Хабар телеарнасы

Жеті күн 16.09.2017

Сюжеты
1. Елбасының Өзбекстанға сапары 2. Елбасы ІТ-жобалары көрмесімен танысты 3. Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесті
4. Елбасы кездесулері 5. Әліптің артын бағайық 6. Жаһандық жаңғыру
7. ЕХРО-2017 көрмесінен кейін 8. Орақ-2017 9. Рухани жаңғыру

1. Елбасының Өзбекстанға сапары

Өткен апта инновацияға иық бұру тұрғысынан өзекті оқиғаларға толы болды. Үш айға созылған халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі қорытындыланып, «Болашақтың энергиясын» өндіруге бағытталған «жасыл технологияларға» жан бітірудің жайы қаралды.


Сонымен қатар Астанада ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі алғашқы саммиті өтті. Бір жарым миллиард адамды біріктіретін ұйымның бір мақсат жолында жұмылуына Елбасы себепкер болған. Бұл бастаманың берері мол екендігі талқыға салынған тақырыптардың өткірлігінен байқалады. Мәселен, мұсылман әлеміндегі ауызбіршіліктің аздығы, ислам дүниесінің артта қалуы сынды мәселелерге бас мән берілді. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев ондаған елдің басшысымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты қарқынды ету турасында тілдесті. 

Осы аптада Елбасы отандық және шетелдік журналистермен жүздескен еді. Сонда атаулы шаралардың маңыздылығы жөнінде Президент пайым қылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ғылым мен технологияның ең ұшқыр бүгінгі қойып отырған мәселесі – баламалы энергия. Технологияның ең үздік ашылымдарын осы көрмеде көрді. Еліміздің барлық өңірінен делегациялар келді. Ғалымдарымыз, министрлік мамандары өз жұмыстарына қажет тәжібире жинады. Көрме бітті. Көрме біткеннен кейін қалған ғимараттар құр қалмайды. Біздің қазақстандық павильон музей ретінде жұмыс істейді. Ал екі павильон Дүниежүзілік қаржы орталығы болады. Бір ғимаратта IT-стартаптар паркі ашылады. Сол жерде ғылыми жаңалықтар шығарылады. Тағы бір павильонда мектептің балаларын белгілі бір мамандықтарға баулиды.

Осындай баянды болашаққа бастар оқиғалар осы «Жеті күнде» де жалғасын тапты. Елбасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасымен танысып, басымдық берілуі тиіс тұстарына баса назар аударды. Цифрландыру жайын сәл кейінірек сөз етеміз.

Ал қазір Мемлекет басшысының Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарын әңгімеге арқау етейік. Төскейде малымыз қосылған ала шапанды ағайынмен аралас-құраластығымыз алға баспаса, кері тартқан емес. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев араны суытпай, арагідік кездесіп тұрады. Әр кездесу екіжақты байланысты берік етіп, бірлескен кәсіптерге көрік беруде. Әсіресе биылғы 22 наурыздағы жүздесудің жөні бөлек.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Между Узбекистаном и Казахстаном сегодня нет нерешенных проблем. Ни территориальных, ни пограничных, ни политических, ни экономических. Мы открыты как чистый лист, чтобы заполнить благими делами на благо обеих наших народов. Считаю, что это огромный успех первого визита Президента Узбекистана в нашу страну, который открывает новый исторический этап между странами.

Расында, сол кездесуден кейін қазақ-өзбек қарым-қатынасының жаңа бір кезеңі басталды. Экономиканың барлық саласы бойынша жол картасы қабылданып, іскерлік байланыстың ілгері басуына мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде министрлер мен өңір басшылары деңгейіндегі басқосулар да жиілеп, тараптардың ортақ жұмысы жүйесін тапқандай. Күн өткен сайын сауда айналымының саны да, сапасы да артып келеді.

Осы тұста соңғы он бір жылдағы статистиканы сөйлету арқылы сөзімізді салмақты етсек. Он бір жылда Өзбекстаннан Қазақстанға 12,6 миллион доллар инвестиция құйылыпты. Ал бізден оларға 258,2 миллион доллар ақша салынған. Айырмашылық – ай мен күндей. 

Сауда айналымының көлеміне келсек, 1,5 млрд долларға жуықтайды. Аса көңілге қонымды көрсеткіш емес. Дегенмен қоңсыласымыз бұл мөлшерді 2020 жылға дейін 3 есеге арттыруға ниетті. Тоқсан ауыз сөзді топшылап қайырғанда, қазақ-өзбек бұдан былай серіктестікке барынша серпін бермек. Бұл тұрғыда Елбасының Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызы зор. 

Елбасы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мінген ұшақ Ташкент қаласына Астана уақытымен 11 сағат 40 минутта қонды. Бауырлас елдің билік басшысы Шавкат Мирзиеев біздің Президентті бар салтанатпен күтіп алды. Қонақ күту жағынан қазақтан қалысқысы келмейтін өзбек ағайын мәртебелі мейман Нұрсұлтан Назарбаевтың қадамына құт тіледі. Елбасы келместен бір күн бұрын көшелерін жайқалтып, қазақ пен өзбектің туын қатар іліп, қазақ басшысына деген жылы сөздерін жарқыратып жазды. Міне осы көңіл көп істің ілгері басатынын айқындай түскендей. Ташкент қаласының қақ ортасынан орын тепкен – Тәуелсіздік және ізгілік монументі. Бұл ескерткіш көрші елдің болашаққа ұмтылысы мен бейбіт сүйгіштігін көрсететіндей. Өйткені тұғырдың биігінде орналасқан үлкен глобусқа Өзбекстан картасы бейнеленсе, төменгі жағында бала ұстаған бақытты ана бар. Елбасы әуелі осы орынға аялдады, гүл қойды.

Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, осылардың ішіндегі ең тәттісі – сыйластық. Үш жүздің төбе биі Төле бидің нақылы бұл. Ата жолын жалғап, достық пен сыйластықты алдыңғы қатарға қойған Елбасы қазақтың бас биі болған бабамыздың басына барып, құран бағыштады.

Төле би мазары – Ташкент қаласындағы ең көне орындардың бірі. Осы киелі мекен қос елге ортақ. Өйткені бүтін елдің бас биі сол уақытта халықтарды бірлікке ұйыстырған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біздің халық, ата-бабаларымыз аруақты құрметтеген. Мына жерде өздеріңізге белгілі қазақтың төбе биі деп саналған Төле би жерленген. 1776-жылы 93 жасында қайтыс болды. Ол елдің бірлігін насихаттаған. Елді аузына қаратқан, бүкіл осы елдің басын біріктіріп, Жоңғар шапқыншылығына қарсы болғандардың бірі, Тәуке ханның Жеті Жарғысын құрастырған адамдардың бірі болған. Ылғи бірлікке шақырып келді. «Тілегені төртеу түгел болса, төбедегіні аласың, алтау ала болса, ауыздағың кетеді», – деген сөз бар. «Жүзге бөлінгеннің жүзі қара, руға бөлінгеннің асыққаны құруға. Атаға бөлінгеннің болашағы болмайды», – деген сөздер бар. Сондықтан «Егер хан нашарласа, халқын сатады, халық нашарласа, хандыққа таласады», – деген қандай сөздері әлі күнге дейін, мінекей, жүріп келе жатыр. Бәрімізге бір болғаннан кейін Төле биге өзбек халқы осыны орнатқан. Мен ризашылығымды білдіремін. Бүкіл қазақ халқының төбе би Төле би деп, Төле би өлгенде, Қаз дауысты Қазыбек бидің: «Әділеттілік өлді», – деп айтқан еді. «Түгел биліктің басшысы – Төле би, түгел хандықтың басшысы – Қасым хан», деген сөздер бар. Сондықтан осы жерге келгеніме ризамын, Шавкат Миромоновичке рахмет!

