Жеті күн. 27.08.2016 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн. 27.08.2016

  • Сенбі, 27 Тамыз 2016 21:09
Сюжеттер
1. Польша үшін Қазақстан әлеуеті зор бес нарықтың қатарында тұр 2. Елбасы: Сербиямен сауда-саттық жасаудың жаңа саласын ашайық деп отырмыз 3. Елбасы XXXI жазғы Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсімге қатысты
 
4. Олжалы Олимпиада 5. Биыл Семей полигонының жабылғанына – 25 жыл  

1. Польша үшін Қазақстан әлеуеті зор бес нарықтың қатарында тұр

Дипломатиядағы сапарлар сан алуан, солардың төресінің аты – мемлекеттік. Міне, сол мемлекеттік сапармен осы аптада Қазақстан басшысы Польшаға барды. 

Алыс-беріс, барыс-келіс бұрыннан бар, бірақ көп емес. Елбасы 1997 мен 2002 жылы Варшавада болған. Бір кездері елді басқарған Александр Квасьневский мен Лех Качыньский де Президент ретінде Қазақстанға келді. Сол уақытта берік ынтымақтастықтың негізі қаланды, алайда қарым-қатынасқа екпін қосу керек. Заманның өзі осыны талап етіп отыр.

Қазіргі басшы Анджей Дудамен Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жолықты. 

Сол кездесуде Елбасы Польшаға шақырту алды. Қорыта айтқанда, сапар мазмұнды болды. Талқыланған мәселелердің бірі – көлік-транзит әлеуеті. 

Нұрсұлтан  Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мы становимся друзьями. Есть польская пословица: «Друзья приходят издалека, а враги растут рядом». Поэтому мы всегда готовы работать с нашими польскими друзьями. Как говорят в Польше, у кого есть друзья, тот широк как степь, у кого нет их, тот мал как ладонь. Всё то, что я сказал, экономическое сотрудничество упирается в один тяжелый вопрос – это транспорт. Как проехать из Казахстана в Польшу и наоборот. Вопрос авиационного сообщения мы решаем. Традиционное сообщение – через Россию. Господин Президент, давайте сегодня выступим с инициативой, обратимся к России, начнем прорабатывать трехстороннее соглашение хотя бы по транспорту. Это послужит началом всех добрых начинаний. 

Екі ел де өз өңірінің «маңдайалдысы». Мәселен, Польша – экономикасы бойынша Еуропалық Одақтағы бесінші мемлекет. Ал Қазақстан Еуразиялық Одақ шеңберінде қарайтын болсақ, әлеует тұрғысынан «екінші» саналады. Оның үстіне ресми Варшаваның Орталық Азия елдерімен арадағы сауда-саттығының 70 пайызы бізге тиесілі. 

Экономикалық қана емес, саяси мәселелер бойынша да қос мемлекеттің көзқарастары ұқсас. Бұл өз алдына бір бөлек тақырып. 

Президент сарайы. Көненің көзіне айналған Варшавадағы ең зәулім ғимараттың бірі. Былтырдан бері мұнда Польшаның жаңа басшысы тұрады. Бір жыл бұрын ел тізгінін алған Анджей Дуда ресми меймандарды осында қабылдайды. 

Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшаға үшінші рет келуі. Соңғысы 14 жыл бұрын болған. Сондықтан осы сапардың мәні де, сәні де бөлек. Мемлекеттік деген мәртебеге ие. 

Ең құрметті Президенттерге ғана, оның өзінде президенттік мерзімінде бір-ақ рет мемлекеттік сапар шегуге болады екен. Ресми сапардан айырмашылығы аз болғанымен, осылай Польша өзінің саяси сенімін білдіріп, қатынастардың мінсіздігін әспеттейді. 

Ресми Варшаваның Астанаға деген ықыласы ерек. Қазақстанның да Польшаға ілтипаты ерекше. Орталық және Шығыс Еуропаның шымыр экономикасы саналатын бұл елмен байланысты тереңдетуге талпынып отырмыз.  Біздің елмен сауда-саттық былтыр 1 млрд доллардан асты. Дегенмен, әлеует одан да зор. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Менің ойымша, экономика жағынан да, саяси жағынан да бір-бірін толықтыратын мемлекет. Польшадағы бар тауарлар Қазақстанда жоқ. Қазақстандағы бар тауарлар Польшада жоқ. Осы екеуін қосатын болсақ, екі мемлекетке де, екі xалыққа да жұмыс орнын беретін және экономиканы өркендететін жағдай жасайды деп санаймыз. Ендігі жылдан бастап визасыз поляк азвматтарының Қазақстанға келуіне жағдай жасалады. Екі арадағы әуе қатынасқа да біз сөйлестік. Ол да мүмкін болады. Компаниялар өз алдына келісетін болса, тиімді болса, саяси оған ешқандай қарсылық жоқ. 

Екі елдің қарым-қатынасынан қарама-қайшылық табу қиын. Жоқтың қасы. Алайда Польшаның кейбір көршілерімен көңілі күпті екені жасырын емес. Ресеймен арада кикілжің бар. Сондықтан келіссөзддер барысында тараптар саяси мәселелерді де назардан тыс қалдырған жоқ. Қазақстан Мәскеу мен Варшаваны татуластыруда бітімгер болуға әзір. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біз саяси мәселелерді талқылаған кезде Ресей мен Украинананың арасындағы, Польшамен Ресейдің арасындағы және біздің арамыздағы қарым-қатынасты аттап кете алғанымыз жоқ. Сондықтан да екеуміздің ойымыз, саяси жағынан біздің өңірімізде бейбітшілік орнап, мемлекеттер арасында бір-бірімен қатынасымызды жөндеу мәселесін ойлайтын боламыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Ресеймен де, Украинамен да, Түркиямен де тығыз жұмыс істейді. Мәселелерін шешеді. Бұл жерде де біз сондай дипломатиялық қызметтер жасап, елдердің арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынасты жақындасуға мүмкіндігіміз бар.

Польша мен Ресей қатынасы реттелсе, арада жүк тасымалы арта түспек. Екі елдің де көлік-логистикалық мүмкіндіктері орасан. Тіпті Польша біздің елдің транзиттік әлеуетін пайдалана отырып, Орталық Азия, Қытай, Үндістен мен Иран нарықтарына шықпақ. 

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті

-Қазақстан инфрақұрылымдық жобаларды көптеп іске асыруда. Сондықтан көлік-транзит саласындағы ынтымақтастыққа мән беруіміз керек. Бұл экономикалық серіктестіктің керегесін айтарлықтай кеңейтеді. Бұдан бөлек, біздің теңізде екі терминалымыз бар. Оны да бірлесіп пайдалануға болады. Теміржол желілері арқылы да тауар тасымалын арттыруға кедергі жоқ. 

Тауар тасымалдаудың төте жолы Ресей арқылы өтеді. Алайда бұл бағыт арқылы транзитті реттеу үшін арнайы уағдаластық керек. Мұнда үш тараптың да келісімі маңызды. 

Сапардың екінші күні қазақ-поляк бизнес-форумында Нұрсұлтан Назарбаев транзит жөнінде үшжақты келісім жасауға ұсыныс білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы становимся друзьями. Есть польская пословица: «Друзья приходят из далека, а враги растут рядом». Поэтому мы всегда готовы работать с нашими польскими друзьями. Как говорят в Польше, у кого есть друзья, тот широк, как степь, у кого нет их, тот мал, как ладонь. Все то, что я сказал, экономическое сотрудничество упирается в один тяжелый вопрос — это транспорт. Как проехать из Казахстана в Польшу и наоборот. Вопрос авиационного сообщения мы решаем. Традиционное сообщение - через Россию. Господин Президент, давайте сегодня выступим с инициативой, обратимся к России, начнем прорабатывать трехстороннее соглашение хотя бы по транспорту. Это послужит началом всех добрых начинаний.

