Хабар телеарнасы

Жеті күн 17.12.2016

Сюжеттер
1. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында қандай белестерді бағындырды? 2. Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға әлемнің барлық елі асық 3. Елордаға елдіктің еңселі ескерткіші орнатылды
4. Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен әлем құттықтауда 5. Бір топ қайраткер Елбасы қолынан награда алды 6. Осы аптада Елбасы бірнеше қабылдаулар өткізді
   
7. Тәуелсіздік мерекесін аймақтар қалай атап өтті?    

1. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында қандай белестерді бағындырды?

«...Түнде ұйықтамадық,

Күндіз отырмадық.

Сеңдердей сатырладық,

Сарыаяздай сақылдадық...»

Түркі қағандары халқының аты құмға сіңген судай құрымасын деп, асып тұрған айбыны шөптей жұлынбасын деп алысты. Осыдан 1500 жыл ілгеріде жазылған Күлтегін жырындағы бұл «Мәңгілік ел» ұғымы егемендігімізді еншілегелі бері жалпыұлттық идеяға айналды. 

Елбасы айтқандай, «Біз ширек ғасырда терең тарихымыз бен мыңжылдық болашағымызды сабақтастырдық». 

Расында, Тәуелсіздіктің 25 жылында атқарылған іс ауқымды. Өзіміз жасаған өлшем емес, сырт көз сыншылардың ойынан өргеніміз. 

Естеріңізде болса, желтоқсанның басында Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының сайланған Президентімен телефон арқылы сөйлескен еді. Әңгімелесу барысында Дональд Трамп: «Қазақстанда ғажап оқиға жасадыңыздар», – деп баға берген.

Осы аптада The Daily Signal-да «Неліктен Дональд Трампқа Қазақстанмен дос болу керек?» деген мақала шықты. Бұл жайлы сәл кейінірек, ал қазір Астанада өткен алқалы жиыннан ақпар айтсақ.

Елордада Елбасының қатысуымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл уақыт өлшеміне сыймайтын ерліктерді еске түсірген ерекше сәт. Әрине, барлығын басынан бастап, жаңадан мемлекет құру, кімге де болсын, оңайға соқпас. Өйткені тәжірибе жоқ. Ал нақты біздің жағдай, тіпті қиын еді.

Мәселен, қараңыз, комбайнның құны 3 жылда 2050 есеге қымбаттаған. Ал астық бағасы бар болғаны 148 есеге артыпты. Демек, егіннен есе қайтару мүмкін емес еді. Міне, осылай экономиканың күретамыры күрт құлдырады.

Мемлекет басшысы айтқандай «жабайы капитализм» жағадан алып, «Боламыз ба, әлде бордай тозамыз ба?» деген қатаң дилеммаға тап болдық. Онымен қоймай, «Мұның ақыры азамат соғысына ұласады», – деп үрейлендірді, «үй сыртындағылар». 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Начиная с 1990 года из Казахстана уехало около 3 млн 660 тысяч человек по разным причинам. Вам они известны. По сути, каждый год от нас уезжало по одному городу. И население страны в те годы с 18,5 млн снизилось до 14 млн человек. Это был дополнительный серьезный удар по нашей экономике. Миру мы не были интересны, просто не были нужны.

Ал қазір біз әлемге керекпіз бе? Керек болмасақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайланбас едік. Бұл Кеңес – «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Демек, еліміздің оған сайлануы Қазақстанның беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз.

Одан қала берді, әлем Қазақстан көшбасшысын «білікті бітімгер» деп біледі. Суымаған соңғы дәлел Ресей мен Түркия Сирия үкіметімен арадағы келіссөздер жүргізудің жаңа алаңы ретінде Астананы ұсынбақшы. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен бірге өткен баспасөз конференциясында мәлімдеген. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Алдыңғы күні Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, қақтығысушы тараптарға мынадай ұсыныс жасаймыз деп келістік: Біз өз тарапымыздан Сирия үкіметіне, ал Түркия Президенті қарулы оппозиция өкілдеріне Қазақстан елордасы Астана қаласын бейбіт келіссөздер алаңы ретінде ұсынамыз.

Егер бұл ұсынысты тараптар қабыл алса, Ресей мен Түркия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан арағайындық танытуын өтінбек. Ал енді мұндай дәрежеге 25 жылда жету – сөзсіз ерлік. Өзгелердің таңғалатындай жөні бар. 

Сонымен Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында қандай белестерді бағындырып, неңдей жетістіктерге қол жеткізді? Егемендіктің жеті теңдессіз табысы жайлы тілшіміз Мұхтар Ыбырайым толығырақ тарқатады.

Тәуелсіздік. Бұдан асқан құндылық жоқ. 25 жылды артқа тастаған қазақ жұрты оның қадір-қасиетін жақсы біледі. Әлемде 2500-ден астам халық бар десеңіз, соның 200-ге жуығы ғана өзінің мемлекеттігіне ие екен. Бостандықта ғұмыр кешу бақыты бұйырған жұрттың бірі – қазақ. 

Мұхтар Ыбырайым, тілші

-Бүгінде қазақ жұрты Әнұранды асқақ рухпен орындайды. Бұл егемендіктің бірден бір белгісі. Желбіреген Көк Туды көрсек мақтаныш кернейді. Дегенмен, тарихтың ақтаңдақ бетерін ақтарсақ, тар жол-тайғақ кешкен тағдырды көресіз. Ол тәуелсіздікке апарған – ұлы жол.

Екі ғасыр Ресей империясының құрамында, кейін 70 жылдан астам уақыт Кеңес Одағының құрсауында күй кешкен қалың қазақ еркіндікті аңсағаны хақ. Алып империя құлдырап, қираған тұста бізді қосқанда 15 республика егемендігін жариялады. Көптен күткен ұлы той! Әлемдік картада Қазақстан мемлекеті пайда болды.

1991 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақстан тәуелсізігін жария еткен айтулы күн. Ел тарихында алтын әріппен жазылатыны сондықтан. Ұлы даланың ұлық мерекесі. Қазақтың сан ғасырлық арманы орындалып, ел еңсесі қайта көтерілді. 

Сол қиын-қыстау кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев көш бастады. Бодандықтан бостандыққа бет бұрған ел біраз қиналды, сүрінді. Бірақ мойымады. Тұтас ел болып, болашаққа нық басты. 

«Жас мемлекеттің жүріп өткен жолы ғасырға тұралық», – дейді сарапшылар. Бүгінгі жетістіктермен әр қазақстандық шаттанады. Бірақ толағай табыстардың Елбасы үшін орны бөлек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-1991 жылы 10 желтоқсанда ҚР Президенті қызметіне ресми кірісер сәтте айтқан сөзім есімде: «Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын», – дегенмін. 25 жыл өткеннен кейінгі Тәуелсіздіктің ұлы тойында осы сөзімді қайталығым келіп отыр. Мен үшін туған Қазақстаныма қалтқысыз қызмет етуден басқа ешқандай бақыт жоқ. 

Қазақстан – табысты мемлекет. Ширек ғасыр бойы еліміздің барлық өңірлері жігер танытып, аға буын ерлік жасай білді. Елбасы бастаған игі істің түбінде әрбір қазақстандықтың маңдай тері жатыр. Мұны Президент тілге тиек етті. 

