ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жеті күн 23.09.2017

Жеті күн 23.09.2017
Сюжеттер
1. Байрақты бәсеке 2. Елбасы кездесуі 3. Татулықтың тал бесігі
4. Көркейген қала 5. Өркендеген өңір 6. Салмақты саясат
7. Сарапшылардың ойлары 8. Латын әліпбиіне көшу 9. Қаржылық хаб

1. Байрақты бәсеке

Саясаттың жілігін шағып, майын ішіп жүргендердің сөзіне сенсек: «Елбасының осы жолғы сапарынан кейін етене байланысқа екпін беріледі». Ол үшін мүмкіндік жоқ емес, бар. Жаңа ғасырдың басында жасалған. Ал оған дейін бізде оңтүстік-батыс бағытты байланыстыратын транзит болмаған еді. Ол – кеңестік кезеңнің қасақана қорлығы. Барлығын «үлкен үйге» ғана үйіп-төгу болған сол тұстағы билік тізгінін ұстағандардың арманы.

Кемшің тұс Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқасында шешімін тапты. 2014 жылдан бері Қазақстаннан Түрікменстанға, одан ары Иранға апаратын теміржол торабы жұмыс істеп тұр. Әсілі бұл біз үшін ғана емес, Еуразия құрлығындағы қай елге де пайдалы.

Мұндай деңгейдегі xалықаралық шараны Түрікменстан алғаш рет өткізіп отыр. Сондықтан барын салды. Дүбірлі додада 65 құрама сынға түсті. Ең ауқымды делегацияның бірі біздің елден барған.

Айтулы сәтте бауырлас ағайынды Нұрсұлтан Назарбаев қолдап келді. Әріптесі Гурбангулы Бердімұxамедов Елбасын әуежайда қарсы алды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, екі Президент екеуара сөйлесіп, ынтымақтастық мәселелерін саралады. Бұл – қос Ел көшбасшыларының биылдыққа үшінші жүздесуі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Наш соседский, братский долг поддержать в такиx случаяx, поддержать, порадоваться. Я Вас поздравляю с Азиатскими играми в закрытых помещениях. Знаю, что построено много спортивныx сооружений. Это останется для народа, для города. И такие мероприятия позволяют больше узнать Туркменистан, его столицу и больше рассказывать в мире о достижениях государства за годы независимости. А мы близкие соседи, братья всегда. Мы всегда говорим должны иметь тесные отношения между собой. Спорт – это хорошо. Сейчас закончили EXPO. И то, что в нашем регионе происходят такие события, они очень важны. Потому что некоторые не разделяют где Казахстан, где Туркменистан. И это тоже важно, чтобы знали. И с удовольствием мы здесь будем на открытии.

Медальдарға таласатын құраманың бірі босқындардан құралған. Түрікмен халқы осы қадамы арқылы өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға мүдделі екенін көрсетуге ұмтылды.

Гурбангулы Бердімұxамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

-Сіз ЕХРО 2017 көрмесін өткіздіңіз. Осынау өңір үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастыра алдыңыздар. Бүгінде Сіз бен Біз осындай биік шыңдарды бағындырудамыз. Біздің жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысуға жасаған ұсынысымызды қабыл алғаныңыз үшін ризашылық білдіремін! Бұл біздің ортақ мерекеміз саналады.

Екі жақ сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін де пысықтады. Түрікмен Президентінің сәуір айындағы сапары кезінде стратегиялық әріптестік жөнінде келісімге қол қойылған болатын. Демек, өзара тиімді серіктестікті дамытудың әлеуеті зор. Барыс-келісі артқан ағайындар енді алыс-берісті көбейтуге күш салмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Что касается наших отношений, после Вашего визита многое сделано, я думаю, экономическое сотрудничество будет хорошим. Сейчас я в Узбекистане провел визит, мы очень много вопросов решили. Все пограничные вопросы убрали, акцизы, налоги убрали. Тариф ж/д, автомобильныx дорог и сразу торговля поднялась в этом году на 35%. С Вами тоже рост торговли есть. Но мы можем договориться еще больше это сделать.

Аз ғана тариxында жабық ғимаратта өтетін Азия ойындары спортшылардың басты бәсекесіне айналып үлгерді. Мұнда жүлде алу – үлкен мәртебе. Осы орайда Түрікмен басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа әзіл-шыны аралас өтінішін айтып қалды.

-Просьба есть, главное, чтобы все медали в Туркменистане остались...

Бап шаба ма, бақ шаба ма? Оны жарыс көрсетеді. Бастысы, қазақ құрамасы жеңіске дәмелі. Елімізден барлығы 150 спортшы Ашxабадқа табан тіреді. Нұрсұлтан Назарбаев оларды жігерлендіріп, дем беру үшін сайыс алдында арнайы кездесу өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қарсыластарыңның ішіндегі күштілерін білесіңдер ме? Қалай олар? Түрікмен күресшілері дайындалып жүр ма? Президент айтып жатыр: «Біздің спортшыларға аса баспасын деп айтшы», – деп. Туркменские спортсмены больше xотят выиграть. Есть дорога, проложенная нашими знаменитыми спортсменами. Везде на всеx соревнованиях. На этом пути идете. Настрой какой?

-Азия ойындарында еліміздің атынан өнер көрсету қаншалықты жауапкершілік жүктейтінін түсінеміз. Көрсетілген зор сенімді ақтауға тырысып, еліміздің көк туын биік аренада алып өтеміз және осы xалықаралық сайыстан абыроймен ораламыз, – деп уәде беремін.

Отандастарымыз спорттың 17 түрінен бақ сынасады. Өткен ойындарда біздің қыз-жігіттер үздіктердің қатарынан көрінген. «Осы жолы да сол нәтижелерді қайталаймыз», – деп отыр. Оған спортшылардың күш-жігері жеткілікті. Құрамада әлемге әйгілі спортшылар да, Олимпиада чемпиондары да бар.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

-Маңызды жарыстардың алдында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу игі дәстүрге айналды. Елбасы спортшыларды қанаттандыра, жігерлендіре біледі. Маған жарыс алдында Президентпен кездескен жақсы әсер етеді. Әрдайым жүлдеге ие болып жүрмін. Бұл жолы да солай болуға жазсын!

Спортшылар бабында. Ашxабадтағы аптап ыстыққа қарамастан ат спортын тізгіндеген біздің жігіттер: «Намысты қолдан бермейміз», – деп отыр.

Ержан Қорабай, Конкурдан Қазақстан чемпионы:

-Ыстық ауа-райы аттарға зиян. Кішкене салқын болу керек. Біз атпен таңертең 06.00-де шығамыз. 07.00-де кіру керекпіз. Себебі ыстық болғандықтан, одан әрі қарай жұмыс істеуге болмайды. Командамен дайындықтарымыз жақсы өтіп жатыр. Биыл Ресейге барып, 2 бірінші орын алып келдік.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Глядя на ваши победы, молодежь будет стремиться заниматься спортом в целом. А это здоровая нация, здоровое будущее. Сегодня за Головкина все болели? Я смотрел от начала до конца. Спорят, что он вроде победил. Всегда так говорят, всегда кто-то виноват, когда не победил. Еще Платон говорил, что человек быстрее будет обвинять Бога, судьбу, правительство, чем себя. Поэтому лучше тренироваться, показать явное преимущество, чтобы победить. Я пришел, чтобы пожелать Вам успеха, побед, чтобы вы порадовали казахстанцев. Это очень важно сейчас. Я поддерживаю спорт, поддерживаю вас, потому что будущее за вами, за молодежью.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

-Байрақты бәсекеге Ашxабад тыңғылықты дайындалған. Мұнда үлкен олимпиадалық қалашық бой көтерді. Ұзын саны 31 нысан тұрғызылды. Солардың ең үлкені – олимпиадалық стадион. Кешен Ашxабад ойындарының ашылу салтанатын өткізу үшін арнайы салынған. Мұнда 45 мың адам сияды.