Мұxтар Ыбырайым, тілші

-Қазақ-поляк бизнес форумы. Екі елдің кәсіпкерлерін жақындататын маңызды шара. Қос тараптан да қызығушылық жоғары. Мұны кіреберісте қалыптасқан ұзынсонар кезектен аңғаруға болады. Қазақстаннан 100-ден астам бизнесмен келсе, жергілікті кәсіпкерлердің саны – жеті жүз. 

Жеті жүз форумға келген поляк іскерлерінің бір сыпырасы ғана. Ниет білдіргендер одан да көп. Адамдарды тіркеуден өткізіп, залға жайғастырудың өзі біршама уақыт алды. 

Айта кетерлігі, Қазақстаннан мұндай ауқымды делегация алғаш рет келіп отыр. Алыс-берісті ұлғайтудың қамы үшін! Қарасы қалың кәсіпкерлердің көптігін мінбеде тұрған Елбасы да байқап қалды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Я хочу поблагодарить крупнейших польских бизнесменов. Которые сегоднешнее утро отдали нам. Я смотрю большой интерес. Мест неxватило. Люди стоят. Более ста казахстанскийх бизнесмнов прибыло к вам. Мне сказали тут 800 бизнесменов. Но когда вы приедите к нам нас тоже будет больше. 

Бизнесмендердің саны емес, сапасы маңызды. Бір күнде 1 млдр долларға келісім жасалды.

Мирослав Панэк, Польша Ұлттық экономика банкі басқарма төрағасының міндетін атқарушы 

-Күн барысында Қазақстанның «Даму» банкімен қол қойылған келісімнің екеуара ынтымақтастық үшін маңызы зор. Әрі осы келісім аясында 300 миллион еуроны пайдаланудың мүмкіндігі туып отыр. Біздің банк несие алуға үлкен мүмкіндік жасайды. Менің ойымша, келісімде ұсынылған қаржы белгілі бір уақытқа жетеді. Егер әңгіме қаржыландырудың мерзімін созуда болса, оны ұлғайтудың жолдарын қарастырамын. 

Игі жобалардың дені шағын және орта бизнесті қамтиды. Польша – Орталық Еуропадағы алдыңғы қатарлы мемлекет. Экономикасы көш бастап тұр. 

Елдің ІЖӨ-нің 67 пайызы шағын және орта бизнестің еншісінде. Социалистік жүйенің шырмауынан шыққан ел үшін тамаша көрсеткіш. Демек, біздің үйренетін жеріміз осы. 

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Кезінде өзгенің тауарына тәуелді болған Польша – қазір Еуропадағы ірі экспорттаушы. Жылына 25 млрд доллардың ауыл шаруашылығы өнімін сыртқа шығарады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Барлық шығарған ауыл шаруашылығын бұлар өңдеп шығарады. Егер де біз осылардың технологиясын алып келсек, ауыл шаруашылығына қойсақ, тәжірибесін үйренсек, біздің ауыл шаруашылығына үлкен көмек болады деп есептеймін. Бұл жерде дағдарыс бар ма, басшыларына кім келіп, кім кетіп жатыр экономика жұмыс істей береді. Сондықтан біз жекешелендіріп, экономиканың қарамағында 15 процентті қана қалдырамыз. Өсіп-өнген елдермен бірдей дегеніміз, бизнеске өз алдына жұмыс істеуге, өркендеу-өсуіне жол ашу деген сөз. 

Бұл Рышард Новаковскийдің бақшасы. Варшава маңында орналасқан. Үлгі тұтарлық шаруашылықтың бірі. Гектарынан 60 тонна алма алады. Осы бақтан шыққан жемісті Қазақстан базарларында да кездестіруге болады.

«Өнімділіктің жоғары болуы – технологияларға байланысты», – дейді поляк фермері. Қазір тәжірибе бөлісіп, қазақ шаруалармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Рышард Новаковский, агроном

-Біз тараздық бір компаниямен серіктестік орнаттық. Екі жыл бұрын алғашқы көшеттерді отырғызған едік, қазір жемісін беріп жатыр.  Егер Қазақстанда біздің технологиялар сақталса, онда әлеует зор. Менің білуімше, Алматы «алма» деген сөзден шыққан. Алматы апорты деген сұрып бар. Соның дәмін татып көргім келеді.

Ал мынау Жамбыл облысындағы өзіміздің алма бақ. Бірақ технология Польшанікі. Альтаир Болсынбеков әлемдегі үздік үш елдің бірі Польшадағы мамандардың іскерлік байланыс орнатып, 50 гектар жерге алманың 4 түрлі сұрыпын отырғызды. 40 жылдық тәжірибесі бар польшалық мамандар енді бағбандықтың қыр-сырын жамбылдықтарға үйретуде. 

Бұл жердегі тамшылатып суару әдісімен өсірілген алма ағаштарынан келер жылы 7 тоннадан өнім алынса, 4 жылда 70 тоннаға көбейтуге болады.

Айболат Сәрсенов, агроном 

-Біз алма бағымызды еуропалық деңгейге жеткізуді көздеп отырмыз. Тек қана Польша емес, Италиямен де қарым-қатынаста болып жатырмыз. Климаттық жағдайға байланысты суғару, микро-макроэлементтерді қандай уақытта беру, қандай жетіспеушіліктерде беру? Сондай технологияларды үйреніп жатырмыз.

Польшада сапалы өнім шығару мен жерді игеру ерекше жолға қойылған. Жердің басым бөлігі – жекеменшік қолда. «Жұмыстың жемісті болуы содан», – дейді поляктар. 

Вальдемар Хуменцкий, Польша ауыл шаруашылығы агенттігі мен жылжымайтын мүлік агенттігінің президенті

-Екінші дүниежүзілік соғыстан соң мемлекетік ауыл шаруашылығы жерлерінің 80 пайызы фермерлердің қолында болды. Ал 90-шы жылдары біз жерді сатып, жалға бере бастадық. Сөйтіп, 2 млн 700 мың га сатылымға қойылды. Биыл мемлекет жерді алып-сатуға қадағалау енгізді. Сәуір айында қабылданған заң бойынша жерді сату үшін фермер сол жерде кем дегенде 5 жыл тұруы тиіс. 

Ал 220 млн га шаруашалық жері бер Қазақстанда игерілмей жатқан алқаптар аз емес. Демек, поляк бизнесмендерінің осы салаға инвестиция салуына мүмкіншілігі бар. 

Оның үстіне, бізге шағын және орта бизнесті басқарудың тәжірибесі де қызық. Дамыған аграрлық өнеркәсібі бар Польша жерді жалға беру жүйесін енгізіп, содан пайдаға кенеліп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В этой стране селско хозяйственные земли отдаются в частную собственность. Правда ограничевается на одно лицо сколько давать. Но президент сказал в объеме 300-400 га на одного. Но есть и по больше. И контралирует. То есть нам надо изучить, как это происходит. У них тоже была проблема когда богатые поляки которые от сюда уехали, во время войны приехалия начали закупать как наши латифундисты в огромном количестве земель, поэтому они ограничели на одну руку. В общем та с землей работают очень хорошо.

Варшава тәжірибе бөлісуге дайын. Польшаның инвестициялар жөніндегі агенттігінің басшысы өз ойымен бөлісіп, ауыл шаруашылығын бірден көтеру қиынға соққанын айтты. 

Бартломей Павляк, Польша ақпарат және шетелдік инвестициялар агенттігі президентінің міндетін атқарушы 

-Қазіргі таңда Польшаның ауыл шаруашылығы саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Кезінде, коммунизм тұсында Польшада жеке шаруашылықтар болған. Бұл өте ұсақ фермалар еді. Енді осы шағын фермалар бірігіп жатыр. Сөйтіп, олар инвестициялық жобалардың басты қатысушыларына айналуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы жүйесінің өзгеруіне ықпалын тигізуде. Бұрын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейі өте төмен еді. Қазір жағдай түбегейлі өзгерді.  

