Хабар телеарнасы

Жеті күн 26.11.2016

Сюжеттер
1. Осыдан 25 жыл ілгеріде біз қандай едік? 2. «Ұлт жоспарының» барлық бағыттары бойынша жұмыс қарқын алды 3. Қазір кез келген адам сотқа электронды жүйе арқылы арыз бере алады
4. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы декларациясы қабылданды 5. Декларация туралы пікірлер айтылды 6. Қазақстандық ұлтаралық татулық моделі өзгелерге үлгі
   
7. Талғар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізімінде қала бермек    

1. Осыдан 25 жыл ілгеріде біз қандай едік?

Елбасы айтпақшы: «Біз жерге түсіп сынған табақтың сынығы тәрізді едік». Ал бүгін бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймай, мойындайтын, құрметтейтін мемлекетке айналдық. Қазақстандық пікір өзгелер үшін де өзекті.

Осы аптада Елбасы бір емес, екі бұқаралық ақпарат құралына сұхбат берді. Әуелгісі – Bloomberg News ақпарат агенттігі. Олар Қазақстан Президентімен екінші мәрте жүздесіп отыр. Бұл жолы шетелдік әріптестер біраз сауалды түртіп келген сыңайлы?

Жаһандық дамудың жайы, халықаралық қатынастардың құбылуы, терроризммен күресудің амалы сынды мәселелерден тартып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының болашағы жайында әңгіме өрілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Что мне нравится в предложениях господина Трампа? Мне нравится, что он против фрагментации экономики мира. Ну что происходит, смотрите чисто политически. Транс-Тихоокеанское сотрудничество. Раз. Там США. Заговорили Транс-Атлантическое. Там Америка и Европа. И мы где остались? Посередине на карту. То есть мы, Россия и весь наш регион: Китай, Индия, Пакистан и вот этот срединные кусок ни там ни тут. То есть здесь придется объединяться в рамках ШОС или Евразийского большого объединения. То есть что мы сделали с ВТО тогда, каждый будет тянуть на себя, свободной торговли не будет. Будет патернализм. Каждый: «Сам я сделаю». Всемирная торговля нарушается. Границы возникают. Это опасно для всей мировой экономики. Какая глобализация тогда? То есть еще один кризис после этого ожидается. Вот то, что господин Трамп против этого, я очень сильно поддерживаю.

«Мұнай бағасы мың құбылады. Бірақ Қазақстандағы өмір сүру қалпы қатты өзгермейді. «Қара алтынға» тәуелді бола тұра. Өйткені қауіп-қатерге қарсы тұрар «100 қадам» бар». Бұл менің емес, шетелдік журналистердің айтқаны. 

«Ал осы тұрақтылықты сақтай отырып, жедел дамудың жолы қайсы?» деген сауалға Елбасы деректі жауап қайтарды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы государство, находящееся внутри материка, путей выхода к морям, океанам нет. Поэтому стоит задача за 5 лет построить 7 тысяч километров автомобильных дорог. Автобаны самые настоящие. Первое сделанное это Западный Китай – Западная Европа. По Казахстану 2700 км построено. Вот здесь выйдите в сторону Борового, север до границы Казахстана построен автобан. Построен Астана – Алматы. Астана – Каспий. Астана – Восток. Вот эти все дороги мы построили. И это пойдем многим поколениям вперед.

Сөзге дәйек. Мәселен, Германия. Әрлеп, әспеттемей-ақ, бұл елдің әлін білесіз? Енді осы мемлекеттің тарихына етене бойлап, дамудағы құпиясын қопарсаңыз, мынадай ақпаратқа жолығасыз. 1929-1933 жылдар аралығын қамтыған әлемдік экономикалық қиындыққа қарамастан, Германияда жол салу тоқтатылмаған. 

Канцлер Конрад Аденауэр сырттан қаржы тарту арқылы Кельн мен Бон қалаларының арасына тасжол төсеткен. Демек, жол мұратқа жеткізеді.

Ал дағдарыс дегеннің өзін түбегейлі жою үшін Елбасы ниеттес елдерді бірлесіп әрекет етуге шақырды. Әйтпесе жаһанның жік-жікке бөлінуі дағдарыстың жаңа толқынын туғызуы әбден мүмкін. 

Геосаяси жағдайдың бұлайша ушығуы ғаламдық қауіп-қатерге де тамыздық. Жат пиғылдылар ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып кетуде. Сондықтан әлемге тұрақтылық керек. Біздің ұран 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлдеқайда өтімді болмақ. Себебі Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі миссиясын бастайды.

Айтпақшы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына Португалияның бұрынғы Премьер-Министрі Антониу Гутерриш тағайындалған. Ол Конго мен Орталық Африкадағы дағдарысқа қоғам назарын аудара білуімен елге етене таныс.

Осы аптада Антониу Гутерришпен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кездесті. 

Елбасы мейманды жаңа лауазымымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Поздравляю вас с избранием на этот важнейший пост в мире. Вам приходится работать в очень непрстое время, вы это знаете, поэтому вы можете полностью рассчитывать на поддержку Казахстана в своей работе. Мы будем вместе с вами работать, как это делали всегда. ООН и Казахстан всегда были самые доверительные отношения. С большим удовольствием мы принимаем вас здесь.

Антониу Гутерриш Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанмен өзара тиімді байланысын тереңдетуге мүдделі екендігін жеткізді. 

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев мейманды елімізге сапармен келуге шақырды.  

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы

-Құрметті, Президент мырза! Сіз менің бұған дейінгі БҰҰ жоғарғы комиссары лауазымында болған кезде де ыстық ықылас танытып, ерекше ілтипат көрсеттіңіз. Мен Сіздің маған деген көзқарасыңызды және Қазақстан Үкіметінің бізге деген ұстанымын жіті сезіндім. Бас хатшы ретінде алдағы уақытта мен Қазақстанға жиі келемін деген ойдамын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады. 

Кездесуде Любомир Заоралек Чех Республикасының Президенті Милош Земанның келер жылы «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің ашылуына келетіндігін хабарлады. Сонымен қатар тараптар екіжақты ықпалдастық пен бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. 

Президент екі ел арасындағы 23 жылдық дипломатиялық байланыстың достық қарым-қатынасқа ұласқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Считаем Чехию важным партнёром в Европейском союзе. Мы наметили новые меры, чтобы улучшить наше сотрудничество особенное торговое. В конце прошлого века мы прошли одинаковый путь и Казахстан и Чехия в становлении своей независимости, государственности. Сейчас развивается Чехия положительными темпами несмотря на сложности в Европе. Вы стали членами ЕС, НАТО. 

Любомир Заоралек, Чех Республикасының Сыртқы істер министрі

-Біздің елдің басшысы Милош Земан жақын арада Сіздің Чехияға сапарыңызды күтіп отыр. Өз кезегінде біздің Президент келер жылы Астанаға атбасын бұрып, «ЭКСПО» көрмесінің ашылуына қатыспақ ниетте.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бастама Кремль тарапынан. 

