ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Жеті күн 19.11.2016

Жеті күн 19.11.2016
Сюжеттер
1 Адамзаттың аманатын арқалаған алаң 2 Астана клубының қатысушылары не дейді? 3 Ақордада бірнеше кездесулер болды
4 ЕЭО жаңа Кедендік кодекстің жобасын мақұлдады 5 Ата Заң сот билігіне жауапкершілік жүктейді 6 Басты меже – озық 30 елдің қатарына ену
7 «Қазақстан-2025» даму стратегиясында агроөнеркәсіпті дамытуға басымдық берілген 8 Қазақстан жекешелендіру аясында 782 компанияны сатылымға шығармақ 9 Алматыда «Көш және көшбасшы» концерті өтті
 
10 Тәуелсіздік табыстары 11 Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай теңгеміз тағы бір үлгімен толықты  

1 Адамзаттың аманатын арқалаған алаң

«Біз – Тәуелсіздік алғалы бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан елміз», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Соның бір дәлелі – осы аптада өткен Астана клубының екінші отырысы.

Төрткүл дүниенің 50-ге жуық елінен келген ең беделді, ең сауатты сарапшылар бұл жолы алып құрлық Еуразиядағы қордаланған геосаяси шиеленістердің шешімін іздеді. Астана клубы бұл – халықаралық дискуссия алаңы. Алғашқы отырысы былтыр болған. Ол басқосуда Ресей мен батыс арасындағы салқындықтың салдары, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» атты инфрақұрылымдық жобаның мүмкіндіктері талқыға түскен.

Биылғы шараға Елбасының өзі қатысты. Баяндама барысында елдегі көлік тасымалы жүйесі мен транзитті жетілдірудің жоспарын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Предполагается в течение 5 лет построить 7 тысяч км автомобильных дорог, железных дорог, реконструировать все наши аэропорты, морские порты в каспийском море. И улучшить всю инфраструктуру страны. Территория Казахстана 9 месте в мире. И она требует хороших инфраструктурных связей.

ЖаҺандық саясат пен экономикаға әсер ететін түйткілдер Қазақ жерінде шешілгені маңызды. Өйткені Қазақстанның саяси бағыты, мақсаты – әлемді бейбіт сұхбатқа шақыру.

Еуразия – мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта жүздеген мүдделер тоғысқан, әлемдік геосаясаттың діңгегі саналатын ең алып құрлық. Бүгінде бұл кеңістіктің дамуына көпшілік алаңдаулы. Қазақстан да бей-жай қарап отырмасы хақ. Астана клубы соған айқын дәлел. Мұнда Еуразяның ең өзекті мәселелері талқыланды. Бұл құрлықтағы мемлекеттердің арақатынасын жақсарту, өсімнің жаңа жолдарын табу жайында сөз қозғалды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В 21 веке философия развития мира такова, что наступает новая эра. Мы все это знаем. Находить конструктивные решения по возрастающему ряду проблем стало сейчас гораздо сложнее. Никто не говорит сегодня нам рецепты как выйти из того кризиса, который начался в 2008 году. И не прекращался по сегодняшний день. Это вводит в состояние ступора часть бизнеса, политических экспертных кругов по всему миру. Во многом именно отсюда исходят все имеющиеся сегодня геоэкономические и геополитические страхи.

Қазіргі жаһан жағдайына біреуді айыптаудың жөні жоқ. Әлем нақты шешімдер қабылдайтын өткелде тұр. Осы орайда бірінші кезекте ауызбірлік қажет. Адамзатқа төніп тұрған алабұлтты сейілтудің бірден бір жолы – жұмылу. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Даже вопросы борьбы с терроризмом и проблему в Сирии невозможно решить, если не объединить силы всех государств и стран в одном направлении, чтобы победить это зло. В условиях, когда пропало доверие между основными государствами, великими державами, достичь этого невозможно. В этом плане символично, что, например, урегулирование вопросов вокруг иранской ядерной программы найдено именно в текущий сложный период. Недомолвки между Россией и Турцией тоже нашли решение в это время, то есть мы можем решать такие вопросы.

Қазір әлем жаңа көзқарастарды талап етуде. Бұл әсіресе ұлттық, аймақтық, тіпті жаһандық даму үшін ауадай қажет. Сондықтан АҚШ-та өткен Президент сайлауының нәтижелерін Елбасы жақсылыққа жорыды. «Бұл әуелі үлкен державалардың арасындағы диалогты жандандыруға әсер етеді», – деген пікірде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В противоречивых трендах развития современного мира пока сложно уловить устойчивые тенденции. Впрочем, в результате прошедших выборов в США дают определенную надежду на лучший исход. Имею в виду, прежде всего, что повышается шансы на возобновление диалога между ведущими державами и попыткой достигнуть компромиссов по основным противоречиям между ними. Надеюсь, что Америка восстановит доверие к себе. И тем самым, объединяющим выступит для всех стран, чтобы мир стал более спокойным, справедливым.

Державалар арасындағы диалогты арттырудың тағы бір жолы – батыс пен шығысты түйістіру. Қазір Еуразия құрлығындағылар өңір-өңірге жіктелуде. Ал оның арты неге әкелері белгісіз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы знаем, что есть Европейский союз. Мы знаем, что разговор идет об Атлантическом союзе, объединении. Знаем, что Тихоокеанские объединения сейчас возникают. А посередине остается что? Евразия и то не вся часть, а именно вот эта центральная часть, которая тоже думаем, как объединиться. Вы заметили, что неслучайно создана Шанхайская организация сотрудничества. Мы здесь инициировали создание Евразийского экономического союза, то есть тоже идет объединение. Но к чему все это приведёт? Еще непонятно.

Ұйымдарды бір арнаға тоғыстыратын жобаны Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып жүр. «Үлкен Еуразия» деп аталады. Мұндай бірыңғай экономикалық кеңістік құру жалпыға тиімді. Аймақтық әріптестікті арттыру арқылы өңірде біраз түйткілдерді шешуге болар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Необходимо глубокое взаимодействие ШОС, ЕАЭС, ЕС и «экономического пояса великого Шелкового пути», а в перспективе и всего азиатско-тихоокеанского сообщества. Игнорировать этот вектор континентального и, вместе с тем, мирового развития, сейчас уже невозможно без ущерба прогрессу, благосостоянию и безопасности каждой из евразийских наций. В этом заключается моя принципиальная позиция. Я постоянно над этим работаю и продвигаю.

Елдердің тұтастығын сақтап қалуға да қамданған абзал. Батыс пен шығыстың тайталасы таусылмаса, тұрақтылықтың берекесі қашады. Сондықтан бірыңғай қауіпсіздік кеңістігі қажет. Президент осыдан 6 жыл бұрын Еуразияда бірыңғай құрлықтық қауіпсіздік платформасын құруды ұсынған еді. Бұл бастама алдағы жылдары да өзектілігін жоғалтпақ емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Базовые основы я вижу в объединении потенциала ОБСЕ и СВМДА. Если бы усилить объединение. ОБСЕ это безопасность в европейском континенте, СВМДА это на азиатском континенте. Могло бы быть общее безопасное пространство Европы и Азии. На мой взгляд, нынешние тренды развития Евразии, особенно с учетом грядущего потенциала, глобальной роли ее азиатской части, дают надежду на оптимистические прогнозы. 