Қиындықтар, өткелдер мен тоқсаныншы жылдардың тоқырауы ел есінде. Сол жылдары Қазақстаннан 3 млн 600 мың адам басқа жерден пана іздеп көшіп кеткен. Одан бері бар-жоғы 25-ақ жыл өткенін қазір елестету қиын. 

Ширек ғасырда Қазақстан әлем мойындаған іргелі мемлекетке айналып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталды. Қазақстан ел мерейін үстем еткен 7 ғаламат белесті бағындырғанын айтты. 

Сарапшылардың пікірінше, елдің басты жетістігі – тәуелсіз мемлекет орнатуы. Екіншісі, Қазақстан экономикалық өсімнің жарқын үлгісін паш етті.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-За годы независимости наша экономика выросла более чем в 20 раз. С 1999 года по 2016 год наша экономика непрерывно каждый год растет. 17 лет из 25  стабильный рост каждый год. По экспертным прогнозам Казахстан и в ближайшие 10-20 лет будет входить в число стран-лидеров по росту экономики. 

Татулық – қазақ жұртының толағай табысы. Сарапшылар үшінші белеске Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың бірлігін балап отыр. Ал ару Астананың бой көтеруін 21 ғасырдың жарқын жетістігі санайды. 

Елордада тәуелсіздіктің рухы мен мемлекет қуаты көрініс тапқан. Дегенмен, мемлекеттің басты жеңісі – халықтың әл-ауқатының өсуі. Қазір Қазақстан жұртшылығы береке мен молшылықта өмір сүріп жатыр деуге негіз бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда 35 пайыздық кедейліктің құрсауынан арылдық. Бүгінде бұл көрсеткіш бар-жоғы 2,5 пайыз деңгейінде.

Елімізде әр жыл сайын 275 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекеттің әлеуметтік шығындары 26 млн теңгеден, 4,8 трн-ға жетті. Бұл өсім келер жылы да жалғасын таппақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Я поручаю правительству в следующем году повысить размеры пенсии на 20 процентов к уровню 2016 года. Это повышение охватит 2 миллиона 200 тысяч казахстанцев. Также поручаю с певого июля также, 2017 года увеличит размер единовременного государственного пособия, в связи с рождением ребенка на 20 процентов. У нас сейчас очень высокий уровень рождаемости. Рост 55 процентов. Это нам надо. 

Бүгінде адамдардың өмір сүру жасы 72-ге жетті. «Тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі осы», – деді Елбасы. Бұған отандық дәрігерлердің қосқан үлесі орасан. Қазір күрделі деген операциялардың барлығы ел ішінде жасалады.

Еліміздің тағы бір табысы – интеграцияның жаңа моделін ұсынуы. Бұған шет  мемлекеттердің қызығушылығы жоғары. Бастысы, Қазақстан ядролық қаруды таратпау қозғалысының көшбасшысы болып қала бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жылдар өтеді, жаппай қырып-жою қаруы келмеске кетеді. Оған сенуіміз керек. Адам баласы өзіне-өзі ор қазатын қатерлі қадамынан түптің түбінде бас тартады. Сол замандарда адамзат осы ұлы істің Қазақ даласында басталғанын, оны қазақ баласы бастағанын алғыс айта отырып еске алатын болады деген сөз. Бұл орынды сөз.  

Президент келешекке де көз жүгіртті. Қазақстанның болашағынан күтер үміті зор. 2050 жылға дейін межеленген стратегияның жүгі жеңіл емес бұл орайда. «Ұлт жоспары», «Нұрлы жолдың» да көксегені ортақ – дамыған 30 елдің қатарына ену. Ол кездері шағын және орта бизнеске ішкі жалпы өнімнің 50 пайызы тиесілі болмақ. 

Президенттің болжауынша, еңбек өнімділігі 120 мың долларға дейін артады. Алдағы 34 жылда 2 млн тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Ал қала тұрғындарының саны 70 пайызға жетеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В 4,5 раза вырастет объем ВВП на душу населения в условиях выполнения наших программ до 46 тысяч долларов, что будет соответствовать уровню развитых государств, куда мы стремимся. Все граждане, вне зависимости от места жительства, пола, возраста, социального положения, смогут получать высококачественное образование и медицинскую помощь. Казахстан войдет в первую 30-ку стран с наивысшим рейтингом качества школьного образования. Наши ключевые университеты войдут в сотню ведущих вузов мира. Проводимые сегодня реформы, рост благосостояния населения позволят увеличить продолжительность жизни казахстанцев до 82 лет.

«Бүгінгі жетістіктердің барлығы президенттік биліктің жемісі», – деді елбасы. Енді дамудың жаңа кезеңі саяси жүйені жан жақты күшейтуді талап етіп отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстан был, есть и будет государством с президентской формой правления, как это предусмотрено нашей Конституцией, и это предполагает наше развитие, историю, культуру, традиции. Вместе с тем настало время рассмотреть вопрос перераспределения полномочий между Президентом, правительством и Парламентом. Специальная комиссия должна изучить эти вопросы и внести предложения по изменению соответствующих законов, а возможно и Конституции.

Жиында Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасымен иық тіресе жұмыс істеген бір топ саясаткерлер мен қоғам өкілдері сөз сөйледі. Өткен күннен сыр шерткен көпшілік: «Бүгінгі ғаламат табыстардың барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасы», – деді. 

Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

-Алтыншы ғасырдағы көк түркілер заманынан бері Ұлы далада ізі қалған қағанаттар мен хандықтарды 128 қаған мен хан билеген екен. Олардың ішінде тұтас құрлыққа билік жүргізген алып империяның билеушілері де болған. Бірақ олардың ешқайсысы елінің шекарасын шегелей алған жоқ. Ешқайсысы мемлекетін әлемнің 6 құрлығына бірдей мойындата алған жоқ. Ешқайсысы барша адам баласын ымыраға шақырып, келісім сөзін жүргізе алған жоқ. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осының бәрін бір өзі жасады.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты

-Елбасының ерен тұлағасына берілген ерен баға, бұл елге берілген баға. Мен осы мінберде тұрып, шын жүректен Ұлы даланың Елбасына мың алғыс айтамын. «Қазақ елі – мәңгілік ел», – деп басымды иемін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мынандай қыруар жұмысты қандай болса да, бір адам еңсере алмайды. Менің айтатыным, басымды иіп, халқыма ризашылығымды білдіремін. Осындай қиын-қыстау жағдайларда менің айтқаныма сеніп, көніп, алға жүр дегенімде жүріп, түсінбесе де, білмесе де, жолдың қалай апаратынына сенді. Міне, осының арқасында осындай жетістіктерге жеттік. Бұл деген бәріміздің, халқымыздың, қазақтың тағы бір ұлы ерлігі болып саналады. Осыдан ешуақытта жазбайық.

Алда «Мәңгілік елге» бастайтын үлкен мұраттар тұр. Игі жоспарлар жүзеге асатын күн де алыс емес. Бастысы – Тәуелсіздікті тұғырлы, елдігімізді ғұмырлы ету.  

Жасан Зекейұлы, медицина ғылымдарының докторы

-Тәуелсіздік деген ұғым бүкіл Қазақ еліне ауадай қажет. Тәуелсіздіктің арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.

