×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Мұрағат

Жеті күн 09.12.2017

Жеті күн 09.12.2017
1. Жаңа индустрияландыру 2. Елбасы қабылдаулары 3. Асқақ Астана
4. Өндірісті өркендету 5. Бизнес белес 6. Инвесторлар форумы
   
7. Сүбелі сұхбат    

1. Жаңа индустрияландыру

Біздің дәуіріміз басталғалы бүгін 736 мың 687-күн. Осы аралықта жиылған ақпараттың көлемі 16 зеттабайтқа жетіпті. Бірақ оның 92 пайызы соңғы екі жылға, яғни 730 күнге ғана тиесілі көрінеді. Иә, технология қарыштап дамыған сайын ақпарат ағыны да күшейіп барады. Қазіргі екпінді ғалымдар есепке алып, 2020 жылға болжам жасады. Олардың айтуынша, алдағы үш жылда мәліметтердің жалпы жиынтығы 40 зеттабайтқа жетеді. 40 зеттабайт дегенді көзге елестету мүмкін емес. Тек салыстырып қана сөйлетуге болар?! Мәселен, планетамыздағы барлық  жағажайдың құмын қосып, әр түйіршігін санағанда, шамамен 7 квинтиллион 5 квадриллионды құрайды екен. Ал 40 зеттабайт одан 57 есеге көп.

Бірақ бойымызды үрейге жеңдірудің қажеті шамалы. Себебі адамның ағзасы 60 зеттабайттан асып түсетін көлемдегі ақпаратты өзіне сіңіріп, сақтауға қауқарлы деседі. Осы тұста әрбір қазақстандықты бір маңызды сұрақ мазалауы тиіс сыңайлы. Біздің ми жасушаларымызда қанша және қандай ақпарат бар? Олар біздің бәсекеге қабілетті болуымызды қамтамасыз ете алады ма? Біз жаһандық деңгейде жиі айтылатын «цифрлық жүйе», «инновация» деген ұғымдарды қалай түсініп, қалай жүзеге асырып жүрміз?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы успешно провели Международную выставку «ЭКСПО-2017». На ее площадке было продемонстрировано 140 научных изобретений в области альтернативных возобновляемых источников энергии. Прошло 2 месяца - и уже начали забывать, что у нас было ЭКСПО. Но я не забуду, имейте в виду. Для чего мы провели колоссальную работу? К нам пришли показать самые лучшие достижения мира по альтернативным технологиям! А теперь будем спать, забыли уже, перевернули страницу. Ничего подобного! Правительству нужно выстроить системную работу по практическому применению и использованию этих новаций. Поехать в эти страны, откуда они пришли, посмотреть, как работают, подумать, как это перенести к нам, как это сделать. То есть практическое внедрение и использование этих новаций лежит полностью в кругу ответственности правительства.

Алда болудың алгоритмі бізде жоқ па?! Жоқ емес, бар. Абай тайға таңба басқандай көрсетіп кеткен. Ойшылдың «...Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап...» дегені ешбір құпиясыз, ашық алгоритм емес пе?! Еңбек қыл, білімге жүгін, міне, сонда өнер табасың, өзгеден озасың. Әйтпесе салпылдап сағым қуған бойға еп болмас. Жасанды интеллекті жасаған да, құлтемірді сөйлеткен де қазақстандық азаматтар сынды он екі мүшеден тұратын адам. Биологиялық тұрғыдан ешқандай айырмашылығы жоқ. Бірақ олар алты құрлықтың назарын өздеріне аударып тұр. Ал біздің ғалымдар қайда, не істеп жүр? Қашан инновациялық жаңалық ашады?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я недавно встречался со 100 новыми лицами независимого Казахстана и видел абсолютно продвинутых молодых людей, которые в 18-20 лет создают уникальные вещи. Один парень в подвале университета создал розетку, который на 30% экономит электроэнергию. Почему не внедряется? Почему не подхватываются сразу такие моменты? Там в Силиконовой долине такого парня заметили бы. Каждый что-то делает и выдумывает. Поэтому необходимо своевременно запустить объекты «ЭКСПО» и чтобы они работали.

Біздің бүгінгі мақсат-мұратымыз асқар таудай. Ұлы дала елін «Мәңгілік мемлекетке» айналдыру – алдағы жоспар. Сондағы бір саты – озық отыздыққа қосылу. Сондықтан Қазақстанға «абсолютті инновация» ертең емес, бүгін керек. Ал оған қажет мүмкіндікті Үкімет қамтамасыз етуге тиіс. Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы осы мәселені бірнеше рет еске салды және ақыры қалай боларын да ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Стратегически важной задачей модернизации является развитие, как мы говорим, человеческого капитала. Правительству надо выстроить работу системы образования и науки в соответствии с потребностями новой индустриализации. Это очень большая работа. Без подготовленных кадров никакой индустриализации, никакой цифровизации не проведем. Они штучные, их надо собирать. Нужно брать у них то, что они выдумали, и внедрять. Вот таких надо учить, и программа «Болашак» к этому должна быть устремлена, и Назарбаев Университет, и все наши университеты должны быть ориентированы на то, чтобы готовить таких людей. Интеллектуальные школы созданы для того, чтобы подобрать во всем Казахстане талантливых детей. Сегодня надо отдавать работу в руки 25-30-летним, и не надо этого бояться. Они будут делать дела, надо дать им дорогу, не мешать им.

Өз-өзімізді қамшыламасақ, өркениет көшінің шаңын жұтып қалуымыз оп-оңай. Уақыт бізді күтпейді. Сынаптай сырғып барады. Ал жаһанданудың желі енді жылымықтана қоймас. Қазірдің өзінде бет қаратпай тұр. Ертең не болады? Сондықтан дүниенің болашағын долбарлай отырып, жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Бірақ «бұл – жалғыз «А» корпусы атқаруы тиіс міндет» деп қалған жұрттың қарап жүргені де жарамас. Осы елдің әрбір азаматы әрекет қылуға тиіс. Міне, сонда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылып жатқан кәсіпорындар бүгінгіден әлдеқайда артық көрсеткіш көрсетері анық. Әрине, бұл бағдарлама іске қосылғаннан бері әжептеуір жұмыс атқарылды. Мәселен, 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Шикізаттан гөрі дайын өнімді экспортқа шығару үлесі артты. Осындай жетістіктер жетіп артылады. Ал осы жолы іске қосылған жобалар несімен айрықша? Олардың экономикаға қосар үлесі қандай? Индустрияландырудың маңызды нысандарын іске қосу рәсімі турасында Назерке Әбдірахманқызы әңгімелейді.

Индустрия – ел экономикасының болашағы. Екінші бесжылдықтың 3 жылы аяқталды. Төртіншісі басталды. Жаңа іске кіріспес бұрын өткенге көз жүгіртіп, алдағы міндеттерді айқындайтын дәстүр бар. Жыл сайын өтетін жалпыұлттық телекөпірдің көздегені осы. Бұл жолы Президенттің пәрменімен экономикаға серпін беретін 25 кәсіпорын іске қосылды. Олар инновациялық өндірістер. Соның бірі – Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы. Кәсіпорынның ерекшелігі, ол алтын қалдықтарын кәдеге жаратып, толығымен өңдейді. Елімізде бұрын-соңды мұндай өндіріс болмаған.