Әңгімелесу барысында екі ел басшысы мемлекетаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады. 

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде пікір алысты.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фиделя Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқы командантэ Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

Күні кеше Қытайдың Цзянси өлкесіне қарасты Фэнчэн қалалық округінде төтенше жағдай болды. Салынып жатқан электр стансасының мұнарасы опырылып, салдарынан бірнеше адам көз жұмды. 

Елбасы осы оқиғаға қатысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Мұндай көңіл айту жеделхатын Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Модиге де жолдады. 

«Канпур қаласында пойыз апаты салдарынан көптеген адам қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Оқиға салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Ақордада Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады. 

Елбасы алдымен партияның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуы мен этносаралық қарым-қатынасты нығайту жолындағы жемісті еңбегін ерекше атап өтті. Кейін мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау жөніндегі партия атқарып жатқан жұмыстардың жайымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Партиямыз елге көп қызмет істеп, бүгінгі жетістіктердің куәсі болды. Солардың арасында жүрді. Елді басқаратын негізгі саяси күш болып келе жатыр. Содан бергі өткен талай саяси науқандарда, талай жиылыстарда, сайлауларда «Нұр Отан» партиясы өзінің ұйымшылдығын көрсетіп, халықтың арасындағы беделін көрсетіп, қолдап, көп жетістіктерге жетіп, халықтың басын қосып, ұйымдастырды. Көпэтностық еліміздің басын қосып, тыныштықты сақтауда да партиямыз көп жұмыс істеп келе жатыр. Алдында тұрған міндеттер де өте көп. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар «Нұр Отан» партиясының қатысуымен жасалған. Сондықтан халыққа арналған бағдарламаны халықтық партия қатаң бақылауға алып отыруы керек деп тапсырған болатынсыз. Осының барлығы елдің үлкен стратегиясынан туындап жатыр. Осылардың барлығын орталық және өңірлік деңгейде орындалуын партия өзінің қатаң бақылауында ұстап отыр.

Сондай-ақ Ақордада келелі кеңес өтті. Бір емес, екеу. Алғашқысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде. 

Елбасы Үкімет мүшелерін қабылдап, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың ахуалымен танысты.

Жиында қаралған бірінші мәселе – игерусіз жатқан жерлерді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы зауыттардың жұмысын жаңғырту, өндірушілердің экспорттық әлеуеттерін арттыру және шағын несиелендіруді күшейту.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бізге ауыл шаруашылығы мәселесіне жан жақты қарап, тоқтап тұрған, толық қамтамасыз етілмеген зауыттарды қайта жаңғырту қажет. Одан кейін мүмкіншілігіне қарап, импорттың ауқымын азайту, экспортымызды көбейту, сапасын көтеру мәселелері жөнінде тапсырма берілген.

Сондай-ақ Президент шаруашылықтардағы суармалы жерлердің алқабын кеңейту жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы оның іске асыру барысын да сұрап білді.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

-Ол жөнінде жұмыстар басталып жатыр. Әкімдіктермен қандай каналды жөндеу керек, қай жерде қандай құжаттар рәсімдеу керек оның бәрі қазір атқарылды. 600 мың гектар жаңадан суармалы жердің алқабы қосылатын болады. Суармалы жерлер көбіне оңтүстік өңірлерде. 18 млн гектарға құдықтардың есебінен көбейетін болады.

Екінші мәселе – азаматтарды баспанамен қамту. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрінен «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы берілетін жеңілдетілген ипотекалық несиенің артықшылығын сұрады.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық Экономика министрі

-Система ЖССБ сначала 50 процентов надо накопить. Стоимости квартиры отдают банку, оставшиеся 50 процентов банк дает в кредит. Льгота в том, что 3 года должен копить, а потом через 3 года может получить 50 процентов.  Но получает кредит по сниженной ставке 4 процента. Это как вы сказали, для уязвимых слоев населения, то есть только инвалиды 1-ой группы, дети сироты. 25 млрд предполагается из бюджета выделят местным исполнительным органам. Плюс они свои деньги будут вкладывать. Для того, чтобы на аренду без выкупа размещать тех, кто действительно нуждается.

Кеңестің талқысына салынған үшінші мәселе – жастарды жұмыспен қамту. Мемлекет басшысы әсіресе ауыл жастарына көмекті аямау қажеттігін қадап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жастарға тегін мамандық береміз дедіңдер. Соны толық іске асыру қажет.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Біз қазір стационарлық оқу орталықтарында оқытып жатырмыз. Ал алыс ауылдар қалып кетіп жатыр. Сондықтан мобильді оқу кешенін жіберейін деп жатырмыз. Олар шалғайдағы ауылдарға барып, оқытады, сертификатын береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мынаны орындасақ, ауылда жүрген жастар жұмыссыз қалмайды.

2. «Ұлт жоспарының» барлық бағыттары бойынша жұмыс қарқын алды

Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі былтыр мынадай мәлімдеме жасаған. «2016 жылы Қазақстан экономикасы қарқынды өседі». 

Қаржылық институттардың бұлай сенімді сөйлеуіне не себеп? Оның үстіне «2016 жыл дағдарыстың шарықтайтын шағы» деген шамалау бар еді. Бірақ сарапшылар айтқандай болды. Ел дамуының деңгейі түскен жоқ. Бұл «Ұлт жоспарын» орындаудың практикалық кезеңі басталуымен байланысты. «100 қадам» адымды адуынды етті. Дегенмен, даңдайсуға тағы болмас?

Осы орайда Елбасының төрағалығымен Жаңғырту комиссиясының отырысы өтті. Жиында айтылған жаңалықтар жайында толығырақ Мұхтар Ыбырайым тарқатады.

Бес реформа дағдарысқа төтеп беретін қарапайым бағдарлама ғана емес. Бұл – Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына жетелейтін «Ұлт жоспары». Сондықтан Елбасы оған нардың жүгін артып отыр. 

Нарықтағы қиындықтарға қарамастан ауқымы кең бағдарлама орындалуы тиіс. Жақын болашақта жаңа құқықтық орта қалыптасып, азаматтық-қоғамдық құрылым түбегейлі өзгермек. Бұл үлкен іс Президенттің жіті назарында.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мемлекеттің халық жоспары 5 пунктен тұратын. Жүз қадамнан тұратын оның барлығы халыққа жарияланды. Үміт күтетін адамдар көп. «Қалай болар екен?» деп отыр. Барлық қадамдар бойынша 60-тан астам Заң қабылданды. Биыл жылдың басынан бастап жұмыс істелінеді. Әрине ол бір жылда, бір күнде бола қалатын нәрсе емес. Кейбіреулеріне бірақ уақыт керек. Істеліп жатқан жұмыс аз емес. Мен оны білемін. Қарап отырмыз, бақылап отырмыз. 