Үзбен Құрманбайұлы, қоғам қайраткері

-Қазақ елінің бағы да, бақыты да оның тәуелсіздігінде екен. Соған бүгін көзіміз жетті. 25 жылда біз екі ғасырлық өркенге жеттік.

Күләш Айтжанова, Социалистік Еңбек ері

-Қанша асудан қиналып өттік, қанша асудан жылап өттік. Бірақ басшымыз бізді алға сүйреді. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында, халықтың арқасында, ынтымақтың арқасында біз осындай құрметке жетіп отырмыз. Мереке құтты болсын!

Тәуелсіздік құрдастары жасампаздықпен алға басуға дайын. Білім, мәдениет, спорт саласының жас саңлақтары сан белестерді ұрандатып тұрып бағындыруға құлшыныс танытуда. 

Данияр Елеусінов, Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы

-Әлемде көптеген мемлекеттің ұраны бар. Осыған байланысты спортшылардың ұсынысы бар. Қазақстаннның «Тек қана алға!» деген сөзін ресми ұранға айналдырсақ! Бұл барша патриоттардың мәңгілік ұраны болады. «Алға, Қазақстан!»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Давайте как он сказал, Елеусинов, чемпион олимпиискийх игр, сделаем нашим, ұран деді ғой иә? Ұранымыз: «Алға, Қазақстан!» болсын Сол балалардың бақытын тілеймін.

Өскелең ұрпақ алдында қастерлі Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау міндеті тұр. Президенттің үміті зор келер ұрпақтан. Олардың басты мақсаты – Қазақстанды мәңгілік елге айналдыру. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков, Жұрағат Баман, ПТКК

2. Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға әлемнің барлық елі асық

«Неліктен Дональд Трампқа Қазақстанмен дос болу керек?» The Daily Signal-дың шолушысы жазған мақалаға ой шомсақ. 

Автор Люк Коффи АҚШ-тың сайланған Президентінің «ғажайып оқиға жасадыңыздар» деген сөзінің астарына үңіліп, Қазақстанның 25 жылдық даму жолын саралап, сараптаған.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы дағдарысты бастан өткерді. Алайда 2000 жылдан бастап оң өзгерістер бола бастады. Жыл сайын Қазақстан экономикасы орта есеппен 8 пайызға өсті. 1998 жылы әлемдік «Мұра» қоры экономикалық еркіндік жағынан Қазақстанды 136-шы орынға қойса, қазіргі уақытта Қазақстан 68-орынға көтеріліп, Франция, Италия сынды Батыс елдерін қуып жетті. Бірақ Қазақстан мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. 2012 жылы Үкімет 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп қойды».

Мақала авторы осындай деректерді мысалға келтіре отырып, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі кезінде АҚШ-қа пайдалы серіктес бола алатындығын және экстремизммен күресте екі тараптың ынтымақтаса әрекет етуі оң нәтиже беретіндігін тілге тиек етіпті.

Осы тұста айта кеткен жөн, АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп алғашқылардың бірі болып, Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаған болатын. 

Ақжарма тілектердің артын бұл елдің елшілері ерекше етіп жалғады. Американың Қазақстандағы қазіргі және бұрынғы елшілері жиналып, айтулы датаға орай бейне құттықтау әзірлепті.

Уильям Кортни, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі (1992-1995 жж. )

-Қазақстан аз ғана уақыт ішінде осылайша өркендеп кетеді дегенге ешкім сенген жоқ. Бірақ 25 жылдың ішінде сіздер мықты елге айналдыңыздар.

Элизабет Джонс, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі (1995-1998 жж.) 

-АҚШ-тың Қазақстандағы екінші елшісі қызметін атқарған тұста ел тарихындағы ерекше кезеңнің куәсі болдым. Осы қысқа мерзім ішінде қандай үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Алдағы уақытта да қарыштап дами бересіздер деп сенемін.

Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі

-Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынас берік. Әрқашан тату әрі одақтастық рухында дамып келеді. Мен Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Болашақта әріптестігіміз одан әрі нығаяды деп сенемін.

Елбасының атына құттықтаулар толассыз түсіп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Барак Обама, сондай-ақ Германия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан Президенттері мен Жапония Императоры, Бельгия, Нидерланд, Испания Королдері құттықтаулар жолдады. 

Сонымен қатар Балтық жағалауындағы және Таяу Шығыс елдерінен де құттықтау хаттар түсуде.

Ал Сербия мен Өзбекстан Президенттері Мемлекет басшысын телефон арқылы құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. 

Әуелгі әңгімелесу Сербия Республикасының Президентімен өрбіді. Томислав Николич Қазақстан көшбасшысын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Одан кейінгі сөз екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелеріне арналды. 

Қараша айында Сербияның Премьер-министрі Александр Вучич Қазақстанға іссапармен келген еді. Екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға арналған сапар қорытындысына Нұрсұлтан Назарбаев та, Томислав Николич та оң бағасын берді.

Бұдан соң, Елбасы бірден Өзбекстан Республикасының Президентімен сөйлесті. Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді. 

Тиісінше Нұрсұлтан Назарбаев та Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады. Сондай-ақ әңгіме барысында екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, ынтымақтастықты жандандыра түсудің маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға әлемнің барлық елі асық. Әсіресе алпауыттар. Себебі олар Елбасының идеясынан игілік іздейді. Сөзіме дәлел өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы біздің ұсынысымызбен «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы» жалпыға ортақ декларацияны қабылдады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-С первого дня Независимости из Казахстана исходят идеи, которые подхватывает весь мир. На заре независимости мы, отказавшись от ядерного арсенала, закрыли Семипалатинский ядерный полигон. Сегодня памятная дата, связанная с этим событием, отмечается во всем мире, как Международный день содействия против ядерных испытаний. Это была воля нашего народа, которую государство выполнило.

Радиоактивті түнектен ядролық қарусыз әлемге қадам бастық. Ендігі бағытымыз – жасыл экономиканы жандандыру. Келер жылы ТМД-да бірінші болып дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» көрмесін өткіземіз. Оған 100-ден аса мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысады. Яғни Астанаға төрткүл дүниенің түкпірінен миллиондаған мейман келеді. 

Ал олар елорданың әсемдігінен ерекше әсер алып қана қоймай, тарихымыздан тағылым өруі керек. Мереке қарсаңында ашылған «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің мән-маңызы осында.

3. Елордаға елдіктің еңселі ескерткіші орнатылды

Астананың шыңылтыр аязына қарамастан кеше «ЭКСПО-2017» ауданына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Баршаның көңілдері көтеріңкі. Жұрттың жүзіне қарап мерекенің лебін сезінесің. 

Бұл жерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  келуі шаттықты еселей түсті. Көңіл күйдің жарысым табуы заңдылық. Өйткені 25 жылда Елбасының бастауымен еліміз биік белестер мен асқар асуларды бағындырды.

Ширек ғасырда Қазақ елінің тасы өрге домалады. Халықтың әл-ауқаты әлденіп, тұрмысы түзелді. Оған сіз бен біз куә. Осы жылдар ішінде экономикамызбен бірге, рухани дүниеміз байыды. Тәуелсіздіктің әрбір мерейтойы, халықтық сипатқа ие болды. 