Елбасының Төле бидің мазарына барып, құран бағыштауын Шавкат Мирзиеев жоғары бағалады. Себебі бірлікті көздеген бас бидің әр сөзі бүгінгі бізге ашық жолды нұсқайды. Сондықтан ол: «Сол уақыттан бері жалғасқан екі елдің достығы мәңгі ажырамауы керек», – деп сөзін түйді.

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

-Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы орынға келіп тәу ету көрегендікті білдірсе керек. Екі халықты достыққа шықарған Төле бидің нақылдары бізге үлгі болуы қажет. Сол уақытта бірлікке басталған сара жолды бүгін біз жалғауымыз шарт. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары шеңберінде қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр. Мұнда отандық 70-ке жуық компания өзбекстандық іскер топ өкілдеріне қазақстандық өнімдерді көрсетті. Нақтырақ айтсақ, құрылыс, көлік құрастыру, медицина, білім, жеңіл өнеркәсіп саласындағы жетістіктер жан-жақты таныстырылды. Біздің сан-саладағы озық үлгілі өнімдерді олар қуанышпен қабыл алатынын байқатты. Өзбек бизнесмендерінің осы ынтасынан-ақ мамандар әріптестіктің аяқ алысын анықтады. Шамамен 800 миллион доллардың келісімі бекітілмек.

Осыдан бір жыл бұрын Ислам Кәрімов жұмыс орнынан халқының күйін көрсе, бүгінде тұғырдан бақылап тұрғандай. Биыл өзбек халқы бірінші Президентінің құрметіне ескерткіш қойды. Үзеңгі дос өмірден өтсе де, оны Елбасы естен шығарған емес. Соның айқын дәлелі міне Президент бұрынғы әріптесінің ескерткішіне келіп, гүл қойды.

Мәдени, рухани және бизнес саласындағы баланысты байыптаған Президент одан кейін ресми кездесуге келді. Жаңаған Көксарай резиденциясына бірінші болып біздің Елбасы кірді. Мемлекеттік сапардың жоралғысына сай құрмет көрсетілді, Әнұран ойналды.

Өзбестанмен стратегиялық серіктеспіз, алыс-берісі бар бауыр әріптеспіз. Иә, қос елді істен бөлек, тамырлық жағынан туғысқан екені баршаға аян. Сондықтан ел Президенті ширек ғасырдан бері бұл елмен байланысты барынша жақындастырды. Президент әлі де қарым-қатынас көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біріншіден, шақырғаныңызға үлкен рахметімді айтамын. Екі елдің арасы жақын болуына көп шаруа жасап жатырсыз. Біз ешқайда кетпейміз, көршіміз. Құдай бізді осы жерге қондырды, екі елді көрші қылып, ешқайда кетпейміз. Бабаларымыз да бірге болды, біз де біргеміз. Балаларымыз да бірге болады, сондықтан екі елдің арасындағы достығы, туысқандығы бір болуы мен үшін өте қымбат. 25 жыл бойы соған мен жұмыс істеп келе жатырмын, өзіңіз білесіз.

Осы жылдың ішінде екі Президент 5 рет кездескен. 4 рет Шавкат Мирзиеев Қазақстанға ат ізін салған. Қордаланған мәселелердің түйінін тарқатумен қатар ол Астананың көркіне қызыққан. Өз сөзінде: «Бас қаланың бүгінгі көркі елдің келбетін айшықтай түседі», – деді.

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

-Биыл қос ел үшін тарихи жыл айтуға толық негіз бар. Өйткені біз бес рет кездесіп, байланысты биік деңгейге шығаруға күш салдық. Иә, Астанаға сапарларым жемісті болды. Қонақ болған кезде мен ЕХРО көрмесін көрдім және Ислам ынтымақтастығы ұйымы жиынына қатыстым. Өте жоғары деңгейде өткен іс-шаралар сіздің еліңіздің әлемдік сахнадағы абыройын асқақтатты деп айта аламын.

Кеңейтілген құрамдағы кездесуде өзбек басшысы Елбасыға алғыс білдірді. Нақтырақ айтсақ, өңіраралық байланыстың ширауына үлес қосқаны үшін. Сонымен бірге «Екі ел арасындағы қатынастың тамырына қан жүгіргені де – біздің Президенттің еңбегі», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Благодаря тому, что Вы за год работы проделали гигантскую работу, и особенно историческую работу приняли по валютному регулированию и по открытию границ, по созданию условий для бизнеса, и всё пошло само по себе. Всё должно быть на взаимовыгодных условиях. Мы не должны импортировать товары левой рукой, правое ухо чесать, через океан, когда всё рядом есть. Чего у нас нет – есть в Узбекистане, чего не хватает в Узбекистане – есть у нас. Даже только это посчитать, выгода будет большая. Все мы выиграем за счет короткого плеча перевозок. И качество, и всё другое.

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

-Өңіралық байланысты нығайтқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Қазір шекаралас аймақтар бір-біріне еркін қатынап, алғысын жаудырып жатыр. Сонымен бірге Алматы-Ташкент бағытында ашылған темір жол қатынасы біздің байланстың бір биігін көрсетті.

Иә, Шавкат Мирзиеев билік басына келгелі Қазақстанмен әріптестік әрлене түсті. Бекеттер ашылып, екі елдің арасында автобустар қатынап, кедендегі акциздік төлем алынып тасталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Прошло всего полгода с момента визита Президента Узбекистана к нам, мы уже видим конкретные результаты исполнения наших договоренностей. Два раза в неделю между Алматы и Ташкентом курсирует скоростной поезд «Тұлпар – Тальго». Этого не было, то есть, расстояние стало ближе в два раза. Наши национальные авиаперевозчики запустили дополнительные рейсы между столицами, дальше можно развивать между другими городами. Налаживается регулярное автобусное сообщение между нашими городами, этого никогда не было. Благодаря этому общение и переезд граждан Узбекистана к нам и наоборот увеличился на 50 процентов за полгода.

Соңғы сегіз айда екі елдің тауар айналымы 1,3 миллиард долларға жеткен. Бұл, әрине, бұрын соңды болмаған көрсеткіш.

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

-Біз Қазақстанмен сенімді серіктеспіз, соңғы 8 айдағы тауар айналым 35 пайызға өсіп 1,3 миллиард долларға жетті. Бұл біз көздеген меже емес, алдағы уақытта алыс-беріс көлемін 5 миллиардқа жеткіземіз деген мақсатымыз бар.

Екі мемлекет бұрынан бері қол жеткізе алмай келген келісімге бүгін келді Ол әскери техникалық байланыс және контрабандамен күресті күшейту. Онымен бірге қос Президент екі елді жалғайтын жолдарды жандандыру жұмысын жалғау бойынша уағдаласты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы поручили правительствам проработать новые газовые проекты с учетом интересом обеих сторон. И надо сказать о том, что в нефтяной отрасли Узбекистан заинтересован в поставках сырой нефти в нефтеперерабатывающие заводы. Мы вместе с Россией прорабатываем эти вопросы и будем постепенно совместно их решать. Мы заканчиваем реконструкцию трех нефтеперерабатывающих заводов, появляется возможность поставлять готовые нефтепродукты в объеме до миллиона тонн в Узбекистан.

