Хабар телеарнасы

Жеті күн 08.07.2017

Сюжеттер
1. Бітімгерлік бағыт 2. Көк Тудың желбірегені 3. Еңселі елорда
4. Құттықтаулар легі 5. Елбасы сұхбаты 6. АҚШ Президенті ЕХРО-мен құттықтады
7. Ұлтты ұйыстырған той 8. Астана процесі 9. Ұлағатты кітап
   
10. Рухани жаңғыру    

1. Бітімгерлік бағыт

Биыл Қазақстан дипломатиясына 25 жыл. Бұл кезеңді тарихқа салсаң, тамшыдай. Ал тәуелсіз еліміздің тағдырымен өлшесең, осынау уақытта атқарылған еңбектің дәуірге татырлық салмағы барын сезесің.

Кеше жерге түсіп сынған табақтың сынығындай едік. Бүгін бұғанамыз бекіп, алға батыл қадам басып келеміз. Тіпті жер-жаһанның түйінді мәселесіне келгенде, Қазақстанның, оның ішінде елорданың орны ерек, сөзі өтімді. Таяу Шығыстағы тартыстың шешімін табуда басқа емес, тап Астананың лайықты орын, яғни парасатты қала ретінде таңдалуы – бұның айғағы.

Оған қоса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымыз да – үлкен жетістік. Себебі бұл – Тынық мұхитымен Азия аймағындағы елдердің арасынан 138 мемлекеттің бізді таңдауының арқасында туған мүмкіндік. Демек, әлем бізге сенеді, әлем бізден үмітті.

Себебі біз алдымен экономика, сосын саясат деген ұстанымға берік елміз. Және осыдан ұтпасақ, ұтылған емеспіз. Бұл тұрғыда ғаламның басым бөлігі – бізбен кереғар. Яғни көбісі саясатты алға шығарады. Бірақ ол ұстаным дүйім дүниені дамудан бұрын дүбірге бөледі. Егер шартараптың бір шетінен от шықса, ол – саясатты экономиканың алдына салғанның салдары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Великая степь всегда использовала дипломатические средства и приемы для защиты и продвижения своих интересов. Современная отечественная дипломатия продолжает эти исторические традиции. За годы Независимости Казахстан выстроил дружественные и конструктивные отношения, как вы знаете, со всеми нашими ближайшими соседями, со всеми, кто заинтересован в сотрудничестве с нашей страной. Мы установили дипотношения со 182 государствами. За рубежом открыты 57 казахстанских посольств и 31 дипломатическое учреждение. В стране работают 95 иностранных посольств и представительств международных организаций. Наша страна развивает с внешним миром дружеские отношения.

Біздің ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға, Сібірден Үндістанға дейінгі аралықты мекен қылған мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Біздің ата-бабаларымыз Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті.

Ұлы дала ұлдары айбарынан айдаһар сескенетін түрлі патшалықтармен бірде соғысып, бірде сыйласып, қазақ мемлекетін қорғады, нығайтты. Бірде жеңдібірде жеңілді. Бірақ туын құлатпады. Қазақ хандарының бұл дәстүрі үзілмей, бүгінге жетті. Іргесі сонау XV ғасырда қаланған қазақ мемлекеті қазіргі күні алты құрлық санасқан айбынды елге айналды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы төр иесі, төрелік айтар сөз иесі.

Осы ауандағы әңгіме апта басында Ақордада айтылды. Елбасы дипломатиялық миссия өкілдерімен және халықаралық ұйым басшыларымен кездесті. Басқосуда Қазақстан дипломатиясының 25 жылдағы жүріп өткен жолы мен жетістіктері жайлы біршама сөз өрілді.

Жұрағат Бамантілші:

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан көрші елдермен қатар бұдан бұрын мүлдем қарым-қатынасы болмаған шет мемлекеттермен байланыс орнатты. Бүгінде 182 елмен дипломатиялық қарым-қатынастамыз және 57 мемлекетте елшілігіміз бар. Осылайша Қазақстан саяси-дипломатиялық аренадағы бағыт-бағдары мен ұстанымын айқындап, әлемге бейбіт бастамашыл ел ретінде танылды.

Қазақстан ғаламдық үдерістерге белсенді қатысып келеді. Әсіресе бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосып отырған үлесі зор. Ширек ғасырда бірқатар салмақты халықаралық ұйымға мүше болып, жаһандық түйткілдердің түйінін тарқатуға атсалыстық. Бұл жолда дипломаттардың атқарған ісі аз емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біздің сырт әлеммен қатынасу тәжірибеміз жоқ еді. Қазақстанның өз дипломатиясы болмаған. Дипломатиялық кадрлар да болмаған деп айтуға болады. Бұл мәселеге елдегі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдай қосылды. Сондықтан қиын жағдайда жоқ жерден біз жаңа дипломатиялық жүйе құрып, өз елшілерімізді дүние жүзінің елдеріне тағайындауға мүмкіндік алдық. Енді, міне, ширек ғасырдан кейін отандық, сыртқы саясат қалыптасып, ол елдің игілігіне жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымының діңгегі бейбітшілік ұғымы негізінде қаланған. Соның бір дәлеліЕлбасының антиядролық зұлмат қарудан ада әлем құру бастамасы. Вашингтонда өткен саммитте Президенттің «Әлем. XXI ғасыр» манифесі жарияланып, жаһан жұрты қазақ елінің татулық пен тыныштыққа бет бұрған мемлекет екенін ұғынды. Ал Астана халықаралық антиядролық қозғалыстың орталығына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В мире накапливается усталость и тревога от кризиса доверия между ключевыми игроками. Считаю, что великая держава – это та держава, которая вносит вклад в мир на земле. Никакие другие дела, богатства накопленные не могут заменить это. Победителей в случае глобального столкновения не будет, и мы это знаем. Это должны понимать, и мир должен работать для того, чтобы этого не допустить.

Ауған дағдарысы, Украина шиелінісі, тіпті адамзат дамуын тежеп отырған Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге сүбелі үлес қосудамыз. Соның жарқын мысалының бірі Астана процесі. «Үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын» Сирияның билігі мен қарулы оппозициясын бір үстел басына отырғызып, бейбіт диалогқа шақыру тек қазақ даласында мүмкін болды. Бітімгерлік қадам арқасында Шам еліндегі оқ атылмайтын аймақ аумағы ұлғайып, бейбітшілік орнату процесінің сеңі қозғалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Казахстан всегда был и остается беспристрастной страной, строящей мирные диалоги между конфликтующими сторонами. Так называемый честный брокер. Так было, как вы знаете, на юго-востоке Украины, что привело в итоге к первому успешному переговору пакета Миниских соглашений. Мы внесли важный вклад в налаживание отношений между Россией и Турцией после возникшего острого кризиса. Мы готовы и далее предоставлять площадку проведения международных встреч Сирии. Астанинская площадка уже доказала свою эффективность. Правительство и вооруженная оппозиция смогли донести свою точку зрения до оппонентов. И, самое главное, вести переговоры и согласовать конкретные шаги. В результате впервые были прекращены военные действия. Надеемся, что остальные встречи, намеченные 4-5 июля, будут также эффективны, как и предыдущие. Вызывает беспокойство недавно вспыхнувшая политическая напряженность вокруг Катара. В этой связи мы выступаем за эскалацию и нормализацию ситуации в регионе Персидского залива. В сложившихся условиях возрастает актуальность выдвинутой мной совместно с Президентом Турции Эрдоганом инициативы об исламском примирении. Это важно не только для арабских государств, для всего мира. Это наш общий субрегион.