Төрт тарапты түйістірген Қазақстан «алтын көпір» болуға қашан да дайын. Еліміз әділдік, сенім мен серіктестікке негізделген әлем құрудың жақтасы. Бұл жалғыз Қазақ елінің ғана емес, күллі Орталық Азияның тарихи мұратына айналуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстан видит свою миссию в том, чтобы наш регион Центральной Азии стал прочным мостом с двухсторонним движением между Западо- Востоком, между Севером и Югом. Чтобы эта была территория взаимодействия, сотрудничества. Модель ареала мира и сотрудничества, всеобщей безопасности. Поэтому объединить эти усилия и вместе работать это наша задача, которая перед нами стоит. И мы рассчитываем на ваши экспертные советы.

Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында өткен жиынның маңызы зор. Елбасы шетелдік меймандарға осы жылдардағы жетістіктерді айтып, елде атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я могу заявить публично, что казахи никогда в своей истории так не жили, как сейчас. Нет предела человеческому желанию, он хочет лучше жить. Он сегодня вот это получил. Я все время молодежи говорю, которой 25 лет. Родился в 1991 году, он же не знает той поры. Я когда ему рассказываю, что люди, матери стояли за молоком детям с четырех утра, не могли достать молока. В магазине не было хлеба, не было сигарет, сахара. Тяжело этому молодому человеку понять, когда сейчас все есть. Не надо в Париж ехать нашим женщинам. Зайдите в любой магазин Астаны, там все есть. Все рестораны мира, кухни, которые есть, они есть здесь. Понимаете. Мы еще не достигли, того, чего хотим достичь.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Әлібек Әлиев 

2 Астана клубының қатысушылары не дейді?

Әлем жұртын өзіне қаратқан аузы дуалы сарапшылар 3 күн бойы алуан тақырыпта пікірлесті. Ешқайсысы іркіліп қалған жоқ. Тәуелсіз алаңда мұнай бағасы, босқындар жайы, интеграцияны дамыту, Ресей мен батыс арасындағы текетірес, АҚШ-та өткен Президент сайлауы қызу талқыланды. Дүниежүзіндегі қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудің тетіктері қарастырылды. 

Чжао Хуашэн, Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры /Қытай/

-Астана клубының кезекті отырысы – Қазақстанға берілген ерекше мүмкіндік. Қазақстан өз алаңында өзіне қатысты өткір мәселелерді қызу талқыға салды. Экономикаға қатысты сарапшылардың ұсынысын тыңдады.

Штефан Майстер, Германия сыртқы саясаты қоғамының бөлім басшысы

-Біз АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Трампты көп сөз еттік. Өйткені алпауыт елдің әлемдік экономикаға тигізетін ықпалы зор.

Пол Стронски, Карнеги қоры бағдарламасының аға ғылыми қызметкері /АҚШ/

-АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропа мен Орталық Азия елдерінен келген сарапшылардың басын бір жерге жиятын шаралар аз. Түрлі мәселені бірлесіп, талқылағанда шешімін табуға болады. Былтыр клуб отырысына қатыстым. Пікірталастың биылғы деңгейі өскен.

3 Ақордада бірнеше кездесулер болды

Ал енді Ақордада болған оқиғаларды тізбелесек. Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті.

Əңгіме барысында қос ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін талқылады.  

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин күн тəртібіндегі халықаралық мəселелер, соның ішінде Сириядағы ахуал жөнінде пікір алысты. Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Өткен аптада АҚШ-тың 45-ші Президенті Дональд Трамп әлем әңгімесіне арқау болып еді. Осы жолы Болгария елі жаңа Президентін таңдады. Сайлауда Болгар социалистік партиясының атынан түскен Румен Радев 59 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

2017 жылдың 22 қаңтарынан бастап, ресми қызметіне кірісетін Румен Радевті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Болгария халықтарының игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді. Румен Радевқа зор денсаулық, қызметіне табыс, ал достас болгар халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай құттықтау хатын Молдованың 5-ші жаңа Президенті Игорь Додонға да жолдады.

Жеделхатта екі елдің дәстүрлі достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығының тарихы тереңде жатқанын айтып, «Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметіңіз Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін», – деп жазған.

Игорь Додон - 47,98 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол социалистер партиясының көшбасшысы. Жасы – 41-де. Экономика ғылымдарының докторы. Молдованың сауда экономика министрлігін басқарған, парламентінде депутат болған.

Мемлекет басшысы Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті.

Биыл тамыз айында Елбасы Белградқа алғаш рет ресми сапармен барып еді. Сол сапарда екі тарап өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина, туризм, геология, шағын және орта бизнес салаларында ынтымақтастық орнатуға уағдаласқан.

Сондай-ақ Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын арттыру үшін Қазақстан мен Сербияның көлік-транзит әлеуетін өзара пайдалану жөнін талқылаған.

Сербияның құрылыс және жобалау компаниялары Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасына, сондай-ақ жол желілері, әуежай құрылысына қажетті керек-жарақты жеткізуге қызығушылық білдірген. Тағы бір маңызды жайт, екі ел сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасқан-ды.

Осы кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Вучич осы келіссөздердің жүзеге асу барысын сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ваш приезд очень важен, что бы закрепить те договоренности, которые у нас были. Мы говорили о том, что Сербия для Казахстана очень важный партнер в Европе. Зафиксировано здесь 24 сербских предприятии, из них работают 15. То есть есть возможность продолжать наше послужит тому, что бы отношения наши укреплялись с каждым разом. Хотелось бы, чтобы компании вашей страны пришли в индустриальную программу Казахстана, на инфраструктурную программу.  

Александр Вучич, Сербия Республикасының Премьер-Министрі

-Құрметті, Президент мырза! Қонақжайлық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Қазақстан мен оның астанасын дамытуға Сіз зор үлес қостыңыз. Қаланың көрікті келбеті таңдай қақтырарлық. Қазақстанның даму тәжірибесі Сербия үшін өте пайдалы. Алдағы уақытта экономиканың сан саласында серіктестік артады деген сенімдемін.

Қос мемлекет баяғыдан-ақ экономикалық серіктестікте. Мәселен, 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналым 56 млн долларға жетіпті. Биыл қаңтар-мамыр айында бұл көрсеткіш 11 млн долларды ғана құраған. Демек, іскерлік  және инвестициялық қарым-қатынас қарқынын жандандыру қажет. Сондықтан да бұл кездесу маңызды. Айтпақшы, Сербия – «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатын көп мемлекеттің бірі.

«ЭКСПО» демекші, Елбасы осы аптада «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасын қабылдады. Төрағадан 202 күннен кейін басталатын жауапты һәм маңызды шараға әзірлік барысын егжей-тегжей сұрады. Құрылыс жұмыстары кестеге сай. Тіпті Франция, Германия, Қытай, Монако және Венгрия елдері павильондарға орналасып үлгерді. «Қатысушылар тұратын 1 мың 374 пәтер дайын», – деп есеп берді Ахметжан Есімов.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қиын экономикалық жағдайға қарамастан мемлекет 400 млрд-тан астам ақша бөлді. Осындай үлкен шараны дүние жүзінің алдында өткізейін деп жатырмыз. Сондықтан жарты жылдан астам уақыт бар. Барлығын абыроймен өткізуіміз керек. Ғимараттардың барлығын көрмеден кейін пайдалану мәселесін Үкіметпен бірлесіп шешулерің керек.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

-Қазір ұлттық павильонның құрылысы бітіп қалды. Осы жылдың аяғына дейін оны аяқтаймыз. Ішін тақырыпқа сәйкес толтыру – үлкен мәселе. Сонымен қазір айналысып жатырмыз. Тематикалық 2 үлкен павильон бар. Онда қазір Корея фирмасымен жұмыс жасап жатырмыз.