Баламир Маханов, «Қазақ Алтын Тechnology» ЖШС бас директоры:

- Құрметті, Елбасы! Сіздің индустрияландыру саясатыңыздың арқасында ТМД  арасында алғаш болып құрамында бағалы металдар бар техногендік минералды түзілістерді өңдеу кәсіпорнын ашқалы тұрмыз. Жоба іске қосылған соң 7 млн тонна өңдеуге мүмкіндік туады.  Алғашқы жылдары Доре қорытпасы 4 тонна алтын, 2 тонна күміс өндіретін боламыз. Ал олардың елордамыздағы аффинаждау зауытында ары қарай өңделуі еліміздің алтын қорын толықтыруға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Әбішұлы, іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймын!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 4 тонна алтын шығару деген бұл алтын шығарудың үлкен өндірісі болып саналады. Мен өте қуаныштымын. Баршаларыңды құттықтаймын. Барлық жұмыскерлерге осыны қосқаны үшін ризашылығымды білдіріп, зор денсаулық, үлкен табыстар тілеймін! Қосыңдар!

Индустрияландырудың тағы бір жемісі – елімізде машина жасау саласының дамуы. Кезінде Қазақстан көлік шығарады дегенде күмәнмен қарағандар көп болды. Құдды ертегідей көрінді. Бүгін ешкім таңдана қоймас. Соңғы 7 жылда машина жасау саласының өндірісі 3 есеге артты. 700 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Алайда темір тұлпар тозбайтын ақыл, шірімейтін алтын емес. Ол да бір күні істен шығады. Бастысы, жарамсыз көлік қоқыста жатпайды. Елімізде оны кәдеге жарататын кәсіпорын бар.

Айдын Нұрахметов, «Recyclingcompany» ЖШС қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы! Бұл – көлік құралдарын кәдеге жарататын Қазақстандағы алғашқы зауыт. Оны біз 9 айдың ішінде салып біттік. Мұндағы жоғары технологиялық қондырғылар жылына 50 мың көлікті қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 30 мың тонна қара және түсті металл аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Это первое предприятие такого плана в Казахстане. Вы смотрите, когда мы начинали первые шаги независимости, в Казахстане было всего 700 тысяч автомобилей. Сейчас около 5 млн автомашин ходят по нашим дорогам. Они изнашиваются, как и всё в жизни. И они засоряют окружающую среду, а вы их используете на благо. Вытаскиваете оттуда все, что необходимо: провода, цветные металлы, которые тратились. Учитывая, что у нас сейчас в стране производятся 18 видов легковых автомобилей, ваша работа имеет большую перспективу.

Еліміз көліктен бастап ауыл шаруашылығы өнімдеріне дейін экспортқа жөнелтіп жатыр. Қазір «Қазақстанда шығарылған тауарлар» әлемнің 112 мемлекетіне саудаланады. Бұл ретте орта және шағын кәсіпорындардың үлесі зор.

Темірғали Ескендіров, «Жайық Агро LTD» ЖШС директоры:

- Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Барлық ауылшаруашылық мамандары атынан Сізге алғыс білдіремін! Еліміздің батыс, шығыс және солтүстігіндегі 3 жаңа тағам өндірісі – бизнес пен ауылшаруашылық кешенінің дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі. Аграрлық сала экономиканың қозғаушы күшіне айналуы үшін барымызды саламыз.

Ал өндірілген өнімді шетелге жөнелту қиын емес. Индустрияландыру жылдары 3200 шақырым жол төселді. Осылайша Қазақстан Еуразияның теміржол торабы мен автокөлік дәлізіне айналып отыр. Енді еліміздің транзиттік әлеуеті одан сайын арта түспек. Бүгін 4 бірдей инфрақұрылымдық жоба жұмысын бастады. «Эйр Астана» ұлттық компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі авиажөндеу кәсіпорнының негізін қалады. Ал оңтүстікте жылына 1 млн тонна жүк өткізетін мультимодальді көлік-логистикалық орталық ашылды. Батыста Ақтау-Бейнеу тас жолының бір бөлігі және Құрық портының Түркия мен Еуропаға қатынайтын жаңа бағыттары іске қосылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Теперь мы можем сказать, что Казахстан – это не сухопутная страна и имеет выход ко всем морям, включая Персидский залив и т.д. И автомобильную дорогу вы сказали. Это отдельный разговор что мы сделали за эти годы. Это колоссальная работа по всему Казахстану.

Индустрияландыру бағдарламасы жаһандық дағдарысқа жауап болды. Әлемде шикізат бағасы құлдыраған кезде, «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен бізде бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрі шығарылды. Бюджетке салмақ салмай, шетелден қаражат тартылды. Нақты жоспарға негізделген бағдарламаға қызыққан инвесторлар қаржысын салды. Жаңа кәсіпорындар бой көтерді. Бүгін тағы осындай 4 өндіріс орны өз жұмысын бастады. Соның бірі «Химфарм» зауыты жаңа цехын іске қосты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я еще раз предупреждаю тех, кто ставит палки в колеса развитию нашей отечественной фармацевтической отрасли. До сих пор люди, имеющие в Казахстане связь с иностранными компаниями, наверное, по не очень хорошим причинам держатся за свои контракты и очень тяжело пропускают наши компании.

Бағдарлама іске асқан 7 жылда өңдеуші секторға құйылған тікелей инвестиция 26 млрд доллардан асты. Нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспорттағы үлесі 23 пайызға артты. Бағдарламаның о баста көздегені – мұнайға байланбай, шикізатқа тәуелділіктен арылу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін біз халыққа 300 мың жалақы төлейтін болсақ, ертеңгі күні мұнайдың бағасы төмендеді деп 100 мың теңге бере алмаймыз ғой. Зейнетақы да солай. «Мынау төмендеп кетті, сендерге зейнетақыны 3 есе төмен береміз» деп айта алмаймыз. Сондықтан мұнай мен газдың жасайтын ирелеңін кеміту үшін не істеу керек? Екінші экономика жасау керек. Бүкіл дүние сияқты. Өздеріңіз қарап отырсыздар, алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі Оңтүстік Кореяда мұнай мен металл тұрмақ, бір түйір көмір де жоқ. Сингапурда қандай мұнай-газ бар?! Швейцарияда қандай бар?! Германияда не бар?! Бірақ ақылмен, оймен алдыңғы қатарлы ел болды.

Еңбек өнімділігін арттыру да басты міндет. Ол үшін өндіріске инновацияны енгізу керек. Осы заманауи технологияның тілін білетін сапалы мамандар дайындау да маңызды. «Жас келсе – іске» деп, индустрияның болашағын өскелең ұрпаққа сеніп тапсыру қажет», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодня надо отдавать работу в руки 25-30-летним, и не надо этого бояться. Они будут делать дела, надо дать им дорогу, не мешать им.