Кездесу соңы да тарихи шешіммен аяқталды. Тараптар 10 келісімге қол қойды. Бұл құжаттар негізінде енді екі елдегі сан сала қарқынмен дами түсері сөзсіз. Сөз соңында Шавкат Мирзиеев Елбасыға тосынсый жасады. Президенттің кітабын өзбек тіліне аударып, сол кітап Президенттік академияда тұрақты оқытылатынын жеткізді. Онымен бірге Президентті Өзбекстандағы ең жоғары марапат «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Огромный сюрприз. Это – аванс на будущее. Өзбек халқы қуанса, біз, Қазақстан қуанамыз. Өзбек халқында Құдай сақтасын, қиыншылық болса, біз әр уақытта біргеміз. Сіздердің жандарыңыздан шығатын боламыз. Біз солай болуымыз керек, солай болсақ қана біз тәуелсіздігімізді сақтап қаламыз. Ел боламыз, жұрт боламыз, аман боламыз. Бүгін жиналған көп мәселелерді шешіп тастадық, алдымызға мақсаттар қойдық тағы да. Соның барлығына жетуге бізге Алла жазсын!

Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық екенін бүгін байқатты. Қонақжайлығымен қатар Қазақстанға әрдайым ашық екенін нақты жариялады. Енді екі елдің ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынас жанданады. Тек іскерлік емес, мәдени-гуманитарлық байланыс нығайады. Дәлірек айтсақ, ендігі жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы жарияланады. Демек, діні бір, ділі ортақ қос елдің тарихтағы жаңа тарауы басталды деп айтуға толық негіз бар.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев 

2. Елбасы ІТ-жобалары көрмесімен танысты

«Сәтті күн» саналатын сәрсенбіде Елбасы «Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске» қатысты. Сондай-ақ жас мамандар жасаған IT-жобалармен жақынырақ танысып, инновацияның игілігі жайлы әңгіме өрбітті.

Президенттің бұл бағдарламаға басымдық беріп, өз бақылауында ұстауы – болашақты ойлағандық. Себебі технология атаулыға тіл бітіргендер ғана алға озады. Ал оған ілесе алмағандар шаң жұтып, артта қалады. Біздің мақсат бұл емес, озық отыздықтың қатарынан көріну. Міне сол себепті цифрлық жүйенің сиқырына жүгінуіміз қажет. Қаласақ та, қаламасақ та, уақыттың талабы солай.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Кто-то сказал, что читающие будут руководить теми, кто за компьютерами сидят. Не знаю, так это или не так, где больше знаний получают. Я говорю о том, что в цифровой экономике все должны быть грамотными. Но там есть у нас проблема. Сейчас 72 процента казахстанцев пользуются интернетом. Оптико-волоконная связь через Китай в Казахстан пойдет в Европу, но нам нужно довести до сел. Не везде провода проведешь, нужно использовать спутники. У нас 7 500 сел – до всех людей должен быть доведен интернет. Тогда всеобщая интернет-грамотность людей поможет нам продвигать «Цифровой Казахстан». Это средство повышения производительности, прибыли и капитализации всех компаний, которые дадут взрывной скачок роста экономики.

Мына мысалға қараңыз. Бұл – графикалық көрініс. Яғни компьютер арқылы әп-сәтте жасалған әдемі жоба. Қазір дәл осындай жылдамдықпен жұмыс істейтін 3D-принтер пайда болған. Ол мына графикалық туындыны шынайы түрде жүзеге асырады. Анығы аз уақытта қалаған үйіңізді қалап шығады. Демек, инновациялық технологияны тізгіндеу арқылы еңбек өнімділігін еселеуге болады.

Сонымен цифрлық жүйенің сиқырын Қазақстан қашан көреді? Қалаларды «ақылды» ететін, ауылдарды «онлайн» байланысқа шығаратын жобалар бұлар. Кəсіпкерлерге жүргізілетін заңсыз тексерулермен күресуге арналған мобильді қосымша да Президентке таныстырылды. Бас аяғы 30-дан астам ІТ жоба. Барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Бұл сайттар мен қосымшалардың авторлары – «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген өзіміздің жас мамандар. Қазір елде 300 программист бар. Олар соңғы екі жылда мемлекеттік органдар пайдаланып отырған 230-дан астам қосымша дайындаған. Жас ғалымдардың шабыты сарқылмаса, мемлекет қолдаудан тартынбақ емес.  Елбасы мамандар үшін өз жатақханасы бар, қажетті заманауи технологиялармен жабдықталған арнайы орталық ашылатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Вот возможность вам, что для этого надо, все условия надо создать. Общежитие, если надо. Средства нужны для этого. Оснастить оборудованием. Собирать всех умных, чтобы они работали. Я вас учил за границей всех. Подготовленные люди есть. Наша задача - создать все условия, чтобы они здесь работали. Наша задача - сделать скачок. То есть, когда паровую машину в Англии создали, текстиль создавали рукой, производительность после этого поднялась на 1000 процентов. Вот это инновации. Это называется абсолютной инновацией. Нам сейчас это надо. Это ваша задача. Это – ваша жизнь в 21-ом веке. Вот я это создаю. 

БЛИЦ:

-Сіз бізге сеніңіз! Біз ақтаймыз.

-Сенеміз.

«Сенімді ақтаймыз» деп серт беріп тұрған жастардың өнертабыстары цифрлық бағдарлама жүйелі іске асса ғана, табысты болмақ. Құжаттың кем-кетіктерін түзету үшін бұл аптада арнайы кеңес шақырылды. Қазақстан цифрлы ел болуды көздейді. Ал шабан аттай шаң жұтып, көш соңында қалмас үшін қарекет керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Цифровизация – это не цель, это средство достижения абсолютного преимущества Казахстана. Без этого уважающая себя страна не может жить нормально. Не будем выигрывать конкуренцию – отстанем и будем глотать пыль от впереди идущих государств. Получить резкий рост прибыли, производительность и капитализацию – вот в чем дело. Вот это дает цифровая экономика.

Ал экономиканы сандық ету үшін алдымен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру қажет. Түсініп ал демей, түсіндіру керек. Нұрсұлтан Назарбаев осынша қыруар ақшаға мұндай мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың не үшін қажет болғанын халыққа түсінікті тілде жеткізу қажеттігін ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Очень важно повышать навыки людей. Мы сейчас говорим здесь о высоких моментах, говорим это UBER, говорим о других, а вот все население, я далеко не буду ходить - России, Казахстана, например, знают об этом? Нет! Даже пользоваться тем, что мы хотим, собираемся, надо научить. Надо научить пользоваться смартфонами как следует. Поэтому у нас здесь огромное поле работы и надо больше говорить, больше объяснять, больше учить грамотности.

Смартфонды ұршықша иіру бірер жылда талап болады-ау. Өйткені еліміз 2025-жылы сандық технологиялар бойынша бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын әлемдік рейтингте 30-шы орыннан көрінуді көздейді.  Қазір бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 38-ші сатыда. Бұл меже «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы іске асса, орындалады. Үкімет 4 негізгі бағытқа басымдық берген. Экономиканың базалық салаларын цифрландыру, мобильді мемлекетті дамыту, креативті қоғамды жетілдіру, елдің цифрлық трансформациясына қажетті жаңа инфрақұрылымды құру.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

-Бағдарламаны даярлау кезінде Үкімет тарапынан Қазақстан экономикасы үшін цифрлық дәуірдің қамтып отырған жаһандық сын-қатерлері мен мүмкіндіктері ескерілді. Осыған байланысты екі бағыт айқындалды. Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақтылығы үшін инновациялық дамудың ұзақ мерзімді институттарын құру болса, екіншіден, нақты сектордағы белгіленген жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық басталуын қамтамасыз ету көзделген.