«ЭКСПО-дан» бөлек, елдігімізге сын болатын тағы бір шара – Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада. 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін ақ ойынға 57 елден 2 мың спортшы қатысады. Олар 12 спорт түрінен сайысқа түседі. Келетін қонақтарға 3 мың ерікті қызмет көрсетеді. Жеңілдетілген визалық режим жұмыс істейді. 45 мемлекеттің өкілі Қазақстанға визасыз кіре алады.

Универсиада билеттері республиканың барлық қалаларында сатылуда. Басталуына 71 күн қалған 28 Қысқы Универсиадаға дайындық барысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектен сұрады.

Шаһар басшысы «Универсиада-2017» студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс», – деген Халықаралық студенттік спорт федерациясының болжамын жеткізді Елбасыға. Жарыс өтетін атлетикалық алаңдар сақадай сай екенін айтты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі

-Ашылу салтанаты 29 қаңтарда «Алматы Аренада» болады. Қаңтар айының 25-інде жоспар бойынша отты жандыру шарасы Назарбаев Университетінде әзірленіп жатыр. Дайындық өте жақсы. Осы аптаның басында Үкімет отырысында баяндама бердік.

Одан бөлек, әкім Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8 пайызға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35 пайызға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Қаланың шағын және орта бизнесінің өнім көлемі 30 пайызға көбейген.

4 ЕЭО жаңа Кедендік кодекстің жобасын мақұлдады

Осы аптада Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Армения Үкіметтерінің басшылары жаңа Кедендік кодекстің жобасын мақұлдады.

Жоба кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, кедендік реттеу және әкімшілендіру саласындағы әлемнің озық тәжірибелерін негізге алған. Кодекстегі өзгерістердің жартысын қазақстандық тарап енгізді. Онда электрондық декларациялауға басымдық беріліп, бір терезе қағидасын қолдану, автоматтандыру мен тауарды өткізу мерзімін бір күннен 4 сағатқа дейін қысқарту турасындағы тараулар бар. Сонымен қатар кодекс жобасы оңтайлы бизнес ортаны қалыптастыруға да ықпал ететін болады.

Құжатқа Одаққа мүше елдердің басшылары желтоқсан айында өтетін Жоғарғы Еуразиялық Үкіметаралық кеңесте қол қояды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі

-Көптеген бағыт бойынша, ортақ энергетика нарығы бойынша, мұнай-газ және қаржы нарығы бойынша мерзімді 2025 жылға дейін жылжытуымыз құжаттың маңыздылығын көрсетеді. Бәрі келісіліп, пысықталған кезде ортақ нарық жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері Сенаттың жалпы отырысына қатысып, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына байланысты депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Алдағы үш жылға арналған бюджет жобасын депутаттар «әлеуметтік салаға бағдарланған» бюджет деп бағалады. Өйткені келер жылы бюджет шығысының 41,7 пайызы әлеуметтік блокқа бөлінсе, бұл көрсеткіш 2019-шы жылы 49 пайызға дейін өседі.

Премьер-Министрдің айтуынша, заң жобасы Елбасының тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Сенат депутаттары бюджет жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске кері қайырды. Өйткені өңірлерге су тарту, газбен қамту және тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша бірқатар әлеуметтік жобаға қосымша қаржы керек.

Нақтырақ айтсақ, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында сумен қамту жобасын іске асыру қажет.

Сондай-ақ Павлодар, Атырау, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде көлік жолдарын жөндеу және тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды арттыру міндет. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газбен қамту қосымша ақшаны талап етеді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының өзгерістеріне байланысты 113,5 миллиард теңге бөлінуі шарт.

5 Ата Заң сот билігіне жауапкершілік жүктейді

«Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды». Қазақстан Республикасының Конституциясы, 76-бап, 1-тармақ. Ата Заң сот билігіне осындай ауыр жауапкершілік жүктейді. Яғни сот жүйесі мінсіз, судьялар корпусы кіршіксіз болуы тиіс. Сондықтан да «Ұлт жоспарының» 11 қадамы сот жүйесін жетілдіруге арналған.

21 қарашада Астанада өтетін 7 Судьялар съезінде де бұл мәселе басты тақырып болмақ. Съезд туралы, сот жүйесіндегі жұмыстар туралы сұрамаққа ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Жамбылұлы Рахметулинді студиямызға шақырдық.

Ринат Думанұлы, жүргізуші

-Кезекті Судьялар съезіне санаулы уақыт қалды. Биылғы съездің ерекшелігі ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 25 жылда сот жүйесі қандай жетістіктерге жетті? 

Абай Рахметулин, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

-Тікелей Елбасының қолдауымен біздің ұлттық сот жүйесінде біраз жақсы өзгерістер болды. Ең бірінші айтатынымыз, біз Тәуелсіздік алғалы бері Кеңес уақытындағы жүйеден кетіп, өзіміздің ұлттық сот жүйемізді құрып,  заңнамаларымызды қабылдап, сол бойынша жұмыс жасап келе жатырмыз. Алдында бізде жалпы соттар ғана болса, бүгінде ювеналды, экономикалық, әскери және мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттар құрылып, жұмыс жасап жатыр. Халықаралық тәжірибеде бар қағидаттар енгізіліп, бүгінде алқа билермен сот құрылып, істерді қарап жатыр. 2007 жылдан бастап, күдіктілерді қамауға алу тек қана соттың шешімімен шешіледі. Осындай күрделі мәселелер бүгінгі күні сот жүйесінің 25 жылында болғанын айта аламыз. 

Ринат Думанұлы, жүргізуші

-Алтыншы съезд 2013 жылы өткен болатын. Одан кейін біраз өзгерістердің болғанын біліп, байқап отырмыз. Ал осы жылғы жетінші съездің кезектен тыс өтуіне не себеп болып отыр? Бұл жолғы съездің басты мақсаты не болмақ?

Абай Рахметулин, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

-«Ұлт жоспарының» ішінде сот жүйесіне 15 қадам тікелей байланысты. Соның ішінде бір қадамы – судьялардың әдебі кодексін қабылдау. Сот әдебі кодексі тек қана заң бойынша съезде қабылданады. Сол себептен 7-ші съезд ұйымдастырылып, осы мәселе қарастырылып жатыр.

Ринат Думанұлы, жүргізуші

-Өзіңіз айтып өткен судьялардың әдеп кодексінің қандай ерекшеліктерін атап өтер едіңіз?

Абай Рахметулин, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

-Қазіргі жұмыс жасап жатқан Сот әдебі кодексі 2009 жылы қабылданған. Сол кодексте тек қана 9 бап болса, мына біздің жобада 15 бап бар. Екіншіден, бүгін судьяларға қойылатын жұмыс кезегінде жүрісі, тұрысы, мінез-құлқына қойылар жұмыстан тыс уақыттағы талаптар да күшейтіліп, осы жаңа кодексте белгіленген. Тек қана өзіміз қабылдамадық, біз қоғамға талқылауға шығарғанбыз. Жоғарғы соттың сайтында БАҚ арқылы жобамызды жеткізіп, ұсыныс-пікірлерді жинақтап, енгізгенбіз. Еуропа кеңесінің венициандық комиссиясы бар, соған да жолдағанбыз. Сол венециандық комиссия кодекс бойынша оң қорытындысын берген. Осы мәселелерді қарастырып, жобасын нақты дайындап, съезге шығарып отырмыз. Біздің съезде осы мәселе қарастырылып, қабылданады деп ойлаймыз.

Ринат Думанұлы, жүргізуші

-«Ұлт жоспарының» практикалық кезеңінің жүзеге аса бастағанына тура 11 айдың жүзі болды. Қандай нақты жетістіктер бар?

