ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 73

Жеті күн 18.06.2016

Жеті күн 18.06.2016
Сюжеттер
1. Ұлт жоспарының 23 қадамы орындалды 2. Санкт-Петербордағы халықаралық форум 3. Елбасының келелі кездесулері
4. Елбасы экономиканы қолдауға 240 млрд теңге бөлуді тапсырды 5. «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы мен нәтижесі 6. Әлемдік экономиканың ахуалы және Қазақстанда мүлікті заңдастырудың барысы
 
7. Жер комиссиясының кезекті отырысы Алматы облысында өтті 8. 2019 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі  

1. Ұлт жоспарының 23 қадамы орындалды

Ұлт Ұлт жоспарының 23 қадамы толық орындалды. Апта басында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның осы уақытқа дейінгі қызметі қорытындыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бұның барлығы болып жатқан дағдарыстың алдын алуға бағытталған мәселелер. 5 институционалдық реформа жүргізу туралы міндет Үкіметтің алдына қойылған. Содан бері 1 жылдан астам уақыт өтті. Бұл реформаларды өмірге енгізу үшін Ұлт жоспарының «100 қадамын» тағайындадық. Шынын айту керек, былтырдан бері көп және үлкен жұмыстар атқарылды. Заңнамалар қазіргі қолданыстағы бәрі ревизидан өтті. Нәтижесінде, белгілі 59 заң қабылданды. 400-ден артық нормативтік құжаттар енгізілді. Енді мәселе – іске асыру жолында. 

Негізгі түсімдер ортайып, дағдарыспен бет бет келген тұста экономикалық жағдай күніертең жақсарады, мұнай бағасы өседі деп үміттің жетегінде жүре беруге болмайды. Сонымен қатар бәсекелестікті сақтап қалу керек. Қазіргідей күрделі кезеңде бес институционалды реформа дамудың кешенді жоспарына айналып отыр. Осы тұста Президент Ұлт жоспарын сапалы орындау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл бір. Екіншіден, заңнамалық актілер қабылдау кезінде кеткен кемшіліктер бар. «Соның айқын мысалы – жер мәселесіне қатысты заң», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В целом правительством передо мной отчитывается, что из 100 шагов полностью выполнено 23. Вместе с тем то, что мы приняли законы, нормативные акты это само собой вопроса не решает. Нужна грамотная реализация работы повседневная деятельность и работа с обществом. Надо проводить работу над ошибками на основе анализа, обсуждения принимаемых мер.

Биыл Ұлт жоспары іс жүзінде басталды. Елеулі өзгерістерді  қоғамның өзі терең түйсініп отыр. Бір мысал. Жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік қызмет жүйесі мансаптық модельге көшті. Ол дегеніміз, салада еңбек өтілі жоқ азамат, бірден жоғары лауазымға тағайындалмайды деген сөз. Міндетті түрде төменгі сатыда жүреді, сөйтіп тәжірибе жинақтайды, кем деген бір жылдан соң басқа лауазымға үмітті бола алады. Оның өзінде конкурсқа қатысуы шарт. Конкурс өткізу талаптары да айтарлықтай жаңарды. Тестілеу тәртібі де өзгерді. Енді заң білумен қоса азаматтың жеке қасиеттері де бағаланады. Қалай дегенмен де, осы сынды реформалар тиімді бола бастағанын аңғарамыз. Жыл басынан бір орынға үміткерлердің саны 5 есеге көбейді, ал қызметтен кету 2 есеге азайды. Командалық ауысу да 19 есеге кеміген.

Талғат Донақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі

-Биылғы жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметтің меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық моделі енгізілді. Қазір кадрларды мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстық негізде жүзеге асады. Олардың мансаптық қажеттіліктерін қанағаттаныдру үшін бұл конкурстар әуелі сол мемлекеттік қызметкерлердің арасында өтеді.

Ұлт жоспарының толық іске асқан қадамдарының ішінен үшбуындық сот төрелігін, судьялардың біліктілігін арттыру секілді жұмыстарды бөле-жара айтуға болады. Бұдан бөлек, салық, кеден салаларында жаңалық көп. Сарапшылар бес реформа айналасындағы жұмыстың қоғам өміріне тигізер әсерін оң бағалайды.

Ғазизат Имақова, саяси ғылымдар кандидаты

-Қазір мемлекеттік билік халықтың алдында ашық, мемлекеттік билік қазір халықтың әрқайсына әрбір қазақстандыққа қолжетімді. Сіздің арыз-шағымыңыз бар ма, сіз тікелей атқару билігіне араласа аласыз. Кедендік және салықтың жүйесін оңтайландыру дегеніміз ол да қарапайым халық үшін жасалып жатқан мәселелер. Ол дегеніміз саяси көшбасшылар үшін емес, мінекеи шекарадан асып, зат алып қайтып келе жатқан адамның өмірін жақсарту үшін бағытталған шаралар. Сондықтан, қарапайым халықтың мүддесі үшін жасалып жатыт, белгіл топ үшін емес, қарапйым халық үшін жасалып жатыр. Оны барынша пайдалану ол халықтың енді өзінің ынтасы, бағыты болуы керек.

2. Санкт-Петербордағы халықаралық форум

Әлемдік экономика мәселелері осы аптада Санк-Петерборда айтылды. Халықаралық жиынға Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Форум аясында Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесіп, екі жақты  ынтымақтастық мәселелерін талқылады, жаһандағы жағдайға тоқталды. Елбасы алмағайып заманда Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызы зор екенін жеткізді. Ал Бас хатшы болса, Ұйым аясында қашанда жан-жақты қолдау көрсетіндігі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Считаю, что ООН является важнейшей организацией, которую должны поддерживать все государства мира, укрепляя ее авторитет и возможности. Особенно это необходимо в нынешней нестабильной ситуации. Как вы знаете, Казахстан выдвинул ряд предложений, направленных на укрепление мира, интеграции и взаимопонимания. Наша страна проводит Съезд мировых и традиционных религий, чтобы объединить цивилизации. В этом году мы будем отмечать 25-летие закрытия Семипалатинского ядерного полигона, где Вы имели возможность побывать. Кроме того, на последней сессии Генеральной Ассамблеи нами была озвучена инициатива по избавлению человечества от оружия массового поражения.

Сондай-ақ Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Екі ел басшылары жыл басталғалы бері осылайша төртінші рет жолығып отыр. Әңгіме кезінде ынтымақтастық жайы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері айтылды. Қос Президент халықаралық ахуал бойынша да пікір алысты. Санк-Петербор экономикалық форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев көптеген кездесулер өткізді. Шикізат бағасы жаһандық экономиканың қозғаушы күшінен керісінше тежегішіне айналды. Қазіргі уақыт өзге. Ережелер басқа. Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумының биылғы «Жаңа экономикалық ақиқат қарсаңында» деп айдар тағуы бекер емес. Күллі бизнес əлемінің бүгінгі ахуалын аңғартқандай. Жаңа деммен жаңа талаптарға бейімделу қажет. Ал бұл форум бизнесмендер мен саясаткерлер үшін диалог құратын бірегей алаңға айналды. Аймақтық экономикалық мəселерді шешуде əлем үшін мұндай шарапаты мол шаралардың маңызы зор. Петербор форумының басты қонағы – Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев мінберге нақты ұсыныспен шықты. Барша бизнес қауымдастық күрделі кезеңдерге дайын болу қажеттігін ескертіп, «қауіпсіздік белбеуін» бекем тартуға кеңес берді. Мемлекет басшысы бүгінде әлем елдері 8 жыл бойы дағдарысты бастан кешіп отырғанын жеткізіп, экономикалық ахуал әлі күнге дейін тұрақтанбағанын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Даже самые сдержанные прогнозы по росту мировой экономики , чаще всего не оправдываются. По итогам 2015 года зафиксирован самый низкий показатель  роста мирового ВВП всего лишь 3,1 процента. Экспертные оценки на ближайшие годы относительно роста глобальной экономики постоянно снижаются. На 2016 год прогнозируется рекордная сумма оттока капиталов с развивающихся рынков – до 450 миллиардов долларов. В то же время приток капиталов в развитые экономики также не гарантирует их дополнительного роста. Падение цен на сырьё заметно снизило доходы всех стран-экспортёров. Но при этом усилилось дефляционное давление в странах-импортёрах. Доходность абсолютно всех добывающих компаний быстро сокращается. В проигрыше оказались все.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық мәселелерді шиеленістіріп отырған негізгі проблемалардың бірі халықаралық қаржы институттары екенін қадап айтты. Елбасы бұл орталықтар бұған дейінгі жаһандық дағдарыс қиындықтарынан сабақ алмағанын қаперге салды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Разговоры о реформе международной финансовой системы так и остаются, по большому счёту, лишь разговорами. Соблазн получать прибыль от бесконечного «надувания» новых финансовых пузырей, взамен лопнувших, остаётся в силе. Сейчас наметилась тенденция винить во всех бедах интеграцию и глобализацию. Призывы строить высокие стены на границах слышны повсюду. Но если разбираться объективно, то глобальная экономика страдает не от избытка интеграции, а наоборот, от её недостатка.