Басымдық берілген 9 базалық сала да анық. Энергетика, шикізат, өнеркәсіп, логистика мен ақпараттық технологияларға ерекше екпін берілмек. Оны жүзеге асыру үшін қырауар қаржы жұмсалады. Тиісінше бағдарламаның қайтарымы да болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сколько же собираются выручить наши разработчики программы? Мы ничего не услышали здесь, как видим. Потратить собираемся к 2021 году 251 миллиард тенге. Я посчитал большие проекты, которые вы мне дали. А какая отдача от этой программы? Цифр нет. То есть если так будем работать, то деньги на ветер или для воровства. Поэтому давайте уточним наши цели. Если наши разработчики и наши зарубежные советники, которых мы привлекать будем, толком не планируют эффект, значит, они по каким-то, не знаю, идеологическим или каким-то другим соображениям хотят нас затормозить, остановить наше развитие. Я не говорю, что это так, но так может быть. Нам надо учесть.

Ал бөлінген қаржының талан-таражға түспеуін арнайы комиссия бақылайды. Əр тиынның тағдыры жөнінде есепті Елбасы: «Жеке сұраймын», – деп ескертті. Үкіметке нақтыланған бағдарламаны жыл соңына дейін дайындауды қатаң тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Доработать эту программу с учетом замечаний, конкретизировать ее и начинать действовать. До конца года вам время. С 1 января следующего года я лично буду контролировать каждый месяц, куда мы идем. Сейчас я назначил новый состав Правительства. Молодой - средний возраст от 40 до 45 лет. Самому молодому – 36 лет, самому старшему – 50 лет. Все они англоязычные, образованные. Прошли обучение в западных университетах. Вот вам все карты в руки сейчас, показать. Я завидую вам. В мое время, когда я был в вашем возрасте, не было таких возможностей учиться, знать и такую огромную проблему для своей Родины решить.

Мұнымен қоса Президент Қазақстан, Ресей, Белоруссия мамандарынан құралған цифрландыру бойынша бірлескен комиссия құруды да ұсынды. Елбасы пікірін Ресейдің байланыс жене бұқаралық коммуникациялар министрі де қолдады.

Николай Никифоров, РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі:

-Экономика импортталған технологиялар негізінде емес, төл өнімдер арқылы цифрлануы тиіс. Бұл істің ұңғыл-шұңғылына бойлағанымыз абзал. Осы оңтайлы сәтті пайдаланып, барлығыңызды бұл жұмысқа жұмыла кірісуге шақырамын. Біздің университеттеріміз ынтымақтастықта жұмыс істеуі керек. Зерттеу, талдау жұмыстарын бірігіп жүргізгеніміз жөн. Елдеріміз технологиялық өнертабыстары арқылы ғана экономикаларын бәсекеге қабілетті ете алады.

Цифрлы технологияларды дамыту үшін кадр даярлау мәселесі тағы бар. Демек, білім беру саласына жүктелген міндет зор. Бұл мәселе де бағдарламада ескерілген. Үкімет сарапшылардың ұсыныстарын да есепке алары сөзсіз.

Рандип Судан, Дүниежүзілік банктің акт және телекоммуникация тәжірибесі жетекшісі:

-Қазақстан ұзақ уақыт бойы жетекші көрсеткіштерді иеленіп келеді. Бүгін Қазақстан Президенті өте маңызды мәселеге назар аударды. Әрине, көздеген межеге қол жеткізу үшін біраз уақыт керек. Тынымсыз еңбек ету қажет. Сондай-ақ бұл іске барлығымыз бірігіп атсалысуға тиіспіз. Мемлекеттер күш біріктірген жағдайда жоғарғы жетістіктерге жете алады.

Арик Дроми, футуролог, TEMPUS MOTU негізін қалаушы:

-Қазақстан Президенті барлығын кең көлемде саралап отыр. Дамудың 3 негізгі бағыты: энергия, мобильділік және коммуникация. Сіздердің мемлекеттеріңізде бұл салаларға сандық технологияларды енгізуіне мүмкіндік бар. Осылайша көздеген мақсаттарыңызға ертерек қол жеткізе аласыз.

Сим Бо Кюн, Оңтүстік Кореяның Ақпарат және қауіпсіздік министрінің орынбасары:

-Оңтүстік Корея соңғы сандық технологиялармен жұмыс істейді. Кезінде мемлекеттік ақпарат орталығын құруда бірқатар олқылық орын алған еді. Қателіктерді біртіндеп түзету барысында бүгінгі көрсеткішке жеттік. Төл тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Жүйе сыннан өткендіктен сіздің елде сандық бағдарламаны енгізу сәтті жүзеге асады деген сенімдемін.

Тəуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші жаңғыру – жаһандық бəсекеге қабілетті болу. Ал мұның негізі сандық технологияларда. Егер мамандардың ойы жүзеге асса, еліміз цифрлық бағдарламаны енгізген 15-ші мемлекет атанады.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров

3. Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесті

Осы аптада Елбасы журналистермен жүздесіп, елдегі және жаһандағы жағдайлар турасындағы ойымен бөлісті. Анығы елуден астам отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі көкейден суыртпақтаған сұрақтарына жауап алды. Жай ғана жауап емес, мардымды мағлұматтарға қанықты.

Бұл жүздесудің форматын әдеттегідей баспасөз мәслихаты деуге келмес. «Ақордадағы еркін әрі емен-жарқын әңгіме» дегенге жақынырақ. Себебі Президент маңызды оқиғалармен қатар жеке басына қатысты жайттарға да тоқталды. 

Қауырт жұмыс кестесіне қарамастан Елбасы ақпарат майданы жауынгерлеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жолы да уақыт тауып, журналистермен кездесті. Президент қатысатын шаралардан қалмай, үздіксіз хабар тарататын төртінші билік өкілдері жайлы орындыққа жайғасты. Көкейдегі сауалдарын Нұрсұлтан Назарбаетың өзіне жолдады. Мемлекет басшысы ешкімді бөліп жармай, сұрақ қоюға ниет білдіргеннің барлығын тыңдап, жауап берді. Бірақ алдымен елімізде өткен ең ауқымды имидждік жоба ЕХРО көрмесін сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Көрме бітті. Дегенмен қалған ғимараттар бекер қалмайды. Біздің павильонымыз, үлкен шар музей ретінде қалады. Екі үлкен павильон Қазақстанның қаржы орталығы болады. Бір павильонда жұмыс істейтін Қазақстанның көрмесі болады. Тағы бір нысанда жастарға ІТ-стартаптар технопаркі ғалымдарға жаңалықтарды шығару үшін құрылады. Бір павильонда кішкентай балаларды жұмысқа, білімге тәрбиелейтін тәжірибе алаңы болады. Балаларды мамандыққа тәрбиелейді.

Ал көрмеге арнап салынған 1400 пәтер баспанаға мұқтаж елорда халқына сатылады. Бастысы кеткен шығын ақталды. 185 мемлекеттің тұрғындары келіп, ЕХРО-ны тамашалады. Бір емес, бірнеше мәрте аралап шыққандарды есепке алсақ, келушілер саны 25 млн-нан асыпты. Жобаға атсалысқан отандық 1400 кәсіпорын 640 млрд теңгені игеріп, пайда тапты. Салықтық пен сатылған билеттердің есебінен қала бюджетінің кірісі еселенді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Деньги, потраченные, уже вернулись за счет посещений, за счет туристов, которые были здесь. Я уже сейчас говорил, заполнили все гостиницы Астаны, заполнили все рестораны, концертные залы и все магазины. Бизнес получил хороший толчок. Поступления в бюджет Астаны повысился в несколько раз за эти годы. Бизнесмены тоже заработали, всё это в копилку страны.

ЕХРО көрмесінде шетелдік ақпарат құралдары да тыңбай еңбек етті. Ондағы жаңашылдықтарды дүние жүзіне жариялап отырды. Орайы келгенде ресейлік әріптесіміз жауапты міндетті абыроймен атқарған қазақ елін құттықтады.