Абай Рахметулин, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

-Ең біріншіден, біздің сот жүйеміз бес буыннан үш буынға өтті. Аудандық соттар, екінші ол аппеляциялық саты дейміз және кассациялық саты Жоғарғы соттың құзіретіне кіреді. Аудандық, облыстық соттардың деңгейін көтеру мақсатында күллі мәселелер жергілікті соттарда шешілуі керек. Ал енді дау ары қарай өзінің жолын тауып жатса, біздің Жоғарғы Сотқа келіп, осы істерді қараймыз. Бұрын шешімдер 1,5 жылдай уақытқа созылатын, бүгінде ең көбі 8-9 ай ғана.

Екіншіден, судьяларды іріктеу талаптары күшейтілді. Нақты айтсақ, қазір бұрынғы талаптардан басқаша, бірінші өзінің білімін көрсетеді, екіншіден, моральдік-кәсіби дейгейін көрсетеді. Полиграфиялық тексеруден өтеді. Содан кейін көмекші ретінде бір жыл бойы соттарда жұмыс жасайды. Өзінің нақты жұмысынан кетіп, жас судьялардың 60 пайыз жалақысын алып, көмекші ретінде жұмыс жасайды. Содан кейін Жоғарғы Сот кеңесінен конкурсқа қатысып өтсе, ұсыныс Елбасына жіберіледі. Оған қарамастан тағы да бір ай бойы жұмыс жасағаннан кейін, біздің сот алқасының біліктілік комиссиясы бір жылдың ішінде судья ретінде жұмыс жасады ма, тағы тексеріліп, оған баға беріледі. 

Ринат Думанұлы, жүргізуші

-Бір сөзбен айтқанда «Ұлт жоспарындағы» сот жүйесіне арналған барлық қадамдар заман талабына сай тиімділікті арттыру үшін жұмыс істеп жатыр дейсіз ғой. Сізге ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы судьялар съезі тиімді, нәтижелі өтсін. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз, рахмет.

6 Басты меже – озық 30 елдің қатарына ену

Әлемде 200-дей мемлекет бар. Әрқайсысының экономикалық даму деңгейі әртүрлі. Халықаралық валюта қоры зерттеп, саралап, сол 200-дің 30 шақтысын ғана дамыған елдер қатарына қосқан. Олар: Америка Құрама Штаттары, Канада, Еуроаймақтағы барлық ел, Шығыс Азиядағы кей мемлекеттер, сондай-ақ Австралия және Жаңа Зеландия.

Әлемдік экономика мен саясатта алға озған 30 елдің тізімі қандай талаптар бойынша жасалған дейсіз ғой? Олардың бәрінде өмір сүру стандарттары жоғары, билікте ашықтық қамтамасыз етілген, ғылым-білімі қарыштап дамыған, өндіріске заманауи технологияларды енгізген, ауылшаруашылығы, химия өнеркәсібі сияқты елдің әл-ауқатын арттыратын, тұрмыс-тіршілігін жақсартатын саланың бәрі оқ бойы озық басқадан. Ең қызығы, мұндай құт мекенде жер бетіндегі халықтың 15 пайызы ғана тұрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсаты – Қазақстанды осындай 30 елдің қатарына қосу, әдемі ғұмыр кешіп жатқан 15 пайыз бақытты тұрғындардың санатын қазақстандықтармен толықтыру. Сол ниетпен 2012 жылы «Қазақстан – 2050 даму стратегиясын» қабылдаған. Енді осы стратегияға қол жеткізу үшін «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму» жоспары әзірленді.

Жоспар 7 ұлттық жетістікке жеткізуі тиіс. Бірінші, азаматтардың әл-ауқаты артады. Шикізаттық емес салалардың дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болмақ. 2025 жылға қарай жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 25,9-дан 35 мың АҚШ долларына дейін ұлғаймақ.

Екінші, дені сау - ұлт. Яғни денсаулық сақтау саласы халыққа қолжетімді һәм сапалы қызмет көрсетпек. Өмір сүрі ұзақтығын 72-ден 75 жасқа ұзарту көзделген. Үшінші, қолжетімді және сұранысқа ие білім беру. Апатты, үш ауысымды мектептер мүлде жойылмақ. Әрбір оқушы 3 тілді терең игермек. Мектептер 100 пайыз кең жолақты интернетпен қамтылмақ. Төртінші, қолжетімді баспана. 2025 жылға қарай жаңа үйлер мен пәтерлерге бір миллионға жуық отбасы қоныстанбақ. 100 млн шаршы метр тұрғын үй салынбақ.

Бесінші, белсенді кәсіпкерлік ұлты. 2025 жылға қарай Қазақстанда 1 миллиондай кәсіпкер өз ісін ашуға, яки кеңейтуге мүмкіндік алмақ, сондай-ақ 500 мың кәсіпкер пайда болмақ. Алтыншы, жеке сектор дамытылады. Яғни шағын және орта бизнесті дамыту, ол үшін кәсіпорындар құру, қолайлы бизнес-климат қалыптастыру қолға алынбақ. Жетінші кәсіби және тиімді мемлекеттік қызмет. Яғни автоматтандыруға жататын барлық мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Бізге қаржылық сектордағы жұмысты барынша реттеу керек. Сырттан келген инвестор экономикамызға қорықпай қаржысын салса, демек, біздің елге, жүргізіліп жатқан саясатқа, заңдарымызға деген сенім бар. Біздің әлеуетіміз бұдан да жоғары.

7 «Қазақстан-2025» даму стратегиясында агроөнеркәсіпті дамытуға басымдық берілген

«Қазақстан-2025» даму стратегиясында агроөнеркәсіпті дамытуға басымдық берілген. Еске алсақ, қыркүйекте Елбасы әкім-қарарларды, министрлерді түгел жинап, жиналыс жасаған. Сол жиында қиын-қыстау кезеңнен қысылмай өтудің жоспары, бұдан әрі алға жылжудың бағыты талқыланды.

Сонда Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын әзірлеуді шегелеп тапсырған. Ол бағдарламада ауылшаруашылығы тауарларының мейлінше қажетті, сұранысқа ие түрін өндіруге, оны экспортқа шығаруға басымдық берілсін деп шарт қойған.

Сонымен құжаттың жобасы дайын. Ауылшаруашылығы министрлігі алдымен Үкіметке бірнеше рет таныстырды, енді халық талқысына шығарды.

Бағдарламаға сәйкес алдағы жылы астық алқаптарының көлемі 2,3 млн гектарға азаймақ. Себеп – ысырап. Бүгінде біз 2,9 млн тонна бидайды артық алып, иегере алмай жатыр екенбіз. Расымен солай. Қайбір жылы жиналған бидай қамбаға сыймай, далада шіріп еді, былтыр шабылып бітпей, қар астында қалған-ды. Ас атасын рәсуа еткенше, қажетті мөлшерде егіп, қалған жерге сұранысы жоғары майлы дақылдар, арпа, қант қызылшасы, жүгері өсіруді жөн көрген. Жаңа бағдарламада ет, сүт өндірісін дамыту жолдары айқындалыпты. Ендеше 2017-2021 жылдары агроөнеркәсіп қалай, қайтіп гүлденеді?

Мырзабек Түсіпов, шолушы

-Армысыздар?! Күттіріп қойғаныма кешірім сұраймын. Қант іздеймін деп, кешіктім. «Дүкендерде толып тұр ғой», – деп дүрсе қоя бермеңіз. Іздегенім өзгенікі емес, өзіміздікі. Білмеген болсаңыз Сіз тұтынып отырған қанттың 3 пайызы ғана Қазақстанда жасалған. Бұл – вице-министр Айтуғановтың ақпараты.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары

-97 пайыз қантты біз шетелден әкеліп жатырмыз. Енді қазір Дүниежүзілік сауда ұйымына кірдік. 2020 жылдан бастап әкеліп жатқан қантқа тағы 5 пайыз баж салығы қосылады. Оның бағасы жыл сайын өсіп жатыр.

