақыры банкротқа ұшырапты. Осылайша егістік алқап банктің құзырында кепілдікте қалған. 

Ал Сыр елінде игерілмеген 100 мың гектар жер бар екен, оның бәрі мемлекетке қайтарылды. Жалпы, алғанда облыстағы 24 миллион гектар алқаптың тек 2,5 миллионы ауыл шаруашылығы жерлері. Өткен үш жылдағы түгендеу жұмыстары кезінде 130 мың гектардан астам егіске жарамды алқаптың мақсатына сай иегерілмегені анықталған. Осы сынды жағдайды өзге өңірлерден аңғаруға болады. Демек, қазір жерді игеруге келгенде жауапкершілік те, жанашырлық та жеткіліксіз. 

Осы аптада өңірлердегі қоғамдық кеңестер жер туралы заңнама талаптарын түсіндіруді жалғастырды. Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері ауылдарды аралап, диқандармен кездесулер өткізді. Ал Бородулиха ауданында арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін жинақтауда.   

Қызылорда облысындағы комиссия мүшелері де жергілікті тұрғындармен жолықты. Олар халықтың ұсыныс, тілектерін республикалық комиссияға жеткізетіндерін айтты. Аймақта Сall-орталық жұмыс істеп тұр. Хабарласқан жұрттың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалға және жекеменшікке беру тәртібіне қатысты сауалдар қоятын көрінеді. 

Ал бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның қызметіне кіріскеніне тура бір ай толды. Күні кеше төртінші отырыс Көкшетауда өтті. Осылайша аймақтарды аралау басталды. Ақмола облысындағы жиынға жергілікті шаруалар, қоғам қайраткерлері мен аудан белсенділері қатысты. Басқосудың өзін алыс-жақын елді мекен тұрғындары тікелей қосылым арқылы бақылады.

Ақмола – егін шаруашылығы жақсы дамыған өңірлердің бірі. Жер аумағының 72 пайыздан астамын диқандар игеріп отыр. Оның ішінде шетелдіктерге жалға берілген егін алқаптары да бар. Комиссия мүшелерінің ең алдымен Көкшетауға келуінің себебі осы. Мақсат – шаруалардың өздерімен бетпе бет кездесіп, пікірлерін тыңдау. «Біз бүгін дауласуға емес, ақылдасу үшін жиналдық».

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кеңесті осылай бастады. Жиында тәжірибелі мамандар айтар ойларын еш бүкпей, еркін сөйледі. Әр қазақстандықтың 10 соттық жер алу мәселесі де көтерілді. Одан өзге көкейдегі жайттың бірі – жерді шетелдіктерге жалға беру. Бұл тұста пікір әралуан. 

Төлеген Әбдин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 

-Шетелдің инвестициясын тартқанға қарағанда, мен ойлаймын, Үкіметіміз өзіміздің жермен айналысып жатқан адамдарға жағдай тұрғызу керек. Көмек беретін болса, өзіміздің азаматтарымыз да соны істейді деп ойлаймын. 

Қазыбек Асқаров, шаруа 

-Қазір бізде игерілмеген 200 млн гектар жер бар. Оны өзіміз игере алмайтынымыз анық. Сондықтан ол жерлерді шетелдіктерге жалға беріп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосқанын қалаймын. Бірақ өнімді ауылдарда шығаруы тиіс.

Көшпелі отырыста 40-тан астам адам сөз сөйледі. Айтылған ұсыныс-пікірдің барлығы хаттамаға енгізілді. Басқосудан соң комиссия мүшелері Ақмола облысындағы бірнеше кәсіпорынның жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесу үшін ауыл-аймақтарға аттанды. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы

-Бүгін біз ашық негізде бәріне сөз бердік. Жердің, ауылдың төңірегіндегі мәселе өте көп. Ауыл шаруашылығын қалай дамытамыз. Егер дамытатын болсақ, онда мемлекет тарапынан қандай көмек болады? Осының барлығы бүгін айтылды. Осы тұрғындардың тарапынан. Оның барлығын біз жазып алдық. Оның бәрі талқыланатын болады. Оның бәрі қаралатын болады. Оның барлығы өз кезегінде шешімін табатын болады.

