Жеті күн 09.09.2017 - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 09.09.2017

  • Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 19:31
Сюжеттер
1. Жаңа сессия – жаңа міндет 2. Серпінді серіктестік 3. Польша Президенті келді
4. Қазақстан-Польша бизнесі 5. Жаһандық жүлде 6. Екеуара кездесу
 
7. ЕХРО 2017 8. Рухани жаңғыру  

1. Жаңа сессия – жаңа міндет

Мына қос ғимараттың алды шілде-тамызда бір тынышталып қалып еді. Қыркүйек келгелі бұрынғы қарбалас өмір қайта басталды. Тек қазіргі көріністің бір айырмашылығы бар: кіріп-шыққан адамдардың жүздері жайнап, көздерінде от ойнайды. Әрине, кабинетке қамалғаннан ауыл-аймаққа барып, ағайынның ортасында аунап-қунап қайтқан әлдеқайда әр береді. Бір жағынан елдің де жайын естіп, қордаланған мәселесі болса, қоржынға салып келуге мүмкіндік бар.

«Сол мүмкіндікті молынан пайдаланды» деген сенімге ие алтыншы сайланым депутаттары осы аптада үшінші сессияны бастады. Ата Заңымыздың 59-бабына сәйкес, жаңа парламенттік маусымды Президенттің өзі ашты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біз биыл жаңғырудың жаңа көкжиектерін ашып, іргелі процестерді жүйелі түрде жүзеге асыруға кірістік. Жаңғыру үрдісі негізгі үш сала: экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбуде. Бұл реформалардың негізінде біз «Қазақстан 2050» стратегиясындағы мақсаттарымызға жетеміз. Елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың, татулық пен бірліктің арқасында дәйекті түрде барлық биіктерді бағындырып келеміз. Көзделген жұмыстардың қарқынды әрі жүйелі атқарылуына Парламенттің де қосқан үлесі зор. Өткен сессияда біршама жемісті жұмыс жасалды.

Анығырақ айтқанда, Парламент өткен сессияда қоржындағы 111 Заң жобасының 84-ін қарап қабылдады. Қазір атаулы құжаттар күшіне еніп, еліміздің қажеттілігіне қызмет етіп жатыр. Олардың ішіндегі орны бөлегі – «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң.

Осы Заңның негізінде Парламенттің пәрмені артқандығын да айта кеткен жөн. Бұрын Мемлекет басшысының қолында болған біраз құзірет бүгінгі таңда депутаттардың еншісіне берілді. Бұл «құрығың ұзарды, қалағаныңды қыл» дегенді білдірмейді. Керісінше атқарар жұмыстың ауқымын арттырып, жауапкершілік жүгін еселеді. Олар кетеуі кеткен кемшіліктер мен кенеуі кепкен тұрмыстық келеңсіздіктерді Заң арқылы түзеуі керек.

Сондықтан мына қос ғимаратты қоныс қылғандарды қыруар еңбек күтіп тұр. Ерінуге де, кейін шегінуге де болмайды. Әйтпесе жаһандануда шаң жұтып қалу оңай.

Жаз бойы ел аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысқан депутаттар жаңа сессияға білек түріп кірісті. Бұл маусымның жүгі жеңіл емес. Парламент оны біршама кеңейген өкілеттіктермен бастап отыр. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы Үкіметпен бірлескен жұмысына байланысты болмақ.

Дәстүр бойынша алқалы жиынды Елбасы ашып берді. Қоғамға жүйелі әрі жан-жақты жаңғыру қажет. Нұрсұлтан Назарбаев бірден Парламентке жүктелетін міндеттерді тізбектеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біз биыл жаңғырудың жаңа көкжиектерін ашып, іргелі процесстерді жүйелі түрде жүзеге асыруға кірістік. Өздеріңіз оны білесіздер. Жаңғыру үрдісі негізгі үш сала: экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбуде. Әрбір мемлекет осы үш мәселені көңілінде ұстап өсетін, өркендейтін болады. Бұл реформалардың негізінде біз «Қазақстан 2050» стратегиясындағы мақсаттарға жетеміз. Түпкі мақсатымыз – 30 елдің арасына ену.

Қазір әлем қиын кезеңді басынан өткеруде. Дүние дүрбелеңге түсіп, державалар текетіресі тоқтайтын емес. Ымырадан ырыс іздеудің орнына арандатушылық артып, аймақтық шиелістер шешімін таппай отыр. Арандатушылық идеологияның дәурені жүріп тұр. Оған қоса жаппай цифрландыру қарыштап баратынын айтты Елбасы. Демек жаңғыру – уақыт талабы. Ең бірінші, саяси және экономикалық жүйені уақытылы жаңарту маңызды. Бұл орайда жуырда ғана күшейтілген министрлер кабинеті құрамына сенім зор. Президент Үкіметте болған тағайындауларды түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-«Цифровой Казахстан», на который мы должны переходить, имеет огромное значение. Этим занимаются все страны. Это будущее развитие, производительность труда, новые технологии и им должен заниматься конкретный человек, и каждый день отчитываться перед нами от имени Правительства. На эту позицию я назначил Аскара Жумагалиева. Усиление макроэкономической части экономики поручается Ерболату Досаеву. Вам он известен.

Парламентте қаралатын заң жобалардың негізгі бөлігін Үкімет ұсынады. Демек қос билік тармағы қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Президент алдағы уақытта қандай заңдар қажет екенін айтты. Ұзын саны 27 заң Парламент сүзгісінен өтпек. Салық, сақтандыру, тұрғын үй мәселелері, агроөнеркәсіптік кешен саласын реттеу, әлеуметтік қамту, тағы басқа. Жаңадан сайланған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев та алғашқы тапсырмасын алды. Жыл соңына дейін ол Салық кодексінің жаңа жобасын әзірлеуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы должны значительно улучшить налоговую политику и стимулировать бизнес работать прозрачно, без «серых» схем. Это я хочу, как раз, к Досаеву обратиться. Сейчас изменились условия, мировой рынок изменился. Конечно, в хорошие годы мы сделали «плоский» подоходный налог - 10 процентов всем, 20 процентов корпоративный налог всем. Я считаю, мы правильно делали. А сейчас надо посмотреть, где источники доходов нашего бюджета, как приспособить Налоговый кодекс к этому?

Кәсіпкерлікті дамыту, бизнеске жағдай жасау, инвестиция тарту үшін нарық ахуалына бейімделген саясат қажет. Осы орайда Президент биылғы жылдың басты шарасы – EXPO-ның ел имиджін арттыруға қосқан үлесін атап өтті. Көрме базасында Халықаралық қаржы орталығы құрылды. Іргелі ұйым елге жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік тудырмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Хочу остановиться на EXPO, которое в 2017 году явилось очень важным мероприятием и событием для Казахстана. Когда мы показали всему миру возможности Казахстана, нашу столицу, они поездили по всем регионам, и мы провели имиджевую огромную работу. Ахмеджану Смагуловичу надо продолжать свою деятельность Президента этой выставки до того, как мы все это поставим на место. И Келимбетову, которого мы назначали на МФЦА, надо активно поработать, чтобы всё было нормально. То есть все свободные экономические зоны должны работать и приносить нам инвестиции.

Президент тиімсіз жеке кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды тоқтатуды талап етті. Қадағалаушы ұйымдар қарыздарды бақылауда ұстауы тиіс. Елбасының пікірінше, екінші деңгейлі банктерді де қаржыландыруды доғарған абзал.