Айтулы рәсімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Барлығы 10-ға жуық елдің басшылары стадион төріне жайғасты.

Ойындар «Денсаулық. Жігер. Достық» ұранымен өтіп жатыр. Сайыста Азия және Океания елдерінен 6 мыңнан астам спортшы бақ сынасады. Айта кету керек, Азия ойындары – түрікмен xалқы үшін ұлттық жоба. Тарихи шараға айналуы да сондықтан.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев

Қазақстан – Орта Азияның барысы. Ал барыс – текті жануар. Ешқашан өздігінен шабуыл жасамайды. Бірақ тиіскенді оңдырмайды. Еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымы да осындай. Дала демократтары салған бұл сара жолды жаңа заманда Нұрсұлтан Назарбаев жалғады.

Тәуелсіздік туын тұғырға қондырғалы Елбасы төңірегіміздегі елдерді түгел ымыраластыққа шақырды. Алғашында күрмеуі көп күрделі мәселелер жетіп артылатын. Тіпті бірқатар мемлекетпен қарым-қатынасымыз саяси тұрғыдан қарама-қайшы сипатта еді. Суға талас, шекараны бөлісе алмау сынды түйткілдердің түйінін тарқату мүмкін емес көрінді. Түбіміз бір түркі жұрты болғанымызбен, «аққу, шортан һәм шаянның» халін кештік.

Алайда қазақстандық стратегия шоқты үрлемей, керісінше оған су септі. Мұның нәтижелі болғанына бүгін көз жетіп отыр. Сөзімді сарапшылар ойы сүйекті етеді.

Жақсылық Сәбитов, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-Мемлекет басшысының Түрікменстанға бұл жолғы іссапары жайлы айтар болсақ, екі Президент те бір-бірін өте жақсы таниды, біледі. Сондықтан бұл кездесу қос тарапқа да тиімді болады деген сенімдеміз. Ал Өзбекстанға тоқталсам, бұл тарихи сапар болды. Орталық Азияда Қазақстан мен Өзбекстан бақталас болмауы керек. Одан ешкім ештеңе ұтпайды. Қайта ынтымақтастықты арттырғаны жөн. Ал өзара бірлік экономиканы жақсартады. Экономикалық мәселелер қашан да геосаяси мүддеден басым тұруы шарт.

Асқар Нұрша, Әлемдік экономика және саясат институты алматы филиалының жетекшісі:

-Біз Өзбек халқы тарапының да, Түрікменстанның да қарым-қатынасты дамытуға деген қызығушылығын байқап отырмыз. Бұл дегеніміз – тату-тәтті өмір сүріп жатқан көршілерге тән жағдай. Осының арқасында қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтеріліп, үлкен қадамдар жасалды. Қол қойылған келісімшарттар біздің еліміз бен көрші мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың негізін қалайды.

2. Елбасы кездесуі

Президент сыртқы сапардан кейін Жамбыл мен Алматы облыстарына және Алматы қаласына ат ізін салды. Алатау баурайына барғанда Қырғызстан Президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесіп, екі елдің ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті. Мемлекет басшысы бауырластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттігін тілге тиек етті. Ал Өмірбек Бабанов Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік жолындағы берік ұстанымын Қырғыз халқы жоғары бағалайтындығын әрі үнемі қолдайтынын жеткізді.

Өмірбек Бабанов, Қырғызстан Президенттігіне үміткер:

-Біз Қазақстанның егеменді ел болып, осындай Астана салғанын, Қазақ елінің жетістіктерін айтып отырамыз. Алысқа бармай, міне Бішкектен ұшақ арқылы Астанаға 1,5 сағатта жетеміз. Сіздерден үйренеріміз көп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қырғызстан қазір сайлау науқанының қарсаңында тұр. Бұл – ел үшін өте маңызды кез. Мен осы Тәуелсіздік жылдарының ішінде барлық Президентпен де жақын қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Қолымнан келгенше көмектестім. Сондықтан бұл сайлауда кімге Қырғыз халқы сенім көрсетсе, онымен де бұрынғыдай жұмыс істейміз. Екі елдің арасы жақын болу керек. Бізде бөлісетін еш нәрсе жоқ. Қолдан келген көмектің барлығын жасаймыз. Қырғызстанның жолының барлығы Қазақстан арқылы жүреді. Оған қолдау жасап отырмыз. Ал Өзіңізді көптен бері білемін. Бизнеспен шұғылданып, көп тәжірибе алдыңыз. Үкіметті басқардыңыз. Ол да бар. Енді Сіз секілді азаматқа Қырғыз халқы қолдауын беріп жатса, Қазақстан үнемі қолдайтын болады. Басқалары маған ренжімесін. Айтарым, ол – біздің емес, Қырғызстанның ішкі шаруасы. Мен оған кірісейін деп жатқан жоқпын. Кімді сайласа да, онымен жұмыс істейміз. Бірақ білетін, жас, тәжірибелі адам болса, елге де, Қырғызстанға да керек деп ойлаймын. Мы со своей стороны постоянно будем оказывать искреннюю братскую помощь. Нам ничего не нужно от Кыргызстана. Нам нужен братский добрый сосед, с которым мы хотим торговать. Сейчас все границы открыты. Чего нету у вас, у нас берите, чего нету у нас, в Кыргызстане будем брать. Сайлау жақсы өтсін! Тыныштық болсын! Елдің ырқы бұзылмасын деп тілеймін!

3. Татулықтың тал бесігі

Елбасы Ашхабадтан соң, әуелі Таразға келіп тоқтады. Ол жақта Президент тарихи-мәдени орындар мен өндірістерді, бірқатар құрылыс алаңын аралап көрді. Сондай-ақ жергілікті жұртпен жүздесті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жақсы тұстарымен қатар кетеуі кеткен кемшіліктерін де алға тартты.

Бұл өңірдің аграрлық салада әлеуеті әжептәуір. Соған орай ауыл шаруашылығы бойынша алда жүруі керек еді. Бірақ көш басынан көрінер емес. Жамбылға қарағанда «қолайсыз» саналатын Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары озып тұр.

Жалпы аймақтың аумағы 14 млн 426 мың гектарды құрайды. Оның 1,9 миллионы – босалқы жер. Енді осының 41 мың гектары егін егуге бейім. Алайда, иесіз игерілмей жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев осынау алып алқапты отбасылық ферма ретінде пайдалануға пәрмен берді.

Әрине, өңірде өндірісімен де, өнімімен де озық шыққан шаруашылықтар баршылық. Дегенмен бұл тұста да «бірақ-қа» келіп тірелетін тірлік көп. Облыста аты бар да, заты жоқ шаруа қожалықтары тіркелген. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің де шабысы баяу. Қамшылауды қажет қылады.