6.Алдағы аптада Ұлттық қор қаржысын бақылау жөніндегі комиссия есебін жариялайды

Ендігі аптада Ұлттық қор қаржысын бақылау жөніндегі комиссия өз есебін жариялайды. Кімдердің  қанша қаржы игермегені айтылады. Жиған-тергенімізді сақтап қана қоймай, тиімді жұмсау, мүмкіндігінше  көбейту маңызды.

Мамырдың ортасында Президент Астанада әкімдердің басын қосты, «Нұрлы жолға» деп ақпанда берген ақшаның әлі күнге дейін аймақтарға толық жетпегінін сынға алды. Қаржы қазір қолға тигенде жер-жерлерде жұмыс қыж-қыж қайнап жатар еді. Бұл биылғы шешімге  қатысты мәлімет. Ұлттық қордан бұған дейін алынған қаражаттың 100  пайыз кәдеге жаратылу - сирек кездесетін жағдай. Сөзіме дәлел, 2014 жылы «Қазақстанның даму банкі» арқылы өңдеуші өнеркәсіпті қаржыландыруға 50 миллиард теңге қарастырылды, нәтижесінде соның 83 пайызы ғана иегерілді.  

Индустрияландыру бағдарламасына қатысты да сауал көп. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы 7 жоба толық қуатына ене алмай отыр. Өскемен технологиялық құрал-жабдықтар зауыты Қазақстанда бірегей саналғанмен, жұмсалған қаражат әлі күнге дейін ақталған жоқ. «Востокмашзавод та» шығынға жұмыс істеп келеді. Былтыр кәсіпорын 126 миллион теңгенің өнімін шығарды, алайда бастапқыда бұдан екі есе көп пайда табу жоспарланған . Ал, облыстың тізгінін ұстағандар болса, қарқынның бәсеңдеуін әлемдік нарықтағы ахуалмен байланыстырады. 

Қалай дегенмен де, «Нұрлы жолдың да», индустрияландырудың да  тиісті деңгейде орындалуы көбіне көп әкімдердің қызметімен байланысты. Хош! Мемлекеттік ірі бағдарламаларды былай қойғанда, аймақтардағы ірілі-ұсақты проблемаларды орталыққа жеткізбей, сол жергілікті жерде тыңғылықты шешу қаншалықты мүмкін? Өзін-өзі басқару тетіктері тиімді қолданыла ма? 

-Жергілікті жерлердегі әкімдердің қолы ұзын ба ? 

-Барлық мүмкіндіктер бар.

-Олар оны қалай пайдаланады? 

-Салық ретінде түскен ақшаны әкім алады да су мәселесін, газ мәселесін шешуге арнайтын болады.

-Қадағалаушы кім? 

-Министрлік тарапынан жаңағы ашылған есепшоттарға мониторинг жүргізіп отырамыз.

Ақмола облысы Қоянды ауылына бара қалсаң түрлі техникалардан көз сүрінеді және олардың екпінді еңбек етіп жатқанын байқайсың. Жылдағы көрініс деп те ойлауыңыз мүмкін. Жоқ. Биыл ауылды көркейту үшін әкімдікпен қатар жергілікті тұрғындары да білек сыбана жұмысқа кіріскен. 

Өмірсерік Ержанов, Қоянды ауылының әкімі

-Біздер қазір ауылдың ортасынан өтетін үлкен көшелерді жасап жатырмыз екі үлкен көшені. Бюджеттің есебінен аудандық мекемелер жасап жатыр бір көшені, бір көшені осы ауылдың жеке кәсіпкерлермен бірлесіп өзіміз жасап жатырмыз. 

Ауыл әкімінің бұлай белсенді болуының екі себебі бар. Біріншісі жаңадан сайланған басшы жігермен келген. Екіншісі жергілікті өзін-өзі басқару заңының талабы жаңа. Ашып айтсақ, енді әкімді сайлауда жұрттың сөзі бұрынғыдан да салмақты бола түседі. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Ұсыныс беретін аудан әкімі. Мысалы бір адамды сайлағысы келді. Ол сол ауылға барады да айтады халықты жинап. «Міне мен осындай адамды сіздердің ауылдарыңызға әкім ретінде депутаттардың алдына ұсынғым келіп отыр»,-дейді. Егер сол жердегі халық қолдаса, сонда ғана барып ұсына алады. Егер қолдамаса басқа кандидатураны ұсынуға мәжбүр болады. 