Мемлекет басшысы мінберден көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар сауалдарды қаузап, мына алмағайып заманда Еуропалық Одақ пен Еуразиялық Экономикалық Одақтың әлеуетін бірлесе пайдалану қажеттігін алға тартты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сопряжение экономических пространств Европейского Союза и Евразийского экономического союза имеет большой потенциал для рывка в развитии и всей Большой Евразии, и мира в целом. Я был и остаюсь твердым сторонником такого процесса, постоянно поднимаю этот вопрос на встречах с нашими европейскими партнёрами. Выражаю надежду, что участие в Петербургском экономическом форуме многих руководителей крупнейших компаний Европы и Председателя Европейской комиссии господина Жана-Клода Юнкера приблизит начало прямого диалога между ЕС и ЕАЭС. Огромные перспективы имеет формирование общих точек экономического роста между Евразийским экономическим союзом и «экономическим поясом Нового шёлкового пути.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр бір сөзінде үлкен мән бар екені жеткізді. «Және санаулы жылдардың ішінде-ақ Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше атанғысы келетін елдердің артуы ұстанған бағытымыздың дұрыс болғанын айқындайды», – деді. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Дағдарыс кезіндегі бұл жиынның мәні де мағынасы да зор. Біз мына жаһанды жайлаған экономикалық қиындықтарға тек бірлесе тосқауыл қоя аламыз.Бұл ретте біз санкциялық теке-тірестердің алдын алып Қазақстан Президенті ұсынған бірегей бастамаларға бой ұсынып интеграцияға басымдық беруіміз керек. Бүгінде Еуразиялық Экономикалық Одақтың еркін аймағына қызығушылық білдірушілердің қатары көп.

Санкциялық теке-тірестер экономикалық ахуалды ушықтырып кез-келген елді қаржылық қыспаққа алатыны белгілі. Мұны Ресейдің іскер топ өкілдері бір адамдай түсінеді. Белгілі кәсіпкерлер Қазақстан Президентімен кездесуге ерекше ыждаһаттылық білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей бизнес əлемінің алпауыттарымен арнайы жүздесті, жоспарларын тыңдады. Қазақстанға қаржы салуға ықыласты қалталыларға қақпамыз ашық екенін айтты. Олар да жоқ демеді. Себебі ұлттық валютасы барынша рекордтық деңгейде құлдырып, мұнайдан түсетін түсімі орталанып, тұс-тұстан салынған санкциялардың құрсауында қалған Ресейде қазір қандайда бір қомақты табыс табу мұң бола бастаған. Ал Қазақстан инвесторларға қолайлы жағдай жасай білген Орта Азия елдері қатарында көш бастап тұр. Салықтық жеңілдік, визасыз режим, құжаттарды аз уақытта ресімдеу дейсіз бе, хош дедік.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-По признанию международных экспертов, в Казахстане одна из лучших в мире фискальная политика. По показателю «налогообложение» рейтинга «Легкости ведения бизнеса» Всемирного банка наша страна находится на 18 месте из 189 стран. По рейтингу Всемирного банка.

Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық ресейлік кәсіпорын табысты жұмыс жүргізіп отыр. Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 15 млрд долларды шамалады. Көп емес əрине. Бұл да дағдарыстың салқын желі. Көшті қалыпқа келтіру керек. Ол үшін Еуразия экономикалық одақ алаңын дұрыс пайдалану маңызды деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Есть впечатляющие результаты, интересные проекты и перспективные начинания. В казахстанскую экономику вкладывают такие компании, как «Лукойл», «Газпром», «Русал», «Полиметалл», «Еврохим» и многие другие. Наше главное достижение последних лет создание Евразийского экономического союза, в условиях которого мы работаем. В настоящий момент полностью сформирована необходимая законодательная база ЕАЭС, обеспечено свободное передвижение товаров, услуг, капитала, рабочей силы. Это уже немало. Самое главное - обеспечена свободная конкуренция наших производителей на пространстве союза.

Ресейлік іскерлер металлургия, химия, машина құрастыру саласын инвестициялауға ынталы. Қырағы кəсіпкерлер қателеспепті. Еліміздегі индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығында басымдық берілген салалар бұл. Сондықтан талай жеңілдіктер де қарастырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Главные приоритеты индустриализации – металлургия, химия и нефтехимия, машиностроение, стройматериалы, производство пищевых продуктов. Для инвесторов, работающих в приоритетных отраслях, предусмотрены преференции в виде освобождения от уплаты корпоративного подоходного налога, земельного налога сроком на 10 лет, налога на имущество – на 8 лет. Инвесторам будет возмещаться до 30% капитальных затрат после ввода объектов в эксплуатацию.

Көліктік инфрақұрлым тұрғысынан да қазақ жері кəсіпкерлер үшін қолайлы. Еуразияның кіндігінде орналасқандықтан елімізде санаулы жылдар ішінде 2 мың шақырым темір және 4 мың шақырым күре жол төселген. Осылайша, Азия мен Еуропаны ,Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыруға мүмкіндік бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-До 2019 года предусмотрена реализация 17 автодорожных проектов общей протяженностью более 8 тысяч километров. В результате мы получим полноценные стратегические транспортные коридоры, соединяющие напрямую Азию и Европу, Север и Юг. Для примера, грузы из Китая в Иран морским путём идут месяц-полтора, через Казахстан около 15 дней при сопоставимой стоимости перевозок.

Қазақстанның ұсыныстарына жергілікті кәсіпкерлер ерекше ынта қойды. Бұл түсінікті де. Біраз уақыттан бері «батыстың базынасы» берекесін қашырып, ырыздықтарын азайтып еді. Ресейдің көптеген тұтыну тауарынан бас тартқан олар да қазір шығынға батты. Есептерге сүйенсек, еуропалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жыл сайын Ресейге 11 млрд. доллар көлемінде тауар тасымалдайды. Санкциялар «шайқасынан» еуропалық осынша тауардың Ресейге тасымалы тізгінделіп қалды.

Вагит Алекперов, «Лукойл» компаниясының президенті

-10 жыл ішінде біздің компания энергетикаға байланысты жобаларға 4 млрд доллардан астам инвестиция құйды. Осы уақыт ішінде әлеуметтік инвестицияның көлемі 300 млн долларға жетті. Каспий стратегиялық инвесторлар аймағы болып табылады. Сол үшін біз Қазақстан мен одан әрі де етене араласуға ниеттіміз.

Виталий Несис, « Полиметалл» ААҚ  Бас директоры 

-Қазақстанның бірегей инвестициялық тартымдылығын атап өткім келеді. Сіздердің геологиялық әлеуеттеріңіз өте мықты. Және инфрақұрылымдарыңыз бар. Бастысы Қазақстанда кәсібіңді өрге домалатуға барлық жағдайды жасайды. Бұл – дағдарыс кезінде ескеретін ең маңызды шарттардың бірі.