Мырзабек Түсіпов, шолушы

-Өнім көбейсе, өтпейді, аз жинасақ, жетпейді. Бұл сөздің тап қантқа қатысы жоқ. Пияз өсіретін шаруалардың шамданып айтқаны. Мәселен, Жамбыл облысында биыл 14 560 гектар жерге пияз егіліпті. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 11 800 гектар еді. Яғни өсу бар, өнім мол. Бірақ кәсіпкерлердің қуанышынан гөрі уайымы басым.

Нұрлан Егізбаев, шаруа қожалығының жетекшісі

-Минусқа кеттік. Банкрот біздікі. Былтыр да осылай болды. Өнімді өткізе алмай, далаға шығарып тастадық.

Мырзабек Түсіпов, шолушы

-Өнім нормадан асып тұр. Сондықтан өтпейді. Демек, сұранысты сараптау жоқ. Егер әлгі кәсіпкер пияз емес, қызылша ексе, қып-қызыл байлыққа кенелер ме еді?! Оның үстіне мемлекет те қолдайды. Қазір қант зауыттары қызылшаның бір келісін 14 теңгеден сатып алса, оның 6 теңгесін мемлекет субсидиялайды. Ендеше, жақсылап ойланыңыз!

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары

-«Өндіру керек екен», – деп өндіре беруге болмайды. Бұндай жағдай бізде өте жиі кездеседі. Өнімді өндіріп алып, өткізе алмай жүгіреміз. Ешкім сатып алмайды. Бұл мемлекетке шығын.

Мырзабек Түсіпов, шолушы

-Бұдан былай кәсіпкер өзінің емес, өзгелердің қажеттілігін қанағаттыруы тиіс. Яғни сұраныста бар өнім ғана өндірілмек. Бұған жаңа құжат «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасы» кепіл. Енді аграрлық сала алты бағытта дамиды. Соның әуелгісі – әртараптандыру. Вице-министр Айтуғанов айтады: «Қазақстанда 12 млн 400 мың гектар бидай алқабы бар. Жыл сайын 3 млн тоннаға жуық астық артық қалады. Себебі әлемдік нарықта бидайға сұраныс аса көп емес. Сондықтан егіс аумағын бес жылда 2 млн 300 мың гектарға қысқарту көзделіп отыр. Оның орнына арпа, сұлы, май дақылдары егілмек».

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары

-Ірімшік болсын, май болсын, оның 42 пайызын біз шетелден әкеліп жатырмыз. Оны өзімізде өндіруге мүмкіндік бар. Бірақ зауыттар дұрыс істеп жатқан жоқ. 50-60 пайызы ғана істейді. 40 пайызы бос тұрады.

Мырзабек Түсіпов, шолушы

-Бос тұрады. Өйткені зауыттың қуаттылығына сай шикізат ұсынатын шаруалар шамалы. Санын емес, сапасын айтам. Сол себепті елдегі 670 мың ұсақ өндіруші кооперативтерге бірігеді. «Жалпы саны 821 болады», – деп жобаланып отыр.

Салауат Шериязданов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

-Кішкентай кооперативтер өз тауарын нарыққа жеткізгенше, оның үстіне жолдың және басқа шығындар қосылғанда ол қымбаттайды. Нарықтың заңы бойынша солар бірігіп, жабыла көтерген жүк жеңіл деген мақсатпен, өздерінің тауарын нарыққа жеткізу үшін жасалып отырған амал.

Мырзабек Түсіпов, шолушы

-Гектарлық субсидия 2017 жылдан бастап, болмайды. Енді мемлекет өндірілген өнімге қарап, қолдайды. Мамандар мұны тиімді деп түйіндеп отыр.

Ал егер қалтаңызда қаржы болғанына қарамастан, өніміңіз өспей жатса, онда ғалымдармен кеңесуге мүмкіндік бар. Яғни өндіріс пен ғылым байланысады. Жылына ең кемі 10 озық технологияны трансферттеу керекпіз. Жаңа бағдарламадағы жаңалықтың бірі осы.

Әсел  Рамазанова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының орынбасары

-Жалпы алғанда ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі 2015 жылы 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 6 есеге артты. Әлемнің 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн тонна астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Жыл сайын 2,5 млн тоннаға дейін ұнды экспортқа шығарып, соңғы жылдары әлем бойынша көшбасшы орындардың бірін иемдендік.

Мырзабек Түсіпов, щолушы

-Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы: «2050 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс қазіргі көрсеткіштен 60 пайызға дейін артуы ықтимал», – деп болжам жасады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға айрықша көңіл бөлуінің астарында осындай сыр бар. Біздің халық: «Түстік өмірің болса, кештік мал жи», – деп бекер айтпаса керек. Айтпақшы, өзгенің емес, өзіміздің өнімді тұтынайық. Әйтпесе былтырғыдай тағы да 3 млрд 400 млн долларды басқалардың қалтасына басып берерміз.

8 Қазақстан жекешелендіру аясында 782 компанияны сатылымға шығармақ

Жекешелендіру – меншікті мемлекет иелігінен алу. Басты мақсат – қомақты қаржысы бар адамдарға мемлекет меншігін сатып алуға мүмкіндік туғызу.

Сондай-ақ жекешелендірудің бір жақсылығы қазынадан бөлген қаржымен күн көріп, оны не игере алмайтын, не ұқсата алмайтын компаниялардың саны азаяды. Қазақстан жекешелендіру аясында 782 компанияны сатылымға шығармақ. Оның 216-сы «Самұрық-қазына» қорына тиесілі. Қордың жекешелендірілетін нысандары Астана мен Алматыда, елдің 14 аймағында және 19 шет мемлекетте орналасқан.

Нақты қандай компаниялардың акциялары қашан жариялы сатылымға шығады? Бұл сұрақтың жауабын «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев берді.

Әсем Қабылбек, тілші

-Берік Тұрсынбекұлы, 2020 жылға дейін мемлекет 783 компанияны жекенің қолына беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде «Самұрық Қазына» компаниялар тобына қаншасы тиесілі?

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі

-Жекешелендіру бағдарламасында «Самұрық Қазына» қорының 216 активті нарыққа шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. 216 актив 2 тізімге бөлінеді. Екі тізімнің бірінші тізімінде ірі, экономикаға әлеуметтік бір маңызы бар үлкен активтер кірді. Ал екінші тізімге 172 шағын және орта кәсіпорындар кірді. Бірінші тізімге келетін болсақ, оған кірген 44 активтің 6-ы жоспар бойынша біз IPO-ға шығарамыз. Олар «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан Темір Жолы», «Қазатомпром», «Самұрық-Энерго», «Эйр Астана», «Қазпошта» деген компаниялар. Бұл компанияларды 2018-2020 жылғы аралығында IPO-ға шығарамыз. 

Әсем Қабылбек, тілші

-Жекешелендіру барысында компанияларды іріктеу оңай болды ма? 