Президенттің тікелей бастамасымен іске асқан бағдарламаның ауыз толтырып айтар нәтижелері де жоқ емес. Жалпы құны 5 жарым  триллион теңге болатын мыңнан аса кәсіпорын іске қосылды. 101 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 8 триллион теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – бағдарламаның 7 жылдағы жетістігі. Ал биыл жалпы құны 1,9 трлн теңге болатын 127 жоба іске асты. Индустрияландыру саласында қызмет ететін әр жұмысшы шамамен 3 600 доллардың өнімін шығарды. Нәтижесінде биыл 10 айда ЖІӨ 4 пайыз өсім көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На госпрограмму инновационно-индустриального развития предприятия, которые сдали за эти годы, произвели продукцию на 9,5 трлн тенге, а затрачено было 5,2 трлн тенге. Разницу чувствуете? То есть мы втройне возвращаем вложенные деньги в этот объект, а не просто тратим. Это должен народ знать, и мы сами должны знать.

Іске қосылған әрбір кәсіпорынды Президент өз бақылауында ұстайды. Бұл өндіріс орындарының қайтарымы болуы қажет. Экономикаға түсім түсуі тиіс. Алмақтың да салмағы бар. Құрылысына қыруар қаражат жұмсалған Алматыдағы «Алатау технопаркі» ел игілігіне жұмыс істеуі керек. Бірақ әзірге көздеген меже орындалған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- До парка инновационных технологий «Алатау» я еще не добрался. Мы его создаём много лет, потратили огромные средства, а дальше не видно пока что, что они делают. Кто-нибудь в Правительстве, может быть, знает? Чем занимаются? Огромные площади, помогаем, вкладываем деньги, создаём инфраструктуру, теперь вы должны точно так же отдавать. Вот алматинскому акиму, который занимается ПИТ-ом и Правительству, министерству надо досканально разобраться что он там делает, мы вообще будем закрывать ПИТ или будем развивать или что то н будет давать нам.

«ЭКСПО-ға» қойылған тың технологиялар да босқа тұрмауы тиіс. Жобаларды өндіріске енгізіп, жемісін көру керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы успешно провели ЭКСПО, на ее площадке было продемонстрировано 140 научных изобретений в области возобновляемых источников энергии. Прошло 2 месяца и уже начали забывать, что у нас выставка ЭКСПО была! Но я не забуду! Для чего мы проводили? Для чего провели колоссальную работу?! Нам пришли показать самые лучшие достижения мира!  Пришли, показали, по моей команде они все засняты должны быть. И теперь будем спать? Забыли? Ничего подобного! Правительству нужно выстроить работу по практическому применению и использованию этих новаций. Поехать в эти страны, посмотреть, как работают, подумать, как это у нас может заработать. То есть практическое применение этих новаций лежит полностью в ответственности Правительства.

Үкіметке жүктелген тағы бір міндет – мүлікті заңдастыру. Қазақстанда тапқан қыруар қаражатты шетелдік есепшоттарда ұстаудың қажеті жоқ. Әйтпесе бір сәтте қолда бардан айырылып қалуыңыз ғажап емес. Президент бұл жайында талай рет ескертті. Заңдастырылған бір тиынға тиіспейміз деп кепілдік те берді. Енді сөзден іске көшетін кез жетті. Бірақ қолданыстағы заңнама әлсіз. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысына түрлі құйтырқы әрекеттер арқылы қаражатын шетел асыратындарға заң жүзінде тойтарыс беретін құжат әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ 18 отандық компания 12 жарым миллиард долларды шетелде ұстап отыр. Оның тең жартысы «Теңізшевройл» мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларына тиесілі. Елбасы қыруар сомманы елге қайтаруды талап етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В сегодняшней жизни, турбулентности законов, вы потеряете деньги, которые держите за бугром! Разве не видите этого? В условиях санкций. И никто вам не поможет. Возвращайте деньги и держите в Казахстане. Какая гарантия нужна вам? Законами? Указами? Я это сделаю! Не сделаете это, мы сделаем сами! Не обижайтесь только, я говорил тогда еще. Почему вы так делаете? Зарабатывая на казахстанских ресурсах, работая у нас, и держите деньги там. Почему эти деньги не работают на Казахстан? Поручаю Правительству как акционеру разобраться, и доложи мне. С каждым поговори. Если не сделаете, тогда предупреждаю, что по-другому буду работать, как возвратить эти деньги, но вас уже не будет. Хватит!

Заман көшінен қалмас үшін бағдарламаны жаңартып отыру керек. Сондықтан индустрияландыру саласына сандық технологиялар енгізіліп келеді. Үкіметтің болжамына сүйенсек, цифрландырудан түсетін пайда орасан зор болмақ. Мәселен, 2025 жылға қарай: транспорт және логистикадан 400 млрд теңге, агроөнеркәсіптен 46 млрд теңге, IT-технологиясы саласынан инвестиция есебінде 67 млрд теңге түсім түседі.

Елімізде 300 мың жұмыс орны құрылады. Еңбек өнімділігі 15 пайызға артып, алдағы 7 жылда экономикаға 2 трлн теңгеден астам пайда келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  30% роста экономики будет составлять внедрение Цифрового Казахстана. Это важная, новая отрасль, можно сказать, главная задача, которая стоит перед Правительством. Сможет сделать это Правительство – сможет, не сможет, то должно другое Правительство работать! Вот так стоит вопрос. Настолько серьезно я обостряю. Цифровой Казахстан – это наше будущее.

Ал ел болашағына бейжай қарамай, экономиканың дамуына сүбелі үлес қосқандар елеусіз қалмайды. Елбасы халыққа сапалы өнім ұсынып, қосымша жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік жобаларға демеушілік көрсеткен тұлғаларды жыл сайын марапаттап келеді. Биыл «Парыз» сыйлығының бас жүлдесі Еуразиялық топқа тапсырылды. «Алтын сапа» бәйгесінің ең үздік индустриялық жоба аталымы бойынша бірқатар кәсіпорын басшылары марапатталды. Олардың қатарында сапа үздігі аталымында жеңіске жеткен «Қазфосфат» кәсіпорны да бар. Ал бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлердің рейтингінде бас қала Астана топ жарды. Салтанатты шара соңында Президент барлық жеңімпаздармен естелік суретке түсті.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Операторы: Айдос Меделбеков

 

2. Елбасы қабылдаулары

Тағы да Абай. Тағы да сол сөз сорабы. Бұған дейін «алда болудың алгоритмі еңбек пен ақылда» деп ой топшылаған едік. Бірақ бұл екеуінің басын ұстап бақыламасаң, өз басыңда әңгір таяқ ойнатуы әсте. Сондықтан жаһандану жарысында Абайдың «шын асылы» ауадай қажет. Сонда «Индустрияландыру картасының» игілігі де артады. Әсілі адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезім иесі емес пе?! Айталық, туған жері туралы сұраңызшы, қазақтың қай баласы оны жалғандағы жалғыз ғана жәннәт мекенге теңейтіндігі рас. Дегенмен сол туған әрі тұрған елінен тапқанын жасырып, шетел асырып жататыны да шындық. Бәлкім, оларға ем керек шығар?! Бірақ қайсысы? «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ма? Әлде Әкімшілік қылмыстарды реттейтін заң ба? Әрине, таңдау өз еріктерінде!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Должны открыть все свои счета. Чего ждете, я не понимаю? При этом только за первое полугодие компании подконтрольные государству увеличивали удерживаемые за рубежом средства от 2 до 6 млрд долларов. Поручаю правительству как акционеру. Разобраться и доложить мне. С каждым поговорим, с каждым. Еще не приступили всех проверять, потому что хотим дать возможность честно заработать. Но не забывайте что, это сделала вам страна, так давайте вкладывать в эту страну. Я предупреждаю всех. Если не разберется Премьер-Министр, я сам этим займусь. Безопаснее деньги держать дома, мы обеспечим их ценность и сохранность.

