Хабар телеарнасы

«Жетi күн» 13.12.2014

МЕМЛЕКЕТ ИННОВАЦИЯНЫҢ ӨСУІН ҚОЛДАЙДЫ. АЛ БҰЛ ӨНІМДІЛІК ПЕН ЕҢБЕК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЛМАТЫДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ. СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА САЛАНЫ ҚОЛДАУҒА ЖҰМСАЛҒАН ҚАРАЖАТ ҮШ ЕСЕГЕ АРТЫП, 50 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН. «БӘЛКІМ», – ДЕДІ ПРЕЗИДЕНТ: «БҰЛ СОНШАЛЫҚТЫ КӨП ЕМЕС БОЛАР, БІРАҚ ӨСІМ ҚАРҚЫНЫ БІРАЗ ЖАЙТТЫ АҢҒАРТАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖАСАЛДЫ. ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕР АШЫЛЫП, ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАЛАБЫ ҰШТАЛДЫ. БІР КЕЗДЕРІ ШЕТЕЛГЕ КЕТКЕН ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕРІ ОРАЛЫП, ОЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ. ЖАСТАР ҒЫЛЫММЕН АЙНАЛЫСЫҢЫЗДАР», – ДЕДІ. МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУҒА ДАЯР. КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ЖАЙЫНДА МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

Үздік инновациялар – отандық ғылымның ең соңғы жетістіктері мен иноваторлардың төл туындылары. Бір сөзбен айтқанда, ғылыми зерттемелер көрмесі. Қазақ ұлттық университетінде мемлекет басшысына бірегей жобалар ұсынылды. Мәселен, мына бір бейнекадрлар осы көрмеге қойылған квадракоптерге түсірілген. Кішігірім ұшу құрылғысы алқаптарды бақылауға арналған. Ұшу биіктігі – 3 мың метр. Ақпараттық, коммуникациялық технологиялар, байланыс, мұнай және газ саласындағы инновациялар. Ұзын саны 30-дан астам инновациялық идеялар мен жаңа жобалар Елбасыға таныстырылды. Олардың бірсыпырасы – жас-жеткіншектердің ойлап тапқандары. Алматылық студент жастар да мұндай көрмеден қалыс қалмақ емес. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің жастары ойлап тапқан робботтарды бірнеше салаларда пайдалануға болады. 

 

Ермек Серікбай, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті

-Танк робот, коптер робот – бұлар негізінен МЧС-ке көмек ретінде біздің шығарған протатип жобамыз. Қазіргі таңда негізгі мақсатымыз – осындай істей алатынымызды, бәсекеге қабілеттігімізді көрсету. 

 

Қазіргі таңда ірі кәсіпорындар жанынан жеке ғылыми орталықтар құрылуда. Бәсекелестікке төтеп беру – өндірісті ұлғайту түпкілікті мақсаты. Әсіресе мұнай-газ саласына жаңа инновациялар аса қажет. Бұл орайда отандық инноваторлардың мұнай өндірісін ұлғайтуда ұсыныстары көп. 

 

Ермек Мырзаш, «Optimum» жобалау институты» ЖШС бас директоры

-ОРЕ-техникасы. Бұрын 16 тонна берсе, қазір ол скважиналар 60 тонна береді. Сонда өнімнің 4 есе өсімі бар. 

 

Ғылымға негізделген экономика жоғары оқу орындарынан басталады. Бұл бағытта Қазақ ұлттық университетінің қосып жүрген үлесі зор. Мұнда инновациялық және мекдико-биологиялық кластер қалыптасуда. Қара шаңырақ ректоры Елбасыға бірқатар жобаларын баяндады. Елбасы университет жанынан еліміздің ЖОО-ы тарихындағы тұңғыш медициналық диагностикалық орталықтың тұсауын кесіп берді. Келер жылы тағы 500 орындық клиника ашылады. 

 

Ғалым Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ректоры

-Жаңа экономика, әрине, озық елдердегідей университеттерде жасалу керек. Ол біріншіден, жаңа білім, жаңа ғылым, болашақ мамандар. Он ЖОО-на 10 млрд ақша бөлініп жатыр. Университеттерді трансформациялау, инновациялық экономиканың субъектісіне айналдыру. Сондықтан сол консорциум құрылған. Соның негізінде біз үлкен іс-шара жоспарлар жасап жатырмыз. Оның негізі –тезірек ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу. 

 

Инновациялық кеңестің басты тақырыбы да – ғылими жетістіктерді өндіріске енгізу. Елімізде инновациялық өркендеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Республикада екі үлкен инновациялық кластер жұмыс істейді. Алғашқысы Астанада Назарбаев университетінің базасында бой көтерді. Ал екіншісі – Алматы іргесінде құрылған инновациялық технологиялар паркі. Ғылыми зерттеулерді дамытуға бөлінетін қаржы 50 млрд теңгеге жеткенін айтты Елбасы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Надо готовить больше инноваторов, будут и инновации. В стратегии 2050 четко сказано. В наших программах и послании ставим такие задачи. Наукоемкая экономика нужна. Догоняющие или инновации? Надо создавать наукоемкую экономику, это наша долгосрочная цель. Инновации должны приводить к резкому увеличению производительности труда. Государство уже эффективно стимулирует рост инноваций. За последние 5 лет поддержка выросла в 3 раза – до 50 млрд. тенге.

 

«Заманауи технологиялар өнімділік пен бәсекелестікті арттырады. Сол себепті барлық кәсіпорындар білім-ғылымға негізделіп жұмыс жасауы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан ұлттық инновациялық жүйе құруды ұсынды. Президент компанияларды ғылымға қаржы салуға шақырды. Ғылымның қайтарымы жоғары болары анық. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы только формируем национальную инновационную систему. Основными составляющими в этой системе станут наука, бизнес и государство. В этом процессе самую большую роль играет частный сектор. Мы любим говорить о Силиконовой долине. Но если посмотреть, там университеты подняли частный сектор, а не государство. Но мы вынуждены на старте подключиться, запустить это, показать и помочь нашим компаниям и ученым быстрее завершить всю работу. Надо частному сектору работать, и всем компаниям это знать. Все делается, чтобы поднять производительность, качество, конкурентоспособность продукции, поэтому, прежде всего, в этих технологиях должны быть заинтересованы реальные компании.

 

Еліміздегі инновациялық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Инвестиция және даму министрі баяндады. Айтуынша, индустриялық бағдарлама қайта қаралып, ғылым туралы жаңа заң күшіне енді. Индустриялық бағдарламаның екінші бесжылдығында инновациялық жобаларға басымдық берілген. Ал қарапайым иноваторлардың қанат қақты жобаларына қолдау көрсету айтарлықтай артып отыр.

 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестиция және даму министрі

-Соңғы 5 жылда студенттер мен жас ғалымдардың 3,5 мың  зерттемелер мұқият талданып, олардың 600-ге жуығы мемлекеттік қолдау тапты.

 

Сарапшылардың пікірінше, Алматы еліміздің инновациялық орталығына айналуы тиіс. Шаһарда 70 университет жұмыс істейді. Жастар саны да көп. Есесіне Алматы – қаржы орталығы. Демек, мұндағы ғалымдарды қаржылай қолдау да жоғары болмақ. 

 

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі

-Алматы қаласын инновациялық орталыққа айналдыру бағытында және ғылымды дамытуда көптеген шаралар атқарылып жатыр. Қала шеңберінде ғылымға жұмсалатын қаржы 180 млн долларға жетті. 

 

Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін инновациялық өркендеудің маңызы зор. Мұның өзінде жеке компаниялардың иығына жүктеліп отырған жүк жеңіл емес. Мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалған. Енді шағын және орта бизнеспен бірге ірі кәсіпорындардың да ғылымға негізделе жұмыс істеуі қажет. Мемлекет басшысы мұндай кәсіпорындарды қолдауға шақырды.  