«Сенімді серіктес, стратегиялық әріптес болып табылатын Ресей Федерациясымен алыс-берісті арттыру бізге қай тұрғыдан да тиімді», – дейді еліміздің Ұлттық экономика министрі.

Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі

-Ресей – біздің ең ірі сауда әріптесіміз. Және инвестиция жағынан алатын болсақ та 9 млрд доллардан астам қаржы құйған. Қазақстан Ресейге 2,5 млрд доллар құйған еді. Әрине, Ресей біздің ірі серіктесіміз болғандықтан, әрине Ресей экономикасы бізге әсер етеді. 

Елдар Бақпаев, тілші

-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі күнге созылған Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы Қазақстан үшін қай тұрғыдан да нәтижелі өткендігін жеткізді. Дағдарыстан шығу жолында нақты бағыт-бағдар айқындалды бірегей бастамалар көтерілді. Елбасы біздің алдымызда тұрған ендігі меже алдыға қойылған міндетті мінсіз атқару деп атап өтті. Форум аясында іскер қауым өкілдері көтерген күрмеуі күрделі мәселелердің барлығы биыл қазан айында Астанада қаузалады.

Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізіп, сапарды қорытындылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің Астанадағы Экономикалық форумнан кейін Санкт-Петербордағы экономикалық форум біз үшін өте маңызды болды. Біз серіктес ретінде көрші ретінде Ресейді қолдау үшін келдік. Бірақ біз өз шаруаларамызды шештік. Кешегі бизнес капитандарымен кездесу 50 артық ең мықты Ресейдің компаниясымен кездестік. Оның барлығының Қазақстан деген қызығушылығы біз үшін керек. Қазіргі күннің өзінде Еуразиялық Экономикалық Кеңестің құрылуына байланысты 7-8 млрд доллардан артық алдына ала келісімдер бар. Біздің Қазақстанды істеліп жатқан жағдайды біздің мүмкіншіліктерімізді паш ету бізге қажет болды.

Сонымен қатар Президент орайы келгенде Еуразиялық Экономикалық Одақ посткеңестік кеңістік елдерін біріктіруді қалайды деген қауесеттен арылу қажеттігін айтты. Елбасы біздің барлық бастамамыз ел экономкасының еңсесін тіктеу үшін жасалып отырғанын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің мына Еуразиялық экономикалық одақты неше түрлі ғылып айтып жатыр ғой дүниеде. Бұрынғы ССР-ды жинап жатыр анау-мынау деп. Барлық инциатива Қазақстаннан шықты ғой. Себебі бұл бізге керек. Картаға қарасаңдар Қазақстан құрлықтың дәл ортасында тұр. Ешқандай теңізге шығатын жолы жоқ төңірегіміздегі үлкен нарықты қолдануымыз керек. Біз үшін үлкен нарық-Қытай және Ресей. Сондықтан не үшін керек ол үшін арадағы кедергіні алып тастау керек. Сол үшін одақ керек.

Авторы: Елдар Бақпаев.

3. Елбасының келелі кездесулері

Форум аясында Елбасы көптеген кездесулер өткізді. Гвинея Республикасының басшысы Альфа Кондемен Нұрсұлтан Назарбаев саяси, сауда-кономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық жайын қарастырды. Қазақстан Президенті: «Қос елдің бір-бірінен шалғайлығы өзара байланысқа кедергі емес», – деді. Қазіргі таңда ресми Астана Африка елдерімен қарым-қатынасқа көңіл бөліп келеді. 

Қарым-қатынас мәселелері «Ресей темір жолдары» компаниясының президенті Олег Белозеровпен болған кездесуде де қаузалды. Көлік-логистика саласында мүмкіндіктер көп. Осы тұста Елбасы теміржол компаниясының табысты екеніне, серіктестікті кеңейту үшін инновациялық технологиялар енгізіп, тасымалдар тиімділігін арттыруға мән берді. Ал, энергетика және мұнай-химиясы салаларындағы ынтымақтастық пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын Қазақстан Президенті АФК Система» ашық акционерлік қоғамы  директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Евтушенковпен болған кездесуде талқылады. 

Іле шала Нұрсұлтан Назарбаев DP World  компаниясының  басқарма төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайеммен кездесті. Тараптар  көлік-логистика және теміржол саласына басымдық берді. 

Сондай-ақ DP World компаниясының «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен Ақтау портын дамыту ісіне қатысуы жөніндегі мәселелер қарастырылды. «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен тараптар Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға компанияның қатысуы жөніндегі мәселелер мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылады. 

Рекс Тиллерсон Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылдары еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

4. Елбасы экономиканы қолдауға 240 млрд теңге бөлуді тапсырды

Алғашқы жартыжылдық оңайға соқпады. Әсіресе үш салаға: мұнай мен көмір өндірісіне және қара металлургияға ауыр тиді. Алайда маусымнан бастап Қазақстан экономикасы тұрақтанады деген үміт басым. 

Ішкі жалпы өнімнің құлдырауы тоқтайды не болмаса бейтарап деңгейге шығамыз. Қазіргі болжам осындай. Сонымен осы аптада Президент экономиканы қолдау үшін қосымша 240 миллиард теңге бөлуді тапсырды дедік. Қаржының дені бизнесті демеуге беріледі.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Ол қаражат біріншіден 70 млрд теңге «Нұрлы Жол» бағдарламасынан алынатын болады, өйткені қазір біздің болжамымыз бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасында 10 пайыз – 70 млрдқа жуық қаражат игерілмей қалуы мүмкін 2016 жылдың нәтижесінде. Және 85 млрд теңге ЕНПФ-ке бұрын антикризистік бағдарламаға көзделінген қаражат. Ол да қазір біздің байқауымыз бойынша игерілмей қалуы мүмкін. Оны күтпей біздің ұсынысымыз бойынша сол қаражатты пайдаланып, «Нұрлы жол» бағдарламасынан қалып жатқан қаражатты бірлестіріп, ШОБ жобаларына, оларды қаржыландыруға болады деп. 

Экономиканы қолдауға бөлінген ақша кәсіпкерлерге қалай және беріледі?

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Бұл қаражат «Бәйтерек» холдингі арқылы, «Даму» қоры және Қазақстанның даму банкі арқылы жеткізілетін болады. Біздің бизнесмендер сол қаражатты қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Қаражаттың бағасы біздің кәсіпкерл үшін 8 пайыздың жанында болады. Өйткені, Бизнестің жол картасы бағдарламасына жаңа толықтырулар енгізіп, осы бағыт үшін 5 пайыздық субсидияны көздейтін боламыз.

Қазір бұрынғыдай үріп-ішіп, шайқап-төгетін дәурен емес, сондықтан қолдағы шамалы қаржыны үлгіртіп, елдің игілігіне жұмсау маңызды. Биылдан бастап кәсіпкерлікті қолдаудың тәртібі сәл өзгерді, егер өндірісіңді өркендетіп, салықты уақытында төлеп, адамдарға тұрақты түрде жұмыс беріп отырған болсаңыз, алған несиеңіздің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия беріледі. Жаңа тәсілмен осы уақытқа дейін 53 жоба қаржыландырылды. 

Бауыржан Исабеков, экономист 

-Ұлттық банктің базалық ставкасы 15 пайызды құрайды, ал екінші деңгейлі банктер ШОБ-ке 21-24 пайызбен береді бұл өте жоғары пайыз, мұнайдай пайызбенен кем дегенде екі-үш жыл мерзімінде жұмыс жасап, өндірісті ұйымдастырамын деген кәсіпкерлерге ыңғайсыз, тиімсіз болып табылады. Сондықтан бөлінетін қаржылар субсидия ретінде екінші деңгейлі банктердің пайыздарын 8 пайызға дейін кәсіпкерге тиімді етіп түсіріп, ұсынуы оның игеріліуіне оң ықпал жасайды ғой деп ойлаймын.