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі

-Шағын қызмет жасайтын вагондарды жуып-шаятын компаниялар бар. Сондай шағын компаниялар жаңағы 172-ге кіріп отыр. Мемлекеттік комиссияны біздің еліміздің Премьер-Министрі басқарады. Сол мемлекеттік комиссияда қаралып, қай түрде, қандай, қай мезгілде сатылуы белгіленіп, содан кейін барып, сатуға кетеді. Шағын компаниялардың экономикаға үлкен ықпалы жоқ. Сондықтан оған көп шарт қоюға болмайды. Оған егер көп шарт қойса, оның бағасы төмен түсіп кетеді. Не болмаса, қызығушылық азайып кетеді. Ал егер үлкен ірі активтерге келетін болсақ, олардың мыңдаған жұмыс істейтін активтері бар. Олар жұмыс орнын азайтпауы керек. Жалақы деңгейін түсірмеу керек. Өзінің негізгі профилін ауыстырмауы керек. Егер де сол міндеттемелерді орындамай жатса, кейін біз ол активті қайтып алып, басқа орындайтын адамға сатуға біздің құқымыз бар.

Әсем Қабылбек, тілші

-Қазіргі уақытта енді жекешелендіру басталып кетті? Қазынаға қанша қаржы түсті? Ол ақшаны қалай басқарасыздар?

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі

-Биылдыққа аукционға шыққан компанияның 42 компаниясы сатылып, 8 млрд-тай қаржы түсті. Бұл жекешелендіру бағдарламасының екінші кезеңі еді. Мұның алдында 2014-2015 жылдары бірінші кезеңі болған. Сол кезде біз мысалы, 38 активті нарыққа шығарып, 63 млрд-тай теңге түскен болатын.

Әсем Қабылбек, тілші

-Жекелеген шағын компанияларды жекешелендіруге қызығушылық бар ма? Әлде отандық кәсіпкерлердің қызығушылығы басым ба? 

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі

-Әрине, отандық инвесторлар көп. Біз оны қолдаймыз. Біріншіден, сол отандық инвесторлар алсын дейміз. Шетелдік инвесторлар да қызығушылық көрсетіп жатыр. General Electric – локомотив құрастыру зауытының акционері. Ол компания ары қарай сатып алып, акцияларын көбейтіп алуға құштар.

Әсем Қабылбек, тілші

-Қазынаның майлы жілігін ұстаған «Самұрық Қазынаға» көптің қызығушылығы жоғары. Енді жаңа айтып жатқан жекешелендірудің географиялық аумағына тоқталсаңыз?

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі

-Активтердің көбісі Қазақстанның ішінде. Аздаған активтер бар. Олар көбінесе Кеңес үкіметі кезінен «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірге келе жатқан компаниялар. Мысалы, Түркиядағы қонақүй Грузияда да бар.

Әсем Қабылбек, тілші

-Өтпей қалған, жекешелендіруге шыққан нысандар қайтадан сатылымға шығарыла ма? Әрі қарай тағдыры не болады?

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі

-Өтпей қалған компанияларға келер болсақ, электронный аукционның 3 кезеңі бар. Бірінші кезеңінде бұл компаниялар бағаны жоғары көтереді. Ең жоғары кім береді, сол сатып алады. Бірінші кезеңде инвесторлар қатыспаса, заң түрінде ол екінші аукционға шығады. Үшінші аукцион ол соңғысы. Аукцион бойынша төменгі баға жоқ. 

Әсем Қабылбек, тілші

-Уақыт тауып, салиқалы сұхбат бергеніңізге рахмет! 

9 Алматыда «Көш және көшбасшы» концерті өтті

Осыдан 25 жыл бұрын шетте жүрген қандастарымыз елге орала бастады. Көштің ең қарқынды сипат алған кезеңi 1991-1993 жылдар аралығы екен. Одан кейін де саябырсыған жоқ.

Ширек ғасырда ата жұртына 1 млн-дай қазақ оралыпты. 2020 жылға қарай халық санын 20 млнға жеткізуді көздеген Қазақстан үшін этностық қазақтардың елге келуі маңызды. Бұл – Қазақ елінің тағдыры мен болашаған ойлаудан туған Елбасының стратегиялық бастамаларының бірі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай кеше Алматыда «Көш және көшбасшы» атты мерекелік концерт өтті. 

«Көш және Көшбасшы» концерті – атамекенді аңсап келген қандастарымыздың мерекеге тартуы. Тәуелсіздікке қол жеткеніне небары 15 күн толғанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хатын жариялаған болатын. Осы хат атажұртқа оралудың ұлы көшіне жол ашты.

Көшке серпін беру мақсатында Елбасы бастамасымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Содан бергі ширек ғасыр ішінде бір миллионға жуық қандасымыз оралып, атамекенде өсіп, өнді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі

-Осының барлығы – санаулы күннен кейін 25 жылдығын атап өтетін қастерлі Тәуелсіздігіміздің жетістігі. 25 жыл бойы қоғамда бірлік пен келісімді тұрақты дамуды орнықтырған, Қазақстан халқын біртұтас ұлтқа айналдырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының жемісі.

Қандастар мәдениетіміз бен руханиятымыздың, экономикамыздың дамуына септігін тигізді. Тіліміздің мәртебесін арттыруға және дәстүрдің жаңғыруына үлес қосты. Демографиялық ахуалдың жақсаруына да оң әсер етті.

Алмас Ахметбекұлы, ақын

-Миллион адам ғана келген жоқ, миллион рух келді. Отанға деген миллион сағыныш, махаббат, құлшыныс келді. Оның ішінде қаншама кәсіпкерлер, қаншама өнерпаздар, қаншама халықтың қаймағы бұзылмаған тілі мен мәдениеті, салты келді.

Сондай кәсіпкердің бірі – Шаймұрат Шаймардан. 1993 жылы атажұртқа атбасын бұрған Шаймұрат аға алғашында Алматыға келгенде таксист болғанын айтады. Одан соң жеке кәсіпке бет бұрып, туристік бизнесті қолға алады. Ал қазір ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Үш ұлдың екеуі Қытайда туса, кенжесі Қазақстанда өмірге келген. Тұңғыштары жеке кәсіпкер, ортаншысы Астанада мемлекеттік қызметте. Кенже баласы әлі мектепте оқиды. Бүгінде Шаймұрат аға жұбайы Нұргүл екеуі келін түсіріп, немере сүйіп отыр.

Шаймұрат Шаймардан, кәсіпкер

-Құдайға шүкір, Қазақстанға келіп, нағыз мамандығымызды, өмір жолымызды таптық деп ойлаймын. Ортада оншақты жылдай туризммен айналыстым. Қазір ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеймін. Басында бір қытайдың компанияларымен жұмыс істегенбіз. Кейін олар қайтып кетті. Қазір өзім жеке жалғастырып жатырмын.

Тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңге қарамастан мемлекет алыстан жеткен ағайынның орнығуына қолайлы жағдайлар жасады. Көптеген әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер ұсынды. Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазіргі күні де бұл саладағы шаралардың одан әрі жалғасып жатқанын айтты.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі

-Өткен жылы көші-қон туралы заңға өзгертулер енгізілгені туралы білесіздер. Осының негізінде көптеген жеңілдіктер жасалып, қазақ көші жандана түсті. Мысалы, 2015 жылы елімізге 5 мыңға жуық қандасымыз келген болса, биылғы жылдың 9 айы ішінде 24 мыңға жуық адам оралған. Алдағы уақытта атажұртқа атбасын бұратындар саны әлдеқайда арта түседі деп сенеміз.

Ауыт Мұқибек, ақын

-Бұл көш – Елбасының өте маңызды саясаты. Тұңғыш саясаты және ұлы саясаты деп есептейміз. Елбасы шегелеп айтты, көш тоқтамайды. Одан ары да жалғасып отырады.

Тәуелсіздік – ұлтымыздың теңдессіз байлығы, баға жетпес құндылығы. «Біз Тәуелсіздіктің ақ таңын көрген бақытты ұрпақпыз», – дейді мерекелік концертке жиналған қандастар. 