Мемлекет қай мереке болмасын оның кең көлемде тойлануына әркез мән береді. Тіпті әрбір айтулы даталарда ескерткіштер мен монументтер ашып, сол уақыттың көрінісін ел жадына салды.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Астананы Ақмолаға көшірген кезде ең алдымен ескі қаладағы алаңды игердік. Одан кейін сол жағалауға қала салып, əлі күнге дейін қаланың символы болып келе жатқан «Бəйтерек» монументін салдық. «Бəйтеректен» кейін, «Қазақ елі» деген монумент аштық. Екінші алаңда. Тəуелсіздіктің 20 жылдығында «Мəңгілік ел» деген тримфуалды арқаны аштық. Тəуелсіздікке бес жыл толғанда Алматыдағы алаңда «Тəуелсіздік» монументін салған болатынбыз. Ал, міне, 25 жылдықта халықтың есінде қалсын деп, осы монументті орнаттық. 

Бұл монумент сәулетшілер тарапынан ең үздік деп танылған. Өйткені 53 жобаның ішінен ерек шыққан. Бұны тұрғызуға мамандар да барын салып, не бары 3,5 айда құрылысты аяқтаған. 

Александр Белович, «Базис-А» корпорациясының басшысы

-Монументті қысқа мерзім ішінде тұрғызу құрылысшыларға оңай болған жоқ. Өйткені қатты дауылдар болды. Соған қарамастан біздің ұжым бар күшін жұмсап, жұмысты ұқыпты аяқтады. Мұның алдағы уақытта да жел мен дауылға шыдас беретініне бек сенімдімін. Себебі құрылыс материалдары өте берік және таза италиялық мәрмәрдан тұрғызылды. 

70 метрлік монументке қарасаң, көкке ұмтылысты байқайсың. Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл Қазақ елінің биікке өрлеуін бейнелеп, 30 елдің қатарына кіруге деген талпынысты танытады», – деді. 

Ал 25 қыры ширек ғасырдағы жетістіктерімізді айғақтайды. Бұл жетістіктер жолының басы ғана. Алдағы уақытта Астана бұдан бетер ажарлана түспек. Келер жылы мұнда «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Осы орталықтың бірден-бір символы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі болады. 

Елбасы: «ЭКСПО» ауданында монументтің салынуы тектен-тек емес», – деді. Себебі келетін қонақтар монумент арқылы елдің 25 жылдағы жүріп өткен жолын көреді.    

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жалпы «ЭКСПО» дегенің қаланың бір ауданын салдырып, тіпті қаланың көркін өзгертейін деп тұр. Жаңа аудан, жаңа халық, жүздеген мың адам тұратын жер болады. Ары қарай өркендей береді. Кеше айтқанымды естідіңіздер, қаламыз болашақта 3 миллион тұрғыны бар ел болған кезде әр жерден әртүрлі, орталығы болуы керек. Адамдардың жүретін жері болуы керек, баратын жері болуы керек, қыдыратын жері болуы керек. Сондықтан әрбір дүниежүзіндегі Астанада монументті көпшілігі жасамайды. Ал онда Тәуелсіздік күні құтты болсын. 25 жылдыққа орнатқан монументіміз құтты болсын.  

Осы атқарылып жатқан жұмыстың бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. 25 жыл егеменді ел болғанан бері елдігіміз артып, ырысымыз тасыды. Осы күніміз баянды болғай. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және халықтың ортақ тілегі.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ал мерекеміз құтты болсын, ағайын! Аман-есен болайық. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Еліміз мәңгілік болсын. Қазақстан, Алға! 

Салтанатты рәсімнен кейін Елбасы «ЭКСПО» аумағындағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі көрме қалашығында болып, тұрғын үйлердің сапасын көрді. Одан кейін ойын-сауық кешені мен Энергия зерттеу орталығына барды. 

Сондай-ақ Алжир, Катар, Қытай, Малайзия және Үндістанның халықаралық павильондарына аялдады. Ізін-ала кеңес өткізіп, көрмеге дайындық барысын тыңдады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы грандиозный объект затеяли. Подставить себе было невозможно. В 14-ом году только подписал начало работы. Капсулу положил в 14 году. Сейчас 16, за два года сделана колоссальная работаю. Молодцы вы, и строители, все вместе. И теперь чтобы это работало, начиненное оборудованием с подготовленными кадрами, главная задача – за этим будем следить.

Жиын соңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жауапты мамандарға халықаралық көрме аяқталғанан кейін нысандардың бос қалмауын тағы да ескертті. Оны пайдалану жолдарын ойластыруды тапсырды. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Айдос Меделбеков, Әлібек Әлиев, ПТРК 

4. Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен әлем құттықтауда

Тәуелсіздіктің 26-ыншы жылына аяқ бастық. Бұл жылдың жүгі ауыр. Өйткені Қазақстан бірнеше аса маңызды шараларды жүзеге асырады. Мұны өткен ширек ғасырдағы ерен еңбектердің жемісі деп түйеміз. Сондықтан 25 жылдық мерейтойдың мазмұны терең. Сөзімді мерейлі мерекеге орай құттықтаулар айтып, жүрекжарды тілектерін жолдаған шетелдіктер шымырлай түседі. 

Рустам Минниханов, Татарстан Президенті

-Құрметті достар! Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және президенттік институттың 25 жылдығымен құттықтағым келеді. Біздің республиканың үлкен досы, үлгі тұтатын әрі аса құрметтейтін Нұрсұлтан Әбішұлын шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанға даму мен өркендеуді, Президент Назарбаевқа ұзақ ғұмыр мен шығармашылық тілеймін.

Ирина Бокова, ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы

-Қазақстанды құттықтай отырып, бұл ел ЮНЕСКО құндылықтарын мойындайтын, онымен бірлесіп көп іс атқарғанын айтқым келеді. Былтыр ұйымның 70 жылдығы шарасына Президент Назарбаев арнайы қатысқан. Қазақстан қарқынды дамумен қатар мәдени және дінаралық диалогта маңызды рөл атқарады. Келесі жылы «ЭКСПО» халықаралық көрмесі өтеді. Ол баламалы қуат көзіне арналғанымен маңызды. ЮНЕСКО білім мен ғылым секторы арқылы Қазақстанмен бірлесіп еңбек етпек.

Уильям Томпсон, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бөлім басшысы

-Қазақстан – экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының белсенді серіктесі. Қазір екі жылға жоспарланған жолдастық жобамыз жүзеге асып қалды. Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Осы жылдары елдеріңіз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстан – Кеңес Одағы мемлекеттері ішінде экономикасы тұрақты ел. Сіздер қиын-қыстау кезеңді еңсеріп, дамудың даңғыл жолына шықтыңыздар.

Вацлав Клаус, Чехияның Экс-Президенті (2003-2013 жж.) 

-Президент Назарбаевтың ел дамуына қосқаны үлесі ерекше. Мемлекет басшысына және барша Қазақстан халқына ширек ғасырдан кейін де жетістікке толы жылдарды тілегім келеді.

Сума Чакрабарти, ЕҚҚДБ Президенті

-Даму жағынан Қазақстан осы 25 жылда әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өзін өте сәтті көрсете білді. Осының бәріне ықпал еткен Президенттеріңіздің көшбасшылық қасиеттері дер едім. Біздің банк те осы жылы 25 жылдығын атап өтті. Бұл сәйкестікте байланысымызды одан әрі жақындататын ерекше бір сабақтастық бар екендігін сеземін.