Есесіне, Ұлттық банктің құзыретін кеңейту мәселесі күн тәртібінде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Время показало, что Нацбанку, как регулятору, необходимо работать в превентивном режиме. Следовательно, ему надо законодательно дать больше возможностей для контроля банков. У Нацбанка и сегодня нет таких прав. Мы должны дать, чтобы он жестко контролировал каждый банк. Как только ушел налево, останавливать и сказать, мы у тебя отбираем лицензию, не умеешь работать, или возврати. Я очень прошу депутатов внимательно этот пункт посмотреть, чтобы мы не имели эксцессов.

Әлеуметтік-экономикалық сала Елбасының ерекше назарында. Бұл бағытқа мемлекет жоғары көңіл бөледі. Дегенмен жеке сектордың үлесін аттыру керек. Ол үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің әлеуетін пайдалану маңызды. Бұл барлық тарап үшін тиімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Частные стоматологии работают же. А вот ухо, горло, нос не пройдешь дебри нашего законодательства. Не дают. Я видел школы и детские сады, которые строятся по ГЧП. Строить детский сад бизнесу сегодня выгодно. Государство же субсидирует, родители тоже платят, они там могут заработать. И не надо хоромы строить. На первых этажах многоквартирных домов это делается, несколько квартир объединяется и для 20-30 малышей, создаются удобные условия. Давайте по этому пути пойдем.

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық сақтандыру жүйесін енгізбес бұрын Үкіметке бірқатар мәселені шешуді тапсырды. Жағдай өзін-өзі қамтитын азаматтарға келіп тірелуде. Ресми жұмыс істемейтін азаматтардың жаңа жүйеге қалай енетіні белгісіз. Өзін-өзі қамтитындардың табысы елеусіз қалуда. Демек салық төлеу мәселесі де ескерілмей отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Во всем мире страхование – важная сторона социальной защиты граждан, а страховые организации – крупные инвесторы. В нашей стране тоже надо развивать страхование, поднимать уровень и доступность страховых услуг. Значит, как оказалось, когда посмотрели. Там есть немало вопросов. У нас 2,7 млн человек считаются самозанятыми. Так вот получается, самозанятые – 3 млн человек – останется за бортом медстрахования. Давайте не спотыкаться опять. Солай ма, Бақытжан Абдирович? Солай. Министр здравохранения. Менің айтып отырғаным дұрыс па, жоқ па? Неге онда соның бәрін түсінбей күнде-күнде айтып жүрсің өтеміз, өтеміз деп. Қалай өтеміз? Давайте будем разбираться. Разбираться. А когда разберёмся, тогда примем совместное решение с вами, Парламентом вместе.

Үкімет алдында ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеті тұр. Жүз қадамның әрқайсысы ел игілігі үшін. Оның өзінде азаматтар әр қадамның мән-маңызын дұрыс түсінуі тиіс. Бұл міндет атқарушы биліктің құзырында. Алайда маңызды мемлекеттік бағдарламалар жалпақ жұртқа насихатталмай отыр. Бұл қабылданып жатқан заңнамаларға да қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Законотворческий процесс стал более прозрачным. Проводятся парламентские слушания, к рассмотрению законопроектов привлекаются эксперты, представители гражданского общества и средств массовой информации. Тем не менее, граждане не всегда информированы, не знают свои права и обязанности, вытекающие из законов. Принимая особо чувствительные законы, мы не советуемся с обществом, с народом, не разъясняем, для чего принимаются эти законы, имеем эксцессы, которые у нас были. Поэтому особое внимание следует уделить разъяснительной работе – как депутатам, так и членам Правительства и акимам областей. Казахстанцы имеют полное право быть в курсе всех законодательных новаций.

Ұлт жоспары мен өзге мемлекеттік бағдарламаларды заңнамалық қамтамасыз ету елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Демек бұл жұмыс ел ертеңін айқындайды. Көпшіліктің одан күтер үміті зор. Мәселе оның орындалуында. Басты назарда заң үстемді. Құқық қорғау органдарының жауапкершілігі артып, ел мүддесіне лайық қызмет етсе игі. Олардың шешімдері жинақы әрі адамдарға түсінікті болуы тиіс. Оған қол жеткізсек, реформа іске асты деп біліңіз. Рухани жаңғыруға да халық үлкен үмітпен қарайды. Кешенді жұмыс басталып кетті. Парламентте бұл бағытта да біраз заңнамалар қаралады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В 2018 году стартует ряд направлений, связанных с духовным обновлением нашего общества. Первое - мы начали работу по модернизации общественного сознания. Поэтому нам не следует зацикливаться на чуждых, устаревших догмах. У нас есть свой опыт, ценности, путь развития. Особое значение имеет сфера культуры, что требует совершенствования законодательства в этой области. В частности, у вас в плане законопроектных работ впервые принятие закона о кинематографии. Здесь предстоит определить концептуальные основы для дальнейшего развития отечественной киноиндустрии.

Жаңа жағдайда биліктің барлық тармақтары сындарлы түрде ынтымақтасуы тиіс. Бастысы, халық қалаулылары Президент жүктеген міндеттерді атқаруға дайын.

Гүлмира Исімбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары:

-Бүгінде Мемлекет басшысының Парламенттің алдына қойған міндеті – заңнама жүзінде Ұлт жоспарын, Елбасының Жолдауын, басқа да бағдарламаны орындау. Осы мақсаттарды, міндеттерді заңнама жүзінде экономика, саяси жаңғыру, рухани жаңғыру мақсаттарын орындай отырып, біз еліміздің алға жылжуына сөзсіз сеп тигізіп, алдағы 30 елдің қатарына енуде үлкен қадам болады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Елбасының көтеріп отырған мәселесі – заңдармен жұмыс істегенде ашықтықты қамтамасыз ету. Ұсыныстар түсіп жатса, оларды тиянақты қарастыру. Қоғаммен тығыз қарым-қатынас керектігін Елбасы нақты көрсетіп берді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Әсіресе құқықтық орындардың жауапкершілігін арттыру, олардың халықпен жұмыс істеу міндетін атқару. Әкімшіліктерден гөрі соттарға неғұрлым көбірек жүгінсе, яғни құқықтық мемлекет болу міндеттері.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Президент сессияда ынталы заң жобалары көптеп болса екен деді. Әр фракция, депутаттық топтар қосылатын болса, бізде заң жобасы көптеп пайда болады деп ойлап отырмын.

Парламент пен Үкімет алдағы жұмысын жандандыруы тиіс. Елбасы өзара ынтымақтастықты күшейтуге үндеді. Президенттің 37 өкілеттігі осы екі органның еншісіне берілген. Демек қос тармақтың көкжиегі кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті. Биылғы сессияның ерекшелігі де сол.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков

2. Серпінді серіктестік

Бұл кездесуді асыға күтті. Екі тарап та. Режеп Тайип Ердоған өткен жылдың 12 желтоқсанында Астанаға ат ізін салу керек болатын. Жоспарда солай жазылды. Бірақ бұған «қой терісін жамылған шибөрілер» кедергі келтірді. Анығы Ыстамбұлда болған лаңкестік оқиғаға байланысты сапар кейінге шегерілді.

Дегенмен екі арадағы етене жақындық үзілген емес. Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы жиі сөйлесіп тұрды. Қабырғаны қайыстырған сол қайғылы жағдайдан бері төрт мәрте тілдесіпті. Әңгімелесу барысында мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын қарқынды етуден бөлек, халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне де айрықша мән берілген. Атап айтар болсақ, Сириядағы шайқасты шаммен қараған «Астана процесі» төңірегінде біраз ой тарасты.