Қазіргі таңда «100 нақты қадамның» 43-і орындалды. 57-сі жақын арада жүзеге аспады. 

«Бұл орайда мемлекеттік аппарат алдына қойылған міндеттер ширақ атқарылуы  тиіс», – деді Президент. 

Мемлекеттік қызметкерге деген талап күшейді. Жыл басынан осы салаға 6 мың адам келіпті. Тағы 3 мың адам жоғары тұрған лауазымға ауысты. Елбасы қызметтік өсу конкурстық негізде өтуі тиіс екенін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Переход на конкурсный отбор для карьерного продвежения укрепления принципов меритократия и за счет выдвижения из корпуса Б только по конкурсу из числа гос служащих занимающие нижесточщие должности это очень важный пункт. Жасалды ма осы?

Президенттің айтуынша, әзірге мемлекеттік қызметтің біліктілігін арттыруға келгенде көздеген мақсатқа жеткен жоқпыз. Алда атқарар жұмыс шаш-етектен. 

Тағы бір мәселе – қаржы мен мүлікті заңдастыру. Ал бұл тұрғыда айтарлықтай нәтиже бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Акция по легализации имущество, уже как докладывают леглизованное имущество 3,3  трлн тенге. Кто нибудь проводил анализ? Как это действует? Или мы еще незнаем?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

-Құны 3 трлн теңгенің мүлкі заңдастырылып, нарық айналымына енген. Енді тұрғындар бұл мүліктерін банкте сақтап, депозитке қойып не болмаса жалға бере алады. Ақшалай заңдастырылған қаржы көлемі 2,6 трлн теңге.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы предпологали эти деньги вернуться, они будут вкладывать в нашу экономику, имеет собственность, в приватизации участвовать. И экономике помогать будут.

«Ұлт жоспарының» бір парасы әлеуметтік саланы жаңғыртумен байланысты. Денсаулық сақтау, білім беру. Бұл орайда жастар саясатын жетілдіріп, білім мен ғылым саласын реформалайтын «Нұрлы болашақ» жалпыұлттық жобасын атап өткен жөн. Қазіргі таңда тұжырымдама әзірленіп, жүзеге асуға дайын. 

Бағлан Майлыбаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

-Жастар тәжірибесі «Жол картасы-2020» бағдарламасының құрамында іске асуда. Бұл жоғары оқу орындарының түлектеріне қосымша жұмыс табуға мүмкіндік береді. Енді ауылдарда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының түлектері ғана емес, еңбек өтілі бар жас мамандар да жұмыс таба алады. Бұдан бөлек, «Серпін» жобасы бойынша жұмыс күші мол аймақтардан шыққан 2 817 жас техникалық мекемелерде білім алып жатыр.

«Ұлт жоспарының» барлық бағыттары бойынша жұмыс қарқын алды. «Нарықтық қиындықтарға қарамастан, бұл бағыттан еш жаңылмау қажет», – деді Президент. 

Әр қадамның іске асуына атқарушы органдардың жетекшілері жеке жауап береді. Себебі ауқымды бағдарламалар ел экономикасына серпін әкеліп, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында тағы да бір үлкен шаруаның басы-қасында жүрміз. Осы тапсырылған шаруаны дұрыстап орындайтын болсақ, халыққа жақсылық әкелеміз. Халыққа көрсететін қызмет, жасайтын еңбек, олардың жағдайы, қауіпсіздігі, жұмысы, экономика барлық жағынан жақсылық әкеледі дейміз. Сондықтан бәріміз бірігіп, осы шаруаны аяғына дейін жеткізетін болайық. Оны біз биыл да жұмыс істейміз, ендігі жылы да бұл жөнінде әңгіме болады. Сонымен қатар істейтін жұмыстардың әр салада көп екенін қазір де көрдік. Соған көңіл бөліп, сол жұмыстары әрі қарай жасайтын болайық.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым Президент Телерадио кешенінің көмегімен

3. Қазір кез келген адам сотқа электронды жүйе арқылы арыз бере алады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік саясат сахнасында бір-біріне көз алартқан елдердің арасындағы білікті бітімгер. Әр мемлекеттің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін және барлық мүдделі тараптарды жақындастыруға септігін тигізетін дипломатиялық әдістерді пайдалана отырып, кез келген қақтығысты қарусыз шешіп, бейбіт жолмен реттеуге болатынын үнемі қадап айтады. 

Қазақстан судьяларының 7-ші съезіне қатысқан Елбасы сол бітімгерлік қарым-қабілетінен жас судьяларды хабардар етті. Дауды даурықтырмай шешудің жолын көрсетті. Алқалы жиыннан Сәкен Сейітханұлы сөйлейді.

Сот саласы үнемі дамып келеді. Әсіресе халықтың сотқа жүгінуі қайбір жылдарға қарағанда едәуір жеңілдеді. 

Нақтырақ айтсақ, қазір кез келген адам сотқа электронды жүйе арқылы арызын бере алады. Оны Қазақстан судьяларының 7-ші съезі басталмай тұрып Елбасыға мамандар таныстырды. 

Айтуларынша, биыл соттарға электронды түрде 23 пайыз азаматтық іс түсті. Президент жас судьяларға әділ әрі мінсіз болуы керек екенін ескертті. 

«Жұмыстарың қанша ауыр болса да, адалдықтан айнымаңдар», – деді. Өйткені бұл мамандарды Елбасы тағайындады. Сол себепті бүгінгінің билері сенімге селкеу түсірмей, тура болуы шарт.    

Үшінші билік саналатын сот жүйесі – тәуелсіз. Ал бұл тәуелсіздікті тұрақты дамыту жолында мемлекет соттардан еш дүние аяған емес. Кіріптар болмай, адал болсын деп, еңбекақыларын өсіріп, зейнетақыларын көтерді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мемлекет судьяларды лайықты әлеуметтік-құқықтық қамтамасыз ету жағынан да барлық жағдайды жасап отыр. Олар айрықша мәртебеге ие, жоғары еңбекақы төленетін қызметшілер санына енеді. Менің тапсыруым бойынша отставкаға шыққан судьяларды материалдық қамтамасыз етудің барлық мәселелері шешілген. 2014 жылдан бастап соттарды қаржыландыру 3 миллиард теңгеге өсті. Ағымдағы жылы шамамен 30 миллиард теңгені құрады.

Мемлекет қолдауының арқасында соңғы жылдары соттар құқық қорғаушы институт ретінде бірнеше жаңашылдықты енгізді. Соның бірі – төрелік айту кезіндегі ашықтық. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлеріндегі сот отырысының залдары толық аудио және бейнежазба қондырғыларымен жабдықталды. Нәтижесінде халықтың судьяларға деген шағымы 2 есеге азайды. 

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

-Қазақстандық сот жүйесі халықаралық стандарттарға сай дамып келеді. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің соттардың тәуелсіздігі индикаторы бойынша Қазақстан 62-ші орынға табан тіреп, екі съезд арасында 20 сатыға көтерілді.