Бүгінде БҰҰ жұмысының жүйесін реформалау кезеңі басталды. Қазақстан бұл ұйымға бейбітшілікті ту еткен мемлекет ретінде Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып енген еді. Ұйымға қосылуымыздың бірден-бір себебі – әлемді бейбітшілікке бірге бет бұрғызу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– ООН должна играть главенственную роль в вопросах войны и мира. Быть центральной универсальной площадкой для предотвращения и регулирования межгосударственных споров обсуждения новой парадигмы международного отношения. В этом ключе мы готовы работать со всеми партнерами в качестве непостоянного члена совета безопасности ООН.

Қазақстан – аумақтық экономикалық интеграцияның бастамашысы. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ, Еуроодақ және Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер ортақ нарыққа жол ашып отыр. Қазақстанның транзиттік әлеуеті артуы арқасында Азия мен Еуропа арасы географиялық тұрғыда жақындап, түрлі сыртқы факторларға қарамастан, экономикалық дербестік, тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін табуда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы твердо выступаем за использование потенциала интеграционных структур для обеспечения экономической стабильности в наших странах и процветания наших народов. Взаимодополняемость ЕврАзЭС и китайской инициативы «Шелкового пути» позволяет по-новому позиционировать целые регионы, в том числе и Центральную Азию. Важным является налаживание торгово-экономического сотрудничества между ЕврАзЭС, ШОС и Европейским союзом, о чем мне приходилось говорить, когда здесь проходил саммит ОБСЕ. Астанинский дух, широкое сотрудничество с Евразийским континентом выгодны для всех для нас. Такое сотрудничество особенно актуально в связи со сложностями, которые испытывает глобальная экономика. Взаимодействие этих трех интеграционных объединений с мощным экономическим потенциалом имеет все необходимые предпосылки, взаимодополняемость экономик, географическая близость, недискриминационные правила торговли. Потому что за этим будущее. Рано или поздно это состоится, потому что это выгодно для всех.

Иә, тәуелсіздік алған соң мемлекетті аяққа тұрғызу үшін түрлі экономикалық-әлеуметтік бағдарламалар іске асырылып жатыр. «Қазақстан-2030» стратегиясынан бастау алып, жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін үшінші жаңғыруға көштік. Ойға орап, мақсат қылып қойғанды инвесторларды тарту арқылы жүзеге асыра бастадық. Конституциялық реформалар жүргізіп, тиісті заңдар қабылдадық. Нәтиже ауыз толтырарлық. Оны шет мемлекеттердің дипломаттары да айтып отыр.

Михаил Бочарников, РФ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

– Осы 25 жыл Қазақстанның орнын әлемде айқындайтын маңызды оқиғаларға толы болды. Елдің ішкі саясатын айшықтап, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі қабылданды. Ал Президент мырза, Сіздің болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламалық мақалаңыз соның жалғасы іспеттес. Билік тармақтары арасында президенттің бірқатар өкілеттігін бөліп беру – ең елеулі өзгерістердің бірі. Әсіресе сіздің Қазақстанның үшінші жаңғыруына бағытталған бастамаңызды дипломаттар асқан қызығушылықпен қабылдады.

Мақтанарлық дүние расымен аз емес. Мәселен, биыл бас шаһарда жүзден астам мемлекет өз мәдениеті мен технологиялық жетістіктерін, өркениетін паш етіп жатқан ЭКСПО көрмесі өтуде. Халықаралық шараны ұйымдастыруда дипломаттардың атқарған ісі аз емес. Мемлекет басшысы еңбектерін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мероприятия таких масштабов ранее никогда не проводились в странах Центральной Азии и СНГ в целом. Пользуясь случаем, хотел бы искренне поблагодарить представляемые зарубежными дипломатами страны, организации за большой вклад, успех EXPO и участие своими экспонатами. Это усилило содержание и значение этого большого мероприятия. Для нашей страны.

Жиынды қортындылай келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге қатысты сырт елдің көзқарасын қалыптастыратын дипломатиялық корпустың қызметіне зор сенім білдірді. Атқарған істеріне алғыс білдіріп, атқарылар іске сәттілік тілей келе, дипломатиялық қызметтің құрылғанына 25 жыл толуына орай қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, естелік суретке түсті.

Авторлары: Жұрағат Баман, Айдос Меделбеков

2. Көк Тудың желбірегені

Қазақ халқының көрген қиындығын қазіргінің адамына айтсаң, аңыз екен деп, аса мән бермеуі мүмкін. Ақиқатында біз мың өліп, мың тірілген елміз. Бүгінгі ісімізге береке қонғаны соның өтеуіндей. Бір жағы – қазақ тумысынан бейбітсүйгіш ел. Ал бейбітшілік пен келісімнің туын берік ұстанған елге қайткенде бақ қонады. Ол – қанша балталасаң да, өзгермейтін аксиома.

Елбасының ерен ерік-жігерімен ерке Есілдің бойында еңсе тіктеген елорда басымызға қонған бақтың бір белгісі емес пе? Он тоғыз жылдың ішінде осындай деңгейге, осындай абыройға ие болған шаһар шартарапты шыр айналсаң да, табылмас, сірә?!

Дипломатиялық миссия өкілдері мен халықаралық ұйым басшыларының барлығы дерлік, Астанада өмір сүруді арман санайды. Олар қаладағы әр жетістікке, әр жарқын сәтке қуанатындарын да бүкпесіз жеткізді.

Егер бір адам болсын, осы шаһарда тұруға құлшыныс білдірсе, абыройымыз артты, әлем бізді мойындады деген сол емес пе? Демек, баяғы әл-Фарабидің «қайырымды қала» деп жазғаны, Асан Қайғының желмаямен жортып жүріп іздеген «жерұйығы» аңыздан ақиқатқа айналғандай...

Осындай дәрежені өзіне иемденген елорда біздің елдігімізді одан ары нығайта түспей ме? Оны бір ғана оқиғадан анық байқауға болады. Президент жыл сайын Астананың туған күнін тойлауға бастама берердің алдында Мемлекеттік Туды тұғырға қондырады. 111 метрлік биіктікке көтереді. Неге басқа емес, Астана күнінде көк байрақ көкте қалықтайды? Неге тап сол рәсім барысында Елбасы елге қорған болар жауынгерлерге шен табыстайды? Себебі сол күні жаһан жұртының басым бөлігі ұлы даламызға қарай бас бұрады. Міне, осылайша Көк туымыз көзге көбірек шалынады. Яғни елдігіміздің еңсесі биіктей түспек. Ал шен табыстап, күштік құрылымға күш беру – ұлан-ғайыр жерімізді қызғыштай қоритын қамалымыз бар дегеннен хабар берсе керек.

Биыл да дәстүр жалғасын тапты. Елбасы Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты.

4 шілде. Астана. «Атамекен» этно-мемориалды кешені. Жылда дәл бұл күні халық осы жерге жиналады. Мақсат елдігіміз бен егемендігіміздің нышанын ұлықтау, Көк туды көкке көтеру.

111 метр биіктікте Көк байрақ менмұндалап тұр. Бұл өзіндік төл дəстүр, елорда күнін тойлау ресми түрде басталғандығының белгісі. Салтанатты шараға Мемлекет басшысының қатысуы да жылдағы үрдіс.