Еліміздің Жамбыл облысында 87 ұлттың өкілі тұрады. Бұл аймақта 25 этнобірлестік бар. Сол ағайынның арасы ерекше тату. Бір үйдің баласындай ұйып отырған қауымға ортақ шаңырақ – «Достық үйі». Осында жүздеседі, мерекелік жиынды атап өтеді.

Елбасының жұмыс сапары осы жерден басталды. Береке-бірлікке ұйып, ұдайы ұлттар татулығын ұрпағына ұлағат қылған қауыммен кездесті. Ел бірлігі, тыныштығы жөнінде сөз қозғады. Президент көне шаһар Тараздың тамыры тереңге тартатынын, тарихи қаланың өзіндік өнегесі бар екенін айтты. Өйткені Тараз – елдегі татулықтың тал бесігіне айналған шаһар. Ал бірлік бар жерде береке, даму бар. Саясаты сағымдай құбылып, тіршілігі сабындай бұзылған елдерден мысал көп. Алға қойған мақсат пен меже, жоспарлаған бағдарламалар мен реформалар тек осы тату тұрмыстың арқасында мүмкін болмақ.

Мухабат Абдрахманқызы, ҚХА мүшесі, Ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің өкілі:

-Құрметті, Елбасы! Біз білеміз, Сіз Жамбыл халқына ерекше ықыласыңызды білдіресіз. Біз онымен мақтанамыз! Менің айтайын дегенім, Сіздің «Рухани жаңғыру» деген бағдарламаңыз көп ойланып, толғанып жазылған құжат деп білеміз. Мақалаңызды оқыған кезде мен Сіздің Ассамблеяның бір сессиясында айтқан сөзіңіз: «Я был бы счастливым Президентом, если бы я говорил бы на одном государственном языке, а вы бы все понимали», – деп айтқансыз. Сол сөзіңіз менің жүрегіме ұялап, мені қазақ тілін толық меңгеруге қанаттандырды. Мен қазақ тілін меңгеруге насихаттайтын жоба жазып, сол бағытта жұмыс істеп, сол үшін «Тіл жанашыры» деген төсбелгімен марапатталдым. Ал бүгін латын әліпбиіне де көшуге дайынмын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ассамблея народа Казахстана – уникальный институт, который сохраняет межнациональное согласие. У нас один народ – казахстанцы. Внутри казахстанцев есть различные культуры. Это же здорово, правильно? Именно когда различно интересно. А если в один день все будут одного цвета глаз, волос, рост, лицо, просто неинтересно. Сегодня я хочу сказать об одном пункте. Вот «Рухани жаңғыру», сознание, да? Это не просто слова. Сейчас мир меняется. Мы должны приспособиться, особенно молодежь. Совсем другим становится. Информационно-цифровой мир требует новых знаний, нового понимания. Время бежит, как пуля. Мы не должны отстать. Поэтому человек, прежде всего, себя должен менять, учиться каждый день и всю жизнь. Окончил университет, диплом положил. Не пойдет.

Ал бүтіндей аймақтың жайына келсек, Жамбыл облысында биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өңірлік өнім көлемі 231 млрд теңгені құрады. Өндірістік өнім көлемі 6%-ға артқан. Индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдығында 34 жоба жүзеге асып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сол жобалардың бірін Елбасы барып көрді. «ҚазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кəсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Жылына 150 мың тонна өнім шығарып, 75 адамды еңбекпен қамтып отыр.

Нұрлан  Әлжанқұлов, «ҚазУпакТрейд» ЖШС бас директоры:

-Бұл зауытта соңғы үлгідегі еуропалық қондырғылар бар. Сондай-ақ сапалы гипс шығаруға мүмкіндік те бар. Оны Қазақстанның ірі қалаларына және жақын шетел, Қырғызстан, Өзбекстанға шығарамыз.

Өндіріс өрге баспай, өңірдің өркендеуі екіталай. Үдемелі индустрияландыру Əулие Ата жеріне де қан жүгіртті. Аймақта бұрын-сонды болмаған кәсіпорындар ашылды. Сондай өнеркəсіп басшыларының бірнешеуімен Елбасы дидарласып, жоспарларын білді.

Тағы бір мемлекеттік бағдарламаның жемісі – мына бір жол өткелі. Құрылысы Кеңес Одағы кезінде басталып, аяқталмай қалған көпір «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайта жаңғырды.

Елдар Бақпаев, тілші:

-Бұл жолды жамбылдықтар ұзақ күтті. Қаланың екі бөлігін жалғайтын көпірдің ұзындығы – 315 метр. Алты жолақты жол тəулігіне 7 мың автокөлік өткізуге қауқарлы. Көлік кептелісін азайтып, қатынасты оңтайландырмақ.

Бұл өткел шойын жолдың арғы бетіндегі 12 ауылдық мекендегі жүз мыңдай халықтың жүріп тұруын жеңілдетіп, шекаралас елмен байланысқа да оң серпін бермек.

Ғалымжан Әбдірайымов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

-Халыққа маңызды көпір. 16 шақырым жердегі Қырғыз елі – біздің шекарамыз. Қырғыз азаматтары Тараз қаласына осы кішкентай өтпежол арқылы кіретін. 2,5-3 мың көлік кептеліспен шығып жүрген. Бүгінде мына көпір халыққа өте ыңғайлы болады деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесіп, басшылығының есебін тыңдады. Сандарды сөйлеткен əкім жағымды көрсеткіштерді бірінен соң бірін жаудырды. Құрылыс қарқынды, жолдар салынып жатыр. Мыңдаған адамды жұмыспен қамтитын инвестициялық жобалар да жоқ емес. «Хош!», – деді Елбасы. Алайда ахуалдың шынымен де баяндамадағыдай бола бермейтінін біліп те, көріп те жүргенін жасырмады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-ВВП на душу населения в области одно из последних мест. На бумаге пишут и рассуждают, не зная ни черта, что творится на местах. Вот химия, переработка, кластер надо больше этим заниматься. Химический кластер большой потенциал. Однако до сих пор не введен завод в городе Жанатас. Это все находится в видении акимата. Была создана СЭЗ, но там ничего до сих пор нет.

Елбасы екпін салған тағы бір мәселе – өңірдін ауылшаруашылық саласын дамыту. Тараз ежелден-ақ таяқ тастасан тал боп көктейтін мекен екені белгілі. Жер ананың осы бір тартуын табысты пайдалана білу мақсат емес, талапқа айналуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ауыл шаруашылығының, жердің өнімі тұқымға байланысты. Басқа агротехниканы дұрыс қолданатын болса, дәл кезінде жерді жыртып, тыңайтқыштарды беріп, зиянкестерден қорғанатын болсақ, дәл осындай жерден қытайлықтар жылда 30-40 центнерден өнім алады. Олар да жаңбырға қарап отыр. Неге біз кем аламыз? Жалғыз тұқымға байланысты. Есіңізде болса, облыстағы баяғыдан бері келе жатқан ең негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары қызылша мен жүгері болатын. Басқа жерде өспейді олар. Қазір біз қантқа зәру болып, шетелден әкеліп отырмыз. Солар қалай болып жатыр?

Кәрім Көкрекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

-Қазір біз басым дақылдар – қант қызылшасы, жүгері, мақсары, соя алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жүргізудеміз. Биыл қант қызылшасы алқабын 9,5 мың гектарға жеткіздік. Өткен жылы 5 мың гектар жерден 116 мың тонна қызылша жиналып, орташа өнімділігі 232 центнерді құрады.