Осыдан кейін әкім мырзалар екі жаққа бірдей жағу үшін жығыла жұмыс істері анық. Мәселен тұрғындар әкімнің немқұрайлы екенін байқаса, аудан басшысына ұсыныс беру арқылы жұмыстан босата алады. Сондықтан жылы орынды сақтап қалу үшін қарекеттер қарқын ала береді. Қоянды ауылында әкімдік пен жеке кәсіпкер бірігіп қазір ақылы тұрақ салуды бастады. Егер жоспар орындалса, түскен қаржының жартысы ауылдың есепшотына аударылып, түрлі түйіткілдерді тарқатуға жұмсалады.  

Өмірсерік Ержанов, Қоянды ауылының әкімі

-Сол әкімшіліктің есепшотына түскен ақшаны жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес сайланған сайлаушылармен бірлесе отырып, шешім қабылдап, ауылдың жол жағдайын жақсартуға одан кейін тазалық жұмыстарын жүргізуге, ағаш отырғызуға, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жұмсайтын боламыз. 

Өткен жылдары ауыл атқамінерлері мұндай іске құлықсыз қарайтын. Өйткені қаржы ауданға түсіп, пайдасы шамалы болып қалатын. Енді ортақ өгізден, оңаша бұзау артық болған күн жетті. Ендігәрі алты түрлі салық ауыл бюджетіне тікелей түседі. Олар: Мүлік, Жер, Ауыл шаруашылығы, Көлік, Табыс, Заңды тұлғаларға салынатын көлік салықтары. Осы түскен қаржымен ауыл әкімі түрлі мәселелерді өздері шеше береді. 

Өмірсерік Ержанов, Қоянды ауылының әкімі

-Жинайтын салығымыз барлығы аудандық салық бөліміне түседі. Сосын солардан бізге әрбір тоқсанның аяғында өзіміздің бөлікті беріп отырады. Біз әзірге оны жинақтап, жақсы соммаға айналған кезде сайлаушылармен жиналыс өткізіп, солармен бірлесіп жұмсаймыз. Әзірге жұмсаған жоқпыз. 

Есепшотқа түскен қаржы қажетті жеріне жұмсалуы үшін ауыл тұрғындарымен қатар Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бақылайды. Мұнымен мамандар «әділ жұмыс жүйесін қалыптастырамыз» деп отыр.  

Марғұлан Ермағамбетұлы, ҚР ҰЭМ жергілікті өзін-өзі басқару басқармасының басшысы 

-Біз министрлік тарапынан жаңағы ашылған есепшоттарға мониторинг жүргізіп отырамыз. Қанша қаражат түсті, қандай бағыттарға жұмсалып отыр. Бұл мониторинг арқылы біз халықтың жергілікті қауымдастықтың жиналысына қатысу деңгейін байқаймыз. 

Сарапшылардың айтуынша бұл қадам нәтижелі болса елді мекендердің дамуы жеделдейді. Алайда тек салықтың ақшасы көп істің көбесін сөге алмайды. Сол себепті ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуды да мықтап қолға алған дұрыс. Мысалы дамыған елдерде шағын және орта бизнестің үлесі 70 пайызға жетеді. Ал бізде 25 пайызға енді иек артқан. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Әрбір әкім соны басты мәселе деп бірінші орынға қойып, жаңа жұмыс орындары ашылса, біріншіден жұмыс орындары пайда болады. Сол жұмысты істеген адамдардың салығы бюджетке төленеді. Сол бюджеттегі ақшаны салық ретінде түскен ақшаны әкім алады да су мәселесін, газ мәселесін шешуге арнайтын болады. 

Тап осы бағытта Ақтау әкімдігінің өкілдері жоспар түзіпті. Қаладағы Ақбота паркінің бос аумақтарына кәсіп ашамын дегендерге жағдай жасаған. 