19 жылдың ішінде елордамыздың дәулеті тасып, сәулеті асқан жер-жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Халқының саны миллионға жетті. Қазақтың айдынын тасытып, айбынын асқақтатқан Арқа төсіндегі Астана еліміздің бет айнасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қазақстандықтар, осы жиынға келген азаматтар мен азаматшалар. Баршаларыңызды елордамыз Астана қаласының 19 жылымен шын жүректен құттықтап, береке-бірлік тілеймін. Қалыптасқан дәстүріміз бойынша Астана күнінің қарсаңында біз өзіміздің отандық туымызды көтереміз. Бұның өте үлкен символы бар. Әр мемлекет үшін, әр азамат үшін ту деген мәңгілік ең жоғары құндылық болып саналады.

Көкте қалықтаған көк байрақ, Әнұран мен Елтаңба. Туын жықпаған ұлылардың ұрпағы бүгінде Көк тудың астында бірлігі жарасқан ұлтқа айналды. Ұлт болып ұлықтайтын, ел болып бас иіп, қастерлейтін нышандарымыз бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кезінде 25 жыл бұрын тудың бірнеше үлгісін алып келгенде, мен бір түсті жолақ емес, аспан түсті көк туды қаладым. Ол – елге дұрыс жол деген сөз, бәріміз бірміз, бір түстіміз, бір ойдамыз, бір жүректеміз, бір Отанымыз бар. Көк байрағымыз 25 жылдың ішінде еліміздің алдында желбіреп келеді. Осы тудың арқасында тәуелсіздік құрдық. Қазақстанды әлемге таныттық. Біздің Көк туымыз БҰҰ-ның 190 мемлекетінің арасында тұр. Біздің көк туымыз Шанxай ынтымақтастық ұйымы бас қосқанда көтеріледі. Біздің Көк туымыз Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері кездескенде көтеріледі. Біздің Көк туымыз спортшыларымыз бен өнерпаздарымыз жеңген кезде желбірейді, Әнұранымыз шырқалады.

Елдар Бақпаев,тілші:

– Салтанатты шарадан кейін жылдағы дәстүр бойынша Жоғары Бас қолбасшы еліміздің үздік жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шендерін табыстады. Президент жас өрендерді алған білімдерін тәжірибеде ұштастырып, Отанға адал қызмет етуге шақырды.

Бұл бақ Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтының, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтының үздік 12 түлегіне бұйырды. Офицерлік атақ алғандардың арқалаған жүгі де ауыр. Бұл борышты мінсіз атқару тәртіп пен табандылықты қажет етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Құрметті лейтенант мырзалар, бұдан былай Қазақстан Қарулы Күштерінің сендер сардарлары болып саналасыздар. Бұл сіздердің бірінші атақтарыңыз. Осы жолды өздеріңіз іздеп тауып, жоғары білім алдыңыздар. Қай жерде болсаңыздар да, Қарулы күштер мен құқық қорғау сапында немесе басқа салада жүрсеңіздер де, мен сіздерге ақ жол тілеймін. Аман-есен болып, бақыттың ең биік шыңына жететін болыңыздар!

Мемлекет басшысының батасын алған сардарлардың көздері отты, сөздері жалынды.

Халқына тас қамалдай қорған болуға уәде берген ерлердің мақсаты айқын – елі үшін еңбек ету.

Заман Керімқұлов, ҚР Қорғаныс министрлігі құрлық әскерилері әскери институтының түлегі:

– Осы еңселі елорда Астана күнінде Жоғары Бас қолбасшымыздың қолынан шен алдым. Ол сәт мен үшін мәртебелі болып саналады. Қазақстан Қарулы Күштерінің жас офицерлері бар күш-жігерімізді әскери күштердің қатарын нығайтуға жұмсаймыз. Тәуелсіз Отанымызға, Президентке адал қызмет етуге ант етемін.

Айнұр Бесағымова, Қостанай полиция академиясының түлегі:

– Жоғары оқу орындарының ішінен 29 түлек алынды. Соның ішіндегі жалғыз қызбын. Болашақта адал қызмет етуге барымды саламын.

«Қазақстаным» деп еміренген жастардың рухани күш-жігерін қанаттандыруды жылда жөн көретін Елбасы əр сарбаздың қолың алып, естелік суретке түсті.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Бахтияр Ырзаев 

3. Еңселі елорда

Мейлі ол экономика, саясат не болмаса мәдениеттегі жаңғыру болсынмұның бәрі – Қазақстанның дамуы үшін қолға алынған іс. Ал ел өрлеуінің бастауында әрдайым Астана тұрады. Қала күніне арналған салтанатты қабылдау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Елордада түрлі мәселені, оның ішінде әлемнің әр түкпірінде бейбітшілік орнату мәселесін де шешіп келеміз», – деді. Бұдан бөлек, Президент халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызына тоқталды. Айтулы шараның арқасында жаһан жұртының назары Қазақстанға ауғанын, келген мейманның Астанаға тамсана қарайтынын айтты Елбасы. Ғасырлар тоғысында салынған мегаполис жыл сайын ел бюджетіне триллион теңге құяды. «Барлық кірістің 65 пайызы шағын және орта бизнестің еншісінде», – деді Мемлекет басшысы. Салтанатты қабылдауда Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды елорда күнімен тағы да құттықтап, Астананы салуға қатысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Сондай-ақ мереке қарсаңында Елбасы Астананың көрнекті орындарын аралап, қалың бұқараны қала күнімен құттықтады.

«Бәйтерек» – Астананың негізгі нышаны, сол жағалаудың ортасында орналасқан алып ғимарат. Кезінде шаһардың құрылысы дәл осы монументтің маңынан басталған еді. Қазір гүлденген әсем қаланың діңгегі. Президенттің «Бәйтерекке» бірінші аялдауы сондықтан.

19 жыл бұрын Астана алып шаһарға айналады деген ой көпшіліктің үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген. Алайда Елбасының айтқаны айдай келді. Күткеніміз қалауымыздан артық. Иен далада су жаңа қала қанат жайды. Әкімшілік орталықта «Бәйтерек» монументі алғаш болып ашылғаны ел есінде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Осы ғимаратты салудағы басқы идеям – әр қаланың бір өзіндік нысаны болу. «Бәйтерек» дегенде терең ой бар. Біздің еліміз жас мемлекет. Сол жас еліміз бәйтеректей биік болып өсіп, тамыры терең болсын деген мағынада жасалып отыр. Және бұл астанамыздың жаңа қаласы, сол жағалауда жаңа қала басталды деген сөз.

Мемлекет басшысының асқақ арманы бүгінде орындалды деуге негіз бар. Жұртшылық Астанаға қарап, бой түзейді. Ал «Бәйтерек» болса, қазақ халқының қайта өрлеп-түлеуінің символына айналды. Биіктіктің, кеңдік пен дархандықтың көрінісі іспетті. Мұнда кірген әрбір адам ішінен тілек айтып, рухтанып қайтады.

«Бәйтерек» – қаланың ең биік нысандарының бірі. Мұнарадан айнала алақандағыдай. Бұл жерден сол жағалаудың көрікті келбеті ерекше көрінеді.

Астана – Президенттің төл туындысы. Оның бас жоспарын бекітіп, әрбір нысанның құрылысын қатаң қадағалайды. Елордада Елбасының қолтаңбасы жатыр. «Бұл игі істің барлығы елім үшін»,дейді Нұрсұлтан Назарбаев. «Бәйтеректен» шыға сала, Нұрсұлтан Назарбаев халықпен қауышуға асықты. «Нұржол» бульварында елдің көңілі ерекше көтеріңкі. Мұнда Astana Аrt Fest мәдени фестивалі өтіп жатыр. Шараға 60-тан астам автордың туындыcы қойылған. Президент экспозициялармен танысып, жұртшылықпен жүздесті.