Индустрияландыру тақырыбына біз әлі ораламыз. Қазір бұл тараптағы сөзді сәл саябырсытып, Ақордадан жеткен ақпараттарды алға тартсақ.

Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қоңырау соқты. Айырқалпақты ағайынның айтқаны – алғыс. Өткен сенбіде қырғыз Үкіметі Астанада ат суытып, біздің тараппен «Жол картасын» жасаған. Соның нәтижесі сезіле бастады. Шекарадағы түйткіл шешілді. Күзет күнделікті режимге өтті. Телефон арқылы тілдесуде осы жағы тілге тиек етіліп, бауырлас елдердің байланысын одан ары дамыту жайы сөз болды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Биыл отандық экспорт көлемі 22 пайызға артқан. Соның ішінде Германияға көбірек тауар жеткізіліпті. Тіпті бізден оларға барған өнім көлемі олардан бізге келген көлемнен әлдеқайда басым болған. Бұған неміс экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле сөйлеткен сандар дәлел. Бюхеле басқарған делегацияны, яғни «Кнауф» компаниясының иесі мен Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Рольф Мафаэльді осы аптада Елбасы қабылдады. Олар Астанаға іскерлік сапармен келіпті. Бұл – Мемлекет басшысының неміс бизнесмендерімен қазан айында Сочиде өткізген кездесуінің бір нәтижесі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы с вами встретились в Сочи в этом году, я провел презентацию свою, что хочет Казахстан, что мы имеем, что мы делаем. Мы предоставляем немецким компаниям возможность работать на редкоземельных металлах и других сырьевых ресурсах. Уже много немецких компаний работает в Казахстане.

Вольфганг Бюхеле, Герман экономикасы шығыс комитетінің төрағасы:

- Құрметті Президент мырза, осы 2 ай аралығында Сізбен екінші рет жүздесу – біз үшін үлкен мәртебе. Сізге сол үшін зор алғысымды білдіремін. Қазан айының басында біздің Сочидегі кездесуіміз барлық тараптар үшін сәтті өтті.

Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салынбақ. Бұл ақпарат Нұрсұлтан Назарбаев пен Yildirim Holding компаниясы басқармасының төрағасы Юксел Йылдырымның кездесуінде мәлім болды. Жалпы, жүздесуде химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелер және оларды іске асыру жайы талқыланды. Юксел Йылдырым Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы Қазақстан Президентінің алдында ант берді. Лорд Гарри Кеннет Вульф бұл қызметке Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған болатын. Ол бұған дейін Англия, Уэльс, Катар мен Гонконгтың сот жүйелерінде еңбек еткен. Қазір қаржылық құқық саласындағы халықаралық төреші әрі медиатор мәртебесіне ие.

Гарри Кеннет Вульф, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы:

- Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы ретінде Қазақстан Республикасына шын пейілмен адал қызмет ететініме және ҚР Конституциясы мен Қаржы орталығының құқығына сәйкес барлық адамдарға қатысты сот төрелігін адал жүзеге асыратынымды салтанатты түрде растаймын.

Салтанатты жиыннан кейін Президент сот төрағасымен және басқа да судьялармен тілдесті. Халықаралық қаржы орталығы 2018 жылы жұмысын бастайды. Алып жобаның атқарылар ісі де ауқымды. Ең бастысы – әлемдік қауымдастықтың сенімінен шығу. Елбасы құқықтық теңдікті қамтамасыз етуші мамандарға осыны ескертті.

Гарри Кеннет Вульф, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы:

- Сіздің қаржы орталығын құру жөніндегі бастамаңызды қолдап, идеяңызды жалғастыру – мен үшін үлкен құрмет. Сіз бен біз бұл жобаның толыққанды жүзеге асуына мүдделіміз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздер – әлемге танымал заңгерсіздер. Талай мемлекетте қызмет еттіңіздер. Кәсіби тәжірибелеріңіз мол. Бұл Қаржы орталығының маңызы зор. Біз оны әлемнің сенімі артатындай қалыптастыруға ниеттіміз. Сіздердің мінсіз жұмыстарыңыздың арқасында бұл сенімге ие боламыз деген сенімдемін.

 

3. Асқақ Астана

«Астана» футбол командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл – қазақ футболы үшін тарихи сәт. Осынау қуанышқа орай Мемлекет басшысы клуб атына құттықтау жеделхатын жолдады. Спортшыларға денсаулық пен табыс тілеп, Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы жеңістің ерекше символдық мәні бар екенін атап өтті. Иә, бүгінде «Астананың» аты да, заты да – бренд. Ал осыдан 20 жыл бұрын «Арқа төсіндегі Ақмола елдің ордасына айналады» дегенге сену қиын еді. Мұндай шаһар салу идеясы мүмкін емес, қиял-ғажайыптай көрінетін. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі басқарушы корпустың бойына батылдықты дарыта білді. «Егер осы бастаманы аяғына дейін абыройлы атқара алсақ, ер болғанымыз, олай істей алмасақ, жер болғанымыз», – деп жігерлендіріпті. Міне, сол ерік-жігер мен ішкі ұмтылыстың арқасында ұлы арман жүзеге асты.

Әрине, әуелде санасын тұрмыс билеген халық «қала салу» идеясына терең үңілмеді. Коммунизмнің «әуезді уәдесінің» жұрнағындай көрді. Бірақ Президентті уақытша жоқтықтан гөрі, мәңгілік сақтық алаңдатты. Себебі «бұлар дербес мемлекет бола алмайды» деп қазақ даласына көз алартқандар көп еді. Алайда Елбасы олармен айтыспады, тартыспады. Ел жүрегін Еуразия кіндігіне көшіруге ұмтылысы уақыт өте ұтымды шешім екенін көрсетті. Астана – Елбасының Ұлы дала елін «мәңгілік» етудегі мегажобасы. Оның атын да, затын да ескіліктің елесі жоқ. Бәрі – жаңа. Бұл – мемлекетті жаңадан құрудың белгісі. Бұл – қазақтың бір жарым ғасырға созылған отырықшылдану үдерісінің біржола түйінделгені.

Айтпақшы, елордамыз «Қараөткел, Есіл, Сарыарқа» деген атаулардың бірін иеленуі де мүмкін еді. Өйткені «Ақмола» атауын өзгертеміз» дегенде, осындай нұсқалар қарастырылыпты. Бір күні түнгі сағат екіде Президенттің ойына «Астана» деген сөз сарт ете қалса керек. Сөйтіп жаңа астананың атауы «Астана» деп бекітіледі. Жалпы қиын-қыстау күндерде еңсе тіктеген елорда жайлы естелік өте көп.