Тұрақтылық болмай, тұрмыс түзелмейді. Сондықтан әлем елдері бір мақсат, бір мүдде жолында бірігуі керек. Яғни адамзат интеграциядан көреді игілікті. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық Одақтың басты миссиясы да осы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстан стал инициатором интеграции новой модели. 20 лет я настойчиво добивался реализации идеи Евразийской интеграции, о которой говорилось еще в 1994 году прошлого века. Сегодня вместе с Арменией, Беларусью, Кыргызстаном и Россией создали Евразийский экономический союз. Десятки государств мира выражают желание сотрудничать с ЕАЭС. В том числе создание зон свободной торговли. Среди этих 40 государств не думайте, что какие-то.

Одақтың озық тұсын көріп, берік байланыс орнатуға ниет білдіріп отырғандардың бірі – Израиль. Бұл жайында сол елдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудің  өзі айтты. Астанаға жасаған ресми сапары барысында. Ақордада өткен кездесуден тілшіміз Сәкен Сейітханұлы сөз сабақтайды.

Осы уақытқа дейін Израильдің бірде-бір Премьер-министрі Қазақстанға келген емес. Биньямин Нетаньяху елімізге ресми сапар жасаған бірінші үкімет басшы.

Дәстүр бойынша ол әуелі Ақордаға атбасын тіреді. Мертебелі мейманды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. Қол алысты, құрмет жасасты. 

Қазақ елінің көшбасшысы Биньямин Нетаньяхуды жылы қарсы алды. Шақыртуды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. 1992 жылдан бері екі ел достық қарым-қатынасты сақтап келе жатқанын айтып, бұл байланысты берік етуге ниетті екенін жеткізді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Все эти годы между Казахстаном и Израилем сохранялись добрые отношения. Большая еврейская диаспора, проживающая в Казахстане, и казахстанская община в Израиле – это мост для конструктивных отношений между нашими народами. Надеюсь что данный визит придаст хороший импульс.

Биняминь Нетаньяху Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында келіп отырғанын қуанышпен хабарлады. Мерейлі мерекемен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады. Екі елдің баянды болашағы үшін тартынып қалмайтынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, Премьер-министр: «Бірнеше салада әріптестік орнатуға барынша әзірміз», – деді.  

Биньямин Нетаньяху, Израиль мемлекетінің Премьер-министрі

-Әлем үлкен өзгерістерді басынан кешіп жатыр. Әсіресе қауіпсіздік саласында сын-қатерлер көп. Мұның бәрі бір жағынан экономикаға әсерін тигізсе, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Осы жылдың қаңтар және қыркүйек айларында өзара тауар айналымы 237 миллион долларға жетті. Діттеген мақсат бұл емес. Өйткені екі мемлекеттің де әлеуеті әлді. Бізде шикізат және ауыл шаруашылығы өнімдері баршылық. Ал Израиль өңдейтін технологияға бай. Осыдан-ақ бірлесіп жұмыс атқарудың жолы көрініп тұрғаны анық.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сельское хозяйство является нашей главной точкой соприкосновения. Я вам об этом уже сказал. У нас уникальные условия для ведения сельскохозяйственного бизнеса, а у Израиля есть передовые технологии. Я благодарен, что мы создадим совместную комиссию, отработаем конкретный договор по этим вопросам. Переработка всех видов продуктов, экономное орошение земли – это то, что мы хотели бы перенять.

2005 жылдан бері Израильдің Қазақстанға құйған инвестициясы 213 миллион доллар. Соның күшімен 270 кәсіпорын бой көтерген. Олар қазір табысты жұмыс істеп тұр. Бәрі озық технологияға иек артқан. Жаңа құрал-жабдықтарды қазақстандық мамандар игеуге әзір.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Израиль является мировым лидером в области инноваций передовых технологий. А Казахстан обладает богатыми сырьевыми ресурсами. По программе ресурсы в обмен на инвестиции и технологии мы тоже с Вами сегодня обговорили этот вопрос. Договорились, что прибудет специальная группа казахстанских экспертов и мы начнем готовить такое соглашение. 

Ең үздік дәрігерлер қай елде дегенде, әрине, әуелі ойға Израиль түседі. Рас, олардың ақ халаттылары бүгінгі күні алдына жан салмайды. Оны бәрі біледі. Сондықтан өзге елдер еврей медицинасын үйреніп қалуға талпынады. 

Осы уақытқа дейін 1000 қазақстандық дәрігер Израильге барып біліктілігін арттырып келген. Оның сыртында еврей дәрігерлерінің қатысуымен елде 300 шеберлік сағаттары өтті. Мұның бәрі отандық медицинаға оң әсерін тигізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-То, что мы построили здесь в Астане, очень нравится вашим врачам. Мы должны расширить это сотрудничество. Мы в связи с этим готовы рассмотреть возможность передать в доверительное управление ряда университетских клиник израильским организациям. Поэтому, господин Премьер-министр, вот эти важные договоренности, которых мы достигли, договорились с Вами, являются отличным пунктом нашего сотрудничества. Спасибо, что Вы это поддержали.

Израиль халқы да озық технолгияның тілін өзгеден үйрену арқылы тапқан. Мәселен, жергілікті мамандар Америка Құрама Штаттарының селикон жазығына барып, дәріс алған, кейін бар үйренгендерін іс жүзінде қолданған. Жоғарғы технологияның табысты орталығынан алған тәжірибесімен олар енді бізбен де бөлісуге дайын.    

Биньямин Нетаньяху, Израиль Мемлекетінің Премьер-министрі

-Бүгінде қазақстандықтар ғылым мен технологияға баса назар аударғаны ләзім. Егер сіздер бізге математик жастарды жіберсеңіздер, олар біздің мамандармен бірге жұмыс істеп көп тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта бірлескен келісім болады. Сол құжат негізінде қазақстандық мамандар екі-үш жыл бізде оқуына негіз туады.

Сондай-ақ екі ел алдағы уақытта әскери бағытта байланысты ширатады. Тероризмге қарсы күресу үшін қос мемлекеттің әскерилері де тәжірибе алмасады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы договорились, что будем поддерживать регулярный политический диалог по всем спектрам деятельности. Особенно мы обсудили вопросы борьбы с терроризмом – совместные, оказание поддержки, обучения наших специалистов и сотрудничество спецслужб по выявлению и обезвреживанию таких актов, которые могут происходить в любой из наших стран.

Алдағы уақытта бірлескен жұмыс тобы құрылады. Жоспар түзіледі. Соның негізінде екі ел байланысты нығайтпақ. Өзара қарым-қатынасты дамытуға Елбасы ерекше мән беріп отыр. 

Ал Биняминь Нетаньяху болса, Нұрсұлтан Назарбаевты айрықша  құрметтейді. Қазақстан – Израильді байыпты байланысқа шақырған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет.

Биньямин Нетаньяху, Израиль Мемлекетінің Премьер-министрі

-Қазақстан – Израильге ықылас танытқан және қарым-қатынас орнатуға пейіл білдірген алғашқы мұсылман мемлекеті. Мұндай қадам жаһанға үлгі әрі осы істі өзге елдер де қуаттайды деп ойлаймын. Бұл біз үшін орасан қолдау және болашаққа деген сенімді нығайтады.