Мемлекет игілігіндегі жерлердің мақсатты қолданылуын қадағалауды да Мемлекет басшысы қатаң тапсырды. Қолдау көріп, қалтасын қалыңдатып, салық төлеуге келгенде сараңдық танытатын пысықайларға қатысты да қырағылықты күшейту керек екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респу¬бликасының Президенті:

-Почему не платят налоги? За счет государства берет кредит, мясо продает. Это вы виноваты. У нас есть специальные программы, микрокредиты. Кто ему дал кредит – государство. Так будет открыт перед государством. Больше 2 млн человек считаются самозанятыми. Он не будет платить налоги и не будет получать пенсии. Почему мы одних бесплатно лечим, а другие должны платить.

Бірнеше маңызды мəселенің шеті шыққан жиынды қорыта келе Нұрсұлтан Назарбаев тарихы бай, тағылымы терең Тараз қаласының тірлігіне оң бағасын берді. Алайда астамситын емес. Қол жеткізген көрсеткіштерді кемітіп алмай, келісіп əрекет ету керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жамбыл облысының өндіріс жағын көбейту керек. Өндіріс жағы көбейсе, экономиканың ауқымы, бюджетке түсетін қаражат көбейеді. Көріп отырмын, мөлтек аудандар, «Нұрлы жер» бағдарламасымен жол салынып жатыр. Жамбылдың үстімен қазір «Қытай-Батыс Еуропа» деген үлкен даңғыл кетіп жатыр. Теміржол бара жатыр. Бұрынғымен салыстырғанда, жер мен көктей болды. Барлығы газдандырылды. Осының барлығы – елдің тыныштығы, біздің ауызбіршілігіміздің арқасында болып жатқан нәрселер. Облыста жұмыстар жасалып жатыр. Әкімшіліктер өзінің жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ әлі шаруа көп.

Елбасымен жүздескен жұртшылық та емен-жарқын әңгімеге араласты. Бірі жуырда өткен ЕХРО көрмесі үшін алғыс айтса, енді бірі Елбасы бастамаларын халық толықтай қолдайтынын жеткізді.

Жандар Кәрібайұлы, облыстық коғамдық кеңес төрағасы:

-Елбасы, Сізге ЕХРО үшін ризамыз! ЕХРО-ға біздің облыстан 150 адам барып қайтты. Біздің елімізді көтеретін өзіміздің тарихымыздың жаңа белесін жазып отырмыз.

Махметқали Сарыбеков, М.Х.Дулати атындағы ТМУ ректоры:

-Жақында ғана латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған Парламент тыңдауына қатыстық. Бұл жоба бүгінде қазақстандық қоғамда қызу талқыланып жатыр. Латын әліпбиіне көшу бұл – әлемдік өркениетке ілесу, көштен қалмау деген сөз. Біз оны түсінеміз және толықтай қолдаймыз.

Елбасының меңзегені де сол – көші ілгері елдердің қатарынан табылу, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, өркениетке ілесу. Ал бұл істе əр өңірдің, əр қазақстандықтың үлесі бар.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жанұзақ Боранбаев, Ержан Қанапияұлы

Президент Жамбылдан кейін Алматы қаласына аяқ басты. Онда да бірнеше маңызды нысанды аралап, қоғам өкілдерімен жолықты. Сондай-ақ шаһарды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, көп жайттың көбесін сөкті.

4. Көркейген қала

Алматы – «Алпамыстай». Ай-күн сайын ажары еніп, өсіп-өркендеп келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылында қала экономикасы мың есеге өсіп, әлемдік бәсекелестікте бәс жібермейтін деңгейге жеткен. Елбасыға ұсынылған ақпаратпен айтқанда, Алматының ішкі жалпы өнімі Грузиядан 2 есе, Қырғызстан мен Тәжікстаннан 5 есеге дейін артық. Бүгінде Қазақстанға қарай бет бұрған екі туристің біреуі Алатау баурайына бармай кетпейді.

Дегенмен «күн тәртібіне қоюды қажет ететін қарекет жоқ» деп жатып алу жарамас. Әлі де кезегін күткен күрделі мәселелер бар. Атап айтар болсақ: «Алматы қаласының құрылысы қазіргі трендтерге сай болуы тиіс», – деді Елбасы.

Расында, бас жоспар өзгермегелі он жылдан асыпты. Осы іспен айналысатын институттың есігіне 2008 жылы қара құлып салынған. Президент: «Қажет болса, қайта ашу керек», – деп жауаптыларға тапсырма берді. Бұл – Алматының атқамінерлеріне жүктелген бір ғана міндет.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

-Наурызбай ауданы – осыдан 3 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен бой көтерген Алматы қаласының жаңа бөлігі. Әуелгі жылы бұл аумақтың жолы жырымдалып, жұрттың жүріп-тұруы қиын еді. Сол уақытта осындағы тұрғындар санаулы жылда дәл осы мекеннің өзгеріп сала беретініне сене қоймаған болу керек. Бірақ, расымен аудан гүлденді, әлеуметтің өмірі өзгерді.

Мұнда қазір бұрынғыдай «инфрақұрылым нашар» деп шағым айтатын жұрт жоқ. Дені риза. Өйткені халыққа қажетті әкімдік, сот, прокуратура, Халыққа қызмет көрсету орталығы, банк, «Қазпошта», барлығы бір орталықта, ыңғайлы. Оның сыртында жаңа мектеп және емхана салынған. Президент бірінші әкімдікке келіп, жаңа ауданның жаңалығымен танысты.

Биыл қолданысқа берілген – қалалық емхана. 500 адамды қарауға қауқарлы орталық бүгінде науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта мұнда түрлі тың қондырғы алынып, аурудың сан түріне ем жасалады. Қазірдің өзінде емхана жаңа жүйе негізінде қоңырау қабылдап, адамдарды электронды тіркеуге алады. Мұның өзі бағындырған бір белес болса керек.

-Балаларды да, үлкендерді де қарайсыңдар, жедел көмек көрсетесіздер. Құтты болсын! Жақсы жұмыс істеңдер!

Панфилов, Жібек жолы, Шевченко көшелері және Астана алаңы биыл қала келбетін аша түсті. Дәлірек айтсақ, қоғамдық орындар кеңейді, тұрғын үйлердің маңайы жаңарып, балалар ойнайтын және спорттық алаңдар пайда болды. Қысқаша айтқанда, бұл аймақ барынша жаңарды. Жұрттың демалыс орнына айналып үлгерген аймақтың сәнін Елбасы тамашалап, тұрғындармен емен-жарқын сөйлесті.

Қоғамдық орында серуендеген адамдар көп болды. Бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты көргеніне қуанып, тілдесіп қалуға талпынды. Халықтың халын сұраған Президентпен амандасуға ұмтылған балалар да аз болмады.

Ізін ала Елбасының төрағалығымен қаланың даму жайы қаралған жиын өтті. Тәуелсіздігіміздің тал бесігі Алматы шаһары үнемі Президент назарында. Бүгін де Елбасы бұл қаланың барша қазақ үшін ыстық екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Осы жылдардың ішінде қала үлкейді, екі аудан құрылды. Мен Наурызбай ауданына барып, жасалып жатқан шаруаны көріп келдім. Үлкен қала болып келе жатыр. Қала аудандары көркейіп, халық жұмыс істеуде. Қаланың  ауқымы да, көлемі де үлкейіп келе жатыр. Үлкейген сайын проблемалар да көбейе береді. Ол проблеманың қандай екенін біз білеміз және олар шешіліп жатыр.