Форум барысында Президент екі елдің экономикалық мүмкіндіктеріне тоқталды. Бастысы, ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіріп, көрші нарықтарға тасымалдау екі елге де тиімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я знаю, что Польше не нравится Евразийский экономический союз. Я инициатор этого дела. Я слышу, что Россия снова собирает Советский союз. Может быть, кто-то и переживает развал Советского союза, но тот, кто хочет его восстановить - у него нет головы, потому что это невозможно. Поэтому я не думаю, что в Европе правильно об этом рассуждают. Мы с господином Юнгером договорились провести этой осенью в Брюсселе специальную конференцию «Европейский союз и Евразийское экономическое пространство». Друзья, вы должны понять. Во-первых, это 180 млн. населения, 2,5 трлн. ВВП. Это таможенный союз, открытые и свободные границы. Это интеграция и больше ничего.

Варшава Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарда Астанаға басымдық беріп отыр. Мұны Елбасымен кездесу кезінде елдің Премьер-министрі Беата Шидло айтты.  

Әңгіме барысында екіжақты диалогты жүйелі өрбітудің жолдары қаралды.

Екі елдің парламентаралық байланыстары да бекемдей бермек. Сенат Төрағасы Станислав Карчевскиймен Елбасы мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. 

Қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалыптастыру жұмыстары жалғаспақ. Гуманитарлық әріптестіктің де қарқыны жақсы. 

Қазіргі таңда Польшада 500-ден астам қазақ студенті білім алып жатыр. Олар да Мемлекет басшысымен қауышып үлгерді. Ал сапар соңы Нұрсұлтан Назарбаев белгісіз солдат бейітіне гүл шоғын қойды. 

Мемориал кешенді аралап, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. 

Осылайша екі күндік сапар жемісті деуге негіз бар.  

Польша үшін Қазақстан әлеуеті зор бес нарықтың қатарында. Есесіне, сапар аясында тараптар экономикалық ынтымақтастық туралы декларация қабылдады. Жасалған келіссөз бен келісімдердің келешегі кемел. Бұл тек бастама ғана деп түйдік.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Әлібек Әлиев, Руслан Жәкеев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев 

2. Елбасы: Сербиямен сауда-саттық жасаудың жаңа саласын ашайық деп отырмыз

Польшаға сапары кезінде Президент айтқан үшжақты келісімге келу жөніндегі ұсыныс дәл қазіргі таңда қаншалықты маңызды? Біз осы сауалды сарапшыға қойдық.

Жандос Қаринбаев, Халықаралық сарапшы

-Бұл бастаманы көтеру барысында Елбасы өзінің көрегендігін танытты. Және де геоэкономикалық тұрғыда, геосаясат тұрғысында бұл те дұрыс қадам деп білемін. Польша – тоғыз жолдың торабында орналасқан мемлекет. Белорусия, Ресеймен де шектеседі. Сонымен қатар Польшаның Балтық теңізінде әйгілі порттары бар. Яғни біздің «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық магистралі арқылы тасымалданған жүкті сол порттар арқылы одан әрі Скандинав мемлекеттеріне, Батыс Еуропа мемлекеттеріне, жалпы Атлант мұхиты арқылы әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі бар. 

Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдердің басшыларының ішінен Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Польшаға сапарлап барды. 

Күні ертең Брюссельде «Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік» деген тақырыпта конференция өтеді. 

«Елбасы бизнес-форумда интеграция мәселесін бекер қозғаған жоқ», – дейді сарапшы. 

Еуразиялық экономикалық Одақ аясындағы ынтымақтастық мәселелері Президенттің Сербияға сапары кезінде де талқыланды. Қазіргі таңда бірлестік пен ресми Белград арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер басталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Қазір дүниежүзілік экономикалық ахуал нашар, бәрі төмендеп тұр. Сауда-саттық құлдыраған. Дегенмен, барлығы да Еуразиялық экономикалық Одақ қажет екендігін түбінде түсінетін болады. 180 миллион халық тұрады. 2 триллионнан астам экономикасы бар. Осыны ескерер болсақ, бұл елдер үшін үлкен нарық ашылады. Екіншіден, Азияға шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан Сербияның Еуразиялық экономикалық Одақпен еркін сауда аймағына құру туралы өтінішін қолдап отырмыз. Ол бізге де пайдалы. 

Былтыр Сербия Президенті Астанаға келді. Араға тура бір жыл тастап Нұрсұлтан Назарбаев Белградқа барып отыр. Қос сапар экономикалық байланысты бекемдеуге қаншалықты әсер етті? 

Сербия – Еуропадағы шағын ғана мемлекет. Аумағы бар болғаны 88,4 мың шақырым. Халық саны 7 млннан сəл асады. 

Соңғы 25 жылда Сербияның саяси жағдайы да, экономикалық ахуалы да айтарлықтай күйреді. 

Сонау 80-ші жылдары «үлкен Югославия» құрамындағы мемлекеттің  əлеуеті əлдеқайда дұрыс болатын. Алайда аумалы-төкпелі 90-шы жылдар сербиялықтарға да оңай соққан жоқ. 

Югославия ыдырады, сыртқы байланыс үзілді, Сербия өз күнін өзі көруі керек болды. Содан бері елдің басына қара бұлт үйрілді. Соғыс, саяси санкциялардың салқын желі мемлекетті əбден шайқалтты. 

Төртеу түгел болмаған соң, алтаудың да ала болатыны хақ. Көп ұлтты мемлекеттен береке қашты. Бүгінгі Үкімет осы олқылықтардың орнын толтырғысы келеді.  Басты мақсат – сырттан серіктес іздеп, шетелден қаржы тарту. 

Қазақ көшбасшысын сербиялықтар көктен қарсы алды. Президент бортына əуеде әскери ұшақтар ілесіп отырды. Біле білгенге бұл үлкен құрмет. 

Жерде Елбасын Сербия Президенті Томислав Николич өзі қарсы алды. Сербия Президентінің əуежайға арнайы келуі Қазақстан басшысына деген  ілтипаттың бірі саналады. Тарихи сәтті тіптен республикалық арналардың тілшілері де тікелей эфирден көрсетті.

Әуелеген әуен, сымдай тартылған сарбаздар. Бұл да мәртебелі меймандарға ғана көрсетілетін құрметтің бір түрі. 

Сербияға тұңғыш рет табан тіреген  Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлылықтың жоғары деңгейі көрсетілді. 1947 жылы  іргетасы қаланған Сербия сарайының алды бір сәтке мерекелік  шараға ұласты.

Бірнеше мəрте халықаралық ұйымдарда Сербияға қолдау танытып жүрген Қазақстан Президентінің сербтер үшін шоқтығы биік. Зеңбіректен он рет атылған оқтың өзі Қазақ еліне деген оң көзқарасты  аңғартып-ақ тұр. 

Тарихи сәтке тынымсыз дайындалған арнаулы жасақ  қауіпсіздік шараларында да қырағылығық танытты.

Ресми шарадан кейін екі ел басшысы бірден екіжақты кездесу өткізді. Тараптар дипломатиялық байланыс орнаған 20 жыл ішінде атқарылған істерді саралап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алысты. 

Сербия жақсы қарым-қатынасты, əсіресе экономикалық тұрғыдан бекемдеуге мүдделі. Мұнымен қоса, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мəселелері де сөз болды.  

Кездесу соңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Сербия байланысын бекемдеуге қосқан үлесі үшін әріптесіне бірінші дәрежелі «Достық» орденін табыстады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сегодняшняя встреча проходит в период, когда мы отмечаем 25-летие независимости Казахстана и 20-летие с момента установления дипломатических отношений с Сербией. Надеюсь, что это будет способствовать расширению товарооборота, активизации экономического и политического сотрудничества. Мы намерены сотрудничать в области сельского хозяйства, металлургии, строительства, медицины и фармацевтики. Казахстан и Сербия имеют взаимодополняемые экономики, и партнерство может принести выгоду для обеих сторон.

Томислав Николич, Сербия Республикасының Президенті  

-Құрметті Президент мырза қош келдіңіз. Сізді Сербияда қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Біз Сербия Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты бекем ұстанымыңыз, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі біздің елдің мәдени нысандарын сақтау ісіне қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге ризашылық білдіреміз. 