Алмас Ахметбекұлы, ақын

-Тәуелсіздіктің әр күні – бақыт, байлық. Біз Тәуелсіздікті ұстап отыратын мың ұрпақтың біреуі ғанамыз. Тәуелсіздікті аңсаған мың ұрпақтың жалғасымыз, келесі Тәуелсіздікті ұстап тұратын мың ұрпақтың басымыз.

Мерекелік концертте атажұртқа оралған бауырларымызбен бірге Қазақстанда туып-өскен әншілер де өнер көрсетті. Әннен шашу шашқан өнерпаздар тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев, Нұрдәулет Жақсыбаев

10 Тәуелсіздік табыстары

Қазақстанның жер қойнауы байлыққа толы. Уран, хром, мыс, цинк өндіруден көшбасшымыз. Мұнай мен газ қоры бойынша да әлемдегі ондыққа кіреміз. Алайда нарықтағы тұрақсыздық, қолда барға байлануға болмайтынын күнде дәлелдеуде. Сондықтан индустриялық-инновациялық бағдарлама қабылданған-ды.

Индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында 770 жаңа жоба іске қосылыпты. Мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылыпты. Бұл игі жоспар Атырау өңірінде де жүзеге асты.

Аумағы ат шаптырым ойын алаңдары, жаңа мектептер мен балабақшалар, салтанат сарайлары мен спорт кешендері ауқымды жаңа ықшам аудандар. Бұл – Тәуелсіз еліміздің мұнайлы астанасы атанған Атыраудың бүгінгі келбеті. Мұнайымен шырайы енген абат өңір осылайша жыл санап жаңарып, күн санап көркейіп келеді.

Арыстанбек Кенже, тілші

-Атырау облысының басты байлығы мұнай екені ақиқат. Бүгінде «Теңіз», «Қашаған» атаулары тек мұнайлы өңірдің ғана емес, кең байтақ Қазақстанның брендіне айналған. Мұнайлы өңірдегі көмірсутегі шикізатының мол қоры шетел инвесторларының үнемі назарында. Қазір Атырауда 400-ден астам мұнай өндіруші компания жұмыс істеп жатыр.

Атырау облысында жылына 4 триллион теңгенің өнімі өндіріледі. Осыдан ширек ғасыр бұрын оның көлемі бар болғаны 4,5 млрд теңгені зорға  құрайтын. Яғни 900 есеге аз болатын. Кәсіпорындар тоқтап, экономикасы тұралаған кезді аға буын өкілдері әлі естерінен шығара қойған жоқ. Сол уақыттағы қала басшылығы тіпті бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы тауып бере алмаған кездердің болғанын айтады 

Нұрпейіс Махашев, 1991-1993 жылдардағы Атырау қаласының әкімі

-Оның себебі бюджет тек қана әлеуметтік жағдайға, денсаулық саласына, соларға айлық беруге ғана қаралатын. Ал басқа үй құрылысы, жол жөндеу не болмаса коммуналдық жағдайға қаржы қаралды деп айта алмаймын. Өйткені бюджетте ештеңе болған жоқ.

Кеңестік кезден қалған экономикалық байланыстың бұзылуы байырғы сала мұнай өнеркәсібін де тұралатты. 1993 жылы мұнай өндіру ең төменгі деңгейге жетіп, бар болғаны 3 млн тоннаны құраған.

Қара алтынның үстінде отырып барын базарлай алмаған мұнайшылар өз өнімдерін Әзербайжан арқылы сыртқы нарыққа шығарғандарын қынжыла еске алады. Сонда делдал арқылы жасалған саудада 1 баррель мұнай бар болғаны 6 доллардан сатылған екен. Өнімнің өтпеуі қарапайым жұмысшылардың әлеуметтік ахуалын әлсіретті. Азық-түлік тапшылығы сезіле бастады. Тіпті қалталы деген мұнайшылардың өзі азық-түліктің тапшылығынан талонды талғажау еткендерін жасырмайды. 

Бағыт Сматуллин, ардагер мұнайшы

-Уәлиханов көшесінде «Мұнайшы» деген дүкеніміз болды. Сол дүкеннен аналарымыз талонға өндіріс берген. Інілеріміз, отбасымыз кезекте тұрып әзер алатын.

Рас, мемлекет қол қусырып, қарап отырған жоқ. Ол кездегі басшының да, қосшының да алдындағы басты міндет елді тығырықтан алып шығу еді. 1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Теңіз» кенішін бірлесіп игеру жөнінде америкалық «Шеврон» компаниясымен келісімге қол қойды. Сөйтіп елімізде «Теңізшевройл» Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны дүниеге келді.

Бұл кейін мұнайлы өңірде жүздеген жаңа кәсіпорынның ашылуына, экономиканың тұрақты дамуына оң ықпал етті. Теңіз кеніші өткен ғасырдың 70-80 жылдары ашылған кен орындарының ішіндегі аса ірісі саналады. Мұнай қорының молдығы мен елдегі қолайлы инвестициялық климат өндірістің кеңеюіне игі ықпал етуде. Қазір мұнда мұнай дайындау зауытының 3-кезеңі басталды.

Жаңа жоба әлемдік мұнай өнеркәсібіндегі ең озық, ең қауіпсіз технологиямен тұрғызылмақ. Онда отандық мердігер компаниялардың үлесі басым. Қазірдің өзінде оларға 12 триллион теңгелік тапсырыстар түсе бастады.  Алып зауыттың қаңқасының өзіне 56 мың тонна металл керек екен. Оны да құрастыратын отандық кәсіпорындар болмақ.

Рзабек Артығалиев, ТШО Үкіметпен және бұқарамен байланыс бөлімінің бас менеджері

-Мұнай өндірісі қазіргі таңда жылына 26-27 млн тонна болса, біз тағы да 12 млн тоннаға көбейтеміз. Сонда есептеп қарағанда бұл жоба іске асқаннан кейін, біздің жоспарымыз жылына 38-39 млн тонна болмақ.

Қазақстан мұнайын Ресей арқылы Қара теңіз порттарына тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумының рөлі ерекше. Консорциум жылына 67 миллион тонна қара алтынды Босфор, Дарденелл бұғаздары арқылы алыс шетелдерге шығарып келеді. Келешекте «Қашаған» кен алаңы толық қуатына мінгенде Қазақстан мұнайының әлемдік нарықтан алатын орны анықтала түсетіні даусыз. Ол дегеніңіз, тек мұнай-газ саласына ғана емес, жалпы ел экономикасына жаңа серпіліс беретін фактор болмақ. 

Арыстанбек Кенже, тілші

-Мұнай өнеркәсібі Атыраудағы барлық саланың жандануына тікелей ықпал етеді. Бір ғана индустриалдандыру картасы мен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша мұнайлы өңірде сомасы 2 триллион теңге болатын 52 инвестициялық жоба жүзеге асуда.

Жаңа кәсіпорындарда 5,5 мың атыраулық жұмыспен қамтылады. Бұған дейін жастардың басым бөлігі мұнайшы мамандығын игеруге ұмтылса, енді жас буын мүлде жаңа салалардан бақ сынауға ден қоя бастады. Себебі осы заманғы озық технологияға негізделген инновациялық кәсіпорындар мұнай саласымен бәсекеге түсе алатындай дәрежеге жетті. Солардың бірі – мұнай қондырғылары мен бұрғылар шығаратын кәсіпорын.

Сергей Чуркин бұған дейін шетелдік компанияларда жұмыс істепті. Енді ең озық технологиямен қаруланған қазақстандық компанияға ауысты. Аса күрделі компьютерлік бағдарламаға негізделген станоктар талапты жастың талғамынан шықса керек.  