Роберт Францев, «РОССИЯ 24» арнасының тілшісі:

-ЕХРО көрмесіне қатысқан қонақ ретінде қазақстандықтарды осындай ауқымды шараны өте жоғарғы деңгейде өткізулерімен құттықтаймын. Меніңше, бұл шара Қазақстанның әрмен қарай дамуына зор ықпалын тигізеді. Бірақ менің сауалым Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздеріне бағытталып отыр. Сіздің пікіріңізше, Астана процесінің келешегі қандай?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Идут женевские переговоры, там участвует много государств. И они зашли в какое-то время в тупик, тогда Иран, Россия, Турция и другие страны обратились ко мне, поскольку страна, которая имеет равные хорошие отношения со всеми, никакой изжоги Казахстан ни у кого не вызывает, нельзя ли использовать площадку для проведения переговоров. Мы дали согласие. Идут эти переговоры. В результате этих переговоров удалось остановить войну кое-где и создать три очага деэскалации.

Соңғы жылдары Таяу Шығыс аймағынан 5 млн халық босып кеткен. 180 мың тұрғын қаза тапты. Осылай деген Елбасы әлемді алаңдатқан Солтүстік Кореядағы ахуалды да сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Северная Корея, несмотря ни на что, развивает ядерные технологии, средство доставки ядерного оружия на дальние расстояния. Естественно, всё это беспокоит всех нас, в том числе Казахстан. Если на основе этого, не дай бог, будет нападение на Северную Корею, а такие предположения уже высказывались, очень тяжело будет. Если будет использование ядерного оружия, то всем нам мало не покажется. Это повлияет на всё человечество, на всю атмосферу земли нашей, тем более Корея находится в Азии. Ничего хорошего из этого не следует. Поэтому мы будем придерживаться традиций, что надо вести диалог. Сейчас идёт нажим на Северную Корею, это правильно. Надо её принудить сесть за стол переговоров и отказаться от ядерного оружия.

Ал Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бастамалары бүгінде көпке аян. Елбасыға жуырда АҚШ Президенті хабарласып, қос ел басшысы телефон арқылы сөйлесті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде елімізге АҚШ-тан 40 млрд доллардан аса инвестиция тартылғанын айтқан. «Елімізде 500 америкалық компания еңбек етеді», – дей келе, өзге мемлекеттерге салынған санкциялардың салқыны бізге тимесін деп сұраған. Дональд Трамп алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтып арадағы әріптестік одан әрі дами түсетінін атап өткен. Президенттер МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкі мәселесі бойынша да пікір алысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Теперь, когда будет такой банк в Казахстане, любая страна, которая хочет строить АЭС, может взять отсюда, через МАГАТЭ. Не обязательно ему обогащать. Обогащение урана в других странах грозит распространению урана и попаданию его в руки террористов, не дай бог. Поэтому это очень важное мероприятие, которое он одобрил.

Араздасқан тараптарға арағайындық жасаған қазақ көшбасшысын әріптестері құрметтейді. Пікір алысып, санасады. Өзгенің де қамын ойлаған Елбасы Дональд Трамптан Ресеймен қарым-қатынас жөнінде сұраған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Конечно, я не мог не спросить об отношениях с Россией партнером нашим, потому что в первом разговоре на эту тему у нас была хорошая беседа. Я прямо заявил, что неправильно воспринимается на Западе Россия и в том числе лидер России. Другой он человек. Он ответил: «Ты же знаешь, мы в Германии встретились с Путиным, теперь все зависит от обстоятельств». Мне кажется, можно при желании сойти с этих рельс и наладить отношения. Америка и Россия – самые большие ядерные державы, мировые проблемы решить без Америки и России нельзя. Поэтому эта позиция будет меняться в сторону улучшения отношений.

Осылайша Елбасы көпке айтылмаған жайттарды журналистерге жайып салды. Кездесу протокол белгілеген уақыттан асып кетті, 2 сағатқа созылды. Төртінші билік өкілдері теңге құны туралы қоғамда айтылып жүрген қауесетті де тілге тиек етті. Елбасы алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Никаких предпосылок сейчас для этого нет. Свободно плавающий курс правильный. Если жестко его привязать, то придется тратить госденьги. Мы привыкаем. Во всем мире так. Конечно, если резкие колебания будут, как было, когда упали цены, рубль упал. Сегодня таких предпосылок нет. Нефть 52-55 долларов стоит устойчиво. Люди привыкают и привязывать не надо.

Журналистер қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиінің нұсқасын да сөз етті.

Дархан Қыдырәлі, ғалым, публицист:

-Жұртшылыққа әліпбидің жобасы ұсынылды. Қазір қоғам қызу талқылап жатыр. Парламентте тыңдау өтті. Көкейдегі сауал: келесі қадам қалай болмақ?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Өзің қолдайсың ғой соны?

Дархан Қыдырәлі, ғалым, публицист:

-Әрине қолдаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Әнеукүнгі көрсеткен әліппені қоғам қолдап жатыр ма? Бәрі дұрыс па?

Дархан Қыдырәлі, ғалым, публицист:

-Қазір қоғам қолдап жатыр. Мұның артықшылықтары жайлы әртүрлі ойлар айтылып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я предложил обсудить в Парламенте. Парламент обсудил. Высказались все, замечания, сейчас детали, когда будет консенсус, историки придут к согласию, тогда я объявлю о новом алфавите. Это не значит, что завтра алфавит начнет работать. Кириллица продолжит свою роль играть, на этом языке написано много произведений. Те, кто пользуется кириллицей, могут не волноваться. Нам надо готовить преподавателей. По моим данным, к 2022 году с первого класса начнется преподавание на латинском алфавите. Дети начнут учиться, думаю, быстро произойдет. Дети учат английский, а он на латинице.

Ауқымды жұмысқа қарамастан журналистерге көңіл бөлген Елбасыға қарап, Президент болу қиын екенін түсінесің. Әр күнін жоспарлайтын Нұрсұлтан Назарбаев өз тәжірибесімен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті 

-Работа Президента – это не только подписи под указами или законами, 90 процентов находится за пределами видимости СМИ. Тяжелый труд, требующий крепкого здоровья, требующий много энергии. Конечно, выдерживать помогает то, что эта работа по душе. По Конфуцию: «Выбери работу по душе и не придется ни дня работать». Это трудно, но я привык завтрашний день планировать. Так делайте и вы.

Ал жоспар бойынша Елбасы демалыс күндері шет мемлекеттерге сапар жасайды. Бірақ Президент уақыт тауып, Геннадий Головкин мен Альварестің жекпе-жегін қарайтынын айтты. Отандасымызға жанкүйер болатындығын жеткізді. Сөз соңында БАҚ өкілдеріне табыс тілеп, жастарға кеңес берді. Өскелең ұрпақ Отанды жан тәнімен сүйіп, білім мен ғылымға ұмтылу керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Осы біз орнатқан тәуелсіздікті, мемлекетті абыройлы қылып, дүние жүзінің алдында мықты қылып ұстау үшін Қазақстанды жанындай сүю керек. Дүниеде неше түрлі ағымдар бар қазір. Діни ағымдар болып жатыр. Анау қақтығыстар болып жатыр. Олар әр жерден жастарды шақырып, ақша беріп, соғыстырып жатыр. Болашақ білімде. Болашақ өнерде. Болашақ еліміздің аманшылығында, тыныштығында. Бір адам бақытты болуы үшін елі бақытты болуы керек. Бір адам тыныш өмір сүруі үшін елі тыныш болу керек.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Жандос Битабар, Ержан Қанапияұлы ПТРК көмегімен 

4. Елбасы кездесулері

Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңестен кейін «Hyperloop One» компаниясының басшылығымен кездескен еді. Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы цифрлық экономиканы дамыту турасында ой тарасты. Сондай-ақ Еуразия құрылығындағы көлік-логистика жобаларының келешегі жөнінде кеңінен сөз қозғады.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы да Елбасы қабылдауында болды. Кездесуде Президент Астанада өткен хирургтер қауымдастығының 27-ші конгресіне тоқталып, жиынның отандық медицинаны дамытудағы рөліне ерекше маңыз берді. Ал Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа мыңнан аса шетелдік делегат қатысқан конгрестің қорытындысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Впервые в Казахстане собрался конгресс кардиохирургов всего мира. Это является мировым признанием отечественной хирургии.