Мұнай-газ, тау-кен, металлургия секілді бірқатар салаларда өндіріс көлемі кеміді. Үкімет қазір соларға қолдау көрсетудің қамына кірісіп кетті. Сонымен қатар биыл өндірілетін мұнай жоспарланған 74 миллион тоннадан 75 миллионға жеткізілетін болады. 

Ал қазан айында «Қашаған» кен орны іске қосылады. Біздің айтып отырғанымыз – дағдарысқа қарсы әрекет. Тоқырауға тосқауыл қою бүгін басталған шара емес, бұған дейін де нақты жоспар бекітілген. Сондықтан болар өткен жылды шамалы болса да өсіммен аяқтадық. Биыл да әлемдік нарықтағы жағдайды жіті бақылауға алдық, бірақ ахуал айтарлықтай оңалады деп айтуға әлі ерте. Қостанай облысында жер асты қазба байлығын игерумен 600-ден астам кәсіпорын айналысады. 51 мың адам осы салада еңбек етіп, нәпақа тауып отыр. Экономикалық әрі әлеуметтік салмағы басым бұл өндірістегі қарқын жыл басынан бері біршама бәсеңдеді. 4 айда тау кен өндірісінің көлемі 30 пайызға кеміді. 

Мәселен, Соколов Сарыбай бірлестігі жылына шамамен 16 миллион тонна темір кені шикізатын және дайын темір жентектерін өндіреді. Соның басым бөлігі Ресей мен Қытайға экспортталады. Соңғы уақытта шетелдік тұтынушылардан сұраныс азайған. Былтыр 11 миллион тоннаға жуық темір концентраты мен жентектері сыртқа сатылған. Соның алты миллионы Ресейге, ал Қытайға тек 60 мың тоннасы ғана жіберілген. Биылғы бес айда экспортқа шығарылған темір шикізатының көлемі 3 миллион тоннаға да жетпейді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, рудныйлық кен өнімдерін алуды Ресей де азайтқан. 

Ал Қытай тарапынан керісінше былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда сұраныс артқаны байқалады.

Сергей Карплюк, Қостанай облысы әкімінің орынбасары

-Біз жағдайдың бұлай боларын білдік. Себебі экспортқа шығарылатын негізгі өнім – теміржол шикізат кенінің бағасы арзандап кетті. Мамыр айында нарықтағы баға біршама өзгерді. Қазірге дейін 210 мың тонна өнімді Соколов кен байыту комбинаты Қытайға жөнелтті. Тағы 500 мың тоннасын экспорттайды. Ресейге жоспарлы экспорт көлемі де сақталады деген сенім бар. Келісімге сәйкес арселор миттал теміртау компаниясының сұранысын қамту арқылы өндірістегі тұрақтылық сақталады. 

Жергілікті атқарушы билік те, Үкімет те қамсыз отырған жоқ. Қостанайлық кәсіпкерлердің сұрауы бойынша салық пен энергетикалық шығындарды азайтуға қатысты бірқатар ұсыныстар қаралуда. Бизнесті дөңгелентіп әкету оңай емес, бірақ табыс табуға болады. Шығысқазақстандық бұл кәсіпкер – дағдарыс уақытында үлкен іске тәуекел еткендердің бірі. Мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен несие алып, жоңқа-тақтайшалар шығаратын комбинатты жыл басында іске қосқан. Еш қалдықсыз, жаңа технологиямен жұмыс істейді. Бұрын үй құрылысына қажетті жоңқа тақтай елімізге Ресей мен Чехия және Румыниядан тасымалданатын. Енді қазақстандық кәсіпорын ішкі нарықтағы сұраныстың 50 пайызын жабуға қауқарлы. Бірақ әзірге толық қуатында жұмыс жасауға көшкен жоқ.  

Александр Воробьев, зауыт директоры

-Бұл – Қазақстан бойынша жалғыз зауыт. Бізде шикізаттық база бар. Өзіміз дайындаймыз шикізатты. Өнімді өткізуде қиындық жоқ. Өнімге нарықта сұраныс бар. Несиені де төлеп отырмыз. Бірақ табыс жоқ. айналымда қаржының болмауы себебінен ары қарай дамуға қарқын жетіспей тұр. Біз екінші желінің құрылысын бастауымыз керек. Бірақ ол үшін тағы несие алуға үлкен тәуекел керек болып тұр. 

Александр секілді қаржылай қиындыққа тап болған кәсіпкерлер үшін Үкімет қосымша мүмкіндіктер қарастырып отыр. Бизнесмендерге төмендетілген пайызбен несиелер беріледі. 

Ләззат Ибрагимова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

-Шамамен тамыз айынан бастап тамақ өнеркәсібі, өңдеу салаларындағы бірқатар кәсіпорындарға қолдау жасалады. Айналымдағы қаржысы аз немесе жобаның құны қымбатқа түсуі себебінен ісін алға жылжыта алмағандарға жылдық 7 жарым пайызбен несие беріледі. Бұл инфляциядан төмен баға. Олар банктен 12 пайызбен несие ала алады. 

Сарапшылар: «Мемлекет қолдауының тамақ және өңдеу өнеркәсіптеріне қарай бағытталуы бекер емес», – дейді. Себебі еліміз үшін дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы – экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Қазіргі таңда осы бар қаражатты жинақтап, дұрыс бағытын таппасақ мына дағдарыстан оңай құтыла қоймаймыз. Экономикамызды диверсификация жасауымыз керек. мына шикізатты өндіруден кетуіміз керек деп. Ал одан кететін жолы ШОБ дамытып, экономикамыздың өсуіне үрдіс беретін жағдайымызды жасауымыз керек.

Экономиканы тұрақтандыруда шикізаттық емес секторға басымдық беріліп келеді. Мәселен, осы саладағы кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге несие беру көрсеткіші соңғы үш жылда 19 пайыздан 40 пайызға артқан. Өңдеу өнеркәсібін несиелендіру бағытында энергетика, көлік және логистика, байланыс салаларына 216,4 миллиард теңге несие бөлінген. 

Бауыржан Ысқақ, экономист

-Дағдарыстың өзінен тиімді жол таба білуіміз керек. Евразиялық одақ кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуымыз үшін Белоруссия, Ресей, Армения, Қырғызстанмен бәсекеге түсу үшін біз осы бөлінген қаражатты шағын және орта бизнеске жеңілдік несие беру арқылы әлеуметтік белсенділігін арттыруымыз керек. 

Бизнестегілердің бірқатары инвестициялық жоспарларын қайта қарап, даму бағытын жаңартуға кірісті. Кей өңірлер тың жобаларды қолға алды. Мәселен, Қызылорда облысында шыны зауыты салынып жатыр. Бұл жоба аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыруға септігін тигізді. Бельгиялық ірі компания сыр бойылық іскер топ өкілдерімен бірлескен кәсіпорын құрып, автобус шығаруға қаржы бөлетін болды. 

Герт Ван Хекке, «Vanhool» компаниясының қаржылық директоры   

-Қызылорда облысында Қазақстанмен бірігіп, зауыт тұрғызуды көздеп отырмыз. Заманауи көлік өнімін ұсынып қана қоймай, жергілікті тұрғындардан құралған қызметкерлерді оқытуды жоспарлаудамыз. Тепе-тең серіктестер ретінде бизнес жүргізсек дейміз. Өнімдеріміз Еуропада, АҚШ-та танымал. Бірақ Орталық Азияға енді қадам басқалы отырмыз. Бірігіп шығаратын қазақстандық өнімнің әлем нарығын жаулап алуы үшін тырысамыз.

Отандық автокөлік саласындағы тағы бір тың жоба. Енді ескірген темір тұлпарларды кәдеге жарату бизнесі жолға қойылмақ. Шикізатты қайта өңдеу кәсіпорны Алматы мен Қарағандыда салынбақ. 

Тимур Исманов, «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС ресми өкілі 

-Экологиялық талаптарға сай, көліктегі қауіпті сұйықтықтар арнайы насоспен бөлініп алынады. Кейін аккумулятор мен басқа да бөлшектер жеке сұрыпталып, зауытқа жеткізілген соң, металға айналдырылады.