«Келіссөздер жүргізуге лайықты орын» деп Қазақстанның қара шаңырағын таңдауды ұсынғандардың бірі Түркия еді. Оған «Түркі әлемінің ақсақалы», «Алты құрлықтың ақылманы» атанған Нұрсұлтан Назарбаевтың «қиуадан ақыл алып, қиыннан айла табатын» бітімгерлігі негіз болғандығына дау жоқ. Себебі бір-бірімен қабақ шытысып, жаға жыртысуға жақын қалған Ресей мен Түркияны қайта табыстыруда Елбасы табанды еңбек қылды. Оқиғаның анық-қанығы «Хабар» Агенттігі дайындаған «Миссия миротворца» деректі фильмінде айтылған. Біздің өнімді ғаламтордан тауып, бір қарап шықсаңыз, саясат сахнасындағы салмағымыз жайлы жақсы ой түйген болар едіңіз.

Жалпы көршісімен келіспей, көз алартқан ел болса, Қазақстанға, оның Көшбасшысына жүгінетін дәстүр қалыптасқан. Мұны «бойымызға Ұлы дала дарытқан дархандықтың белгісі» деп білген жөн.

«Анкарадан Астанаға асығып жеткен «аркадаш» деп сөз саптауымыздың сыры осы. Расында түрік бауырларымыз араағайындық қылып, таласқан елдерді табыстыруға талпыныс жасағанымыз үшін алғыс айтуға үнемі асық.

Бауырлас Түркия мемлекетінің Президентін елге шақырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Шақыртуды қабыл алып, Режеп Тайип Ердоған бұл жолы ресми сапармен келіп отыр. Осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік сапар жасаған еді. Түркия Президентінің бұл қадамы қазақ-түрік қарым-қатынасының жаңа парағын ашты. Өйткені бұрынғы байланысқа енді қарқын қосылады.

Әуелі екі Президент оңаша отырып кеңесті. Ауқымды тақырыптарды талқылады. Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардан бөлек, жаһандық мәселелерге де ерекше тоқталды. Түркия мен Ресей бастамашы болып Сириядағы сергелдеңді тоқтатуға күш салып отыр. Осы бейбіт қадамның бар жұмысы Астанада атқарылып жатқаны әмбеге аян. Осы орайда 5 раундық келіссөз өтті. Оның нәтижесін айтуға келмес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-25 жылдың ішінде Қазақстан мен Түркия арасында ағайыншылық қарым-қатынастан басқа мәселе болған жоқ. Сіздің соңғы сапарыңыз кезінде біз экономика, екіжақты қарым-қатынас жөніндегі біраз мәселе бойынша келістік. Сіз бен Путиннің сұрауымен Сирия мәселесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 14-інде тағы бір кездесу болайын деп тұр. Ертең 57 Ислам мемлекеттерінің делегация басшылары, дүниежүзілік органдар, барлығы 70-тен аса делегация келеді. Соған қатынасасыз. Оған да ризашылығымды білдіремін!

Түрік елімен саяси тұрғыда стратегиялық серіктеспіз, экономикалық жағынан алыс-берісі көп әріптеспіз. Ширек ғасырда тусықан, қандас елдер байланысты барынша мықтады. Мәселен 2013 және 2014 жылдары қос елдің тауар айналымы 3,5 млрд долларға жеткен еді. Бүгінде сол сара жолды жалғау жоспары тұр.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

-Бұл жерді өзіміздің екінші үйіміз деп санаймыз. Қарым-қатынастарымызды барлық салада дамытуға тырысамыз: экономика, мәдениет, әскери және саяси алаңда. Елдеріміздің арасында тауар айналымы 2 млрд долларға жетті. Бұл шегі емес, себебі бұл көрсеткішті 5 млрд-қа жеткізуді ойлап отырмыз. Бұл мақсатта Қазақстанның да, Түркияның да жеткілікті әлеуеті бар. Біздің өңірдегі қақтығыстарды шешудегі талпынысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін!

2005 жылдан бері Түркия біздің экономикаға 3 млрд-қа жуық инвестиция салған. Соның негізінде 1 600 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл іс жалғасын табады. «Жаңа синергия» бірлескен бағдарлама аясында инвестициялық жобаларды көбейту мақсаты бар. Оны іске асырудың алғышарты жасалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Осы жылдардың ішінде түрік капиталының қатысуымен Қазақстанда 1 600-ден астам кәсіпорын жемісті еңбек етуде. Мен айтып кеткендей Қазақстан 20 млрд долларға түрік құрылысшылары Қазақстанда құрылыстар жүргізді. Келіссөздер кезінде «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын, соның аясында Қазақстан-Түркия индустриалды аймақтарын құру мәселелерін, екі елдің арасындағы сауда-саттықты басқа деңгейге көтеру жайын талқыладық. Осы ретте «Жаңа синергияның» өзекті xаттамасы шамамен 900 млн доллар болатын 26 инвестициялық жобаны қамтиды.

Қазіргі құбылмалы кезеңде қарекет жасаған ел озады, қол қусырып отырғандар тозады. Біздің ел қамсыз емес. Мемлекет басшысының бірнеше нақты бағдарламасы экономиканы ілгері бастырып отыр. Бұл ақпараттан Түркия Президенті де хабардар. Ол: «Нұрлы жол» бағдарламасы жемісті болуы үшін көмек беруге дайынбыз», –деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Екіжақты сауда-экономикалық әлеуетті толық пайдалану үшін мемлекеттер арасында, мысалы Түркияның тәжірибесі көп тоқыма, азық-түлік, тау-кен өнеркәсіп, құрылыс, электроника, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы мүмкіндіктерді қарастыруға келістік. Нақты тапсырма берілді. Тиісті мемлекетаралық комиссия бұл мәселені пысықтайтын болады.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

-Қазақстан Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы мемлекет деп толық айта аламын. Осындай дәрежеге жеткен Қазақ елінің әр жетістігі бізді қуантады. Сіздің еліңіз дамыған 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алады деп сенемін. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» бағдарламасы елдің дамуына оң септігін тигізетіні сөзсіз. Осы бағдарлама жемісті болуы үшін біз әрдайым көмектесуге дайынбыз.

Ертең бас қалада Ислам ынтымақтастығы саммиті өтеді. Бұл жиынға Режеп Тайип Ердоған қатысады. Түркия Президентімен қатар 70-тен аса елден делегация келеді деген жоспар бар. Кеңесте бүгінгі дамуға бастайтын жаңа технология мен ғылым саласы кеңенен сөз болады.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

3. Польша Президенті келді

Осы апта Польша Президенті Анджей Дуда да Арқа жеріне аяқ басып, Қазақ елінің қонақжайлылығына қайран қалды. Бұл сапардың да көтерген салмағы зор. Себебі екі арадағы байланыс біраздан бері бір ізге түсіп алып, содан не ары, не бері кетпей келе жатқан еді.

Енді міне Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуда қазақ-поляк қарым-қатынасының кең қанат жаюына жағдай тудырып отыр. Бұл ретте Елбасының былтырғы Варшаваға барғанда жасаған келісімдері көп рөл ойнайды. Оған көшбасшылардың осы жолғы кездесуде айтқан сөздері арқылы көз жеткіздік.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я хорошо помню мой визит в прошлом году в августе. Я почувствовал дружескую руку польского народа, Вашу, господин Президент. Это были важные события в наших отношениях. И на казахстанско-польском бизнес-форуме в Варшаве было заключено 15 коммерческих документов почти на миллиард долларов. И по Вашей просьбе с 29 мая регулярное авиасообщение между Астаной и Варшавой уже делают. Перевозчик с польской стороны авиалиния «ВОТ». Поэтому тот наш визит мы очень хорошо помним. Еще раз благодарим.