Президенттен кейін сөз алған қала әкімі сандарды сөйлетті. Жартыжылдықта қаланың жалпы ішкі өнімі 4%-ға өскен. Осы көрсеткіш негізінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 43 мың адам жұмысқа орналасқан.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Алматы қаласында жалпы аумақтық өнім көрсеткіші 4%-ға өсіп, экономика ілгері басты. 8 айда құрылыс қарқыны 3,7%-ға жоғарылады. Онымен бірге тартылған инвестиция көлемі 13%-ға ұлғайып, жұмысқа орналасқан халық саны 43 мыңға барды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласында көрсетілген тапсырмалар өңірде орындалып жатыр. Оны қала әкімі орынбасарының баяндамасынан байқадық. Қазірдің өзінде арнайы жұмыс тобы құрылып, іске кірісіп кеткен.

Арман Қырықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

-Бізде «Рухани жаңғыру» бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Алматы қаласы бойынша 96 іргелі жоба белгіленді. Барлығының құны 60 млрд теңгеге жуықтайды. Қазір жобалық кеңсе қызмет етіп жатыр. Оның құрамында 20 адам бар. 2020 жылға дейін 259 іс-шара өткізілетін болады. Оның бірқатары өткізіліп үлгерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Халықтан қолдау бар ғой?

Арман Қырықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

-«Рухани жаңғыру» бойынша Алматыдағы зиялы қауымның барлығы қолдап отыр. Жастар тарапынан үлкен қолдау, серпіліс бар. Әсіресе латын қарпіне байланысты жастардың жетекші ұйымдары өздері ынта білдіріп, жинау жұмыстары жүргізілді.

Қала ширек ғасырдан бері дамудың даңғыл жолымен жүріп келеді. 25 жылда экономикасы 100 есеге жоғарылап, тұрғын үйлер саны 2 есеге артқан. Сол кезеңдегі қаламен қазіргіні салыстырған адам бұл санмен санасары анық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мне вот дали сведения, что за 2 года высажено 100 тысяч деревьев. Восстановлено 42 тысячи км арычных сетей. Построено более 60 км велодорожек. 100 тысяч деревьев – это мало или много? Надо смотреть. При этом надо помнить, что фундаментом благополучия является развитие экономики. Рост экономики идет. Могло быть, конечно, и больше.

Экономиканың негізгі күші – шағын және орта бизнес. Қала басшылығының алдында 2021 жылға дейін осы саланың көрсеткішін 40%-ға жеткізу тапсырмасы бар. Оны орындау үшін қазірдің өзінде жұмыс істеліп жатыр. Алайда бос жатқан жерлер бұл бұйрықтың жүрісін бәсеңдететін көрінеді. Елбасы қаладағы игерілмей жатқан 500 гектар жердің жайын қарауды жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сегодня 500 гектаров городской земли остается до сих пор неосвоенной. Это деньги банков. Их надо осваивать и банкам возвратить эти деньги. Это главный актив любого крупного города. Акимату необходимо продолжить эту работу по выявлению участков и их изъятию. Я всем прокурорам давал задания, чтобы и в селе так, и в городе так. Купил когда-то землю и теперь сидит, ждет. Он же купил под что-то и сидит теперь ждет. Так давайте будем возвращать и отдавать тому, кто будет использовать.

Соңғы уақытта тал егіліп, түрлі абаттандыру жұмыстары негізінде ластану 20%-ға төмендеген. «Осындай ілкімді жұмыстарды жалғастыру керек», – деп ескертті Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-За последние годы и индекс загрязнения снизился на 20%. Это, конечно, хорошо. Выбросы тоже снизились. Эту работу нам надо продолжать. ТЭЦ-2 надо газифицировать. «Самрук-Казына» вместе с акиматом должны внести предложения по газификации ТЭЦ-2. Газифицировать частный сектор надо. Оттуда дым идет в город.

Жоғарыда Наурызбай ауданының қалаға қосылғалы бері ажары арта түскенін айттық. Бұл қатарға Алатау ауданын да қосуға болады. Өйткені екі аумақ шаһарға кіргелі бері өздері де дамып, экономикаға да пайда әкелген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В Наурызбайском районе с момента его создания, за 3 года его существования количество субъектов малого бизнеса выросло в 4 раза. Инвестиции – в 3 раза. Поступление налогов оттуда – в 6 раз. В Алатауском районе бизнес вырос в 66 раз. Инвестиции выросли в 32 раза. То есть оправдано создание этих районов, для людей, для экономики.

Жиын соңында Президент: «Бой көтеретін ғимараттар қаланың көркі мен келбетіне сай болу керек», – деді. Өйткені ару қала гүлденсе, бізге абырой. Біріншіден, шетелден келген туристер таңдай қағады. Ол – экономиканы көтерудің бір жарнамасы. Осы және өзге салаларға жүктелген тапсырмалар жуық арада орындауды талап етеді. Өйткені күнде құбылған нарық заманында бүгінгі істі ертеңге қалдыруға болмайды. Көштен қаласың, ал оны қуып жету үшін тағы күш салу керек. Бір жұмысты екеу ету бізге қол болмас.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Алматыда Қытайға өтетін жол бар. Газ, теміржол, барлығы бар. Жақсылап жұмыс істеу керек. Мен әкімшіліктің істеп жатқан жұмысына оң баға беремін. Көмектесіңдер! Бірге жұмыс істеңдер!

Қазір жоғары технологиялар жарысқа түскен заман. Бұл ретте дамыған елдер бір-бірінен қара үзіп қалмау үшін жаңа идеяларды тудыруға талпынып жатыр. Иә, мұндай іске қаржы керек, бірақ биік өре мен жігер – ақшадан бұрынғы қажеттілік. Осы озық үлгілі жүйе біздің елде де қолға алынған. Бастамашы – Тұңғыш Президент – Елбасының қоры. Ұйым қазір жастардың талабын ұштау үшін жаңа бағдарламаны әзірлеген. Елбасы Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында сол жаңа жобаның жай-жапсырымен танысты.

Қанат Жұмабаев, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры:

-Институт Алматыдан Астанаға көшірілді. Біз орын ауыстырумен қатар ұйымның жұмысын да жандандырдық. Нақтырақ айтсақ, жобалық басқару жұмысын мықтап қолға алдық. Сонымен қатар жаңа сарапшыларды жинадық. Соның негізінде қазір орталық жұмысы барынша ширады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының негізі 2003 жылы қаланған. Орталық бүгінде әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат тақырыптарына талдау жасайды, зерттейді. Бұл институттың бүгінгі жайымен де Елбасы танысып, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ержан Салтыбаев, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры:

-Қазіргі уақытта институт жаңа жүйеде жұмысын бастады. Енді өзіміз және өзгелер ұға алатын шынайы талдаулар жасаймыз. Бұл жұмыстар негізінде Қазақстанның ұстанымы анық көрінетін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Правильно институт должен выходить из старых рамок, начинать говорить на республиканском, международном уровне.