Берік Ізғалиев, қалалық ТШК және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы 

-Көңіл көтеру орындары, балалар аттракциондары, демалу кешендерін саламыз, пайда табамыз деген кәсіпкерлер болса, қала әкімдігі ондай тұлғалардың ұсыныстарын тыңдап, талқылауға әзір. Біздің позициямыз – мемлекет қаражатын мұндай объектілерге шығармау, тек қолайлы жағдай жасау.

Ақтаудағы жергілікті билік паркті жайқалтып, кәсіп ашатын азаматтарға көмек қолын созып жатса, керісінше Қарағандының орталық саябағынан сән кеткен. Қалың шөп қаулап өсіп, ит тұмсығы батпайтын ну орманға айналған. Оның үстіне жарықтандыру жұмысы да ақсап тұр. «Бұл қылмыстың өршуіне де әсер етеді»,-дейді мамандар. Тағы бір өткір мәселе 1950 жылдары салынған атракциондардың да әбден тозығы жеткен. 

Жәнібек Садыханов, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі

-Кеңестің мүшесі болған соң, бұл сұрақтарды міндетті түрде көтереміз. Бәріміз білеміз. Паркті жартылай жекеменшікке беру керек пе мүмкін. Қазіргі таңда мемлекет қарамағындағы парктердің шет елдегі парктермен салыстырғанда деңгейі өте төмен. Істеліп жатыр, бірақ жеткіліксіз. 

«Бұл істің мән-жайын қоғамдық кеңес мүшелері әкімге жеткіземіз»,-дейді. Тек айтып қоймай жұмыстың орындалуын талап етпек. Өйткені заң бойынша жергілікті басшы жұртшылықтың ұсынысын қабыл алуы тиіс. Алайда саясаттанушылар «кейбір әкімдер қоғамның тамыр соғысын дөп басып үйренбеген»,-дейді. 

Ғазизат Имақова, саяси ғылымдар кандидаты, доцент 

-Барлық мүмкіндіктер бар. Бірақ өкінішке орай әкімдер осы мүмкіндіктерді, тетіктерді істеуге әлі де құлықсыз болып отыр. Себебі оларға қосымша жүк тәрізді болып көрініп тұр. Қазіргі кезде өздерінің бір сарынды, ескі сарынмен басқарып қалған. Сол сарынды жалғастырып келе жатыр. Қазіргі кезде өзгеру керек. 

Әлбетте қазір тыңғылықты жұмыс істеп, өзгеретін шақ. Өйткені елімізді дамыту үшін Үкімет халыққа ыңғайлы заң қабылдады, әкімдерге өз алдына қажет құзырет берді. Міне, енді осы жағдайға жылдам бейімделіп, дамудың даңғыл жолына түсуіміз керек. Заман талабы-осы. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еркебұлан Тілеуқазы

7.Ел экономикасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Әлемдік нарықта қара алтын бағасы құлдыраудан соң қымбаттауға бет алды. Былтырғы қарашадан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш өткен аптада тіркелді. Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 50 долларға жеткен. Ал осы аптада ОПЕК-тің мұнай өндірісіне шектеу қоюға қатысты қандай да бір келісімге келе алмағандығына қарамастан, қара алтын құны тағы да 0,6 пайызға көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, бағаның құбылуына «АҚШ-та мұнай қоры азая бастады» деген хабардың тарауы себеп болған.

Венадағы басқосудан кейін Сауд Арабиясы мұнай өндірісін көбейтпейтінін айтты. ОПЕК-ке мүше елдер үйлестірілген нарықты қолдайтындарын жеткізді. Бұл тұста Қазақстан да қам-қарекетсіз емес. Ұлттық банк жаһандық мұнай бағасының ел экономикасына ықпал ету деңгейін ескере отырып, ақша-несие саясатының жаңа жолдарын айқындады. Макроэкономикалық дамудың үш бағыттағы жоспары әзірленді. Үш түрлі жоспар Brent маркалы қара алтынның баррелі 35, 30, 20 доллар болжамына негізделген.

Әзірге базалық сценарий есебінде бір баррель үшін 30 АҚШ долларына бейімделген бағыт қабылданды. Бірінші жоспарда 2016 жылы мұнайдың бір баррелі 35 АҚШ доллары болған кездегі болжамды өзгерістер қамтылған. Мәселен, тауарлар экспорты үштен бірге төмендеп, ағымдағы шоттың тапшылығы Ішкі жалпы өнімнің 4 пайызға жуығын құрауы мүмкін. Бұл жағдайда тапшылықты жою Ұлттық қордағы сыртқы активтерді пайдалану есебінен жасалмақ. Оған қоса шетелдік инвестициялар тартылады.