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Мен біздің кездесулеріміздің бәрін зор қуанышпен еске аламын. Сіздің Польшаға былтырғы сапарыңыз елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосты. Сіздің сапарыңыз осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тың серпін бергенін ерекше атап өткім келеді. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін тауар көлемі 50%-ға, ал Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80%-ға артты. Осылайша Сіздің бізге келген сапарыңыздың нәтижесі айқын көрінеді. Мен соған қуаныштымын.

Құны 100 млн долларды құрайтын 10 кәсіпорын. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда поляк бизнесмендерінің қатысуымен осынша жоба жүзеге асыпты. Ырысты ынтымақтастықтың негізінде арадағы сауда айналымы да айтарлықтай артып отыр.

Мәселен биылғы жылдың алты айындағы көрсеткішке көз салсақ. Польшадан Қазақстанға жасалатын экспорт 50%-ға, ал Қазақстаннан Польшаға тасымалданатын тауар көлемі 80%-ға өскен. Шын мәнінде бұл «мақтануға тұрарлық мөлшер» деп мәлімдеді ел басшылары.

«Дегенмен экономикалық байланысты бұдан да жоғары деңгейге көтеруге болады», – дейді сала сарапшылары. Әрине олардың тілге тиек етері – қазақ-поляк әріптестігінің тым әріден тамыр тартандығы.

Бірақ екі мемлекеттің географиялық орналасуы орынсыз жайттарға жолықтырғаны және бар. Қос тарап тауар тасымалдауда орта тұстан тұтанған оттың әсерін әжептеуір сезінді. Әсіресе Польша жағына ауыр тигені анық. Өйткені орыс пен поляктың тіл табысуы да тым күрделі. Оған түрлі тарихи оқиғалар себеп.

Әрине бұл қағылған қазықтай қағида емес. Өмір өзгереді, өмір өзгертеді. Оның үстіне жаһандық ахуал ықпалдаса қам-қарекет қылуды талап етіп отыр. Сондықтан Қазақстан «ашу шақырғанға басу айтып», қай мемлекетпен де ортақ мәмілеге келуді орынды санайды. Польшамен серіктестікке серпін беруіміз – сол сөзіме дәйек.

Он жылдан кейінгі сапар. Польшаның бұрынғы Президенті Лех Качинский Қазақстанға 2007 жылы келген екен. Содан кейін міне осы аптада Поляк елінің қазіргі басшысы Анджей Дуда Астанаға арнайы ат суытты. Мемлекеттік сапардың жоралғысына сай Польша Президентіне бар құрмет көрсетілді.

Екі ел басшысының әңгімесі әріден басталды. Нақтырақ айтсақ, Елбасының былтырғы Варшаваға жасаған сапары сөз болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев поляк халқының қонақжайлылығын тағы бір еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я с большим удовольствием вспоминаю мой визит в прошлом году, ваше теплое гостеприимство, такие контакты говорят о том, что у нас есть большое желание сотрудничества между странами. Казахстан открыт для польских бизнесменов, добро пожаловать.

Бірнеше жылдан бері бірізбен келе жатқан байланыс былтыр бүршік жарды. Оны Анджей Дуда айтты. Елбасының Польшаға баруы көп істің көбесін сөкті. Бір мысал – біздің экспорт осы жарты жылдықта 80%-ға өскен.

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Президент мырза, мені Астанаға шақырғаныңыз үшін алғыс білдіремін! Қазақстанға келгеніме қуаныштымын! Сіздің өткен жылғы Польшаға жасаған сапарыңызды мен де ерекше атап өткім келеді. Сіздің сол қадамыңыз екі елдің экономикалық байланысына серпін берді. Нақтылап өтсем, біздің экспорт 50%-ға артса, сәйкесінше сіздің елден келген импорт көлемі 80%-ға ұлғайды.

Былтыр екі елдің тауар айналымы 759 млн доллар болса, осы жылдың 6 айындағы көрсеткіш 315 млн АҚШ ақшасына тең болған. Әрине, мақтан етуге келмес, бірақ бұл сандарды еселеуге екі ел мүдделі. Польша Президенті: «Алдағы уақытта 3 млрд долларға сауда жасауға тырысамыз», – деп сөз айтты. Оның алғышарты былтыр жасалғанын жоғарыда жеткіздік.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы разделяем общие принципы и подходы по международной проблеме. За прошедший год в Казахстане появилось 10 новых предприятий с участием польского капитала. Вложено около 100 млн долларов. Согласно польским данным, ещё больше. Приток инвестиций в Польшу за один год составил 207 млн долларов. Уверен, с учётом динамичного развития наших отношений, экономик, зная, что в этом году польская экономика может вырасти на 4%, в Казахстане тоже 4%, рост позволяет нам смотреть в будущее с оптимизмом.

Дүние жүзі банкінің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 35-ші орында. Міне біздің елде инвесторға бар жағдай жасалғанын осы сан айғақтап тұр. Поляк бизнесмендеріне біздің жүйе ұнағандықтан қаржыларын салып жатыр. Оның сыртында біз визалық жеңілдікті қарастырдық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы готовы помогать друг другу также в формировании современной транспортной инфраструктуры для ускоренной доставки грузов из Азии в Европу и наоборот. Долгожданным событием стало открытие 28 мая прямого авиасообщения между Астаной и Варшавой и то, что мы убрали визовый режим между нашими странами, этого же мы просим у польской стороны.

Бұл игі қадам Польшаның қалталы азаматтарына оң әсер еткенін Анджей Дуда жасырмады. Алдағы уақытта бұл үрдістен үлгі алып, визасыз режімді орнатуға күш салатынын хабарлады.

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Поляк компаниялары Қазақстан нарығында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оларға 30 күнге дейін виза режімін алып тастау әрекеті оң септігін тигізіп отыр. Бұл игі қадам іскерлік байланыстармен қатар, туристік сапарларға да жеңілдік беруде. Қазақстаннан бизнесмендер мен туристердің Польшаға визасыз келуін қолдаймын. Президент мырза, бізге сенім арта беруіңізге толық негіз бар.

Польша Президенті әріптестікті әрлі етуге ниетті. Оны Анджей Дуданың әр сөзінен аңғару қиын емес. Бір емес, бірнеше саладағы ынтымақты сөз еткен ол білім мен ғылымға ерекше тоқталды. Тиісінше «Қазақстандық жастардың Польшаға келіп, оқуын қолдаймын», – деді. Қазақстанның 27 жоғары оқу орны мен Польшаның білім ордалары арасында келісім бар. Соның негізінде бұл бағыттағы байланыс арта түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Также приветствуем развитие научно-образовательного, культурно-гуманитарного уровня, и не забываем о созидании нашего партнёрства, особая роль принадлежит 32-тысячной польской диаспоре, которая в Казахстане живет, это наши граждане.

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Поляк тілінде жетік сөйлейтін Қазақстанның жас азаматтарымен кездесудің өзі бір ғанибет. Олардың саны артып келе жатыр. Бұл – қуантарлық жайт. Осы жолдан таймай жастар арасындағы байланыстың да нығайғанын қалаймын. Біліммен қатар жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтың берік болуын дұрыс деп білемін.

2018 және 2019 жылы Польша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне кіреседі. Бұл сында Қазақстанның қолдау білдіргенін Анджей Дуда атап өтті. Ол әлемді бейбітшілікке үндеген біздің елдің әрекетін құп көріп, оны үлкен іске балады.