Израильдің Премьер-министрі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден соң бизнес-форумға қатысты. Басқосуда бірнеше маңызды келісімдер қол қойылды. Дәлірек айтсақ, Алматыда жоғары технологиялар университеті Израиль инвестициясына салынады. Жоба құны – 150 миллион доллар. 

Михаель Роэ, Қазақстан-Израиль Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы

-Біз Қазақстанға үш келісім жобасын әкелдік. Соның біреуі Алматы облысында жаңа зауыт салуды көздейді. Онда азық-түлік өнімдері шығарылады. Өндіріс орнына қос мемлекет те қаржы құйды. Шикізат жеткілікті. Тағы бір жоба бойынша біз Қазақстаннан қой етін сатып алмақпыз.

500-ден аса кәсіпкер қатысқан жиында израильдік бизнесмендер азық-түлікті алуға ниет білдірді. Оларда тауар жоқ емес, бар. Бірақ біздің өнім табиғи таза әрі сапалы. 

Сәкен Сейітханұлы, тілші

-Израильдің медицинасы минут сайын дамып жатқанын айттық. Енді солардың дәрігерлік әдістерін өз көзімізбен көреміз. Қалай дейсіз ғой, Таяу Шығыс мемлекетінің кәсіпкерлері Шымкенттен онкологиялық орталық пен жоғары оқу орнын салмақшы. Бұл келісімдер әріптестіктің алғышарты деп білдік. Ал болашақтағы қарым-қатыныс тіпті тереңдемек. Өйткені Израиль үкіметінің басшысы Еуразиялық экономикалық Одақтың еркін сауда аумағына қызығушылық танытты. Қазақстан Президенті ұйымға төраға ретінде олардың бұл ынтасын қолдайтынын білдірді. Демек, олар да ұйымға кірсе, байланысымыз қазіргіден де беки түспек.  

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Арман Данышпаев, Айдос Меделбеков 

5. Бір топ қайраткер Елбасы қолынан награда алды

Тоқсаныншы жылдардың басында қазақстандықтарға экспорт деген сөз жат еді. Импортқа ғана иық тірегенбіз. Ал бүгін 2500-ден аса өнім түрін 119 мемлекетке тасымалдаймыз. 

Біздің экспортымыз 46 миллиард долларды құрайды. Бұл жетістіктің артында талай адамның еңбегі тұр. «Елім» деп ерінбей қызмет қылғандар еленбей қалмайды. Елбасының өзі ілтипат көрсетеді. Жылдағы дәстүр ол. Биыл да экономика, әлеуметтік және гуманитарлық саланың саңлақтары, мемлекеттік, қоғамдық қызметтің майталмандары Ақордада бас қосып, жылдың басты сыйлықтарына ие болды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында бір топ қайраткер Елбасы қолынан награда алды. Экономика, әлеуметтік және гуманитарлық саланың саңлақтары, мемлекеттік, қоғамдық қызметтің майталмандары Ақорданың төрінде салтанат құрды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік кез келген елдің баға жетпейтін ең қастерлі құндылығы болып саналады. Біз азаттықтың арқасында айымыз оңынан туып, төрткүл дүниеге түгел танылған халықпыз. Ширек ғасырда ел есінде қалатын ұлан-ғайыр істер атқардық. Осы жылдардағы барлық жетістіктер әрбір қазақстандықтардың ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Соның ішінде бүгінгі марапат иелерінің әрқайсысының бұған қосқан үлесі орасан зор деп санаймын.

Ерен ерлер, еңбегі еленгендер! «Қазақстанның Еңбек ері» атағы биыл ауыл шаруашылығының көшін ілгерілеткен «Қарасу» серіктестігінің директоры Алмат Тұрсынов пен «Ұлттық нейрохирургия орталығының» басшысы Серік Ақшолақовқа бұйырды.

Ұлттық нейрохирургия орталығы – бірегей нысан. Мұнда бас, ми мен жұлынға ең күрделі операциялар жасалады. Бұл ауруханаға шетелден де біраз науқас келіп емделді. Сондықтан адамды өлімнен арашалап, игі істі жоғары деңгейге жеткізуге бір кісідей атсалысып жүрген Серік Ақшолақовтың еңбегі ерен. 

Серік Ақшолақов, Қазақстанның Еңбек ері, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы

-Осы 8 жыл ішінде елімізде Орталық Азияда қолданылмаған 60-тан астам жаңа технологияларды тәжірибеге  енгізіп, 15 мыңдай операция жасадық. Бүгінде біз толық сапалы көмек көрсете аламыз. Келешекте осы істі әрмен қарай жалғастыруға біз дайынбыз. 

Ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген майталмандардың біразы Елбасы қолынан жоғары марапат алды. «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері лауазымды тұлғалармен бірге, қарапайым қызметкерлерге де берілді. Олар әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамумен қатар халықтар арасындағы достықты нығайту жолында қызмет істеп жүр. 

Ал еңбек адамына деген ерекше құрмет ретінде былтыр ғана арнайы тағайындалған «Еңбек даңқы» ордені балқытушы, машинист пен слесарьге табысталды.

Марс Ахметсафин, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, слесарь

-Мен өте қуаныштымын. Бүгін Елбасы қолынан осындай марапат алдым.  Осындай Астанам бар, халқым бар, елім бар қуаныштымын.

Спорт додаларында топ жарып жүрген спортшыларымыз да құр қол қалған жоқ.  Бұл жолы паралимпиадада жасындай жарқылдаған Зүлфия Габидуллина мен Раушан Қойшыбаеваға деген құрмет ерекше. Рио-де-Жанейрода мүлт кетпеген қос ару – елдің нағыз қаһармандары. Жүзу мен пауэрлифтингтен үздік атанғандар алдағы сайыстарда да намысты қолдан бермесі анық. 

Раушан Қойшыбаева, «Құрмет» орденінің иегері, Рио-Де-Жанейро Паралимпиадасының күміс жүлдегері

-Бүгінгі күн мен үшін өмірімдегі өте жарқын күн. Өйткені Тәуелсіздіктің 25  жылдығы қарсаңында Елбасының өз қолынан марапат алып отырмын. Бұндай бақыт, әрине, екінің біріне бұйыра бермейді. Бұл енді сонша төккен тердің арқасы деп ойлаймын.

Бұл марапаттар жаңа тұғырларға жетелейтіні хақ. Әсіресе отандық ғалымдар биік белестерді бағындыруға дайын тұр. 

Мұрат Жұрынов, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, ҚР ҰҒА президенті

-Отандық ғылымға мемлекет кейінгі 5 жылда бөлінетін қаржы 4 есе көбейді. Ал 2020 жылға дейін тағы  8 есе көбеюі керек. ТМД елдерінде ғылымға көңіл бөліп, дамытуға күш салып жатқан бірде-бір мемлекет жоқ. Сондықтан ҰҒА осы қаржыны Қазақстанның пайдасы тиесін салаларын дамытуға үлес қосады.

Өнегелі істерімен көпке үлгі болып жүрген нар тұлғалар қоғамда баршылық. Ісіне жан-тәнімен беріліп, патриоттық рух пен кәсіби қызметтің шынайы үлгісін паш етіп жүрген азаматтарға «Даңқ», «Айбын», «Құрмет» ордендері табысталды.

Ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қалқан болған, әскери борышын адал атқарған, қоғамдық тәртіпті қамтуда ерлігі мен жанқиярлығын көрсеткен азамтардың есімі аталып қана қоймай, кеуделеріне төс белгі тағылды. Солардың бірі – Бақтияр Қайырбеков. Жас сарбаз Ақтөбедегі әскери бөлімге жасалған қарулы шабуыл кезінде лаңкестерге төтеп беріп батыр атанды.

Бақтияр Қайырбеков, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, сарбаз

-Мен ол сәтте 16 лаңкесті көрдім. Әрине, іштей абдырап қалғаным рас. Бірақ оны білдіртпеуге тырыстым. Басында бұл жай оқу-жаттығу шарасы ма деп ойлағам. Бірақ олар маған автоматтан оқ атты. Мен өзімді батырмын деуден аулақпын. Ол жерде тек өз міндетімді атқардым. Әрине, Елбасының қолынан марапат алудағы әсерді айтып жеткізу қиын. 

Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды да табыс етті. Биыл 4 туынды іріктеліп, жоғары марапатқа ие болды. Бұл құрметке «Мәңгілік ел» монументінің авторлары лайық деп танылған. Ескерткіште терең тарихи мән жатыр. Тар жол-тайғақ кешкен бабалардың өр рухын әспеттейтін туынды елорданың сәнін келтіріп тұр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бізде елордамызда мұндай ғимараттар аз емес. Дегенменен, «Мәңгілік ел» мағынасы жағынан да, көркемдігі жағынан да өзімізге де, басқаларға да белгілі боп желе жатқан ғимарат. Бұл тәуелсіз елдің мәртебесін сәулет өнері арқылы сәтті айшықтайтын туынды деп санаймыз.

Келесі сыйлық «Құнанбай» фильмін түсірген шығармашылық топқа берілді. Тарихи картинада дала кемеңгері Құнанбай тағдыры арқылы қазақ өмірінің күрделі кезеңі бейнеленген.

Фильм режиссері, Құнанбай рөлін сомдаушы Досқан Жолжақсыновтың бұл алғашқы мемлекеттік сыйлығы емес. Дегенмен, ел ағалары үшін Тәуелсіздіктің ұлы тойы қарсаңында керемет сый болды.

Досқан Жолжақсынов, «Құнанбай» фильмінің режиссері, актер

-Менің елімде Италияның кализейі, Мысырдың Пирамидалары жоқ. Бірақ әлем мәдениетіне зор үлес қосқан ұлы даламда Қыдыр дарыған, сүйегіне сөз біткен дарынды мәңгілік елім бар. Тар жол тайғақ кешуде Қазақстанды сүріндірмей, адастырмай алып барар кімің бар дегенде 21 ғасырдың тыныс-тіршілігін тамыршыдай сезетін өзіңіз келдіңіз. Өнердің атынан, өнер сүйген қауымның атынан деніңізге саулық тілегім келеді. Елім-жерім деп соққан жүрегіңізден айналдық.

Тағы екі сыйлық жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай» романы және «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін суретші Камиль Муллашевке берілді. 

Айнұр Бермұхамбетова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

-Өнерімізді, барымызды салып көрерменімізге, халқымызға паш етеміз. Соның бағалануы, уақытында бағалануы, әрине, ол керемет нәрсе. Мен енді барлық қазақстандықтарды еліміздің осындай тарихи мерекемен құттықтағым келеді. Елімізге тыныштық, береке тілегім келеді.

Бұл күндері Елбасы атынан мыңдаған отандасымыз құрметке ие болды. Әр өңірдің үздіктері марапатталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қуаныштарыңыз құтты болсын деп айтамын. Әр адам баласының өз мемлекеті жоғары дәрежеге көтеріп, осылай құрметтеп, марапаттап отырған, әрине, мерей. Бұған жету үшін көп еңбектендіңіздер. Сіздер таланттарыңызды салдыңыздар. Соның барлығының арқасында осыған жетіп отырсыздар. Құтты болсын, ұзағынан болсын!

Бұл азаматтар ширек ғасыр бойы ел дамуы жолында аянбай еңбек етті. Әрбір награда артында қажымас қайрат, маңдай тер жатыр. Демек, кез келген марапатқа лайық. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Мұхтар Ыбырайым, Әлібек Әлиев, ПТКК

6. Осы аптада Елбасы бірнеше қабылдаулар өткізді

Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады. Ақордада өткен кездесуде екі елдің парламентаралық байланысын дамыту жайы талқыланды. 

Анығы, мемлекет басшылары деңгейінде қабылданған құқықтық шешімдерді іске асыру жөнінде сөз болды. Әсілі, арадағы байланысты бекем ете түсуге екі тарап та мүдделі.

Айта кеткен жөн, бұл – Вячеслав Володиннің жаңа қызметке тағайындалғаннан кейінгі шет мемлекетке жасаған алғашқы сапары. Осы ретте Елбасы мейманды Мемлекет Думаның төрағасы болып сайлануымен құттықтап, 7-ші шақырылым депутаттарына табыс тіледі. 

Ал Вячеслав Володин Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Вячеслав Володин, РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы

-Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік негізінде құрылған. Біз үшін екі елдің ынтымақтастығын бекемдеу өте маңызды. Сіздер ширек ғасырда бірегей көрсеткіштерге қол жеткіздіңіздер. Оны халықтың әл-ауқатынан-ақ байқауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев дамудың даңғыл жолында елдің еңсесін тіктеп, бірегей жобаларды жүзеге асырды. Біз бұл ретте өркениеті өрге озған көршімізбен достық байланысымызды бекемдеуге мүдделіміз.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу барысында бас банкир Елбасыға 2016 жылдың 11 айындағы қорытындыны баяндады. 

Нарықта құнсыздану қатері азайып, теңге 3,4 пайызға нығайған. Бұл желтоқсандағы мұнай бағасының көтерілуімен байланысты болып отыр. 

Ал инфляция деңгейі 7,5 пайызды құрапты. Өткен жылдың тап осы кезеңіндегі көрсеткіш 12,3 пайыз еді. Демек, теңгенің еркін айналымға түсуі оң әсерін берді деген сөз. Дегенмен, айырбас бағамының әлемдік бағаға тәуелді болуы, бірқатар ауытқулардың болуына ықпал етуі мүмкін. 

Елбасы Данияр Ақышевқа осыны ескертіп, банк жүйесіндегі ахуалды одан әрі тұрақтандыруға қатысты және қаржы нарығындағы жұмыс жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Как выглядит инфляция?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы 

-Самый большой показатель инфляции - 17,7% в июле 2016 года, сейчас мы вернулись к однозначной цифре. При этом мы считаем, что обменный курс у нас с августа 2015 года, когда мы ввели свободно плавающий обменный курс, обесценился на 75-76%, а цены в годовом выражении выросли всего на 8,7%. На лицо то, что мы смогли все те плохие последствия обменного курса минимизировать.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Доверие к тенге растёт, вклады населения в тенге стали выше, чем в долларах, это очень важно. Банк должен давать населению сигнал, что принятый нами плавающий курс тенге был правильным, оправданным, он может, конечно, возможно, будет колебаться, потому что мы не можем управлять международными ценами, в связи с этим мы готовы к соответствующим мерам.

Ұлттық банктің биылғы ұстанымы келер жылы да жалғасады. Яғни теңгенің бағамы еркін айналымда қалады. Себебі төл валюта қазақстандықтардың негізгі инвестициялық құралы ретінде өзін көрсетті. Бұған банктегі депозиттердің өскені дәлел. 

Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері шетел валютасымен салым салу 10 пайызға төмендеген, ал теңгенің тегеуріні керісінше 60 пайызға артыпты.

Өткен жеті күннің тағы бір жаңалығы Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. Егемендікті еншілегелі бері сегіз мәрте адамгершілік акциясы өтіпті. Бұл жолы 28 мыңға жуық азаматқа рақымшылық жасалады жоспарланып отыр. 

Ал түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, соның 80 пайызы пробация қызметінің бақылауында болмақ. Тізімге әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар, атап айтқанда, кәмелетке толмағандар, жүкті және балалары бар әйелдер, мүгедектер мен қарттар алынып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Рақымшылық жасау, кешірім ету құқықтық және әлеуметтік тұрғыда зор маңызы бар шара болып табылады. Халқымызда: «Кеңшілік жасаған таршылық көрмес» деген қанатты сөз бар. Қадамын шалыс басып, заң бұзған адамды кешіру – адамгершілік пен мейірімділіктің көрінісі. Бірақ ол адам кешірімділікті түсініп, дұрыс жолға түсетін болса. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазадан шамамен 11 мың сотталушы босатылады. Осы орайда Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға бірақатар шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл алдымен бостандыққа шығатын адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне байланысты. Террористік және экстремистік, өзге де ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық шара қолданылмайды.

7. Тәуелсіздік мерекесін аймақтар қалай атап өтті?

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, бұл – 17 миллион отандасымызға ортақ мерейтой. Сондықтан мерейлі сәттің әрін келтіру әрқайсысымыздың парызымыз. Сонымен торқалы тойды аймақтар қалай атап өтті? Мерекелік шаралар несімен ерекшеленді? 

Жаңа қоныс, жаңа нысан, жаңа көпір. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ел есінде мәңгі қалары анық. Әсіресе павлодарлықтар ерекше дән риза. Облыста Орталық Азиядағы ең ұзын көпір қолданысқа берілді. 

Ғасыр жобасы атанған нысанның ұзындығы 13 шақырымға жуық. Павлодар облысы арқылы өтетін көліктердің жолы 40 шақырымға қысқарды. Құрылысқа «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 54 млрд теңге жұмсалған. Көпір «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің шығыс тармағына айналмақ.

Ал Сыр өңірінде қос қуаныш. Қызылордада дарияның жағалауларын жалғайтын көпір ашылды. Талай жылғы көптің тілегі болатын. Төрт жолақты көпірдің ұзындығы – 387 метр. Мердігерлер өзен үстінен салынған нысан кемінде бір ғасырдай елге игілік етеді деген сенімде.

Марат Бәйімбетов, облыстық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы

-Жалпы көпір құрылысында 80 пайыз өнім отандық материалдармен қолданылды. Бұл көпірдің жалпы жүк көтерімі 180 тоннаға дейін.

2017 жылдан бастап сол жағалаудағы 1,5 мың гектар аумаққа 11 шағын аудан салу жоспарда тұр. Ал дарияның бергі бетінде қаз-қатар тізілген көпқабатты үйлер. Бас-аяғы 820 отбасы бір күнде қоныстойын тойлады. Олар көп балалы отбасылар, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер. Жаңа ауданның аты – Нұр Орда. Соңғы  үш жылда қалада 7 мың отбасы баспаналы болыпты.

Айжан Қапаева, қала тұрғыны

-Бір жыл өтер-өтпес, мінекей, тағы да ондаған жаңа үй бой көтергенін қазір өз көзімізбен көріп отырмыз. Бұл дегеніңіз біз секілді бюджеттік салада жұмыс жасайтын жас мамандарға өте қуанышты жағдай.

Әдеттегідей дабылды қосып, науқасқа шұғыл келетін жедел жәрдем қызметкерлері үшін айрықша күн. Жетісудағы медициналық мекемелерге су жаңа 35 көлік берілді. Техникаға қажетті ақша жергілікті бюджеттен бөлінген. Шалғайдағы жұрт басы ауырып, балтыры сыздаса көмек сұрауға хақылы. Бұл бір шетінен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға сеп.

Асхан Байдувалиев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

-Біз, медицина қызметкерлері мұны өте үлкен қуанышпен қабылдап жатырмыз. Ішіндегі құрал-жабдықтары бүгінгі заманға сай. Барлық керекті заттар бар. Біздің халқымызға адал қызмет көрсетеді деп ойлаймын.

Тәрбие – тал бесіктен. Бала болашағы үшін жасалған істің есесі ұшаң-теңіз. Бұған Жайық бойындағы кәсіпкер азаматтар кәміл сенеді. 

Оралда бизнес өкілдерінің қолдауымен Оқушылар сарайы ашылды. Бұрын тар ғимаратты қолданған жеткіншектер мәз-мейрам. 

Орталық 1500 балаға арналған. Үйірмелерде оқушының дарыны мен шығармашылық қабілетін шыңдауға қажеттінің бәрі бар.

Данияр Елеусінов, Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы

-Бақыттымын. Осы Орал өңірінде ашып жатқанына. Қанша дегенмен, осы жақтан шықтым. Осы елдің түлегімін. Өте қуаныштымын.

Әзірге оқушылардың бокс пен астрономияға қызығушылығы басым.

Бекзада Задагереева, оқушы

-Осы планетарий арқылы әртүрлі жұлдыздарды телескоп арқылы көре аламыз. Оларды зерттеп, қалай пайда болғанын.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт. Ал бостандық жолында қаншама адамның қаны төгілді. Тарихтан тағылым алу үшін Аягөзде «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіш ашылды. Биік тұғырды салуға аудан азаматтары мұрындық болған.

Ал Көне Тараз жері «Тәуелсіз Қазақстан» атты монументпен толықты. Биіктігі – 14 метр. Ең төбесінде шаңырақ бейнеленген. Бұл ел іргесінің беріктігін білдіреді.

Арғынбай Бекбосын, жазушы, қоғам қайраткері

-Осыны көрген сайын келер ұрпақ сан замандар бойына халқымызды сол азаттықты қалай бекемдеу керектігін әрдайым ойланатыны күмәнсіз.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ақтаулық құтқарушылардың жұмысы бұрынғыдан жеңілдеді. Жасақ құрамы бірнеше жаңа техникамен толықты. Заманауи құрылғылар біліктілікті одан әрі көтеруге ауадай қажет. Арнайы мақсаттағы көліктердің құны – 417 млн теңге. Өңірлік құтқарушылар тобы еліміз бойынша үздіктер қатарында.

Тізе берсек, мереке кезінде көптің жүзіне қуаныш сезімін ұялатқан игі шара көп. Соның ең бастысы – Астанадан Көкшетау және Қарағанды бағытында қатынайтын электр пойыздары. Бұл халықтың сұранысы еді. Талап ескерілді. Мінекей, жаңа вагондар. Іші кең, әрі жылы. Бір мезетте 317 жолаушыны діттеген жеріне жеткізеді. Ал халықтың игілігіне берілген әлеуметтік нысандар ел дамуының жаңа бағыты. Жыл басындағы жоспар да осы болатын.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Ерденбек Жылқыайдаров, Нұржан Мергенбай, Ақмарал Есімханова