Екінші жоспарда мұнай бағасы біршама төмен, бір баррелі 30 АҚШ долларымен болжанған. Мұндайда іскерлік байланыс, тұтынушылар сұранысының азаюы мен төлем теңгерімінің әлсіреуі күтіледі. Қаржы-несие саясаты бірінші жоспардағы бағыттарға сай өзгеріссіз атқарылады.

Ең соңғы нұсқада әлемдік қаржы нарығындағы ахуалдың нашарлаған тұсында пессимистік болжамдар қаралған. Мұнайдың бір барррелі - 20 доллар. Олай болған жағдайда тауарлар экспортының түсімдері азаяды. Ағымдағы шот тапшылығы ұлғаяды. Тікелей инвестициялар қысқарады. Бұл тұста қаржылық ахуалды тұрақтандыруға сеп болатын негізгі бағыт - Ұлттық қордың активтерін пайдалану. Сарапшылар Ұлттық банктің келешекті бағамдауы, сын-қатерлерге алдын ала қамдануы – құптарлық дегенді айтты. 

Қасымхан Жұманазаров, экономист

-Ұлттық банк өзінің болашағын анық көрсетіп отыр. Елдің экономикасына қандай өзгерістер, қандай сілкіністер болуы мүмкін? Соған жалпы айтқанда елді дайындап отыр. Кәсіпкерді, өндіруші, тұтынушыны да, билікті де. Талдаулардың нәтижесіне қарағанда біз 2 сандық инфляцияға өтіп бара жатырмыз. 10 пайызға дейінгі инфляция ол экономиканың дамуына, әрі қарай өркендеуіне көмектеседі де, және ықпал жасайды. Ал 2 сандық инфляциядан әрі қарай өтіп бара жатсақ, бұл енді орташа инфляция экономиканың дамуына да, үдерісіне де, болашағына үлкен сілкіністер алып келеді. Мұнайдың бағасы түседі. Ал 20 долларлық сценарийге Ұлттық банк келтіріп отырғанына қарағанда алдымызда әлде де Қазақстан экономикасында үлкен сілкіністер келе жатыр.

Ұлттық банк үш болжамды жоспардың барлығында жылдық инфляция жоғарылайды дегенді айтады. Биыл екінші және үшінші тоқсандарда оның деңгейі айтарлықтай өскенмен, жыл соңына қарай төмендеуі ықтимал. Демек, баға құбылады.

«Жеті күн» тілшілері дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін деген әңгіме төңірегінде зерттеу жүргізді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы реформалар фармацевтика нарығына қалай ықпал етеді? Қазақстанға препараттарды тікелей тасымалдаушылар көбейгеннен қоғам не ұтады?

Отандық фармацевтикадағы ахуалдың оңалатын түрі бар. Дәрі-дәрмек құнының шарықтауына шек қойылады. Баға керісінше арзандауы мүмкін. Жыл басында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Фармацевтикалық қауымдастық өкілдері бір жүз бес түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйымның бағасын жыл соңына дейін тұрақты ұстап тұруға уағдаласқан. Енді шетелдік ірі компаниялармен делдалсыз сауда жүргізуге қол жеткіздік.   

Қазақстан дәрі-дәрмектің жетпіс жеті пайызын сырт елдерден сатып алады. Отандық компаниялардың бұл саладағы үлесі қазір жиырма үш пайызға жетті. Ал он жыл бұрын бар жоғы бес пайыз болатын. Препараттар саудасы үш бағытта жүргізіледі. Бірінші бірыңғай дистрибьютер арқылы алынатын, екінші медициналық ұйымдардың өздері тасымалдаған, үшіншісі мемлекеттің қаржысына амбулаторлық деңгейде сатып алынып, емделушілерге тегін берілетін дәрілер.  