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Қазақстан әлемді бейбітшілікке бастайтын игі істерді атқарып отыр. Оны біз Сирия келіссөздерінен анық аңғарамыз. Бұл қадамдар шам еліндегі текетірестің тоқтатылуына бағытталды. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның рөлі ерекше деп білемін. Сіздердің тәжірибелеріңізді ескере отырып, ендігі жылы біз де Қауіпсіздік кеңесінен өз ұсынысымызды жеткіземіз. Осы бағытта да ынтымақтастыққа әзірміз.

Кездесу соңында Польша Республикасының басшысы 2022 жылы EXPO көрмесін өткізуге ынталы екенін жеткізді. Бұл сында бәсекелестер көп. Бірақ олардың жеңіске деген сенімдері бар. Өйткені бұл ел қолдаушы мемлекеттерге арқа сүйейді. Соның бірін Қазақстан біледі.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Айдос Меделбеков

4. Қазақстан-Польша бизнесі

Қазақ пен поляктың тегі бір болмаса да, тілегі – ортақ. Ол ортақтықты тағдырдың өзі тарту еткендей. Себебі солақай саясаттан соққы көргендердің қатарында поляк халқы да бар. XVIII ғасырдың аяғын ала Австрия, Пруссия және Ресей империялары Польшаны бөліске салады. Сөйтіп бұл ел саяси сахнамен қоштасады.

Алайда араға жылдар салып, түрлі тарихи оқиғалардың орайына қарай қайта аяққа тұрудың амалын қылады. Дегенмен бұрынғы бостандық көзден бұлбұл ұшып, бодандықтықтың қамытын көпке дейін киіп қалады. Осылайша Польша азаматтарының азаттық жолындағы азапты күресі басталады.

Сол сәтте өктемдікке қарсылық білдірген Янушкевич сынды қайраткерлер Қазақ жеріне айдалады. Міне осындай тарихи себептермен қазақ-поляк арасында қатынас орнайды.

Айта кетерлік жайт, жер аударылған поляктардың біздің халыққа зиянынан гөрі пайдасы көбірек тиді. Яғни олар көшпелі қазақтың көшелі сөздерін, кемеңгер ойларын қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдыруда біраз еңбек сіңірді. Мәселен Адольф Янушкевичтің қара қылды қақ жарған Құнанбай жайлы жазған естеліктерінің бірін еске алсақ.

«Құнанбай – бұл қосылмаған кезде тоқтайтын сөйлеу машинасы. Оянысымен өзінің қызыл тілін іске қосып, ұйқыға кеткенге дейін тынбай сөйлейді. Әр минут сайын оған кеңес сұрай қазақтар келеді, ал ол әр үш сөзге шариғаттан дәлел келтіреді. Оның есте сақтауы адам таңғалғандай, барлық өкімдер мен бұйрықтарды кітаптан оқығандай келтіреді», – деп қалам тербепті Янушкевич. Бұл – өткенімізді біліп, өшкенімізді қайта жағуға үлесін қосар құнды дерек. Тап осы сарындағы сан мың мысалды алға тартып, поляктардың адалдығы туралы талмай айтуға болады.

Осынау тамырын тереңнен тартқан рухани байланыс бүгінде кең етек алып, екі елдің стратегиялық серіктес болуына септігін тигізуде. Анджей Дуданың Астанаға сапары аясында өткен Қазақстан-Польша бизнес форумы – соның айғағы.

Екі елдің де бизнесмендері таң сәріден бір-бірімен емен-жарқын сөйлесіп, байланыстарын бекемдей түсуге мүмкіндік алды. Қазақстан мен Польша кәсіпкерлерінің ұстанымдары бір, мүддесі ортақ. Ол – қос ел арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті еселей түсу. Тараптардың талаптары зор, бұл тұрғыда тәжірибесі де мол. Сол себепті де қос елдің Президенттері Қазақстан-Польша бизнес форумына арнайы келіп, кәсіпкерлерге барлық бағытта қолдау білдіруге дайын екендерін байқатты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қашан да инвестициялық климат ел игіліне жұмыс істеуін жіті қадағалайды. Шетел инвесторларына алаңсыз қызмет ету үшін тиісті шаралар қабылданып, қыруар жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде Қазақстандағы оңтайлы бизнес климатты әлем елдері мойындап отыр. Елбасының қолдауымен елімізде ашылған шетелдік инвесторлар кеңесі – соның айғағы. Бұл тұрғыда Поляк бизнесмендерінің бағы бес елі. Қос елдің ортақ бастамалары жүйелі жүзеге асуы үшін үкіметаралық комиссия мен қатар арнайы жұмыс тобы құрылып, тиісті шаралар атқарылған. Нәтижесінде биылғы көрсеткіш өткен жылға қарағанда көңіл көншітерлік.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Рост товарооборота в этом году - экспорт из Казахстана на 80%, импорт из Польши на 60%, говорит сам за себя. Да, в прошлом году товарооборот снизился, потому что цены на биржевые товары снизились. Наша задача, в том числе форума - найти пути и контакты, чтобы нам выйти на тот уровень, который необходим в наших отношениях. Польские граждане в Казахстане освобождены от взаимных визовых требований. Хотелось бы, чтобы польская сторона тоже приняла такое решение.

«Қазақстан – Еуразияның қақ ортасында орналасқан бірегей мүмкіндікке ие мемлекет», – деп атап өтті Елбасы. Оған бір ғана Ұлы Жібек жолы дәлел. Қазақстан «Бір жол – бір белдеу» бастамасына қосылу арқылы транзиттік әлеуетін нығайтты. Демек Польша сынды Еуропа елдеріне Қазақстан бірегей мүмкіндік болмақ. Оған мысал – 2020 жылы Қазақстан арқылы млн контейнер жөнелтілмек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Казахстан находится в сердце Евразии, является частью Великого Шелкового пути. Мы полностью поддержали идею КНР и не только присоединились, но и развили Шелковый путь, построили автобан от китайской границы до Каспийского моря и с выходом через Россию в Европу от китайской границы до Каспийского моря и на юг через Иран в Персидский залив. Все эти трассы могут быть использованы китайскими партнерами. А Польша находится в центре Европы. Такие географические положения говорят, что мы обязаны сотрудничать между собой.

Польшаның ауыл шаруашылығы саласындағы тың бастамалары біз үшін өте маңызды. Осы тұрғыда Президент поляктарды елімізде агроөнәркәсіп кешенін бірлесе дамытуға шақырды. Бұл ретте экономикалық кәсіпорындарды қаржыландыру, энергетика және тау-кен өнеркәсібі назардан тыс қалмады. Өңірлік инфрақұрылымды дамыту бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен әр ел үшін маңызды. Осы орайда Елбасы еліміздің туризм саласын да тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы придаем большое значение развитию всех видов туризма: от делового до экологического и духовного. Я думаю, Казахстан в этом плане еще неизвестная страна. Я думаю, здесь таких красот, которые в мире никто не видел. Я господина Президента просил на подольше приехать, самому поездить. От Каспийского моря до границы с Китаем 3,5 тысячи километров и с юга на север 2,5 тысячи километров. Казахстан имеет все мировые зоны: от высот горных, степь, север, лес. Все зоны, которые в мире есть, все имеются.