Қазақстан әлеуметтік жағдайды жақсартуды басты назарда ұстап отыр. Елбасы тапсырмасына сәйкес экономикаға тың серпін беру арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Бұл ретте өндірісті аймақ Ақтөбе ауқымды жобаларды қолға алды. Бір күнде бірнеше зауыттың іргесі қаланды. Көп  ұзамай «Ақтөбеде жасалған» керамикалық тақтайшалар, полиэтилен пакеттерінің бірнеше түрі шығарылады.

Қайрат Бекенов, «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» Басқарма төрағасы  

-Облысымызда жаңадан индустриялық аймақ іске асырылды. Мемлекет тарапынан 5 млрдтан ақша жұмсалған. Бүгінгі күні бизнеске барлық жағдай дайын. Жер телімдері, инфрақұрылымдары тартылған. Жалпы осы 5 жобаның сомасы 10 миллиард теңге инвестиция. 315 жаңа жұмыс орны және осы мекемелерден бюджетке жыл сайынғы төленетін салық 1 миллиард.  

Бизнестегі қай сала болмасын үш тараптың бір мүддеге тоғысқаны керек. Кәсіпкерлер отандық сауда нарығын қыздыруға тырысып бағуда. Ал мемлекет экономиканы тұрақтандыруға қолдау көрсетіп отыр. Ендігі міндет сіз бен біздің қазақстандық өнімдерді таңдауымызға байланысты.

Авторы: Бағдат Бентұрғанқызы

5. «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы мен нәтижесі

2 триллион 104 миллиард теңге. «Нұрлы жолға» биыл осынша қаржы жұмсалады. Жыл басында Президент Ақордада жиын өткізіп, дағдарысқа қарсы тұру үшін шұғыл шаралар қабылдау керектігін айтты. Себебі, дәл осы бағдарлама – қазір таңда тоқырауды тұсаудың негізгі тәсіліне айналып отыр. «Нұрлы жол» басталғалы бері 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 12 мыңға жуық отбасы баспана алды. Жол төсеп, үй салып, инфрақұрылым тартқанның арқасында отандық өндірістің көлемі көбейді. Өткен жылы бөлінген қаржының 97 пайызы игерілді, ал биыл ақпан айында Ұлттық қордан 840 миллиард теңгенің әлі күнге дейін аймақтарға жетпегенін Президент бір ай бұрын ескерткен болатын. Қаржы уақытында игерілуі керек, күрделі кезеңде кідіріп қалуға болмайды. Қаржының игерілуі демекші, осы аптада Сенатта республикалық бюджеттің атқарылуы жайында есеп тыңдалды. Былтыр мемлекеттік бюджеттің  459 миллиард теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Тағы 7,8 миллиард теңге игерілмей қалған. Қалай дегенмен де, жылдың басында қаржыны жұмсауға қатысты бекітілген жоспар мүлтіксіз орындалуы қажет деп санайды Қозы-Көрпеш  Жаңбыршин. Ендігі жылдан бастап Есеп комитеті республикалық бюджеттік комиссиясының жұмысына қадағалаушы ретінде қатысады. 

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР Есеп комитетінің төрағасы

-Біздің дауыс құқығымыз болмайды онда. Бірақ республикалық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін бюджеттің жобасы дайын болғаннан кейін ол Парламентке берілердің алдында, біз Үкіметке өзіміздің ұсыныстарымыз бен ұсынымдарымызды береміз. Осыны қарастыру керек, мына жерде біздің ойымызша кемшіліктер бар деп, Үкімет біздің айтқан ақылдарымызбен келісі ме, келіспей ме оны көреміз енді.

Сонымен бизнесті қолдау тақырыбына қайта оралсақ. Тек соңғы 1-2 жылдың ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 200 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылған ақшаны қосыңыз. Нәтиже бар. 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болды. 740 миллиард теңгенің өнімі шықты. Былтыр Қазақстан «Дуинг бизнес» рейтингінде 41 орынға тұрақтады. Бұл жылдар бойы атқарылған жұмыстың нәтижесі. Біздің елде кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері көп. 

Сәкен Сейітханұлы, шолушы

-«Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес салаларына ұзақ мерзімді несие беру үлесін ұлғайтты. Санмен сөйлесек 2013-ші жылы кәсіпорындардың жандануына 81 миллиард теңге бөлсе, 2015-ші жылы бұл көрсеткіш 262 миллиардқа көбейген. 

Мамандардың айтуынша, бүгінге дейін қомақты қаржы игеріліп жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. 

Ләззат Ибрагимова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 

-2013-ші жылдың қорытындысы бойынша жалпы кіріс 29 миллиард теңге болды. 2014-ші жылы пайда 41 миллиардқа жетті. Осы жылы дағдарысқа қарамастан компанияның еншілес ұйымдарының жүйелі жұмыс істеуінен 49 миллиард теңге түсім болды.

Холдингтің еншілес ұйымы Қазақстанның даму банкі арқылы жұмысын жандандырған кәсіпорындар баршылық. Қаржы мекемесі осы уақытқа дейін 38 жобаның аяққа тұруына жәрдемдесті. Соның ішінде тек өткен жылдың өзінде 18 кәсіпорыннның құжаты құнтталды. Сарапшылар экономиканың дамуына серпін беретін өндіріс орындарын қолдау орынды деп санайды. Өйткені соңғы жылдары ашылған құрылыс зауыттарының  жұмысы едәуір жанданған. 

Зейнолла Алшымбаев, экономист

-Өзімізге цементті шет елдерден таситынбыз, солардан алатынбыз шет мемлекеттерден. Ал қазіргі таңда мысалы даму институттарының солардың несиелендіру солардың қаржыландыруның арқасында біз бүгінгі таңда көптеген цемент зауыттарын салып алдық. Экономист саланың дамуы жеделдеді десе, депутаттар бұл пікірмен келіспейді. Халық қалаулыларының айтуынша қазір кәсіпорындардан пайда шамалы болып тұр. 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Бизнестің жол картасы бойынша жылда талдау жүргізіп отырамын. Сонда осы 7400 жобаның ішінде көптеген кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтатып тастаған. Көптегені банкрот болып қалған. Кейбірі жұмыс орнын ашпаған. Кейбірі қаржыны қайда жұмсағанын білмейді. Сонда қалай біз мемлекеттің ақшасын осындай кәсіпкерлерге бере береміз бе?

Депутатың бұл сөзі қаншалықты ақиқат. Мамандар: «Кез келген елде кәсіпорындар арасында жұмысын жалғай алмайтындар болады», – дейді. Бұл бірінші жауап. Екіншісі?

Ғабит Лесбеков, Даму Кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры

-Ақпарат алмасу мәселесі қиын сияқты. Осы ақпарат алмасу мәселесін оңайлатсақ, көптеген сұраққа орында жауаптар түсіне беретін еді. Ақпарат жете бермегенен кейін әркімнің ойына түрлі ойлар келеді.

Даму қорының өкілдері бұл сұрақтарға алдағы уақытта жазбаша жауап береміз деп отыр. Бірақ депутаттар айтқандай жағдай қатты қиындамаған. Керісінше қор арқылы 2010-шы жылдан бастап 80 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 5 триллион теңгенің өнімі шығарылған. Әрине, қағаздағы көрсеткіш атқарылған іспен тура келсе, құпа-құп.

6. Әлемдік экономиканың ахуалы және Қазақстанда мүлікті заңдастырудың барысы

Биыл ғаламдық экономиканың өсімі 2,4 пайыз болады. Дүниежүзілік банк осындай болжам жасап отыр. Жыл басында қаржы ұйымының сарапшылары оның көлемі 3 пайызға жуықтайды деген еді. 

Алайда дамыған елдердегі экономикалық өсімнің баяулауы болжамдарды қайта қарастыруға түрткі болды. Қазір жаһандық биржаларда шикізат тауарларының бағасы тым арзан, сауда-саттық көлемі төмен, қаржы тапшы. Мұны АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақ елдері, Жапония мен Ресей сияқты алпауыт мемлекеттердегі ахуалдан аңғаруға болады. Әсіресе шикізатқа тәуелді дамушы елдердегі жағдай күрделі. Мұндағы экономикалық өсім. 