Күнде ойын, күндей той. Бұл күндері елорданың барлық алаңдары мен саябақтарында мерекелік күй кернеп тұр. Бас шаһардың туған күнін тойлауға шетелден қолөнершілер, қылқалам шеберлері мен өнерпаздар келді.

Елбасы ерке Есілдің жағасындағы той-думанда да мейман болды. Кешкі салқынмен серуендеп, «Арбаттағы» ағайынмен жүздесті.

Мұнда да колөнер шеберлерінің туындылары, тері, киіз бен саздан жасалған бұйымдар баршылық. Шетелдік меймандарды да көптеп кездестіресіз.

Елордалықтар үшін бұл ұмытылмас ерекше кеш болды. Президент бірден бірнеше алаңда қыдырып, серуендеп жүрген жұрттың бәрімен амандасты. Тіпті көше бойын өнерімен өрнектеген жастармен бірге ән де шырқады. Астана кеші көңілді. Президент көппен бірге сауық құрып, би де биледі.

Шуақты кеш тосын сыйларға толы. Енді мына бір әйел портретін салуға Елбасы атсалысты деп ауыз толтырып, мақтана жүреді.

19 жыл бұрын мұндай керемет күй кешеміз деп ешкім ойламаған-ды. Баяғы 90-жылдардың аяғы. Мұрағатты ақтарып отырып, сол кезде елорданың гүл қалаға айналарына күмәнмен қараған жандарды кездестірдік. Қазір жұртшылықтың пікірі мүлде басқа. Көше де, қала да, бәрі адам танымастай өзгерген. 19 жылда ғасыр жолын жүріп өткен Астананы әрбір қазақстандық мақтан тұтады.

Қала қонағы:

– Я не узнала Астану. У меня шок. 20 лет здесь не была. Меня поражают масштабы, красота, архитектура, люди. Я, честно говоря, в шоке. Очень поражена.

Астана қонағы:

– Адам танымастай өзгерді деп айтуға болады.

Астана қонағы:

– Келген сайын Астананы танымайсың. Көп-көп өзгеріс бар. Біздің мақтанышымыз. Президент өте жақсы жасады деп ойлаймын. Ешқандай өкініш жоқ.

Астананың өрлеуі тек бір ғана шаһарға емес, күллі Қазақстанның дамуына серпін берді.

Астана қонағы:

– Қалалардың барлығы көркейіп, Астанадан үлгі алып, көркейіп жақсы болып келе жатыр. Атырауды қарасаңыз, Ақтауды қарасаңыз, барлық облыстарда болдым. Өзгеріс мықты.

Астана тұрғыны:

- Баяғыда өзгерістерді тек қана шетелден көретін шығармыз деп армандайтын едік. Қазір өз көзімізбен көріп отырмыз. Жыл сайын Астана жасарып жатыр. Рақмет Елбасыға. Мен үшін Астанада тұру – мақтаныш!

Президент серуені Есілдің жағасындағы лазерлік шоуға ұласты. Сөйтіп Елбасы бұл кешін елмен бірге өткізді.

Халықтың көңіл-күйін көрген Президент те шат-шадыман. Бастысы – көптің көңілі тоқ. Әсем қалада, берекелі, мерекелі елде өмір сүріп жатыр.

Елорда – елдік пен егемендіктің нышаны. Президент саясатының нәтижесі – бұл. Дегенмен ел де, Елбасы да: «Асар асу әлі алда», – деп біледі. Себебі Астана үлкен үміттер мен ұлы жеңістердің шаһары.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Дәурен Жұрхабаев

4. Құттықтаулар легі

Бұл аптада Ақордаға келген құттықтаулар легі көп болды. Елбасының туған күніне орай Ресей Президенті телефон шалды. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және жаңа табыстар тіледі. Әңгіме кезінде екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар шілденің 4-і мен 5-сі күндері Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Сирия келіссөздеріне қатысты Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен де пікір алысты. Екі ел басшылары телефон арқылы әңгімеде өзара қарым-қатынастың келешегіне тоқталып, сындарлы диалогты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты. Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон арқылы хабарласып, ақ тілегін білдірді. Қос мемлекет ынтымақтастығының көкжиегін кеңейту, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер екеуара әңгімеге арқау болды.

Елбасының туған күніне орай жолдаған шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларының құттықтаулары Ақорда сайтында жарияланды. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин стратегиялық әріптестікті одан ары нығайтуға ниетті екенін жазған.

«Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан арасында саяси өзара сенім нығайып, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен бастамасы жемісті іске асырыла бастады, сондай-ақ нақты ынтымақтастық аясы кеңейіп, гуманитарлық байланыстарымыз да белсенді дамып келеді», – делінген жеделхатта.

Ал Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты және көреген басшылығымен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқандығын атап өткен.

«Тарихи тамыры бір халықтарымыздың қалауымен мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас, серіктестігіміз, екіжақты және көпжақты ынтымақтастығымыз бұдан ары да қарқынды дами беретініне сенімдімін. Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметіңізге табыс тілеймін», – деп түйінделеді хат.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанның жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін атап өтіпті.

«Сіз еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы күрделі міндеттерді шешуде және оның халықаралық беделін нығайтуда айтарлықтай табыстарға жеттіңіз. Бүгінде Қазақстан қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне төтеп беріп, озық бастамалар көтеріп, болашаққа сеніммен қарайды», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Сербия, Армения елдерінің басшылары да Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілектерін айтып, жеделхат жолдапты.

5. Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Астана Елбасының ерекше аялауымен бүгінгі деңгейге жетті. Президент елордада қаланған әр кірпішті өз бақылауында ұстады десек, артық айтқандық емес. Қаладағы сәулетті сарайлар мен зәулім ғимараттардың көбі Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен сызылған.

Сонымен қатар «Жасыл белдеу» жобасы да Мемлекет басшысының бастамасымен іске асты. Жиырма жылда 80 мың гектарға жуықтайтын алып алқапқа ағаш отырғызу – тарихи оқиға.

Орман ауаны оттегімен байытады, климатты жақсартады, суды, топырақты, егістікті қорғайды. Нақты зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, жапырақты ағаштар шаң-тозаңның 30 пайызын, ал қылқан жапырақтылар 42 пайызын ұстап қалуға қабілетті. Мамандардың айтуынша, қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегі тазалықпен пара-пар.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

20 жыл бұрын дәл осы жер жайқалған орман болады дегенге ешкім сенбеді. Әсіресе 1997 жылы «Жасыл белдеу» жобасы қолға алынғанда, «Тастақ, құмды жерге ағаш өспейді», – деп бұл іске күмән келтіргендер көп болды. Алайда осы жылдар ішінде істелген екпінді еңбек сол күмәнді сейілтті. Оның нақты дәлелі көлемі бір мемлекеттің аумағындай болатын жасыл орман.

Қазір орманның аясы 80 мың гектарға жеткен. Салыстырмалы түрде айтсақ, Бахрейннің территориясынан асып түседі. Аумақты жерден көру, әрине, мүмкін емес. Ол үшін ұшақ немесе тікұшаққа отырып бақылаған адам орман көлемінің кең екенін байқайды. Сондықтан жылда Президент жерден емес, әуеден жасыл аймақтың тынысын көреді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, Елбасы төл жобасының нәтижесін әуелі төбеден тамашалады.