Кездесу күн тәртібіндегі кестеге сәйкес кеңейтілген құрамда өрбіді. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы келешегі кемел жобалардың іске асырылу мәселелері пысықталды. 

Екі ел басшылары іле-шала бірлескен мәлімдеге қол қойып, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.  

Осы орайда тараптар бірнеше маңызды уағдаластықтарды рəсімдеді. Атап айтсақ, екі ел сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасты. 

Мұнымен қоса, Сербия Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаса, Алматы облысы және Воеводина  автономды өлкесімен ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз Сербияны Балкандағы оңтүстік-шығыс Еуропадағы негізгі әріптестіміздің бірі ден санаймыз. Екі елдің арасында ешқандай саяси жағынан, басқа да жағынан келіспеушілік жоқ. Сондықтан бұл елмен сауда-саттық жасап достықты нығайту Қазақстан үшін өте қажет. Сербияда инвестиция мен инновация жөнінен жетістіктер өте көп. Сондықтан біз бұл елмен сауда-саттық жасаудың жаңа саласын ашайық деп отырмыз. Өткен келіссөздерден делегация арасындағы меніңше көп нәтижелерге қол жеткіздік. 

«Қазақстан Президентінің бұл сапары Сербияға серпін беретініне кәміл сенімдімін», – деп атап өтті Томислав Николич. Себебі сербтер үшін дәл қазір Еуразиялық экономикалық Одақпен еркін сауда аймағын құру ауадай қажет.

Томислав Николич, Сербия Республикасының Президенті

-Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен Қазақстан-Сербия арасындағы диалогтың жанданғанының тілге тиек еттім. Байланысымыздың  жаңа келбеті пайда болды. Бұдан былай біздің үкіметтеріміз де тығыз қатынаста болады. Осыған орай Қазақстан мен Сербияның көкжиегін кеңейту аясында бес құжатқа қол қойылды.

Қазақстан бүгінде инвесторлар мен бизнесмендер үшін ең қолайлы мемлекеттердің қатарында. Еуропа елдерінің бізге қарай елеңдеуі де сондықтан. Себебі Қазақстанда кәсіптен нәсіп табу үшін барлық жағдай жасалған.  

Сергелдеңге түскен сербтер  бұл мүмкіндікті мейлінше пайдалануға тырысты. Өйткені екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін толыққанды қолданбай отыр. Оған ресми көрсеткіштер дəлел. 

Мәселен, 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналым 56 млн долларға жуықтаса, биыл қаңтар-мамыр айында бұл көрсеткіш 11 млн долларды ғана құраған. Демек, іскерлік  және инвестициялық қарым-қатынас қарқыны бәсеңдеген.  

Осы орайда қос елдің министрлері экономиканың күре тамырына қан жүгірту үшін нақты келісімдерге келгенін жеткізді.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі 

-Әрине, біз елдеріміздің арасында экономикалық және сауда қатынастарын дамыту керек. Сондай мақсатпен келіп отырмыз. Қай салалар тиімді Қазақстан үшін? Ауыл шаруашылық, құрылыс саласы машина жасау саласы? Тарихты алып қарайтын болсақ, Югаловия және сербтық компаниялардың салаларда олардың деңгейі жоғары деп айтуға болады.

Горан Кнежевич, Сербия Республикасының экономика министрі 

-Біз ең әуелі өзіміздің жеке қаржымызды жұмылдыруға ниеттіміз. Сондықтан біздің алдымызда  тұрған басты мәселе – сербиялық кәсіпкерлерді қазақстандық жобаларға барынша тарту. Өйткені олардың әлеуеті артқан сайын қос елдің кіріс көзі де көбейетіні белгілі. 

Владимир Милованович, «ЭНЕРГОПРОЕКТ» холдингінің бас директоры 

-Біздің өз саламызда  тәжірибеміз жеткілікті. Қазіргі біздің мақсатымыз – қазақстандық компаниялар мен тығыз байланыс орнату. Сондай-ақ сіздердің елдеріңізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Оны біз сербиялық бизнесмендерге егжей-тегжейлі түсіндіруіміз шарт. Себебі бүгінде Қазақстан сияқты экономикасы тұрақты елге инвестиция құямын деушілердің қатары көп.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында Сербия Республикасының Премьер-министрі Александр Вучичпен де кездесіп, көлік, туризм, инфрақұрылым саласын дамыту бағыттарын талқылады.

Елдар Бақпаев, тілші 

-Бүгінгі нəтижелі кездесулерден кейін Қазақстан мен Сербия байланысы жаңа қарқынмен дамуы тиіс. Екі ел өкілдері осылай деп қол алысты. Уағдаластық бар енді, алыс-берісті арттырып, бірлескен кəсіпорындар санын көбейтуге 5 мың шақырымдық арақашықтық та кедергі бола қоймас. Оны жергілікті бұқақаралық ақпарат құралдары да жарыса жазуда.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға жасаған бұл сапары  тарихи тағылымы мол құндылықтарды  әспеттеді. Алғаш рет кəрі құрылық елдерінің бірінде қазақтың қара домбырасын кие тұтқан ақиық ақын, халық данасы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші бой көтерді.  

Елбасы салтанатты рәсім барысында әріптесімен бірге мүсінге гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Өзінің жалынды жырымен танымал Жамбылдың мүсінін тамашалауға мыңға жуық сербиялық жиналды. 

Кеңес жауынгерлерінің жігеріне-жігер қосып, «Ленинградтық өренім»  атты өлеңімен талай елге танылған Жамбыл Жабаевты енді сербиялықтар да жақсы біледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Пусть это событие послужит тому, чтобы произведения казахских писателей и поэтов переводились на сербский язык, а сербские творческие люди переводили свои творения на казахский язык. Так мы будем сближать наши народы, нашу молодежь. Мы сегодня договорились о том, чтобы мы направляли молодых студентов к вам, и сербская молодежь училась у нас в столице, в наших университетах. Это будущее, это будет сближать наши народы. В заключение хочу высказать еще одну идею. Провести дни культуры Сербии в Казахстане, и дни культуры Казахстана в Белграде, чтобы наши народы ближе знали культуру и искусство наших народов.

Томислав Николич, Сербия  Республикасының Президенті

-Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіш біздің достығымызды паш етіп қана қоймай, Сербия халқына Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін білуге мүмкіндік береді. Осы салтанатты шара бірегей бастамалардың басы болсын дер едім. Біз қазақтың дархан даласын дәріптейтін мәдениетіне қаныққымыз келеді. 

Милка Дамнянович, Белград тұрғыны

-Оның ақиық ақын, жырау екені өте маңызды. Мен өзім екі кітап жазған адаммын. Алдағы уақытта Жамбыл Жабаев жайлы жазғым келеді. Сіздердің елдеріңіздің Сербиямен байланыс орнатқысы келетіндігі өте жақсы. Біз сіздерді өте жақсы көреміз.

Елдар Бақпаев, тілші                                                                                

-«Жамбыл менің жай атым, халық менің шын айтым», – деп жырлағн өлең сөздің дүлділі,  ұлы дала жыршысы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл – 170 жыл. Белградтың бел ортасында бой көтерген бұл мүсін айтулы жылы күллі қазақ халқы үшін жасалған үлкен сый-құрмет болды. Елбасының сапары аясында серб тілінде жүз жасаған Жамбылдың өміржолы баяндалған кітапта жарық көрді. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Патриархы Иринеймен де жүздесті. Патриарх Қазақстан Президентін Сербия Православ шіркеуінің  жоғары наградасы І дәрежелі Қасиетті Савва Орденімен марапаттады.

Патриарх түрлі этнос өкілдерінің тең құқылы өмір сүруіне сіңірген Елбасы еңбегін өте жоғары бағалайтынын жеткізді.