1992 жылдан бері жұртшылықтың сотқа жүгінуі көбейген. Сол жылдары соттар 270 мыңға жуық істі қараса, өткен жылы ол көрсеткіш 1,1 миллионға жетті.  Мамандардың айтуынша, судьяларға деген сенімнің артып келе жатқаны осыдан анық аңғарылған. Алайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Сот жүйесі барша халықтың үдесінен шықты деп айтуға әлі ерте», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазақстан халқының сотқа деген қарым-қатынасы қандай ? Көңілі қандай? Көңілі көншіді ма? Барлық мәселелермен сотқа барады ма? Жоқ әлі күнге дейін Президентке хат жазады ма? Мәселе сонда. Біз реформа жасаймыз, өйттік, бүйттік, электрондық жүйе дейміз. Ең бірінші мәселе, халық сотқа сену керек.

«Ұлт жоспарында» көрсетілген тапсырмалардың дені халық пен соттың байланысының берік болуын көздейді. Сол себепті «100 нақты қадамның» 19-тармағы осы сот жүйесіне қатысты. Оны орындауға мамандар бар күшін салып жатыр.

Осы уақытқа дейін сот төрелігіне қолжетімділік, сот процесін бейнеге жазу, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, бұл барлық тапсырма орындалды деуге келмейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Из поставленных судами и правоохранительными органами задач из 100 шагов здесь вносится сюда 19 шагов плана нации, выполненно на сегодня лишь 13 шагов. Остальные до конца не исполнены. Нам предлагают отнести, перенести, немножко не то, не то, ничего не принимается. Надо делать все до конца. Мы с вами советовались, когда создавали эти программы и планы. Все надо довести до конца. Я предупреждал, никакого половинчества решения поставленных задач не может быть, это направленно на будущее нашей страны.

Елдігіміз бекем болу үшін соттар Елбасының тапсырмасын тиянақты орындау керек. Өйткені мінсіз сот өзге елдің бізге деген сенімін бұрынғыдан арттыра түседі. Әділдік бар деп, әр ісін Қазақстанда бастауға ынтық болады. Ол, әрине, экономикаға оң әсерін тигізеді. 

Өкініштісі сол, біздегі сот жүйесі әлі күнге дейін соттардың қателігі заң бұзу фактілерінен арылған жоқ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Только в этом году в дисциплинарном порядке наказаны 32 судьи, еще двое освобождены от должностей по отрицательным мотивам. Может быть это и меньше, чем было, но это не успокаивает. Так только в администрацию президента в прошлом году поступило около 10 тысяч жалоб граждан и организации. А по вопросам законности правопорядка, а за 10 месяцев этого года таких жалоб уже 7 тысяч. Поэтому принципиально важно не допускать судебных ошибок и правосудных решений. А с другой, исключить вмешательство двух должностных лиц в отправлении правосудия. Следует присекать факты манипулирования общественным мнением. В целях давления на суд, в интересах отдельных лоббистких групп. Если такие попытки будут, они есть, я их знаю, их надо обнародовать, противопоставлять такой практике. Кто по своим каким-то волям, возможностям, связям, деньгами вмешивается в суд, его надо просто показывать всему Казахстану, потом этот человек хочет повлиять на праведный суд. Иначе мы их не отвалим.

«Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан. Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан», – деп Бұқар жырау айтып кеткен. Бұл сөздің айтылғанына ғасырлар өтсе де, өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан Елбасы жиналған судьяларға ата жолын қуған, әділ би болуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бәріміз білеміз ғой, біздің елде бидің қызметі, бидің жұмысы екі жақтың, екі жақты келіспеген адамды келістіруге, бір-бірінің жағдайын шешіп, табыстырып жіберуіне беделінің қандай керемет болғанын. Сол кездері істеген істері болған. Оны білеміз барлығымыз, оқып жүрміз. Егер де еске түсіретін болсақ, Төле бидің, Қаз дауысты Қазбек бидің, Әйтекенің, ар жағында Бұхар жыраудың айтқандарын оқып отырсаңыздаршы. Қандай сөзбенен, тілменен екі жақты жақындастырып отырған. Сөзге тоқтаған қазақ бір сөзден келісімге келіп, малын төлеп, айыппұлын төлеп кете береді. Егер негізіне келетін болсақ, содан бері онша ештеңе өзгерген жоқ. Әділдік. «Әділ биде ағайын жоқ» деген бар.

Съезд барысында судьяларға шынайы болудан бөлек, тағы бір міндет жүктелді. Елбасы жиналғандарға жұртшылықпен жиі кездесіп тұруға үндеді. Олар тек жүздесіп қоймай, халыққа заңды құқықтарын түсіндіріп тұрулары қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Очень важным является, вопрос правового просвящения, благодаря юридической грамотности граждан можно в разы сократить количество судебных споров. Усилий соответсующих служб минюста в этом случае явно недостаточно. Выделяемость госбюджета на повышение правовой культуры средства следует использовать эффективнее. Нужны дополнительные усилия всех юридических служб государства в области правового просвящения граждан. Это, наверно, одна из главных работ судебных органов на местах. Почаще встречаться с народом, населением. Разъяснять им их права и законы, которые у нас есть.

Заңдардың бүге-шігесін кәсіпкерлер де ұғынуы керек. Өйткені ел экономикасы шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбегі арқасында жедел дамиды. 

Бұны да Елбасы келгендердің қаперіне салып, бизнес өкілдеріне: «Себеп-салдарсыз шүйліге бермеңдер», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ол қандай бизнес болсын бәрібір. 5 адамға жұмыс беріп отыр ма, 10 адамға жұмыс беріп отыр ма, 20 адамға жұмыс беріп отыр ма бәрібір. Көшенің бұрышында ресторан ашып, 10 столды қойып, 10 адамға жұмыс беріп, ақша тауып, елге салық төлеп отыр ма жоқ па? Олардың барлығы бізге қажет. Өркендеген, өскен елдердің экономикасының 70-80 пайызын құрайтын солар. Біз оларды төмпештей берсек, экономика ешуақытта өспейді деген сөз. Оларды қорғау керек, заңды түрде, әрине.

Жиын барысында Елбасы білікті мамандарды дайындау жұмысын да ширату керектігін айтты. Осы жылы Жоғарғы сот жанынан сот төрелігі академиясы бой түзеді. Мекеме ұжымы енді мамандардың тәжірибелі судья болып шығуына күш салады.

Сәкен Сейітханұлы, тілші

-Еліміздегі 3 мыңнан аса судья Елбасының қойған тапсырмаларын орындауы қажет. Олардың еңбектері тек қағаздағы сандармен емес, атқарған ісінен көрініс табуы тиіс. Сонда ғана алға ілгерілеу болады. Ілгерілеу демекші, съезд соңында судьялардың жұмысын одан әрі жандандыру үшін Әдеп Кодексі қабылданды. 44-баптан тұратын құжат енді олардың тәртібі мен талабын бағдарға алады.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Жұмағали Біргебаев, Хасен Омарқұлов 

4. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы декларациясы қабылданды

«Тәуелсіздіктің тайғақ кешулі жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белімізді талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсіздікке қиын істе тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетеді». Елбасының өзекжарды ойы бұл.