«Жасыл белдеуде» ағаштың сан түрі өседі. Сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, терек, тіпті алма мен шиеге дейін бар. Бұл талдар тұқымдастарының бір жерге бейімделуі өте қиын. Сондықтан мамандар жұмысты ғылыммен ұштастырған. Әуелі көшеттер зертханаларда сұрыпталып, жылдан астам уақыт бапталады. Кейін тамырын жаюға бейімдері далаға егіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Астананың мереке күні қарсаңында қаланың төңірегіндегі жасыл желекті аралайтынымды білесіздер. Ана жылдарда Астананың батыс жағындағы орманды көрген болатынбыз, биыл шығыс жағын көріп отырмыз. Үлкен отырғызылған ағаштардың ортасында қарағай мен қайыңды отырғызамыз деп айтқанбыз. Соны көрейік деп келдік. Мінекей, солардың арасына отырғызған қарағайлар қазір өсіп тұр.

Соңғы жылдары қарағай мен қайыңға басымдық берілгені бекер емес. Өйткені Астана қаласында көлік саны көбейіп, ауаны ластап жатыр. Түтінінің зияны қоршаған ортаны бүлдірмеу үшін осы ағаштар негізгі болып таңдалған.

Дәурен Байменов, Қызылжар орманшылығының орманшысы:

Жоба бойынша жұмыс істейміз. Көбіне қарағай отырғызамыз. Өйткені қарағайдан ауаға көп пайдалы нәрселер бөлінеді. Шаңды көп ұстайды. Қарағайды құнды тұқым деп айтсақ болады.

Жайқалған жасыл желектің іші бүгінде аң-құсқа толы. Марал, елік, қоян, түлкі, тіпті кейбір жойыла жаздаған жабайы аң түрлері осында көбейіп келеді. Мамандар олардың қорғалуын өз мойындарына алған. Жойылмасын деген мақсатпен жылда жануарлар мен құстар қатарын толықтырады. Бұл жолы да Президенттің алдында еліктер жіберіліп, қырғауылдар ұшырылды.

Орталық болашақта туристердің сүйікті мекеніне айналатыны сөзсіз. Себебі алдағы жылы бұл аумаққа футбол, волейбол, теннис алаңдары салынады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ТМД аймағында мұндай жоқ. Бұндай орман отырғызып отырған адам жоқ. 80 мың гектар орман бар Астананың төңірегінде. 2020 жылға дейін 100 мың гектар орман болады. Біз Бурабайдың ауқымындай орман салдық. Мынандай өзі құрғақ дала мен шөлейтті жердің ортасында тұрған кезде орман отырғызу оңай емес. Сондықтан мен орманшыларға, ғалымдарға ризашылығымды білдіргім келеді. Осыны жасау үшін қыруар жұмыс істеді. Енді қазір орманның ішінде елдер серуендеп, демалатын болады. Неше түрлі аңдарды, құстарды жіберіп жатырмыз.

20 жылдан бері өскен ағаштар бүгінде Астана қаласына пайдасын әкеліп отыр. Сарышұнақ аяздағы ұйытқыған дауыл мен жаздың жуан ортасында да басылмайтын жел біршама бәсеңсіді. Мұны жергілікті жұрт жақсы біледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бау-бақша, орман – жердің көркі ғой, елдің байлығы. «Орманы бардың қорғаны бар» деп қазақ бекер айтпаған. Желден қорғайтын, топырақ-шаңнан қорғайтын, қаланың тазылығын қорғайтын үлкен мәселе болып табылады. Поэтому я всех вас поздравляю с наступающим днем столицы – Астаны нашей прекрасной. Она прекрасна не только внутри, но и вокруг. Внутри Астаны посажено 15 тысяч деревьев. Там будет новый парк, ботанический сад, много скверов и вообще красивый сейчас наш город. Нам надо уметь это показать. Плюс EXPO-2017, «зеленая» энергетика. Вот мы «зеленой» энергетикой и зеленью занимаемся. Улучшаем природу, делаем то, что нужно нашим людям, нашей природе.

ТМД аумағында баламасы жоқ жасанды орман алдағы уақытта да жайқала түсері хақ. Нақтырақ айтсақ, ағаш отырғызу мен жануарларды көбейту жұмысы тоқтаусыз жалғаса береді. Мәселен, 2018 бен 2030 жыл аралығында тағы 5730 гектарға көшет егіледі. Оны жағалай 258 шақырымға велосипед жолдарын салу жоспары тұр. Демек, елорда көркіне көрік қосылмақ.

Орман алқабының аумағын тікұшақпен аралап шыққан кейін Нұрсұлтан Назарбаев «Балқарағай» демалыс аймағында орналасқан этноауылда болды. Бұл жерде Президент көпшілікпен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Этноауылдың өзінде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары қойылған. Президент оларды да тамашалады.

Айта кетейік, Балқарағай – қала тұрғындары мен қонақтары тынығып, түрлі шаралар ұйымдастырылатын демалыс орнына айналған кешен.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Астананың жасыл аймағын дамыту үшін атқарылған жұмыстар мен көгалдандырудың алдағы жоспарлары таныстырылды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда 1997 жылдан бастап отырғызылған орман алқабының көлемі 80 мыңға гектарға жуықтаған. Көшеттердің өсуіне ұдайы мониторинг жасап, кәсіби ұйымдардың қатысуымен ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізіп тұру негізгі шара саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Продолжаем работать. Межкулисное пространство засаживаем ценными породами - сосна, береза и кедр Енді қазір 100 мың гектарға жеткіземіз ғой, ептеп-ептеп жеткіземіз, енді бұрынғы отырғызған аумақтардың ішіндегі ағаштарды жөнге келтіру жағдайын қарау керек. Кейбіреулері кеуіп қалған, өспей қалған, олардың орнына басқа ағаш отырғызып, осы ауқымда орман жасау керек. Бірақ та бұл елге, жерге керек нәрсе. Жақсы жұмыс істеп жатырсыңдар, осының бәрі орманшылардың, орманды қарап отырған ғалымдардың үлкен еңбегі деп санаймын. Болмайды деген жерден болдырдық мінекей. Осыған қарап, облыстарда, әр жерлерде осылай жүргізетін болса, еліміз көгерер еді.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

6. Елбасы сұхбаты

Астана тарихы мен қала төңірегінде жасыл аймақты дамытуға қатысты Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында әңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Говорят, если хочешь посадить дерево, посади его за 20 лет до этого. Если ты этого не сделал, то посади сегодня. Так что никогда не поздно. Лес – это совсем другое дело. Город – да. Лес вокруг города, внутри города – это что-то очень большое, это забота, легкие города, очистка. Правда, ЮНЕСКО посчитало, что казахстанские степи дают больше кислорода, чем любой лес огромный. Я сам не знал, что растения в степи, многотравие дают колоссальное количество кислорода. То есть две трети кислорода всей Центральной Азии дают казахстанские степи. А лес – это украшение, красота.