Бүгінде Қазақстанда Польшаның қатысуымен 115 кәсіпорын кәсіптен нәсіп тауып отыр. Бұл орайда фармацевтика компанияларының орны бөлек. Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі меймандарды Қазақстандық бағдарламаларға барынша атсалысуға шақырып, екіжақты экономикалық ынтымақтастық аясында сәтті іске асырылып отырған ортақ жобаларға да тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Примером успешного партнёрства я бы назвал фармацевтическую компанию «Польфарма». Я следил за этой компанией, потому что почти миллиард долларов импортирует лекарственные средства. Поэтому строительство фабрик здесь в Казахстане нужно, и мы создаем все условия. На территории СЭЗ «Астана новый город» компания «Селена групп» реализовала проект по производству строительных материалов. Завод «КазТехМаш» запустил в Петропавловске производство сельхозтехники, используя технологии польской «Пронар». В целом в Казахстане действуют 115 предприятий с польским участием.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жеделдетілген жаңғыру үдерісі қос елдің экономикалық көкжиегін кеңейтуге қосымша пәрмен беретінін атап өтіп, бұл тұрғыда өз ойын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Будем рады работать с польскими компаниями, которые желают у нас. Я знаю, сегодня прошел форум в этом зале. 450 человек, более половины наших польских друзей. Вы уже провели три сессии, познакомились, узнали друг друга. И мы с президентом Польши пришли сказать вам, чтобы вы также дружили, как мы, президенты, дружим.

Польша Республикасының Президенті Елбасының әр бастамасын толықтай құптап, қолдайтынын жеткізді. Оның пайымдауынша, қос елдің еңсесін тіктеу жолында Қазақстан Президентінің орны бөлек. Алдағы алты жылда тауар айналымын 6 млрд долларға жеткізуді көздейтінін айтты Польша Президенті.

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Құрметті Президент мырза, бизнесмендермен осындай кездесу өткізуге мүмкіндік бергеніңізге тағы бір мәрте алғысымды айтамын. Қос елдің де кәсіптен нәсіп табуға ниетті ортақ мүддесі бар бизнес өкілдерінің көбеюі бізді қуантады. Мен алдағы алты жылда Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы 6 млрд долларға жеткенін қалар едім. Қазақстанды бүгінде күллі әлем елдері таниды. Осы орайда мен Қазақстанның кәсіпкерлерін Поляк бизнесмендерімен жұмылған жұдырықтай жұмыс жүргізуін қалаймын.

Польшаның Орталық Азия елдерімен жасаған жалпы тауар айналымының 80%-дан астамы Қазақстанға тиесілі. Ендігі меже осы көрсеткішті еселей түсу. Осы орайда тараптар әртүрлі салада 24 халықаралық келісімшартқа қол қойды. Мамандар бұл бизнес форумның нәтижесі мол болатынына сенімді.

Евгений Шульгин, шетелдік компания өкілі (Fiab Менеджері):

-Компания 60-шы жылдардан бері нарықта жұмыс істейді. Біз жеткізетін құрылғыларды әлем бойынша бірнеше компания ғана шығарады. Осы жылдар ішінде қазақстандық кәсіпкерлермен байланыс орнатып үлгердік. Бірлескен жобаларымыз да бар. Жемісті жұмысымыздың нәтижесін EXPO көрмесінен көруге болады. Болашақта тағы қазақстандық компаниялармен серіктестік орнатуға ниеттіміз.

Аян Еренов, Қазақстан сыртқы сауда палатасының төрағасы:

-Екі ел фармацевтика мен ауыл шаруашылығы саласынан бөлек IT, энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру мен мұнай-газ және қызмет көрсету саласында серіктес болуына мүмкіндік мол. Шараға Польшадан 250-ге жуық кәсіпкер келді. Статистикаға сүйенсек, қазір елімізде 1 000-ға жуық Польша бизнесмені жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан-Польша бизнес форумына арнайы келген мамандар еліміздегі 10 арнайы экономикалық аймақ пен инвесторларға жасалатын жеңілдіктерге ерекше қызығушылық танытып, тарқасты.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Ғани Алшынбаев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

5. Жаһандық жүлде

Бизнес бастау үшін қалтаңыз қалың болмаса да, әйтеуір әліңді танытарлықтай тиын-тебенің болғаны дұрыс. Әйтпесе «кәсіптің көрігін қыздырамын» деу құр әурешілік. Сонда «бір жалақыға қарап отырамын ба?» деп жауап қатасыз-ау. Әрине, жоқ. Банкке барып, несие аласыз. Сосын қарызға белшеден батасыз. Себебі пайыздық үстеме дегенің – «үскірік аяздай». «Тонды екен» деп аямайды.

Дегенмен бұл қағидаға бағынбайтын «басқаша банкинг» бар. Онда пайыздық үстеме мүлдем жоқ. Ол – Исламдық қаржы жүйесі. Шариғат шарттары негізінде жұмыс істейтін атаулы жүйе «ақша ақшадан туындай алмайды және туындамауы тиіс» деген ұстанымға берік.

Осындай артықшылығының арқасында Ислам қаржысы желден де жүйрік жылдамдықпен дамып келеді. Оның қазіргі жаһандағы жылдық айналымы 2 трлн доллардан асқан. Ал 2020 жылға қарай 3 трлн-ға табан тірейді деген болжам бар. Бүгінде Мұсылман мемлекеттерінің ғана емес, күллі дамыған елдердің дидары соған ауып тұр.

Біздің тарап та атаулы қаржы институтының пайдасын өзге елдерден ерте біліп, енгізген. Нәтижесінде Қазақстан ТМД мен Орталық Азияда көш бастап тұр. Оған нақты дәлел ретінде «Исламдық қаржыландыруға қосқан үлесі үшін берілетін сыйлықтың» 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталуын алға тартсақ тап келеді.

Ал биыл сол ерекше марапат Елорда төрінде тапсырылды. Салтанатты рәсімге мұсылман әлеміне танымал банкирлер мен қаржыгерлер жиналды. Ислам қаржысы саласындағы жүлде тек үздік тәжірибелер мен салалық лидерлерге ғана беріледі. Ол – осы бағыттағы ең беделді әрі мәртебелі сыйлық. Жыл сайын 50 категория бойынша үздіктер марапатталады.

Жоғары жүлденің бірін 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев та алған еді. Ислам қаржысы саласында әлемдік көшбасшы атанды. Биыл бұл марапатты Мемлекет басшысы Джибутидің Президентіне тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен 2014 жылы Дубай қаласында Ислам қаржысы саласындағы әлемдік көшбасшылық үшін сыйлығына ие болдым. Енді бұл марапатты Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллеге тапсыру мен үшін зор мәртебе. Бұл марапат оған Ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамытудағы зор жетістіктері үшін беріледі. Менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз.

Исмаил Омар Гелле, Джибути Республикасының Президенті:

-Құрметті Президент мырза, мұндай беделді марапатқа ие болу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – біздің ел мен бизнесмендердің ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Исламдық қаржыландыру – экономика үшін тиімді жүйе. Оны дамытуға біздің қосқан үлестің ескерілгені үшін алғыс білдіремін!

Исламдық қаржы – әлемде қарқын алып келетін индустрияның бірі. Елбасының айтуынша, оның 1 жылдық айналымы 2 трлн доллардан асады. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 трлн-ға жетеді. Бір қызығы, Исламдық қаржыландыру мұсылман елдерімен шектелмейді. Оның өкілдіктері Австралия, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ, Франция мен Жапония да бар. Жүйе жаһанды мойындатты деуге болады. Ал Қазақстан Исламдық қаржыландырудың ТМД-да көшін бастап тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-«Рейтер» агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан 2015 жылы Ислам инвестициясы үшін қолайлылығы жағынан 5-ші орынға ие болды. Бұл рейтингте ИЫҰ-ға мүше 57 ел бар. «The Boston Consulting Group» компаниясының зерттеу нәтижелеріне сәйкес Исламдық қаржыландыру активтерінің Қазақстандағы әлеуетті 2025 жылға қарай 23 млрд долларға жетуі мүмкін. Қазір Қазақстанда банкинг сақтандыру, лизинг салаларында бірнеше Ислам қаржысы ұйымдары жұмыс жасауда.