Ириней, Сербия Патриархы 

-Мен үшін сіз сияқты ерекше тұлғаны біздің ең жоғары орденімізбен марапаттау – үлкен құрмет. Сербия үшін сіздердің елдеріңіздің орыны бөлек. Сіз еліңізде түрі мен түсіне қарамастан, барлығына  бірдей жағдай жасап отырсыз. Бұл көпшілікке үлгі боларлық жағдай.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті                     

-Я инициировал собрание руководителей традиционных религий, и я вас приглашаю посетить Казахстан во время следующего съезда. И вы увидите, что там и раввин Израиля и мулла Ирана здороваются, сидят рядом и разговаривают. А так трудно представить, что это было бы. И все которые сегодня несогласные сидят рядом, беседуют и делятся мнениями. Если не разговаривать, то нельзя ершить вопрос. Если не разговаривать, то нельзя понять друг друга.

«Бағалай білмегенге бақ қонбайды, қуана білмегенге құт қонбайды», – демекші сербиялықтар – бейбітшіліктің қадірін білетін бірден-бір ел. Ұлттық бірлігіне сызат түскен олар дамудың даңғыл жолында тұралап қалғаны қашан. Сол себепті де ауызбіршілік болмайынша, алпауыт ел болуды армандамай-ақ қоюға болады. «Бұл ретте біздің  Қазақстаннан үйренеріміз көп», – дейді жергілікті жұрт.

Драгомир Карич, Сербия Республикасы халықтық скупщинасының депутаты 

-Президентіміз Томислав Николич  былтыр сіздердің Президентеріңізбен  кездесіп, қарыштап дамыған Қазақстанды көргенде сербиялықтардың Қазақстан жайлы көзқарасы күрт өзгерді. Жүзден астам этнос өкілдері сүттей ұйып отырған тәуелсіз Қазақ елінен біздің үйренеріміз көп. Бізге мұндай жоғары дәрежедегі тұлғалардан бұған дейін ешкім келген емес. Бұл сапардан кейін бізді бөліп тұрған бес мың шақырымның өзі бізге кедергі бола қоймас деп ойлаймын.

Рас, толеранттылықты ту еткен Қазақстан бүгінде төрткүл дүниенің төрт бұрышына үлгі. Азаматтарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, мақсаты бір мүддесі ортақ. Ол – қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүру.

Сербияға жасаған сапарын қорытындылай келе, отандық бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізген Елбасы кезекті рет ұлтаралық келісім – бейбітшілік пен берекенің кепілі екендігін жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті       

-Бұл мемлекет Югославия кезінде 80-ші жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында ең дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет болатын. Содан кейін ішінде азаматтық соғыс басталды. 90 жылдардың басында  олардың дүниесі шайқалған кезде дінаралық, этносаралық келіспеушіліктің арқасында соғыс басталды. Соғыстың салдары жаңағыдай болды. Сол соғыс бітіп, енді қойған кезде Югославия  барлық мемлекеттердің ең артында қалды. Бар болағаны 7-8 жыл бұрын ғана алда келе жатқан мемлекет соңынан бірақ шықты. Әлі күнге дейін соның орнын толтыра алмауда. Ешкіммен сауда-саттық жасамады, ешкім қатынаспады, ешкім инвестиция бермеді. Сондықтан біздің  қазақтың тәлім-тәрбие алатын жөні бар. Ішінде бірлік болмаса, ішің бүлінсе, сыртың да бүлінеді. Ішіңде тыныштық болмаса, басқа ел сыйламайды, көрші де, алыс та, жақын да сыйламайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Сербиямен арадағы экономикалық ахуалды жақсарту керектігіне де басымдық берді. 

Сербиямен сауда жасау екі ел үшінде де тиімді болмақ. Себебі Сербия Польша сияқты Ресеймен текетіресіп отырған жоқ. 

«Еуропа елдерінің Еуразиялық экономикалық Одақтың ортақ нарығына қызығушылықтың артуының да өзіндік мәні бар деп атап», – өтті Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазір дүниежүзілік экономикалық ахуал нашар, бәрі төмендеп тұр. Сауда-саттық құлдыраған. Дегенмен, барлығы да Еуразиялық экономикалық одақ қажет екендігін түбінде түсінетін болады. 180 млн. халық тұрады. 2 триллионнан астам экономикасы бар. Осыны ескерер болсақ, бұл елдер үшін үлкен нарық ашылады. Екіншіден, Азияға шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан Сербияның Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағына құру туралы өтінішін қолдап отырмыз. Ол бізге де пайдалы.

Сербияға сапар тарихи деуге әбден лайық. Ел басшысы Томислав Николич Нұрсұлтан Назарбаевты жолға шығарып салу үшін әуежайға өзі арнайы келсе, әскери ұшақтар көкке көтерілген президент бортына тағы бір мәрте ілесіп, ілтипат көрсетті. 

Авторлары: Елдар  Бақпаев Жандос Битабаров, Жанұзақ Боранбаев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

3. Елбасы XXXI жазғы Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсімге қатысты

Үш алтын. Бес күміс. Тоғыз қола. Риодан қазақ спортшылары олжалы оралды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық тарихына көз жүгіртсек, біздің саңлақтарымыздың жүлдесіз келген кезі болған жоқ. Бұл бір. Екіншіден, бұған дейін төрт жылдықтың басты додасы кезінде қатарынан 17 медаль алған емеспіз. Біздің ел жалпы командалық есепте 22 орыннан көрінді. Осы аптада Рио төрінде өнер көрсеткен спортшыларымыздың соңғы легі елге оралды. 

Әдемі сәттен қысқаша бейнебаян. Ал кеше Елбасы Олимпида ойындары чемпиондарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

Міне, бүгінгі күннің батырларын үміт артқан халқы осылай төбесіне көтеріп қарсы алды. Қазақ үшін Олимпиаданы жүлдемен бастап, жүлдемен аяқтаған бахадүр батырлар осылар. 

Күн құрғатпай сүйінші хабар жеткізіп, алашты алтынға бөлеген спортшыларға деген құрмет ерек. Ойламаған жерден оқ бойы озық шығып, қазақ атын шығарғандардың жетістігі әлі талай айтылады. 

Ақ бата беріп, ел асырған бағландарын Елбасы да құшақ жайып күтіп алды. Үмітпен кетіп, жеңіспен оралғандарға алғысы шексіз екенін жеткізді. Мемлекет басшысы сайыпқырандарымыздың бұл батырлығы Тәуелсіздігіміздің нақты көрсеткіші деп бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біздің саңлақ спортшыларымыз төрт жылда бір рет келетін дүбірлі додада ел сенімін абыроймен атқарды. Біздің Әнұранымыздың «Алтын күн аспаны» деп басталуының символдық мәні бар. Бразилия аспанында көкбайрағымыз үш мәрте барлық мемлекеттерден биік көтеріліп, біздің Әнұранымыз үш рет шырқалды. Тәуелсіздік тарихында алтыншы Олипиадасында Қазақстан 17 медальға ие болды. Бұл жаһандық жарыстағы жалпы біз бірнеше Олимпадаға қатысып жүрміз, соның ішіндегі ең олжалы көрсеткіш болып табылады. Осылайша, бұл біздің спортшыларымыздың, жалпы жастардың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі белесіне қосқан толасты табысы деп білемін.

Мен деген 300-ге жуық мемлекет ішінен 22 орынға табан тіредік. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті тізбектесек, осы уақытқа дейін Олимпиада қоржынында 69 жүлде жарқырап жатыр. Оның 19-ы – алтын, 22-сі – күміс және 28-і – қола. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Рио-де-Жанейродағы жарқын жеңістер Қазақстан Тәуелсіздігінің екінші ширегіндегі толағай табыстарымыздың бастауы болып саналады. Бірнеше айдан кейін еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл – бүкіл халықтың, бүкіл елдің, әрбір қазақстандықтың, әрбір қазақтың тойы. Бұрын-соңды халқымыздың тарихында болмаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Қазақстанның дәрежесін дүниенің барлық шетіне көтеріп, дүниеге паш еттік. Жаңа ұрпақ дайындадық. Жастарымызды дүниежүзінің бар шарапынан оқу оқып, білім алып, еліміздің болашағаныа жұмыс істеп жатыр. Істейтін жұмыс көп, дегенмен, 25 жылдықта көп жұмыстар істедік деп айта аламыз. 