Сергей Чуркин, есептік жүйелерді енгізу станогының операторы

-Бұл – өте күрделі және қызықты станок. Мұнда кез келген бөлшекті жүздік микронға дейінгі дәлдікпен жонуға болады. Бұл жай көзге көрінбейтін дәлдік, сол үшін жауапты да қызықты.

Мұнай бұрғылары мен кешенді қондырғылар шығаратын зауыт биыл жыл аяғына дейін жететін тапсырыс алып қойған. Бұрын мұндай бұрғылар Қазақстанда шығарылған жоқ. Мұнайшылар алыс шетелдерден сатып алып келді. Енді отандық компания осы олқылықтың орнын толтыруда.

Қазір еліміздің ішкі нарығындағы бұрғы тұмсықтарының үштен бірі Атырауда өндіріледі. Тіпті Ресейдің Ставрополь, Краснодар өлкелерінен де тапсырыстар бар. Енді компания күрделі мұнай станоктарын шығаруды бастады. Оның алғашқысы Батыс Қазақстандағы Рожковское кен алаңында сынақтан сәтті өтіпті.

Асхат Дүйсалиев, зауыт директоры

-Біздің бұрғылау станогымыз 7 мың метр тереңдікке бойлай алады. Бұл қондырғының басты артықшылығы құрлықтағы кез келген кен алаңдарында қолдануға болады.

Арыстанбек Кенже, тілші

-Сондай-ақ Атырауда еліміз бойныша тұңғыш мұнай химиясы кешені бой көтеріп келеді. Жобалық құны 7 млрд АҚШ доллары болатын бұл жоба іске қосылғанда Атырауда жылына 800 мың тонна полиэтилен мен 500 мың тонна полипропилен өндірілетін болады.

Ішкі-сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие бұл полимер өнімдерінің негізі шикізаты Қашаған кенішінен шығатын ілеспе газ болмақ. Қазір Каспий қайраңындағы кеніштерде соңғы сынақ жұмыстары аяқталуға таяу. Қашаған кен алаңы толық қуатына жеткенде тәулігіне 1,5 миллион баррель мұнай өндірілетін болады.

Арыстанбек Кенже, тілші

-Әрине, Атырау облысы бір ғана мұнаймен өмір сүреді десек, артық айтқандық болар. Мемлекет қолдауына сүйенген мыңдаған ауыл еңбеккерлері мал өсіріп, егістіктерін ұлғайтты. Жантақ пен жыңғылдан өзге еш өсімдік шықпайды деген тұзды топырақтың тілін тапқандар жасыл желекке бөледі. Картоп пен көкөністен айтарлықтай өнім алып, жүзім мен алма бақтарын жайқалтып отыр. Бүгінде облыс халқы тұтынатын сүт өнімдерінің үштен бір бөлігі жергілікті жерден өндіріледі.

Осыдан 5 жыл бұрын іске қосылған еліміздегі ең ірі ешкі фермасы бүгін аяғынан қаз тұрды. Оның өнімдері тек облыстың ғана емес, еліміздің қала берді шетелдердің сұранысын өтей бастады. Ферма жылына 180 тонна ешкі сүтін өндіріп, одан 140 тонна алуан түрлі өнімдер шығарады.   .

Владимир Розметов, шаруа қожалығының жетекшісі

-Ешкі сүтінен сүзбе, йогурт, айран секілді 20 түрлі өнім алынады. Біздің өнімдеріміз Ресейдің Астрахань, Волгаград қалаларында  үлкен сұранысқа ие болып отыр. Енді Орынбормен де келісім жасап жатырмыз.  

Өткен 25 жылда жүздеген жобалар жүзеге асырылып, мұнайлы өңірдің атағы айдай әлемге таралды. Бастысы, тұрғындардың тұрмысы түзелді, өңірдің әлеуметтік әлеуеті артты. Сол арқылы адамдар көңіліне ертеңге деген нық сенім ұялады. Бір ғана «Жас Отау» бағдарламасы бойынша мұнайлы өңірде 12 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліпті. 

Арыстанбек Кенже, тілші

-Жайық өзенінің басты ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлығын қақ жара ағады. Қос құрлықты өзен үстінен салынған 6 көпір жалғап тұр. Бұл – шаһардың ажарын арттырып қана қоймай, тұрғын халықтың қатынасына оң ықпал етуде. Өңірдің логистикалық мәселелерін шешіп, тәуелсіз елеімізді ондаған  шетелдермен жалғауда үлкен роль атқарып келеді.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов  

11 Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай теңгеміз тағы бір үлгімен толықты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақтың теңгесі тағы бір үлгімен толықты. Жаңа 10 мың теңгелік банкнот шықты. Ең соңғы талаптар бойынша әзірленген мерейтойлық купюрада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген. Бұл ақшаның қолданыста жүрген 10 мың теңгеден айырмасы артқы бетіндегі Ақорда суретінің орнына даму мен жаңғырудың символы, өмір ағашы көрініс тапты. Бет жағындағы самұрық құстың орнына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті басылды. Жаңа купюра 1 желтоқсаннан бастап, қолданысқа енеді. Таралымы - 100 мың дана.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік Хатшысы 

-1993 жылы 15 қарашада жас Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалынды. Ол аса күрделі кезең еді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз заман сынынан сүрінбей өтті. Ал төл теңгеміз Тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды.

Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары

-Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мұндай банкнотты шығаруды бір рет емес, бірнеше рет ұсынған еді. Ал Ассамблея дегеніміз – Қазақстанда тұрып жатқан 17 млн халық. Демек, бүкіл xалықтың ойы мен ниеті іске асты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңге ресми айналымға енді. Ұлттық валюта қолданысқа енгеннен бері, елдің даналары мен даралары бейнеленген ақшалар, қымбат металдан жасалған монеталар айналымға шығарылды. Ол купюралар  тарихи дерек көздерінен сыр шертті. Сол уақыттан бері ұлттық теңгеміз дизайнерлік ерекшеліктері үшін сан мәрте халықаралық бәйгелерде үздік атанды.

Шетелдік сарапшылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап шығарған ақшаның сапасын жоғары бағалап отыр. Өйткені Мемлекет басшысы бейнеленген купюрада 10 қорғаныс элементі бар. Оларды басып шығару үшін ең озық технологиялар қолданылды.

Дэмиан Квятковски, De La Rue компаниясының өңірлік директоры

-Қазақ валютасының қорғанышы осал емес әрі дизайны жағынан да жаңашылдық көп. Бұрынғы банкноттарға қарағанда бұл ақша көзге жылы көрінеді, яғни шығарушылар түстерді әдемі үйлестірген. Сол себепті әлем елдерінің ақшалары ішінде бұл 10 мың теңгенің орны ерекше болатынына сенімдімін.

25 жылда елдің қарыстап емес, қарыштап дамуына Елбасының сіңірген еңбегі орасан. Сол себепті отандық сарапшылар төл теңгеге Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі орналасуын орынды санайды. Оның үстіне бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты

-Жаңа ақшада Елбасымыздың суреті бейнеленіп отыр. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені біз өзіміздің Тәуелсіздік алған кезімізден бастап, осы экономикамызға еңбек сіңірген адамымыздың еңбегін де, оның істеген жұмысын да бағалауымыз керек.

Ғарифолла Есім, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

-Бұл өте жақсы. Жалпы қандай мемлекет болмасын ақша шығарады. Ақшаға өзінің басшыларын салады. Осы күнге дейін біз жасамай келіп едік, мынау өте дұрыс болып отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мұндай банкноттың шығуы қажетті.