Еліміздің әлемдік деңгейдегі ұстанымдары белгілі. Соның бірі – жаһанның тұрақтылығы мен тыныштығы. Бұл ретте біз тек сөз айтып қоймай, оны іске асырып отырмыз. Астана процесі – соның бір дәлелі. Иә, Қазақстанда осындай бірлік пен келісім болғандықтан, экономикамыз ілгері басып келеді. Сол дамуға әр облыс, қала үлес қосып отыр. Алматы қаласы – солардың бірі әрі бірегейі. Шаһарға жасаған сапарын қорытындылаған Елбасы өңірдің бүгінгі қадамына оң баға береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Алматы мен Алматы облысының жағдайымен таныстық. Айта кететін мәселе, Алматы қаласында әкімшілік көп жұмыс жасап жатыр. Алматыны одан әрі жасыл етіп, қаланың ішін абаттандырып, халықтың демалатын жерлерін ұлғайтып, жақсы, әдемі қалаға айналдыру үшін жұмыстар жасап жатыр екен. Оның үстіне екі аудан қосылған. Екі ауданда да бизнес те, іскерлерге жұмыс беру мәселесі де ұлғайды. Жалпы Алматы – экономикалық қала. 20 жылдың ішінде Алматы қаласының экономикасы айтарлықтай өсті.

Алматыны жаңарту жолында қала басшылығы біршама шаруа атқарған. Оны әкім сөзбен де, іспен де көрсетті. Дегенмен Елбасы айтқан бірнеше мәселені шешу жұмысы бар. Экология, бизнес саласындағы жағдай түзелсе, халықтың өмірі жақсарады, сәйкесінше қаланың көркі артады.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев, Айдос Серікболұлы

5. Өркендеген өңір

Мемлекет басшысы Алматы облысының да ахуалымен танысты. «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басқаларға қарағанда батылдау», – деседі. Әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік-транзит салаларында айқын сезіледі.

Былтыр ауыл шаруашылығында 581,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген еді. Ал биылғы 6 айда 149,8 млрд теңгені құрады. Бұған дейінгі статистикалық көрсеткіштермен салыстырсақ, сандардың көш ілгері екенін көріп отырмыз.

Сонымен қатар Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуінің де жұмысы жақсарып келеді. Өткен жылы 30,3 млрд теңге көлеміндегі 48 инвестициялық жоба іске асқан. Сөйлетсең әрине, цифр көп. Бірақ «Сапа қалай?» деген де сұрақ бар.

Елбасы Алматы облысына жасаған сапары аясында әуелі Райымбек ауылында орналасқан «Батыр бабалар» мемориалдық кешеніне барды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған нысанда ежелгі сақ дәуірінен бастап Алашордаға дейінгі аралықты қамтитын тарихи деректер ұсынылған. Сондай-ақ ел тәуелсіздігі үшін шайқасқан даңқты хандар, билер мен батырлардың портреттік галереясы, айтулы тұлғалар туралы мәліметтер бар. Ал кешеннің орталық бөлігінде батыр бабаларға құрмет композициясы орналасқан. Кешенді аралап болған соң Мемлекет басшысы Қарасай ауданының белсенді азаматтарымен кездесті. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылап, Алматы облысын дамытудың жай-жапсарын сөз етті.

Әміре Әрін, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы:

-Біздің облыста қыруар жұмыс атқарылуда. Қазірдің өзінде 40 ақын-жазушының кітаптары шығарылды. 4 млрд-тан астам қаржыға 90 жоба жүзеге асты. Соның бірі – өзіңіз аралаған «Батыр бабалар» кешені. Тұнып тұрған тарих. Томирис ханшайымнан бастап өзіңізге дейінгі біздің тарих.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы мұражаймен де танысты. Жыл басында басталған құрылыс жұмыстарын 1 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған. Қазір ғимараттың 92%-ы дайын. Мәдениет ошағы жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған. Мемлекет басшысы мұражай экспозициясында ел тәуелсіздігінің негізгі кезеңдерін қамтуды тапсырды. Сонымен қатар Елбасы жұмыс сапары аясында Шамалған ауылына барды. Бейресми жағдайда ауылдастарымен кездесті.

Бұдан бөлек Елбасы Қарасай ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен де танысты. Бұл ғимарат та жеке азаматтың қаржысына салынған. Онда бокс, күрес, жүзу бассейні, теннис корты, тренажер және әмбебап спорт залы мен 1 000 орынға шақталған футбол алаңы бар. Медициналық көмек көрсету бөлімшесі мен шағын дәмхана да орын тепкен.

Облыстың биылғы даму жүйесімен танысқан Елбасы өңірдің жетістіктерін жоғары бағалады. Жетісудың ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстары өзгеге үлгі боларлық. Оны өңір былтыр да дәледеді. «Биыл да оң нәтижесін көрсетеміз», – деп отыр.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

Мемлекет басшысының Түрікменстанға сапары Ашхабадтағы айтулы шараға орайлас болған еді. Ол – жауынгерлік өнер сынға түсетін жабық ғимараттағы V Азия ойындары. Дүбірлі додада 16 спорт түрінен 181 қазақстандық сайысқа түседі. Әзірге саңлақтарымыздың нәтижесі көңілге қонымды.

Осы тұста тілге тиек етуге тұрарлық тағы бір жағымды жаңалық бар. Қазақстанның теннистен ерлер құрамасы Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетіп, осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтті. Құраманы қуанышымен Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

6. Салмақты саясат

Қазақстанның «соғыссыз әлем» құру бағытындағы бастамаларына мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елдің өзі бас бұрды. Оған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде айтқаны айғақ. «Жаһанды қарусыздандыруда Қазақстанның қарқыны күшті», – деп атап өтіпті «Ақ үйдің» адамы.

Рекс Тиллерсон, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

-Қазақстан Республикасы ядролық қарудан бас тарту арқылы көптеген мемлекетке үлгі болды. Бұл батыл шешім ядролық қаруды, оның құрылымын, технологиясын қатыгездердің қолына түсуден екі есеге дейін азайтты. Осы қадам мемлекеттің БҰҰ-ға мүше болуына септігін тигізді. Әлем Қазақстанға ядролық қаруды жоюшы ретінде қарамайды. Керісінше Қазақ елі барлық көршілес мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан. Жылдан жылға сенімді сауда нарығын да қалыптастырып келеді. Биыл Қазақстан әлемге болашақ энергиясын насихаттап, елдің экономикалық мүмкіндігін көрсететін EXPO 2017 халықаралық көрмесін өткізді. Сондықтан өңірлік және әлемдік дамуға мемлекет айтарлықтай үлес қосып жатыр деп есептеймін. Яғни Қазақстан өз шешімінен ұтылған жоқ, қайта жемісті жетістіктерді бағындырды. Менің бұрынғы қызметтерімде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, осы шешімі жайлы өзінен сұрауға мүмкіндігім болды. Ол бұл туралы мүлдем өкінбейтінін айтып, «Жас мемлекет үшін жасаған жұмысымның ең жақсысы – осы», – деп ерекше атап өтті.

Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясындағы жалпы пікірталаста Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сөз сөйледі. Ұйымға мүше 193 ел алдында заманауи Қазақстанның даму жолдары мен мемлекеттің негізгі ұстанымдары түсіндірілді. XXI ғасырдағы адамзат үшін ең маңызды деп атап өткен әлемдік ядролық қарусыздандыру кезеңіндегі Президенттің бастамаларына баса тоқталды. Ол Қазақстанның БҰҰ-ның көпжақты дипломатиясына арналған аймақтық хаб құру жөнінде жұмыс жүргізіп жатқанын және терроризмсіз әлемге жетелейтін Кодексін әзірлеуді бастағандығын мәлімдеді. Министр баяндамасында Президентті Қазақстанның үшінші жаңғыруына бағытталған Жолдауына ерекше тоқталды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Біз экономикалық көрсеткіштер мен басқару тұрғысынан ең озық дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің бірі болуға ұмтыламыз. Экономикалық өсіп-өркендеудің жаңа моделі осы өршіл мақсаттарға жету жолын айқындайды.