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бүкіл дүниенің ғылымның, білімнің өркендеп өсуінің арқасында инновация арқылы мемлекеттер алдыңғы қатарға шығады. Біз айтып жүрміз ғой, 30 елдің қатарына енеміз деп. Оған баратын жол – білім, инновация. Көптен бері біз осыған дайындалдық. Қазақстанда оның ешқандай негізі болған жоқ. Мынау интеллектуалды мектептер, салынып жатқан университтер, университеттерді дүниежүзі деңгейіне көтереміз дегеннің бәрі – инноваторларды дайныдау. Елдің бәрі ғалым бола бермейді, соның ішінен талантты жастарды тауып оқытып, ғылымға білімге баулуымыз керек. Сол жаңалықтардың арқасында өндірісті жасасақ, біз өсетін боламыз. 

 

Жастарға жүктелген міндет өз алдына бір төбе. Ғылымға бейім болуға шақырды Елбасы. Көш ілгері болу үшін, әрине. Барлық сала мамандары бәсекелестікке дайын болу керек. Сондықтан Президент инновациялық дамудың кезеңаралық нәтижелерін жариялап отыруды да ұсынды. Ал оны ынталандыру конкурс арқылы жүзеге асуы да мүмкін. Бұл бірінші кезекте бизнеске серпін береді. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚПЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕРІКТЕСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕРДІ АЯҚТАДЫ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУДІҢ СОҢҒЫ САТЫСЫНДА ТҰР. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ НАРЫҒЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ САНАЛАДЫ. АҚОРДАДА ШЕТЕЛДІК ЕЛШІЛЕРДЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕЛІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕРГЕ БҰРЫНҒЫДАН ДА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ ЕКЕНІН, СОНЫМЕН ҚАТАР, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСКЕНІН АЙТТЫ. «БҰЛ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЕРТЕ БАСТАН БЕЛСЕНДІ ҚАРЕКЕТ ҚЫЛУ ШАРАСЫ», – ДЕДІ ЕЛБАСЫ. БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫНЫҢ РЕПОРТАЖЫ.

 

Елбасының елшілерді қабылдау рәсімі бұл жолы Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Төрге озған мына 8 елші енді бұл мейрамды Қазақстан халқымен бір кісідей мерекелейтін болады. Себебі дәл бүгіннен бастап олар біздің еліміздегі бірнеше жылдық дипломаттық қызметіне ресми түрде кіріседі. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бүгінгі кездесу еліміз үшін аса маңызды күн Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Біз осы қысқа мерзімде мемлекетіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты саяси жүйе, салиқалы азаматтық қоғам орнаттық. Біз ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді  қарқынды экономикалық өсім арқылы қамтамасыз еттік. Мен сіздердің қызметтеріңіз екіжақты байланыстың әлеуетін мейлінше арттырады деп сенемін.

 

Ресми рәсімге елшілердің қапысыз дайындықпен келгендері байқалады. Бірі естелік суретке түсу үшін жұбайын ерте келген, енді бірі ұлттық киімде. «Ерекшеленем» дегендері сөзінің әлқиссасын қазақшадан бастап жатты. Бұл орынды да. Дипломатия дегеннің өзі осы. Ұлты һәм ұғымы – басқа елмен ортақ тіл табу.

  

Хайсам Салах Камел Ибрагим, Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Жоғары мәртебелі, Президент мырза. Сізге біздің елдің басшысы атынан үлкен сәлем. Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін.

 

Мысыр – Қазақстанның егемендігін алғашқы болып мойындаған елдердің бірі. Қазір Каир Кеден одағы елдерінің еркін сауда аймағына кіруге талпынуда. Екі елдің білім мен ғылым, мәдениет саласындағы байланыстары да көпке үлгі. Білім мен ғылым дегенде Македония елінің де бірден еске оралатыны бар. Онда Қазақстан студенттері осы елдің үкіметі тағайындаған стипендиялармен оқып жатыр. Елімізбен сан салада орнаған байланысы берік. Жуырда Чехия президенті Милош Земанның елімізге жасалған ресми сапары қазақ-чех серіктестігін де жаңа сатыға көтерді. Екі елдің 70-тен астам бірлескен компаниясы қазірдің өзінде сәтті жұмыс жасауда. Ал Италия – біздің Еуропадағы ең ірі инвесторымыз. Стратегиялық серіктестік туралы шартты екі мемлекет 5 жыл бұрын бекіткен.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Менің премьер-министр Маттео Ренцимен кездесуімізде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Индустриялық бағдарламамызға италияндық компаниялар қатысатын болды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасына қатысуға өзге әріптес елдер де құлық танытарына сенім білдірді. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатындағы міндеттерді орындаудан шет қалмайтындарына шәк келтірмеймін», – деді. Себебі бағдарламаға қатысатын инвесторлардың да ұтары көп. Қазақстан оларға салықтан босату, инфрақұрылым салу, қала берді шығынын жабу секілді тиімді әрі кешенді көмек көрсетеді.

 

Кристиан Камилл, Швецияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында инфрақұрылым саласына қатысты үлкен межелер белгіледі. Мен швед компаниялары аталған бағдарламаға қатысуға ынталы екендіктерін айтқым келеді. Әсіресе теміржол секторына қызығушылығымыз зор. Бұдан бөлек денсаулық сақтау, биоөнеркәсібі салаларында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз. 

 

Тұрақсыздық болған жерде тірліктің түкке татымайтыны тағы бар. Елбасы төңіректе болып жатқан текетірестерді шешуге бір кісідей жұмылу керектігіне тоқталды. Бұл тұста Қазақстанның бітімгер ретінде қолдан келерін аямайтынын аңғартты. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сіздер әлемдік құрылым терең өзгеріске ұшырап жатқан кезде қызметке кірісіп отырсыздар. Бүгінде жаһандық жаңа тәртіп, жаңа архитектура қалыптасу үстінде. Жергілікті және өңірлік қақтығыстар, халықаралық терроризм мен экстремизм етек алуда. Оның алдын алу үшін күрес бүкіл мемлекеттердің күшін біріктіруі қажет. Біз стратегиялық тұрақтылық пен орнықты даму жолында бірлесе ізденуге ниеттіміз. Біз халықаралық істерге бұрынғыдан да белсенді қатысуды көздеп отырмыз. 

 

Қазақстан серіктес елдердің тізімін арттыруға қашанда әзір. Шекарасы шендесіп жатқан елдер ғана емес, алыс жатқан мемлекеттермен де алыс-берісін арттыруға күш салуда.  Көлік инфрақұрылымын дамытып, батыс пен шығысты жалғайтын жол салуға кіріспек. Бұл ұлы Жібек жолын жаңғырту дегенге саяды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша Қазақстан Еуропалық одақпен келіссөз аяқтады, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің соңғы сатысында тұрғанын салып өтті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарын да белсенді енгізіп жатырмыз. Біз Еуразиялық экономикалық одақтың біріккен нарығының бір бөлігі болып саналамыз. Сол себепті бұл одаққа мүше елдермен өзге сауда серіктестер арасында дәнекер болуға әзірміз. Біздің алдағы мақсатымыз – көлік инфрақұрылымын дамытып, Азия мен Еуропаны жалғайтын жол жасау. Қазақстан Орталық Азияның ең ірі транзиттік-көліктік, логистикалық хабы болады.

 

Харш Кумар Джайн, Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Қазақстан мен Үндістанды байланыстыратын ортақ дүниелер көп. Екі ел де көпұлтты, көпконфессиялы, әрі мультимәдениетті. Сондықтан байланысымыз да берік орнады. Қазір өзара сауда-саттығымыз 1 млрд долларға жақындады. Жуырда қолданысқа берліген «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржол желісі осы ынтымақтастығымыздыодан әрі тереңдететініне күмәнім жоқ. 

 

Қазақстан мен Литваның байланысы да берік. Екі елдің кеңес одағы құрамында болған кезден бекіген байланысы тек тереңдеп келеді. Ал аспан асты елі – біздің стратегиялық серіктесіміз. Ертең Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен Қазақстанға келеді деп, жоспарланып отыр. Мәртебелі мейманның сапары екі ел ынтымақтастығына тың өріс беретіні күмәнсіз.

  

Чжан Ханьхуэй, ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Қазақстан мен Қытай – ежелден тату көршілер. Біз бүгінгі достық қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз. Екі ел Президенттерінің ерен еңбегінің нәтижесінде қазақ-қытай байланысы қазір бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Ләйім солай болатынына сенемін. 