Сонымен Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов Елбасы қолынан 2-ші дәрежелі «Барыс» орденін алды. Дүбірлі додада күмістен алқа таққан Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов те осы мәртебеге ие болды. Президент олардың медалін алтынмен пара-пар деген баға беріп, батырларымызды тағы бір көтеріп тастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Эстафету спортивного успеха подхватили боксеры: вице-чемпион прошлой Олимпиады Адильбек Ниязымбетов и Василий Левит. Мы с вами хорошо знаем, что их обоих надо считать золотыми призерами Олимпиады. Поэтому я и в награждении, и в поощрении уравнял их с теми, кто получил золотые медали.

Сын сағатта сыр білдірмеген нәзік жандыларымызды да Мемлекет басшысы құрмет көрсетті.  

Күмісті еншілеген Гюзель Манюроваға, талай қазақтың намысын оятқан зілтемірші Жазира Жаппарқұлға «Парасат» ордені тағылды. 

Дзюдошы Галбадраx Отгонцецег, зілтеміршілер - Карина Горичева, Александр Зайчиков пен Фарxат Харки, палуан қыздар - Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықова және боксшы Дариға Шәкімова «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Елбасы жеңіл атлетикадан жеңілмей келген спортшымыз Ольга Рыпкованың да алған асуын нағыз ержүректілікке теңеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

- Я отдельно хотел бы отметить, что одну из вершин в легкой атлетике отстояла Ольга Рыпакова, показавшая третий результат. Бронза Ольги тоже тянет на золото. Почему? Между двумя Олимпиадами – Лондона и Рио – она успела родить сына, которому сейчас три года. Имея двоих детей, она сохранила форму и спортивные качества. Молодец! Во-первых, мать, во-вторых, героиня, то есть мать-героиня.

Егер мемлекетте спорт үшін жағдай болмаса, саңлақтарымызға мүмкіндік берілмесе, бұл жетістіктер болмас еді десті бәрі. 

«Төрт құбыласы түгел, тұрақты елден барып, өнер көрсетудің өзі үлкен мақтаныш», – деді спортшылар. 

Шынында да, қазір Қазақстанда 36 мың спорт кешені істеп тұр. 1500 арнайы спорт мектебі мен көпшілік салауатты өмір салтын сақтауға арналған 9,5 мың кешен бар. Қазақстанның спорттан держава елге айналуына бұл да бірден-бір себеп. 

Данияр Елеусінов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы

-Аса мәртебелі Елбасы, біз Риоға аттанарда: «Жеңіспен оралыңдар», – деп тапсырма берген едіңіз. Сол тапсырмаңыз орындалды! Мен Сіздің және елдің үмітін ақтағаныма бақыттымын! Жеңіс тұғырында тұрған сәтімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әнұранымыз шырқалған кезде Сізден жеделхат алдым. Сіз әрбір спортшыға қамқорлық жасайтын және жеке қуанышымен бөлісетін әлемдегі бірде-бір Президентсіз. Менің жасым – 25-те Тәуелсіздіктің құрдасымын. Тәуелсіздік перзенттері барлық салада үздік болу үшін сіз бар күш-жігеріңізді жұмсап келесіз. Бұл сіздің және барша Қазақстанның жеңісі. Алға Қазақстан!

Дмитрий Баландин, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы  

-Құрметті Елбасы, барша Қазақстан халқын осы жеңіспен құттықтауға рұқсат етіңіз. Бұл Сіздің жеңісіңіз бен еңбегіңіз. Спортшылардың осындай биіктерді бағындыруына барлық жағдайды жасап отырсыз. Мен шын жүрегіммен Сізге алғысымды білдіремін. Себебі менің арманымды орындадыңыз. Олимп тұғырына көтеріліп, Қазақ елінің Әнұранын тыңдадым. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Гюзель Манюрова, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері  

-Сіздің қолдауыңыздың арқасында Олимпиада ойындарына тағы бір мәрте қатысуға және елімізге медаль алып беруге мүмкіндік алдым. Бұл – ұмытылмас сәт. Мен өзімнің Президентіме, еліме деген мақтанышымды әлі де болса жасыра алмай жүрмін. Біз Қазақстанның әлемдегі спорттық держава екенін тағы бір мәрте дәлелдедік деп санаймын. 

Жазира Жаппарқұл, Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері  

- Еліме, Елбасыма үлкен алғысымды білдіремін. Осылай спортсмендерді қолдап, бар күшімен көмектескендеріне. Олимпиадада жеңімпаз болғаныма бүгін сенімді болдым. Өйткені бұл сенімді маған Елбасым сыйлады. 

Бұл басы ғана. Елбасы спортшыларымыздың, спортқа құлшыныс танытқан азаматтардың әлі талай биіктен көрінетініне сенетінін білдірді. Сондықтан босаңсып, еркінситін уақыт жоқ. Жеңісіміз еселенсін десек, еңбегіміз де екі еселенуі қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың спортшыларға берген кеңесі осы болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Знаю я говорил их будут чевствовать чтобы вас не сильно обнимали. Чтобы не задушили везде все. Не забывайте о спортивной форме. Что сразу после этого отдыхать некогда надо заниматься поэтому всегда будьте в форме. Крепкого здоровья. Вам и друзьям. И за будущих успехов.

Жарысқа аттанарда Қазақстан құрамасына көп үмітпен Мемлекеттік Ту ұстатылған еді. Көк жалау бір ай бойы спортшыларға рух-жігер сыйлап, ұлттық мақтанышпен қайта Елбасыға табысталды. 

Төрткүл дүниені өзіне қаратқан 31 Жазғы Олимпиада ойындары осылайша ел үшін абыроймен аяқталып, тариx қойнауына енді. 

Толағай қырандарымыз  200-ден астам елді оза шауып, спорт тариxымызда болмаған жетістіктерге жеткізді. 17 медальдің артында 17 млн xалықтың бар екенін көрсетті. Азулы елдермен тайталасып, руx- жігерімізді байқатты. 

Ең бастысы, алдағы жарыстарда талай жұртты тамсандырып, талай мықтыны жығатынымызға сенім берді. 

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Жұмағали Біргебаев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

4. Олжалы Олимпиада

31-ші Жазғы Олимпиада ойындары тарих қойнауына кетті. Алты құрлықтың алыптары арасындағы кешенді сынға 207 елден 12 мыңнан астам спортшы қатысып, 306 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. 

Бұл Олимпиада елімізге жаңа чемпиондар сыйлады. Тұңғыш рет су спортынан медаль алдық. Қазақстандық спортшылар дәстүрге сай бокс пен ауыр атлетикадан және күрестен көзге түсті. Жеңіл атлетика мен дзюдодан да жүлде бұйырды. 

Риода жерлестеріміз 26 спорт түрінен сайысқа араласқанын да айта кетейік. Оза шауып бәйге алған сайыпқырандарымызды тағы бір саралап өтсек, артық етпес. Ұлттың абыройын асырып, мемлекетіміздің мәртебесін көтерген саңлақтар қандай құрметке де лайық. Ендеше көк Туды желбіретіп, Әнұранды ойнатқан оғландардың жеңісті жолына назар салайық. 

Олимпиаданың алғашқы күні Қазақстан үшін табысты басталды. Дзюдошы Елдос Сметов татамиге шығып, әлемнің мықты деген спортшыларымен белдесті. 

Алдымен ливиялық Элкабисаны еркін ұтып, ширек финалға барар жолда британиялық Макензидің мысын басты. Сосын Диорбек Урозбаевпен күш сынасты. Өзбек дзюдошысы біздің балуанға жақсы таныс.Сондықтан сыралғы қарсыластардың жекпе-жегі аса тартысты өтті. Алайда Урозбаевқа жасаған қазақ жігітінің ұтымды әдісі жартылай финалға алып шықты.

Әзербайжандық Орхан Сафаров та біздің жігітке қарсы тұра алмады. Финалда ресейлік Беслан Мудрановпен сайысқа түскен жерлесіміз қосымша уақытта ұтылып қалды.