Шындығы солай, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қандай зор жетістікпен жетсек, сол әрбір жетістіктің артында сондай тайғақ кешу жатыр. Ал оны болашақ ұрпақ ұмытпауы тиіс. 

Осыны мақсат еткен Парламенттің қос палатасы ел үшін ерек, саяси мазмұны бөлек құжат қабылдады. Ол Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы декларациясы. Мұнда Қазақ елінің ширек ғасырда жүріп өткен жолы, алған асулары айқындалған. Эльвира Тағайқызы әңгімелейді.

Бұл күн Сенат пен Мәжілісті ғана біріктірген жоқ. Бұл күні барша қазақстандық тұтасып, ортақ тарихтың куәсі болды. 

Парламент бастауымен 25 жылда жүріп-өткен жолымыз сараланды. Өткенге есеп беріп, алға мақсат қою үшін депутаттар Тәуелсіздік декларациясын жариялады.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Тәуелсіздігін халқымыздың аса зор құндылығы ретінде бағалай отырып, Тәуелсіз Қазақстанды құру және қалыптастыруда ерен еңбек сіңірген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытын, берік ұстанымын таныта отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсатына жетуді болашақ ұрпақ алдындағы өзінің тарихи парызы және жауапкершілігі деп сезіне отырып, «Мәңгілік ел» қастерлі мекенінде жарқын келешегімізді жасауға ұмтыла отырып, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декаларциясын» қабылдайды. Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында – Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамын. Біздің тұтас мақсатымыз – Елбасы төңірегінде топтасып, ең қымбат қазынасы Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа ұрпақтарымызға аманаттап, «Мәңгілік ел» құндылықтарын қастерлеу. Тәуелсіздік біздің ең басты ұйыстырушы құндылығымыз болған. Қазір де солай және болашақта да бола бермек.

Шынында да талайды тамсандырған еліміз тағдырдың көп тауқыметін тартты. Қиындықтар қайта түлетіп, қамшылай түсті. 

Азаттық алғалы бір ғана мемлекеттік қазынамыз 1100 есеге, жалпы ішкі өніміміз 1500 есеге толықты. Ұлттың осы ұлы бақытын ұзаққа созуда Елбасының еңбегін ешкім жасыра алмады.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты   

-Ел мүддесін басты мұрат еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасында жарқырай келген жас мемлекет алға қадам басты. Нарықтық жүйеге бет бұрып, жекешелендіру жүргізілді. Инвестициялар тартылып, шетелдермен өзара сауда қатынастары жақсы жолға қойылды. Төл теңгеміз қолданысқа енгізіліп, дербес қаржы жүйесі құрылды. Жұмыс істеуге жан жақты қолайлы жағдай жасалды. Жеке кәсіпкерлік қарқынды дамыды. Бұл тәуелсіз ел үшін бұрын-соңды болмаған өз нәтижесін берді. Осының барлығы қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп, экономикамызды дамытып, мемлекетімізді биік белестерге жеткізген Елбасының терең ойлайтын, болашақты дәлдікпен болжайтын көрегендігі. Бүгінде әлемнің қай түкпіріне барсақ та, «Мен – қазақстандықпын» деген сөзді  мақтана да, шаттана да айтар дәрежеге жеттік. Осы орасан зор табыстарымызды декларация жобасында ұсынылғандай, Астана қаласында «Тәуелсіз Қазақстан» монументін орнату, мемлекетіміздің Конституциясында Тұңғыш Президентіміздің бірегей үлесін көрсету, Елбасы есімін елордамыз бен басқа да маңызды нысандардың атауымен айшықтау  уақыт мойындатқан табиғи заңдылық.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Ширек ғасыр ішінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің батыл әрі терең ойланып, қабылдаған реформалары көптеген салаларды оңтайландырып, жаңа ел, жаңа қоғам құруға сеп болды. Декларацияда айтылғандай, мемлекетіміздің Конституциясында Тұңғыш Президентіміздің бірегей үлесі мен атқарған рөлін көрсету негізді және заңдылық. Іс жүзінде Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи Қазақстан мемлекетінің негізін қалаған, ұлттық нарық экономикасының тұғырын қалыптастырған басты идеолог. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, шетелдік инвесторларды тарту, орта және шағын бизнесті тексеруге мораторий жариялау тектес шешімдерінің маңызы зор. Соның арқасында соңғы 10 жылдың ішінде шағын және орта бизнесте еңбек етіп жүрген тұлғалар саны екі есе артты. Бүгін Қазақстанда ШОБ саласында 3 млн адам жемісті еңбек етуде. Процестерді талдау және басқару тетіктерін игеру жағынан Нұрсұлтан Әбішұлы қазіргі кездегі жетекші экономистердің қатарына кіреді. Осыған біз айқын көз жеткіздік. Оған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің нақты жетістіктері, жоғарғы санаттағы мемлекеттік және экономикалық менеджерлік қабілеттері дәлел.

Қазақстан – жан жағымен шекарасын айқындап алған бірден-бір ел. Ол да Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты күн ілгері ойлағандығын білдіреді. Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев ел қорғанын шегендеу көптің әлі де қол жеткізе алмай келетін арманы екенін айтты.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Қазақстанның алдағы 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы шын мәнінде тарихи оқиға. Бұл еліміздің әлемдік қауымдастығы орнын нығайтып, Елбасының зор халықаралық беделін паш етті. Тәуелсіздіктің басты кепілі – өз жерін кез келген қол сұғушылықтан  қорғауға қабілетті болу. Сол себепті азаттықтың ақ таңынан бастап мемлекет шешкен аса маңызды шешімдерінің бірі – қауіпсіздік. Егеменді және тәуелсіз Қазақстанның табысты даму жолында келешек ұрпақтар үшін аманат болатын бүгінгі декларацияда Елбасының дана басшылығы мен Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қол жеткізген толағай табыстарымыз бен баянды жетістіктеріміз толығымен қамтылып отыр. Расында Елбасымыздың жетекшілігімен біздің еліміз 25 жыл ішінде бүкіл әлем мойындалған жетістіктерге жетті. Бұл – ең алдымен Президентіміздің арқасы. Сондықтан Елбасымыздың табанды жұмысына лайықты баға беру – біздің тарихи жетістігіміз.