 

Витаутас Наудужас, Литваның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі

-Қазақстанмен ынтымақтастығымыз жылдан-жылға күшейіп келеді. Тек саясатта ғана емес, екі елдің іскер топтары да тығыз байланыс орната алды. Қазақ елі Жібек жолын жаңғыртып жатыр. Президент елдеріңіздің «Нұрлы жол» аталатын жаңа саясатымен таныстырды. Әрине, бұл бағдарламаға біз де қатысқымыз келеді.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЕНАТ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖОҒАРҒЫ ПАЛАТАНЫҢ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН СЕНАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЖЕТТІ ЗАҢДАРДЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАБЫЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛЫП, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ. ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ, ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БИЫЛ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ 100-ГЕ ЖУЫҚ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫРҒАНЫН АЙТТЫ.   

 

Жаһандық сын-қатерлер Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ақордада ұйымның Бас хатшысымен болған кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мемлекет басшысы ұйым өңірде болуы мүмкін қауіптерді алдын ала болжайтын және дер кезінде ұжымдық шаралар қабылдауға ұсыныс әзірлейтін талдамалық орталыққа айналуы керектігін айтты. Өз кезегінде Николай Бордюжа Президентті Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық жұмыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ ұйым қызметінің биылғы қорытындылары туралы әңгімелеп, әскери ынтымақтастық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Обстановка вокруг и вызовы очень меняются, поэтому перед ОДКБ могут стоять новые задачи: стать аналитическим центром для глав государств в этой ситуации. Реально, что ожидаем от обострения ситуации в связи с уходом коалиционных сил, новые угрозы, которые вышли с исламским государством, что мы ожидаем? Какие меры могут быть приняты? Я думаю, в этом плане нам надо  анализировать, предугадывать и намечать заранее меры, которые мы коллективно вместе можем принять против этого. Конечно, знать надо ситуацию, надо знать как будем реагировать, чем будем реагировать и что для этого у нас есть и что для этого нужно. 

  

Николай Бордюжа, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы 

-Біз Президент мырзамен ұйым қызметінің басым бағыттарын талқыладық. Оған мүше елдер бетпе-бет келіп отырған өңірдегі сын-қатерлер төңірегінде пікір алмастық. Бірнеше жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев бастама жасаған ҰҚШҰ-на мүше елдердің әскери ынтымақтастығы туралы ойларымызбен бөлістік. Бас хатшы ретінде мен үшін кездесу өте нәтижелі өтті деуге болады. 

 

Мемлекет басшысы «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев компания жұмысын оң бағалап, оның өнімдеріне сұраныстың едәуір артқанын атап өтті. Сондай-ақ Президент компания қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыда қорғалуына ерекше тоқталды. Өз кезегінде Лакшми Миттал қазір компания инвестицияларды еселеу арқылы өндірісін дамытып жатқанын айтты. Кездесу соңында компанияның ел экономикасындағы маңызды ролі мен оның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуының қажеттілігі аталып өтті.    

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Компания работает хорошо. Квартал хорошо закончили. Цена поднялась, показатели улучшились, прибыль есть, доходы хорошие. Соответственно ваш Кармет выйдет в хорошем состоянии. 

  

Лакшми Миттал, «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы,  бас атқарушы директоры

-Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан «Арселор Миттал Теміртау» қызметі соңғы 4 жылда ұдайы кеңейіп отырды. Біз жылына орта есеппен 350 миллионнан 400 миллион долларға дейін инвестиция салдық. Домна пештері мен орталық зауыттағы өндірісті жақсартып, аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырдық.

  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Самое главное для меня, для страны - социальное самочуствие народа, который там работает. С темиртаускими металлургами у меня особая связь и с карагандинскими шахтерами. Когда сокращаются рабочие места или не выплачиваются заработные платы, они напрямую обращаются ко мне.

 

ЖҮРГІЗШІ

-ОСЫ АПТАДА ЕЛБАСЫ АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ СЕРЖ САРГСЯНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ, СОНДАЙ-АҚ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ. АЙТА КЕТЕЙІК, ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУГЕ АРМЯН ТАРАПЫ БАСТАМАШЫЛЫҚ ЕТТІ. СОНДАЙ-АҚ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ  ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОМАС БАХПЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ. ТАРАПТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ ЖАЙЫНДА ПІКІР АЛЫСТЫ. ТОМАС БАХ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СПОРТТЫҢ ДАМУЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ. «БҰҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОЛИМПИАДАШЫЛАРДЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ДӘЛЕЛ», – ДЕДІ.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ. ОСЫ АПТАДА  НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАҢДАУЛЫ СӨЗДЕРІ МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНАН ТҰРАТЫН 9 КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ. ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА 7 ТОМНАН ТҰРАТЫН ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ. ТАРИХИ ӘРІ САЯСИ ҚҰЖАТТАРДАН ҚҰРАЛҒАН ТАҢДАМАЛЫ ТУЫНДЫҒА ПРЕЗИДЕНТТІҢ  1989 БЕН 2013 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢ ЕЛЕУЛІ ТҰҒЫРНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ СИПАТЫ БАР СӨЗДЕРІ ТОПТАСТЫРЫЛҒАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВ ЖЕТЕКШІЛІК ЖАСАҒАН РЕДАКЦИЯЛЫҚ ТОП ӘЗІРЛЕГЕН КӨПТОМДЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАҢА САЯСИ ТАРИХЫ ҚАТТАЛҒАН ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТЫҚ ДЕРЕККӨЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.  ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ЕЛ КЕЛЕШЕГІ ЖАЙЛЫ ПАЙЫМДАУЛАРЫ МЕН БАҒАЛАУЛАРЫ КӨРІНІС ТАПҚАН ЖИНАҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ. 

 

Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры 

-Бұл жұмыстың күрделілігі және ерекшелігі тек қана қағазға түскен материалдары, мақалалары ғана жинақталып отырған жоқ. Бұның ішінде радиоға берген, ТВ-де сөйлеген, шетелдік баспасөзде басқа тілде жарияланған шығармалары мен мақалаларының барлығы жинақталды. Бұл кітап көптеген ірі әлемдік кітапханалардың көркі болады және оқушылардың қолдан-қолға алмасып, жиі оқитын, нақты өзіне көмек көрсететін кітабына айналады деп есептеймін. 

 

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Әлем кереметтерінің қатарына Тұңғыш Президент кітапханасын да кіргізер едім. Мұнда күніне кем дегенде 200-ден астам студент, оқушылар келіп, рухани азық алады. Дүниежүзінде аз кездесетін кітаптарды оқуға еліміздің барлық аймағынан оқырмандар осында арнайы келеді. Мен де бүгін оқырман билетін алдым.  

 

Орыс биаграфиялық институты экономикалық стратегиялар институтымен бірлесіп, федералдық арналар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен халықаралық «Жыл адамы-2014» жүлдесінің лауреаттарын анықтады. 1993 жылдан бері мемлекеттік басқару, ғылым-білім, мәдениет және қайырымдылық салаларының үздіктеріне бұйыратын жоғарғы марапатты Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші рет иеленіп отыр. Осыдан екі жыл бұрын ол Кедендік одақты кеңейтуге қосқан үлесі үшін «Мемлекеттік саясат» номинациясы бойынша жыл адамы атанған. Ал бұл жолы Елбасы Еуразиялық Экономикалық Одақты құрған сарабдал саясаткер  ретінде құрметке лайықты деп танылды.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӘЛЕМДІК БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ФРАНСУА ОЛЛАНДТЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР АСТАНАДАН ПАРИЖГЕ ҚАЙТАР ЖОЛДА МӘСКЕУГЕ ТОҚТАП, РЕСЕЙ БАСШЫСЫ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЙЫНДА ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАЗДЫ. ӘУЕЛІ БЕДЕЛДІ БАСЫЛЫМ «ФИГАРОДА» ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛА ЖАЙЫНДА АЙТА КЕТКЕН ЖӨН. ФРАНЦУЗ ЖУРНАЛИСТЕРІ «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ФРАНЦУА ОЛЛАНДҚА ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА КӨМЕКТЕСТІ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫП ҚОЙЫП, КӨЛЕМДІ МАТЕРИАЛ БАСТЫ. 