Әзірге нарықта өзгерген ештеңе байқалмайды. Сонда дәрі саудасындағы баға қалай реттелмек? Бұл мемлекеттің пәрменімен қалыптасқан бірыңғай сатып өткізуші компания арқылы жүзеге асып отыр. 

«Самұрық Қазына-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы шетелдік фармацевтикалық зауыттардан дәрі-дәрмекті тікелей келісімшарт арқылы ала бастады. Жуырда бірқатар меморандум бекітті. 

Нұржан Әлібаев, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы

-Біріншіден, ол баға, екіншіден, сапа, үшіншіден, экономикалық жағдайда делдалдардың санын азайту. 2011 жылы 200 миллион теңгеге тікелей контракт болса, 2016 жылы 18,8 миллиард болды. Ал 2017 жылы 40 миллиардқа жеткіземіз ба деп жоспарлап отырмыз. 

Демек, ауруханаларда тегін берілетін дәрі-дәрмек шетелден делдалсыз сатып алынады. Сәйкесінше құны да қымбат болмайды. Бюджетке де салмағы азаяды. Ал үнемделген қаржы алдағы қажеттілікке қорымызды алдын ала арзан бағада сатып алуға жұмсалады. «Дәрі-дәрмек нарқындағы мұндай реттеу саясаты басқа елдерде жасалмайды»,-дейді мамандар. 

Мұхтар Битеміров, Фармацевтикалық компаниялар тобының бас директоры, құрылтайшы 

-Дәрінің жетіспеуінен дефектура болады. Жетіспеген кезде кейбір аптекалар бағасын көтеруі мүмкін. ал егерде белгілі қорлар болатын болса, дәріханалар уақытылы ала алады. Демек бағасы жоғарыламайды.   

Лариса Пак, ҚР ДСӘДМ комитеті төрайымының міндетін атқарушы

-Біз қазіргі заңдылық бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясындағы дәрілердің бағасын реттейміз. Егер бұдан өзге еркін нарықтағы бағаны бақылау құзыреті берілсе, барлық препараттар құнын қадағалай аламыз. 

Қазір елімізде дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтар шығаратын 24 зауыт жұмыс істейді. Биыл екі айда бұл саладағы өндіріс былтырғымен салыстырғанда жиырма пайызға артқан.  

Қазақстандық дәрінің тоқсан пайызы ОҚО, Алматы қаласы және Алматы мен Қарағанды облыстарында шығарылады.  

Дәрі өндірушілерге мемлекеттен қолдау бар. Мысалы, сатып алу тендеріне отандық компания қатысатын болса, шетелдік кәсіпкердің бәсекеге түсуіне жол берілмейді. Ал бірыңғай дистрибьютор былтыр 18 миллиард теңгеге бізде өндірілген препараттарды иемденген. Сөйтіп қазақстандық үлесті 75 пайызға жеткізді. 

Шымкенттегі компаниялар тобы - отандық дәрі-дәрмекті оңтүстік өңірге ғана емес, еліміздің барлық аймақтарына тасымалдайды. Препараттарды сақтау, қажетті қорын жинау, діттеген жеріне жеткізу ісін заманауи талаптарға сәйкестендіре бастапты. Биыл тапсырыстың ұлғаюына байланысты қосымша қоймалар салған.   

Мұхтар Битеміров, Фармацевтикалық компаниялар тобының құрылтайшысы 

-Мұндай А класты қоймаларды компанияларға салу да, ұстау да мүмкіндігінше пайдалы деп есептеймін. Ең үлкен осы қойма. Бұл жерде 18 бен 20 градустың арасындағы температура ұсталады. Дәріханаларға және ауруханаларға жеткізу үшін екінші қойманы ашқанбыз. Ол жерде 28 автокөлік бар. Мұндай қоймалардың болуы біріншіден, біраз қор ұстауға болады, дәріханаларды уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. 

Биыл ЕАЭО аясында ортақ дәрі-дәрмек нарығы құрылды. Жыл соңына қарай толығымен өз жұмысын бастайды. Сондықтан  қазақстандық ұлттық формулярды әзірлеуде одаққа мүше елдердегі дәрі-дәрмек құны ескерілді.  