Елдос Сметов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері 

-Көңіл-күй керемет, алтынға үміттенгенбіз, бұйырғаны осы болды. Алла қаласа, бұл бастамасы деп есептеймін. Өйткені мен әлі жаспын, келесі Олимпиадада ел үмітін ақтаймын, алтын аламын деген сенімдемін. Сол үшін еңбек етемін. 

Елдостың ерлігін 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қайталады. Моңғолиядан келген балуан қыз Қазақ еліне қола медаль сыйлады. Галбадрах ширек финалда жапониялық Ами Кондодан ұтылып, қола жүлде үшін белдесуде Венгрия мен Куба спортшыларынан басым түсті. 

Галбадрах Отгонцэцэг, Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері 

-Олимпиада ойындарындағы алғашқы қола медаліме қуаныштымын. Осы жетістікке жету үшін жаттықтырушылар мен тиісті мекемелер үлкен көмек көрсетті. Қазақстан халқына, маған қолұшын созған барлық жандарға алғыс айтамын. Финалда күресуге шамам жететін еді. Бірақ өз қателігімнен ұтылып қалдым.

Дзюдода бір рет ұтылсаң жүлденің ауылы алыстап, амалың құриды. Ал суда жүзетін спортшылар бір емес, бірнеше рет жарыс жолына шыға алады. Кіл мықтының ішінен қара үзіп шығуға оларға мүмкіндік беріледі. 

200 метрлік қашықтыққа брасс әдісімен жүзушілер қатарында біздің Баландин бар еді. Бірақ Дмитрийді медаль алады дегенге былайғы жұрт сене қоймады. Алайда барын салған атлет айды аспаннан бірақ шығарды. 2 минут 7 секунд уақыт көрсетіп Олимпиада чемпионы атанды.  

Дмитрий Баландин, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы 

-Қазір қандай күйде екенімді өзім де білмеймін. Қатты шаршадым, бұл жыл мен үшін оңай болған жоқ. Тынымсыз жаттығулардың бәрі артта қалып, кеудеден үлкен жүк түскендей болды. Осы уақытқа дейін төккен тер текке кетпегеніне қуаныштымын. Бұл жеңіс бәріміздің ортақ жеңісіміз. 

Жеңісті жолды жалғағандардың бірі – Нижат Рахимов. 77 келі салмақта өнер көрсететін ауыр атлет жұлқа көтеруде 165 келіні еңсеріп, қарсыласы Лую Жияужун 12 келі қалып қойды. Бірақ біздің жігіт бірінші жаттығуына жасыған жоқ. 

Серпе көтеруде 214 келіні басынан асырған Рахимов 2001 жылдан бері қаймағы бұзылмаған әлемдік рекордты жаңартты. Қос сайыста 379 келіні бағындырған Рахимов салмағының жеңілдігінен қытайлық атлеттің алдына түсті. 

Нижат Рахимов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы 

-Қазір өз-өзіме келе алар емеспін. Былтыр жаттығу кезінде 217 келіні көтергенмін. Ал биыл Олимпиадаға дайындық кезінде ең үлкен нәтижем 211 келі болатын. Одан артық салмақты көтерген емеспін. Осындай жетістікке жеткізген жаттықтырушылар мен қазақ еліне алғысым зор. 

69 келідегі Жазира Жаппарқұл қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада ойындарының күміс медалін мойнына тақты. Бұл салмақта да Қытай мен қазақстандық спортшы арасында бәсеке өрбіді. Жазира жұлқа көтеруде 115 келімен тоқтаса, Сян Янмей 116 келіні бағындырды. Серпе көтеруде қазақстандық зілтемірші 144 келіні еңсерсе, қытай қызы 145 келімен алға шығып, қос сайыста 261 келімен Олимпиада чемпионы атанды. Жазира 259 келімен күміс жүлдені еншіледі. 

Жазира Жаппарқұл, Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері 

-Ерекше сезімдемін. Бұл күміс медальді Қазақ еліне арнаймын. Төрт жыл бойы еңбектеніп, енді алтын болуы керек еді. Енді мені «қазақтың күміс қызы» дейді, күміс қыз болып қалдық. Құдай қаласа, келесі жылы бағымыз жанып, алтын алуға тырысамын.

Әрине, талпынған мұратына жетері анық. Данияр Елеусінов Лондон Олимпиадасында жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрініп еді. Бұл жолы ол Бақтияр, Бақыт, Серіктер салған сара жолды жалғап, көптен күткен алтынын алды. 

Финалдағы Даниярдың қарсыласы Шахрам Гиясов ақтық сынға дейін Олимпиада мен Әлем чемпиондарын жолда қалдырып, алтыннан дәмелі екендігін дәлелдеді. Алайда Даниярдың да тек Олимпиада алтыны үшін келгені белгілі. 

Алғашқы екі раундта ұпай санын молайтып, қарымта соққыларымен өзбек жігітін әбігерге салған Елеусінов тамаша кездесуді өз пайдасына шешуге ұмтылды. Соңғы кезеңде өзбек боксшысы арадағы есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Бірақ бұл сында Даниярдың мысы басым екені анық сезілді.

Данияр Елеусінов, Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы 

-Кішкентай кезден армандап жүрдім. Лондон Олимпиадасына бардым. Ол жерде бағымды сынап көрдім. Бірақ жеңіске жете алмадым. Бірақ Құдай солай жазып тұр. Келесі Олимпиадада төрт жылдан кейін еңбек етіп, Олимпиада чемпионы атануым маңдайыма жазып тұр. 

Даниярдың алтыны біздің балуандарымызға жұғысты болмады. Ерлер арасында еркін күрес шеберлері жүлде ала алмады. Бұйырмаған шығар. Алайда бұл кемдіктің орнын қыздарымыз толтырды. 

Жарыс жолына шыққан төрт қызымыздың үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанса, Гюзель Манюрова күміс медальға иелік етті. 

Гюзель Манюрова, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері 

-Күресте біреу жеңіледі, біреуі ұтады. Бұл спорттың заңдылығы. Канадалық балуан менен мықты екенін дәлелдеді. Өйткені ол жеңіске жетті. Олимпиадада барлық белдесу өте қиын. Сондықтан жеңіл кездесу болған жоқ. Жаттығудағы төккен теріміз ақталып жатыр. 

Әділбек Ниязымбетов те төрт жыл бойы талмай тер төгіп күмісін жүлдерін алтынмен толықтырғысы келді. Алайда финалда әлемнің үш дүркін чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крузден ұпай санымен жеңіліп қалды. Бірден шабуылға шыққан Ниязымбетов қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуды. Тіпті екінші раундта қазақстандық боксшы Ла Круздың мысын басқандай болған. Алайда төрешілер басқаша шешім шығарды. 

Әділбек Ниязымбетов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері 

-Қолымнан келгенше бәрін істедім. Енді бұл бірінші рет емес, екінші рет алып отырмын. Алланың жазғаны шығар. Енді өзім де сездім. Қазір демалып болғаннан соң айтпасам, толқып отырмын. Өкіндім қатты өкіндім. Өкінішімді баса алмайтын шығармын деп ойлаймын.

Өкінгенен еш пайда болмасын Василий Левит білген секілді. Өйткені төрешілердің жеңісті бұра тартқанын көрсе де еш налымады. Өйткені оның қарымын қалың жұрт көрді, білді. 

Василий Левит 3 раунд бойы барын салып, Евгений Тищенконы ұрумен болды. Тіпті қабағы жарылған Тищенкоға соңғы минуттарда медициналық көмек көрсетілді. Осының бәрін қазылар көрмеді, сөйтіп Левитті күміс жүлдегер деп таныды. 

Василий Левит, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы күміс жүлдегері

- Төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңімпаз. Мен не айтсам да, шешім өзгермейді ғой. Өз-өзімнің қимылыма көңілім толады. Бапкерлер тапсырмасын толық орындадым. Тіпті бір қарағанымда жаттықтырушым да еңбегіме риза болып тұрды. 