 

Француз басшысы Мәскеуге аялдау жөніндегі шешімге бірден келген жоқ. Олландтың Астанаға сапары кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны Путинмен кездесуге келістірді. Бұл күтпеген жағдай еді. Француа Олландтың Қазақстанға келуі Путинмен жолығуға себепші  болды. Осылай «Фигаро» басылымының саяси шолушысы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің достық қарым-қатынасын айта келе, соның арқасында осынау кездесуді ұйымдастыру мүмкін болғанын меңзейді. Мәскеуде ұшардың алдында Олланд: «бұл маңызды іс және оны қалт жіберуге болмайды», – дегенді айтты деп, журналист мақаланы түйіндейді. Сонымен Мәскеуге қандай мәселелер талқыланды? Елисей сарайының сайтында жарияланған  хабарламада: «Минск келісімдері негізінде Украинадағы жағдайды реттеу Олланд пен Путин кездесуінің басты тақырыбына айналды. Қырымға қатысты мәселе талқыланған жоқ», –  делінген. Ал «Ле Монд» газеті Олландтың Мәскеуге сапары Путиннің ұстанымдарын нығайтып, Ресейдің халықаралық қауымдастықтан оқшауланбағанын аңғартады деген ұйғарымға келеді. «Ле Мондтан» бөлек Францияның «Франс интернасиональ» «Либерасьон» және «Лез Эко» секілді белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының қай-қайсы да  бұл кездесуді ұйымдастыруға  Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйытқы болғанын жазады. Ал ресейлік басылымдар Француа Олландтың әуелі Нұрсұлтан Назарбаевпен, содан соң Владимир Путинмен кездесуіне «Еуразиялық Одақ бірге әрекет етіп отыр» деп баға береді. Мәселен, «Лента. Ру» былай деп жазады: «Біріншіден – Олландтың жоспардан тыс сапарына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев себепкер болды.  Екіншіден – Еуропалық Одақта Франция геосаяси мәселелер бойынша Германияның көлеңкесінен шығуға ұмтылып отырған тұста кейбір түсінбеушіліктерге қарамастан Еуразиялық одақ бірге әрекет етіп отыр».  «Эксперт Онлайнда» жарияланған мақалада Ресей мен Еуропа елдерінің арақатынасын ретке келтіру ісіне араласу Астана үшін  қай тұрғыдан да  тиімді екені айтылады. «Бұл», – дейді автор Геворг Мирзаян: «Қазақстанның Орталық Азиядағы мәртебесін өсіреді. Еуропаға оң қырынан танытады. Өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстанға мемлекет-делдал ролі дәл келеді. Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас жақсы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев айтқан сөзінде тұра алатын тұлға ретінде көпшілікке таныс. Бұдан бөлек Ресейдің де, Қазақстанның да зиялыларының Украинадағы дағдарысқа  қатысты пайымдары бірдей». Бұл тақырып бойынша сарапшылар да өз пікірлерін ортаға салды. Ресей ғылымдар академиясы орталығының маманы Андрей Арешев Қазақстанның еуроазиялық бағыттағы жұмысы белсенді болған сайын сыртқы қысымдар да күшейе түседі дей келе: «Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты өз идеяларын ұсынып отыр», – дейді.  

 

Астана Минскпен бірге Украина шығысындағы қақтығыстарды реттеу бойынша келіссөздер жүргізетін алаңға айналды. Украинаның бірқатар ақпарат құралдарында осы сарындас материалдар жарияланды. Олардың басым бөлігінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Француа Олланд Украинадағы жағдай бойынша бітімге келудің жолын іздеп, түйткілді бейбіт түрде, келіссөздер арқылы шешу керек деген қорытындыға келді делінген. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ОСЫ ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ. ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕДЕ БАР БҰЛ САЛЫҚТЫҚ АМНИСТИЯ БІЗДІҢ ЕЛДЕ ОСЫМЕН ҮШІНШІ РЕТ ӨТКІЗІЛІП ОТЫР. 2006-2007 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН НАУҚАН КЕЗІНДЕ  ЖАРИЯ БОЛҒАН МҮЛІК ҚҰНЫ 6,8 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАҒАН. СОНДАЙ-АҚ КӨЛЕМІ 538,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЛТАРЫСТАН ШЫҒАРЫЛДЫ. БИЫЛҒЫ ІС-ШАРАНЫҢ  4 АЙЛЫҚ  ЕСЕП-ҚИСАБЫНА  МАҚПАЛ МАДИЯРОВА  ҮҢІЛДІ.

 

Бұл жолғы салықтық амнистия ақша және құнды қағаздарды, жылжымайтын мүлікті жариялауға арналған. Акция басталған 4 айдың ішінде мүлкін жариялағысы келгендерден 12 992 өтініш түскен. Нәтижесінде құны 23,2 млрд теңгені құрайтын 3 883 нысан жария етілді. Өтініштердің басым бөлігі Алматы облысы, Алматы қаласы мен Қостанай облысының тұрғындарына тиесілі. Ал Астана қаласындағы Есіл аудандық әкімшілігі осы төрт айда 2 млрд 317 млн-ның мүлкін жариялаған. Астаналық Әсел Бейсенова – заң күшіне еніп, акция басталғанда-ақ құжаттарын жинап, іске кіріскендердің бірі. Құрамында 10 мүшесі бар мүлікті жария ету жөніндегі комиссия 30 күннің ішінде Әселге шешім шығарып берген.

 

Әсел Бейсенова, Астана қаласының тұрғыны 

-Менің барлық құжаттарым түгел болды, біздің үй эскизге сәйкес салынған. Құрылыс нормасының шегінен шықпаған. Сондықтан менде ешқандай кедергі болған жоқ. Комиссия шешім шығарып берді.

 

Мүлікті жария ету жөніндегі Есіл аудандық комиссияның хатшысы Дәурен Маделханов: «Өтініш білдіргендердің көбінде жария еткісі келетін мүліктерінің техникалық құжаты жоқ», – дейді.

 

Дәурен Маделханов, Астана қаласы «Есіл» аудандық мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның хатшысы 

-БТИ-дан техпаспорт алады. Техпаспорт біреуінде бар, біреуінде жоқ. Бізге түскен кезде құжаттары біз қарастырамыз ғой. Комиссияда сол кезде соғылған үйлерді учаскенің сыртына шығып кетеді. Сыртына шыққан жағдайда біз уже жария етпейміз.

 

Заңға сәйкес мүлікті жария ету үшін комиссияға мына құжаттарды тапсыру керек:

1.Мүлікті жария етуге өтініш – 2 дана;

2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы;

3.Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген сарапшының қорытындысы;

4.Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты. 

 

Мүлікті жария ету – әлемде бар тәжірибе. Бұл шара Үндістанда 5 рет, Португалияда 4 рет, Францияда, Австрияда 2 рет, ал АҚШтың 40 штатында 62 рет өткен. 

 

Рақым Ошақбаев, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары  

-Таяуда ғана Путин мырза да өз Жолдауында экономикалық кризистің алдын алудың бір жолы капиталды амнистиялау деп айтты. Яғни Ресей де Қазақстанның ізін ала мүлікті жариялауды бастады. Бұл – мүлікті жариялау өте тиімді және кең қолданыстағы шара екенінің дәлелі.

 

Сондай-ақ мұндай салықтық амнистиялар – көлеңкедегі капиталды жарыққа шығарудың бір жолы. Дүниежүзілік банктің бағалауына сенсек, біздің елдегі көлеңкелі экономика үлесі жалпы ішкі өнімнің 19 пайызына жуықтаған. Яғни шамамен 6 триллион теңге көлеңкелі айналымда жүр деген сөз.

 

Алданыш Нұрымов, экономика ғылымдарының докторы 

-Шағын кәсіп емес, ортасы да үклені біраздары өнімдерін қолма-қол ақшамен өткізеді де, банк арқылы өтпейді, оған түк те салық төлемейді. Көлеңкелі экономиканың аумағын азайту үшін және бүкіл кәсіпкерліктерге мүмкіндік беріп жатыр міне, осы мәселені қолданып қалыңдар шаруашылыққа деп.