Ақмоланың келбеті 1997 жылы тым қарабайыр еді. Көшелері көріксіз, үйлері ескі. Әсіресе ұйытқыған желі өңменнен өтеді. Тұрғылықты халыққа бұл үйреншікті жайт болғанымен, ептеп көшіп келіп жатқан жұрт үшін жағымды бола қоймады.  Елбасы бастап, Жоғарғы кеңестің қолдауының арқасында 1994 жылы қаулы шықты. Елдің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы. Соның негізінде көш басталып кеткен еді. 

Өмірбек Бәйгелді, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Депутаттарды шығарып салдық қой, пойызбен шығарып салдық. Кейін өзіміз бұл кісімен бірге ұшақпен келдік. Біздің қызметкерлер бірге келді. Көңілі көтеріңкі, өлең айтып, сөйтіп келді. Ол мына жерге келгенде сол көңіл, сол елдің көңілі мына түспеді, ешқандай қарсылық, жек көрушілік білінбеді. Ішінен жақтырмаған болар, бірақ негізінен қабылдады.

1997 жыл. Арқа әуежайында жиылған жұрттың қарасы қалың болды. Күтіп алушылар Президенттің қадамына құт тілеп жатты.

Ақмола, 1997 ж.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанның қай қаласы болсын, қай түкпірі болсын, бәрі біздің еліміз, біздің Қазақстанымыз, біздің жереміз. Оқиға қаншалықты тарихи болғанымен, ешқандай өте бір жеке мәні бар деп санауға болмайды деп санаймын. Біз барлығымыз қазақтың тағы бір қаласын өркендетуге, тағы бір қаласын жайнатуға келдік. Ол біздің парызымыз. Ал енді Алматы қаласы біздің тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің алтын бесігі болып, біздің қазақтың атын ұшырған ұясы болып қала береді. Солай деп сыйлап, солай деп құрметтеп Алматыға барлық көңіл, жігер, барлық жағдайды жасаймыз. Ал енді қарсы алып, құтты болсын деп тұрғандарыңызға көп рақмет. Менің айтатыным, жаңа астанамыз ХХІ ғасырдың табылдырығын аттайын деп тұрған кезде, бастаған бастамамыз еліміздің бақытына, жақсылығына болсын деп ойлайық. Осы Астанамыз Қазақстанның дәрежесін тағы да аспанға көтеретін, тағы да өркендететін, халқымыздың мерейін үстем ететін тамаша астанасы болсын.

Өмірбек Бәйгелді сол тарихи мезгілді еске алады. Бас шаһарды ауыстыру туралы шешім шықпас бұрын бірнеше қала нұсқа ретінде айтылған деседі. Олар: Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Ақмола. Дегенмен Президент ойы елдің нақ жүрек тұсына тоқталған. Астана деген атауды арқалай алатын жер екеніне сенген, білген.

Өмірбек Бәйгелді, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Президент көп толғанды, бірақ мына жақ алыста қалып бара жатыр. Бұл жақта тың игерілді, басқа халық көп келді. Елдің келешегін ойлау керек болды. Сондықтан Астананы тартып әкеліп, осы жерден бір орда жасап, осы жерге негізінен орнығып қалу керек болды. Сол үшін осы жерге көшірілді. Ол кезде бұл өте дамымаған қала екен. Бұны әлгі тың ортасының орталығы деп гүмпүлдетіп жатты. Соған қарап біз дамыған шығар деп ойлап жүрдік. Бізден гөрі дамып кеткен шығар деп. Кейін өзім аралап көрсем, тіпті түк дамымаған қала екен. Бір жағынан, өзім қуандым. Мына жерді бұзып-бұзып тастап, қайта қала соғуға болатын жер екен. Қайта осы жер дұрыс екен.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Елбасының Ақмоланы астана етіп бекітіп Жарлық шығарды. Сол тұстан бастап бас қаланың құрылыс жұмыстары басталды. Архитекторлар қаланың жоспарын жасап, іске кірісті. Іркіліссіз жұмыс жүріп жатты, арада бірнеше ай өткенде Ақмола атауын өзгеру туралы Елбасы ұсыныс жасады.

Уәлихан Қалижанов, ҚР ҰҒА академигі:

- Мен ол кездерде әрі ономастика комиссиясының мүшесі едім. Сосын күндердің күнінде ономастика комиссиясына жиналдық, жиналған кезде осы Ақмола қаласының атауын өзерту туралы әңгіме болды. Әртүрлі ұсыныстар болып жатты. Бірақ Елбасы айтыпты, айтуға жеңіл, халықаралық деңгейде ыңғайлы болатын атау керек. «Астана болса, қалай болар екен?» деп өзінің ұсынысын жеткізіпті. Осы сөз біздің көкейімізге қона кетті. Сөйтіп ономастика комиссиясында шешім қабылдап, Ақмола қаласын Астана деп атау жөнінде шешім шығардық. Өзіміздің ұсынысымызды бердік, Елбасы қолдады да, осылай Астана атауын алды.

1998 жылдың мамырында бас қаланың атауы ресми түрде Астана болып өзгерді. Сөйтіп ескі қала мен ескі атау жаңарып, келешекке деген соны серпін басталды. Міндет те, мақсат та айқын еді. Астананы дамытып, барша әлемге әйгілеу.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сол кезде алғаш жолдастарымыз, біздің таныс кісілер көше бастады. 1997-98-де бір-екі рет келіп те кеттік. Сол кезде жаңа астанамыздың бет-әлпеті, үйлердің келбеті, қаланың жағдайы басқаша болатын. Ал қазір, 20 жылдан кейін Астана өз-өзін дәлелдеді. Бүкіл әлемді мойындатты.

Жас шаһар Елбасының жоспары негізінде бой көтерді. Жұмсалған күш пен атқарылған істі өлшеп болмайсың. Соның нәтижесі бар, әрине. Бүгінде зәулім үйлер қаланың көркі мен келбетін ашып тұр. Сол сарайларда осы уақытқа дейін түрлі шаралар өтті, төрткүл дүниенің азулы тұлғалары келді, экономистер, ғалымдар, қаржыгерлер, тізе берсең 20 жылда Астанаға аялдамаған адам кем. Бәрінің айтары – «Астана – арман қала».

Биыл барша әлемнің назарын алған «ЭКСПО» көрмесі де Астананың атын аспандата түсті. 4 миллионнан астам адам келіп, шараны тамашалаған. Оның сыртында қаланың инфрақұрылымдық әлеуеті артып, бас қаланың ажары артты. 

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Астананы қанша ел біледі. Мысалы, біздің «ЭКСПО-ны». Оны ұмытпау керек. Ашылды ма, ол жаққа барып тұру. Ол жақты көріп тұру. Осыны елге айту. Осының бәрі – біздің парызымыз. Астанамен мақтануымыз керек.