7. Сарапшылардың ойлары

Қазақстан бастамалары жаһан жұрты үшін маңызды. Бұл жайында отандық сарапшылар да өз ойларын ортаға салды.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сыртқы саясат бойынша сарапшысы:

-АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқаны, жетістіктері жайлы сөзі еліміздің әлемдік қауымдастықтағы, жалпы халықаралық аренадағы ядролық қарудан бас тарту қозғалысындағы маңызды рөліне назар аудартып, көшбасшылығынан хабар береді.

Айнұр Ноғаева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

-Бұл мәлімдеме Қазақстанның әлемдік аренадағы қазіргі рөлін айқындайды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон осы пікірі арқылы Елбасына және жалпы Қазақстан халқына құрметін білдірді. Алдымызда әлі біраз жоспар мен жұмыс бар. Сондықтан елімізге қатысты үлкен мінберден айтылған бұл пікір соңғысы емес деп ойлаймын.

8. Латын әліпбиіне көшу

Соңғы күндері латын қарпіне көшу жайлы көп әңгіме айтылып жатыр. «Әліпби айтысы» басталғалы қазақ тіліне қатысты сан түрлі тұжырым ғасырлар қойнауынан қайта оралуда. Мәселен 1883 пен 1914 жылдар аралығында Бақшасарайда басылған «Тәржіман» атаулы түрік газетінің бас редакторы Ысмайыл Ғаспыралының ой-қорытпасын жиі естіп жүрміз. Реформатор: «Шыңғыс пен Темір заманынан бері тамырдан қол үзбеген қазақ тілі түбінде түркіге ортақ тіл болуы мүмкін», – деп тәпсірлепті.

Жөн-жосықсыз жорамал да емес. Асылында қазақтың тілі – Мағжан ақын айтқандай, «Баба тілі» – барлық түркі жұртына жақын қара шаңырақтың тілі. Ал сол «қара шаңырақтан» енші алып, тараған тамырлас елдер Тәуелсіздік тізгінін қолға алған соң, «тәуелділіктен» түбегейлі арылудың амалын қылып, түгел дерлік латыншаға көшіп алған. Ендігі қалғаны – қазақ пен қырғыз. Ендеше біздегі қарекеттің жайы қалай? Қоғам нені қалайды?

Қостанай облысы, Қарабалық кентіндегі Бекболатовтардың үйінде көне дәптер табылды. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы дәптердің бүктеулі 4-5 парағы әбден ескіргенімен, жазулары анық көрінеді. Ондағы қазақша сөздер латын әрпімен, орысша аударма кириллицамен жазылған. Үйде жөндеу жүргізгенде табылған ескі қағаздарға бастапқыда мән бермепті.

Жағыпар Бекболатов, Қарабалық кентінің тұрғыны:

-Қоқыспен далаға шығардық қой. Шығарғанда жаңағы дәптерді қолға алып, ашып қарағанда даталары болды. 1943 жыл. Ағылшын тілінде жазылған деп ойлап қалдық. Сосын жақсылап қарап, қазақ сөздерінің латын әрпімен жазылғандығын түсіндік.

Жергілікті музей қызметкерлері: «Осы дәптерге қарап, кезінде латыннан кириллицаға ауысу біртіндеп жүргізілгендігін білуге болады», – дейді.

Аптаның ортасында латын әліпбиінің жобасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде талқыланды. Мамандар: «Сөздің морфемдік жүйесін сақтап, буынға бөлу, тасымал мәселесіне мұқият болған абзал», – деді. Әліпби жобасындағы қосарланған әріптер туралы да айтылды. «Қазақ тілін компьютерлік бағдарлау тіліне айналдырғымыз келсе, апостроф пен диакритикалық белгілерден бас тартқан дұрыс», – дейді ғалымдар.

Елдегі көне басылымдардың бірі «Семей таңы» газетінде латын қарпінде мақала жарық көрді. Онда латын әліпбиі бұл газет үшін жат еместігі, бастаманың халық игілігі үшін пайдалы екені жан-жақты айтылды. Бір ғасырлық тарихы бар үнпарақ 1930-1935 жылдар аралығында «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» атауымен латынша басылған. Сондықтан редакция ұжымы жаңа әліпби қоғамдық сананы жаңғыртып, рухани серпіліс әкеледі деген сенімде.

Риза Молдашева, «Семей таңы» газетінің директоры:

-Жалпы редакцияға қоңырау шалған халықтың пікірі, қолдауы жақсы. Соған қарағанда біздің қандастарымыздың латын әліпбиіне өтуге көзқарастары дұрыс деп ойлаймын.

Латын әліпбиі тілдің әуезділігін сақтап, артық әріптерден арылтады. Оған қоса Қазақстан әлемдік қауымдастыққа жаңа бағытта қадам басады. «Тек асығыстыққа жол бермей, латын қаріптерінің қазақстандықтар үшін ең тиімді және  ыңғайлы нұсқасын таңдау қажет», – дейді көкше мамандары.

Аманжол Есмағұлов, филология ғылымдарының кандидаты:

-Менің шешем 30-шы жылдары, латын әрпін қолданған кездері оқу оқыған. Ол кісінің жазғандарын еркін түсінемін. Менің үйімде сол 30-шы жылдардағы латын әрпімен жазылған кітаптар бар.

«Қазақ тілінің төл табиғатын бұзбай, сақтау үшін қазіргі орфографияға реформа жасау қажет», – дейді қызылордалық филологтар. Ана тілінің фонетикалық жүйесін дәл бейнелеу тұрғысынан бізге латын графикасы қолайлы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының айтуынша, латын әліпбиіне көшу төл жазуымызды реттеуге мүмкіндік береді. Өйткені латын қарпі – әлем елдерінің 70 пайызға жуығы қолданатын өркениеттің жазу-оқу құралы.

Аман Абасилов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор:

-Өзіміздің төл дыбыстарымызды таңбалайтын, өзге тілдің дыбысы араласпайтын, әлемнің озық мемлекеттеріндегі дамыған тілдердегі үрдіске сәйкес жасалған қазақ әліпбиін қолдаймын.

Қазір ғаламтор ғасыры. Оқушылар әліпбиді өзгерту бастамасын қолдайды. «Жаңа әліпбиге көшу қоғамдық процеске кедергі келтірмей, салиқалы өтуі керек», – дейді ұстаз Аягүл Миразова.

Аягүл Миразова, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі:

-Интернет, қандай да техникалық дүние болсын, барлығы латын әрпімен жазылған. Олай болса, біздің жастарымызға мұны игеру ешқандай қиындық тудырмайды.

Павлодарда да латын әліпбиіне көшуге орай қоғамдық тыңдау өтіп, оған жоғары оқу орындарының тіл мамандары, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар: «Латын әліпбиіне көшсек, мемлекеттік тілдің мәртебесі артады», – дейді.