Алдында жарияланғандай бір жарым емес, 0,4 пайызға дейін құлдыруы мүмкін. Мәселен, Бразилия мен Ресей. Екі елде де экономикалық даму төмен, бір пайыздан сәл ғана асады. 

Жалпы Латын Америка елдері ауыр кезеңді бастан кешіп отыр. Соңғы ширек ғасырдан бері қатарынан екі жыл рецессияға тап келді. Сарапшылар өсім келесі жылы басталып, 2 пайыздық межеге 2018 жылы ғана шығады деген болжамдарын айтады. Ал Таяу Шығыс мен Солтүстік Африка өңірінің ахуалы біршама жақсырақ. Өсім 3 пайызға жуық. Аймақтың бар үміті санкциялардан құтылып, экономикасы күшейе бастаған Иран елінде. 

Мамандар: «Мұнай бағасы биыл да төмен, орташа құны баррелі үшін 41 доллар болады», – дейді. Шикізатқа тәуелді елдер әліптің артын бағып отыр. Пәкістан мен Бангладеш бастаған Оңтүстік Азия елдеріне келсек, ішкі сұраныстың жоғары болуының арқасында биыл экономикалық өсім 7 пайыздан асатын көрінеді. Аймақтағы елдердің көбісі керісінше мұнай бағасының құлдыруы, инфляцияның төмендігі мен тұрақты ақша аударымдарынан ұтып отыр. Олардың қатарына Үндістанды да жатқызуға болады. Мемлекет жылдағыдай экономикалық қарқынын үдетіп, өсім көлемін 7,6 пайызға жеткізбек. Дағдарыстың салқынын әлемнің ең алып экономикалары да сезінді.  

Биыл АҚШ экономикасы 2, Қытайдыкі 6,7 пайызға ғана өседі деген болжамдар бар. Демек, әлемдегі жағдай бүгін-ертең оңалады дегенге сену қиын. Сондықтан Қазақстан Үкіметі де елдің экономикалық саясатын өзгертпек. Ерте күзде Парламентке тиісті ұсыныстар енгізеді. Жұмада өткен қос палатаның бірлескен отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов осылай деді. 

Қазір қазына қаржысы салынатын салалар, бағдарламалар, қала берді жобалардың тізімі қайта қаралып жатыр. Басы артық ақша тек тиімді дегендеріне бөлінеді. Атқарушы билік басым инвестициялық жобалардың арасынан 13-ін алып тастады. Қосымша 40 жоба енгізіп, 177-ісіне қарастырылған ақша көлемін өзгертті. Ал квазимемлекеттік сектор, яғни ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындарға жеке инвесторлар тартылады. Бәсеке артып, жұмысы ширайды деген үміт бар. Өйтпеске амал жоқ. Саланы қаржыландыру 3 есе артқанымен, табыс төмен. Дағдарысқа қарсы тағы бір амал ретінде министрлер кабинеті бірқатар заңдарды толықтыруды көздеп отыр. Жыл соңына дейін жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленіп, Парламент қарауына ұсынылады. Құжаттар бюджеттік жоспарлауда кететін кем-кетіктердің алдын-алады деген сенім бар. Түптеп келгенде бұл қазынаның әрбір тиынын тиімді жұмсауға деген талпыныс. Экономикаға қосымша қаржы тартудың бірден бір жолы – мүлікті заңдастыру. Егемен ел тарихында осымен үшінші рет өткізіліп отырған, 2014 жылы басталған, биыл 31 желтоқсанда аяқталатын науқанның нәтижесі қандай болуы мүмкін? 

Бүгінде 1, 6 триллион теңге көлемінде мүлік пен ақша жария етілді. Еліміз бойынша заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 688.3 миллиард теңге болса, шет елдердегі мүліктердің құны 4.2 миллиардқа жеткен. 

Онымен бірге 945.2 миллиард теңге ақша жария етілді. Наймангүл Әлиева 2013-ші жылы үй тұрғызады. Сөйтіп салынған нысанның құжатын жасауға кіріседі. Бір емес, бірнеше кедіргілерге жолығып, ісі созылып жатқан уақытта рақымшылық жасау туралы заң күшіне енеді. Осы құжаттың қауқарымен танысып, жергілікті әкімдікке барады. Ондағы мамандар қаулыға сәйкес Наймангүлдің жұмысын бітіріп береді. 

Наймангүл Әлиева, Талдықорған қаласының тұрғыны

-Үйімізді салғаннан кейін құжаттарды рәсімдеу, біршама қиыншылық тудырып жүрген кезде, Қазақстан Республикасының рақымшылық заңы шығып, жеңілдіктер туып жатқаннан кейін біз де құжаттарымызды рәсімдеуге өткіздік қалалық әкімшілікке. Рәсімдеп алдық бір ай көлемінде.

Әуелде жылжымайтын мүлікті, сауда орындарын заңдастыру үшін уақыт кететін. Онымен бірге ақылы еді. Қазір Қазақстан аумағындағы мүлікті жариялауға бақыр тиында қажет емес.

Ғалымжан Керімбек, экономист

-Қазіргі кезде тегін мүліктерін заңдастыруға құқықтары бар. Яғни бұрынғы кездері жер телімін, саяжайды, гараждарды өз атына рәсімдеу мақсатында қаражат қажет ететін еді. Ал қазіргі кезде осылардың барлығы тегін жүзеге асырылады. 

Ал Қазақстан азаматының шет елде үйі болса, оны елге арнайы заңдастырып қоюға әбден болады. Заң қыстамайды, өз еркіңіз. Мұндай жағдайда, баспананың бағасын белгілеп, кірістер комитетіне құжаттарыңызды жібересіз. Сөйтіп белгіленген сомманың 10 пайызын алым ретінде төлейсіз. 

Нұрлан Намысов, ҚМ МКК бас сарапшысы 

-Сіз мүлкіңізді жария ететін болсаңыз, ол мүлкіңіз туралы мәліметтерді әкімдіктер жанындағы қызметшілер болсын, мемлекеттік органдардың қызметкері болсын, екінші деңгейлі банк қызметкері болсын, және казпочта қызметкерлері болсын, 3 адамға тарату мүлдем болмайды. Өйткені ондай қызметкерлерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Міне заңның артықшылығы. Жариялаған үйініңіздің қайда екенін және соммасы қанша екенін былайғы жұрт білмейді. Онымен бірге ол нысанды қалай салғаныңыз туралы да ешкім есеп сұрамайды. 

Нұрлан Намысов, ҚМ МКК бас сарапшысы 

-Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттерде ол яғни БАӘ, Түркия елінде, Болгария, Германия, және Венгрия, Тайланд, және көршілес елдер Ресей, Өзбекстан елдерінде виллалар пәтерлер, коммерциялық нысандар, құнды қағаздар сондай мүліктер жария етілуде.

Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңына сәйкес жылмайтын мүлік пен қатар ақшаны да заңдастыруға болады. Оның өзіндік шарттары бар. 

Нұрлан Намысов, ҚМ МКК бас сарапшысы

-Мемлекет басшысының тапсырмасы арқылы біз заңға қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер бердік. Мысалы ақшаға келетін болсақ оның механизімін едәуір оңайлаттық. Қазір екі тәсілмен ақша жария етіледі, бірінші тәсілі банкқа шот ашу арқылы. Банкта ақшаңызды жария етіп болғаннан кейін оны бизнеске салсаңыз болады. Немесе өзіңіз жылжымайтын мүлік алсаңыз болады. Банкте шот арқылы жария еткен ақшаңыз 10 пайыздық алым төленбейді. 

Егер банкке қаржыңызды көрсеткіңіз келмесе өз ықтиярыңыз. Онда кірістер комитетіне барып құжаттарыңызды өткізіп, заңдастыра аласыз. Бірақ 10 пайыздық алым алынады. Дегенмен қазіргі уақытта ақшасын жариялап жатқандардың басым бөлігі банк қызметін таңдаған. 