Елімізде Ислам банкингін енгізу 2009 жылы қолға алынып, тиісті заң қабылданды. Бір жылдан соң «Әл-Хилал» банкі құрылса, биыл «Заманбанк» деп аталатын тағы бір қаржы ұйымы ашылды. Бұдан бөлек, Қазақстан Ислам даму банкімен де тығыз байланыста.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазақстан Ислам даму банкімен тығыз жұмыс жасауда. Ол Ислам қаржысы мен банкингі индустриясын дамыту ісінде Қазақстанның басты әрі стратегиялық серіктесінің бірі саналады. Бүгінде Банк тобы тартқан займдар есебінен жалпы құны 500 млн долларға жуық 23 жоба іске асырылды. 900 млн долларды құрайтын жаңа 12 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай көмек EXPO көрмесі аясында құрылатын «Астана» қаржы орталығына да берілуде.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің үздік тәжірибелерін топтастырмақ. Құрылым ағылшын құқығына негізделген. Президент шараны пайдалана отырып, осы жобаға көпшілікті атсалысуға шақырды.

Саясат Нұрбек, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры:

-Қазіргі таңда «Астана» қаржы орталығының төртінші басым бағыты Исламдық қаржыландыру болып табылады. Осы басым бағыттың шеңберінде біздің негізгі мақсатымыз – Қазақстанда Исламдық қаржыландырудың алғышарттарын, яғни нормативтік-құқықтық базасын нығайту және «Астана» қаржы орталығының платформасын қолданып, осы нарыққа ірі Ислам қаржыландыру ұйымдарын шақыру. Сұраныс өсіп келе жатыр.

Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлықты тапсыру рәсімі ИЫҰ-ның ғылым мен технология жөніндегі саммиті қарсаңында өтті. Ертең елордада ондаған мұсылман елдерінің басшылары бас қосып, көкейкесті түйткілдерді талқылайтын болады. Исламдық қажыландыру – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев

6. Екеуара кездесу

Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болған Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллемен Нұрсұлтан Назарбаев жеке кездескен еді. Елбасы мәртебелі мейманды марапатымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән беретініне тоқталып, Джибути Республикасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын тілге тиек етті. Ал Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оның Астанаға келген екінші сапары екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я рад вновь приветствовать Вас, господин Президент. Мы встречались на 11-м форуме Исламской организации. Ваш визит сейчас совпал с EXPO 2017. Ваша страна отметила 40-летие своей независимости. Вы заслужили награду исламских финансов. Я Вас поздравляю! Казахстан придает значение сотрудничеству с африканскими странами. Ваша страна – важный пункт во всей логистике, вплоть до стран африканского континента. Добро пожаловать!

Исмаил Омар Гелле, Джибути Республикасының Президенті:

-Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңғаларлықтай өзгергенін атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан бүкіл Ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр. Біз қашан да Сіздің Африка елдеріне деген ілтипатыңызды сезінеміз.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Африка құрлығының адам шошырлық ахуалын биік мінберден айтып, түйткілдің түйінін тарқатпаққа талпынуда. Дегенмен қандай да бір ортақ мәмілеге келу әзірге мүмкін болмай отыр. Себебі өз ұртын толтыруды ғана көксейтіндердің көптігі кері әсерін тигізуде.

Қалай болған күнде де Қазақстан «соғыссыз әлем» құру жолындағы бастамаларынан бас тартпайды. Біз – бейбітшіліктің туын берік ұстаған елміз. Естеріңізге сала кетейік, келесі аптада «Астана процесінің» кезекті раунды өтеді. «Адамзат үміті үкіленеді» деген сенімдеміз.

7. ЕХРО 2017

Ала жаздай алты құрлықтың назарын Астанаға аударған EXPO 2017 көрмесі де көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Ертең халықаралық шараның шымылдығы жабылады.

Бұл көрме кеше өсектің сан түріне салынып еді. Ал бүгін сол сылдыр сөзге жол бергендердің өзі қалашыққа қимай қарап, «EXPO бола берсе» деп бұртиып жүр.

Әсем Қабылбек, тілші:

-Әне-міне дегенше 90 күн өте шықты. Бүгін ЕХРО аумағында соңғы жұмыс күні. Осы уақыт аралығында мыңдаған маман түрлі тәжірибеден өтті десек болады. Қатысушы елдер өз жобаларын ұсынса, мамандар нағыз сынақтан өткенін айтады.

Солардың бірі – Жапониядан келген Козасса Мизуки. Бойжеткен 3 ай бойы күншығыс елінің баламалы энергияға қатысты жетістіктерін таныстырды. Өз міндетіне жауапты. Алдыңа келген мейманның көңілін табу оңай емес. Психолог болуың шарт. Көрме тақырыбына сай ұсынылған жобаларды түсіндіру қажырлы еңбекті талап етеді. Бір тамшы мұнайы жоқ ел сумен жүретін көліктерді құрастырып, жұртты таңғалдырды.

Козасса Мизуки, Жапония павильонының қызметкері:

-Бұл – Жапония павильоны. Мен таңертеңнен бастап күнде осы павильонда қазақтарға, әр қонаққа Жапонияның технологиясы қандай екенін түсіндіремін.

Көрменің соңғы күні Жапонияда 2005 жылғы EXPO-ның символына айналған Моризо мен Киккоро көпшіліктің көңілін көтерді.

Козасса Мизуки, Жапония павильонының қызметкері:

-Ол кейіпкер – біздің символ. Оның аты – Моризо. Ол Жапонияда EXPO болғанда біздің ресми символ болып жұмыс істеген. Сонымен қатар ол – Моризоның досы. Оның аты – Киккоро.

Павильон қызметкерлері: «Қазақстан туралы ой түйдік», – дейді. Қазақ пен мейман – егіз ұғым. Ал жапон мен қазақ ұқсас. Дәстүрге берік.

Козасса Мизуки, Жапония павильонының қызметкері:

-Астанаға келгенде қазақтар өте мейірімді және пысық екенін көріп, таңғалдым. Себебі Астанада жас қазақтардың барлығы ағылшынша, орысша, қазақша да көп сөйлейді. Әр түрлі тілді өте жақсы біледі.

Француздардың EXPO-да ұсынған жобалары өндірістік тәжірибеде кеңінен қолданылады. «Жасыл» энергетика саласындағы технологиялар көпті таңғалдырғаны рас. Бірнеше қазақстандық компаниямен келісімге қол қойып үлгерген.

Паскаль Лоро, Франция павильонының Бас комиссары:

-Қазақстан халқына ерекше ықыласы үшін алғыс айтамын! Бізді жатырқаған жоқ. Мен 4 айда үлкен тәжірибе жинадым. Франция көрмеде инновацияға ерекше көңіл бөлді. Энергия алу мен оны үнемдеудің түрлі тәсілін көрсеттік. Фибробетон – «ақылды қала» үшін таптырмас материал. Павильондағы кейбір экспонаттарды Шанхайдағы музейге жібереміз. Қалған дидактикалық материалдарды өздерінің сұрауы бойынша Оқушылар сарайына өткіземіз.