Юрий Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

-Конгресс өте жоғары деңгейде өтті. Қауымдастықтың атқару комитеті бағалағандай, Астанада ұйымдастырылған 27-ші Конгресс бұған дейін ұйымдастырылған жиындардың ішінде ең сәтті өткені болды. 

Денсаулық сақтау саласы да цифрлық жүйенің сиқырына арқа сүйеген. Қазір 3D-принтердің мүмкіндіктерін пайдаланып, адамның дене мүшелерін жасау ісі жолға қойылды. Біздің дәрігерлер де дамудан тысқары қалмауы тиіс. Сондықтан «Сандық технологияны сапалы түрде өркендетуіміз керек», – деп міндет қойды Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Вчера на выставке министр здравоохранения удивил чем. Вот женщина больная лежит, нашли у нее опухоль. Они рассылают по интернету всем, всегда в области вся информация собрана про эту болезнь, кто лечит, что за болезнь. Собрали все в кучу и нашли самое оптимальный метод лечения человека. Здорово же. Когда мы могли о таком мечтать. Вот так в любом деле, если взять, всеобщая информация дает благо.

Ел экономикасын еселеудің тағы бір тиімді тетігі – туризмнің тынысын кеңейту. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» көрмесінің көмегі көп тиді. Басқасын айтпағанда заманның талабына сай келетін ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақүйлердің қатары көбейді. Олардың біразын Президенттің арнайы барып ашқанына да – куә болдыңыздар. Осы аптада Мемлекет басшысы тағы бір қонақүйдің құрылысында болып қайтты. «The St. Regis Astana» деп аталады. Есіл өзенінің сол жағалауындағы, Астананың Орталық саябағында орын тепкен. 120 бөлмелі. Ерекше сәулет үлгісімен салынып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жобаның макетімен танысып, оның бір бөлмесін аралап көрді.

5. Әліптің артын бағайық

Әліпбиді латын графикасына лайықтаудың терең логикасы бар. Оны біз былайша ашқан болар едік. 21-ші ғасыр – бой емес, ой жарыстыратын уақыт. Ал ғаламдағы ақпарат та, инновация да, интернет-контент те, қысқасы ғылым атаулының барлығы ағылшын тілінің адуынында. Сол себептен бүгінде бұл тілде бір жарым миллиардтан астам халық сөйлейді. Тағы бір миллиардқа жуық адам үйреніп жүр. Демек, әліпбиімізді латын графикасына лайықтау озық технологияның тамырынан басуға мүмкіндік тудырады. Бұл – латын қарпіне көшкеннен көш ілгері шығуымыздың бір ғана мысалы. 

Қазақ елі латын әліпбиіне көшуге қатысты алғашқы қадамын жасады. Мәжіліс осы сессиядағы алғашқы парламенттік тыңдауын қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арнады. Бұл – қоғамдық талқылаудың басы ғана. Отандық ғалымдардың латын әліпбиін әзірлеуге жарты жыл еңбек еткен. Қос палатаның бірлескен отырысында латын қаріптері таныстырылды.

Әсем Қабылбек, тілші:

-Жұмыс тобы халық ішіндегі жүзден астам нұсқаны қарап, екеуіне тоқталып отыр. Соның бірі – мына нұсқа. Ғалымдар 25 таңбалы әліпбиді ұсынып отыр. Оған қазақ тіліндегі 8 дыбысты қосыңыз. Авторлар қазақтың төл дыбыстарын беретін ноқаттардан бас тартып, классикалық латын әріптеріне басымдық берген. Яғни диакритикалық таңбалар жоқ. Жаңа нұсқа бойынша «Ае» біріккен әрпі «Ә» болып оқылады. «Ое» әріптері «Ө», ал «Gh» «ғ» болып оқылады. Барлығы 8 дыбыс диграфтармен көрсетілген.

Жұмыс тобы латын әліпбиінің нұсқасын әзірлеуде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ерекше мән бергенін айтады. Ахмет Байтұрсыновтың жасаған жобасына негізделген.

Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры:

-Қазақ тілінде 28 дыбыс бар. Бүгін ұсынған әліпбиімізде 25 таңба бар, 8 диграф бар. 1924 жылы Орынбордағы қазақ білімпаздарының съезі болған. Сонда Елдес Омаров, Міржақып Дулатов, Телжан Шонанов, Халел Досмұхамедов сияқты азаматтың барлығы дерлік баяндама жасаған. Біз сол принциптерді қарастырдық.

Латын әліпбиіне көшу тәуелсіздік алғаннан бастап аракідік айтылып келді. Ширек ғасыр бұрын буыны бекімеген жас мемлекет үлкен қадам жасауға әзір емес еді. Ал 25 жылдан кейін иіні қанған бастама. Себебі Қазақстан қысқа мерзімде аяққа нық тұрды. Қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбалануын зерттейтін бірден-бір мекеме – Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институының директоры:

-Біз егемендік алған тұстан бастап, сол кездегі Тіл білімі институтының директоры, академик Әбдуәли Тұрғанбайұлы Қайдаров бірден 1990-жылы Елбасыға үлкен хат жазды. Біз әліпбиді ауыстыруымыз керек. Өйткені қазіргі әліпби қазақ тілінің ерекшеліктеріне ешқандай сәйкес келмейді. Бұл үлкен кедергі, қиындық тудырып жатқан мәселе. Біз өзіміздің тілімізге икемдеп, жаңа латын әліпбиін жасауымыз керек деп ұсыныс жасаған. Сол кезде Елбасы бірнеше рет ғалымдарға тапсырма берді.

Кейін 2006-жылы араға біраз уақыт салып, 2012-жылы ресми түрде дайындық басталды. Енді кешіктіруге ешқандай негіз жоқ.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Бізбен қатарлас бастап, дереу кірісіп кеткен елдің біразы қайта-қайта сүрінгенін, бір емес, екі емес, үш рет реформа жасағанын біз өзіміз көріп отырмыз. Солардан сабақ алуға тиіспіз. Ал енді нақты қоғам дайын ба десек, 100 пайыз еш уақытта қоғам дайын болмайды.

Мамандар конвертердің көмегімен кирилл қарпінде жазылған мәтінді латын әліпбиінде оқуға мүмкіндік жасап отыр. Жүйе арқылы қаріптерді үйреніп, оқу оңай.

Біләл Қуаныш, отандық компанияның өкілі:

-Бұның ең үлкен артықшылығы бұл жүйе тек қана жаңа латын әліпбиі қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдегі қазақтың ортақ әліпбиі болуына үлес қоса алады.

Тіл мамандары ұсынылған нұсқадағы қосарланған әріптер ағылшындардың латынынан өзгеше екенін айтады. Мысалы, «ғ» әрпінің таңбалануы ағылшынша оқығанда басқа дыбыс беруі керек.

Таңат Аяпова, филология ғылымдарының докторы, жұмыс тобының мүшесі:

-«Gh» бар ғой, ағылшын тілінде «ғ» болып оқылмайды. Енді мектеп балалары оны шатастырады ғой, түсіндіңіз бе? Сондықтан ағылшын тілінде «ch» «ч» болып оқылады. «Sh» «ш» болып оқылады. Сондай нәрселерді беріп жіберу керек. Оны олар біледі, мұндай 2 әріптің қосындысынан шығатын дыбыстар жасы үлкен адамдарға қиын болуы мүмкін.