Жоқ пен бардың қадірін депутат Владислав Косарев жақсы біледі. Тақырдан тамыр шығарған мемлекеттің қуатынан әлі де күш алатынын айтады. Іргесі мықты, тәуелсіз және табысты ел құрудағы Елбасының жасампаздық еңбегін кез келген азамат жоғары бағалайды.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегі мемлекетіміздің Ата заңында аталуы тиіс. Ол туралы бүгін талқыланып жатқан декларацияда жақсы айтылған. Елбасы ерен еңбегімен және бастамаларымен  ел азаматтарын болашаққа жетеледі. Оның асқақ ойы бүкіл халықтың ой-мақсатына айналды. Қазақстанның мақтанышы Астана –Президентіміздің орындалған асыл арманы. Астана – Елбасының перзенті. Сондықтан Елбасының есімі Астананың атауында көрініс табуы тиіс. Мемлекетіміздің жасаған алғашқы қадамдары мәңгілікке тарихта қалу керек. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы Қазақстан жетістіктерінің замандастарға және болашақ ұрпаққа арнауы келешек ұрпақ еліміздің табыс жолы қалай басталып, қайдан бастау алғанын және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы баға жетпес еңбегін білуге тиіс.

Тоқтап тұрған кәсіпорындар. Тозығы жетіп, тұралаған мекемелер. Жалақы берілмей, зейнетақының жетпеуі. Бұл 90 жылдардың айқын көрінісі. Ал қазір ше? 

Еліміздегі әрбір 5-ші мектеп егемендік алғалы салынды. Осыған дейін 1400 жаңа білім ошағы жаңа жабдықтармен жарақталып, игілікке жарап тұр. 1300 медицина мекемесі денсаулық пен өмір сыйлап отыр.

Ирина Аронова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Сол бір кездері әрқайсымыз өзге тұрсын өзіміз туралы да ойлаудан қалдық. Өмір бір күн ішінде өзгеріп, болашақ бұлыңғыр болып кетті. Біз тек материалдық әл-ауқат емес, рухани құндылық  бағдарымыздан да айрылып қалдық. Үміт артарлықтай ештеңе қалмаған болатын. Бірақ жолымыз болып, арамыздан бәрінен көреген, жылдарды алға сала отырып, ойлайтын бір адам шықты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынымен де кең байтақ еліміз үшін, әрбір отбасы мен әрбір қазақстандық үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктеп, тарихтың барысын өзгертті. Және бүкіл осы уақыт бойы тап Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекетімізді басқара отырып, қазақстандықтардың ерен еңбегін оттай ыстық Отанымыздың гүлденуіне бағыттап отырғандығы бұл бәріміздің басымызға қонған бақ деуге болады. Біздің көшбасшымыз халық бетпе-бет келіп жатқан өзгерістерді елмен бірге бастан кешіріп, әрдайым халықпен бірге келеді. Әрине, алдымызда Тәуелсіздіктің 50, 75 және 100 жылдығын да атап өтетін боламыз. Бірақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығының қазақстандықтар үшін тарихи маңызы зор. Себебі Қазақстан осы аз уақыт ішінде өткен жолды өзге елдер ғасырлар бойы еңсереді. Барлық осы жетістіктер үшін қазақстандықтар Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ұлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа риза. Және де халықтың қалауын білдіретін еліміздің Бас заңы Конституцияда Нұрсұлтан Әбішұлының қосқан зор үлесі атап көрсетілсе, әділ болар еді.

Сол кездері буыны қатпаған, келешегі айқын емес елдің ертеңіне сенім артқан Елбасының бүгін үміті ақталды. Оны өзі айтпаса да тарих бірін де қалдырмай қойнауына енгізді. «Ал ердің ерлігі – Астана атауын Елбасының есімімен атау оған деген алғыстың, құрметтің көрсеткіші», – дейді депутаттар. 

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  

-Сол жылдары қамқорынан айрылған қамкөңіл жетім баланың күйін кешкен қазақылықтың қайнар бесігі ауылдың бүгінде қойнауы малға толды, жері дәнге толды, даңғыл жол салынып, көгілдір отын тартылды, сарқыраған су келді. Тәуелсіздіктің бақытты ұрпағы мен ауылдың қасиетін таныған орта буын өз аулының отын түтетіп, бір ауылды Елбасының, Тәуелсіздіктің арқасында қамқорлығына алар жағдайға жетті. Қазақ елі бұрын-соңды бастан кешпеген мамыражай тірліктің, көңілге тыныштық, тоқшылық ұялатар табысты күндердің куәсіне айналды. Бұл өрлеу кезеңін ешкім де, ештеңе де жоққа шығара алмайды! Оған әлем куә, ел куә! Тәуелсіз қазақ жұртының Тұңғыш көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Арқа төсіне тіккен Туы – бүгінде әр қазақтың баға жетпес мақтанышы. Қазірде тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында бой көтерген Астана – Елбасымыздың ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың бірі. «Астана – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі», – дейді халқымыз. Шынында, Астана – Елбасының ерлігі. Астана – Елбасының өрлігі. Ұлтты ұлы мұратқа ұйыстырған Елбасының еңбегін бағалай білу – әрбіріміздің   міндетіміз. Бүгіні мен ертеңімізге Елбасының тарихи болмысы кеңінен насихатталуы керек. Бұл бағыттағы іс-шаралардың бірі ретінде еліміздің маңызды, ауқымды нысандары Елбасы есімімен аталса, бұл халықтың біртуар перзентіне деген шексіз сый-құрметінің көрінісі болмақ. Елордада тұрғызылуға ұсыныс болған «Тәуелсіздік монументі» қазақтай қайсар елдің Тәуелсіздікке дейінгі бұралаңға толы өткен жолы мен Тәуелсіздіктен кейінгі нұрлы келешегінің, яғни ұлы жолының дәлелі ретінде алыстан мұнартып, көз тартып тұрмақ. Сонымен бірге Ата Заңымызда  мемлекетімізді құрудағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей үлесін атап өту жөніндегі ұсыныс та халқымыздың рухани әлеуетінің көрсеткіші деп санаймын.

Қабылданған құнды құжат еліміздің етек-жеңін жинап, төрт құбыласының түгендеп алғанын білдіреді. Жоқтан бар жасап, барымызды жаһан білетіндей дәрежемізді байқатады. Әрине азаттық алған күнді ел барда мәңгі атап өтеміз. Бірақ біздің кім екенімізді анық көрсеткен осы 25 жылды тариx та ұрпақ та ұмытпасы анық. 

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Санжар Жартиев

5. Декларация туралы пікірлер айтылды

«Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу және Астанаға Елбасының есімін беру бастамаларын жетекші саяси партия өкілдері мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары да қолдайды. 

Бұл туралы олар «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында мәлімдеді. 

Жиында сөз алғандардың бәрі бірауыздан Тәуелсіздікті нығайтуға қосқан Тұңғыш Президенттің орасан еңбегін атап өтті. 

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан бүкіл әлемге танылып, алпауыт елдермен тең дәрежеде сұхбат жүргізе алатын мемлекетке айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл қадамдары Қазақ елінің өркендеуіне, гүлденуіне жол ашты.  