 

Акция шетелде немесе ел аумағында жарияланбаған капиталы бар ықпалды инвесторларға жасалған жақсылық боп тұр. Өйткені Қазақстан шетелден тікелей инвестиция алу жөнінен ТМД елдерінің ішінде бірінші орында. «Сәйкесінше, шетелге кеткен капиталымыз бойынша да алдыңғы қатардамыз», –дейді сарапшылар. Бұл шара сол капиталды қайтарудың бір жолы болмақ. 

 

Серік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Мүлікті жариялау мемлекетке пайдалы. Экономикаға қосымша инвестиция кіреді. Әлемде өткен жариялаулар да мүны дәлелдеген. Яғни заңдастырылған таза ақша экономиканың дамуына үлес қосады.

 

Капитал мен мүлікті жариялаудың тағы бір мақсаты – 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әрбір қазақстандық өзінің кіріс шығысы туралы декларация тапсыр. Бұл сол науқанға дайындық.

 

Нұршат Сәрсембаев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы 

-Оның айырмашылығы қазіргі тапсырып жүрген декларациядан онда өздерінің кірістерін және шығыстарын көрсетеді. Егер кіріс пен шығыс сәкес келмесе, органдарда сұрақ туады. Ондай мәселе болмас үшін қазіргі кезде өткізіп жатырмыз жариялау акциясын.

 

Үкімет капиталын жария еткендерге өте қолайлы механизм ұсынып отыр. Қаражатыңызды екінші деңгейлі банктерге 5 жылға депозитке сақтауыңызға болады. Сондай-ақ ол қаржыны мемлекеттік құнды қағаздарға, «Халықтық ІРО» шеңберінде акцияларға инвестиция ретінде құйсаңыз, төлем төлемейсіз. Ал Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотындағы ақшаны мерзімінен бұрын алып, заңдастырам десеңіз, 10 пайыз көлемінде төлем алынады. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-НЕЛІКТЕН ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН  ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ БІРДЕ БІР МҮЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛЫП, ЕЛІМІЗГЕ ҚАЙТАРЫЛМАДЫ?  МҮЛКІН ЖАРИЯ ЕТКЕН АЗАМАТТАР ЕРТЕҢГІ КҮНІ ҚУДАЛАНБАЙ МА? БІЗ БҰЛ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАРЖЫ МИНИСТРІ БАҚЫТ СҰЛТАНОВПЕН ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ЖӨН КӨРДІК. СҰХБАТТЫ ӘРІПТЕСІМ ДАРХАН ӘБДУАХИТ АЛДЫ.

 

Дархан Әбдуахит, тілші 

-Ассалаумағалейкум, Бақыт Тұрлыханұлы, уақытыңызды бөліп, сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алдын ала рахмет айтамыз. Алғашқы сұрақ. Мүлікті заңдастыру жұмыстарының қарқыны қандай және баспақыда белгіленген жоспар орындалады деп ойлайсыз ба?

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-Бұл акция 16 ай жүргізілетін болады, сондықтан толық қорытындыларын келесі жылдың аяғында көреміз. Үкіметтің отырысында үш айдың қорытындысын талқыладық, оны жақсы деп айтуға болады. Бүгінгі күні жергілікті органдар ашылған комиссияларға 13,5 мыңдай өтініш түсті. Ол жария ететін мүліктің бағасы 100 милллиардтан асып отыр. Ақшаны айтсақ, 12 банкте 39 есепшот ашылған, бұл шоттарға 7,5 млрдтай ақша құйылған. 7,5 млрд-тың 2 млрд 800 мың  теңгені заң бойынша азаматтар ол ақшаны қайтарып алды, бірақ бюджетке 10 процентін 300 млн-дай ақша бюджетке түсті. 

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Мүлікті заңдастыру деген кезде ең әуелі ойға оралатын дүние – ақша. Қазақстандықтар қалтарыста жатқан қаражаттарын жария ету ісіне келгенде қаншалықты белсенді?

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-Бұл керек нәрсе. Жасырып отырған ақшаны айналымға жіберу бір жағынан экономикаға да керек болып тұр. Ертең ол банктер арқылы шотқа құйылған кезде ертең банктер ШОБ-ке несие бере алады осы ақша арқылы. Салық ретінде бюджетке түсіп, тағы да әлеуметтік төлемдерді, инфрақұрылымдарды, осындай шығындарды бюджеттің шығыстарына да жібере аламыз. Сондықтан бұл экономика жағынан керек нәрсе, Азаматтың өзін айтсақ, бұл тығып отырған ақшасы ертең заңды ретінде инструментке, баласына, сақтауға жібере алады. Сондықтан қорықпай, бұл акцияға қосылуы керек. 

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Бастапқыда белгіленген меже 10 млрд доллар дедік, сіздің айтып отырғаныңыз 7 млрд теңге. Дәл осы қарқынмен жүре беретін болсақ, әлгі 10 млрд долларлық межені бағындыру мүмкін бе?

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-1,5 жыл болғаннан кейін халық әлі күтіп отыр ғой, кейбіреулері сенім білдірмей, қалай болады екен деп, қарап отырғандар да көп. Сондықтан алдыңғы акцияға қарағанда ақшаны жария етуге ең соңында ғана бәрі келе бастады. Қазір де солай айтуға болады. Келесі жылдың аяғына қарай халық банктерге де келетін болады. Бірақ мүлікті айтсақ, 3 айдың ішінде 13,5 мың өтініш түсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп айтуға болады.

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Мүлікті заңдастыру ісі Қазақстанда бірінші рет өтіп отырған жоқ. Бұған дейін де болған, яғни тәжірибеміз бар. Алайда биылғы іс-шараның қандай ерекшеліктері бар?

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-2001 жылы өткен юірінші акциямен салыстырғанда сол жылы ешқайда құймай-ақ, жай ғана қағазбен жария етілді. 2006-2007 жылдарда өткен  акцияда азамат өзінің 10 процентін бюджетке төлеп, 100 процентін жария ететін болған. Бүгін акция – экономикалық акция. Мақсаты – айналымға ақша мен мүлікті құю.  Сондықтан қазіргі тәсілдер бойынша бес жылдың ішінде ақшаны шотқа салған кезде бұл ақша деген жай жатпайды, депозит ретінде 5 жылдың ішінде, әрине, нарықты пайызын алып отырады. 

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Іс-шара аясында тек қана еліміздегі мүлік емес, шет елдердегі мүліктерді де заңдастыру мүмкіндіктері бар. Бірақ қазір қарап отырсақ, бірде-бір дүние өзге мемлекеттерден елімізге қайтпаған. Сіз не дейсіз?

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-1,5 жыл болғаннан кейін күтіп отырған азаматтар бар шығар. Шетелден әлі салық органдарына өтініштер келген жоқ. 

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Бірақ алдағы уақытта болады деп ойлайсыз ғой?

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-Алдағы уақытта болуы мүмкін. Болдыруға да біз шақырып отырмыз. 

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Соңғы сұрақ болсын. Адамдар өз еркімен мүлкін, ия болмаса, қаражатын әкеп заңдастыра алады. Бірақ олардың соңына түспейтініне, оларды қудалауға салмайтынына қандай да бір кепілдік бар ма?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-Кепілдіктің бәрі заңда жазылған. Өткен екі науқанның нәтижесінде бірде-бір азаматтың артына түсу деген факті жоқ. Сондықтан халықты шақырамыз. Сенім білдіріп, осы заң бойынша ешқандай ақпаратты салық органдары ешкімге бере алмайды.