Рио Олимпиадасында спортшыларымыз қоламен қоржынды қомпайтты. Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков әлемдегі күшті деген зілтеміршілер қатарына енді. 

Ал Иван Дычко Лондон Олимпиадасындағы жетістігін қайталады. Дариға Шәкімова да қазақ қыздарының жұдырығы күрзі екенін байқатты. Осылайша төртжылдықтың басты додасын қазақстандықтар абыроймен атқарды. Дегенмен, бапкерлер біздің жігіттер мен қыздардың қарымы  қуатты екенін айтады. Оны Токио Олимпиадасында байқап көреміз! 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Қанат Базылхан

5. Биыл Семей полигонының жабылғанына – 25 жыл

Биыл Семей полигонының жабылғанына – 25 жыл. Бұл  тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік маңызы бар оқиға. 1949 жылы елімізде тұңғыш рет ядролық қару сыналды. Бұл Хиросимаға тасталған бомбадан 20 есеге қуатты еді. 

Семейдегі сынақтар әр үш апта сайын өткізіліп тұрды. Ғалымдардың пікірінше, оның зардабы «кем дегенде екі Чернобыльге тең». 

Қарусыздануға келгенде Қазақстанның ұстанымы әуел бастан белгілі, әлем елдерін атомды тек бейбіт мақсатта қолданып, ядролық қарудан азат аймақтарды көбейтуге үндейміз.  

Ендігі аптада, тамыздың 29-ы күні Астанада Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына байланысты «Ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық конференция өтеді. Осылайша тағы бір мәрте атом атты аждаһаның азабын адамзатқа айтамыз.

Осылайша, бір-біріне әскери әлеуетін дәлелдеген державалардың құрбаны болды талайлар. Өзара азу көрсетіп, қару-жарақ жарыстыру әлі күнге тоқтаған жоқ. 

Қазақстан ядролық қару-жарақ қоры жөнінен әлемде төртінші орын алатын. Алайда Елбасының шешімімен, осыдан 25 жыл бұрын біздің ел Семей полигонын жауып, өзін атом қаруынан толық азат ел ретінде жариялады. Содан бері Президент Нұрсұлтан Назарбаев жер жаһанды ядролық қарусыз, соғыссыз әлемге үндеп келеді. 

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Ел Президентінің халықаралық қоғамдағы беделі - ол кісінің ядролық қарусыздандыру жөніндегі атқарған үлкен еңбегі. Ол Семейдегі полигонды жауып қана қоймай, 25 жыл бойы әлемді ядролық қарудан тазарту жөнінде тұрақты, тиянақты істер атқарып келеді. Қандай халықаралық форумдар болмасын, соның бәрінде ел Президенті осы мәселе бойынша сөздер көтеріп, жеткізіп келеді.

Биыл Вашингтон төрінде өткен Ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi IV саммитте Елбасы «Әлем. 21 ғасыр» атты манифесін жариялады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев тажал қаруынан ерікті түрде бас тартып, бейбітшілікті таңдаған Антарктида, Латын Америкасы, Австралия, Океания, Орталық Азия сияқты аймақтар қатарын көбейтуді ұсынды. Сүбелі ұсынысты беделді сарапшылар қолдап, оң пікірін білдірді. Бүгінде халықаралық қауымдастық Қазақстанның – ядролық қаруды таратпау мәселесінде жаһандық көшбасшы екенін мойындап отыр.

Джон Ургенс, WORLD PEACE FLAME жобасының менеджері

-Қазақстан шын мәнінде өзге елдерге үлгі. Ядролық қарудан бас тартудың маңыздылығын көрсетті. Бұл қадам арқылы өзінің үлкен үлесін қосты. Сол үшін алғыс білдіреміз.

Владимир Рыбаченков, Ядролық қару жөніндегі сарапшы /Ресей/

-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабуы тарихи оқиға. Қазақстан «Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» Шартқа қол қойған. Осы шарттың толыққанды мүшесі. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі осынау келісімнің шарттарын бұлжытпай орындап келеді. Бұл өте маңызды.

Владимир Рыбаченко айтып отырған «Ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі» Шарт 1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бас Ассамблеясының 50-ші сессиясында қабылданған. Содан бері оған 183 мемлекет қол қойды, 164 мемлекет құжатты ратификациялады. 

Ал Қытай, Солтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Иран, Израиль, Египет қол қоймай отыр. Осы мемлекеттер келіссе, құжат заңды күшіне енеді. 

Петр Чакров, Физика-Математика ғылымдарының докторы, профессор 

-Бір жұбаныш қазір мемлекеттер атомды соғыс қимылдарына қолданбай отыр. Бұл жаппай қырып жоятын қарудың ең қорқынышты түрі. Қазір әлемде бұл қарудың қоры сондай, жер планетасында қыбырлаған жәндік қалдырмай, бірнеше рет жойып жіберуге жетеді.

Қазақстан әлемді ядролық қарусыздандыру бағытындағы шаруаларға зор үлес қосты. Ең сүбелісі – Иранға жасаған жақсылығымыз. Біздің ел Иран өндіретін қауіпті уранның орнына 60 тонна табиғи уран жеткізіп берген.

Айта кетейік, Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде 2-ші, сату жөнінен 1- орында. 

Сондай-ақ ядролық қатерді төмендетудің бір жолы ретінде төмен байытылған уран банкін құруды ұсындық. Әлемдегі атом энергиясының жұмсалу бағытын, мақсатын, қауіпсіздігін бақылайтын МАГАТЭ ұйымы рұқсат берді.

Саябек Сахиев, «Ядролық Физика» институтының бас директоры

-Атом энергиясын бейбітшілік емес соғыс мақсатта қолдану үшін 235 уранның сапасы, құрамы 95 пайызға жеткізілу керек. Атом электр станцияларындағы жоғары байытылған ол 40 пайызға дейінгі. Ал төменгі байытылған уран – 20 пайыз. Яғни 20 пайыздан 95 пайызға көтеру ол көзі түсіп жүрген лаңкестер жалаң қолмен жасай алмайды. Оған өте жоғары технология керек.

Қазақстан бүгінде полигон аумағын зерттеуді, сынақ зардабын жақсартуды қолға алған. Нәтиже де бар. Жерасты, жерүсті сынақтары 18,5 мың шақырым аумақты қамтыған. Яғни салыстырып айтсақ, бүтін бір Словения, Израиль елдерінің территориясына тең келеді. Ұлттық ядролық орталық зардап шеккен аймақтың 45 пайызын зерттеп, оны ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға болады деген шешім шығарды. 

Тек, жерасты сынақтары өткен «Балапан», «Дегелең» полигондарына егін егуге болмайды. «Алайда оларды да игеріп жатырмыз», – дейді орталық директоры.

Ерлан Батырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының директоры

-«Қазцинк» компаниясымен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Заводтан шыққан техникалық лас қалдықтарды заманауи контейнерлермен «Балапан», «Дегелең» полигонына жеткізіп көмуді бастадық. Яғни түкке жарамсыз жерді де мемлекет игіліне пайдаланып жатырмыз.

29 тамызда өтетін антиядролық форумда осы жерлерді аралап көру жоспарланып отыр. Бұл халықаралық жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар, ғалымдар, басшылар келеді. Олар ядролық терроризм, жаһандық қауіпсіздік, атомды бейбіт мақсатқа пайдалануды дамыту мәселелерін тағы да талқылайды. Конференция қорытындысында мазмұнды декларация қабылданбақ.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары

-Конференция қорытындысында Ядролық түнектен ядролық қарусыз әлемге атты декларация қабылданады. Бұл құжатта Елбасы манифесіндегі ұсыныстар, жаһанды ядролық қарусыздандырудың 10 нақты қадамы, ол үшін алыс-жақын уақытта атқаралатын шаралар көрініс табады.

Осылайша, Қазақстан күллі әлемге өзінің бейбітшілікті, соғыссыз әлемді қолдайтын егемен ел екенін тағы дәлелдемек.

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Есбол Жамшитов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.