Дөңгелек үстел басына жиналғандар айқын мысал да келтірді. Мәселен, ел астанасын Ақмола жеріне көшірудің нәтижесінде әлем халқы тамсанатын әсем шаһар бой көтерді. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Еліміздің барлық азаматтарын «Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу, Ата заңымызда Елбасымыздың ерен еңбегін атап көрсету мен оның есімін елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырамын.

Бұл ұсынысқа қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше өз пікірін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қай нәрсе болса соған «нұр», «нұрлы» деген сөзді қосады, и это единственная функция моей персоны. Я уже много раз на эту тему говорил. Анаған да, мынаған да алып келеді. Это наверное уже считается что я даю везде писали нұрлы, нұрлы. И вот вчера парламент предположили что возможно даже столицу переименовать моим именем. Я таких предположении никому не высказывал и не говорил. К 25 летию. Все выступают, все говорим, пишут статьи в телевидении, в интернете, говорим о наших успехов. Гордимся, есть чем гордится. Мы сделали много. Я как один человек ничего не сделал бы если вы не были рядом. Повезло что, все 25 лет на соратников, которых я подбирал. Они делали свое дело. Я считаю что есть команда, вы, которые выполняете. По этому успех. Один человек ничего не может сделать. Я еще раз хочу сказать, спасибо всем, парламенту нашему, депутатам за вчерашнею декларацию, в которой отметили все этапы нашего развития, отметили мою роль. Конечно как человеку мне приятно. Парламент это самостоятельная чать власти имеет право принимать решение, говорить свои мнение. Любой вопрос. Тем более переименование городов, населенных пунктов и так далее.  Будем решать очень взвешано тому что необходимо для государство и страны. Это внешняя часть вопроса, надо занятся конкретными результатами внутренними части вопроса.

Ал «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында Президент «Астана атауы бренд болғандықтан оны өзгертуге еш себеп жоқ» екенін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Конечно, я здесь живу, слышу всё. Сейчас пишут, говорят в интернете, мне уже приходилось отмечать накануне 25-летия нашей Независимости - это славный, замечательный праздник всех казахстанцев, осуществление мечты всех наших предков. Поэтому как не радоваться, радуются мои сверстники, на плечи которых выпала честь построить такое государство. Гордится молодежь, куда ни приезжают, все знают Астану – это бренд, поэтому нет необходимости изменять название. В Астане прошел первый в XXI-м веке саммит ОБСЕ, принимали Азиатские зимние игры, будет всемирная выставка «ЭКСПО-2017», съезды мировых и традиционных религий. Всё это связано с Казахстаном, но везде звучит имя Астана. Какая необходимость менять это?

«Россия-24» телеарнасына берген сұхбат барысында Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызына тоқталды. 

Сондай-ақ құрылғанына екі жарым жылға жуықтаған Еуразиялық экономикалық Одақ елдері ынтымақтастығының келешегі және басқа да мемлекетаралық экономикалық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ықтимал болашағы туралы айтылды. 

Және Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдермен терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың өзектілігін де қамтыды.

6. Қазақстандық ұлтаралық татулық моделі өзгелерге үлгі

Ол енді жасырын емес. Бір ғана мысал, соңғы 70 жылда дүниежүзінде 150 ірі қарулы қақтығыс тіркелген. Оның 127-сі ұлтаралық шиеленіс. 

Сондай-ақ жер бетінде 1 млрд-қа жуық адам аштықтық зардабын тартуда. Ал жыл сайын қамбасына миллиондаған пұт астық құйылатын қазақ мұқтаж елден көмегін аямауда. Қазір Қазақстан «21 ғасырдың бейбітшіл, бітімгер мемлекеті» деген атауға ие болып отыр. Бұл – Тәуелсіздіктің баға жетпес тартуы.

Урбан Руснак, Энергетика хартиясының Бас хатшысы

-Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Ширек ғасырда қол жеткізген табыстар аз емес. Әсіресе энергетикалық салада атқарылған іс көп. Энергетика хартиясы Қазақстанның қазба байлықтарын игеру мен оларды пайдалану бойынша өз ұстанымдарын жаһандық тұрғыда нығайтты. Табиғи ресурс қазақ экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, жаңартылған энергия көздерін игеруге сеп болуда.

Алексей Пилько, Еуразиялық коммуникация орталығының директоры

-1994 жылы Мәскеу университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың дәрісін тыңдап, Еуразиялық экономикалық Одақ құру жөнінде бастама көтергеніне куә болдым. Екі онжылдықтан кейін еуразиялық интеграциялық жобалардың іске асқанын көрдік. Қазір Еуразиялық экономикалық Одақ ойдағыдай дамып келеді. 

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы

-Қазақстанның бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен тұрақты бастамалары туралы бүкіл әлем біледі. 25 жылдағы ең басты жетістіктердің бірі ядролық қарудан бас тартуы дер едім. Осы тұрғыдан Қазақстанның ұстанымдарына құрметпен қарайтын елдердің бірі – Германия. Азатыққа енді қол жеткізген тұста Нұрсұлтан Назарбаев көлемі жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналды жапты. Қазақ жұртын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Егемендіктеріңіз мәңгі болсын!

Қазақстанда «кәсіп ашып, нәсіп табамын» дегенді демейді. Инвесторлар үшін де игілік мол. Оған голландықтар куә. 

Қызғалдақтар елінің бизнесмендері ширек ғасырда біздің экономикаға 60 млрд доллар құйған. Өзара тауар айналым 5 млрд доллардан кем емес. 800-ден аса бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Осы аптада Гаага қаласында Қазақ-Голланд бизнес форумы өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түрлі сала бойынша бас-аяғы 50 компанияның өкілдері бір үстел басына жиналды. Алдымен инвесторлар ұсынысы тыңдалды. Тыңдаудан түйгеніміз, голландтық компаниялар әсіресе Қашағанның мүмкіндігіне сенеді.

Шон Руни, Royal Dutch Shell компаниясының вице-президенті

-Голландиялықтар Қазақстандағы инвестициялық климатты жоғары бағалайды. 25 жылда түрлі салада әріптестік орнаттық. Біздің компания Қашаған мен Қарашығанақтағы жобаларды одан әрі дамытуды көздейді. 2016 жылды сәтті жыл деуге болады. Қашағанда алғашқы мұнай өндірілді. Қашаған – мегажоба. Кен орнын барлауға 13 жылда көптен қалыспай қыруар қаражат құйдық. Ол жерде мұнайдан өзге орасан газ қоры да бар. Сенім ақталады деген ойдамын.

Лондонда Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы өтті. Екі тарап құны 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 8 құжатқа қол қойды.

Келісімшартта мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық қамтылған. 