 

Дархан Әбдуахит, тілші

-Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет. Табыс тілейміз! 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӘЛЕМ БОЙЫНША БЕНЗИННІҢ ОРТАША БАҒАСЫ – 1 ДОЛЛАР 19 ЦЕНТ. ДЕГЕНМЕН, ӘР ЕЛДЕ ЖАНАРМАЙ ҚҰНЫ ӘРТҮРЛІ. БАҒА ЕЛДЕГІ САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕН СУБСИДИЯҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ. МӘСЕЛЕН, ВЕНЕСУЭЛА ҮКІМЕТІ БЕНЗИН БАҒАСЫН  СУБСИДИЯЛАҒАНДЫҚТАН, ОНДАҒЫ ЖАНАР МАЙДЫҢ БІР ЛИТРІ БАР БОЛҒАНЫ 2 ЦЕНТ, БҰЛ БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА ШАҚҚАНДА 40 ТЕҢГЕГЕ ЖЕТПЕЙДІ. БЕНЗИНІ АРЗАН ЕЛДЕР ТІЗІМІН СИРИЯ, ЛИВИЯ, САУД АРАБИЯСЫ, ТҮРКІМЕНСТАН, КУВЕЙТ ЕЛДЕРІ ЖАЛҒАЙДЫ. АЛ ЖАНАР МАЙ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП ТҰРҒАН ЕЛДЕР ҚАТАРЫНДА ГОНКОНГ, НИДЕРЛАНДЫ, ИТАЛИЯ, НОРВЕГИЯ ЕЛДЕРІ БАР. ОНДАҒЫ БЕНЗИН ҚҰНЫ 2 ДОЛЛАРДАН АСЫП ЖЫҒЫЛАДЫ.

 

Жалпы әлемдік биржалардағы мұнай бағасының күрт төмендеуі кейбір елдердегі бензин құнының құлдырауына негіз болды. Мәселен, биыл АҚШ-та жанармайдың литрі 1 доллардан да арзандап, осыдан төрт жыл бұрынғы межеге түсті. «Алайда алып экономика еліне бұдан келіп-кетер ешбір зиян жоқ», - деп есептейді сарапшылар. Есесіне көлігі бар қарапайым халықтың күнделікті шығыны азайды. Бүгінде  АҚШ-та бензин 79 цент тұрады. Біздің бағамен – 143 теңге.  Ондағы сұйық отын жыл басынан бері  60 теңгеге арзандаған. 

Амжад Али, жанармай бекетінің сатушысы  

-Әрине, халық үшін өте жақсы көрсеткіш. Бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда анағұрлым айырмашылық бар. 

 

Көлік Жүргізуші

-Жанармай бағасының төмендеуі біздер үшін өте қуанышты жайт. Осылай жалғаса берсе екен деп тілеймін. Ай сайын 150 долларға дейін қаражатым қалтамда қалып жүр.

Бельгияда да жанар-жағармай бағасы көктем мезгілінен  бері 10 пайызға, ал былтырғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға арзандаған. Қазір бұл ел нарығында бензин 1,5 еуро тұрады.  Бұл соңғы 4 жылдағы ең төменгі баға. 

 

Koэн Де Лёс, Экономист  

-Әлемдік нарықта мұнай өнімдері көптеп өндірілгендіктен, ұсыныс сұраныстан жоғары. Нәтижесінде бензин бағасы құлдырап барады. Бірақ бұлай жалғаса бермесі анық. Себебі мұнай өндіруші елдер бюджет кірісін ойлауы тиіс. 

 

Канада елінде де бензин бағасы соңғы 4 жылдағы ең төменгі шегіне жетті. Онда жанармай бағасының құлдырауы жаз мезгілінен басталған. Бензиннің литрі 95 99 цент тұрады. Ел сарапшылары жанармай бағасының құбылуын әлемдік нарықтағы тұрақсыздықпен және АҚШ-та өндірілетін мұнай ауқымының артауымен байланыстырып отыр. Ал Индонезияда қарама-қайшы жағдай қалыптасқан. Осы аптада  жанармай құны бақандай  30 пайызға қымбаттады. Бұған дейін бұл елдегі бензин 82 цент тұратын. Алайда мұндай  өзгеріске наразы халық ел астанасы Джакарта орталығына жиналып, бензин бағасының өсуіне байналысты жалақыны көбейтуді талап етті. Ереуілге 10 мыңнан астам адам қатысқан.  Әлемдік нарықтағы «Қара алтын» құнының құлдырауын тиімді пайдаланған елдер де бар. Мәселен, Қытай ОПЕК-тің мұнай өндірісінің квотасын бұрынғы деңгейде сақтау туралы шешімінен соң, арзандаған мұнайды белсенді түрде сатып алуға кірісті. Бұл елдің стратегиялық қорын нығайтудың оңтайлы сәті саналады. Былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда Аспан асты елі мұнай сатып алу көрсеткішін  8,3%-ға арттырған. Дегенмен, жанармай бағасы жыл басынан бері, біздің ұлттық валютамызға шаққанда 15 теңгеге ғана арзандаған. 

 

Жоу Хау, Бейжің қаласының тұрғыны 

-Жанармай бағасының түсуі, әрине, халыққа жақсы, дегенмен Қытай қазір арзан мұнай сатып алып жатса да, баға төмендеген жоқ, сәл ғана арзандады. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӘЛЕМДЕ МҰНАЙ БАҒАСЫ МЫҢ ҚҰБЫЛЫП, ЭКОНОМИКАНЫ ОҢДЫ-СОЛДЫ  СІЛКІП ТҰР.  АЛ БІЗДЕ ҚАЛАЙ? БҰЛ АПТАДА ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН  ЖАҢАЛЫҚ ЖАРИЯ БОЛДЫ. БЕС АЙ БОЙЫ БҰҒАУЛАНБАҒАН БЕНЗИН БАҒАСЫ БІР КҮНДЕ АРЗАНДАДЫ. ЕҢ КӨП ҚОЛДАНЫСТАҒЫ АИ-92 МАРКАСЫНЫҢ БІР ЛИТРІ 128-ДЕН 115-КЕ, АЛ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ 115-ТЕН 107 ТЕҢГЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ. КӨЛІК МІНГЕНДЕРДІҢ ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚ. АЛ САЯСИ САРАПШЫЛАР МЕН ЭКОНОМИСТЕР МҰНЫҢ СЫРЫН САН САҚҚА ЖҮГІРТУДЕ. БІРІ АҚШ-ТАҒЫ МҰНАЙ БАҒАСЫНЫҢ ҚҰЛДЫРАУЫНАН ДЕСЕ, ЕНДІ БІРІ РЕСЕЙДЕГІ ГЕОСАЯСИ АХУАЛДАН АСТАР ІЗДЕДІ. ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАЛАТЫН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА ТЕЛІГЕНДЕР ДЕ ТАБЫЛДЫ. ҚАЛАЙ ДЕСЕК ТЕ, ДӨҢГЕЛЕГЕН ДҮНИЕНІ ДАҒДАРЫС ДАУЫЛЫ ДҮРСІЛДЕТІП ТҰРҒАНДА, ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ ҰТҚЫР ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ. ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫ ҚАҒЫЛМАЙТЫН, АРТЫҚ БЕНЗИН ЖАҒЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ. ТАҚЫРЫПТЫ ЖАСҰЛАН ӘБДІХАЛЫҚ ТАЛДАЙДЫ.

 

Алты ай бұрын ғана Ресейде мұнай өнімдері Қазақстаннан едәуір қымбат болатын. Содан Солтүстіктегі көршіміз біздегі бензин біткенді сатып алып, бос шелек ұстап қала жаздадық. Ал қазір ше? Қалтасы қалың қазақ Ресейден жанармайды да,  жағармайды да тіпті жылжитын-жылжымайтын мүлікті де сатып алып, сапырылысып жүр. Сонымен неліктен баға төмендеді? Себептері көп болғанмен, бастысы мына үшеу.

 

Сапарбай Жұбаев, экономика ғылымдарының кандидаты

-Бірінші – Америкада импорттың жоқтығы, Ресейдегі геосаяси әсері, үшінші –Араб мемлекеттеріндегі мұнайдың арзандығы.

 

Осы үш себеп жабылып жатып Ресейдегі рубльдің бағасын алпыс пайызға атып ұрды. Қазір ол жақта бензиннің  бір литрі теңгеге шаққанда 107-110 аралағында. Енді сәл кешіккенде, Қазақстанның бүкіл нарығын Ресейдің арзан бензиндері жаулап алып, біздің қымбаттау өнім бәсекеге төтеп бере алмай, тығырыққа тірелер еді. Ал бағаны көршілерден төмен қою тіпті қауіпті.

 

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқарма төрағасы

-Қазақстанның ішкі нарығы Ресейден 10 есе аз. Содан олар бәрін сатып алып кетеді. 