Қазақта «Тайдың мінісі, баланың жұмысы білінбейді» деген сөз бар. EXPO-ның ойдағыдай өтуіне барынша атсалысқан еріктілердің еңбегі ерен. Қызылорданың тумасы Аружан Қайратбек үшінші лекпен Астанаға келген. 2 курс студенті қатаң іріктеуден өтіпті. Болашақ ағылшын және корей тілдерінің мұғалімі.

Аружан Қайратбек, ерікті:

-Бұл – ерікті ретіндегі менің бірінші тәжірибем. Өте қызықты, түрлі адамдармен кездесесің. Жаңа орта, түрлі ойлар. Ерікті болу үшін толерантты болу керексің. Адамдардың түрлі қылығына үйренесің. Қандай жағдай болса да, әрқайсысын күлкімен қарсы аламыз.

EXPO көрмесі аяқталған соң әр нысан халық игілігіне жұмыс істейді. Қазақстанның павильоны «Нұр Әлем» мұражай ретінде қызметін жалғастырады. Көрме басталғалы келу жағынан рекорд жаңартқан нысан. Сферадағы көрнекі бұйымдардың тұжырымдамасын жасаған германиялық маман Раид Сабба жобалауға 2015 жылдан бастап атсалысқан.

Раид Сабба, Болашақ музейі тұжырымдамасының жетекшісі:

-Ғылыми негіздегі жобаларды көпшілікке түсіндіру басты мақсатымыз болды. Бұл бағытта көп еңбектендік. Келушілер көрнекі бұйымдардың мән-мағынасын кемінде 1 минуттың ішінде түсіне алады.

Тәуелсіздік тарихында Қазақ жерінде дәл осындай ұлан-асыр той болған емес. Бұл – біздің елдің халықаралық шара өткізудегі алғашқы тәжірибесі. EXPO-да Қазақстан таңдаған «Болашақ энергиясы» тақырыбы күллі адамзатқа ортақ. Ертең көрме салтанатты түрде жабылады. Көңілде қимастық сезім бар. Ұйымдастырушылар шараның жабылуы ерекше болады деп сендірді.

Борислав Володин, жабылу салтанатының бас продюсері:

-EXPO-ның жабылу салтанатында бізге қойылған басты міндет – көрменің жетістігін көркем формада көрсету. Отшашудың тұжырымдамасы көрменің ашылуындағыдан сәл өзгешелеу болады.

Көрме аяқталар тұста келушілер саны бұрынғыдан да еселеп артқан. Билет алуға ұзын-сонар кезекте тұр. Бас шаһарда қауіпсіздік шаралары қатаң күшейген. 4 мың тәртіп сақшысы жұмылдырылмақ. Ертең яғни, 10 қыркүйекте көрме жабылатын күні де павильондар кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал түнгі 21:00-дан аса бұрын-соңды еш жерде болмаған мерекелік отшашу басталады. «Нұр Әлем» павильоны да түрлі-түсті жарықпен жұптасып, шоу көрсетеді. Осылайша Қазақ жерінде өткен көрме тарих қойнауына енбек.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Айдос Меделбеков

Халықаралық EXPO 2017 көрмесінің жабылу салтанатын ертең кешке біздің арнадан тікелей эфирде көре аласыздар! Заманауи технологиялардың жетістігі паш етілетін, таңғалдырар қойылымдарға толы концерттік кештен қапы қалмаңыздар!

Бұл көрме Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын арттырып қана қойған жоқ. Сонымен қатар болашақтың энергиясын өндіруге мүмкіндік тудыратын «жасыл» технологияларды көріп-білуге және оны меңгеріп, іске асыруға айтарлықтай үлес қосты. Енді қалашық ғимараттарында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен бүгінгінің техникасын тізгіндеумен айналысатын арнайы орталықтар орналасады. Олар ел келешегінің кемел болуына ықпал ету үшін еңбек қылуға тиісті.

8. Рухани жаңғыру

Бұл орайда біздің халыққа кертартпа қасиеттер мен қасаң қағидалардан бойын аластауы анық қажет. Өйткені мына заманда адам санасы ашық болмаса, дүниенің тозығынан қашық, озығына асық болу мүлдем мүмкін емес. Ойы «отбасы – ошақ қасынан» ары аспайтындар алысқа шаппайды. Демек рухани жаңғырудың да тап керек шағында келіп тұрғанын түсініп, өзімізді өзгертуге тырысқанымыз абзал.

Еліміздің рухани мұрасы тағы бір құнды жәдігермен толықты. XIX ғасырдағы ұлы тұлға, ақын, сазгер Ақан Серінің домбырасы. Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайына қойылды. 150 жылдық тарихы бар домбыраны мұражайға саналы ғұмырын Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арнаған танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған. Жазушы Көкшеге сапарында домбыраны Ақан Серінің ғашығы Ақтоқтының ұрпақтарынан алған екен.

Жаңа жәдігерлер

Ертіс өңіріндегі Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қоры да құнды жәдігерлермен толықты. Мәдени ошақ мамандары Ресейдегі он шақты ауылға этнографиялық экспедициямен барып келді. Олжа болған жәдігерлердің ең құндысы – XX ғасырдың басында қазақ билерінің біріне тиесілі болған кісе белбеу. Күміспен көмкерілген белдікті Омбы өңірінің тұрғындары тарту етіпті. Жәдігерлер қалыпқа келтірілген соң, жалпақ жұрттың назарына ұсынылады.

Гүлнәр Нұрахметова, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

-Кісе белбеу теріден жасалған, күміспен әшекейленген. Жалпы музейдің 40%-ы осы экспедициялардың нәтижесінде жасалған экспонаттар деп айтуға болады.

Қалпына келтіру жалғасады

Көне Сарайшық қаласының орнындағы қазба жұмыстарына Ресей археологтары да атсалыса бастады. Қазір мұнда қазба жұмыстарымен қоса Жайық өзені шайып кетпес үшін жағаны бекіту қолға алынған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң Сарайшық қалпына келтіріліп, ашық аспан астында музей жасақталмақ.

Вячеслав Плахов, ресейлік археолог:

-Астрахань облысында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған кейбір жәдігерлер бұған дейін түсініксіз болып келген еді. Сарайшықты қалпына келтіру барысында біртұтас тарихи дерек табамыз деп ойлаймын. Ол екі елдің ортақ тарихын, мәдениетін айғақтайды.

Көсем тұлға сыры

Осы аптада Атыраудағы облыстық тарихи өлкетану музейінде Бейбарыс Сұлтанға арналған көрме ұйымдастырылды. Мәмлүктердің шолақ мылтығы XIII ғасырда Мысырда соғылған алтын теңгелер мен қайқы қылыштар. Бұл – Бейбарыс Сұлтанға арналған мүйісте сақтаулы жәдігерлер. Мақсат – өскелең ұрпақ жадында батыр бабамыздың есімін жаңғырту.

Киелі орындар тексеріледі

Ал Павлодар тарихшылары өңірдегі киелі орындардың жағдайына алаңдаулы. Айтуларынша, көбісі күрделі жөндеуді, абаттандыруды қажет етеді. Жергілікті «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жанындағы сарапшылар тобы арнайы зерттеу экспедициясын жасақтады. Енді өңірдің қиыр-қиырын аралап, қасиетті орындарды жіті тексереді. Аймақ ғалымдары қазірге дейін 66 киелі орынды тізімге қосыпты.

Авторы: Гүлмайра Қуатбайқызы

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.