Лариса Пак, ҚР ДСӘДМ комитеті төрайымының міндетін атқарушы

-Біз дәрі өндірушілермен келісімшарт жасау кезінде нақты айта аламыз. Мәселен, «Ресей нарығында баға мынадай, ал бізге неге басқа бағамен ұсынасыздар?» деп. Себебі біз ішкі және сыртқы нарықтағы салыстырмалы бағаны сараладық. ЕАЭО аумағындағы елдермен салыстырмалы түрдегі нарықты зерттедік. ДСҰ базасындағы бағаны да ескердік. Өткен жылдан бері өндірушілермен немесе олардың ресми дистрибьютерлерімен тікелей келіссөздер жасадық. 

Зерттеудің нәтижесінде қазақстандық ұлттық формуляр әзірленіп, мамыр айынан қолданысқа енгізілді. Бұл дәрі сатып алғысы келген азаматқа көп ақпаратты жайып салады.  

-сапасына көңіл бөлу керек дәрі дәрмекті таңдаған кезде  

-біріншіден бағасына

-жарнамасы көбірек берілетін танымал дәрілер

-бағасына да, сапасына да қараймыз

Енді дәріханаға бармас бұрын іздеген препаратқа қатысты көп мағлұматты оңай табуға болады. Ел аумағында сатылатын дәрі-дәрмектер туралы барлық деректер жинақталды. Мұнда қай елде өндірілгендігі, оның құрамы, адам ағзасына клиникалық оңды немесе кері әсері туралы көрсетіледі. Аты басқа болғанмен заты бір дәрілердің тізімі де осында. Ең арзаны немесе ең қымбатын да тауып, салыстырып, таңдау жасауға болады. 

Лариса Пак, ҚР ДСӘДМ комитеті төрайымының міндетін атқарушы

-Қазақстандық ұлттық формуляр тізіміне 650 халықаралық деңгейде патенттелген дәрілік зат, 2 мың 400 ден астам сауда-тауарлық атауы бар дәрілер енгізілді. Клиникалық әсері, тиімділігі дәлелденіп, тексеруден өткен препараттар қосылды. Олар халықаралық сараптаудан өткен. Осындай бірегей жобаны алғаш әлемдік медицинаға енгізген британиялық сарапшылар қазақстандық формулярды құруға кеңесші болды. 

Мамандардың айтуынша бөлшек саудадағы бағаның сан құбылуы нарық заңына тәуелді. Дегенмен алдағы жылдары тұтынушылар үшін оңтайлы өзгеріс күтіп тұр. Медициналық сақтандыру аясында тегін берілетін препараттар тізімі кезең-кезеңімен қайта қаралады. Сақтандыру жүйесіне сәйкес емделушілердің дәрі-дәрмекті емдеу орындарынан тегін ала алатындай мүмкіндігі артады. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Әбдез Рахманұлы, Еркебұлан Тілеуқазы, Санжар Жартиев 

8.Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Науқан биыл дәстүрлі форматта соңғы рет ұйымдастырылып отыр. Түлектер әдеттегідей 5 пән бойынша 125 сұраққа жауап береді. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін кемінде 50 балл жинаулары шарт. Шекті балды еңсере алмағандары тамыз айында тағы бір мәрте бағы мен бабын сынай алады. Бұл - тестілеуге биыл енгізілген жаңалық. Айта кетейік, мұндай мүмкіндікті пайдаланған талапкерлер тек ақылы бөлімде оқи алады. 

Білім сынағының алғашқы күнінде тестілеуге шамамен 18 мыңнан астам түлек қатысты. 3 оқушы 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. Ал, 4 талапкердің тест нәтижелері бірден күшін жойды. Олар сынақ кезінде бір емес, бірнеше мәрте тәртіп бұзған. Тестілеу 44 жерде өтті. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі 

-Өзім төрт орталықты Алматы қаласында қарадым. Бәрі дұрыс, балалар отыр. Біз екі жеті жұмыс істеп, арнайы органдармен барлық орталықты тексеріп шықтық, бүгін таңертең де, кеше түнде де бәрі таза, ешқандай қауіпті мәселелер жоқ.

Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтеді. Ел бойынша оған 86 мың 999 түлек қатысады. Бұл биылғы мектеп бітірушілердің 72 пайызы. Білім сынағы арнайы жасақталған 165 орталықта өткізіледі.