Көптің назарына ұсынылған әліпби 2 ай көлемінде талқыланады. Ұсынысын ғылыми дәйекпен дәлелдегендердің бастамасы жерде қалмасы анық. «Латын әліпбиін таңдау өзге өркениетке көшу емес, өз болмысымызға қайта оралу», – дейді мамандар.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

-Түркі әлемінің көп мұрасы осы латын әліпбиінде жазылған. 1926-жылы Баку конгресінде біздің барлық ғалымымыз осы латын әліпбиіне тоқтаған. Бүкіл Алаш қайраткерлері, зиялы қауым түркі елдеріне ортақ әліпби ретінде 26 жылдан бастап, латын әліпбиін қолдана бастаған. Кейін өзіңіз білесіз, Ататүрік те осы таңбаны таңдады.

Латын әліпибін таңдау әлемдік инновация мен технологияға бір табан жақындау. Әсіресе компьютерлік лингвистика ғылымы көптеген түйткілді шешуге көмектеспек.

Алтынбек Шәріпбай, Техника ғылымдарының докторы, профессор:

-Кез келген компьютердің пернетақтасында орналасқан сол 26 әріппен өтіп кетсек, біз оқуға қиналамыз. Содан кейін өмір бойы дайын технологияны пайдаланамыз. Біріншіден тілімізді тазалап аламыз, екіншіден, тілімізді дамытуға өте қажет.

Қазақстанның саяси тәжірибесінде Ұлттық комиссия жиі құрыла бермейді. Ерекше жағдайда жасақталатын комиссия «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға кірісті. Сананы жаңғыртуға бағытталған 6 бастаманың алғашқысы – латын әліпбиіне көшу. Ол арқылы ақпарат кеңістік дербестік алып, тілге тәуелсіздік алып береді. 

Асылы Осман, «Мемлекеттік тілге құрмет» ҚБ төрайымы:

-Әлемнің 80 пайызы осы латын әрпінің өздерінің тілінің табиғатына байланыстырып пайдаланады. Ал ол негізгі – ағылшын тілі. 

Тарихқа үңілсек, латын әліпбиін қолданған елміз. Оны қайта зерттеп, әліпбиге көшу бүгін басталған жұмыс емес. Екшеп, ең тиімді, ұтымды, ғылыми негізделген жақтарын ескерген маңызды. Таңбаны ауыстыру еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қатысты. Ұсынылған әліпбидегі негізгі қайшылық – қос әріптер. 

Бағдан Момынова, филология ғалымдарының докторы, профессор:

-Жазу өркениет дамыған сайын қолайлы болу керек. Қолайлылық жағы қалай болады? Оқу және жазу қолайлығы. Содан кейін көзбен қармап, оқу деген бар.

Соңғы нұсқа бекітілгеннің өзінде латын әліпбиіне сатылап көшеміз. Межеленген уақыт – 2025 жыл. Дайындық жұмыстарына ел қазынасынан биыл 250 млн теңге қарастырылған. Ал кириллица мүлдем құриды деп алаңдауға негіз жоқ. Ескі жазу орыс тілін оқуда, орысша жазып-сызу латын әліпбиімен қатар өзгеріссіз қолданыста қала бермек.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Санжар Мәдиев 

6. Жаһандық жаңғыру

Ал күні кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасымен Атырау облысына барды. Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сәйкес мұнай-газ саласын технологиялық жарақтандыру бағдарламасының жергілікті жерде орындалу барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев Атырауға жұмыс сапары барысында батыс өңірдегі шетелдік инвесторлармен кеңес өткізді. Оған шетелдік компаниялардың жетекшілері мен батыс аймақтағы 5 облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Кеңесте Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының тапсырмаларын жергілікті жерде орындалуы жайлы әңгіме қозғалды. Өз жұмыстарымен таныстырған мұнайшылар саланы жарақтандырудың тиімді тұстарын атап көрсетті. Бүгінде Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу зауыты толықтай қайта жарақтандырылуда. Жиында шетелдік жобалардағы қазақстандық үлесті арттыру мен өңірлердің дамуына инвесторлардың рөлі де назардан тыс қалмады. Үкімет басшысы Каспий қайраңындағы Солтүстік Каспий жобасымен танысты. Онда 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал Атыраудағы жоғары техникалық коледж студенттерімен кездесуде отандық мамандардың біліктілігін халықаралық деңгейге көтеру жолдары сараланды. ОПЕК Петротехник колледжі осыдан 5 жыл бұрын Елбасының тапсырмасы бойынша ашылған еді. Мұнда қазір 900-дей жас мұнайшы мамандығын игеруде, халықаралық үлгідегі сертификат алып шығады.

Авторы: Ақбөпе Бәкір

7. ЕХРО-2017 көрмесінен кейін

«Алты құрлықтың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге лайықты» деп арқа төсіндегі Астананы таңдауы – мақтануға тұрарлық мәртебе. Себебі мұндай мүмкіндік Орталық Азия аймағы мен ТМД төңірегінде тұңғыш рет Қазақстанға бұйырды.

Ал «ЭКСПО-ның» үш айдағы эффектісі тіптен таң қалдырады. Көрмені ұзын саны 3 миллион 977 мың 545 адам тамашалапты. Бұған дейін «2 миллион келуші болады» деп болжанған еді. Демек, есеп екі еселеніп тұр. Қай қонақтың да кәсіпкерлер қалтасына қаржы құйып кеткені анық. Осының өзі біраз жайтты білдіреді.

Халықаралық шара барысын халыққа жеткізуде «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері де аянбай еңбек етті. Тілшілеріміз көрменің 93 күнінде де тоқтаусыз жұмыс істеп, жаңалық таратты.

Сегіз қиыр шартарап көз тіккен, дүниенің төрт тарабы тегіс жиылған ЕХРО көрмесін әуел баста 2 млн адам аралайды деп болжанғанмен, 4 млн-ға жуық жан тамашалады. 115 ел, 22 халықаралық ұйым идеяларын ортаға салды. Қазір павильондардың демонтажы, жөндеу басталды, себебі көрме өткен орын қаз-қалпында тапсырылуы тиіс. Бұл шаруа 15-желтоқсанға дейін аяқталмақ. Бас нысан «Нұр Әлем» болашақ мұражайы болып қалмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-ЕХРО-ның ең танымал орталығы «Нұр Әлем» болды. Көрме басталғалы бұл павильонға 1 млн 300 мың адам кіріп шықты деп айтса болады. Дүние жүзі көз тіккен ЕХРО беделімізді биіктетті, рухымызды көтерді. Бұл көрме Қазақстанның әлемге танымалдылығы мен туристер үшін танымдылығын арттырды.

Көрме шымылдығы жабылғанмен, ондағы нысандар құр тұрмайды. Бұл аумақта «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Бар инфрақұрылым кеңінен пайдаланылмақ. Сондай-ақ көрме аймағында «жасыл» технологияларды дамытудың халықаралық орталығы мен IT-стартаптардың технопаркі құрылады. Ал көрме дер кезінде өткізілгенін сарапшының барлығы дерлік атты.

Айжан Мұқышбаева, сарапшы:

-Әлемде бір млрд-тан астам адам энергия тапшылығын көріп отыр. Әлемдік экономиканың өсуі көп энергияны қажет етеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктердің болжамдарына сүйенсек, 2040-жылдарға қарай баламалы энергия ресурстарына сұраныс 30 пайызға артады екен. Әлемдегі энергияға деген қажеттілік мұнай-газ, көмір сияқты дәстүрлі энергия көздерінен алынып келеді. Ал баламалы энергияның үлесі – небары 20 пайыз. Сондықтан әлем елдері қазір жасыл экономикаға көшу жолында.