Иә, Астана мақтауға лайық. Өйткені 20 жыл ішінде жаһанның жанарын жаулай алды. Еуразия жүрегінде орналасқан шаһарды орамды ой мен парасатты пікір алаңы ретінде білгендер көп. Дәлірек айтсақ, бұл қала барша халықты бірлікке шақырды. Сондықтан Астананы тұрақтылық пен тыныштықтың, кемел келешектің ордасы деп айтуға толық негіз бар.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

 

4. Өндірісті өркендету

Қазақстан 2010 жылдан бастап үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Содан бері мыңнан аса жаңа кәсіпорын ашылып, 100 мыңдай адам екі қолға бір күрек тапты. Нәтижесінде біздің ел тұтынушыдан өңдеуші мемлекетке айналды. Қазір «Made in Kazakhstan» өнімдері, өзімізді айтпағанда, өзгелердің нарығына етене болмаса да, ептеп еніп жатыр. Жобаларды аяқтандыруға ұзын-ырғасы 5,2 триллион теңге қаражат жұмсалған. Ал осы жеті жылда кәсіпорындар шығарған өнімнің жалпы құны 9,5 триллион теңге құрап отыр. Демек мемлекет бос шығындалып жатқан жоқ, қарекеттің қайтарымы бар деген сөз. Сонымен, индустриялық жобалардың  екпіні қалай?

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму. Бірнеше кезеңдік бағдарлама іске асырылып, қыруар іс тындырылды. Айқын нәтижелер қазірден байқалады. Ең бірінші, елімізде тұралап қалған кәсіпорындар қызметі қайта жанданды. Мәселен, бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда осындай 15 өндіріс ошағы қайта жұмысын бастапты. Бұл – инвестиция тартудың нәтижесі. Өңірде агросекторға 53 млрд теңге қаржы құйылған. Бұл тұрғыда республика бойынша алдыңғы қатарға шықты. Қазір ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті кез келген қосалқы бөлшектер жасап шығарылады. Бұл кәсіпорын он жылдай тоқтап тұрған. 3 жыл бұрын инвестор табылып, жұмысы қайтадан жанданды. 

Павел Баумбак, кәсіпорын директоры:

- Біз бүгінгі күні шетелдік тракторларға қажетті қосалқы бөлшектерді өзіміз жасай береміз. Бұрын техникамыз жарамай қалса, қажетті бөлшекті айлап күтетін едік. Ал қазір осының арқасында дала жұмыстары да уақтылы жүргізіледі. Оның үстіне тапсырыс көлемі де артты. Қазір Қазақстаннан бөлек, көршілес Ресей елінен де тапсырыс аламыз.

Жыл соңына дейін осы облыста тоқтап қалған үш өндірісті қайтадан іске қосу жоспарда. Олардың қатарында әйгілі «Биохим» зауыты да бар. Бастапқыда тек диірмен кешені жаңғыртылып, бидайдан ұн, крахмал өндіріледі. Болашақта биоэтанол өндірісі қолға алынбақшы.

Индустрияландыру картасының тағы бір игілігі. Көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалануға жол ашылды. Оған дәлел – күні кеше ұлттық телекөпір барысында Құрық портындағы автомобиль айлағы іске қосылды.

Оның құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында былтыр басталған. Жылына 20 мың көлікті қабылдай алады. Бұл нысан Ақтау теңіз порты Түркия, Украина мен Грузиядан келетін жүк көліктерінің шамадан тыс нөпірін көтере алмағандықтан салынды. 

Қазір портта автомобиль паромдық кешенінен өзге екі бірдей теміржол айлағы жұмыс істеп тұр. Әрқайсысы тәулігіне 50 вагон сыйып кететін 4 бірдей алып теңіз лайнерін қабылдай алады. Осы теміржол паромдық кешені арқылы биыл 210 кемеге жүк тиелген.

Талғат Оспанов, Құрық порты бас директорының орынбасары:

- Келесі жылы 300 млн жүк жөнелтеміз деген ойымыз бар. Көмір, астық, мұнай өнімдері және Қытайдан транзиттік жүктер өздерінің кезегін күтіп тұр. 

Қазір Құрық портында жүк көліктеріне арналған автотұрақ пен жүргізушілер үшін асхана мен қонақүй салынып жатыр. Теңіз портын Ақтаумен жалғайтын автожолдың да құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс басында мыңға жуық адам еңбек етеді. Ал 100-ден астам маман тұрақты жұмысқа қабылданды.

Мадияр Сарқұлов, Құрық портының жұмысшысы:

- Менің жұмыс жасап жатқаныма 8 ай болды. Мен өте қуаныштымын, мемлекет басшылығы жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріп жатыр.

Құрық порты – Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің ең маңызды бөлігі. Әзірге Әзербайжан порттарымен әріптестік орнатқан. Келер жылы Иран мен Түрікменстан елдеріне жүк тасымалдана бастайды.

Отандық өндіріс біртіндеп импортқа тәуелділіктен арылып келеді. Индустрияландыруды іске асырудағы ең басты бағыттың бірі де осы болатын. Өзгенің өніміне иек артпай, шикізаттық ресурсты кәдеге жарату көзделген. Бұрын біздің ел электрод өнімін Қытай мен Ресейден алатын. Бір жыл ішінде Павлодар облысында дәнекерлеу электродтарын шығаратын зауыт ішкі нарықтағы импортты ығыстырды. Шағын өндіріс орны толық қуатына көше қойған жоқ. Бірақ отандық қажеттілікті толық қамтып отыр. 

Айдар Машрапов, серіктестіктің бас директоры:

- Біздің желілеріміз тот баспайтын металды кесуде қолданылатын рутилды, қалқымалы дәнекерлеу электродтарын жасайды. Оларға Қазақстанда ғана емес, жақын шетелдерде де сұраныс жоғары. Аймақтағы ірі өндіріс ошақтарымен қатар шағын кәсіпорындар да тұтынады. Жылу электр стансалары, энергетикалық корпорациялармен арада тұрақты байланыс орнаған.

Зауыт тәулігіне 2 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қазіргі тапсырыс көлемі аздық етеді. Сондықтан осы мәселені шешуге күш салып отыр.  

Денис Никонов, зауыт жұмысшысы:

- Біз 3 және 4,5 диаметрлі электрод түрлерін жасаймыз. Технологиясына келер болсақ, шыныны осы жерде қайнатып, темірін кесеміз. Қажетті заттардың бәрі осында дайындалады. Өзіміз жасай алатын болсақ, оны біреуден алудың  қажеті жоқ деп ойлаймын.

Ендігі кезекте отандық өндірісте «ақылды жобалар» көптеп қолға алына бастайды. Тау-кен саласын цифрлық жүйеге көшірудегі алғашқы қадам жасалып үлгерді. Қостанай облысы Қашар кентінде «ақылды кеніш» жобасы іске қосылды. Ашық әдіспен жұмыс істейтін кен орындарында бұл өте үнемді. Болжам бойынша инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігі жылына 2 млрд теңге шамасында. Кеніштегі шығындар едәуір азаяды, ауыр жүк техникаларының қозғалысы, тиеу жұмыстары кеншілерге алдын ала хабарлама ретінде келіп тұратын болады. Осы арқылы шикізат тасуға кезек күтетін көліктер легі қысқармақ. Және кен орнында болатын апаттардың алдын алу мүмкіндігі кеңейеді. Келешекте бәкелестікті арттыру үшін өндіріске «Индустрия 4.0» элементтері кеңінен енгізіледі.