Авторы: Ақбөпе Бәкір, Аймақтағы тілшілердің көмегімен

Мамандардың сөзінен ой түйсек, әліпби ауыстыру жай ғана таңба таңдау емес, бұл – мемлекет орнату, елдің ордасын салу сынды маңызға ие ғасырлық іс. «Себебі осы арқылы сана сілкінеді, жады жаңғырады, жаңа өркениетке жол ашылады», – дейді. Демек, бұл – арқаға артылған тағы бір ауыр жүк. Бірақ, оны да өткерерміз!

Себебі тәжірибе бар. Жақында EXPO 2017 көрмесінің есігін жаптық. Халықаралық шараны өзгелерден асыра өткізбесек, кем қылғанымыз жоқ. Дегенмен бұл «мақсат орындалды» дегенді білдірмейді. Алда атқарылар іс ауқымды.

9. Қаржылық хаб

Енді көрме кешенінің ғимараттарында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналаспақ.

Астана қаржылық хабқа айналуға әзір. Бюджеті 14 млрд теңге деп бекітілген ұйым 2 айдан соң жұмысын бастайды. Қазір қаржы орталығы орналасатын ЕХРО қалашығының аумағында көрме павильондарын кеңсеге бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірер уақыттан кейін бұл жер брокерлер мен инвесторлардың қайнаған ордасына айналмақ. Ағылшын құқығы үстемдік етеді, инвесторлардың мүддесін тәуелсіз сот қорғайды.

Қайрат Келімбетов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

-Болашақта ең мықты халықаралық сауда біздің ЕЭО-да және басқа Азия елдерінде болады. Соның ішінде Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзиядан инвестициялар тартуымыз керек.

Орталықта алғаш болып ұлттық компаниялар мен ірі холдингтердің акциялары сатылымға шығарылмақ. Брокерлер сауда-саттықты қыздырып, шетелдіктердің ақшасын Қазақстанға тартуы тиіс. Қайрат Келімбетов «Астана» қаржы орталығы бай-бағландардың капиталын жасыратын офшорлық аймақ болмайтынын бірден ескертті.

Қайрат Келімбетов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

-«Офшо» деген сөзді көпшілік дұрыс түсінбейді. Бірақ оның бірнеше мағынаны білдіретінін атап өту керек. Мәселен Лондон – әлемдік деңгейдегі қаржы орталықтары байланысатын офшорлық аймақтың бірі. Сондықтан бізге «мидшор» деген сөз көбірек ұнайды. Айта кетейік, Қазақстан жаһандық бастамаларды үнемі қолдап, ақшаны жымқыру ісіне қарсы ұдайы күрес жүргізеді. Осы орайда біз Сингапурдегі қаржы орталығының ұстанымына сай жұмыс істеуге мүдделіміз.

Қаржыгерлер орталықтың бірнеше бағытта жүргізілетін жұмысын 6 құрлықпен байланыстырып отыр. Тізбелеп айтсақ, капитал нарығы, активтерді басқару, Исламдық қаржы, қаржы технологиялары, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару және жасыл қаржы саласы. Әр аймақтан ортақ бір әріптесіміз бар. Мәселен Таяу Шығыста – Дубай, Қытайда – Шанхай, Еуропада – Лондон қаржы орталығы.

Саясат Нұрбек, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры:

-Жалпақ тілмен айтқанда бәсекенің көкесі енді-енді шығып жатыр. Әр дамыған мемлекет өзінің бір шоғырланған капитал жүйесін көрсеткісі, орнатқысы келеді. Біздің нарыққа келетін болсақ, 5 үлкен нарық бар. Бірінші – Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия. Екінші – ТМД елдері, Ресей, Орта Азия. Үшінші – Еуропа. Төртінші – Оңтүстік Америка, Канада мен АҚШ.

Сарапшылар «Астана» Халықаралық қаржы орталығына оң баға береді. Қазақстанның бастамасын шетелдік қаржы ұйымдарының басшылары қолдайды. Бұл – бір күндік жұмыстың нәтижесі емес, стратегиялық қадам. Қазақстан алдымен жағалай жол тартты. Инфрақұрылымды дамытып, Батысқа жүк жөнелтетін көпірге айналды. Енді инвестицияға мүдделі. Осы аптада жаһандағы Исламдық қаржыландыру саласының үздіктері елордада 4 күн кеңесті. Шариғат тәртібімен қарыз берудің келешегі зор. Күн тәртібінде «сукук», яғни құнды қағаздарды нарыққа шығару көзделіп отыр.

Ризван Канджи, «King & Spalding» компаниясының серіктесі /БАӘ/:

-Астанада өткізілген жиын ТМД елдерінің нарығына бағытталып отыр. Қазақстан 2018 жылдан бастап сукукты айналымға шығарады. Корпоративті секторға шариғатқа сай активтер қажет. Құнды қағаздарға қатысты қаржы мамандарына көмектесіп, тәжірибе алмасуға дайынбыз. Қазақстанның құнды қағаздарына шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр. Бұл – елдеріңіз үшін зор мүмкіндік.

Сукук нарығы – қарыз беру тәртібінің ең әділеттісі. Ислам банктері дәстүрлі қаржы ұйымдары секілді табыс табуды көздейді. Алайда жеңіл жолмен емес. Пайыздық үстеме алмайды. Банк тәуекел мен кірісті қарыз алушымен теңдей бөліседі. Сондықтан Ислам банктерінің әлеуеті мықты.  Ислам қаржыландыру кеңесінің қарамағында 185 банк бар.

Яхия Алеем Ур Рахман, Ислам даму банкінің өкілі:

-Аймақтық деңгейде тәжірибе алмастық. Соның ішінде исламдық құнды қағаздарға қатысты айтылған ұсыныс көп. Сукукты нарыққа шығару тәсілдерін жетілдіру маңызды. Заңдық тұрғыдан да тетігін реттеу қажет. Қаржылық қызметті халықаралық деңгейге шығару үшін елдегі ресурс жеткілікті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы ТМД және Еуразия аумағында қаржылық хаб ретінде құру идеясын толық қолдаймыз. Бұл жерде Исламдық қаржыландыру өркендейді деп сенемін.

Азияның алып нарығы – инвестиция салуға қолайлы алаң. Сарықұрлықтағы қаржы институттарының дені шариғат шарттарына берік. Исламдық қаржы ұйымдары ТМД кеңістігінде Қазақстанға сенім артып отыр. Сукукты енгізу үшін жыл соңына дейін қосымша құн салығына қатысты заңға өзгеріс енгізілмек.

Ерлан Байдәулет, Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі сарапшы:

-Елімізге инвестиция және қосымша қаржыландыру Ислам шариғатына сәйкес әкелу жолы – сукук. Қазір әлемдегі 365 млрд-қа бұл нарық жетті. Енді осы нарыққа еліміз қосылып жатқанына біз өзіміз де ризамыз. Қазір Үкімет сукук шығаратын болса, бұл нарыққа келесі кіретіндер – үлкен кәсіпорындар.

Мақсатымыз – 2025 жылға дейін 40 млрд доллар инвестиция тарту. Қазақстан тек инвесторларға ыңғайлы ел ғана емес, қаржы индустриясындағы жаңа технологияларды меңгеруге ниетті. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы «крипто алқапқа» айналмақ. Әлемде криптовалютаға қызығушылық артты. Виртуалды ақшаның тетіктерін реттеуде Қытай мен Сингапурдан үйренеріміз көп. Нью-Йорк Уолл-стрит пен оның банктеріне ие болса, Азияда «жаңа цифрлық Уолл-стирттің» қалыптасып келе жатқаны айқын.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Серік Қоңырбаев