Сонымен қатар Қазақстан экономикасын жаңғырту мен индустриялық-инфрақұрылымдық даму бағдарламасының нәтижелері де әңгімеге арқау болды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бітімгершілік миссиясының мақсаттарына, жаһандық шиеленістерді реттеудегі қызметтің қорытындыларына арнайы тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Украину я хорошо знаю. Мне кажется, я даже душу украинцев знаю. Я там учился, у меня много друзей до сих пор. И считаю, что это очень добрый, красивый народ, который много пострадал в своей истории и хочет жить в мире. И Россия такая же. Сколько мы знаем, это же почти один народ. Братские страны, общие культуры, общие беды. Воевали вместе, страдали вместе, голодали вместе. И это всем нам нужно было, постсоветскому пространству, и вдруг разразился такой скандал. Поэтому я предложил свои услуги, приехал в Киев, после Киева был в Берлине, с госпожой Меркель мы говорили на эту тему. Потом французский Президент приехал сюда, я попросил Владимира Владимировича встретиться на его обратном пути в Москве, они встретились. Потом я приехал в Москву, челнок я сделал. В результате этого получилась встреча в Минске. Эта встреча должна была состояться в Астане, все это согласовали. Поскольку в этот момент в Европе шли какие-то процессы, мне Меркель звонит: «Ты нормально воспримешь, если мы поблизости, в Минске?» Я говорю: «Ну, какие возражения. Суть важна, а не где это». Поэтому я туда приехал, и впервые тогда состоялась личная беседа Президента России и Президента Порошенко. Мне казалось, если сесть за стол переговоров, можно эти вопросы решить. Истоки откуда, почему это получилось? Я хорошо знаю. Но все равно любая война заканчивается миром, правда?

7. АҚШ Президенті ЕХРО-мен құттықтады

Дональд Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады. АҚШ Президенті осы жаһандық шараның арқасында Қазақстаннан және дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған қонақ адам қиялынан нәр алатын технологиялық инновация мен 115-тен астам ұлттық павильондарда көрініс тапқан тамаша әріптестік әлеміне куә болатынын айтқан.

«Президент мырза, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан ары ілгерілетудегі сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз үшін сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өзара сыйластық пен ортақ мүддеге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан ары нығая түседі деп сенемін», – делінген хатта.

Рас, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстанның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынасын одан ары нығайта түседі. Сауда-саттық артады. Технологиялық байланыс бекиді. Осылайша ел экономикасы еселенбек. Бастысы, бұл – баянды болашаққа даңғыл жол.

8. Ұлтты ұйыстырған той

Жер бетінде энергияны тұтыну көлемінің артуы энергия көзі, яғни жерасты қазбаларынан алынатын отын қорына тәуелді. Сарапшылар 2060 жылы әлемде мұнай, ал 2070 жылға қарай газ қоры таусылады деген дерек айтады. Демек, көмірсутегі экономикасы арқасында қамсыз, жайлы күн кешіп отырған адамзат энергия ресурстарын үнемдемесе, айтып келмейтін апатқа тап болуы ықтимал.

Нұрсұлтан Назарбаев «энергетикалық қауіпсіздікті – жаһандық 10 сын-қатердің бірі» деп «жасыл технологияларды» дамыту қажеттілігіне алпауыттар назарын аудартты. Бұның дәлелі ретінде әлемдік қауымдастық көрме өткізуге ең лайықты ел деп Қазақстанды таныды. Ал енді қай елде «жасыл экономика» болса, жаңа технологиялар сонда.

Астана – меймандос қала. Көпке құшағы ашық. Ақтөбелік зейнеткер Бағила Әбдуәлиева шетелдік туристермен тілдесіп, олардың көрме туралы ой-пікірін білуде. Қуаныштан жүзі бал-бұл жанады. 37 жыл ұстаздық еткен зейнеткер ЭКСПО-ны қыздарымен бірге аралап жүр. Әсіресе немерелері киген көк ту түстес бірыңғай жейде жұрттың назарын бірден аудартады. Италиялық сәулетші Вальтер Макки Астанадағы көрмеге тәнті. Тәжірибелі маманның берген бағасы итальян тілінде айтсақ, «belissimа».

Вальтер Макки, архитектор (Италия):

– ЭКСПО-да Қазақстан мен Италияның павильондары ең үздіктердің қатарында. Маған барлығы өте ұнады. Көрменің тақырыбы толық ашылған.

Бағила Әбдуәлиева, Астана мейманы:

– Бүгін немерелеріммен келіп тұрмын. Осы қуанышқа ортақтасайық, қызықты көрейік деп, гүлденген Қазақстанымыздың осы қуанышымен бірге бөлісейік деп келіп тұрмын. Менің жасым 67-де.

Астана күні бүкілхалықтық мерекеге айналғалы қай заман. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында түрлі мемлекеттен келген туристер еліміздің тарихымен танысты. Көрменің дәл ортасында орналасқан «Нұр Әлем» павильонына ұзынсонар кезек.

Алексей Гурбин, Астана мейманы (Ресей):

– ЭКСПО-ны арнайы көру үшін келдім. Көрмедегі әр елдің павильоны ерекше. Тақырыпты аша білген. Енді «Нұр Әлемді» аралағым келеді.

Аурика Касс, Астана мейманы (Үндістан):

Мұнда келіп, шаршағанымды ұмыттым. Таңнан бері аралап жүрмін. Өзге әлемдемін. Көп мәліметке қанықтым.

150 әртіс, шамдармен әрленген костюмдер, әсерлі музыка. Бұл – ЭКСПО аумағында күн сайын ұсынылатын тақырыптық парад. 40 минутта су, жел, күн, жер, табиғат – 5 элементті бейнелейтін бишілер сап түзеп, көрме тақырыбын айшықтайды. Бұл көрініс ешкімді бейжай қалдырмайды.

Астана күні қарсаңында Сарыарқа төріне ағылған мейман санында есеп жоқ. Елордаға алыстан ат арылтып келгендердің бірі – «ЭКСПО-әжей» атанған 68 жастағы Томио Ямада. Күншығыс елінің өкілі. Ол халықаралық көрмеге алғаш рет 1970 жылы барған. Содан бері сүйікті ісін әдетке айналдырыпты.

Томио Ямада, «ЭКСПО-әже» (Жапония):

– Алғашқы рет ЭКСПО-ға Осака қаласында барғанымда, үлкен әсер алдым. Келесі көрмелерге де баратын болдым. Денсаулығымның нығайғанын байқадым. Сондықтан саяхатымды жалғастыруды шештім. Шанхайдағы халықаралық көрмеден соң мені «ЭКСПО-әже» деп атап кетті.

Астана мемлекет қуатының архитектурадағы бейнесі. Заманауи шаһардағы жаңа алаңдар, саябақтар мен орамдар алдағы жоспардың айшықты көрінісі. Қаланың келешектегі келбеті қалай болмақ? Ендеше оны білгіңіз келсе, Қазақстан павильонына келіңіз. 8 қабаттан тұратын «Нұр Әлемдегі» экскурсия осыдан басталады.

Аслан Рыспаев, Қазақстан павильонының қызметкері:

– Астананың болашағына қош келдіңіздер! Мұнда барлығы 3D жобасында көрсетілген. Жасыл желекке оранған шаһар 2050 жылы энергияның 50 пайызын «жасыл энергиядан» алмақ. Жоспарға сәйкес, Астананың маңы ну орман болады.

Үрмелі аспаптар оркестрінің 200-ге жуық өнерпазы түрлі классикалық және заманауи туындыларды орындап, жұрттың көңілін көтерді.

«Хан Шатырдың» сол қанаты. Тұтас бір көшпенділер ауылы орын тепкен. Көруге тұрарлық дүние көп. Ішке еніп, бір адым аттасаң, орта ғасырға тап боласың. Ақ шаңқан киіз үйлер, қымыз сапырған ақ жаулықты аналар. Жүн түтіп, ұршық иіріп те жүр.

Шығыс базары. Қолөнершілердің жасаған түрлі бұйымдары. Әуезді ән мен күмбірлеген күй адамға көңіл-күй сыйлайды.

Ырыскүл Тәшеева, Астана мейманы:

– Іс-шара өте жақсы. Қазақи ою-өрнектермен, салт-санамен, дәстүрменен әсерленген. Мерекелік көңіл-күйде халықтың бәрі.