Авторы: Бағдат Бектұрғанқызы

 

5. Бизнес белес

«Еңбекшіл болсаң, елге пайдаң тисін» деген атадан қалған асыл сөз бар. Бүгінгінің тілімен тәпсірлесек, кәсіп қылып, мол нәсіп тапқандар әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпағаны жөн. Ұмытқандарды білмедім, ал ұмытпағандар әсте ұтылмайды. Өйткені «алтын алма, алғыс ал» деген біздің халық. Бұл ретте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын «Туған жер» жобасы да зор маңызға ие. Ал енді туған жердің, тұрған ауылдың шаруасын оңдасу – бізде бар, бола да беретін, есті азаматтар бәске айналдырған игі қадам. Елін ойлаған ерді, әрине, елі де ұмытпайды, ұлықтайды. Мемлекет пен бизнестің бұл байланысы береке берері сөзсіз. Индустрияландырудың маңызды жобаларын іске қосу рәсімі қарсаңында жылдың үздік кәсіпорындары да анықталып, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Жұрағат Баман жалғастырады.

Ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар мемлекет тарапынан марапатталып, оларға жылда дәстүрге айналған «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтары табысталды. Биылғы жалпыұлттық телекөпір аясында үздік бизнес құрылымдарға сый-құрмет көрсетілді. Алдымен «Парыз» сыйлығы бірнеше аталым бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында бірегей жобаларын жүзеге асырған озат кәсіпорындарға табыс етілді. Биыл бұл марапатқа 400-дей компания ұсынылған. Солардың тек 20-ға жуығы үздік деп танылып, құрмет биігінен көрінді. Олардың қатарында еңбек өнімділігі және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үздік атанған кәсіпорындар бар.

Өтесін Уандықов, «Парыз» сыйлығының иегері:

- Компанияда еңбек қорғау саласы өте жоғары сатыға қойылған. Қазір зауытымызда «Аман» атты еңбек қорғау бағдарламасы жұмыс атқаруда. Соның бір жетістігі болар деп ойлаймын.

«Алтын сапа» байқауына да биыл 100-ден аса кәсіпорын қатысты. Солардың арасынан әртүрлі аталым бойынша 20-ға жуық компания мәртебелі сыйлыққа ие болды. Президенттік марапат үш аталым бойынша табысталды. Арасында халық ең көп тұтынатын тауарларды шығаратын, үздік қызмет көрсететін және өндірісі өзгеден артқан кәсіпорындар бар. 

Зәкіржан Күзеев, «Алтын сапа» сыйлығының иегері:

 «Алтын сапа» алып отырмыз. Неге? Бүгін біздің шығарып жатқан заттың 65 пайызы экспортқа кетеді. Осы «Алтын сапаның» нәтижесі деймін. 28 түрлі зат шығарамыз. Крахмал дейміз, бакт – осындай заттарды біздің зауыт шығарып жатыр. 120 мың жүгеріні өңдейміз.

Жеңімпаздар қатарында Алматы мен Көкшетау қалаларында ет өнімдерін шығарып, ішкі нарықты ғана емес, экспорттық әлеуетті де артырып отырған кәсіпорын бар. Отандық тауар өндірушінің еңбегі де жоғары бағаланды.

Хадиша Бижан, «Алтын сапа» сыйлығының иегері:

- Таза ет өнімдерін шығарып жатырмыз. Халыққа қызмет жасап отырмыз. 150-дей адам жұмыс жасап отыр. Тауарларымыз шетелге кетіп жатыр. Еңбегіміз бағаланып отыр. Әлі де халыққа қызмет етуге дайынбыз. Бұдан да жоғары наградаларды алуға жұмыстанамыз.

«Алтын сапа» өткізіліп келе жатқан 2006 жылдан бері қатысушылар қатары үш есеге артқан. Алғашқы кезде бұл байқауға қатысуға 52 кәсіпорын өтініш берген болса, биыл олардың саны 101-ге жеткен.

Бахтияр Тағаев, кәсіпкер:

- Елбасының индустрияландыру картасы бойынша айтылған ауыл шаруашылы өнімін шығарып қана қоймай, терең өңдеу арқылы ішкі және сыртқы нарыққа шығаруды мақсат етіп отыр. Біздің кәсіпорында осы шаруашылықты жүргізіп отыр. Алма өндірісінен біздің келесі жылға жоспарымыз бар. Шыққан өнімді ары қарай терең өңдеу. Оны тұтынушыға жем түрінде терең өңдеу жоспарымызда бар.

Қатысушылардың арасында шағын 44, орта 32 және ірі 27 кәсіпкерлік болды. Жыл санап қатарлары кеңейіп барады. Яғни шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың «Алтын сапа» сыйлығына талпынысы артып келеді. Осының арқасында тұтынатын тауардың сапасы жоғарылай түсіп, елдің шағын және орта бизнесі де өркендеу үстінде.

Авторы: Жұрағат Баман

Операторы: Айдос Меделбеков

 

6. Инвесторлар форумы

Индустрияландырудың маңызды жобаларын іске қосу рәсімі қарсаңында өткен және бір жиын – «Kazakhstan Global Invest» форумы. Кеңеске 30 елден 100-ден астам халықаралық компания басшылары мен өкілдері келді. Қалталы азаматтардың қалың болып келуінің себебі бар. Біздің елде инвесторға жасалатын жағдай тағы жақсарды. Нақтылап өтсек, шағын және орта бизнесті тексеруге қойылатын талаптар 60 пайызға азайды. Лицензиялар мен рұқсаттар саны 3 есе кеміді. Ал салық органдарының жоспарлы тексерулері 40 пайызға қысқартылды. Бұл – шетелдік инвесторлар үшін жағымды жаңалық. Осыны ескерген болуы керек, құжаттарын да қолға қыса келіпті. Форум шеңберінде жалпы сомасы 3 жарым миллиард доллар болатын 12 келісімге қол қойылды. Сондағы ірі жобалардың бірі – Үлкен Алматы айналмалы жолы. Оның құны шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Құрылысты Түркия және Қытай елдерінің инвесторлары жүргізеді. Ал жапондық кәсіпкерлер Қазақстанның ірі қалаларында ауыл шаруашылығына қажетті техникалар сататын орталықтар ашпақ.

Аракава Нобоуки, жапондық компания өкілі:

- Әзірше жүк көліктерін Қазақстанда құрастырмаймыз. Алдымен Алматыда оларды сатумен айналысатын дилерлік орталық аштық. Егер сұраныс болса, ондай орындарды басқа қалаларда да ұйымдастыруға болады. Жоспар бойынша сол техникаға қажетті қосалқы бөлешектер дүкенін, тіпті сервистік орындарын да ашу көзделген.

Соңғы жарты жылда Қазақстанға 10 миллиард доллар инвестиция құйылған. Қомақты қаржының біздің елге келуінің бірнеше себебі бір. Бірін жоғарыда айттық. Екіншісі – қаржы тарту ісінде біз белсендіміз. Мәселен, шет мемлекеттердегі елшіліктерде инвестициялық кеңес беретін арнайы өкілдеріміз бар.