Сондай-ақ «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы аясында инвестициялық мүмкіндіктер сараланып, «ЕХРО-2017» көрмесінің әлеуеті таныстырылды.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі

-Жаңадан үлкен жобамыз бар. Ванадийді өндіруді шығаратын өндірістің құрылысына 125 млн АҚШ доллары инвестиция әкелетін, болашақта 700 жұмыс орнын ашатын Шиелі ауданындағы «Бала сауысқандық» кен орнындағы өндірісті ашу туралы айттық. Оның дайындық жұмыстары, бәрі өткізілді. Соңғы төрт жылдың ішінде өнімнің жобасы метаванадат Америкада, Тайваньда, Ресейде, барлық мемлекеттерде сұраныстың барлығын сараптап болғаннан кейін стратегиялық инвестормен бірге және Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе осы келісімге қол қойдық.

Ник Кларк, Central Asian Metals компаниясы басқармасының төрағасы

-Бүгін біз Ақмола облысындағы Степногорск қаласында мыс пен алтын өндірісін жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойдық. Бүгінде біз Балқаш маңындағы «Қоңырат» кен орнында мыс өндірісінің жобасымен айналысып жатырмыз. Біз Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері белсенді түрде жұмыс істеп келеміз және бүгінгі келісім сіздердің елге деген қызығушылығымыздың жоғалмағандығын білдіреді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жұлдызды 25 күн» акциясы бастау алды. Енді 16 желтоқсанға дейін еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шара ұйымдастырылып, көпшілік мерекелік көңіл-күйде күн кешпек. Тақырыпқа тілшіміз шолу жасайды.

Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі. «Қоғамдық келісім» мекемесі республика бойынша осындай жиындар ұйымдастырды. Соның бірі Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» өтті. 

Шараға мемлекеттік қызметкерлер мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Сөз алғандар отансүйгіштік сезімнің Ата заңнан бастау аларына тоқталып, пікірлерін білдірді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада 16-ға толған жасөспірімдерге жеке куәліктер табысталды. Алматы ауданының 100-ден астам тұрғыны құжаттарын салтанатты жағдайда алды. 

Петропавл қаласында I LOVE KZ республикалық флешмобы ұйымдастырылды. Белсенді жастар қолдарына еліміздің көк Туын алып, ұялы телефондарына суретке түсті. Кейін оларды әлеуметтік желілерге жариялады. 

Осылайша жастар шаһардың әсем жерлерін жұртшылыққа ғаламтор арқылы паш етіп, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін көрсетті.

Шымкенттегі мектептер мен орта арнаулы оқу орындары рәміздерді ұлықтады. Алғашқы сабақта оқытушылар студенттерге Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндірді. 

Тәуелсіздіктің нышандарын жан тәнімен құрметтеуге шақырды. Өйткені Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Оның жолында талай адам еңбек етіп, тер төккені айтылды.

Өңірдегі осы тақілеттес жиындарға ұзынсаны 117 мың студент қатысты.

Шымкентте колледж студенттері арасында алғаш рет республикалық «Жас ұлан» әскери патриоттық ойындары өтті. Жастарды отансүйгіштікке баулитын шараға еліміздің бірнеше өңірінен 6 команда қатысты. 

Техникалық және кәсіптік білім беретін орта арнаулы оқу орындарынан жиналған қатысушылар сайыстың 5 түрінен сынға түсті.

Алматыда «Тіл парасаты» деп аталатын 10-шы республикалық байқау өтті. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері қатысты. 

Барлығы мемлекеттік тілді ерекше құрметтейді. Сайыста қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқып, тіл мәртебесін арттырудағы жетістіктерін таныстырды. 

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде «Тәуелсіздік Туы астында» деген атаумен тарихи-құжаттамалық көрме ашылды. 

Онда еліміздің сыртқы саясатының қалыптасуы кезеңдерінен хабар беретін құжаттар қойылған. 

5 бөлімнен тұратын көрмеде Елбасының маңызды кездесулерінен естелік суреттер мен саяси аренада өзіндік орны бар тұлғалардың Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хаттарының көшірмесін көруге болады. Тіпті Елбасының Семей полигонында соңғы зарядты жою жөніндегі Үндеуі де қойылған. 

Айта кетейік, маңызды құжаттар Президент мұрағатынан алынған.

Қызылордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай эссе байқауы өтті. Шығармашылық бәйгеге 7 мен 11-сынып аралығындағы 50 оқушы қатысты. 

Сырбойының еркін ойлы ұландары еліміз еңсе тіктеген ширек ғасыр бедерін шығармаға арқау етті. 

Тағылымды шараны ұйымдастырған – облыстық ассамблея. Оқушылардың жұмысын арнайы қоғамдық комиссия електен өткізді. Ойы жүйелі, сөздік қоры бай, жазу мәнері ерекше балалар сый-сияпатқа кенелді. 

«Жаһандық бастамалар». Осындай атаумен елордадағы Елбасы кітапханасында галерея ашылды. 

Экспозицияға Мемлекет басшысының жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қатысты идеяларын ашып көрсететін құжаттар, фотолар, фильмдер мен Президенттің жеке жазбалары қойылған. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрмені дүйім жұрт желтоқсанның 23-іне дейін тамашалай алады. Айтулы датаға орай, Тұңғыш Президент кітапханасында осындай 8 шара өткізу жоспарланып отыр. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорғанда ерекше флешмоб өтті. Онда қолшатыр ұстаған 1 мың қыз-жігіт КZ, 25 және жүрек бейнелерін көрсетті. 

Шараға мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Жастардың шеберлікпен орындаған бұл көріністер олардың Қазақстан мемлекеті мен алда келе жатқан айтулы мерекеге деген жүрекжарды қуаныштарын білдіреді. 

7. Талғар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізімінде қала бермек

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов пен ұйымның бас директоры Ирина Боковамен Париждегі кездесуінде айтылды.

Басқосуда шаһар маңындағы автожол құрылысы сөз болды. Вице-премьер бірер апта бұрын жол салуды тоқтату туралы шешім қабылданғанын айтты. 

Естеріңізде болса, Ұлы Жібек жолы бойындағы 33 қаланың бірі Талхиз ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне 2014 жылы енгізілген. 

Кездесуде Батыс Тянь-Шань ескерткішінің де дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгені жайлы құжат табысталды. Бұған қоса қазақстандық 8 нысан жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Ирина Бокова, ЮНЕСКО Бас директоры

-Қазақстан Дүниежүзілік мәдени мұра комитетінің мүшесі ретінде белсенді жұмыс жасап, өз ескерткіштерін де мәдени мұралар тізіміне енгізуге атсалысуда. Қазақстан қарқынды дамумен қатар, ұлтаралық, дінаралық диалогты орнатуда зор үлес қосып отыр. ЮНЕСКО аясында мәдени диалог орталығын құруды көздеп отырмыз. Бұл да Қазақстанның бастамасымен жүзеге аспақ.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Таңбалы қорық-мұражайы, Қорғалжын, Наурызым. Тізе берсең, көп бізде. Ендеше, Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген ерекше орындардан бейнебаян ұсынсақ. 

Табиғаттың тартуына тағы бір тамсаныңыз. Тамсаныңыз да, тәубә қылыңыз!