Астана күні – тек бас шаһардың ғана мерекесі емес, ел жетістігінің көрінісі. Сондықтан елорданың тойы – барша халыққа ортақ мереке. Айтулы күні Астананың кез келген жерінде думан.

Айнұр Мырзағалиева, Астана мейманы:

– ЭКСПО Қазақстанның тарихи бір кезеңі болып жатыр. Бізді бүкіл әлем танып жатыр. Соған байланысты біз қыдыруға баламызбен, отбасымызбен осы Астана қаласына келдік.

Сайран Каримов, Астана мейманы:

– 25 жыл бұрын осы жерден бітіріп кеткенмін. Одан кейін де жыл сайын келіп жүрміз. Жыл сайын көркейіп келе жатыр. Отанымыз аман болсын!

Жалпыхалықтық мерекені «Нұржол» бульварында кеңінен атап өту дәстүрге айналғалы қашан. Мұнда жаз бойы жадырап тұрады. Биыл қатарынан үшінші жыл мұнда мүсіндер мен көрнекі бұйымдар қойылған. Өскелең ұрпақ үшін нағыз тәрбие құралы. Әрқайсының мазмұны тереңде. 70 жобаның арасында шетелдік суретшілердің де туындылары бар. Бұл Астана күнінде өткен шаралардың бір парасы ғана. Ал мерекелік кештің соңы отшашумен аяқталды. 

Авторлары: Әсем Қабылбек, Серік Қоңырбаев

9. Астана процесі

Елордада бесінші мәрте өткізілген Астана процесі өз мәресіне жетті. Екі күнге жалғасқан келіссөз қорытындысы бойынша қатысушы тараптар бірлескен мәлімдеме жасады. Алдымен еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов сөз алып, маңызды құжаттың басым бағыттарына тоқталды. Қауіпсіз аймақтарды белгілеп, шекарасын шегендеу міндетін арнайы құрылған жұмыс тобына тапсырды. Сондай-ақ кепілгер мемлекеттер Сириядағы жағдайды жіті назарда ұстайтын үйлестіру орталығын құруды ұсынып, қажетті құжаттарын әзірлеуге кірісетін болды. Сол арқылы қауіпсіз аймақтарда оқ атпау жөніндегі талаптың орындалуы қатаң бақылауға алынбақ. Жалпы Астана процесінде тараптар елордада өтіп жатқан келіссөздердің оң нәтижесін сөз етіп, келесі кездесуді тамыз айының соңында өткізуге уағдаласты.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Қазақстан аталған кездесулерге өз алаңын ұсына отырып, Сирия халқының басына түскен ауыр жағдайды жеңілдетуге атсалысып, оның бейбіт өмірге ұмтылысына демеу көрсетіп, осы ретте еліміз халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Еліміз өз үлесін ары қарай қосуды жалғастыратын болады.

Әлем халқына Астана көбіне көп саяси, экономикалық, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын алаң ретінде жақсы таныс, енді көп ұзамай елорда басқа қырынан сыналады. Халықаралық қаржы орталығы құрылған жағдайда алдағы он жылдың ішінде Қазақстан экономикасына қосымша 40 миллиард долларға жуық инвестиция құйылады. Қаржылық хаб ретінде қарастырсақ та, көліктік-логистикалық тұрғыдан алсақ та, Астана тиімді орналасқан әрі мүмкіндіктер мекеніне айналып отыр.

10. Ұлағатты кітап

Сөзсіз, бұл – Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі. Елдің ордасын Алатау баурайынан Арқа төсіне көшіруден бастап, оның әр қаланған кірпішін жіті қадағалап отырған бір адам болса, ол – Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент тек қазақ халқының ғана емес, жалпы адамзат баласының болашағына алаңдайтын бірегей адамдардың сапынан. Дауласқанды татуластыруға талпынуы – соның айғағы. Ал ондай тұлғаның өмір жолы – болашақ ұрпаққа өнеге. «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» сол мақсатта жазылған.

Тарихи тұлғалар, саяси қайраткерлер жайлы туынды көп. Олардың адами болмысын, көшбасшылық қабілетін, мемлекет басқарудағы тәсілін айшықтайтын. Бірақ Елбасы туралы бұл кітаптың орны бөлек. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы еңбегі орасан тұлғаның еңбек жолын ғана емес, елдің тұтастай даму кезеңдерін қамтитын туынды.

Авторы – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы Николай Зенькович. Қазақ Президенті жайында тың деректерді жинақтап, 31 жылдан бері зерттегенін айтады.

Николай Зенькович, тарихшы, жазушы, РФ Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

– Нұрсұлтан Назарбаев туралы ешкімнің оғаш пікір айтқанын естіген емеспін. Қоғамдық пікір деген осы. Нұрсұлтан Назарбаев туралы қоғам ойының өзгергенін де естігенім жоқ. Ол халқын, халқы Мемлекет басшысының қадірін біледі. Қазақстан Президенті елі жолында барын салып келеді. Мен Президенттің өмірін 1986 жылдан бері зерттеп келемін. Президент болуөте қиын жұмыс. Шетелдік президенттердің Нұрсұлтан Әбішұлы туралы бұрыннан бері айтып келе жатқан пікірлерін жинақтадым. Ұлы адамға деген құрметіммен кітапты жазып шықтым.

Автор кітапты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн жаза бастағанын айтады. Қазақ елі үшін сындарлы шақта оңтайлы жол таба білген Елбасының көрегендігіне таңданысын жасырмайды.

Николай Зенькович, тарихшы, жазушы, РФ Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

– Мені Елбасы Назарбаевтың кез келген тығырықтан жол таба білетіні таңдандырады. Мәселен, 1991 жылғы жағдай тектоникалық күйреумен тең. Қазақстан көшбасшысы сондай қиын жағдайда да оң шешім қабылдап, ел тірегі бола білді. Сондықтан халқы Мемлекет басшысын ерекше қадірлейді.

Кітап авторы саяси көшбасшылар мен тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгілі бірегей тұлғалар туралы 30-дан астам кітап жазған. Бұл жолғы еңбегін жинақтауда тарихи тұлғалармен салыстыра отырып, өзіндік пайым жасаған.

Қайнар Олжай, журналист-аудармашы:

– Елбасы туралы кітабының өзінде І Петр екеуінің өміріндегі жағдайларды салыстыратын жері бар. Маршал Жуковтың өмірінен бір мысал келтіріп, сонымен салыстыратын жері бар. Демек, бұл кітап авторының жиған деректері мол. Ол кейіпкер ғана туралы дерек емес. Бүкіл әлемдік тарихтағы өте көп деректі біледі.

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітапты» қазақша сөйлеткен – танымал аудармашы Қайнар Олжай. Кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан сыр шертеді. Екіншісі – тұлға болып қалыптасуы жайлы.

Қайнар Олжай, журналист-аудармашы:

Оқушыларға арналған танымдық нәрсе өте көп. Екі бөлімінде де. Бұл әлемдік лидердің қалыптасуы, пайда болған жаңа мемлекеттің қалыптасуы ретінде көптеген дерек бергендіктен, бұл әлемдік Назарбаевтануға қосқан үлкен үлес деп ойлаймын.

Ел тарихымен бірге өрбіген Елбасы өмірі туралы туынды оқырман қауым үшін үлкен жаңалық. Қазірден-ақ кітапты оқуға асыққандардың қатары көп.