Дак Эберт, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ АҚШ-тағы өкілі:

- Қазақстанға инвестиция тарту бойынша менің АҚШ-та тұрақты жұмыс жүргізіп жатқаныныма екі айға жуықтады. Негізгі инвестор ретінде орта бизнес өкілдері, сондай-ақ трансұлттық компаниялар қарыстырылуда. Дәл қазір баламалы энергия саласында пилоттық жобаны қолға алдық. Одан бөлек мұнай-химия, көлік құрастыру бағыттары да басты назарда.

 

7. Сүбелі сұхбат

Еліміздің тұрақты дамуын тұрақтандыруда Парламент пен Үкіметтің бірлесіп атқарар міндеттерінің бірегейі – үшжылдық бюджетті белгілеу. Басты қаржылық құжат ақшаны уақтылы және тиімді жұмсауды қамтамасыз етуі қажет. Сонымен бұл жолы қай салаларға қанша қаражат бөлінді? Басымдық берілген бағыттар қайсы? Осы тақылеттес сан сауалға Қаржы министрі жауап береді. Бүгін «Жеті күн» студиясында қонақта – Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов. Қош келдіңіз!

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

- Бақыт Тұрлыханұлы, қош келіпсіз! Бұл жолғы үшжылдық бюджеттің бұрнағы жылдардағы басты қаржы құжатынан қандай айырмашылығы бар?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі: 

- Ең алдымен алдыңғы жылдардағы бюджеттің сипаттамаларына тоқталсақ, барлықтарыңыздың естеріңізде болар, 2014-2015 жылдары мұнай бағасы мұлде төмендеді және басқа да біздің экспорттық позициялардың біраз жылдан бері сұранысы мен бағасы да төмендеді, оның  барлығы экономикалық параметрлерге, процестерге өзінің теріс әсерін көрсетті. Соны нәтижесінде бюджеттің түсімдері өте қатты төмендегені есімізде. Бюджеттік инвестициялар өте қатты тоқтамауы үшін экономиканың өсуіне, жұмыс орындарды қалдыру үшін біз стартегиялық сақталынып отырған Ұлттық қордың қаражатын тартуға мәжбүр болдық. Сондықтан «Нұрлы жол» бағдарамасы аясында үш жылдың ішінде біз біраз қомақты қаражатты тарттық. Және биылғы жылы бюджетте, көктемде бюджетті нақтылау кезінде біз Ұлттық қордан қосымша 1 трлн теңге қаржы секторына көмек көрсету, жәрдемдесу тағы да нысаналы трансферт ретінде тартқан болатынбыз.  Нәтижесінде экономиканың өсуі төмендеп, бірақ басқа көшілес елдерге қарағанда, солармен салыстырғанда біз рецессияға жол бермей, экономиканың өсімін ақырындап бір пайызға дейін тоқтатты. Қазіргі күні біз дағдарысқа қарсы контрцикльдік фискальді саясаттың нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінгі күні экономиканың өсуі 4 пайыздың көлемінде. Осындай саясаттың нәтижесі өзінің әсерін көрсеткеннен кейін қазіргі күні Елбасының жолдауында айтылған жаңа принциптер жаңғыру экономиканы, саясатты жаңғырту аясында фискальді саясатты да жаңадан қарауымыз керек. Алдымызда біраз шектеулер бар. Ұлттық қордың қаражатын қолданған кезде Ұлттық қордың өсімін тоқтаттық та, біраз жылдың ішінде тіпті қысқартып жібердік. Ары қарай жиналымын біз қайтадан сақтауымыз керек, сол үшін нысаналы трансферттерден бас тартып отырмыз. Және кепілдендірілген трансферт деген бар, Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн 880 млрд теңге тартып отырғанбыз, мұның да көлемін 3 жылдың ішінде қысқартамыз деп үлкен жоспар қойып отырмыз. Үш жылдың ішінде 2 трлн-ға дейін төмендететін боламыз. Президенттің Жарлығында осындай міндеттемелер қойылған. Және екінші шектеу бюджеттің тапшылығын 3 пайыздан 1 пайызға қысқартып отырмыз. Бюджеттік саясат сапалы өзгеруі керек, барлық бағдарламалар қайтадан қаралған болатын. Тиімсіз шығыстардың бәрі оңтайландырылған, көзделетін қомақты қаражаттар нақты секторларға, нақты нәтижеге жіберілетін болады. Оның негізгі нәтижелері – экономиканың өсуіне оң әсер және жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру. Осындай бағдарламалар қалып отыр. Үшжылдық бюджеттің негізгі сипаттамасы – барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

- Осы бюджет алдағы уақытта тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ете алады деп айта аламыз ба?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Бұл үшін жаңа барлық бағдарламалар жаңадан қаралған болатын. Келесі үш жылдың ішінде негізгі бюджеттің экономиканың өсуіне әсері инфрақұрылымдық бағдарламалар – «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарлама, өңірлерді дамыту деген бағдарламалар және агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру 2040 млрд-тай қаражат бұл салаға жіберілетін болады. «Нұрлы жол» бағдарламасына бұрын Ұлттық қордың қаражатын тартып, қаржыландыруға жіберген болатынбыз, енді нысаналы трансферттен бас тартқаннан кейін ол толық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Жалпы үш жылдың ішінде 900 млрд-тан астам қомақты осындай қаражат көзделіп отыр. Осындай бағдарламаның арқасында алдымыздағы 2018 жылы 500-ден астам шақырым жаңа трассалар ашылатын болады. Үш жылдың ішінде 7 мыңнан астам шақырым осындай жолдар жаңаратын болады.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

- Халық үшін ең қызықты мәселе – әлеуметтік қандай көмектер болады, әлеуеттің әлжуаз топтарына нендей қолдау жасалады деген мәселе. Осы мәселеге үшжылдық бюджетте қандай орын берілген?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Негізгі бюджеттің, алдыңғы үш жылды алсақ та, қазіргі алдымыздағы үшжылдық бюджетті қарасақ, барлық міндеттемелер, әлеуметтік саладағы міндеттемелер сақталады және Елбасының жолдауында  айтылған жаңа бастамалар тиісті қаражатты көздеп отыр. Бюджетті оңтайландыру, жаңа сапалы сипаттамаларын қосқанның арқасында әлеуметтік салаға жіберілетін қаражат былтырғы жылдарда 33 пайыз болса, биылғы жылы 40 пайызға дейін көтерілді. 2018 жылы 44 пайызға үлесі көбейеді. Ары қарай 2020 жылға дейін 47 пайызға дейін. Жыл сайын зейнетақыларды, инфляция 7 пайыз болса, біз 9 пайызға, яғни қосымша 2 пайызға көбейтеміз, барлық әлеуемттік төлемдер инфляция дейгейіне индексация жасап, көтеріліп жатыр және биылғы жылы мекенжайлы әлеуметтік көмек басқаша есептелетін болады, базалық зейнетақы басқаша есептелетін болады, мұның барлығы нәтижесінде әлеуметтік төлемдердің көлемін көбейтуге мүмкіндік беріп тұр.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

- Ел дамуындағы ерекше рөлге ие республикалық бюджетке қатысты сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін алғыс білдіргім келеді.