 

Сондықтан Қазақ үкіметі саралай келе, ең тиімді деген тұсқа тоқтады. Әзірге бензин бағасы былай белгіленді. Сұранысы жоғары Аи-92 бензинінің бір литрі -115 теңгеге, Дизель отыны 107 теңгеге төмендеді. Ал Аи-80 маркасы сол қалпында 89 теңгені ұстап қалды. Бір нәрсе анық. Бағаның алдағы кездері күрт төмендеуі, керісінше күрт көтерілуі бек мүмкін. Сондықтан Үкімет үйлестіруді үздіксіз жүргізіп отырады. Яғни әр айда мұнай өнімдерінің бағасы мемлекетпен реттеліп, экономика үшін ұтымды тұстары таңдалады.

 

Ұзақбай  Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары

-Үйлестіру жұмыстары да Ресеймен тығыз байланыста болады.  Өйткені  Ресей бізге қажетті жанармайдың үштен бір бөлігін қамтып отыр. Отынның құнын Ұлттық экономика министрлігінің келісімімен, Энергетика министрлігі бекітеді. 

 

Демек, солтүстіктегі  көршіден көз жазбай, жанармай тәуелділігінен арылудың төте жолдарын қарастырған абзал. Ол үшін отандық мұнай кәсіпорындарын жаңғырту жұмыстарын жеделдеткен жөн. Әсіресе Атыраудағы зауыттың жаңаруынан үміт көп.

 

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары 

-Екінші этапы жүріп жатыр, ол жерде тек қана мұнай өнімдерін ғана шығармайды, сонымен қатар араматикалық химия материалдарын шығарады. Содан кейін бұл зауыт әлемдік зауыттардың қатарына шығады деп есептеп отырмыз.

 

Өнімнің өрісін кеңейтеміз деп жүріп, шикізаттың шеңберін тарылтып алуға болмайды. Халыққа тиімді төмендеу, «ҚазМұнайГаздың» қалтасын қағуда. Ұтылмаудың жолын іздеген ұлттық компания бюджетін қысқартып, шығындарын шектеді.Үнемдеудің үлгісін көрсеткен Мыңбаев мырза қызды қыздымен қызметкерлердің де қуанышын қысқартып тастапты.

 

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқарма төрағасы 

-Биыл «ҚазМұнайГаз» жаңа жылға байланысты корпоратив кешті өткізбейді. 

 

Алайда қара алтынның күн санап құнсыздануына қарамастан...

 

Сауат Мыңбаев, ҚазМұнайГаз АҚ ҰК Басқарма төрағасы 

-Мұнайдың көлемін төмендету жоспарымызда жоқ. Осы биылғы мөлшерде келесі жылы мұнайды өндіруге тиіспіз. Одан ептеген өсуі де мүмкін.

 

Мінекей, мұнайымыз көп деп мұңсыз отыруға, болмаса, ырзықты ысыраптауға болмайды. Өйткені өз мұнайымыз өзімізге жетеді деп, шекарасын шектеп тастаған өзбек ағайындардың шекесі шылқығаны шамалы. 

 

Сапарбай Жұбаев, Экономика ғылымдарының кандидаты

-Баға саясатымыз орталықтан басқарылады, бұл әлеуметтік маңызды тауар деп есептеледі. Сондықтан бензиннің бағасын осы белгілі экономикалық категорияларға қарап, 115-ке бұрынғы бағаға түсіруге шешім қабылданды. Мен ойлаймын бұл өте дұрыс шешім болды.

 

Қазір нағыз нарықтық майдан жүріп жатыр. Ал еркін сауда ешкімді аямайды әрі ешқашан таразы басы теңеспейді. Тепе теңдікті ұстаймын дегенің – экономиканы тұсаймын дегенің. Бірде ұтасың, бірде ұтыласың. Әзірге көлік отынның олжасы біздің оң жамбасымызға келіп тұр.  

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗІР ШЕТЕЛДЕРДЕ ЕЛІМІЗДІҢ 45 МЫҢ АЗАМАТЫ ОҚИДЫ. ОЛАРДЫҢ ДЕНІ РЕСЕЙ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯДА БІЛІМ АЛЫП ЖҮР. ДЕГЕНМЕН, СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ БІЛІМ КӨШІНІҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРЕ БАСТАҒАН СЫҢАЙЛЫ. DOS EDUCATION GROUP ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ МӘЛІМЕТІНШЕ, ЖЕРЛЕСЕТЕРІМІЗ ГЕРМАНИЯ МЕН АВСТРИЯНҒА КӨПТЕП АТТАНА БАСТАҒАН. СЕБЕБІ ТҮСІНІКТІ. МӘСЕЛЕН, ГЕРМАНИЯ – ЕУРОПАДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕЛДІҢ БІРІ. ДААД АТТЫ НЕМІС ОҚУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ БИЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ 650 ОТАНДАСЫМЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНҒАН. БҰЛАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ЕЛГЕ ОРАЛЫП, БІЛІМ-БІЛІГІН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖҰМСАП ЖҮР. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР БАТЫСТАҒЫ ҚАНДАЙ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚИДЫ? ОЛАР ҮШІН ГЕРМАНИЯДА БІЛІМ АЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ҚАНДАЙ? ЕУРОПАҒА АРНАЙЫ БАРЫП ҚАЙТҚАН ТІЛШІМІЗ НҰРБЕК ӘМИШАНЫҢ СЮЖЕТІНЕ КЕЗЕК БЕРЕЙІК.

 

Қазақстаннан баратын бауырларымыздың көбі Германияның негізінен техникалық оқу орындарын таңдайды. Бұл салаға басымдық берілетіндігінен болар, әрине. Мұнда ірі уинверситет пен институттарды шаңырағы 300-ге жетпейтін ауылдардан кездестіруіңіз әбден мүмкін. Соның бірі – Саксония жерінде орналасқан Циттау институты. Шалғайдағы жоғары мектепте алты қазақ баласы оқиды. 

 

Мәдина Мұқатаева, Циттау институтының студенті

-Бұл жерде мысалы, бір пәннен семестр бойы бір жұмыс жазасын, курстық жұмыс жазасын да, семестр аяғында тапсырасын. Және емтихан тапсырмайсың. Онын орнына құр өз жұмысыңды көрсетесін. 

 

Машина құрастыру, электротехника, экономика және қаржы мамандықтарына басымдық берген өңірлік оқу орны Қарағандыдағы политехникалық және Алматыдағы неміс-қазақ университеттерімен тығыз байланыста. Еуропадағы ел ғалымдары сағаттап отыратын дәрістің орнына көзбен көрсетуді артық санайды. 

 

Нұрбек Әмиша, тілші

-Бұл Циттау университеті жанындағы арнайы ғылыми орталық. Студенттер осында сабақтар оқиды әрі зерттеу жұмыстарымен айналысады. Солардың бірі – мына зертхана. Университеттің бірнеше корпусын жылумен қамтамасыз ететін бөлме айрықша құралдармен жабдықталған. Осы бөлмеде студенттер жер астынан жылу алып, баламалы энергия көздерін табуы тиіс. Неміс оқу жүйесінің ерекшелігі сол, оқу мен тоқу қатар жүреді. 

 

Роланд Гизе, Циттау институты оқу жұмыстары және халықаралық байланыс проректоры

-Біздің студенттер тек білім алып қана қоймай, жаңашылдықтарын да көрсетуі шарт. Сондықтан біз оларды бір семестр бойы тәжірибе бойынша жұмыс істеуге жібереміз. Онда олар нақты іспен айналысып, курстық жұмыс жазады. Тәжірибені біз кәдімгі жұмыс есебінде қабылдаймыз.  

 

Алина мен Елизавета Циттау институтында білім алады. Айына 650 еуро неміс стипендиясын алады. Мынадай жайлы жатақханада тұру үшін айына 235 еуро төлейді. Қаржы және маркетинг мамандығын игеріп, отанға оралу ойларында бар. 

 

Алина Аяпова, студент

-Әрі қарай дамуымыз керек, маркетинг 21 ғасырда үлкен сұранысқа ие. Ал Қазақстанда негізінен сатумен айналысады. Сондықтан мемлекетімізге аса керек кәсіп деп есептейміз.