Киран Стенли, сәулетші:

-Мен ЕХРО-ның барлық павильондарын аралап шықтым. Қазақстанның павильоны ерекше көзге түсті. «Нұр Әлем» кең етіп жасалыпты, технология, инновация көп. Көрмеден кейін музей болып қалатыны қуантады, бұл ұтымды идея. Қазақ халқының қонақжайлығына таң қалдым. Еш жерде қонақты дәл осылай күткенін көрмеппін.

Қазір елдер ЕХРО-ның жұмысын қорытындылап жатыр. Осы жерде отандық кәсіпкерлердің пайдаға кенелгенін айтпай кетуге болмайды. 1400 кәсіпорын 640 млрд теңгені игерді. Туристік сектор дами түсті. Туроператорларға сұраныс үш айда 1,8 пайызға артқан.

Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіінің жетекшісі:

-Бүгінгі таңда ЕХРО көрмесінің оң нәтижелерін көріп жатырмыз. Оның ішінде ШОБ бизнес субъектілері саны 10 пайызға өсіп, 144 мыңға жетіп отыр. Ол жерде дәл қазіргі таңда 300 мыңға жуық жұмысшы бар.

ЕХРО көрмесінде шетелдік ақпарат құралдары да тыңбай еңбек етті. Ал «Хабар» телеарнасы көрме туралы ақпарат беруге эфирінің 110 сағатын арнапты. Жаңалықтар, бағдарламалар, музыкалық бейнебаяндар, аңдатпалар, сарапшылардың пікірлері үздіксіз берілді. Әсіресе «Қорытынды жаңалықтардың» бірде-бір эфирі ЕХРО туралы ақпаратсыз өткен жоқ. Жүздеген сұхбат жазылып, 230-дан аса бейнесюжет көрерменге ұсынылды.

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Дәурен Жұрхабаев, Айдос Меделбеков

8. Орақ-2017

«Ексек егін, ішеміз тегін». Бұл тәмсілді биылғы жылы диқандардың тілінен табамыз ба? Әзірге министрлік таратқан мәлімет көңілге қонымды. Республика бойынша 11,6 млн гектар астық жиналып, 14,7 млн тонна бастырылды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16 процентке артық. Жалпы бүгінге дейін барлық егіс алқабының 76,7 проценті жиналып отыр. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары: «Биыл  20 млн тонна астық жиналады», – деген болжам жасап отыр. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» бидайды бұрынғы бағасынан қымбаттау сатып алуға әзір.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

-Қазақстан бойынша егін оруға 393 мың тонна жанармай берілді. Аймақтарда ондай сұрақ қойып жатқан жоқ. Қаржы жетілікті. Бағасы – 1 литрге 130 теңге.

Құндылықты құнттап, бардың байыбын білетін халықтың ұрпағымыз. «Отбасы институтын» дамытуға айрықша мән беруіміз – соның көрінісі. Президенттің Жарлығымен 2013-жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» боп бекітілген. Сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы да ұйымдастырылып отыр. Бүгін үлгілісіне үкі тағатын доданың 2017-жылғы жеңімпаздары анықтылды. Оларға Қазақстанда құрастырылған шағын автобустың кілті табыс етілді.

Николай Куриленко, «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық байқауының жеңімпазы: 

-Мен Елбасына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мұндай байқау – көпке үлгі, әсіресе жастарға. Олар отбасы құндылықтарын жете түсінуі керек. Өкінішке орай, дәм-тұзы жараспай шаңырағы ортасына түсіп жатқан отбасылар жоқ емес. Егер екі адам бір-бірін түсініп, бір-бірінің сөзіне тоқтап, сыйласса, отбасы іргесі беки түседі. Біз Қазақстанның болашағын тәрбиелеп жатқанымызды ұмытпауымыз керек.

Апта аяғын ала «Астана процесінің» алтыншы раунды басталған. Келіссөзге Сирияның қарулы оппозициясының 24 өкілі мен кепіл елдер бастаған барлық мүдделі тарап келді. Бұл жолы қатысушы жақтар Идлиб провинциясында қауіпсіз аймақ құру мәселесін, елдегі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралары тізіміне енген ескерткіштерді минадан тазарту жайын және бұған дейінгі кездесулердегі келісімдердің орындалу барысын талқылады.

9. Рухани жаңғыру

Қазақ қашаннан бейбітшілік жолында берік. Ол қасиет кей жағдайда, кей адамдардың бойынан көрініс таппауы мүмкін?! Бірақ қанымызда қайнап жатқаны ақиқат. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялауы – сондай ұлттық ерекшеліктеріміздің солғын тартпауына жасалған жағдай. 

Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа облыстық драма театр, өлкетану музейі мен үш жүз мың кітап сиятын орталық кітапхана салынады. Ал өңірдің рухани мұрасын дәріптеу үшін «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атты аймақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетінің электронды сайты жасалуда. Ол әндер, күйлер, жыр-термелер мен бейнемұрағат бөлімдерінен тұрады. 

Ал Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сұлтанбек сұлтанның ағаш резиденциясының көшірмесі бой көтермек. Ол 18-ғасырда Қазақ хандығының бетке ұстар сұлтаны болған. Есімі қазақ даласына мәшһүр қоғам қайраткері тұрған қыстақ көп ұзамай мұражайға айналады.

Алматы облысының бірқатар аудан-қаласында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына және Семей полигоны мен Чернобыль апатының зардаптарын еске алуға арналған ескерткіштер салынады. Сондай-ақ өңірде туып-өсіп, халқына қызмет еткен белгілі суретші Айша Ғалымбаева, хирург-дәрігер Николай Желваков, Социалистік Еңбек Ері Омар Молдағожинге мемориалды тақталар мен ескерткіштер қойылмақ. Сарапшылар байқауға келген еңбектерді іріктеп, бағаларын берді.

Ал Ақтауда қазақтың көшпелі тұрмысынан мағлұмат беретін этноауыл бой көтереді. Облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері ұсынған жоба «Рухани қазына» бағдарламасына енді. 2 гектарға шеберлер қолынан шыққан киіз үйлер тігіледі. Музей қызметкерлері қонақтарға киіз үй құрылысын, жасау-жабдығын түсіндіріп, тігіп көрсетеді. Ал қолөнер шеберлері мен зергерлер шеберлік сабақтарын өткізеді. «Мақсат – бұл дәстүрді жалғастырып, жастарға үйрету», – дейді жоба авторлары.

Солтүстік Қазақстан облысында «Киелі жерлер» картасына енген «Ботай қонысынан» археологтар сәбидің сүйегін тапты. Алдын ала болжам бойынша бұл осыдан 6 мың жыл бұрын туған нәресте болуы мүмкін. Оған қоса зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген экспедиция мүшелері ботайлықтар бие байлап, қымыз сапырғанын растап отыр. Энеолит дәуіріне жататын Ботай қонысының жалпы аумағы – 20 гектар. Биылғы қазба жұмыстары кезінде археологтар бұл жерден 2000-нан астам зат тапқан екен.

Төрткүл дүниеге танылатын төл мәдени құндылықтар жыл соңына дейін таңдалады. Алдағы жылдан бастап оны Сыртқы істер министрлігі насихаттауға кіріседі. Бұл жөнінде күні кеше Астанада халықаралық конференцияда айтылды. Мәдениет саласының мамандары Елбасы тапсырған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын талқылады. Жиын барысында Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Аида Балаева мәдени брэндтеріміздің арнайы тізімі жасалып жатқанын алға тартты. Онда үздік кинотуындылар, музыкалық шығармалар, бірнеше тілге аударылатын кітаптар болады.

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы аймақтағы тілшілердің көмегімен