Нияз Әміре, жас түлек:

– Бұл кітап – біз үшін үлкен үлгі. Осы алдағы студенттік өмірде үлкен көмек береді деп ойлаймын. Үлкен жетістіктерге жетелейтін кітап.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:

– Бұл кітаптың ерекшелігі – бұл тарихи хроникамен емес, бұл адамның өмірі арқылы, іс-әрекеті арқылы, сол кездегі жағдайға көзқарасы арқылы береді. Кітаптың жалпы тәрбиелік және оқыту маңыздылығы осы деп есептеймін.

Еңбек қазақ және орыс тілдерінде екі мың данадан жарыққа шықты. Жастар қауымы бұл кітаптың электронды нұсқасы да жария етілсе деген ұсыныс айтты.

Олжас Әбуов, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының атқарушы директоры:

– «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» Google кітапханасында шығып жатса, менің ойымша, бұл тек жастарды ғана емес, шетелдегі қазақтарды да қамтиды деп ойлаймын.

Автордың көпжылдық ізденісі мен орасан зор тәжірибесінің арқасында ойлары сүбелі, оқуға жеңіл, құнды дүние оқырманға жол тартты. Мемлекет басшысының өмірі туралы тың деректер жинақталған бұл кітаптың қоғамға берері көп. Әсіресе жастар қауымы үшін рухани азық болары сөзсіз.

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Мұхтар Ыбырайым

11. Рухани жаңғыру

«Жаныңда жүр жақсы адам». Біз кейде осы сөздің байыбына бара бермейміз. Ал шын мәнінде Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары кез келген статистикадан артық көрсеткіш». «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы осылай деп жазды.

Мемлекет басшысы ұсынған бағдарламаны жүзеге асыруды қолға алғалы аймақтардан «100 жаңа тұлғаның» тізіміне енгізуге тұрарлық адамдар туралы көптеген ұсыныс түсіп жатыр. «Ел іші – өнер кеніші» деп бекер айтпайды халқымыз. Ғұламалар мен дарындылар да ел арасынан шыққан. Олар бүгінгі ұрпаққа өнеге, айтып кеткендерінің мазмұны әлі күнге дейін өміршең.

Тұла бойы дәстүрге толған ауылда қымызмұрындық фестивальдері жиірек өткізіле бастады. Сарқылмас ұлттық болмысымыз шетелдіктер үшін таңғаларлық нонсенс.

«Еңбек етсең ерінбей...». Қазақтың осы мақалын Қайырбек Қыдыралин өмірімен дәлелдеді. Сонау 90-жылдары небәрі 40-50 бас малмен шаруасын құрған. Қазір төрт түліктің саны 6 мыңға жуықтады. Егін де егеді. Аудандағы ірі шаруа қожалығына айналды. Ұжымда 30 отбасы еңбектенеді. Фермер жылына ел нарығына 200 тонна ет шығарып, тәулігіне 170 литр қымыз өндіреді. Табысының бір бөлігін әлеуметтік жобаларға жұмсайды. Оның аудан экономикасын дамытуға қосқан үлесін ескеріп, қоғамдық кеңес «100 жаңа есім» жобасына ұсынып отыр.

Әбеу Омаров, Қарқаралы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Еліне, жеріне жанашырлығы керемет азамат. Қаншама адамға жұмыс бергені өз алдына, осы аудандағы, ауылдағы қоғамдық шаруаның барлығына атсалысып жүреді.

Ал осы облыстағы Ұлытау ауданында өткен этнофестивальге еліміздің тарихы мен салт-дәстүрін етене білу үшін ел аралап жүрген ЕХРО қонақтары қатысты. «Қымызмұрындық» мерекесінің мән-маңызын Ұлытау жұрты шетелдік меймандарға барынша көрсетті. Ұлттық ойындар жұрт делебесін қоздырды. Мешкейлер жарысында азаматтар астау-астау ет асап, сорпа ішті. Әйелдер күресі өтті. Қолөнер шеберлері сабағын өткізді. Туристер қымыздан дәм татты. Әжелеріміз ұлттық сусынның қалай дайындалатынын көрсетті.

ЭКСПО көрмесіне келген голландиялық меймандар Сыр өңіріндегі этноауылға аялдады. Андре Кейперс 2004 жылы Байқоңырдан ғарышқа ұшып, Нидерландтың тұңғыш ғарышкері атанды. Жалпы этноауыл ашылғалы қазақтың рухани бай мұрасын 9 елден 1 мың 300-дей турист келіп көріпті.

Андре Кейперс, ғарышкер (Нидерланд):

Сіздердің ЭКСПО көрмесін өткізулеріңіздің өзі – үлкен мәртебе. Және оны жоғары деңгейде атқарып жатырсыздар. Бүгінде ерекше әсер алдым. Қазақтың тарихы өте бай екен.

Күнгейде азаматтардың демеуімен қайта түлеген ауыл көп. Мысал ретінде Сарқырама елді мекенін атауға болады. Әуелі ауылдың 3,5 шақырым жолы жаңаланды. Мәдениет үйі жаңартылды. Енді шағын емхана салынады.

Мұрат Төлтебаев, кәсіпкер:

– Негізі менің мақсатым, ойым – ауыл бірінші кезекте балабақшамен қамтылуы керек. Дәрігерлік емхана болуы керек. Одан бөлек спортқа баулу міндет.

Ал Ақтөбе облысының 85 жылдығына орай өңірде Жұбановтар үйі ашылуы мүмкін. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осындай бастама көтерілді. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздар Құдайберген, Ахмет және Ғазизадан бөлек бұл отбасыда ондаған ғалым дүниеге келген. Мұражайда Ғазиза Жұбанованың кестеленген көйлегі, Құдайберген Қуанұлының қолжазбалары мен Ахмет Жұбановтың жеке заттары бар.

Ұлболсын Мұхамбетова, Ағайынды Жұбановтар мемориалдық музейінің директоры:

– Ахмет Жұбановтың өзі кезінде киген концерттік фрагі – музейіміздің көркі, өскелең ұрпаққа ауыз толтырып айтатын тарихы бар жәдігер.

Келесі дарын иесі ақтаулық замандасымыз 6 тіл біледі. 15 жастағы Эдип Ахвердиев қазақ, орыс, ағылшын, түрік, грузин және әзербайжан тілінде еркін сөлейді. Бірақ ол үшін арнайы ұстаздардың көмегіне жүгінбеген. Ғаламтор мен қосымша оқулықтар арқылы меңгеріпті. Биыл республикалық олимпиадада «Полиглот-2017» атанды. Ақтаудағы білім инновация лицейінің 9-сыныбын аяқтады. Енді неміс, француз тілдерін үйренбек.

Павлодар облысында киелі мекендердің картасы жасалады. «Мұртты қорған» ескерткішінің құндылығы Ұлыбританиядағы әйгілі «Стоунхэндж» киелі орнымен пара-пар. Тарихшылар: «Қорған Кельт обсерваториясынан бұрын пайда болған», – дейді. Келешекте мұнда аспан астындағы музей ашылады.

Тағы бір қасиетті орын – Шығыс Қазақстан облысындағы Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы. Жыл сайын онда 100 мыңға жуық адам барады екен. Әсіресе жаз мезгілінде Жидебайдағы данышпан ақын өмір сүрген үйді көрем деушілер көбейеді. Қазір Абайдың ізі қалған бұл мекендер қалыпқа келтіріліп, рухани құндылықтар картасына енгізуге әзірленіп жатыр. Елбасы мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын» құру қажеттігі айтылды. Мақсат бай мұрамызды жас ұрпақ бойына сіңіру.

Авторы: Ақбөпе Бәкір