 

Қолмен ұстап, көзбен көруге аса мән беретін білім беру жүйесі Германияның барлық өңіріне тән. Біздің бағыт елдің оңтүстігіне ойысты. 

 

Нұрбек Әмиша, тілші

-Вайденбах ауылы. Мюнхен қаласынан 200 шақырым алыстағы мына қоныста Германиядағы атақты оқу орнының бірі Вайенштефон Триздорф ғылыми қолданбалы университеті орналасқан. Бұл – ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны, университет алдындағы мына қойдың басы қонаққа тартылған кәде емес, мұнда ауыл шаруашылығының қыр-сырын аңғартатын мектеп бар дегенді білдіреді. 

 

Екі мыңға жуық халқы бар елді мекендегі оқу орнында қазір 6 мың студент білім алады. Студенттерге мұнда бакалаврдың 19, магистрлік  дәрежесінің 11 бағдарламасы бойынша білім ұсынылады. Шәкірттердің 95 пайызы бітіргесін жұмыс табады. 

 

Ральф Шлаудер, профессор 

-Біз Қазақстандық жоғары оқу орындарымен 20 жылдан аса бірге жұмыс істеп келеміз. Мұнда сіздің елден келген жастар әуелі ауыл шаруашылығы тәжірибесінен соң 3 семестр теория оқиды. Әрі Қазақстандағы түлектерімізбен тығыз байланыстамыз. Біздің студенттерге олардың білімі мен тәжірибесі керек. 

 

Бавариялық оқытушылар Астана, Алматы және Қостанайда орналсқан аграрлық университеттердегі әріптестерімен тәжірибе алмасып келеді. Бізден шәкірттер алып, біліктілігін көтереді. Әрине, байқау арқылы. Бүгінге дейін барлығы 400-ге жуық қазақ студенті озық оқу үлгісін санасына тоқыған.

 

Нұржан Нұрмағанов, Коммерциялық компанияның сату жөніндегі директоры

-Бізде көбіне көршіміз бірдеңе сатып алып, жұмыс бастаса, «Менде де бәрі жақсы болады», – деген ойда болады шаруалар. Алайда бұл дұрыс емес. Өйткені әр шаруашылықтың өзінің өмір сүру ерекшелігі бар. Осыны фермерлер түсінуі керек, осы бізге жетіспейді. 

 

Әсіресе оқытушылардың есіне сонау тоқсаныншы жылдары осы институт қабырғасында білім алған Нұржан Нұрмағанов ерекше қалған. Студент кезінен алғырлығымен көзге түскен Нұржан туған жердің ауыл шаруашылығына өз үлесін қосып жүр. 

 

Нұрбек Әмиша, тілші

-Мына шаруашылықта суденттер жарты жыл өмірлерін өткізуі тиіс. Мұнда олар егін егіп, мал бағады, құс шаруашылығымен айналысады. Шаруашылық жанындағы дүкенде студенттердің қолымен жасалған дүниелер қойылған. Олардың еккен егіндерінің жемістеріде осында. Яғни студенттер егін егіп, мал бағумен қатар, оларды сату жолдарын да меңгеруі тиіс. 

 

Болашақ агроном, менеджер тек қағаз жүзінде білім алып қана қоймай, қора-қопсы, өсімдік өсірудің де жай-жапсарын жете сезінуі керек. Қостанайдан келген Евгения Гоцуляктың күнделікті тірлігі зеңгі бабаны баптаумен басталады. Әрі осы еңбегіне айына 200 еуро алады. 

 

Евгения Гоцуляк, магистрант 

-Бұлар ет бағытындағы сиырлар. Алайда біз сиыр бағып қана қоймай, жер өңдейміз. Мұның бәрін өз көзіммен көру маған аса қажет. 

 

Жалпы қазақ студенттері негізінен Германияның Академиялық алмасу қызметі яғни ДААД-тың шәкіртақысын жеңіп алу арқылы табан тірейді екен. Ал жерлестеріміздің 1 пайызы ғана «Болашақ» бағдарламасы арқылы келген мұнда. Басты себеп, Берлинге бет алғандардың неміс тілін белгілі бір дәрежеле білуі міндеттеледі. Ал ағылшын тілінде оқытатын ЖОО саны аз әзірге. Бағы жанған бала айына 650 мен 750 еуро аралығында стипендияға ие болады. Берлин, Мюнхен және Франкфурт қалалары тарихи ғимараттары мен туристік қазыналары арқылы білімге құштар жанның қызығушылығын арттырады. Алмания негізінен инженерлерлік, экономикалық білім беру бағыттарға ден қойса, жерлестеріміздің көбінің таңдайтыны да осылар екен.  

 

Гизелла Циммерман, Daad бағдарламасының Орталық Азиядағы ЖОО жобаларына жауапты маман 

-Ең танымал бағдарлама – германиялық жоғары оқу орындарындағы магистратура. Бізде жылына бұл бағытқа 11 стипендия бөлінсе, ол үшін 600 үміткер бақ сынайды. Бір қуанарлығы, Қазақстан үшін стипендиямыз көбейіп келеді, соған сай қызығушылық та артуда. 

 

Батыстық жүйе студенттің өзіне еркіндік береді әрі жауапкершілікті қатар жүктейді. Мұны әр талапкеріміздің білгені жөн. 

 

Дәулет Есекенов, магистрант, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты

-Осы жақта студенттер өздері қандай сабақтарды алғысы келетіндігін таңдайды. Қалай оқығысы келеді, өздері біледі. Мына пәндерді алсам, осы семестрде оқи алам ба, оқи алмаймын ба? Ешкім оған айтпайды осы күнде оқу керексін деп...

 

Озық жүйені ойыңызға орнықтырғыңыз келсе, беліңізді буыңыз, тек алтын бесікке адал қызмет ету үшін ғана. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ,  «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ТҰЛПАР – 2014» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ. ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР ШЫҚҚАНДАР 7 АТАЛЫМ БОЙЫНША МАРАПАТТАЛДЫ. БАЙҚАУДЫҢ «АЗАМАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН» АТАЛЫМЫНА 50 ОҚУШЫНЫ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚҰТҚАРҒАН ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ПОЛИЦЕЙ АРҒЫН ҚУАНОВ ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ. АЛ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН» «АСТАНА» АРНАСЫНЫҢ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ ОКСАНА ПЕТЕРС ҮЗДІК АТАНДЫ. «ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ» АТАЛЫМЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТАР АҚЫН СЕРІК СЕЙІТМАН МЕН ӘНШІ ЖАНАР ДҰҒАЛОВА ЖӘНЕ СПОРТШЫ ИЛЬЯ ИЛЬИНГЕ ТАБЫСТАЛДЫ. БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БІРІНШІ ОРЫН ЖАС ҒАЛЫМ ҰЛЫҚБЕК ҚАЙЫРОВҚА БҰЙЫРДЫ. АЛ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҮШІН» АТАЛЫМЫНДА ЕВГЕНИЙ РИБАЛКО МАРАПАТТАЛДЫ. ӘР АТАЛЫМ БОЙЫНША ҮЗДІК ТАНЫЛҒАНДАРҒА 1 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ ТАБЫС ЕТІЛДІ. «СЫЙЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ДАМЫТУҒА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛЕСІН ҚОСҚАН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ. СОНДЫҚТАН СЫЙЛЫҚТЫҢ ТЕРЕҢ СИМВОЛДЫҚ МӘНІ БАР», - ДЕДІ ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕК.

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары   

-Елбасы жастар біздің алтын қорымыз дер әрқашанда сіздерге жастарға тек қана үміт артып қоймай, жан-жақты жағдай жасап келе жатыр. Мынау «Нұрлы жол» Елбасы жаңа бағдарламасы жалпы жастарға арналған. 

 

Серік Сейтман, ақын, «Жас Тұлпар-2014» республикалық байқауының жеңімпазы  

-Жабағың қазанат болсын, 

Жаманың азамат болсын. 

Алаштың айбыны тасып, 

Жау алмас жамағат болсын.

Құламас қағанат болсын. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!