Нелли Әділшенова, ҚР Ұлттық Банк басқарма басшысының орынбасары

-Бүгінде акция аясында 31 екінші деңгейлі банк жұмыс істеп тұр. Сондықтан ақшасын жария еткісі келетіндер қай банкке барып, заңдасырығысы келеді өз еріктері. Олар таңдаған банктеріне барып арнайы есепшот ашады. Сөйтіп анықтама алады, оған арнайы декларацияны қосып салық органына өткізеді. 

Заңға өзгеріс енбей тұрып, жағдай мүлде басқа еді. Ол кезде рәсімделген қаржы банктегі шотта 5 жыл тұруы міндет болатын. Онымен бірге ол ақшаны  тез алғыңыз келсе, 10 пайыздық алым беретінсіз. Қазір бұл кедергінің бірі жоқ. Заңды капиталыңызды кез келген уақытта ала бересіз. Осы өзгеріс халыққа жаққан болу керек, соңғы 6 айда мүлік пен ақшасын жария еткендер саны едәуір артқан. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

-Екі жақсы айды айтсақ, ақша жақсы құйылған, ірі сомалары ақпан мен өткен мамыр айында 300 миллиардан шоттарға келіп түсті. 

Көлеңкедегі қаржыны күңгейге шығару науқаны әлі 6 ай жалғасады. Сондықтан мамандар «қалталы азаматтар осы уақытты тиімді пайдаланғаны абзал», – дейді. 

Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымдарының кандидаты

-Мүлікті жария етудің мақсаты біріншіден бюджеттің кіріс көзін молайтады. Екіншіден әрбір азаматтардың иелігіндегі, меншігіндегі заттардың барлығы заңдастырылады. Үшіншіден мемлекеттің деңгейінде меншік нысандап айқындалады. Осы мақсатта мүлікті жария етудің мемлекет үшін және әрбір қазақстан заматы үшін пайдасы оразан зор деп айта аламын. 

Әрине, әркім ақшасын немесе мүлкін жария етсе біріншіден өзіне сенімді болады. Екіншіден бұл қадам бюджетке түсім әкеледі. Сарапшылар жария ету әлемдік тәжірибе екенін айтады. Дамыған елдер бұл әдісті қолданған әрі жемісін көрген. Сондықтан қысылтаяң шақта бізде бұл науқанды оң атқарғанымыз жөн. Ертең яғни 2017-жылдан бастап табыс декларациясы күшіне енеді. Әркім жиған-тергеніне есеп береді. Сол кезде көлеңкедегі дүниенің құлағы қылтиса ақталуға амал болмайды. 

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

7. Жер комиссиясының кезекті отырысы Алматы облысында өтті

Осы аптада Елбасының жарлығымен Асқар Мырзахметов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ол Ауыл шаруашылығы министрі қызметін қатар атқарады. Сәйкесінше, Жер реформасы бойынша құрылған комиссияға да жетекшілік ететін болады. 

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов әріптестерінің атынан құттықтау сөзін айтып, Асқар Мырзахметовке жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Еске салайық, Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда қызу талқыға түскен Жер кодексін ел-жұртқа түсіндіріп, ұсыныстар жинау мақсатында арнайы комиссия құруды тапсырған болатын. Және құжаттың жекелеген нормаларын қолданауға мораторий енгізген еді. 

Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары Елбасының осы шешіміне орай түзілген заң жобасын бірден екі оқылымда мақұлдады. Құжатты енді Сенат депутаттары қарайды. 

Ал бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Алматы облысында өтті. Осы уақытқа дейін колл орталықтарға барлығы 9,5 мың қоңырау келіп түскен. 

«Айтылған талап-тілектер ескерусіз қалмайды», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев. 

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілердің мәліметі бойынша, өткен 15 жылда топырақтың құнарлығы айтарлықтай төмендеген. 31 миллион гектар жер эрозияға ұшыраған. 

Абай Әбілдинов, «Жер Ана» кооперативінің төрағасы

-Жекеменшікке сатылса, жердің иесі болады. Жердің иесі болады деген сөз, ол жердің күтімі болады. Жердің құны өседі, сапасы жағдайы дұрысталады. Жер сатылғаннан кейін экономикалық айналымға кіреді. 

Еркінбек Слямов, «Самай» шаруа қожалығының басшысы

-Шетелден елдер келіп біздің жерді екпесе, пайдаланбаса одан біз шыға алмаймыз деген менің ойымша дұрыс емес. Біздің кадрлар да, біздің жергілікті халық та қанджай болсын жұмыстарға дайын, біз оны жасай аламыз.

Шет ел азаматтары елімізге заманауи технологияларын әкеліп, инвестиция құятын болса ғана оларға жерді жалға беруге болады. Бірақ олар дұрыс игеріліп жатыр ма, жалға алушы, қажетті тыңайтқыштарды қолданып, күтіп-баптай ала ма, оны мемлекет қадағалауы қажет. 

Алматы облысының бірқатар шауалары жер комиссиясының мүшелерімен кездесу кезінде осындай пікір білдірді. Комиссия жұмысына кіріскелі бері 1,5 айдан астам уақыт өтті, осы аралықта ол ақылдасудың нағыз ашық алаңына айналды деп айтуға болады. 

Ал комиссияның барлық шешімдері Парламентке ұсыныс енгізер кезінде ескерілетін болады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

-«Негізі мәселенің барлығы бір жүйеге келіп қалған бұл аренда қалсын дейді өзіміздің азаматтарға берілетін. Ауылдық төңіректегі жайылымдық жерлер қалсын дейді. Сол берілсін дейді өйткені малымызды бағатын жер қалмай бара жатыр дейді. Шегара төңірігенідегі жерлер белгілі бір мөлшерде қалсын дейді. Ешкімге берілмесін дейді. Ол өзіміздің Тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігімізге байланысты деген бірсыпыра осындай мәселелердің беті ашылып келе жатыр. Алдағы уақытта да осындай жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

8. 2019 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі

2019-шы жылдан бастап жұмыс істейтін әр адам міндетті медициналық сақтандыру қорына айлығының 1 пайызын жұмсайды. Уақыт өте жалақысының 2 пайызын аударады, оған жұмыс берушінің 5 пайызы қосылады. 

Сәйкесінше сол 7 пайыздық қаржыға емделеді. Ескеретін жайт, өзін-өзі қаржыландырып отырғандар, мәселен кәсіпкерлер табысының 7 пайызын қорға салады. «Мамандар мұндай жаңашылдық халыққа тиімді», – дейді. Яғни қазіргідей қажетті дәрі алып емделуге, бағасы қымбат операция жасауға шамам жоқ дейтіндердің қарасы сирейді. 

Дәрігер науқастың бәріне бірдей көмек көрсетеді. Ауру аяқ астында, арылу жиде басында демекші, денсаулық мығым болсын десек, салауатты өмір салтынан бөлек, сапалы медицина ауадай қажет-ақ. 

Қазақстанда медицина әлсіз емес, әсіресе соңғы жылдары қауқары күшейді. Еліміз жыл сайын денсаулық сақтау саласына 1 триллион теңге қаражат бөледі. Оның 700 млрд теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық көмекке жұмсалады. Халықтың 70 пайызы осының есебінен емделіп жүр, ал қалған 30 пайыздайы ғана шама-шарқынша ақша төлеп, ақылы қаралады. 

Біздің мемлекеттің бөлген қаржысы көрші елдермен салыстырсақ мүлде аз. Ішкі жалпы өнімнің 3,5 пайызына ғана тең. Сөйтіп тың технологиялар мен қымбат қондырғыларды алуға толық жетпей қалып жүр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзі мойындап отыр.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Қазір әлемнің барлық елдері медицина саласын тың технологиялар, қымбат сапалы жабдықпен қамтып отыр. Нәтижесінде өлім-жітім азайып, ұлт денсаулығы нығаяды. Біз осыған қол жеткізу үшін сапалы емдеу жүргізетін құрал жабдықтың арзан болмайтынын түсінуіміз керек.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру. Қазақстан тағы да осы жүйеге оралуға мәжбүр. 1996-1998 жылдары бұл реформа жүзеге аспай қалған-ды. Енді ескі қателіктер мен кемшіліктер ескеріліп отыр. Әрине жаңа жүйе бірден емес, біртіндеп енгізіледі. Келесі жылдан бастап әзірге жұмыс берушілер төлей бастайды, өз еңбеккерлерінің сақтандыру қорына жалақысының екі пайызын салып отырады. Мәселен, 100 мың теңге жалақы алсаңыз, 2 мың теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 5 пайызға ұлғаяды. Ал жұмысшылар 2 жарым жылдан соң ғана еңбекақының 1 пайызын қорға аударады. 2020 жылы жұмысшы төлейтін жарна 2 пайызға жеткізіледі.

Гинтарас Кацявичус, Дүниежүзілік банк жобасының халықаралық кеңесшісі

-Кез келген азамат сапалы медициналық көмек алғысы келеді, кез келген дәрігер тың технология, осы заманғы қондырғының болғанын қалайды. Міне, осының бәрін медициналық сақтандыру жүйесі шешуі тиіс. Айтпақшы, қызмет құнын тым қымбат қылып қойған жекеменшік клиникалар азаяды.

Сөйтіп, жұмысшы, жұмыс беруші жарна салды делік, сонда мемлекет шет қалады ма? Жоқ, әрине. Әлеуметтік аз қамтылған жандар үшін қорға мемлекет ақша аударады. Сөйтіп, батыр ана, соғыс ардагерлері, мүгедектер, жұмыссыздар, бала күтіміндегі аналар, зейнеткерлер секілді 15 санаттағы азаматтар міндетті төлемнен босатылады. Мемлекет 2017 жылы 4 пайыз төлесе, 2018 жылда – 5 пайыз, 2023 жылда – 6 пайыз, ал 2024 жылда жарнасы 7 пайызға дейін сатылап көтеріледі. 

Сарапшылар: «Міндетті сақтандыру арқылы қызмет сапасы артып, медициналық материалдық-техникалық база жақсарып, дәрігерлердің жалақысы көтеріледі», – дейді.

Гинтарас Кацявичус, Дүниежүзілік банк жобасының халықаралық кеңесшісі

-Міндетті жарнаңызды уақытылы төлеп отырсаңыз болды, қалғаны емдеу мекемесі мен қордың шаруасы. Қаржы аударылған соң, олар сапалы қызмет көрсетуге міндетті.

Айтпақшы, эпидемия болып жағдай ушығып жатса, оған жұмсайтын ақша да арнайы жинақталады. Ол сақтандыру қоры қаражатының 3 пайызы. Айта кету керек, дәрігерлік көмек сапасы төленетін жарнаға тәуелді болмайды, барлығына бірдей көрсетіледі.

Гүлжан Шайхыбекова, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметтерді төлеу комитеті төрағасының орынбасары

-Бұлардан бөлек жеке кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да қорға ақша салады. Олар 2017 жылда жалақысының 2 пайызын төлесе, 2018 жылы – 3 пайыз, 2019 жылы – 5 пайыз жарна салады, ал 2020 жылда оның көлемі 7 пайызға дейін жетеді.

Сөйтіп пациент қалаған емхана, ауруханасына барып, жеке куәлігін көрсетіп, тегін ем-дом ала береді. Диспансерлік есепте тұрғандарға дәрі-дәрмек автоматтандырылған жүйемен беріліп, тұңғыш рет ауруларды басқару бағдарламасы жасалмақ.

Болат баймаханов, А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық хирургиялық-ғылыми орталығының бас директоры

 -Жұмыссыз, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы әйелдер, зейнеткерлер жалпы 15 категорияға кірген жағдайлары төмен адамдарға Үкімет өз тарапынан соларға өзінің төлемдерін төлеп тұрады. Күрделі, жедел көмек көрсету және санавиация, вакцинация жасау ол проблемалардың бәрін үкімет өз тарапына алады.

Жалпы міндетті сақтандыру жобасы Еуропа елдеріне сүйеніп жасалған. Мысалы, Германияда міндетті медсақтандырумен коммерциялық емес ұйымдар айналысады. Ал Литва бұл жүйеге 19 жыл бұрын көшкен, азаматтар кірісінің 9 пайызын сақтандыру қорына аударады. Жұмысы, жағдайы жоқ азаматтар 55 пайызды құрайды екен мұнда, Литва мемлекеті олар үшін өздері төлейді. 

Майкл Рич, Гарвард университетінінің профессоры

-Ірі дамыған елдер осы медициналық сақтандыру есебінен қаншама қауіпті аурулар мен процедураларға жұмсалатын шығындар өтеліп жатыр. Қорда қаражаты бар кез келген жан емделіп қана қоймай, аурудың алдын-алу шараларын да тегін жасай алады.

Ал енді бағдарламаға тереңірек үңілсек. Медициналық сақтандыруды енгізудің не себепті өзекті болып отыр? Осыдан бірнеше жыл бұрын оба, безгек, сібір жарасы секілді аурумен күресіп келген Қазақстанда қазір жүрек, қантамырлары ауруы, қант диабеті сынды жұқпалы емес дерт түрлері жиі кездеседі. Өлім-жітімнің 80 пайызы осы кеселден болып отыр. 

Науқасты айықтыру үшін қыруар қаржы керек. Бұл бір. 

Екіншіден, бес аспабы сай болмай дәрігер сапалы ем-дом жүргізе алмайтыны рас. 

Сондықтан материалдық-техникалық база қажет, мемлекет оған қаражат бөлмей отырған жоқ. 

Мәселен, Қарағандыдағы кардиохирургиялық орталық заманауи қондырғылармен жабдықталды. Енді науқастар ем алу үшін Астанаға не шетелге сабылмайды. Ангиограф пен тамограф аппараттары жүрек, қан-тамырлары ауруларына дәл диагноз жасайды. «Дер кезінде анықталған дертке дауа көп дейді», – дәрігерлер. Мұнда жыл сайын 3000-ға жуық аса күрделі операция жасалады.

Арыстан Мағзұмов, Облыстық кардиохирургиялық орталықтың бас дәрігері

-Жыл сайын заманауи кардиохирургиялық, ангеографический, компьютерный тамографтарды алып жатырмыз. Мамандарымыз әр бағытта оқып, бүкіл жағдайларын жасап, ауруларды емдеп, лечебный мероприятияларын өтікізіп, дамытып жатыр.

Көріп отырғанымыздай, Астана мен Алматыдан бөлек, өңірлер де назардан тыс емес. Бірақ мемлекеттің медициналық жабдыққа бөлетін қаржысы соның өзінде жеткіліксіз. Қосымша қаржы тағы да жаңағы сақтандырудан келуі тиіс. Медициналық сақтандыруды енгізудің тағы бір себебі, әлемде қарт адамдар жыл санап көбеюде. 

Қазақстанда бұл мәселе дәп қазір өзекті болмаса да, халықтың егде жастағы бөлігі артып отыр. Статистика комитетінің мәліметінше, осыдан 5 жыл бұрын зейнет жасындағы тұрғындар 1 жарым млн-нан сәл асса, қазір 2 млн-ға жуық. Қариясы көп ел медицинаға мол ақша салуы тиіс. Міндетті сақтандыру осы тұрғыда тиімді.

Индира Жылқайдарова, тілші

-Осылайша келесі жылдан бастап ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшы, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығаны бар, бар тараптың өкілдері қорға қаржы жинақтайтын болады. Мемлекет әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы жоқ жандар үшін төлейді. Қорға жиылған қаржатқа медициналық нысандар кеңейтіліп, тегін емдеу жүргізіліп, осы заманғы қондырғылар сатып алынбақ.

Авторы: Индира Жылқайдарова